|
М. Мелиоранскийдің Күл-тегін кұрметіне орнатылған ескерткішті тарихи- М. Мелиоранскийдің Күл-тегін кұрметіне орнатылған ескерткішті тарихи-
филологиялык тұрғьщан түсіндіру жоніндегі елеулі еңбегі сол кезде жарык
көрді104.
Тарих ғылымының Орталык Азия халықтарының өткенін катаң ғылыми
тұрғыда зерттеуді көбінесе Ресейдегі ғылым өкілдерінен күтуге кұкығы бар
еді, өйткені олар үшін Қазақстан мен Орта Азия тарихының барысын анык-
таудың таза теориялық мәні болып кана қойған жок. Петербургте аймактың
тарихы женіндегі колжазба деректемелердің аса бай жинағының шоғыр-
ландырылуы кездейсок емес еді. Алайда, В. В. Бартольдтің бағалауынша,
Қазақстан мен Орта Азияның ертедегі тарихы мен алдыңғы орта ғасырлары
жөнінен ғылыми талаптарды канағаттандыратын монографиялар XIX ғасы-
рдың аяғына дейін болған жок. В. В. Бартольдтің өзіне осы елеулі кемшіліктің
орнын толтыруға тура келді.
В. В. Бартольдтің ортағасырлық Казақстанның тарихы жөніндегі зертте-
улерінін тендесі жоқ ғылыми маңызы бар. Оның еңбектері отандык және
дүниежүзілік шығыстануда тарих түпнүсқа деректемелер бойынша тарихи
сынның катан талаптарына сәйкес зерттелген алғашкы еңбектер болды.
Ол кимектер, қыпшақтар, қарлұқтар, оғыздар туралы аса маңызды де-
ректеме — Гардизидің «Зайн әл-axfjap» деген енбегінің105 түріктер туралы та-
рауларының түсініктеме берілген аудармасын да жариялауға енбек сіңіріп,
алдыңғы ортағасырлық Қазақстанның тарихы үшін манызды «Худуд әл-
алам» сияқты деректемені түсінікті етті106, сондай-ақ Орталық Азия тарихы
жөніндегі аса бағалы деректеме - Махмуд Қашғари шығармасының геогра
фиялык, этнографиялық және тарихи деректерін мұкият пайдаланды107.
В.
В. Бартольд Қазақстан такырыбына тамаша ескерткіш — оғыздардың
«Китаб дәдәм Қоркуд» батырлык эпосын аударуға байланысты ынта қойған
еді108. Оғыздардың эпикалык аңызын тарихи және фольклорлық тұрғыдан
түсіндіру барысында В. В. Бартольд Сырдарияның алдыңғы ортағасырлык
түркі тілдес халқынан мұра етіп алған Қорқыт туралы оғыз (түрікмен) және
қазақ аңыздарының ортақ көзі туралы елеулі тұжырым жасады.
Оның 1898 жылы Верныйда (қазіргі Алматы) бірінші рет жарияланған
«Жетісу тарихының очерктері» деген кітабы Қазақстан тарихын зерттеуге
қосылған бағалы ғылыми үлес болдьі^9. Бүл кітап б. з. б. II ғасырдан б. з.
XVIII ғасырға дейінгі Жетісудың саяси тарихын көрсетуде ғылыми маны-
49
зын берік сактап қалып отыр. Онын екі бөлімнен тұратын, авторға лайықты
дүниежүзілік даңқ әперген «Түркістан монгол шапқыншылығы дәуірінде»
деген іргелі еңбегі110 «Очерктермен» тығыз байланысты./
Қазан революциясынан кейін В. В. Бартольд казак такырыбын түрік ха-
лыктарының тарихы жөніндегі жүмыстардың кең көлемді проблемалык және
хронологиялык диапозонына енгізеді. Бұған үлттық тарих пен үлттыкмәде-
ни дәстүрлерге деген зор ыкыластың Қазақстан мен Орта Азияда револю-
циялык окиғалар кезеңінде оянып, 1924 жылғы үлттык межелену кезінде
ерекше күшейе түсуі себепші болды.
Қазақтын жоғары педагогикалык институтында болған кезінде В. В. Бар
тольд «Түрік-монғол халыктарының тарихы» (1927) деген лекция окыды. Ол
Махмуд Қашғаридің материалдары негізінде халықтар мен тайпалардың
Қазақстан жерінде орналасу көрінісін жеткілікті дәрежеде тәптіштеп
корсетіп, кейіннен казақ халкының калыптасуында негізгі компонент бо-
лған кыпшактар тілінің лингвистикалық ерекшеліктерін сипаттап берді.
1926 жылы В. В. Бартольд түркі тілдес халыктардың тарихын күрделі
процесс ретінде корытуға, тілі бойынша туыс, бірак экономикалық тұрмы-
сы жөнінен әр түрлі халыктардың кем дегенде екі мыңжылдық бойында
жүріп өткен дербес әлеуметтік, саяси және мәдени даму жолын көрсетуге
түңғыш рет ғылыми негізделген әрекет жасайды. Зерттеулерінің бұл бағы-
ты ең алдымен оның «Орта Азияның түрік халықтарының тарихы жөніндегі
он екі лекция» деген еңбегінде керініс тапты, бүл еңбегінде ол өзінің «Шығыс
тарихын Европаның тарихы сиякты ғылыми әдістерді колдану жолымен ғана
түсіндіруге болады» деген тезисін мейлінше дәл әрі айқын ұстанады111.
В.
В. Бартольдтің орта ғасырлардағы Қазакстан мен Орта Азия тарихын
бір жүйеге келтіріп белгілеген кезеңдері тарих ғылымына коскан сөзсіз үлесі
болып табылады, ол негізгі белгілері жағынан Шығыстың тарихнамасынан
берік орын алды. В. В. Бартольдтің еңбектері Қазақстан тарихын зерттеуде
кеп жағынан негізге алынады.
XX
ғасырдың бірінші ширегіндегі көрнекті шығыстанушы И. Маркварт
танымының кең және жан-жақты болуымен ерекшеленеді, жиналған
мәліметтерінің байлығы және алуан түрлілігі жөнінен ол мамандардың то-
лык көңіл оөлуіне лайык.'И. Маркварт Шығыс Европа елдерінде мүсылман
мәліметтерін және олардың ортағасырлык байланыстарың талдауга әрекет
жасалуына байланысты түрік тайпалары тарихының сюжеттеріне бірінші
болыпжүгінеді112. Проблеманы жол-жөнекей зерттеумен шектелмей, ғалы-
мның пікірінше, өте ерекше этнос кыпшактарға (командарға) арнаулы мо
нография113 арнап, онда сюжеті жөнінен әр алуан сипатты және тілі жөнінен
алуан түрлі жазбаша деректемелер негізінде Евразияның далалық оңірінің
халықтары мен тайпаларының тарихы жөніндегі мәселелерді кең көлемде
қозғады.
Қазақстандағы тарихи-шығыстанушылық зерттеулердің бастапқы кезені
А. П. Чулошниковтың, С. Ж. Асфендияровтың есімдерімен байланысты. А.
П . Чулошниковтың ғылыми ізденістері жаңа деректемелер тартуга, казақта-
рдың және оларды құрайтын этникалықкомпоненттердің тарихын басқа да
түрік халықтарының тағдырларымен байланыстыруға әрекет жасауға бағы-
тталды114. С. Ж. Асфендияров тарихтың және мәдениет тарихының көпте-
ген түбегейлі проблемаларын — қазақтардың этногенезін, қазақ эпосын зерт-
теді, Қазакстан аумағында феодадцық құрылыс қалыптасуының күрделі және
50
сонымен бірге әлі де аз зерттелген үрдісін ой елегінен өткізіп, корытуға еле-
улі әрекет жасады115. Ру тарихын тану бұрынғысынша көкейтесті проблема
болып кала берді. М. Тынышбаев казақтардың негізгі тайпалары мен рула-
рының генеалогиясын қысқаша баяндап, тарихи түсініктемелер жасады116.
Б. Я. Владимирцовтың кітабы тарих білімінің дамуындағы маңызды кадам
болды117. Онда монғолдардың XI—XVIII ғасырлар бойындағы коғамдық каты-
настарының сипатына аукымды нақтылы материалдар негізінде талдау жа-
салады. Б. Я. Владимирцовтың монографиясы монғолтанудың үдемелі
қарқынмен ілгерілеуінде ғана емес, сонымен катар түрік халыктарының та-
рихнамасында да зор рол атқарды. Осыған байланысты белгілі салжұқтану-
шы В. А. Гордлевскийдің мына ескертпесін корсете кеткен жөн: «Түрік ха-
лықтарының тарихын дұрыс түсіну үшін монғолдарды зерттеу қажет; ол
түріктердің рулық құрылысы мен олардың әлеумеггік-экономикалық жағы-
нан үйымдасуын да түсіндіруге тиіс»"8. Сондықтан Б. Я. Владимирцовтың
көшпелі мал шаруашылығына негізделген монғолдар қоғамына арналған
еңбегінің кошпелі және жартылай кәшпелі түрік халықтарының тарихын
зерттеумен шүғылданушы көптеген зерттеушілерге ыкпал жасауы кездей-
сок емес. 30-жылдары Шығыс коғамдарының әлеуметтік-экономикалық
жаратылысы мен азиаттык өндіріс әдісі туралы әрістетілген пікірсайыстар
тарихи танымның өрістеуі үшін көп нәрсе берді.
Бұл жылдарда да жазбаша ескерткіштердің материалдарын аныктау және
нарративтік деректемелердің жинақтарын басып шығару жөніндегі маңыз-
ды жаңа кезең байқалады. Мәселен, Қазакстан тарихы бойынша «Қазақ-
станның өткені деректемелер мен материалдарда» деген жинақ жарықка
шыкты (Алматы, 1935-1936, т. 1—2), онда түрі мен мазмұны женінен әр түрлі
ертедегі және ортағасырлык: коне грек, латын, Византия, кытай, араб-пар
сы жазбаша ескерткіштерінің кешені болды. «Түрікмендер мен Түрікмен-
стан тарихы жөніндегі материалдар» деген жинақтың шығарылуы елеулі
деректемелік базаға айналды, оның негізгі мазмұны араб, парсы және түрік
тілдерінде жазылған, VII ғасырдан XIX ғасырға дейінгі кезенді камтитын
шығармалардан алынған үзінділердің аудармаларынан құралды119: Жинак
ортағасырлык Казақстан тарихын зерттеушілерге орта және теменгі Сыр-
дария бойында, Арал өңірінде мекендеген оғыздар туралы көлемді де жан-
жакты деректер береді.
Сонымен бірге, 30-жылдары «Авестаны» зерттеу жүмысы жандана түсті
(Э. Бенвенист, X. Нюберг, Э. Херцфельд). Осы бір ежелгі ескерткішті одан
әрі талдау барысында С. П. Толстое, В. И. Абаев, Г. Виденгрен, И. М. Дья
конов, В. А. Лившиц деректеметанушылық талдау мен текстерді түсіндіру-
ге елеулі үлес қосты. «Авеста» әр түрлі уақытта жасалған, бәлкім, түрлі аймақ-
тарда жасалған да болар, сондықтан оны нақты тарихи зерттеулерге пайда-
ланғанда белгілі бір дәрежеде сақтык жасалады.
Қазақстанның ортағасырлық тарихы саласында В. В. Бартольдтің ісін
тікелей жалғастырушылардың бірі, кең ауқымдағы зерттеуші, күрделі тео-
риялық проблемалардың шешімін қарастырған А. Н. Бернштам бодды. Оның
археолог, этнограф және тарихшы ретінде жан-жақты қызметінің қазак ха-
лқы тарихының алдьщгы кезеңін, соның ішінде усундер, ғүндар тарихының
көптеген бөлімдерін зерттеудегі маңызы зор. Жазбаша (коне түрік және
кытай) деректемелеріне жүгіне отырып, А. Н. Бернштам ежелгі түрік мем-
лекетінің әлеуметтік құрылымын зерттеп, әскери-демократиялыққогамның
51
ерте феодалдыққатынастар жүйесіне ұласуын айкындады. Ол сондай-ақ V—
VII ғасырлардағы соғды коныстанушылығының рөлі мен маңызын және
оның Түрік кағанатымен әзара қатынасын аныктады, Жетісудағы карлұк
кезеңі туралы мәселені нактылады120. А. Н. Бернштам соғыска дейінгі ке-
зенде Жетісу мен Тянь-Шанның ертедегі және орта ғасырлардағы тарихы
дамуының негізгі нобайларын белгіледі.
A. Ю. Якубовский жазбаша мұсылман деректемелерін тамаша білетін-
дігімен ерекше козге түсті. Оның жазбаша ескерткіштерден алынған
мәліметтерге егжей-тегжейлі талдау жасап, Оңтүстік Қазақстанның ортағ-
асырлық каласы Сығанакты суреттеуге арналған макаласы осы кезге дейін
белгілі бір объектіге археологиялық зерттеу жүргізуге дайындаудың үлгісі
бола алады121. А. Ю. Якубовский VIII ғасырдан XV ғасырға дейінгі түрікмен-
дер тарихы жөнінде үлкен еңбек жазды122. Онда оғыздар, олардың алдыңғы
орта ғасырлардағы рулық-тайпалык құрылымы, шаруашылык өмірі және
әлеуметтік-экономикалық қатынастары туралы аукымды материал жүйеге
түсірілген. А. Ю. Якубовскийдің Алтын Орданың тарихы жоніндегі зерт-
теуі ғылымдағы ірі жетістік болып табылады, ол шын мәнінде осы мемлекет
туралы алғашкы іргелі еңбектің пайда болуымен аяқталды123. Оның XI—XIII
ғасырлардағы монғолдар тарихына шолуы теориялық тұрғыдан алғанда мо-
нғолдардың ғана емес, сонымен катар монғолдарментарихи жағынан мейлін-
ше тығыз байланысты көшпелі түрік халыктарының да әлеуметтік-эконо-
микалық тарихын зерттеу үшін маңызды124. Ол VI—XV ғасырлардағы Орта
Азияны кезендерге белуді де белгіледі. Орта Азия мен Қазақстанның та-
рихшылары сол кезендерге белудің коптеген қағидаларын кабылдады.
С.
П. Толстовтың ғылыми кызметі де нак сол 40—50-жылдарға жатады,
Қазақстанның тарих ғылымының дамуына ол да елеуі үлес косты. Хорезмнің
археологиясы мен этнографиясын түрлі бағыттарда терендете зерттеуге бай
ланысты оның еңбектерінде ежелгі дәуір мен орта ғасырлардағы Батыс және
Оңтүстік Қазакстан халкының қоғамдық құрылысы мен мәдени-тұрмыс-
тық укладына терең талдау жасалған125. С. П. Толстовтың этнографияның
түрлі қырлары бойылша, атап айтканда, әдістемелік проблемалар бойынша
зерттеулері этнографияның дамуындағы маңызды кезең болып табылады.
Ертедегі жазбаша ескерткіштерге тәптіштеп талдау жасау оның массагет-
тер, дайлар, кангюйлер тарихына өз ғылыми тұжырымдарын айтуына
мүмкіндік берді. С. П. Толстов Сырдария оғыздары туралы үлкен тарихи-
археологиялық материалды ғылыми айналымға енгізудің абыройына бөленді.
Бүл орайда ол Сырдария атырауындағы оғыз қоныстарының сипатын анық-
тауға126, X ғасыр мен XI ғасырдың басындағы оғыздардың шығу тегіне өзінін
көзқарасын белгілеуге әрекет жасады. Оның еңбектері Қазақстан мен Орта
Азия халықтары мәдениетінің ертедегі және ерекше бастауларын анықтауға
мүмкіндік берді.
B. Ф. Минорскийдің іргелі еңбектері зор маңызға ие болды. Оның пар-
сының географиялык анонимі «Худуд әл-аламды» зерттеу еңбегі тарихи-де-
ректеметану түрғысынан сәтті орындалған127. Түріктің ягма, қарлұк, жікіл,
тухси, оғыз, печенег, кыпшақ тайпаларының мекендері салаларына қаты-
сты аукымды түсіндірмелердің дербес маңызы бар. Араб тілді автор әл-Мар-
вазидің (XII ғ.) еңбегі В. Ф. Минорский түріктер, Қьггай және Үндістан ту
ралы тарауды ағылшын тіліне аудармасын қосып, егжей-тегжейлі түсінікте-
мелер беріп жарияланғаннан кейін ғана ғылымда қолданыла бастады128. Бұл
52
шығарма түрік тайпалары туралы бірегей этнографиялык мәліметтерінің
аркасында тарихи жағынан өте құнды болып табылады. Түрік тайпалары-
ның Батыс бағытында орасан зор көшіп-конуының тізбегін туғызып, тай-
палардың Ішкі Азиядан қоныс аударуы туралы мәліметтер ерекше маңыз-
ды. Оның Тамим ибн Бахрдың (IX ғ.) Ішкі Азияға саяхаты туралы макала-
сының әдістемелік жағынан маңызы зор129.
40 және 50-жылдарда Қазақстан жерінде мемлекеттіліктің пайда болу
және даму тарихының проблемалары зерттелді. Кдзакстан жерінде мемле-
кеттіліктің біршама кейініректе пайда болғаны туралы бұрын жалпы жұрт
қабылдаған кезқарас қайта қаралды. Тарихшылардың зертгеулері Жетісу мен
Қазақстанның оңтүстігінің сонау ертедегі тұрғындары — усундер мен кан-
гюйлердің біздің заманымыздың шебіндегі саяси кұрылысының сипаты және
мемлекеттік элементтердің пайда болуы туралы мәселе коюға мүмкіндік
берді.
Қазақ КСР-інің ежелгі заманнан 2-ші дүниежүзілік соғыска дейінгі та
рихы жөніндегі 1949 жылы шыккан бірегей үжымдық еңбек Қазакстан та
рихы жөніндегі оның алдындағы барлықеңбектерден принципті түрде ерек
ше болды. Сонымен бірге мұндай еңбектің жасалуы түйінді тарихи пробле-
малар бойынша монографиялар шыкканға дейін жүзеге асырылды.
Соғыстан кейінгі жылдардың озінде-ак шығыстанушылардың Мәскеу
мен Ленинградтың ғылыми мектептерінде калыптаскан ұлттык казақ кад-
рлары біркатар ғылыми зерттеулерді жүзеге асырды. Ә. X. Марғүлан солар-
дың қатарына жататын. Ә. X. Марғұланның еңбектеріне такырыптирдын.
алуан түрлі және зерттелетін ескерткіштердің хронологиялық аукымының
кең болуы тән. Кошпелілер мен егіншілердің өзара іс-кимылы, отырыкшы
қоныстары мен қалалардың калыптасуындағы кошпелілердің ролі, ертедегі
және орта ғасырлардағы тайпалардың орналасу мәселелерін аныктау, ежелгі
керуен жолдарын зерттеу сияқты проблемаларды талдау табысты болып
шықты130.
К өп
жылдык еңбектің қорытындысы - «Орталық Қазакстанның
ертедегі мәдениеті» деген монография Орталық Қазакстанның ежелгі зама-
нын зерттеудегі маңызды кезең болып табылады131.
50-жылдардың басында ежелгі парсы жазбаларының мейлінше толық
басылымы жүзеге асырылды (Р. Кент)132. Ескерткіштерді деректеметану-
текстологиялық жағынан зерттеу ісі кенейтілді; Орта Азия халықтарының
тарихындағы тұңғыш рет дәл белгіленген мерзім — массагеттердің Кир
әскерін талқандауы (б. з. б. 530 ж.) анықталып; ежелгі парсы жазбаларын
антик авторларының деректерімен теңеп салғастыру жұмысы жүргізілді.
Алайда ежелгі парсы және антик деректемелердегі тайпаларды Қазақстан
мен Орта Азияның қазіргі картасына орналастыруы туралы мәселе шешіл-
меді. Сақ-скиф тайпаларының орналасу географиясы жөнінде әр түрлі
көзқарас айтылды (К. В. Тревер, В. В. Струве, В. И. Абаев, С. И. Руденко,
М. А. Дандамаев, С. С. Черников, И. В. Пьянков, Б. А. Литвинский, К. А.
Ақышев, М. Қ. Қадырбаев жэне баскалар).
50-жылдар мен 60-жылдардың басында ертедегі және ортағасырлық
Қазақстанның этно-саяси тарихының проблемалары бойынша зерттеулер
неғүрлым кең орістетілді. Олар негізгі екі бағытта, Шығыс деректемелерінің
аудармаларын жариялау және маңызды тарихнамалык проблемаларды зерт
теу бағыттарында жүргізілді.
Рашид ад-Диннің (XIV ғасырдың басы) Азия далаларының кешпелі тай-
53
паларының тарихы жөніндегі деректемелер ішінде ерекше орын алатын іргелі
тарихи еңбегі «Жылнамалар жинағын» аударып басып шығару ісі аяқтал-
ды133. Рашид ад-Дин белгілі бір окиғалар туралы өзі мәліметтер алған дерек-
темелерінің арасында қытай, үнді, үйғыр және кыпшак даналарының кітап-
тарын атайды. Алайда, өкінішке орай, ол еңбектердің өздері де, олардың
авторлары да керсетілмейді. Рашид ад-Диннің Орталык Азияның халықта-
ры мен тайпалары туралы мәліметтеріне талдау жасаудың аяқталуына әлі де
көп уақыт керек. Оғыздар тарихы жөніндегі ең кұнды деректеме — Ахмет
Ибн Фадланның кітабы кең көлемді тарихи-филологиялык түсініктемелер
беріліп жарықкөрді (А. П. Ковалевский)134. С. Л. Волин Талас өзенінің анга
ры мен оған шектес аудандар туралы IX—XVI ғасырлардағы араб деректе-
мелерінің мәліметтерін жариялады135. Н. Я. Бичуриннің жақсы дәстүрін
жалғастыра отырып, Н. В. Кюнер Орталык Азия халыктары туралы кыт-
айдың күнды хабарларының үлкен топтамасын жариялады. «Юань-ши»
мәлімеггерінен кыпшактар мен қырғыздар тарихы жөніндегі маңызды үзінді
ғылыми айналымға енгізілді (Е. И. Кычанов)136. Түріктер туралы тарихи
мәліметтердің кытай тілінде екі томдық жинағы шығарылды (Чэнь Чжун-
мянь)137.
Ертедегі және алдыңғы орта ғасырлардағы Қазакстан жөніндегі қытай
деректерінің хабарлары тартылды. Оларға усундер, Түрік Каганаты кезін-
дегі түріктер, түргештер, карлүқтар жөнінде Ю. А. Зуев жасаған талдау
жемісті болып шықты. Кытай жылнамаларынан аудармалардың жарияла-
нуы, әулеттік хроникалардың мәліметтерін ежелгі түрік ескерткіштері мен
генеалогиялык аңыздардың материалдарымен, сол сияқты антик дәстүрімен
салыстыру ертедегі Қазакстанның этникалык үрдістерінің, саяси окиғала-
ры мен тарихи географиясының кейбір жақтарын жаңаша түсінуге мүмкіндік
берді138.
Қазақстан тарихшыларының еңбектерінде «қазак» терминінің пайда бо-
лған уақыты мен мәні туралы мәселе көрініс тапты139.
Көне түрік жазуын зерттеу ісінде С. Е. Маловтың еңбектерінің маңызы
ерекше140. Ғ алымдардың ежелгі түрік ескерткіштерінің материалдарына не-
гізделген зерттеулерінің нәтижелері түрік кағанаттары шеңберінде болған
этногенетикалық үрдістердің Орталық Азия мен Сібірдің түркі тілдес ха-
лықтарының калыптасу тарихына өте елеулі ықпал жасағанын керсетті.
К. Цегледи мен О. Прицак Қазакстанның ертедегі жэне орта ғасырла-
рдағы тарихы зерттелген егжей-тегжейлі ғылыми жарияланымдардың ав
торлары болды. Сенімді деректемелерге (мүсылман деректемелері тобына,
кытай шежірелеріне, ежелгі түріктердің руналык ескерткіштері мен
Визан
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|