Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст


ертедегі  темір  және  орта  ғасыр  бейнелеріне  белінген.  Бірінші  топ  бейне-



Pdf көрінісі
бет4/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76

ертедегі  темір  және  орта  ғасыр  бейнелеріне  белінген.  Бірінші  топ  бейне- 

лерінің стилистикалық ерекшеліктері Ешкіөлмес петроглифтерін соған ұқсас 

басқа да біркатар ескерткіштерден ерекшелейді. «Ешкіөлместің ежелгі пет- 

роглифтерінің едәуір бөлігінің діни сипаты» айқын көрінеді48.

3. 

С. Самашевтің «Жоғарғы Ертіс өңірінің жартастағы бейнелері» деген 

монографиясында  Шығыс  Қазақстан  петроглифтері  жайлы  материалдар 

топтастырылған49.

Евразияның далалык өңірі халқының энеолит дәуірі мен  қола кезеңін- 

дегі қоныс аудару үрдісінің мәселелері карастырылған.

Түрлі аймақтар арбаларының бейнелерін зерттеу б. з. б. IV мыңжылдық- 

тың  аяғы  —  III  мыңжылдықтағы  Евразия  аумағында  доңғалақты  көліктің 

таралу бағытын анықтауға мүмкіндік берді50.

Доңғалақты көлік қолданылып, дамытылған екі орталық — Қосөзен мен 

дала аймағы тұжырымдамасы үсынылды. Автордың пікірінше, екінші орта- 

лықтың  қалыптасуы  малшы  халықтың,  майкоп  мәдениетін  таратушылар- 

дың  қоныс  аударуына  байланысты,  не  бейнелер  мен  саз  модельдерде 

көрсетілген білімді пайдалану нәтижесінде болуы ықтимал.

Соңғы кезде петроглифте  Маңғыстауда таралған, ұлутастан  жасалатын 

құлпытастардағы суреттерді зертгеуге байланысты бағыт дамып келеді. Олар 

қазақтардың материалдьіқ және рухани мәдениеті туралы ақпарат беріп қана 

қоймайды,  сонымен  қатар  суреттерден  ертедегі  жартастағы  бейнелердің 

дәстүрін көруге болады51.

Археология институтының аса маңызды ғылыми бағдарламаларынын бірі 

халықаралық  «Үлы Жібек жолы:  мәдениеттердің  сұхбаты»  болып табыла- 

ды52. Ол Қазақстанда дәстүр бойынша зерттеліп келген, айтарлықтай табыс- 

тарға  қол  жеткізіліп,  қызықты  жүмыстар тындырылған  ертедегі  және  ор- 

тағасырлық Қазақстанның өркендеуіне, қала мен даланың өзара әрекетіне 

байланысты мәселелерді қамтиды53.

Қазақстанның отырықшылық мәдениеті мен өркендеуін зерттеу шең- 

берінде көшпелі  және жартылай  көшпелі  малшылар  арасында отырық- 

шылықтың,  егіншілік  пен  қала  мәдениетінің  дамуындағы  заңдылықты 

айқындауға, аридті аймақтардың тау бөктерлері мен өзен аңғарларының 

халықтары шаруашылығының калыптасуындағы географиялық ортаның 

релін  анықтауға,  материалдық және  рухани  мәдениеттің  эволюциясын 

ашуға,  этникалық  факторларды,  м әдени  дәстүр л ер д і  айқындауға 

мүмкіндік  беретін  материалдар  алуды  мақсат  етіп  қоятын  зерттеулер 

жүргізілуде.

/Урбанизацияның даму  серпінділігін  зерттеу  міндетіне  баса назар  ауда- 

рылып отыр. Қала қүрылымын, қалалардың атқарған міндеттерін, қүрылы- 

сты, сәулет өнерін, Қазақстан халқының рухани өмірін көршілес елд,ермен 

және халықтармен өзара байланыста алып зерттеу кезделуде.  Осы пробле- 

маларға байланысты Отырарды және Отырардың кираған жұрты алқабын, 

Талас  аңғарындағы  Қостөбені,  Шу  аңғарындағы  Құлан  мен  Іле  аңғарын- 

дағы  Талғарды  (Талхирды)  қазу  жұмыстары  жалғастырылды.  Өткен кезде

27


урбанизацияның  кангюй  проблемасына  байланысты  алдыңғы  кезендерін 

зертгеуге маңызды орын берілді5\

Ортағасырлық  қираған  калаЛар,  кұрылыстар  топографиясының,  қала 

тұрғын  жайлары  сипатының  мәселелері  Қазақстан  медиевистикасында 

дәстүр бойынша кеңінен мәлім55. Отырар туралы, Отырар тұрғын жайлары, 

оның  эволюциясы,  белгілі  бір  хронологиялык, кезенде  пайда  болған  жаңа 

үлгілер туралы бірқатар мақалалар жарық көрді56.

Отырар алқабында тұрғын үйдің пайда болу және қалыптасу негіздерін 

іздестіру  әрекеттері  қызықты.  Соңғы  орта  ғасырлардағы  оңтүстік  Казак- 

стан тұрғындарының этникалық тегін анықтауға байланысты, тұрғын үйлер 

мен  жазба деректерді  талдау  материалдары  негізінде  жасалған  мәселелер 

ден  қоюға  лайық.  Сарттар,  олардың  этногенезі  мен  тағдырлары  туралы 

шыққан бірнеше мақала бұл мәселенің қаншалықты күрделі екенін дәлел- 

дейді57.  Алайда  Қазақстан  сарттары  ертедегі  және  ортағасырлық қала  ха- 

лқының бөлшегі, қазақ этносының қалыптасуында айтарлықтай рөл атқа- 

рған кангюйлер мен кангарлардың ұрпақтары деген пікір басым болып отыр.

Қыш құмыра ісінің, ыдыстар, соның ішінде жер суару қүралдарын дайы- 

ндау технологиясының дамуы туралы зерттеулер мен бақылаулар да қызық- 

ты58.

Ортағасырлық Отырардың орта ғасырлардағы көркем керамикасы аль- 

бомының басып шығарылуын Қазақстан археологтарының жетістіктері қат- 

арына  жатқызу  керек,  оған  керкем  қолөнзр  ж әне  өнер  туындылары 

енгізілген59.

Ортағасырлық Қазақстандағы, республиканың оңтүстігі мен Жетісудағы 

егіншілік және ирригация мәселелері зерттеліп жатыр60.

Нумизматика жөніндегі зерттеулер жандана түсті61. Хорезмнің бақылауы- 

нда болғанымен, XIV ғасырдағы Жент, Баршыкент (Баршын) қалаларының 

Еділ бойындағы Алтын Орда қалаларына бейімделген сауда аймағында жа- 

тқаны  анықталды.  Женттен  табылған  XIV  ғасырдағы  екі  теңге  қаланың 

Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғанын және сол кезде қаланың 

өрлеу кезеңін бастан кешіргенін көрсетеді.

Жетісудың қираған калалары орнын қазған кезде нумизматикалық жаңа 

деректер алынды. Зерттеушілердің пікірінше, Қостебеден табылған VII—VIII 

ғасырлардағы теңгелер Жамукетгің Шашпен сауда байланыстарын жасағ- 

андығын дәлелдейді, бұл  орайда Жамукет қаласы Талас  аңғарындағы  сау- 

даға зор ықпал жасаған62.

Қала өмірі көбінесе саудамен, соның ішінде халықаралық саудамен анық- 

талды.  Қалаларда  жергілікті,  аймақтық және  халықаралық сауда тоғысып 

отырды. Қала өмірі, оның аман сақталуы, гүлденуі кеп жағынан саудаға бай­

ланысты болды.  Бірқатар  зерттеулерде  сауда  байланыстары,  сауда  жолда- 

рының сипаты және қалаларды қазған кезде табылған товарлар сипатгалған63.

Қазақстан археологиясында соңғы жылдары дамыған жаңа бағыт архео- 

логиялық сәулет өнері болды. Археологтар аршыған іргелі қүрылыстар мен 

жай тұрғын  үйлер  қалдықтарының  сәулеті  тұңғыш  рет тарих тұрғысынан 

зерттеле бастады.  Олардың ішінде  ертедегі ортағасырлық Кедер және Жа­

мукет қалаларының сарай кешендері, Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу- 

дың мұсылмандық діни сәулет өнері бар. Олардың жоспарлану ерекшелік- 

тері, салыну тәсілі  және сәнделуі  — ағаштан ойылған  өрнектер, ойып жа- 

салған заттар және түрлі оюлармен сипатталады. Үлы Жібек жолы бойын-

28


дағы  мәдени  байланыстар  мен  сәулет  өнері  эталондарының  таралуы 

көрсетілген64.

[_ Жаңа материалдар орта ғасырлардағы Қазақстан тұрғындарының идео- 

логиясы проблемаларымен қоса, олардың шешілуін ілгері бастыруға, мұнда 

буддизмнің,  зороастризмнің, шаманизмнің және әр тұрлі діндердің таралу 

жолдарын  анықтауға мүмкіндік  берді65.  Ислам дінінің таралу  уақыты  мен 

орталықтары айқындалуда6^

Ортағасырлық археология жөнінде іргелі зерттеулер пайда болды. Олар- 

дың бірі Іле аңғарындағы ірі аудандардың бірі — Іле Алатауыньщ солтүстік 

беткейлерінің (Іле өзенінің сол жақ жағалауы) отырықшылық мәдениетіне 

арналған67.  Зерттеудің  негізіне  X  ғасырдағы  кім  жазғаны  белгісіз  парсы 

тіліндегі «Худуд әл-алам» шығармасында айтылуы бойынша мәлім ортаға- 

сырлық Талхир қаласы деп саналатын ірі Талғар каласының қираған орнын 

қазудан табылған  материалдар  алынған.  Атап  айтқанда,  мұны Талғар  қал- 

асының малға  арналған үлкен  аулалары  және  аулаларында киіз үйлер  бо- 

луы дәстүрге айналған агұрғын жайлар дәледдейді. 

л

Қаланың салынуы, оның махаллаларының қүрылымы, үйлері мен әскери 

құрылыстары,  қаланың  жайғастырылып,  көркейтілуі  жөнінде  жаңа  мате­

риал алынып, талданған.

Жергілікті  қала мәдениетінің өзіндік  ерекшелігі  туралы да қорытынды 

жасалған, сонымен қатар оның мәдениет пен мұсылман дүниесінің дамуы- 

мен байланысы көрсетілген.

Қазақстандағы  Жібек  жолының тарихы,  негізгі  жолдардың  бағыттары 

мен  олар  арқылы  товарлардын,  мәдениет  үлгілері  мен  діндердің  таралуы 

сипатталған68.

Алайда Қазақстандағы ортағасырлық көшпелілер археологиясының на- 

Шар зертгелгенін атап көрсетуге тура келеді. Қазақстанның тас балбалдары 

мен қабірлерге қойылған қүлпытастары туралы бірнеше шағын мақалалар- 

ды ғана атауға болады69. Бұл олқылық қыпшақтар мен кумандар, кимектер 

проблемалары  жөніндегі  жаңа тарихи  зерттеулер  түрғысынан  карағанда 

мейлінше айқын бола түседі70Д 

,  Тарих ғылымының іргелі проблемаларының бірі Евразия көшпелілерінің 

қоғамдық қүрылысының проблемасы екені мәлім71Д

Ғылымда тарихи үрдіске талдау жасаудың түжырымдамалық негіздерін 

жаңарту және жетілдіру үрдісінің өріс алуы, қоғамдық жүйелерді типтенді- 

рудің сапасы жағынан жаңа теориясының қалыптасуы көшпелі қоғамдарды 

типологиялық жағынан  бағалауда  ұзақ уақыт  орын  алып  келген  ала-құла 

пікірлерді  ж ою   үш ін  ж ән е  дәл м е-дәл   үлгі  ж асау  үш ін  принципті 

мүмкіндіктер  туғызды.  Қазір  көшпелі  өркениетті  аныктауға  байланысты 

геориялық проблемаларды шешу керек болып отыр72.

Ертедегі және ортағасырлықтарихпен археология жөнінде қорытынды- 

лаушы  еңбектердің  пайда  болуы  Қазакстан  археологиясының тарихнама- 

сындағы маңызды, сапасы жағынан жаңа өзгерістердің бірі болып табыла- 

ды73.

Бір кезде жалпыодақтық және республикалықтақырып бойынша дайы- 

ндалған «Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштері 

жинағы» томдарының сериясынан бірінші томы -  «Шымкент облысы» ба- 

сып шығарылды74.

* * *


29

Тарихтың  кеністік  жиегін  кеңейтіп  және  өткеннің  көрінісін  жүз  есе 

ұлғайтып, археология  тарих  ғылымында төңкеріс  жасады.  Ол  бірқатар  се- 

бептерге  байланысты жазбаша деректемелер саны көп емес  елдер мен ха- 

лықтар үшін  ерекше  маңызды.  Бүл  Қазақстанға да  катысты.  Мұнда табы- 

лған жазбалар  б.  з.  б.  IV  ғасырға  жатқанымен,  тарихи  өмір  шындығының 

түтас көрінісін алуға жазбаша құжаттар, хроникалар, заң кұжаттары, тари­

хи шығармалар, әсіресе олардың ертедегі және алдыңғы  ортағасырлық ке- 

зендерге  арналғандары  жеткіліксіз.  Ал  тарихтың  жазу  шыққанға  дейінгі 

орасан  үлкен  кезеңі  археологиялык деректердің  арқасында  ғана  мәлім, 

еліміздің  ежелгі,  ертедегі  және  орта  ғасырлардағы  тарихы  жөніндегі 

бөлімдерді дайындау мен жазуға негіз болған да сол деректер.  Қазакстанда 

археологиялык деректемелер  жинақталуының,  оларды  түсіндірудің  өз та­

рихы, даму кезендері, өз жетістіктері бар.

Қазақстан археологиясы дамуының бастауында аса көрнекті орыс және 

қазақ шығыстанушылары мен тарихшылары — В. В. Бартольд, В. В. Радлов, 

П.  И. Jlepx, Ш.  ПІ. Уәлиханов, сондай-ақ алдыңғы қатарлы орыс интелли- 

генциясының өкілдері болды.

Республиканың археологиялык ғылымының қалыптасуында М. Е. Мас- 

сонның,  С.  П.  Толстовтың,  А.  Н.  Бернштамның,  М.  П.  Грязновтың,  С.  С. 

Черниковтың рөлі зор.  Алайда Қазакстан  коғамтануының дербес ғылыми 

бағыты  ретінде  археология  Қазақстан  Республикасының  Үлттык  Ғылым 

академиясы жүйесінде қалытасты. Қазакстан археологиясы үздік жаңалық- 

тарымен дүниежүзілік ғылымды байытып кана койған жоқ, сонымен катар 

ертеде және орта ғасырларда Қазақстандағы қоғам дамуының негізгі кезең- 

дерін анықтауға да мүмкіндік туғызды75.

Оның ең маңызды жетістіктерінің арасында Қазақстан аумағында осы- 

дан миллион  жылдай  бүрын  адам  мекендегенін  дәлелдеген  ежелгі  палео- 

литок түрақтардың ашылуы болды. Қазақстан мен Евразияныңтөменгі па- 

леолитінде бірқатар ортақ белгілердің болуы Қазақстанның төменгі палео- 

литтік мәдениеті адамзат мәдениетінің жалпы тізбегіндегі буындардың бірі 

екенін дәлелдейді.  Евразияьың қола дәуірі тайпаларының палеоэкономи­

касын дамытудағы Қазақстан  металлургиялық срталығының атқарған рөлі 

анықталды.

Қазір Қазақстанның малшы-егінші тайпалардың ертедегі көшпелілерге 

айналу үрдісі болып өткен аймақтардың бірі болғанын анықтау мүмкін бо- 

лып  отыр.  Жаңадан  ашылған  археолошялық  жаңалықтар,  атап  айтканда, 

Іле жағалауларындағы және Сырдарияның төменгі ағысындағы сақ қорға- 

ндарын қазу жүмыстары Қазақстанды сақтайпаларының маңызды орталығы 

болған деуге мүмкіндік береді.

Урбанизацшшық үрдістердің, отырыкдаылық және қала мәдениеті дамуы- 

ның серпінділігін анықтау Қазақстан археологиясының ірі жетістігі болды. 

Дүниежүзілік өркениеттің ғажайып жетістіктерінің бірі — ¥лы Жібек жо- 

лының Қазақстан жері арқылы өткені анықталды.

Қазақстан  мәдениетінің кеп  қырлылығын  археологиялык материалдар 

дәлелдеп  отыр.  Оның қалыптасуына  Қытаймен, Таяу  және  Орта Шығыс- 

пен,  Орта Азиямен,  Еділ бойымен,  Орал өңірімен,  Сібірмен саяси,  эконо- 

микалық және мәдени байланыстар зор ықпал жасады. Әр түрлі мәдениет- 

тердің, әр түрлі мәдени аймақтардың өзара әрекеті мен өзара ықпалы этно- 

генездің дамуында да аса маңызды фактор болды. Орталықтары Қазақстан

30


аумағында болған Батыс түрік кағанаты, ал одан кейін Түргеш, Қарлұқ кағ- 

анаттары және кейініректегі Қарахандар мемлекеті өз мәдениетіне әр түрлі 

этникалық дәстүрлерді жасампаздықпен жинақтаған ортағасырлық мемле- 

кеттік құрылымдар болғаны анықталды.

Отырарды, Кедерді, Таразды, Түркістанды, Сарайшықты, Талхирді архе- 

ологиялық  зерттеулердің  көрсетіп  отырғанындай,  қазақтардың  мемле- 

кеттілігі, Қазақ хандығының мәдениеті ежелгі түріктердің, қарахандардың, 

қыпшақтардың мемлекетгілігі мен мәдениетіне ұштасып жатыр.

Кәшпелі және отырыкшы өркениетті зерттеу әр түрлі халықтар мәдени- 

етінің өзара әсері мен езара байытылуы дүниежүзілік прогрестің сара бағы- 

ты  болды.  Қазақстан  мен  Орта  Азияның қазіргі  халықтары  этногенезінің 

бастауы да сондай өзара әсерде жатыр.

2. ЖАЗБАША ДЕРЕКТЕМЕЛЕР

'Ежелгі дәуірдегі,  әуелгі  және  кейінгі  орта ғасырлардағы  Қазақстан  та­

рихы  жәніндегі  мәліметтер  түрлі  тілдерде:  көне  парсы,  көне  грек,  латын, 

қытай,  көне  түрік,  араб,  парсы,  түрік тілдерінде  жазып  қалдырылған., Бұл 

түпкі деректемелердің  ақпараттық деңгейі  оның хронологиялық және  ау- 

мақтық  шектеулілігі,  сондай-ак  осы  аймақтың  халықтары  мен  тайпалары 

тарихының мейлінше әр түрлі болуы салдарынан ерекшеленеді. Сондай-ақ 

тарихи үрдістің дамуына карай жазба ескерткіштердегі нақты материалдар- 

дың жинақталуы да ескелең бағытта жүреді. Археологиялық қазба жұмыс- 

тарының нәтижелерімен ұштастырып алғанда жазбаша ақпараттың сипаты 

мен мазмүны жәнінен бұлайша алуан түрлі болуы 2,5 мыңжылдықтан астам 

уақыт  бойындағы тарихи  оқиғаларды,  Қазақстанның  әр  түрлі  этностары- 

ның шаруашылықжәне әлеуметгік қатынастарын, мәдениетін, тұрмысы мен 

әдет-ғұрыптарын зерттеуге мүмкіндік береді. Деректемелердің негізгі топ- 

тарының сипаттамасына тоқталайық.

( Қазақстан халықтарының тарихы женіндегі ежелгі жазбаша деректеме I 

Дарий (б.  з.  б.  522—486 жж.) және  Ксеркс (б.  з.  б. ^86—465  жж.) патшалар- 

дьщ Ахеменид державасында қолданылған негізгі үш тілде: кене парсы, элам 

және аккад тілдерінде жазылған ежелгі парсы жазбалары болып табылады.

Дарийдің өкімет басына келуінің және содан кейін болған азамат соғы- 

сының  мән-жайы туралы  баяндалатын  I  Дарийдің  Бехистун  жазбасының 

мейлінше  зор  маңызы  бар.  Жазбада  «елдер»  —  тайпалык  облыстар  тізіп 

келтіріліп, Таяу және Орта Шығыстың, сондай-ақ Орталык Азияның тари­

хи  географиясы жөнінде  едәуір  материал берілді.  Қазіргі  уақытта ғылыми 

әдебиетге, әсіресе археологиялық әдебиетте сақ тайпаларының аталған жаз­

балары — хаумаварга мен тиграхауда Қазақстан аумағына қатысты деген пікір 

орныққан,  алайда  Ахменидтер дәуірінің басқа жазбаларын  тарта отырып, 

жазба деректеріне мұқият талдау жасау бұл тайпалардың Хамун көлі ауда- 

нында,  қазіргі  Иран мен Ауғанстан  шекарасында,  кейіннен  Сақастан  (Се- 

истан) аталған ауданда орналасқанын көрсетеді.

/Ахменйдтер дәуіріндегі мәдениет пен дінді зерттеу үшін маңызы бар ба- 

с£а бір ірі жазба Ксеркстің «дәулер туралы» дейтін жазбасы болып табыла­

ды, онда Ксеркстің көптеген ғалымдар Заратуштра есімі аталмаса да, Зоро- 

астризмнің мемлекеттік дін ретінде енгізілуімен байланыстыратындіни ре- 

формасы баяндаладьк Коне парсы жазбаларында тарихи-географиялық де-

31


ректерден баска, антик деректемелерінің мәліметтерін тексеруге жэне олар­

ды едәуір нақтылай түсу үшін біраз материал береді.

Сонымен бірге  бұл  ескерткіштер  парсы тілінің тарихын,  оның ерте  за- 

мандағы диалектілерін зерттеу үшін тендесі жоқ материал болып табылады.

Авеста Зороастра дінінің қасиетті  кітабы,  Иран жерінде  Аршак дәуірі- 

нен  басталған  және  әсіресе  Сасанилер  кезінде  бірнеше  діни  реформалсір 

барысында қалыптасқан қағида болып табылады.

Авестаныңтексі кене парсы тілінен өзгеше және бірқатар белгілері бойы- 

нша неғұрлым кейінгі шығыс иран (соғды, хорезм, сақжәне т. б.) тілдеріне 

жакын көне иран тілінде жазылған.

Бастапкыда шамамен  1000 жыл бойы ауызша беріліп келген Авеста тексі, 

сірә,  Сасанилер  кезінде  қалыптасқан  парсы  (арамей  әліпбиі  негізінде) 

әліпбиімен,  содан  соң  соның  негізінде  жасалған  фонетикалық  жазбамен 

тунғыш р.ет бір ізге салынған болса керек.

ІБізге дейін  жеткен  Авеста текстерінің  мерзімі  ерте  дегенде  XIII  ғасыр 

деп белгіленеді және ол  бастапқы текстің жартысына жетпейді. Сакталған 

Авеста тексі мынадай бөліктерден тұрады:

«Тағзым  ету»  яснасында арабтар  жаулап  алғаннан  кейін  куғын  көрген 

құдайлар мен батырлар тізіп келтіріледі және жалпы алғанда кейінгі кезде, 

ең алдымен  зороастралық қауымдардың кажеттері үшін жазылған,  алайда 

өте ертедегі текстер, атап айтқанда, Гаталар -  дәстүрді Заратуштраның өзіне 

апарып тірейтін салтанатты әндер, сондій-ақ бірсыпыра дешталар (Хом-яшт, 

Срош-яшт және басқалар) да бар.

Виспрат («Судьяньщ салмағы») — Яснаға рәсімдік қосымша.

Видевдат («Дәулерге қарсы заң») — зороастрашылардың күнделікті мінез- 

кұлқы туралы, негізінен кейінгі кезде жазылған, бірақөте ежелгі заманнан 

келе жатқан фрагментгер де  бар өмір салттың, текстер мен бұйрықгардың 

жинағы.

Яшталар  («Гимндер»)  —  өте  ежелгі  дәуірден,  кейде  үнді-иран  қауымы 

дәуірінен келе жатқан және  Орта  Азия мен  оған  жапсарлас жатқан  Иран 

мен Ауғанстанның ертедегі тұрғындарының рухани өмірін зерттеу үшін көп 

материал беретін күдайлардың гимндері.

Кіші Авеста -  көлемі шағын текстер жинағы, ол кейде ежелгі дүниенің 

діни-философиялық білімдерінің тарихын  зерттеу үшін  едәуір ынта-ықы- 

лас туғызады.

Текстерінде өз зертгеушісін күтіп тұрған аса бай материал болғанымен, 

Авеста деректері сақ кезеңіндегі  Қазақстанның ежелгі тұрғындарының та­

рихы мен мәдениетін зерттеуге біршама аз тартылды.

Ортаңғы Иран ескерткіштері ^парфяндар тілінен бастап, «ортаңғы кезең» 

дейтін иран тілдеріндегі эпиграфиялық және нарративтік деректемелер осы- 

лай аталады. Парфяндардың, ортаңғы парсы, соғды, хорезм, бактрия тілдері 

мен тіл деректемелерде нашар куәландырылған басқа да бірқатар тілдер соған 

жатады.

Арамей жазбасының ерекше түрінде және парфяндардың ортаңғы пар­

сы және соғды тілдерінің өзге де диалектілерінде жазылған манихей дінінің 

ескерткіштері де соған қосылады. Тарихшы үшін мына шығармалар мейлін- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет