|
тьщ аса ірі тарихшысы, парсы текті әл-Балазур Орталық Азия тарихы тьщ аса ірі тарихшысы, парсы текті әл-Балазур Орталық Азия тарихы
жөніндегі күнды деректемелердің бірі «Елдерді жаулап алу Кітабы» (Китаб
футух әл-булдан) деген шығарманың авторы болып табылады, «Пайғамбар
мен патшалар тарихы» (Тарих әр-русул уә-л- мулук) деген елеулі еңбек жа-
зған ат-Табари да парсылык болатын. Ат-Табари халифаттың әр түрлі кал-
аларын аралап, коп саяхат жасады, сонан соң Бағдатқа орын тепті де, өмірінің
ақырына дейін сонда тұрып, өз өмірін ғылымға арнады. Оның бізге кысқа-
ртылған редакциясында жеткен еңбегінде арабтардың алдында болған ха-
льщтар туралы мәліметтер келтіріліп, халифат тарихы жылнама ретінде ба-
яндалады. Ат-Табаридің замандасы, Бағдатта туған, энциклопедиялық білімі
бар адам - әл-Жахиз (IX ғ.) «Түріктердің қасиеттері» (Манакиб әл атрак)
деген кітабында Қазакстанның көшпелі түрік тайпаларын түңғыш рет этно-
графиялық түрғыдан суреттеп берді. Әл-Жахиз Аббас халифтары ұланы-
ның түрік гулямдарымен жакын таныс араб оқырмандарына оның әр түрлі
себептермен ерекше қызықты болған тақырыптарды іріктеп алған. Ол
түріктердің әскери касиеттерін, олардың калада тұратын арабтың козіне
әдеттен тыс ерекшелігімен айрықша корінген немесе халифтардың саяси
төңірегіндегілерге маңызды болған әдет-ғұрпын суреттейді, өйткені Аббас
халифатының уәзірлеріне «түрік істерімен» едәуір жиі кездесуіне тура ке-
летін еді.
Араб Тамим ибн Бахрдың солтүстік-шығыс Қазақстандағы Ертіс аңға-
рында жатқан кимектер елі арқылы Тоғыз-ғұз қағанының астанасына уақыты
жағынан алғандағы алғашқы саясаты IX ғасырдың бірінші жартысына жа-
тады. Тамим ибн Бахр саясатының сипаты белгісіз, оның сапары әлдебір
дипломатиялықтапсырмаларға байланысты болуы мүмкін. Тамим ибн Бахр
кимектердің орналасуы, шаруашылығы туралы мәліметтер келтіреді, Тара-
здан (казіргі Жамбыл) кимектер патшасының ордасына барған жолын да
айтып өтеді.
38
Нак сол IX ғасырда араб тілді географиялық шығармаларда да Казак-
стан аумағында мекендеген тайпалар туралы хабарлар пайда болады. Байла-
ныс жэне хабар беру қызметінің бастығы Ибн Хордадбехтің «Жолдар мен
мемлекеттер кітабы» (Китаб әлмасалик уә-л- мамалик) деген әкімшілік-гео-
графиялык аныктамалығы сақталып қалған әлгіндей шығармалардың ен ер-
тедегісі болып табылады. Ол сауда жолдарын сипаттап, әр түрлі елді мекен-
дер арасындағы кашықтыкты көрсеткен, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу
арқылы өтетін Үлы жол бойында орналасқан қалалар мен қоныстарды тізіп
келтірген. Ибн Хордадбехтің еңбегі көп жағынан халифаттың байланыс,
почта кызметінің архивтеріне негізделген. Сірә, оның түріктер туралы айкын
мәліметтерінің көбі, соның ішінде түрік тайпаларының жиі-жиі дәйексөз
келтірілетін тізімі де (тоғыз-ғұздар, оғыздар, карлүқтар, кимектер, кыпш-
ақтар, азкиштер, түргештер және басқалары) VIII ғасырға жататын болса
керек. Әл-Якуби (IX ғ.) мен Кудама ибн Жафардың (X ғ.) шығармалары
жанры жағынан Ибн Хордадбехтің еңбегіне жақын.
Тарихшы әрі географ Әл-Якубидің «Елдер кітабы» (Китаб әл-бұлдан)
деген географиялық шығармасында Қазакстан түріктері туралы ауқымды
тарихи-этнографиялық материал бар. Оның кең хабардарлығы мен хабар-
ларының дәлдігі біршама жоғары екенін атап өткен жөн. Әл-Якубидің оғыз-
дар, қарлұктар, кимектер, тоғыз-ғүздар мемлекеттілігі туралы мәліметтері
ерекше маңызды. Араб географы және филологы Кудама ибн Жафар «Ха-
радж және хатшы енері туралы кітап» (Китаб әл-харадж уә санъат әл-кита -
ба) деген географиялық-әкімшілік шығарма жазган. Ол арамей болатын,
Басрада түрып, почта бастығының жоғары кызметін атқарған. Ол өз шығар-
масын жазған кезде өзі колына түсіре алған ресми кұжаттарды кеңінен пай-
даланған. Онда халифаттың әкімшілік бөлінісі, аса маңызды калалар, тау-
лар, өзендер, жеті климат (белдеу) туралы мәліметтер бар. Байланыс жол-
дарына және жерге орналасуы мен алынатын салықтар туралы деректер
келтіріледі, провинцияларды суреттеуге едәуір көніл бөлген. Онда мұсыл-
ман елдерімен көршілес жерлер туралы да күнды мәліметтер келтірілген;
мәселен, түрік тайпалары: карлұктар, кимектер, оғыздар, Оңтүстік Казак-
стан мен Жетісу шегіндегі сауда жолдары туралы, маршруттар, қалалар,
қоныстар және олардың аракашықтығы туралы нактылы материал бар.
Қарастырылып отырған деректемелер кешені арасында араб географы
Ибн әл-Факихтің (IX ғасырдың аяғы — X ғасырдың басы) «Елдер туралы
әңгімелер кітабын» (Китаб ахбар әл-бүддан) да атап өткен жөн. Ол өз кіта-
бын көбінесе өзінен бұрынғы авторлардың (әл- Жахиз, Ибн Хордадбех, әл-
Жейхани) шығармаларын негізге ала отырып, 903 жылдар шамасында ^ р а
сторгай. Онда Азия мен Шығыс Европаның көптеген елдері туралы тари-
хи-географиялык материалдар жеткілікті. Түріктер туралы тарау ерекше
назар аударарлык, онда түрік тайпалары (қарлүқтар, кимектер, қыпшактар,
оғыздар, тоғыз-ғұздар және баскалар) туралы, олардың елдері, қалалары,
сауда жолдары, орналасуы, шаруашылық және мәдени қызметі туралы кұнды
мәліметтер келтіріледі. Ибн Русте көп томды энциклопедиялық шығарма-
сын Ибн әл-Факихпен бір мезгілде жазды деуге болады. Бұл еңбектен кли
мат тарихи-географиялық түрғьщан суреттелетін бір томы ғана сақталған.
Ибн Рустенің «Қымбат тұратын алка туралы кітап» (Китаб әл-алак ән-на-
сифа) деген шығармасы түгелдей кітап деректемелеріне негізделген. Автор
түрлі саяхатшылар мен географтардын, туындыларынан қүнды фактілерді
39
ерінбей-жалыкпай көп жинаған. Оның түркі тілдес тайпалар мен олар ме-
кендеген жерлер туралы бөлімдерінің зор маңызы бар.
Араб географиялық әдебиетінің ең гүлденген шағы — X ғасыр. Араб гео
графы әрі саяхатшысы, Орталык Иранның түрғыны әл-Истахри (X ғ.) — сол
дәуірдің танымал өкілі. Оның «Жолдар мен мемлекеттер туралы кітап» де
ген енбегі әл-Балхидің неғүрлым ертедегі, бізге дейін жетпеген география
лык еңбегінің онделген және толыктырылған нүскасы болып табылады.
Кітапта Аравия, Парсы теңізі, Мағриб, Мысыр, Сирия, Румдар теңізі, Ирак,
Үндістан, Иран, Хазар теңізі, Армения, Азербайжан, Хорасан және Мау-
араннахр суреттеледі. Әрбір ел жөнінде шекаралары, қалалары, кашыктығы,
маршруттары туралы мәліметтер; өнімдері, саудасы, қолөнері туралы жеке
леген деректер келтіріледі. Шығыс Европа туралы кызыкты мәліметтер бар,
хазарлар, буртастар, орыстар, бүлғарлар өмірі суреттеледі. Казіргі Казак-
стан аумағында түрған түрік тайпалары: оғыздар, кимектер, карлүктар ту
ралы маңызды да нақгы материалдар кездеседі. Онда «Дүние жүзінің карта-
сы» келтіріліп, түрік тайпаларының шоғырланған жерлері көрсетілген. Әл-
Истахридің еңбегін өз кезегінде X ғасырдың аяғында Ибн Хаукаль редак-
циялап, толықтырды және оны «Жолдар мен мемлекеттер кітабы» (Китаб
әл-масалик уә-л-мамалик) деп атады.
Ибн Хаукаль солтүстік Месопотамиядан шыккан, өз кезінде кеп саяхат
жасаған. Түрік тайпалары туралы тарихи-географиялық мәліметтері әл-
Истахридің хабарларымен көп жағдайда сәйкес келеді. Оның түрік тайпа-
ларына берген лингвистикалық сипаттамасы ден қоярлық: оның айтуынша,
олардың бәрі бір тілде сөйлейді. Әл-Истахри мен Ибн Хаукаль еңбегінін
маңызды бәлігі «Жер келбеті» (Сурат әл-ард) деген географиялык карта
болып табылады. Тексімен бірге картаны зерттеу түрік тайпаларының орна-
ласуы туралы мәліметті әлдеқайда жаксы анықтауға мүмкіндік береді. X
гасырда арабтың екі саяхатшысы Ибн Фадлан мен Әбу Дулаф Қазақстан
жері арқылы жүріп еткен. Ибн Фадлан туралы ешқандай өмірбаяндык
мәліметтер жок. Ол «Жазба» (Рисала) деген елеулі туынды жазған, онда ха-
зарларға қарсы араб-бұлғар одағын орнату және бұлғарлар арасында ислам
негіздерін орнықтыру максатымен араб халифатының астанасынан Еділ
бүлғарларына бірнеше адам болып барған делегацияның сапары суреттел-
ген. Елшілік Бағдаттан 921 жылғы маусым айында шығып, бүлғарларға 922
жылдың мамырында жеткен. Жолды Хамадан, Рей, Нишапур, Мерв, Бұха-
ра, содан сон,Хорезм, Үстірт және Жайықаркылы Еділ бойына карай жүріп
өткен. Қайтар жолдағы мерзімдері мен карталар белгісіз. Онда орыс-
тардың, хазарлардың әлеуметтік ж әне рухани тарихы жөнінде маңызды
мәліметтер келтіріледі. Этнографиялық сипаттағы мәліметтер толып
жаткан көшпелі түрік тайпаларына: печенегтерге, башқұрттарға және
әсіресе қазіргі Қазақстанның батыс облыстарында мекендеген оғызда-
рға катысты.
Әбу Дулаф Бүхарада самани билеушісі II Насырдың сарай қызметшісі
болған. 942 жылы Әбу Дулаф Қытай мен Үндістанға сапар жасап, өз заман-
дастары арасында саяхатшы атанған. Әбу Дулаф саяхаттары туралы өз ес-
теліктерін екі «Жазбада» (Рисала) баяндаған, оларда оғыздардың, кимек-
тердің, қарлұқтардың, жікілдердің шаруашылығы, діні мен тұрмысы тура
лы мәліметтер айтылады. Кезімен көргендері туралы хабарларға қосылған
есіткендері де аз емес.
40
Бағдатта туған араб тарихшысы әрі географ әл-Масудидің (X ғ.) шығар-
малары бағалы тарихи деректеме болып табылады. Оның білімінің негізгі
көзі Ү ндістаннан Атлант мұхитына, Қызыл теңізден Каспий теңізіне дейінгі
барлық елдерді қамтыған саяхаттар мен халыктын мейлінше алуан түрлі топ-
тарының өкілдерімен нақты карым-катынас жасау болды. «Уакыт тарихы»
(Ахбар әз-заман) деген 30 томдық тарихи-географиялық энциклопедиядан
бізге жеткені — «Алтын жуғыштар мен асыл тастар кеніштері» (Мурудж әз-
захаб уә маадин әл-джавахир, 943 ж.) мен «Тәлімгерлік және кайта қарау
кітабы» (Китаб ат-танбих уә-л-ишраф, 956 ж.). Әл-Масудидің еңбектерінде
түрік тайпалары (кимектер, оғыздар, карлұқтар, барысхандар,тоғыз-ғұздар,
хазарлар) туралы тарихи-географиялык мәліметтер мен алдыңғы ортағасыр-
лық Қазақстанның тарихи географиясы жөнінде деректер келтірілген. IX
ғасырдың екінші жартысында Батыс Қазақстанда болған тарихи окиғалар-
дың қьісқаша баяндалуы елеулі ынта-ыкылас туғызады.
Әл-Макдисидің (X ғ.) шығармаларында өз кезімен көргевдерге негіздел-
ген тарихи-географиялық деректер бүдан да маңызды орын алады. Араб гео
графы әрі саяхатшы, Иерусалимде туған ол Шығыстың барлык мұсылман
елдерін аралап шыкты деуге болады. Оның шамамен 985 жылы жазылған
«Климаттарды тануға арналған ең жақсы бөлініс» (Ахсан ат-такасим фи ма-
рифат әл-акалим) деген шығармасында елдер мен аймақтардың араб әдеб-
иетіндегі толык және жүйелі суреттемесі беріледі, соның ішінде Орта Азия
мен Оңтүстік Қазакстан, халықтың тайпалык кұрамы, қалалары мен қоны-
стары, сауда жолдары мен сауда жасайтын заттары, шаруашылығы мен діни
кезқарастары, тілі мен ғұрыптары туралы маңызды мәліметтер бар.
Испан-араб географы Исхак ибн әл-Хусейннің (XI ғ.) Андалусияда жа-
зылған «Кез келген жердегі атакты калалар суреттелетін інжулер үйінділері»
деген шығармасында Қазакстанның түркі тілдес тайпалары суреттеледі.
Оның түріктер туралы тарауда келтірілген мәліметтеріне Гардизидің (XI ғ.),
әл-Бирунидің (XI ғ.) және әл- Марвазидің (XII ғ.) ақпараттарында ұқсас си-
паттар аңғарылады.
Кітапта түркі халықтары туралы этнографиялық және тарихи- геогра-
фиялық сипаттағы деректер бар. Г» і-Марвазидің (XII ғ.) «Жануарлардыцта-
биғи қасиеттері» (Табаи әл-Хайауан) деген шығармасын Қазакстанның орта.
ғасырлардағы тарихының кұнды деректемесі деп атаған жон. Автор салжүқ-
Мәлікшахтың (1072-1092) сарайында дәрігер және Санжар (1118-1157).
оилегенге дейін оның мирасқоры болған. Әл-Марвазидің туындыларында
гүркі халықтары туралы бірегей этнографиялык мәліметтер бар. XI ғасы-
рдың басында кимек, қыпшак, оғыз тайпаларының қоныстануына елеулі
ықпал жасаған халыктардын. қоныс аударуы туралы хабар ерекше құнды.
XII ғасырдың орта шенінде арабтың географ-ғалымы әл-Идриси арабтар-
іың орта ғасырлары жөнінде «Аймактарды аралап қажыған адамның көңіл
сөтеруі» (Нузхат әл-муштак фи-хтирак әл-афак) деген аса ірі география-
пық шығарма жазды. Ол Сеутте туып, Кордовода оқыған, жас кезінен көп
:аяхат жасап, Лиссабонда, Англияда, Францияда, Мароккода, Кіші Азияда
эолған. Географиялық шығарма Сицилияның королі II Роджерге (1098-1154)
ірналған. Онда Европаның, Азия мен Африканың елдері егжей-тегжейлі
:уреттеледі. Ол Шығыс Европаны, Кавказды, Орта Азия мен Казакстанды
иекендеген халықтар туралы этнографиялык және тарихи-географиялық
:ипаггағы қызыкты әрі бірегей хабарлар айтады. Орта ғасырлардағы Қазақ-
4-1
стан аумағында мекендеген түрік тайпалары: кимектер, кыпшақтар, оғыз-
дар, карлұктар, түргештер, азкиштер туралы, олардың орналасуы, шаруа-
шылығы, қалалары, сауда жолдары, колөнері туралы маңызды мәліметтер
келтіріледі.
Әл-Идрисидің бізге келіп жетпеген жазбаша деректерге негізделген
мәліметтері көбінесе бірегей сипатта болып келеді. Мәселен, кимектер елін
суреттеген кезде ол Шығыс Қазақстан далаларында туған кимек ханзадасы
Жанақ ибн Хакан әл-Кимеки (X—XI ғғ.) жазған кітапты пайдаланған. Әл-
Идрисидің еңбегінде келтірілген және «Жер келбеті» (Сурат әл-ард) деп ата-
латын географиялық карталар ерекше ынта-ықылас туғызады. Карталарда
географиялық және экономикалык объектілердің белгілері көп, бұл ерек-
шеліктер оларды өте кұнды қосымша деректемелерге айналдырады.
XIII ғасырдан бастап ортағасырлык араб тілдес авторлар кебіне кұра-
стырушыға айналып, оз заманындағы жағдайды сирек суреттейді және
өздерінің алдындағы географтар мен тарихшылардан дәйексөздер келтіруді
жөн көреді, бірақ оның есесіне бізге келіп жетпеген біркатар деректеме-
лердің құнды мәліметтерін сақтап калған. Ғарышнамалык әдебиет дамып,
алуан түрлі экзотика мен кереметтерге ынта-ықылас туғызады. Араб гео
графы Ибн Саид (XIII ғ.) әл-Идрисидің тікелей ізбасары болып табылады.
Оның «Жеті климат туралы» шығармасы бұрынғы деректемелерге едәуір
тәуелді екеніне карамастан, Қазакстанның Еділ бойы мен Орта Азияның
XIII ғасырдың орта шеніне дейінгі тарихи географиясын зерттеу үшін оз
бетінше ынта-ықылас аударады. Қыпшақтар мен кумандар туралы, олар-
дың коныстануы, қалалык қоныстары мен діні туралы кызықты мәліметтер
жеткілікті. Тарихшы жэне географ Закария әл-Казвинидің (XIII ғ.) туын-
дылары да деректемелердің осы тобына жатады. Автордың есімі «Жан-жа-
нуарлардың кереметтері» (Аджаиб әл-махлукат) және «Қалалар ескерткі-
штері» (Асар әл-билад) деген екі тарихи-географиялық еңбектерімен әйгілі
болды. Бұл еңбектер әр түрлі жарық көздері, жердің жеті климаты (ыкы-
лым), теңіздер, озендер, таулар, минералдар, өсімдіктер, жануарлар мен әр
түрлі экзотика туралы нақгы материалдарға бай. Сонымен бірге оларда IX—
X гасырларда қазіргі Қазақстан аумағында мекендеген түркі тілдес тайпа
лар: оғыздар, қарлұқтар, жікілдер, кимектер туралы тарихи-этнографиялық
маңызды деректер де келтірілген. Суфизмді ұнатқан және тегінде соны ұнат-
удың салдарынан болар, өмірінің ақырында Палестинаға кетіп калған си-
риялық әд-Димашки «Қүрғактағы және теніздегі уақыт пен ғажайыптардың
тандаулылары» (Нухбат' әд-дахр фи аджаиб әл-барр уә-л-бахр) деген ғары-
шнамалық үлкен еңбек жазған. Оның шығармасы араб авторларының едәуір
дәрежеде ІХ-ХІ ғасырлардағы дәстүрлі бағытгағы шығармаларына негіздел-
ген. Сонымен бірге ондатүркі халықтары және олардың орналасуы, кыпш-
ақтардың тайпалық қүрамы туралы бұрын белгісіз деректер келтіріліп, ку
мандар кыпшақтардың этникалық компонентгерінің бірі деп көрсетілген.
XIII
гасырда Сирия ғалымы Якут «Елдер тізбесі» (Муджам әл- бұддан)
деген географиялық әмбебап түсіндірме сөздік жасады. Онда мұсылмандар
тобының да, оның шегінен аяыс жаткан жерлердің де халыкгарының гео-
графиясы, тарихы, лингвистикасы, фольклоры, материалдық жэне рухани
мәдениеті жөніндегі автор білетін мәліметтердің бәрі қамтылды. Якуттың
орта ғасырлардағы Қазақстан мен оған шектес жерлердің XIII ғасырдың ба-
сына дейінгі көшпелі түркі тайпалары туралы деректері едәуір толық әрі
42
маңызды. Сөздікте сондай-ақ монгол шапқыншылығы, монгол әскерлерінің
кыпшақтар, аландар, бұлғарлар және Саксин аймағы арқылы жүріп өтуі
келтірілген. Месопотамияда туған көрнекті араб тарихшысы Ибн әл-Асир
(XIII ғ.) Якуттың замандасы әрі жақын танысы болған. Ол Аравияны, Си-
рияны, Палестинаны аралап саяхат жасаған, 1188 жылы Салах ад-Диннің
крестілерге карсы шайкастарына қатыскан. Мосулде өлген. Ибн әл-Асир
бірқатар тарихи-библиографиялық еңбектер, соның ішінде «Тарихтың то-
лык суреттемесі» (Әл-камил фи-т- тарих) деген іргелі тарихи хроника жа-
зған, онда монгол шапқыншылығын қоса алғанға дейінгі мұсылман дүни-
есінің тарихы баяндалған. Ғалым орасан зор нақтылы материал жинаған,
бірқатар жағдайларда ол бізге келіп жетпеген жазбаша деректемелерді пай-
даланған. Мұсылман әулеттері мен оларға шектес мемлекеттердің (Араб
халифатының, Саманилердің, Карахандардың, Хорезмшахтардың, қаракы-
тайлардың және басқаларының) саяси тарихы егжей- тегжейлі суреттеледі.
Ертедегі түріктер, карлүқтар, оғыздар, кыгішактар жөніндегі саяси, этника-
лық, этнографиялық және мәдени сипаттағы деректердің Қазақстан тари
хы үшін зор манызы бар. Ол оз заманындағы окиғалар ретінде монгол ша-
пқыншылығының жойқын зардаптарын суреттеген. Саяси окиғаларды ба-
яндауды ол 1232 жылға дейін жеткізеді.
Хорезмнен шыккан араб тілді тарихшы, ең соңғы хорезмшах Жалал ад-
диннің сарайындағы хатшысы және өмірбаяншысы ән- Насави Ибн әл-
Асирдің замандасы болатын. Оның монгол шапкыншылығының карсаңы-
ндағы және сол кездегі хорезмшахтар мемлекетіндегі окиғаларға арналған
«Жалал ад-дин Манкубирти сүлтанның өмірбаяны» (Сират ас-султан Жа
лал ад-дин Манкубирти) деп аталатын шығармасында сол кезенде қыпш-
ақтармен және түріктердің баска да көршілес тайпаларымен тұрақты карым-
қатынас жасап отырған Хорезмнің ішкі және сыртқы істері туралы мәлімет-
тер бар; еңбекте Қазақстан даласы кыпшақтарының Хорезммен бейбіт каты-
настары мен карулы кақтығысының фактілері көрсетілген, сондай-ак кы-
пшақ қоғамының ішкі құрылымы туралы бірсыпыра деректер келтірілген.
Билік басына мамлюктер (кыпшақтар) әулетіиің келуі және олардың Ал
тын Ордамен байланыстарының жандануы себепті XIV—XV ғасырларда
Мысырда тарихи әдебиеттің едэуір дамығандығы байкалды. Әкімшілік мак-
саттары үшін іргелі энциклопедиялар жасалады, оларға түрік әулеттері, ха-
лықтары және олардың елдері туралы тарихи-географиялык деректер де
енгізіледі. Мысырда қыпшақтан шыккан сұлтан Рукн-ад-дин Бейбарыстың
(1260—1277) өмірбаянына арнап, оның хатшысы Әбді әз-Захир жазған тари
хи еңбек XIII ғасырдың озінде-ак пайда болады. Өмірбаяндық шығармада
Алтын Ордамен өзара катынастар туралы мәліметтер келтіріледі, Кырымнан
Итилге (Еділге) дейінгі кыскаша жолнұсқа беріледі, сол кезде-ақ Дешті
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|