|
тұрақтар жоспарлы түрде зерттеліп, қазыла бастады. Бұлар — Пенька кәлі тұрақтар жоспарлы түрде зерттеліп, қазыла бастады. Бұлар — Пенька кәлі
үлгісіндегі тұрақтар19.
Жетісудағы сақтар мен усундердің ескерткіштерін зерттеу жөніндегі
жұмыстар да 60-жылдары одан әрі жалғастырылды (Жетісу археологиялық
экспедициясы). (Іле алкабының сактары мен усундері мәдениетіне арналған
монографиясында К. А. Ақышев сақтар мен сақ мәдениетінің шығу мәсе-
лелерін қарастырды, жебе ұштарын хронологиялық жағынан топтастырып
берді. Г. А. Кушаев Жетісудағы усун мәдениетіп кезендерге бөлу сатыла-
рын белгіледі20. «Есік» қорғанындағы көмбенің ашылуы Қазақстан архео-
логиясында дүниежүзілік маңызы бар данкты окиға болды, одан табылған
олжалар сақтар мәдениетін, олардың мифологиясын, өнерін, жазуын, әле-
уметгік құрылысын зерттеуге тың тыныс берді21.
Орталық Қазақстандағы «тасмола мәдениеті» деп аталып кеткен сақ мәде-
ниетінің ескерткіштерін М. Қ. Қадырбаев зерттеді. Ғалым бұл мәдениетгің
ерекшеліктерін көрсетіп, кезендерге бөлу мәселелерін талдап шешті, ежелгі
тайпалардың шаруашылығына талдау жасады. Батыс Қазақстанда, Лебедев
обасынан сармат заманының аса құнды олжалары табылады22.
Сырдарияның төменгі ағысында Жосалы маңындағы Жетіасар мәдени-
етінің ескерткіштерін Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедиция
сы топтарының бірі зерттеді. Жетіасар аңғарындағы жүмыс жалғастыры-
лып, онда қоныстар мен обалар ашылды. Жаңа деректер мен бұрынғы жыл-
дар материалдарының негізіңде біздің заманымыздың I мыңыншы жылын-
дағы Сырдария керамикасына арналған монография дайындалды23.
70-жылдарда Қазақстан археологиясының тағы бір бағыты — петроглиф-
терді зерттеу бағыты айқындалды. Егер бұрын осы бір археологиялық де-
ректемені зерттеу үздік-создық және жүйесіз жүргізіліп келсе, енді олар М.
Қ. Қадырбаевтың, А. Н. Марьяшевтің, А. Г. Медоевтың арнаулы зертгеу-
21
лерінің объектісіне айналуда. Қаратаудын, Маңғыстаудың және баска да
аймақтардың жартастағы суреттеріне арналған қорытушы ірі жүмыстардың
пайда болуы солардың есімдеріне байланысты24.
1969 жылы — Отырар, ал 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді архео-
логиялық экспедициясы үйымдастырылды. Олар Отырар оазисіндегі Оты
рар, Қостөбе, Көк-Мардан, Мардан-Күйік, Қүйрықтөбе, Түркістан, Қар-
атаудың солтүстік беткейіндегі Раң және Күлтөбе қалаларының кираған
орындарын кеп жылдықтұрақты қазба жұмыстарына негізгі объектілер етіп
алды. Қалалар мен қоныстардың орындарына коса, экспедиция мүшелері
түрлі дәуірлердің обаларын, соның ішінде белгілі және бұрын зерттелген
Бөріжар обасын, Шағаны, Көк-Марданды зерггеді. Отырар төбе каласы-
ның орнында кең көлемді қазу жұмысы ұйымдастырылды, XVI—XVIII ғасы-
рлар кабаттарының деңгейінде көптеген тұрғын махаллалары, қыш және
кірпіш күйдіру шеберханалары, қоғамдық қүрылыстар — мешіттер, кесене-
лер, моншалар қазылып аршылды. Біздің заманымыздағы I мыңжылдық-
тың бірінші жартысындағы қоныстарда Көк-Марданға ауқымды қазба
жұмысы жүргізілді, онда да тұрғын махаллалар, үйлер мен ғибадатханалар
аршылды/
Құйрықтөбе қаласы орнындағы қамалда VI—IX ғасырлар деңгейінен са
рай кұрылысы аршылды, оның салтанатты залынан құдайлардың бейнелері
мен ақсүйектер көрінісі қашап жасалған бірегей тақталар табылды. Қала
орнының шахристанында VI—VIII, ІХ -Х І, XII ғасырлардағы құрылыс ке-
шендері, XIII-XIV ғасырлардағы темір соғатын шеберханалар және X—XI
ғасырлардағы алқалы мешіт аршып алынды.
Беріжар обасын қазған кезде жерлеу ғұрпына байланысты және ерте-
дегі, орта ғасырлардағы халықтық діни көзқарастарды көрсететін қызықты
материалдар алынды. Экспедиция тобы Отырар оазисінде, Қаратаудың
оңтүстік және солтүстік беткейлерінде, Сауран маңында ирригациялык, одан
кейінгі орта ғасырлардағы кәріздер жүйесін тапты.
Сонымен бірге палеоэтнографиялық зерттеулер, атап айтқанда, қазақта-
рдың отырықшылану үрдістерін анықгау мақсатымен қазақ қыстауларын
ка:,у жұмыстары да жүргізілді.
60-жылдардың орта шенінде Қазақстан нумизматикасы дами бастайды.
Отырарды, Қүйрықтебені қазу кезінде көптеген теңге материалы жинақ-
талды. Бүл бірлі-жарым олжа ғана емес, қазына да болатын. Теңгелер тари
хи мерзімді анықтайтын материал ретінде де, сондай-ақ ортағасырлардағы
Қазақстанның саяси және экономикалықтарихын, оның сауда және мәде-
ни байланыстарын зерттеуге арналған деректеме ретінде де зерттелді. Соның
қорытындысында Қазақстанда Отырарда, Испиджабта, Түркістанда, Жент-
те, Сығанақга, Таразда теңге сарайларының жүмыс істегені анықталды.
Сөйтіп, Оңтүстік Қазақстан кешенді экспедициясы республикалық архео-
логияны сапасы жағынан жаңа ақпаратгық деңгейге көтерді, соның нәти-
жесінде бірқатар жаңа ғылыми бағытгар белгіленді. Экспедиция жұмысы-
ның қорытындылары бойынша бірнеше монография жарияланды25.
Екінші кезендегі археологиялық жұмыстардың қорытындысы бес том-
дык «Қазақ ССР тарихының» екі томының шығарылуы болды, онда архео-
логиялық деректермелерге тадцау жасалып, ертедегі және орта ғасырлардағы
Қазакстанның тарихи үрдісі көрсетідді.
Қазақ археологиясы тарихының жаңа зерттеу кезеңі 80-жьшдардан бас-
22
талды. Бұл кезең археологиядағы ұйымдык өзгерістермен, облыстарда ар-
хеологиялық мектептердің пайда болуымен, археологиялык жұмыстардың
кеңеюімен және ең бастысы — монографиялық ірі талдамалардың пайда
болуымен сипатталады.
Қазақтардың этногенезін, археологиялық деректер бойынша Қазақста-
нның палеоэкономикасын, атап айтқанда, мал шаруашылығының, металл
өндірудің пайда болу мәселелерін зерттеуге байланысты ірі проблемалар
талдап шешіле бастайды. Қазақстан тарихы мен мәдениеті ескерткіштерінің
жинағын, республика аумағындағы барлық ескерткіштердің ғылыми реестрін
дайындау негізгі міндеттердің біріне айналады. Мұндай энциклопедиялық
басылым археология саласында стратегиялық зерттеулер әзірлеу үшін база
болуға, сондай-ақ мәдени мұраны сақтау ісін жақсартуға тиіс еді.
Көшпелілік тақырыбы, егіншілік және кешпелілік мәдениетгердің өзара
әсері негізгі зерттеу тақырыптардың бірі болып аталды.
80-жылдары Орталық Қазақстан археологиялык экспедициясы Атасу
қонысын қазуды жалғастырып, металл балқытатын орындарды, ертедегі
металлургиялық пештердің орнын тапты. Жаңа деректерге сәйкес, соның
ішінде Орталық Қазақстанның қола және ерте темір дәуіріндегі палеоэко-
номикасы бойынша мал шаруашылығы, кен ісі және ертедегі металлургия,
қыш өндірісі жөніндегі материалдарға талдау жасадды. Бұл жылдарда Қазақ-
станньщ далалық өңірінде жаркын жаңалықтар ашылды. Мәселен, В. Ф.
Зайбертгің бастауымен Қызылжар қаласының археологтары Ботай коны-
сын ашып, энеолит дәуіріне жататын ертедегі Ботай жылкы шаруашылығы
мәдениетін бөліп көрсетті. Қазақстанда және Орал сыртында ертедегі қала
үлгілес кешендерді Аркайым, Кент қоныстарын ашудың сәті түсіп, олар кола
дәуіріндегі мал шаруашылық және малшы-егіншілік өркениеттің негізде-
месін кеңейтіп, терендетуге мүмкіндік берді26.
Қазақстанның әр түрлі аудандарында, атап айтқанда Шығыс Қазакста-
нда тас дәуірінің ескерткіштерін зерттеу жалғастырылды.
Қазақстанның оңтүстігінде Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялык
экспедициясы зерттеу жұмысын одан әрі жалғастырды. Оның топтары Оты-
рарда, Құйрықтөбе және Алтынтөбе қалаларының орындлрында, Қарата-
удағы ертедегі темір дәуірі мен кейінгі ортағасырлық көшпелілердің обала-
рында қазу жүмыстарын жүргізді.
1980—1983 жылдарда Шульба СЭС-ның құрылысы өңірінде Шульба ар
хеологиялык экспедициясы жұмыс істеді. Кең көлемді археологиялык зерт
теулер тас, қола, ертедегі темір дәуірлерінің, орта ғасыр көшпелілерінщ ес~
керткіштерін қазуды, петроглифтерді зерттеуді қамтыды27.
Палеолиттік мәдениеттердің эволюциялық жолдары мен аймақтағы
ежелгі халықтың миграциялық үрдістерін анықтаған кезде Қазақстан ау-
мағының географиялык жағдайы мен көлемі ерекше маңыз алады. Қарата-
удың палеолиттік ескерткіштерімен шектес аумақтардың да, сондай-ак тым
шалғай жатқан аудандар - Орта Азияның, Қьггайдың, Пәкстанның, Үндіста-
нның, Монғолияныңтұрақгарына ұқсастық байқалады. Бұл ұқсастық «ежелгі
мәдениеттер дамуының жолы бір» деп болжауға негіз береді28.
ГҚазақстан палеолитін одан әрі тереңдете зерттеу, сенімді хронология-
лык байлам жасау үшін Көшқорған, Ш . У әлиханов атындағы түрақ (Оңтүстік
Қазақстан), Шульба (Шығыс Қазақстан) сияқты стратификацияланған,
қайта қабатганбаған тұрактардың зор маңызы бар29.
23
Палеолитті зерттеулердің нәтижелері, жаңа материалдар Қазақстан ау-
мағына алғашқы қауым адамының қоныстанған уақыты мен жолдары тура
лы мәселені жаңаша қоюға мүмкіндік береді.
Орталық Қазақстанда мезолиттен Қарағанды-15 және Әкімбек тұрақта-
ры бар30. Алдыңғы неолитгік Тельман-14 түрағы кремнийден еңбек күралд-
арын дайындау жөніндегі тұрақты шеберхана ретінде сипатгалады31.
В. Ф. Зайберттің «Атбасар мәдениеті» деген монографиясы Солтүстік
Қазақстанның неолитіне арналған. Қазакстанның неолиті мен энеолиті үзақ
уақыт бойы аз зерттелген күйінде қалып келді. Негізінен жинау нәтижесін-
де алынған материал көршілес аумақгарға ұқсастығы бойынша карастыры-
лды. Шағын аудандарға бөлу, олардың салыстырмалы-типологиялык сипат-
тамасы және аймактың неолитгік индустриясына талдау жасау Атбасар мәде-
ниетін бөліп алуға мүмкіндік берді.
Неолит пен энеолитті біріншісін алдыңғы, ортаңғы және соңғы деп
бөлшектей отырып ұсынылған кезендерге белу б. з. б. V мыңжылдықтан II
мыңжылдықтың басына дейінгі кезенді қамтиды.
Аталған мәдениеттің географиялық шекарасы батыс жағынан — Торғай
жырасы, солтүстік-батыс жағынан Тобыл өңірі аркылы өтеді.
Торғай ойпаты аумағында тағы бір неолиттік мәдениет айқындалған.
Орал-Ертіс өзендері аралығындағы кең-байтақ аймақтың энеолиті мал
шаруашылығы (жылқы өсіру) басым болған көп салалы шаруашылық ретінде
сипатталған Ботай мәдениетінің шаруашылық-мәдени үлгісі тұрғысынан
қарастырыл ады.
Бүл аймақ климатының күрғап, қуаң тартып езгеруі аймақ тұрғындары-
ның орын ауыстыруын туғызды, ал бұл тұрғындарының бір бөлігі қола ғасы-
ры кезеңінде андронов мәдениеттерінің қүрамдас бөлігі болған еді32.
Б. з. б. III мыңжылдықтағы Торғай ескерткіштерінің геометриялык ке
рамика мәдениеті құрамдас бөлігі ретінде Оңтүстік Орал сырты мен Есіл
еңірінің ботай, сұртанды және терсек мәдениетін таратушылар қалдырған
ұқсас ескерткіштерге байланысы бар33.
/
Қайынды -3 тұрағының остеологиялық материалы терсек т/рғындары-
ның шаруашылығын жайылымды бақташылық ретінде сипаттайды. Аң ау-
лау да елеулі рөл атқарған34.
Суреттеліп отырған кезенде андроновтанушылық зерттеулер протогород
мәдениеті мен социумды, идеология мен палеоэкономиканы тереңцете зерт
теу бағыты бойынша да дамыды35. Бүған Евразияның қола дәуірі мәдени-
етін зерттеуге тың тыныс берген Арқайым, Синташта, Кент сияқты бірегей
ескерткіштердің ашылуы едәуір дәрежеде себепші болды.
Солтүстік Бетпакдала қоныстары мен обаларынан алынған көптеген жаңа
деректер ғылыми айналымға енгізілді. М. Қ. Қадырбаев пен Ж. Қ. Қүрма-
нқұловтың монографиясында Атасу-1, Мыржық, Ақ Мұстафа, Ақмая ес-
керткіштерінің материалдары жүйеленіп, оларға талдау жасалған, олардың
орналасу зандылықгары анықгалған36.
Көлемі 15 мың шаршы метрден астам, қола балқыту мен қола бүйымдар
дайындауға мамандандырылған ірі қоныс - Атасу-1 қонысын зерттеу нәти-
желерінің ерекше маңызы бар. Қоныс аумағында мыс балқытылатын 7 ке-
шен және 14 шұңқыр-пеш зерттелген. Металл өндіретін көптеген құралдың
түрлері сипатталынған. Еңбектің тарауларының бірінде жерлеу ғұрпы мен
обалардың материалдары қарастырылады. Ескерткіштердің уақытын анық-
24
тау үшін табылған бұйымдар мен керамика бойынша типтендіру әдістері
қолданылған. Ескерткіштердің уақытын оны мынадай хронологиялық екі
кезеңге беле отырып белгілеу ұсынылған: алдыңғы кезең — б. з. б. XV—XIII
ғғ. және соңғы кезең - б. з. б. XII—VIII ғғ., бұл орайда біріншісі мынадай екі
кезеңге бөлінеді: б. з. б. XV—XIV ғғ. және б. з. б. XIV—XIII ғғ.
Жетісудағы қола дәуірі бойынша материалдар жинақтау да жалғастыры-
ла берді, онда кейінгі жылдарда бүл аймақты андронов мәдениетінің ірі ор-
талықгарының біріне айналдыратын ондаған жаңа қоныстар мен обалар та-
былды37.
[Г
Батыс Қазақстандағы қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеген кезде
қызықты нәтижелер алынды. Г. А. Кушаев Батыс Қазақстанға екі мәдени
қауымдастық — андронов және қима мәдениетінің көршілес болуы тән
екенін атап өтгі, оның пікірінше олардың арасындағы шекара Ор және Елек
өзендерінің арасынан өткен38.
Маңғыстау облысындағы зерттеулерге
Караганда,
онда да сондай жағдай
болған. Бұл орайда көшпелі мал шаруашылығының мүнда б. з. б. II мың-
жылдықтың өзінде-ақ қалыптасқаны атап өтіледі39.
Ертедегі көшпелілердің ескерткіштерін және сақтардың, сарматтардың,
усундердің, кангюйлердің, ғұндардың мәдени, әлеуметтік-экономикалык
өмірінің проблемаларын зерттеу әдетте Қазақстандағы маңызды зерттеу
бағыттарының бірі болып табылады.
Атап айтқанда, К. А. Ақышевтьгң еңбектерінде Алакөлден Таласқа дейінгі
аймақтағы сақ обаларын картаға түсіру материалдары бойынша Жетісудың
сақ қоғамын стратификациялау туралы тезис дамытылады.
Жаңадан сақ өнері заттарының табылуына байланысты сақ (скиф)
өнерінің шығу тегі жөніндегі мәселелер де қарастырылды. К. А. Ақышев-
тың пікірінше, құлан бейнеленген алтын сырғаның табылуы «аң» стилі
жергілікті негізде қалыптасты деуге мүмкіндік береді40.
Скифтердің шығу тегі жөніндегі мәселелерге арналған еңбектер пайда
болды. Атап айтқанда, Р. Б. Исмагилов Қара теңіз өңіріндегі «патша» корға-
ндары жерлеу ғұрлының кейбір белгілері Жетісудың сак мәдениетін тара-
тушы көшпелілер тобының коныс аударуына байланысты пайда болған бо
луы мүмкін деп жазады41. Скифтер мен сақтардың бір бөлігі түркілерге тән
тілдерде сейлеген деген пікір пайда болуда42.
Жалпы алғанда, Батыс Қазакстан мен Маңғыстауда ертедегі темір ғасы-
рының ескерткіштерін зертгеу ісінің жандана түскені байқалады. Бәйте ғиб-
адатханасын қазудан алынған, діни кұрылыстарға және кешпелі тайпалар-
дың кептеген мүсіндеріне байланысты материалдар ғылыми әдебиет пен
ғылыми-көпшілік әдебиетте үлкен пікір туғызуда43.
Г. А. Кушаевтың «Далалық Арал өңірі ежелгі тарихының этюдтері» де
ген бірегей еңбегін сарматтану саласындағы елеулі жетістік деп санау ке-
рек. Онда аса бай материал, соның ішінде сармат ескерткіштерін кеп жыл
бойы қазудан алынған материал жүйеге келтіріліп, олардын, исседондармен
және сарматтармен этникалық атрибуциясын анықтауға, сондай-ақ сармат
тарихын біздің заманымыздың VIII ғасырына дейін жалғастыруға әрекет
жасалған44.
Солтүстік Қазақстанның ертедегі темір ғасырының археологиясы
жөніндегі іргелі еңбектің пайда болғанын атап өткен жөн45. Зертгеу авторы
осы терминнің тарихи-географиял ық түсіндірілу ін анықтап, оны екі табиғи-
25
географиялық аймақтың: Батыс Сібір жазығының оңтүстігі мен Кдзақста-
нның солтүстіктегі ұсак шокылы кең даласы тоғысып жаткан орталық Ев
разия учаскесі деп түсінеді.
/М ұ н д а көп жыл бойы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде аса құнды ар
хеологиялык материалдар жинақталып, соның негізінде осындағы темір
ғасырын кезендерге бөлуді үсыну, скиф-сақ үлгісіндегі мәдениетгердің шығу
проблемаларын, көшпелі мал шаруашылығының қалыптасу механизмдерін,
ертедегі қоғамның және көшпелілер мемлекеттілігінің стратификацияла-
нуы мәселелерін нактылай түсу мүмкін болды.\
фдзақстан палеоэкономикасын зерттеуде Тлгері басқандык байкалды.
Қазһкстанның Евразияда, соның ішінде энеолит және қола дәуірінде мал
шаруашылығы қалыптасып, дамыған ежелгі аймактардың бірі болғаны анық-
талды. Өндіруші шаруашылықтың пайда болуына, жануарларды колға үйрет-
уге, жылкы шаруашылығының алғашқы кезендеріне қатысты проблемалар
ең алдымен қоныстарды қазғандағы бстеологиялык материалды зерттеуге
байланысты болатын. Орталык және Солтүстік Қазақстан аудандары үшін
көптеген жылдар бойы осындай жүмыс жүргізілді. Энеолиттік заманның
қоныстары Түздыкөл мен Ботайдан, қола дәуірінің қоныстары - Атасу,
Сарғара, Ново-Никольское-1 мен Петровка-2 және басқа коныстардан та-
былған орасан көп материал электронды-есептеу машинасының көмегімен
талданып, жүйелі түрде өнделді.\
Біркатар жана тұжырымдаргатап айтқанда, энеолиттік коныстарда, сон-
дай-ақ ертедегі қола дәуірі коныстарында жылқы сүйектерінің көп екендігі,
мұның өзі бұл жерде жылқы шаруашылығы басым болған деп айтуға
мүмкіндік беретіндігі туралы түжырымдар жасалды. Қола дәуірінде мал
шаруашылығының дамыған түрі болып, ірі кара мен үсақ мал және жылкы
есірілгені аныкгалды. Қазір Қазақстанда мал шаруашылығы энеолит дәуірін-
де-ак өріс алған деп сеніммен айтуға болады.
Жабайы жануарлардың сүйектерін зерттеу энеолит және қола дәуірінде
аң аулаудың дамығандығы жөнінде мағлұмат алуға, ауланған ең бағалы андар-
ды аныктауға мүмкіндік берді46.
Қазақстан археологиясының тарихнамасында ірі аймақ — Сарыарқалағы
(Орталық Қазақстан) кола және ертедегі темір дәуірінің металлургиясы мен
қыш құмыра ісіне арналган іргелі еңбек тұңғыш рет жазылды47. Осы зама-
нғы талдау әдістерін пайдалану ертедегі металлургтер өнімінің химиялык
және минералдыққұрамын анықтауға, мыстан, қоладан, алтын мен күмістен
бүйымдар жасап шығару үрдісінің технологиялық ерекшеліктерін анықтауға
мүмкіндік берді.
Ертедегі металлургтердің мүмкіндігі жөнінде манызды бақылау жасал
ды, ол Евразиядағы жетекші металлургиялық орталыктардың озык техно-
логияларынан кем түспеген. Шикізат базасын металлургиялық өндіріспен
және накты объектілермен байланыстыру мәселелері шешілген. Ертедегі
(б. з. б. VII—III ғғ.) кешпелілер дәуіріндегі металлургиянын, дамуында про-
гресшіл белгілер байкалды. Бұл ең алдымен металл сапасынан көрінді. Ме
таллургия мен кен ісін, үстемелердің технологиялық ерекшеліктері мен
құрамын кешенді зерттеу нәтижесінде Қазақстанның кен-металлругия
аймағында 7 металлургия орталығы анықталды.
Керамика кешендеріне техникалық-технологиялық зерттеулер жүргізу
қола дәуірінде Орталык Қазақстандағы қыш құмыра ісінің даму деңгейі ту-
26
ралы, эр түрлі халықтоптарының байланыстары туралы, тайпалардың көшіп-
қонуы туралы қорытындылар жасауға мүмкіндік берді.
Жартастағы бейнелер археологиялық ескерткіштердің жалпы тобын
қүрайды. Жоңғар Алатауының батыс сілемі болып табылатын Ешкіөлмес
жотасының петроглифтері хронологиялық белгісі бойынша үш топқа: қола,
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|