|
Қыпшақтан шыққандар көп түратын Қырым халкының тайпалық кұрамы Қыпшақтан шыққандар көп түратын Қырым халкының тайпалық кұрамы,
Алтын Ордадағы діни және идеологиялык жағдай туралы хабарланады. «Әдеп
тәртіптері жөніндегі тілектер шегі» деген энциклопедиялык жинак көрнекті
тарихшы ән-Нувайридің (XIV ғ.) каламынан туған. Энциклопедия 5 бөлімге
бөлінеді, олардың соңғысы тарихқа арналған және бүкіл еңбектің жарты-
сын алады деуге болады. Тарих бөлігі негізінен күрастырма, тек соңғы жыл-
дар хроникасы ғана түпнұсқа сипатында, баяндау 1331 жылға дейін жеткізі-
лген. Автор түрік халыктары туралы тарихи-этнографиялык деректер келті-
реді, «Қыпшақтар елін» қысқаша сипаттап, кыпшак рулары арасындағы өзара
43
қырқыс туралы хабарлайды, кыпшактайпаларының кұнды тізімін келтіреді.
Дамаскіде туған әл-Омари жазған «Қалалардың иеліктері жөніндегі шолу
жолдары» (Масалик әл-абсар фи-мамалик әл-амсар) деген энциклопедия
да қызыкты және оның деректік маңызы аз емес. 1347—1351 жылдарда ол
ән-Нәсір сүлтан кезінде мемлекеттік хатшы кызметін атқарған. Шығыстан
Батыска дейінгі авторға мәлім мемлекеттердің бәрін суреттеу бұл шығар-
маның жеке томына енгізілген. Монгол ииапкыншылығының Орта Азия, Еділ
бойы мен Кавказ тағдыры үшін зардаптары туралы, Дешті Қыпшақтың кал-
алары мен сауда жолдары, кыпшактардың орналасуы, олардың әдет-ғұры-
птары туралы мәліметтер едәуір ынта-ыкылас туғызады. Белгілі араб сая-
хатшысы Ибн Баттутаның (XIV ғ.) еңбегі де сол дәуірге жатады, ол 25 жыл
(1325-1349) саяхат жасап, 150 мың шақырымнан астам жол жүріп өткен.
Мысырда, Палестинада, Сирияда, Иракта, Үндістанда, Бенгалияда, Цейлон-
да, Қытайда, Ауғанстанда, Орталык Африкада болған. Ол көптеген сапар-
лары туралы «Қалалардың ғажайыптары мен саяхаттардың кереметтері ту
ралы пайымдаушыларға тарту» (Тухфат ән-Нузар фи гараиб әл-амсар уә
аджаиб әл-асфар) деген кітабында айтып береді. Қырымнан оңтүстік орыс
даласымен Еділге дейінгі маршрутты суреттеуінде қүнды материал бар. Бұл
жерлер Алтын Орданың қарамағында болған еді. Ғалым Астраханнан Кон-
стантинопольге барған, сонан соң Алтын Ордаға кайтып келіп, хан ордасы
Сарайда болған, Еділден жүзіп өтіп, Үстірт, Хорезм, Бұхара мен Ауғанстан
аркылы жүріп өткен.
Қазақстанның кең-байтак аумағында және оңтүстік-орыс далаларында
қоныстанған ортағасырлық кыпшақтардың шаруашылығы, тұрмысы, мәде-
ниеті, географиясы туралы мәліметтер ерекше ден коюға лайық. Ибн Хал-
дун (XIV—XV ғасырдың басы) аса көрнекті араб тарихшылары саңлактары-
ның шоғырына жатады. Ол өзінің үш кітаптан түратын «Өсиеттер мен Ғиб-
ратгы үлгілер кітабы» (Китаб әл-ибар...) деген тарихи еңбегінде, оның бірінші
бөлімінде қоғам мен мемлекеттің дамуына, жалпы алғанда адамзат өркени-
етінің дамуына, соның ішінде мәдениетке және адамдардың шаруашылык
кызметіне өзінің философиялық және саяси- экоиомикалық козқараста-
рын, дүниетанымын баяндайды. Екінші кітапта ежелгі халықтардың және
автор заманындағы мұсылмандардың Щығыстағы мемлекеттерінің, соның
ішінде Таяу Шығыс пен Орта Азияда билік еткен Қарахандар, Салжұқтар,
Хорезмшахтар, Мамлюктер, монгол әулеттері мемлекеттерінің тарихы ба-
яндалады. Ү шіншісі арабтар мен берберлердің тарихына арналған. Ибн Хал-
дунның еңбегінде түрік тайпаларының: оғыздардың, қарлұқтардың, кимек-
тердің, қыпшақтардың алдыңғы ортағасырлық тарихы жөнінде де мол нақ-
тылы материалдар кездеседі. Мысыр тарихшылары арасында Ибн әл-Фурат
(XIV ғ.), әл-Калкашанди (XIV—XV ғасырдың басы), әл-Макризи (XIV—XV
ғасырдың басы), Ибн Тагриберди (XV ғ.) елеулі түлғалар болып табылады,
олардың туындыларында Қазақстан аумағында мекендеген алдыңғы орта
ғасырлардағы түрік халықтары мен тайпалары туралы қызықты мәліметтер
бар.
Бүл деректемелердің сипаты туралы айтқанда, орта ғасырлардағы Шығыс
авторларының көпшілігі ез баяндауларында бір-біріне байланысты екенін,
кейде неғұрлым кейінгі авторлар аз мәліметтерін алдыңғы жазбаша дерек-
темелерден алып, мұны еш жерде ескертпейтіндігін айтып өту керек. Ортағ-
асырлык авторлар қүрастыру әдісін кеңінен пайдаланып, өз еңбектерінде
44
түрлі анахронизмде және жекелеген фактілерді аныктаудағы көрінеу кателі-
ктерге ұрынады. Қазақстанның және онымен шектес аймақгардың халык-
тары мен тайпалары туралы кол жетерлік деректердің бәрін бұл хабарлар-
дың авторлары немесе жеткізушілері кім болғанын, олардың ақпарат бер-
генде бір-біріне каншалықты жэне не жөнінен тәуелді екенін, олардың туы-
ндылары кандай дәуірде, кандай саяси және әлеуметтік жағдайларда жаса-
лғанын біліп, осы ақпараттың бәрін ескере отырып, сенім білдіруге лайык-
ты түпнұска мәліметтерді кұрастырылған, күмәнді мәліметтерден ажыра-
туға және соның нәтижесінде зерттеліп отырған дәуірдің біршама анык та
рихи көрінісін алуға болады. Баскаша айтканда, ортағасырлық деректеме-
лердің деректері казіргі зерттеушілерден тынымсыз және ыждағатты дерек-
теметанушылық жұмысты талап етеді.
3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕДЕГІ ЖЭНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ЗЕРТТЕЛУ
ТАРИХЫ (Б. 3. Б. УІІҒ. - Б. 3. XIIIҒАСЫРДЫҢ БАСЫ)
Жазбаша деректер бойынша
I
Қазақстанның өткен тарихы отандық және шетелдік ғалымдардың
көптен бері назарын аударып келді. Өлкенің ортағасырлык тарихын жазу
жөнінде Евразия тарихнамасындағы алғашқы тәжірибелер XVII ғасырда
жасалды. Жалайыр тайпасынан шыккан түрік тарихшысы Қадырәлі бек
1602 жылы ауызша айтылып келген тарихи аңыздар мен Рашид ад-Диннің
(XVI ғ.) тарихи жинағы негізінде «Окиғалар жинағы» деген еңбек кұрасты-
рған, онда монгол шапқыншылығынан кейінгі кыпшақ даласында болған
оқиғалар суреттеледі76. Алдыңғы ортағасырлык кезең үшін біркатар түрік
тайпаларының (қыпшақтардың, қарлүқтардын, каңлылардын, ұйғырла-
рдың), оғыз тайпасының негізін қалаушы Оғыз ханнын тарихымен тікелей
байланысты аталуының маңызы зор. Хиуа ханы Әбілғазы (XVII ғ.) тарихи
екі шығарма: «Түріктер шежіресі» және «Түрікмендер шежіресі» жазған,
олардьщ беттерінде оғыздардың, кьтшақтардын, каңлылардың алдыңғы
және кейінгі орта ғасырларға катыст.л тарихына едәуір көңіл бөлініп, түрік
этнонимдерінің этимологиясы келтіріледі, сондай-ак Казакстанның тари
хи географиясы жөніндегі мәселе козғалады77.
і
/Нак сол ғасырда түрік тарихшысы Мунеджджим-башы өзінің елеулі
шығармасында VIII—XIII ғасырларда Қазақстан жерінде мекендеген көпте-
ген түрік тайгіаларынын тарихы мен этнографиясына ден қояды78. Орталык
Азияның мемлекеттері мен әулеттері, атап айтқанда, қарахандар, салжүқ-
тар, хорезмшахтар және басқалар туралы маңызды мәліметтер келтіріледі.
Мунеджджим-башы өзінің алдындағы мүсылман шежірешілерінің көпте-
ген діығармаларын пайдаланған. •
'Батыс Европа тарихнамасында Қазақстаннын, ортағасырлык тарихы мәсе-
лелерін қамтитын алғашкы жарияланымдар XVII ғасырдың аяғында пайда
болады,/Ориенталист д ’Эрбело мұсылман тобының оғыздар мен кимектер
туралы бірқатар жазбаша ескерткіштерінің мәліметтерін тарихи айналымға
енгізген79, XVII ғасырда қытай жылнамалары мен арабтардың құрастырған
азын^аулак шығармалары негізінде Ж. Дегинь түрік жэне монгол тайпала-
рының тарихына жалпы шолу жасауға түңғыш рет әрекет етті80. Шышстың
нарративтік деректемелері бойынша монғолдар тарихын жазған арабист
д’Оссон ән-Нувайри (XIV ғ.) бойынша қыпшақ тайпаларының тізбесін бер-
45
ген81. И. Хаммер-Пургшталь да Шығыстың ертедегі тарихын алғашқы зерт-
теушілер катарына жатады82. Арабтардың кейінгі тарихнамасына европалык
ғалымдар бірінші кезекте кол жеткізді, ал олардыңтүрік тайпаларына көңіл
бөлуі Европаның мүсылман көршілерінің тарихына жалпы көңіл бөлу шең-
берінен аспады. Олардың еңбектедіыде сирия-египеттарихнамалықдәстүрі,
кейінгі жүйесіз кұрастырылған/неғүрлым алдыңғы деректемелерді зертте-
мейінше талдау жасауға тым қиъін болатын дәстүр көрініс тапқан. Европа-
дағы ғылыми әдебиетте оғыздар, кыпшақтар мен кимектер туралы алғашқы
мәліметтердің бұл проблеманы одан әрі пысықтауға шынына келгенде
ешқандай ықпал жасамағанына таң қалуға болмайды.
XVIII
ғасырдың басындағы орыс ориенталистикасының алғашқы өкілі
Г. 3. Байер83 Әбілғазынын «Түріктердің шежірелік тармағы» деген шығар-
масын аударумен шұғылданды.Пүрік этностарының ортағасырлык тарихын
зерттеу ісінде Ресей тарихнамасының бастауында В. Н. Татищев, Н. М. Ка
рамзин, С. М. Соловьев, В. Г. Василевский, П. В. Голубовский жэне баска-
лар болды, олар оғыздар мен кыпшактардық (половецтердің) тарихын Киев
Русінің тарихымен тікелей байланысы болған ыңғайда карастырды,(Н. М.
Карамзиннің озі кыпшақтардың казақтармен (кырғыздармен) генетйкалык
байланысына назар аударды84.
Түрік тайпалары мен олардың бірлестіктері айтылған IX—XII ғасырла-
рдағы түпнұсқа араб деректемелеріне жүгіну(ХІХ ғасырдың екінші жарты-
сында А. Шпренгердің, Г. Юльдің, А. Вамберидін, X. Френнін, В. В. Григо
рьевен, В. П. Тизенгаузеннің еңбектерінде олар туралы толып жаткан анық
мәліметтерді аныктауға мүмкіндік берді. Нақ осы кезенде орыстың Шығыс
тарихнамасы нарративтік жазбаша ескерткіштер мен нумизматикалық ма-
териалдар түрінде берік тарихтану базасына ие болды.
Қазақстанның ортағасырлық тарихы жөніндегі мәліметтер келтірілген
бірқатар бағалы деректемелерді ашып, ғылыми айналымға енгізуге X. Д.
Френ (1782—1851) зор еңбек сіңірді. Ол Ресей құрамына енген халыктардың
тарихын зертгеуге араб деректемелерін бірінші болып тарта бастады. X. Д.
Френнін көптеген жарияланымдары арасында оньщ өзі Якут география-
лык сөздігінен (XIII ғ.) тауып, келемді түсініктеме берген Ибн Фадланнын
(X ғ.) 1829 жылы басып шыгарылған «Жазбалары» ерекше бағалы болды;
онда Ибн Хаукальдың (X ғ.)85 баска да бірқатар араб географтарының қоса-
рластыракелтірілген арабтекстері бар еді. «Жазбалар» «бұл саладагы еңбек-
тердін^үкіл XIX ғасыр бойы еш теңдесі болмаған үлгісіне» айналды86.
Д Х І Х ғасырдың екінші жартысында орыс ориенталистикасында казақ
халкының шығу тегі проблемаларына, оның негізгі этникалық компонент-
терінің тарихына, рулық-тайпалык кұрылымына ынта-ықылас арта түсті.
Ресейде Шығыс тарихынан университеттік курсты алғашқы рет оқыта бас- _
таған В. В. Григорьев Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуге ерек
ше көңіл бөлді. Араб саяхатшысы Әбу Дулафтың (X ғ.) алдыңғы ортағасыр-
лық Қазақстан тарихы үшін зор маңызы бар деректерін, әсіресе кимектер-
дін, қарлүқтардың, шігілдердін, оғыздардыңшаруашылығы, орналасуы, діні
туралы мәліметгерді ғылыми айналымға тұңгыш рет В. В. Григорьев косты^.
В. В. Григорьев түсініктеме беріп, әсіресе сол толықтырған К. Риттердің
«Шығыс Түркістан» деген кітабы өзінін ғылыми маңызын әлі де жоғалтқан"
ж оқ88. Мұнда ол кошпелі сақтардың қоныстану географиясына көңіл
аудара отырып, ертедегі авторлардың материалдарын, сондай-ақ ертерек-
46
тегі араб географтарының Қазакстан халыктары мен тайпалары туралы, оның
жерін басып өтетін сауда жолдары, ортағасырлык калалар мен коныстар
туралы хабарларын пайдаланады. В. В. Григорьевтің пайымдауымен Орта
лык Азиядағы алғашқы мұсылмандық түрік мемлекеті Қарахандар мемле-
кеті деп аталып кеткен. Бұл мемлекеттің тарихын ол мұсылмандық автор-
лардың көптеген нарративтік деректемелерін, соның бірі сирек кездесетін
және бізге дейін жетпеген колжазбаларды пайдаланған түрік авторы Ахмет
Әпендінің деректемесі негізінде зерттеген89. В. В. Григорьевтің карахандар
державасыныні ұйыткысы карлүктар болғаны туралы пікірін кейінгі зертте-
ушілер растады. А. Левишннің, Н. И. Гродековтың90 зерттеулерінде қазак
халкының қүрамына кірген біркатар рулар мен тайпалардың тарихи тағ-
дырлары туралы, олардың ұрандары мен таңбалары туралы мәліметтер
келтіріледі.
Орыс шығыстанушыларының Орталық Азияның тарихы мен мәдениеті
жоніндегі деректеме базасын терендету мен кеңейту саласындағы тыным-
сыз жүмысы жалғастырыла берді^Щығыстың жазбаша ескерткіштерін табу
мен басып шығаруға В. Г. Тизенгаузен зор үлес қосты. Оның мұсылман қо-
лжазбалары бойынша коп еңбек етуінің жемісі араб және парсы шығарма-
ларынан Алтын Орданың тарихы жонінде алынған үзінділер жинағы бол-
ды9!. Европа корларында сақтаулы тұрған әр түрлі колжазбалардан оның
анықтаған материалдары Шығыс Дешті Қыпшақтың монғолдардан бұры-
нғы және монғолдар кезіндегі тарихы жөніндегі акпараттың аса күнды де-
ректемесі болып табылады.
(XIX ғасырдың орта шенінде Қазақстанда өз халкына ағарту және ғылым
саласында қызмет етуге құлшынған үлттык кадрлар пайда болды. Қазақтың
тамаша шығыстанушысы Ш. Ш. Уәлихаңовтың түрік халықтарының тари
хы мен мәдениеті женіндегі еңбектері мен зертгеулері орыс және дүние жүзі
ғылымында жоғары бағаланды және казіргі күндерге дейін озінің ғылыми
маңызын жойған жоқ. Ш. Ш. Уәлиханов тарихи деректемелердің ғалымд-
арға беймәлім жаңа кабатын — кең көлемді жазбаша материалдармен бірге
эпосты, аңыз-әңгімелерді ғылыми қолцануға енгізді, ол деректер казак ха-
лқы қалыптасуының ертедегі кезеңінің бастауларын аныктап, оның күрылу
барысында көшіп-қонудың елеулі рөл атқарғакын атап көрсегуге мүмкіндік
берген еді^і
Тарих:шығыстану талдамаларының дамуына Н. Н. Пантусов өз үлесін
косты. Түркістан өлкесінде 30 жылдан астам уақыт бойы қызметте болған
ол тарихқа, этнографияға, нумизматикаға, Шығыс колжазбаларын окуға ден
койды. Ертедегі араб географтарының географиялык шығармаларынан, сон-
дай-ақ Бабырдың «Жазбаларынан» аудармалар жариялады. Г. С. Саблуков
пен П. И. Демезонның Әбілғазының ең алдымен деректеметанушылық
маңызы бар «Түріктер шежіресі» деген шығармасын93 аударғанын атап откен
жөн.
Тарих-шығыстану зерттеулерінің одан әрі дамуы, сондай-ак география
гылымы мен этнография жетістіктері XIX ғасырдың аяғына қарай орыс ғалы-
мдарының жекелеген шаңырағы, негізінен әскери-саяси сипатгағы мәлімет-
терді түсіндіруден оларды тарихи тұргыдан қорытуга көшуіне, жекелеген
түрік халықтарының этникалық тарихы жөнінде жиынтық еңбек жасауга
әрекет етуіне мүмкіндік берді. Бұл түргыдан Қазақстанның ортағасырлык
тарихын зерттеуде Н. А. Аристовтың түрік тайпалары мен халықтарытура-
47
лы кеңінен мәлім еңбектері ерекше орын алады94. Н. А. Аристов арнаулы
білімі бар шығыстанушы болған жок, бірақ оның «... Этникалық күрамы
туралы заметкалары», аса көрнекті ғалым В. В. Бартольдтің сезімен айткан-
да, «біздің шығыстану жөніндегі әдебиетіміздегі ең куанышты құбылыста-
рдың бірі» болып табылады95. Н. А. Аристовтың ғылыми еңбектерінің лайык-
ты жағы мынада: олар зерттеліп отырған такырып бойынша кең көлемді
деректемелер мен әдебиет негізінде жазылған. Соның нәтижесінде олтүрік
тайпалары мен халықтарының этникалык кұрамы туралы материадцардың
мейлінше толық жинағын жасай білді. Ол казак халқын бәрінен де толық
қарастырды, ойткені казактар «түрік халықтарының бәрінен гөрі мал шару-
ашылык және көшпелі өмір салты мен рулық түрмысты көбірек сактап
қалған, сондықтан рулык және тайпалык бөліністер мен олардың есімдерін
олар барынша күшті және айкын үстанады»96. Қазақтың үш жүзінің этни
калык күрамын анықтаған ол ежелгі түрік тайпаларының атауларын өз за-
манындағы рулар мен тайпалардың атауларымен салыстырады; батыс
түріктердің дулу тайпалық бірлестігін Үлы жүзцің дулаттарымен байланыс-
тырады; қазактардың құрылуына қаңлылар мен қыпшактар барынша көп
катысқан деп атап корсетеді; ғүндар империясын ежелгі түрік мемлекеті
ретінде карастырады, мұның өзі жалпы алғанда ғүн федерациясының ішінде
ежелгі түрік тілдерінде сөйлесетін тайпалардың басым болғандығы туралы
қазіргі ғылыми әдебиетте орныккан пікірмен үйлеседі.
/X IX ғасырдың орта шенінде Н. Я. Бичуриннің қытай жазба ескерткі-
штерінің ертедегі Орта Азия халықтары туралы мәліметгері жинағын бас-
тырып шығаруы синологиядағы аса көрнекті құбылыс болды97. Үш томдык
еңбекте кытай деректемелерінің Қазақстанды ертеде жэне орта ғасырларда
мекендеушілердің: хуннулардың (сюннулардың), усундердің, кангюйлердін,
яньцайлар мен түрік тайпаларының тарихы жоніндегі негізгі ақпарат жи-
накталған. .Қытай_кроникаларының материалдарына аукымды тарихи-фи-
лологиялықтүсініктемелер берілген. Қытай деректемелеріне негізделген нақ
сондай ертедегі зерттеулерді араб деректемелерін коса отырып Абель Ре-
мюза, Ст. Жюльгн жүргізген98. Оларда түріктерділ, эфталиттердін тарихы,
Орта Азия мен Қазакстанда манихей, будда діндерінің таралуы қарастыры-
лады. Орталық жэне Ішкі Азияның ортағасырлық тарихын жасауға жол
ашатын қытай деректемелерін басып шығару өз кезінде одан әрі жалғасты-
рылды (Э. Бретшнейдер)99. Қытай жэне Византия деректерін салыстыру не-
гізінде Э. Шаванн (1903) V I -V I I I ғасырлардағы Жетісудың батыс
түріктерінің тарихын зерттеді100; Қытай, Үндістан, Алдыңғы Азия жэне Ви
зантия арасындағы өзара катынастар мен мәдени алмасуды жеңілдету ісінде
Батыс түріктерінің атқарған рөлін анықтады; Сюань Цзанның маршрутын
тарихи-географиялық тұрғьщан түсіндіріп берді, Сыма Цянның «Тарихи
жазбаларын» аударуды жүзеге асырып, оған ауқымды тарихи түсініктеме-
лер жазды. Біршама уақыт өткен соң де Грот (1921) хуннулар туралы тарау-
ды аудару жэне олар туралы неғұрлым толық текстологиялық мәліметтер
келтіру үшін Сыма Цянның шығармасын кайтадан қолға алады101.
Орта Азия мен Қазақстанның ежелгі дәуірінің аса маңызды деректеме-
лерінің бірі «Авестаның» ертедегі діни тексінің мәліметтері А. Дюперрон
жүзеге асырған, кейіннен анықталғанындай, кеп жағынан маңайлайтын ау-
дарманың арқасында XVIII ғасырдың екінші жартысында европалықғылы-
мға мәлім болды102.
48
XIX
ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында грек және рим
авторларының (Геродот, Ксенофонт, Полибий, Полиен, Прокопий Кесарий
ский) ертедегі Қазақстан мен Орта Азияның саяси және экономикалык,
сондай-ақ экономикалык жэне мэдени тарихы мен тарихи географиясы
жөнінде көптеген құнды материалдар бар бірқатар шығармалары орыс тіліне
аударылды. В. В. Латышев кептеген антик авторларының еңбектерінен алы-
нған Скифия туралы үзінділерді жарыққа шығарды103.
Өткен ғасырдың аяғы түркология тарихында асқан зор маңызы бар оқиға-
мен есте қалды - Монғолиядағы Орхон озенінде руналық екі үлкен ес-
керткіш: Күл-тегін және Білге-қаған күрметіне қойылған ескерткіштер
ашылды. Дат лингвисі В. Томсеннен кейін В. В. Радлов бұл жазбаларды оку-
дың кілтін тапты. Сол кезден бастап ежелгі түрік эпиграфикасын зерттеу
түркологияның орталығы болған Петербургте маңызды салаға айналды.
1892—1903 жылдары В. В. Радловтың инициативасымен орхон-енисей жаз-
баларын зерттеудің нәтижелері корытылған іргелі еңбектер шығарылды. П.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|