Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст



Pdf көрінісі
бет28/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76

7. АРАЛ-КАСПИЙ ДАЛАСЬШЫҢ ТАЙПАЛАРЫ

Арал-Каспий аралығының географиясы мен палеоэкологиясы. Каспий мен 

Арал теңіздері  аралығында  жатқан дала аймағының едәуір  бөлігін  екі кен 

үстіртті-қыратты  өңір  —  Маңғыстау  мен  Үстірт  алып  жатыр:  олардыц 

біріншісі  Каспийдің солтүстік-шығыс  жағалауына,  шығысыракка орнала- 

сқан, екіншісі  Арал жағалауына ұштасады.  Маңғыстау жоны біршама ала- 

са, ал Үстірт мүқит деңгейінен 200—370 метр жоғары және биіктігі 150 метр- 

дей тік жар (әсіресе батысы мен шығысында) болып бітеді. Үстірттің бірша- 

ма тұйықтығы мен жетуге қиындығы ертедегі темір дәуірінде оның табиғи- 

климаттық жағдайының көрінеу ерекше болуына себепші болды. Ол кезде 

Маңғыстау мен Үстірттіңтолқын тәрізді бедері аласатау сілемдерімен, бал- 

шықпен, сорлармен және құммен алмасып жататын сазды-тасты шөл және 

шөлейт болып келді.  Одан  әрі солтүстікке  қарай қуаң дала,  ал оңтүстікке 

таман,  Қарабұғазгол шығанағы мен  Үзбойдың (Каспийге қүйылған Әмуд- 

арияның  ежелгі  арнасы)  арғы  жағы  ақшағыл  кұм  созылып  жатыр.  Соны­

мен, Арал-Каспий аймағы Еділ бойының, Оңтүстік Орал өңірі мен Солтүстік 

Қазақстанның далаларын қазіргі  Түрікменстан  мен  Шығыс  Иранның  ay-



206

мағындағы ежелгі өркениет аудандарымен қосып жатқан өзінше бір табиғи 

«кепір»  болды.  Алайда  б.  з.  б.  I  мынжылдықтын  басы  мен  1-жартысында 

бұл  аймакта  тұрғындар  сирек  коныстанған,  мұны  куаңшылықты  (ыстык, 

құрғак) табиғи еңірдің катаң жағдайымен түсіндіруге болады.

Б. з. б. I мынжылдыктың орта шенінде, Евразияның далалық белдеуі ау- 

мағының  үлкен  бөлігіндегі  сияқты,  Арал-Каспий  аймағында да  елеулі та- 

биғи-климаттык 

өзгерістер

  болды109.  Бүрынғы кұрғак  және  континенттік 

климаггың орнына неғұрлым ылғалды климат орнады, оның үстіне бұл үрдіс 

кауырт, серпінді  жүрді.  Жауын-шашын мөлшерінің кебейіп, ауа  райының 

бірсыпыра  салкындауы  куаң  дала  енірінің  оңтустікке  ығысуына,  шөптің 

шүйгін тартып, аймақтын суы артуына әкеп сокты.  Мүның бәрі  Солтустік 

Қазақстан мен Орал еңірі аудандарындағы ғана емес, сонымен қатар Үстірт 

пен  Маңғыстаудың  бұрын  тіршілік  үшін  онша  жарамсыз  кеңістігіндегі де 

экологиялық жағдайды  жаксартты.  Қолайлы климаттық езгерістердің аса 

маңызды нәтижесі кешпелі шаруашылык өнімділігінін артуына байланыс­

ты тұрғындардың едәуір көбеюі, сондай-ак көшіп-кону үрдісінің  кең көлем- 

де жаңаруы болды.  Б. з. б. IV—II ғасырларда ен алдымен солтүстіктен және 

солтүстік-шығыстан,  Оңтүстік  Оралдын,  Солтүстік Каспий  мен  Солтүстік 

Қазакстанның орманды-далалық және далалық еңірінен келген тұрғындар 

Арал-Каспий теніздері аралығын белсенді түрде игере бастады.

Арал-Каспий аймағының түрғындары жайлы жазбаша деректер.  Б.  з.  б.  I 

мыңжылдыктың орта шенінде Арал-Каспий теңіздері аралығында мекенде- 

ген  тұрғындар  жайлы алғашкы  мағлұматтар  б.  з.  б.  V ғасырдағы жазбаша 

күжаттарда -  Геродоттың «Тоғыз кітаптан тұратын тарихында» және парсы 

патшасы Ксеркстің Персепольдегі «антидэвтік» жазбаларында келтірілген. 

Осы тым шағын хабарларға 



Караганда, 

дах (дай, даг), сак, массагет және скиф 

тайпалары  көп санды болып,  көшпелі  өмір сүрген,  жаугершілігімен және 

бостандық сүйгіштігімен көзге тускен.

Көшпелі  өмір  салты  және  коптеген  мемлекеттер  жеріндегі  соғыстарға 

белсене  катысуы  себепті  тайпанын  накты  мекендеген  жерін  тек  жазбаша 



деректемелердің

 деректері 



бойынш а

 дәл аныктау киын110.  Археологиялык 

зерттеулер сактардың, массагеттердін, скифтер мен дахтардың материалдык 

мәдениетінде  айтарлыктай  ортақтык  (тұрмыстық  керек-жарактардын,  ат 

әбзелдерінің, карудың және т. б. ұқсастығы) бар екенін айкын дәлелдеп берді.

Арал-Каспий аймағында және оңтүстікке карай дахтар (дайлар, дагтар) 

көшіп жүрген. 

Ж азбаш а 

деректерде айтылатын каспилер (гирканилер) Гир- 

кан (Каспий) теңізінің онтүстік-шығыс жағалауында өмір сүрген және тегін- 

Де, 


жартылай отырықшы болса керек.

Сақ-массагеттер, дахтар мен скифтер Александр Македонскийдің Азияға 

жорығына және 

А хем ен и дт ер дің  

Парсы державасын талқандауға байланыс­

ты оқиғаларға белсене катыскан: бүл туралы мәліметтер грек-рим авторла- 

РЫ 

-  Ксенофонттың, Курций Руфтың, Помпей Трогтың, Аррианның, Стра- 

бонның ж әне басқалардың шығарм аларында бар111.

Арал-Каспий аймағы тұрғындарының одан кейінгі тарихы жазбаша де­

ректерде өте аз көрсетілген. Атап айтканда, дайлардың бірнеше рулық-тай- 

палықтоптарға -  апарндарға (парндарға), ксанфийлерге және писсурларға 

бөлінгені анықталады.  Б.  з.  б.  248-247 жылдарда Арсак (Аршак) басгаған 

көшпелілер ~  дайлар немесе парндар Парфияның үлкен бөлігін және Гир- 

канияның онымен шектес бөлігін басып алып, онда Аршакидтер әулеті ба-

207


скаруынын, негізін калады.  Аршакидтер тағы да ондаған жылдар бойы Се- 

левкидтер мемлекеті тарапынан Парфия аумағына жасалған көз алартушы- 

лыкка карсы күрес жүргізді. Осы әулет ішіндегі күреске де солтүстікке та­

ман  көшіп  жүрген  жэне  жаңа  Парфия  мемлекетінің  берік  тылы  болған 

көшпелі  дай  жэне  парн  руларының  басшылары  мейлінше  белсенді  түрде 

катысқан деп топшылауға болады.

Ш аруашылық және  тұрмыс.  Б.  з.  б.  IV  ғасыр  — б.  з.  III  ғасыр  бойы 

Арал-Каспий аймағы көшпелілерінің шаруашылык өмірінің негізі аймак- 

тың  табиғи-климат  жағдайларына  ж әне  өндіргіш  күштердің  даму  дең- 

гейіне  барынша  сай  келетін  экстенсивті  мал  шаруашылығы  болды 112. 

Әсіресе  сол кезеңнің  бас  кезіне тән  болған  көш іп-қону  үрдісімен  коса 

жаңа жерлерді игеру ғана емес, байырғы (дүрысы -  массагет) түрғында- 

рымен  жаңа  жер  үшін  күрес  те  жүріп  жатты.  Сайып  келгенде  мүнын 

бәрі  маусымдық көшудің дәстүрлі  жолдарының  өзгеруіне  әкеп  соқты. 

Олардың Үстірттің оңтүстікшеті мен Үзбойға дейін жеткен болуы ыкти- 

мал негізгі -  меридиандық бағытты сақтаумен  бірге, сірә, ендік  (Үстірт

— Маңғыстау) бағытты да пайдаланса керек. Кошпелі ұжым тіршілігінін 

негізі болған малдарын төлдетіп, қалыпты осіріп отыруды ұйымдастыру 

кажеттігі  өте  тез  арада-ак  аймақта  тұрақты  жайылымдық-көшпелі  ша­

руашылык жүйесінің  қалыптасуына  жеткізді деуге  болады.  Бүл  орайда 

көшпелілердің қыстаулары негізінен Оңтүстік Үстірт пен Маңғыстауда, 

ал жайлауы  неғұрлым  солтүстік ауцандарда,  Оңтүстік Ж айық өңірі мен 

Солтүстік  Қазақстанда  болған.  Ж азғы-күзгі  кезеңде  жайылымдардың 

шөбін  жетілдіру  мақсатымен  жақын  маңайға  көшіп  отыру  да  міндетті 

болған.  Дах-массагет  мал  шаруашылығынын  негізі  үсақ мал  (кой)  мен 

жылқы  осіру  еді.  Ж ы лқы  өсіру  көш пелілерді  көш іп-конаты н  күш - 

көлікпен де қамтамасыз етті. Қазакстан далалары мен шөлейттерінің коп 

жерлеріндегі сияқты табынның негізі жыл бойы өрісте жайылып, тебін- 

деуге  бейімделген,  төзімді,  тұркы  шағын  жылқы  болған  деу  керек: 

кешпелі  ақсүйектердің  неғұрлым  түрқы  биік  ат  үстап,  оларды  соғыс 

кимылдары кезінде белсенді  пайдалануға мүмкіндігі  болған.

Күй талғамайтындығы, үнемі дерлік орын ауыстырыіі жүруге қабілеггілігі 

және жоғары өнімділігі арқасында кой жылқымен бірге дах-массагеттердің 

мал шаруашылығының негізін құраған. Қойдын еті, сүті жэне оларды ендеу 

өнімдері  көшпелілердің  тамақ  рационын  қалыптастырды,  ал  терісі,  жүні, 

кылы,  ішінара сүйегі үйдегі  коләнерге  шикізат болды.  Малдың бір бөлігін 

түйе мен сиыр малы құраған, олар күш көлігі  болды, сондай-ақ олардан ет 

пен жүн алынды.

Тұрақты  ағын  судың  болмауы  себепті  адамдар  мен  малдың  суға деген 

кажеттері  оны  құдықтар  мен  бүлақтардан  алу  жолымен  қанағаттандыры- 

лған.  Арал-Каспий  аймағында,  бір  бөлігі  минералды  (тұзды)  болғанымен, 

жерасты сулары көп. Жонның аңғарлары мен сай беткейлерінен түщы сулы 

бұлақгар мен жылғалар да кездесіп отырған. Бүл аймақтан дах-массагет за- 

манына қатысты әлдебір суландыру құрылыстарының іздері табылған жок. 

Арал-Каспий теқіздері аралығы тұрғындарының  егіншілікпен  айналысқа- 

нын дәлелдейтін де ешнәрсе жоқ.

Дах-массагеттер мекендеген жерлерде үзақ мерзімді түрған құрылыстар 

мен қоныстар калдықтарының болмауы соңғыларының арба-үйімен қатар 

шошак,  не  жартылай  сфералық түрдегі,  ағаш  пен  киізден  тігілетін  күрке

208


немесе  киіз  үй  сиякты  алып  жүруге  ыңғайлы  жиналмалы  түрғын  үйлерді 

пайдаланғанын дәлелдейді.

Бакташылык-көшпелі  мал  шаруашылығымен  қоса,  көшпелілердің  ша- 

руашылық өмірінде аң аулау да айтарлыктай рөл атқарған. Үстірт пен Маңғы- 

стауда қаракүйрык пен киік, сондай-ак құстар, коян, түлкі және т. б. едәуір 

көпөсіп-өніп, қыстап шығатын; ал жырткыштардан қасқыр кездесетін. Аңды 

атпен  куып,  сонымен  бірге  қамалап  аулағаны  анық.  Тұяқты  андардың  ірі 

үйіріне ит қосатын атты аңшылар жануарларды садақпен атып алу оңай бо- 

латын  жерлерге  —  тік  жарларға,  жыраларға,  сайларға  куып  апарған.  Бүл 

мақсатқа такта тастарды тігінен көміп түрғызған үлкен қаша кұрылыстары- 

ның  пайдаланылуы  әбден  мүмкін.  Мұндай  «садак  тәрізді  жоспарланған» 

үзындығы жүздеген метрге жететін, 3-15 қүрылыс тізбегін күрайтын күры- 

лыстар  сайлар  мен  жыралардың  беткейлеріне  салынған;  олар  әсіресе 

Оңтүстік-Шығыс және Батыс Үстірттен көп табылды.  Мұндай күрылыста- 

рдың көпшілігі  қашан  салынғанын  анықтау  киын  болғанымен,  кейбір та- 

былған  нәрселер  (соның ішінде  жебелердің  ұштары)  ең болмағанда  олар- 

дың кейбіреулері дах-массагет заманында пайдаланған деуге мүмкіндік бе- 

реді.


Арал-Каспий аралығындағы дах-массагеттерінің шаруашылығы негізінен 

алғанда табиғи шаруашылық болған: тіршілік үшін қажетті өнімдер мен за- 

тгардың  бәрі  іс  жүзінде рулык-тайпалық ұжым  ішінде дайындалды;  бұған 

сәндік  заттар  қосылмайды,  олар  көбінесе  едәуір  алыс  аудандардан  сауда 

айырбасы аркылы  алынып отырған.  Жер-жерде таралған үйдегі қолөнерге 

Қой мен түйе жүнін иіру, токымашылык, киіз, текемет басу, кілем току жа­

тады; жіп пен матаны алуан түрлі түске бояу әдістері белгілі болған. Өндел- 

ген тері киім-кешек, аяк киім, ат әбзелдерін, әскери жарақтар және түрмыс- 

тық загтар  дайындауға  пайдаланылған.  Арал-Каспий  аймағында  ағаш  өте 

тапшы  болғанымен,  ағаштан  ыдыстар,  көшпелі  үйдің  бөлшектері,  ж иһаз- 

дар  және  күнделікті  тұтынатын  баска  да  заттар  жасалған.  Күмыра  жасау 

дамыған; бүл орайда кышты үршыкшада жасау тәсілі колданылмаған. Бүкіл 

дах-сармат-массагет дүниесінде кеңінен пайдаланылған козелер мен доңге- 

лек  түпті  ыдыстарға  коса,  саздан  көлемі  шағын  вотивтік  және  ғүрыптык 

ыдыстар,  шырағдандар,  үршықбастар  және  баска  да  заттар  дайындалған. 

Күнделікті емірде сүйектен жасалған заттар да таралған.

Арал-Каспий  аймағы көшпелілері металмен,  ең алдымен  мыспен  және 

оны балқытумен, темірмен, алтынмен және күміспен жаксы таныс болған. 

Темір мен қымбат бағалы металдар аймакта таза күйінде не руда түрінде іс 

жүзінде  кездеспейтіндіктен,  олар  баска аудандардан  кесек күйінде  немесе 

Дайын бұйымдар түрінде әкелінген деп санау керек. Сонымен бірге жергілікті 

темір үсталарының, металл қорытушылардың, алтын ісі шеберлерінің әкелі- 

нген шикізатпен жүмыс істеп, едәуір күрделі бұйымдар, атап айтканда, кару- 

жарақ (семсерлер, қанжарлар), ат әбзелдері мен сәндік заттар жасай білгені- 

не  күмәндануға  бола  қоймас.  Б.  з.  б.  I  мыңжылдықтың  2-жартысында  ең 

көптаралғаны мыс пен оны қорытып жасалған бұйымдар болған. Сірә, негізгі 

мыс кенінің базасы Маңғыстаудың Қаратауында орналасса керек:  ертедегі 

кен қазу жұмыстары мен металл балқытылған іздер нақ сол жерден табыл- 

Дьі.  Алайда, түрлі заттардың химиялық құрамына қарағанда, Арал-Каспий 

аймағы  көшпелілеріне  металл  бір  емес,  бірнеше  кендерден  түскен.  Атап 

айтқанда, солтүстікке және солтүстік-шығыска таман, Оңтүстік Мүғаджар

209


мен  Елек  өзені  ауданында  орналаскан  мыс  кеніші  сондай  кендер  болуы

мүмкін. 


ц

Көшпелі скиф-сармат дүниесшін. баска тайпалары сиякты, Шығыс Кас­

пий еңіріндегі сак-массагет металл корытушылары да мыс негізінде алына- 

тын көп косындылы корытпалардың (коланын)  калай жасалатынын  білген 

жэне косылатын компоненттер ретінде қалайыны, сурьманы, тотияйынды, 

сондай-ак корғасынды, никель мен күмісті пайдаланған. Бұйым металынын 

химиялык  кұрамы  бұйымның  не  максатка  арналғандығымен  анықталды. 

Мыс  пен коланы  ендеудің технологиялық тәсілдерінен  кұю  (екі-үш  кұра- 

мдытүрде) мен  кақтау кеңінен пайдаланылды.  Сол кездің кабірлерінен ең 

көп табылғаны -  жебелердің кола үштары, ал ең ірілері -  түбі конус тәрізді 

қола казандар. Қола (соның ішінде алтын жалатылған) әшекей заттар, бойтұ- 

марлар және сәндік заттар (айналар,  фибулалар) кең таралған.

Қола мен  темірден  қарумен  коса  еңбек  күралдары  мен  аспаптар  -   пы- 

шақтар, біздер, шапашоттар және т. б. дайындалған. Темір аспаптардың бо­

луы тас қашау ісін жетілдіруге жаксы жағдайлар жасады. Әк-үлутастан тас 

мүсіндер, менгирлер және кұрбан шалатын ыдыстар дайындалды, олар Ба­

тыс  Устірттің  киелі  орындарынан  көп  кездесті.  Жерлеу-еске  түсіру  және 

ғибадат жасау құрылыстарын: тас жәшіктер мен сағаналар, молаларды жабу 

мен  коршау,  киелі  орындардың  кабырғаларын  және  т.  б.  жасауға көп  тас 

жұмсалды.  Қайрайтын  құралдар  (кайрак  тастар),  көшкенде  алып  жүруге 

колайлы мехраптар жэне баска да табыну мүліктерін дайындау үшін тастын 

неғурлым катты жыныстары — күмтас пайдаланылды.





Діни нанымдары мен ғүрыптары. Арал-Каспий оңірі дах-массагет тұрғын- 

дарының  діни-идеологиялық  түсініктері  басты  белгілері  жағынан  кола 

дәуіріне барып тірелетін және скиф-сармат-сақ тобының туыстас халыкта- 

рының  көзкарастарынан  көрінетін  ежелгі  үнді-иран  негізі  аркылы  анык,- 

талды. Олардың негізінде политеизм  -  табиғат пен адамды  Ғалам тәртіпке 

келтірілген шекте баскаратын басты-басты бірнеше күдай бар деген түсінік 

жатыр.  "7

Дах-массагеттерде материалдық дүние элементтерінің — жартастардын. 

бұлактардың, жануарлардың жэне т. б. жаны бар деген, сондай-ак рухтар -  

табиғаттың, жануарлардың,  адамдардың қамқоршысы бар деген түсініктін 

болғанына күмон келтіруге бола қоймас.

С

 Дах-массагет көшпелілердің идеологиялык омірінде елетін  және  кайта 

тірілетін табиғат туралы түсініктермен, сондай-ак жерлеуге табынумен тығыз 

байланысты ата-бабаға табынудың зор рөл аткарғаны күмәнсіз. Сондыктан 

адам жерленген аумақ киелі деп саналған, табынып, ара-тұра ас беріп, еске 

түсіру жоралғыларын жасайтын орын болған. Б. з. б. IV—II ғасырларда өлген 

адамдар әдетте жерден қазылған шүңкырларға (олар көбінесе такта тастар- 

мен  жабылған)  немесе  кырынан  койылған  такта тастардан  тұрғызылатын 

мазарларға жерленген. Бүл орайда молаға бір емес, туыс болуы мүмкін бірне- 

ше адам жерленген болуы ыктимал. Сол кезде адамдарды бір кабірге бірне- 

шеден жерлеу ғұрпы таралады, бүл ретте өзінше бір тас немесе топырак сага­

на болып табылатын  бір жерлеу күрылысына өлген адамдар ондаған жыл- 

дар  бойы жерленіп отырған.  Мәселен, Дықылтас  атырабындағы (Маңғыс- 

тау облысы) күрделі жерлеу құрылысын зерттеген кезде оның үш лақыты- 

нан  30  шақты  адамның  сүйегі  табылды.  Кезекті  жерленетін  мәйітті  орна- 

ластырган  кезде бұрынғы өлген адамдардың сүйектері  әдетте лакыт кабы-

210


рғаларының  біріне  карай  ысырылып  отырған.  Б.  з.  б.  [I  ғасырда  -   б.  з.  III 

ғасырда аймақта үңгіме куыстарға — төбесі күмбез тәрізді және әдейі жаса­

лган есігі бар жер лақыттарға жерлеу таралады. 

у

Өліктің немесе  оның жанының өлгеннен  кейін тіршілік ететіні  туралы 

түсініктерге сәйкес өлікті жерлеген кезде молаға оның о дүниедегі  өміріне 

«кажетті»  заттар салынып отырған.  Ер адамдар жерленгенде салынатын од 

заттар әдетте кару-жарақтар: темір семсер мен қанжарлар, жебелердің кола 

ұштары, сондай-ак пыпіақтар, баска жактан әкелінген кыш ыдыстар болғаи. 

Әйелдерді жерлегенде әшекей заттар (моншактар, білезіктер, жүзіктер және 

т.  б.  ),  сәндік  затгар  (кола айналар,  орамалдар),  еңбек  құралдары (инелер, 

саз және тас ұршықбастар) және керамика ыдыстар салынған.

Жерлеу кұрылыстарының үстіне әдетте биіктігі  1-6 м болатын топырақ 

немесе тас  үйілген. Сонымен бірге оба үйіндісі дүниелік тау (дүние кіндігі) 

идеясын  айкын  білдіріп,  молаға  орнатылған  ескерткіш  әрі  жаксы  бағдар 

болған. Оба үйіндісінін шет жактары көбінесе такта тастармен және денге- 

лек  орлармен  айналдыра  коршалып,  оның төңірегіне  кұрбан  шалатын тас 

орындар,  еске  алатын орындар  және тігінен  гас  бағандар — менгирлер ор- 

натылған. Құрбан шалатын орындар -  тік бұрышты немесе гостаған тәрізді, 

еске түсіріліп ас берілетін орындар -  шеңбер тәрізді көлемі әр түрлі ендел- 

меген тақта тастардан салынған кішкене тас  жәшік, жайпак немесе тастан 

қаланған баған түрінде болған.

Б.  з.  б.  IV—II  ғасырларда ғибадатханалар тобының  көптеп түрғызылуы 

ата-бабаларға ж әне ру басы -  батырға табынудың манызын ерекше айкын 

көрсетті.  Көбінесе  Батыс  Үстірттен табылған  осындай  20  гибадатхананың 

төртеуі -  Бәйте-1  және 2, Қарамөңке, Терен қазылып зертгелді113. Ғибадат- 

ханалардың ерекше белгілері олардың аумагындағы диаметрі 17 метрге дейін 

жететін,  жете  өңделмеген тақта тастардан қаланып,  айналасына дөнгелете 

ор қазған сақина сиякты дуал түріндегі табыну кұрылыстар, түрі мен көлемі 

эр алуан кұрбан шалатын орындардын, (соның ішінде келемі  1,3x1,1 м бола­

тын тас «үстелдердің»), еске түсіру орындарының, сондай-ақ антропоморф- 

тык  тас  мүсіндер  мен  менгир-құлпытастардың  көптігі  болып  табылады; 

кейбір жағдайларда табыну орнына көлемі едәуір оба үйілген.

Арал-Каспий теңіздері аралығындағы ғибадатханалардан табылғандары 

сиякты тас  мүсіндер  Орта  Азия,  Қазақстан  аймағының  басқа  еш  жерінен 

кездеспейді; одармен Солтүстік Қаратеңіз өңірі мен Алдыңгы Кавказ скиф- 

терінің  неғұрлым  ертедегі  тас  мүсіндерінің  кейбір  үксастығы  бар.  Аса  ірі 

ғибадатханалардың аумағына орнатылған антропоморфтық мүсіндер саны- 

ның көп болуы (30-40 данаға дейін) табыну кешендердің едәуір ұзақка со- 

зылған кезең бойында жұмыс істегенін көрсетеді.

Ғибадатханалардан,  сондай-ақ  зираттардан  құрбан  шалатын  тостаған 

тәрізді тастардың, сондай-ак еске түсіру орындарында жагылган от іздерінің 

көп мелшерде табылуы Арал-Каспий өңірінің дах-массагет тұрғындарының 

нанымдарында  отқа  (күнге)  және  тегінде,  суға  да  табыну  элементтерінің 

болганын көрсетеді.

Бейнелеу  өнері.  Бүкіл  скиф-сармат-сақ-массагет  дүниесіндегі  сиякты, 

Арал-Каспий аймағы көшпелі түрғындарының да сәндік-колданбалы және 

монументгік өнерінің ескерткіштері дүниетанымдық негізбен тығыз байла­

нысты.


Кешпелілер  өнерінде  ертедегі  темір  дәуірінде  Евразия  далаларының,

211


ш өл дер і м ен орманды  даласы ның м ек ен деуш іл ер і  арасы нда аса к ең  тараған 

аң  стилі  деп  аталатын  бей н елер   елеулі  орын  алған.  Алғаш кы  зерттеулердің 

өзі-ак 


Ү стір т  пен  М аңғыстаудан  тастар  мен  жартастарға  к ө б ін е се  ж ан уар - 

лар  кашап  салынған  петроглиф тер табуға  мүы кіндік  берді.

А р ал -К асп и й   аймағынан  табы лған  сән дік -қ ол дан бал ы   ен е р   еск ер тк і- 

ш тері  әзір ш е  көп ем ес, мұның ө зі ж е р л еу  к еш ен дері  к өпш ілігінің тоналуы - 

на ж ә н е  көркем дік жағынан ер екш е бағалы  заттардың ж оғалы п к етуіне бай- 

ланысты.  Олардың  бір  бөлігін  ж ергілікті  ш ебер л ер дің   ж асағаны   к ү м ә н с із, 

ал  бір  бөлігі  басқа аймақтардан  әк ел ін ген .  Зергерлік  бұйы мдар,  металл  за ­

ттар  м ен   керамика  к ө б ін е се  геометриялы к,  өсім дік   ж ә н е   зоом ор ф т ы қ   са- 

ры ндарда  б езен д ір іл ген ,  олар  ж алпы   алғанда  Орта  А зия  м ен  К дзақ стан  

көш пелілері  өр нек терін ің  эл ем енттер ін е  ұксас.

А рал-К аспий  аймағы  к әш п ел іл ер ін ің   м онум ентті  өн ер і  м ен  ұсак   плас- 

тикасындағы  антропом орф ты қ стиль  е д ә у ір   ерекш е;  б.  з.  б.  I  мы ңж ылды қ- 

тың  2-жарты сы нда  адам  тұлғасын  б ей н ел еу д ін   нак  тұракты  д әс т ү р л е р ін ің  

болуы   осы  аймақ  ө н ер ін ің   ер екш ел ігі  болы п  табылады.  М ә с е л е н ,  к ей бір  

қабірлерден  ер  адамның тұлғасын  бей н ел ей тін   к іш кене  м үсін дер   табылды, 

олар  қам қорш ы -рух,  өлген  адамды  о  д ү н и ег е  бастайты н  р у  басы   бол уы  

мүмкін.

А рал-К аспий  аймағы  к өш п ел іл ер і  ө н е р ін ің   жаркын  ерекш ел ігі  м о н у - 

менттік  тас  м үсін ін ің   таралуы  болы п  табылады.  Үстірт  п ен   М аңғы стауды н 

(мүнда азырак) ғибадатханаларынан табылған ж ү зд ен  зстам тас м ү сін д ер д ін  

басым  көгішілігі  әктастан  қалап  ж асалған  ж ә н е   ж ауы нгер  ер  к іс ін ің  тұлға- 

сы белгілі бір қағидамен берілген:  о н  колы  т ом ен  түсір ілген , со л  колы ш ы н- 

тағынан  бүгіліп,  ішін  баскан.  Бұл  ор айда м ү сін д е р д ің  көлем і  әр   түрлі  —  0,9 

метрден  3,8  метрге  дей ін .  Тас  м ү сін д е р д ің   көпш ілігі  ж ал пақ  м ү сін д е р д ің  

морф ологиялы к үлгісіне ж атканы мен, к ей біреулер і е ң  ж етік — к әдім гі м үсін  

сипаттам алары натолы қсай к ел еді, м ұны ң өзі м ү с ін ш іл е р д ің е д ә у ір т ә ж ір и - 

б есі  мен  суреткерлік  ш ебер лігін   б а са   к өр сет ед і.  Аталған  еск ер тк іш тер дін  

ерекш е күндылығы антропологиялы к тұрпатты  (м он голои дтік  белгілері  бар 

евр оп еои д)  ж ә н е   б ей н ел ен ген   к ей іп к е р д ің   атрибуттарын  этногр аф иял ы к  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет