Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст



Pdf көрінісі
бет27/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76

199

домалаңкы керамикалық ыдыстар жиынтығы, алебастрдан жасалған, темекі 

салып  тартатын  ыдыс  үлгілері  —  бұлардың  бәрі  б.  з.  б.  IV—II  ғасырларда 

Оңтүстік Жайық еңірі мен Батыс Қазақстанды мекендеген сармат тайпала- 

рының жерлеу ғүрпына жақын.

Сармат тайпаларының топтары, кейбір зерттеушілердің топшылайтынын- 

дай", тек Орта Азияға ғана емес, Солтүстік Қазақстан аумағына да жылжуы 

мүмкін.  Керісінше,  Орталық  Қазақстанның  оңтүстік-шығыс  аудандары 

Жетісуды  ертедегі  мекендеушілердін  ықпалына  ұшырады.  Олардың  кабі- 

рлерді  ендік  бағытта  қазып,  өліктердің  бас  жағына  қыш  ыдыстар,  қой  еті 

мен  темір  пышақтар  қойып  жерлеу  ғүрпы  Балқаштың  солтүстік-шығыс 

өңірінің  бірқатар  ескерткіштерінде  (Қайрақтас,  Құрбаканас,  Жалғызтау) 

байқалады.  Олардан  оңтүстік-шығыс аудандарына тән  кеселер мен алмүрт 

бітімдес кұмыра түріндегі қыш ыдыстар табылды.

Б.  з.  б.  Ill—I  ғасырлардың бірқатар ескерткіштерінің тасмолалық шығу 

тегін көрсететін түтас топ Қараоба және Қорғантас қорымдарының обала­

ры болып табылады. Оларға ортақ сипат: жерленгендерді меридиандык бағы- 

тта салу, кабірдің бір бөлігін күрбандыққа шалынатын малдың сүйектеріне 

арнап бос кою.

Жерлеу  ғұрыптарындағы  осыншама  ала-қүлалык  пен  карама-кайшы 

көрініс б. з. б. I  мыңжылдықтың соңғы ғасырларында аймақта орын алған 

күрделі,  бірақ бәрі  бірдей  әлі  де  айқын  емес  саяси  жағдайды  бейнелейді. 

Малшы тайпалар Орталық Азияның баты :ы мен  шығысына көптеп коныс 

аударды100.

6. БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ САВРОМАТ-САРМАТ МӘДЕНИЕТІ

Ареал.  Ескерткіштер  топографиясының  ерекшеліктері., Ертедегі  темір 

ғасырының ескерткіштері Батыс Қазақстанның үлан-байтақ жерінде аймак- 

тьщ гидрографиялық және табиғи-климаттық ерекшеліктеріне сәйкес тіпті 

де  біркелкі  орналаспаған.  Жалпы  алғанда,  олардың  мейлінше  ірі  өзендер 

(Жайык, Елек, Жем, Сағыз) ағып жаткан, ылғалдылығы жоғары, демек, мал- 

дың жайлауы мен адамдардың емірі үшін жақсы жағдай рар солтүстік дала- 

лық аумаққа көп шоғырланғаны байқалады.  Аймақтың сазды және кұмды 

Атырау  шөлейті  бар  оңтүстігі  мен  Ақтөбе  облысының оңтүстік  болігінде, 

Маңғыстау облысыныңтастак шөлейтінде коненің көздері азырақ. Ескерткі- 

штердің көпшілігі  -   обалардағы  қабірлер,  бүл  орайда топырақ үйінділері 

жер бетіне шығып жатқан тастары аз Батыс Қазакстанға ғана дағдылы бо­

лып  келеді.  Аймақтың қалған  аудандарындағы  обалары  тастан  немесе тас 

аралас топырақтан үйілген. Бүкіл аумакта обалардан басқа іс жүзінде жер­

ден қазылған қабірлер белгілі, олар әсіресе жел эррозиясына ұшыраған қүм 

топырақты жерлерде жиі кездеседі. Атырау облысының оңтүстік-шығысын- 

дағы  теңіз  жағалауы  аудандарында  (шамамен  Сарықамыс  поселкесінен 

Қүлсары поселкесіне дейінгі аралықта)  әдеттен тыс  үлгідегі  ескерткіштер 

таралған, бұл жерде қиылып өтетін жер балшықты сорлар боліп жатқан саз- 

ды-топырақ төбелердің түтас тізбегі болып табыладьу Жел жалаңаштап тас- 

таған  деңестердің беттерінде  адамдар  мен жануарлардың сүйектері,  кера­

мика сынықтары мен өзге де заттар жатыр, олар түрлі кездерде жерден қазы- 

лып,  қираған  зираттар  мен  уақытша  тұрақтардан  шығып  қалған.  «Бэр

200


дөндері» деп  аталып  кеткен  жакын  улгідегі  ескерткіштер  Қазақстан  шегі- 

нен  тыс  жерлерде,  Астраханның  Еділ  бойындағы  шектес  аудандарында да 



м әлт .  А т п а к ш ы

, сырттай карағанда 



о эр д э у ір ін д е гі

 ескерткіштер таралған 

осы екі бөлек-бөлек ауданды Каспий маңы ойпатының жағалау әңірі косып 

жатыр, онда да көбінесе ертедегі темір ғасырынан келе жаткан жердің жоға- 

ры қабатынан табылған материалдарға бай.

Савромат  ескерткіштері.  Батыс  Қазакстаннын  тарихи  савроматтармен 

байланыстырылатын еңжаркын әрі айқын археологиялык кешендері Ақтебе 

облысы шегінде, Елек өзенінің орта ағысы аңғарында шоғырланган.  Мәде- 

ни-типологиялык және хронологиялық жағынан алғанда бұл ескерткіштер 

Елек езенінің төменгі бойындағы кешендермен біртұтас шағын топ құрайды. 

Бірқатар  айкындамалары  бойынша  оларға  Оралдың  арғы  жағындағы  ес- 

керткіштер жақын. Батыс Қазақстан облысының ескерткіштері өз сипатта- 

малары  бойынша Төменгі  Еділдің  сол  жағалауының кешендеріне  жақын- 

дайды.

Електе  коне  ескерткіштер  әте  сирек.  Олардын  біреуі  100-ден  астам 



үйіндісі  бар  ж әне  Орал  өніріндегі  ең ірі  Ц елинны й-1  қорымында  зерт- 

телді.  Дөңгелек қабір шұңқырға екі  қабат етіп адам жерленген.  Үстіңгі 

жерленген  адам  басын  батысқа  қаратып,  шалқасынан  қойылған,  оның 

қасында  қой  ж ілігінін  сүйектері,  жапсырма  қыш  ыдыс,  ш ақпақ  тас 

жаңқасы мен жебеге толы қорамсақ,  қола қаңылтыр мен темірден жаса­

лган корамсақ ілгіші  жатыр.  Астыңғы жерленген  адам да осылай койы- 

лған  оның  қасына  да  қой  жіліктері,  даланың  ірі  құсының  еті  және  со- 

пақша  тақта тас  қойылған.  Бірінші  оліктің  үстінен  мола шұңкырлары- 

ның айнала  жиналған топырагына төменгі  үшы тіреліп,  екінші,  үстіңгі 

©лік  жерленгенге  дейін  өртеп  жіберілген  әлдебір  ағаш  қүрылыс  салы- 

нганы анықталды. Жебелердің үшына карай отырып, оба б. з. б. VII гасы- 

РДың 

екінші жартысында  үйілген деп  белгіленді.

Електегі обалардың басым кепшілігі осы мәдениеттің гүлдену кезеңіне

-  б. з.  б. V I-V  ғасырлардың аяғына жатады.

Сынтас қорымының  1-обасында ертедегі жер бетінде, бөренелерден са- 

лынған шатыр тәрізді қүрылыста бастары батысқа және оңтүстікке караты- 

лған үш өлік (олардын екеуі жауынгер) жатыр, олар бейнебір ездерінің ара- 

сына салынып, тайызқабірге жерленген «әскер басын» қоршап жатқан сияк­

ты101. Өліктерге коса салынған саймандар -  кару (жебелердің кола үштары, 

темір  қанжарлар мен  қорамсақ ілмектері), ат әбзелдері  (темір ауыздықтар 

мен тоғалар, қола айылбастар, өткермелер және т. б .), тұрмыс заттары (кыш 

ыдыстар, темір пышақтар және  басқалар).  Сынтаста басын артқа қаратып, 

аузын ақситып жатқан касқыр мүсінімен және киіктің басымен, текелердің 

мүсінімең  және  жыртқыш  андардың  басымен  шебер  безендерілген  сүйек 

касықтар ерекше.

Бесоба қорымының 3-обасының қабірі  едәуір бай  болып шыкты, оның 

биіктігі 2 метрдей болатын үйіндісі бөренелерден, тал мен шөптен жасалған 

шатыр  сияқты  қүрылыспен  жабылған,  диаметрі  6  метрден  асатын,  терен 

дөңгелек  аланды  жауып  тұр102.  Ш ұңқырдың  солтүстік  жартысында  басы 

оңтүстік-батысқа  қаратылған  абыз-әйелдердің  қаңқасы  шалкалай жатқы- 

зылған, оның қасына алуан түрлі көп заттар, соның ішінде алқызыл кұмта- 

стан жасалған, тістері ақсиған қасқыр басының түрінде соғылған үш аякты, 

Құрбан шалатын үстел, кола айна, жасыл және қызыл бояу т.  б. қойылған.

201


Алтыннан  жасалған  бұйымдар  жиынтығында  ірі  куыс түйірлермен  әшек- 

ейленген сырғалар, алқа, моншақтар жэне т. б. бар.

Нагорный  қорымында  кеп  адам  жерленген  дромостык  кабірлер  тобы 

ерекше көрінеді.  Көлемі  200-250 шаршы  метрге дейін  жететін  орасан  зор 

үлкен  ағаш  күрылыстардың  астында  кейде  ор  қазып  нобайланган,  10—15 

өлікті орналастыруға жететіндей көлемдегі төрт бұрышты күрылыстар бар, 

өліктер  мазарға  бөренеден  жасалған  арнаулы  дәліз  арқылы  біртіндеп 

енгізілген.  №  2-обаға он  екі  өлік жерленген, олардың  11-і  -   жауынгерлер 

де,  біреуі  -   жасөспірім  қыз,  оларға  арнаулы  табыну  құрылысын  жапқан 

бөренелерге салынған  12 аттың бас сүйегі мен терісі сәйкес келеді.

Батыс  Қазақстан облысында мұндай алып жерлеу кұрылыстары әлі то- 

лык  зерттелген  жок.  Мүнда  бұрыштары  иілген,  кең  көлемді  тікбұрыш 

түріндегі  обалар  астынан  жерден  қазылған,  савроматтарға  дағдылы  кабір 

шүңкырлары көп. Мәселен, Алебастрово-2 корымының түбінен бастап тас 

қалап  бекітілген  үйіндісі  бар  7-обасынан  тікбүрышты,  батыстан  шығысқа 

қаратылған,  көлемі  2,2x1,8  м,  терендігі  1  м  бір  кабір  шүңқыры  табылды. 

Түбінде  басы шығысқа қаратылып,  шалқасынан  жатқызылған  әйел сүйегі 

жатты. Үрылар ақтарған жерлеу саймандары үлкен екі кабыршактан, көзді 

және  жылтыраған  моншақтардан,  екі  аяқты  сопақша тас  үстелшеден,  тас 

ұнтақтағыштан және қой сүйегінен тұрады.

Савромат кезеңінің аяғына таман Батыс Қазақстан облысында үңгілген 

лақыт куыстарга жерлеу пайда болады.

Батыс  Қазакстан  савроматтарының жерлеу  ғұрпы  Оңтүстік  Орал  өңірі 

мен Төменгі Еділ бойыныңсавроматтықескерткіштерінің бүкіл жиынтығына 

дағдылы  ерекшеліктермен  сипатталады.  Қарастырылып  отырған  аумакта 

біршама үлкен, кең, бірақ онша терең емес, әдетте басы батыстан шығыска 

бағытталған,  тікбұрышты  сипаттағы  қабір  шүңқырларына  жерлеу  басым 

болып келеді.  Өліктер әдетте жеке жерленеді,  қосарлап жерлеу сирек кез- 

деседі.  Сүйектер  әдетте  шалқасынан,  басын  батыска,  кейде  шығыска  кар- 

атып жаткызылады. Молалардан ақ бояу (бор) мен жанған нәрселердің іздері 

жиі кездеседі.  Ёлек тобы ескерткіштерінің негізгі  ерекшеліктері мыналар: 

ағаш қүрылымдар процентінің кем болуы, олар кейде әдейі ертелген; жер­

леу кұрылыстарынын  эр алуан үлгіде  болуы  (тікбүрышты,  доңгелек жэне 

сопақ шұңқырлар, дромостық молалар, жер бетіне жерлеу және т.  б.), көп 

адам жерлеудің (соның ішінде — көп кабатты) коп кездесуі, басын оңтүстікке 

қаратып жерленгендер процентінің жоғары болуы.

Жерлеу саймандары заттардыңнегізгі топтары үлгілерініңтүрақтылығы- 

мен  сипатталады.  Түрмыс  заттары  арасында  кұрал-саймандардың  ең  коп 

кездесетіндері — жапсырып істелген,  жайпақ түпті  ыдыстар, дегенмен б.  з. 

б. V ғасырда Електе тегіс және доңгелек түпті ыдыстар пайда болады.  Дағ- 

дылылары  — кішкене  немесе  керісінше,  көрінеу  ұзартылған,  жүзі  шағын 

темір пышақтар, саздан немесе тастан жасалған үршық бастары және т.  б. 

Қару үстіңгі жағы жалпақ (кейде үшкір) жэне кобелек тәрізді, кейде алкы- 

мы дөңес темір  семсерлер  мен  қанжарлардан  тұрады.  Б.  з.  б.  V  ғасырдан 

бастап Електе жүзі доға тәрізді және алқымы күрт кесілген сияқты семсер­

лер болғаны мәлім. Жебелердің екі қырлы (ертеректегі жиынтықтар) және 

үш  қырлы  үңғылы  қола  үштарынан  тұратын  қорамсақ кешендері  ерекше 

кеп және типологиялық жағынан алуан түрлі; олардың арасынан  «сақтар- 

дың»  сапты  ұштары да жиі  кездеседі.  Қорамсақ ілмектерінің темір  болуы

202


дағдылы.  Қорғаныш жаракгарының калдыктары ere сирек. Ат жүгендерін- 

де тура немесе  «S» тәрізді сулыктары бар темір ауыздықтар, қола айылбас- 

тар  және  түрі  мен  мақсаты  әр  алуан  каңылтырлар,  өткермелер  және  т.  б. 

көп.  Заттардын көбісін өрнектегенде аң стилі  жиі колданылған.

Алдыңғы сармат ескерткіштері.  Алдыңғы сармат 

(Прохоров) 

уакытында 

Жайық  еңірі—Еділ  бойы  түрғындарының  мәдениетінде  елеулі  езгерістер 

болады. Ең алдымен, көшпелі тұрғындардың батысқа ағыла жылжуы аңға- 

рылады.  Еділдің арғы жағы мен  Жайық езенінін орта және теменгі ағысы 

бойындағы  ескерткіштер,  тегінде,  кешпелілердің  Електен  кетуі  есебінен 

болар, едәуір көбейген.  Сапалык және сандық өзгерістер айкын біліне бас- 



тащы.

  Ақгөбенің гөңірегінде аукатты және ақсүйек әулетгердің мүшелері 

кеп мөлшерде жерленгенйлып ағаш қүрылыстары бар үлкен обалар жойы- 

лады.  Олардың орнын қатардағы жауынгерлердің қатты сиреп кеткен жеке 

қабірлері алады. Сонымен бірге Орал ауданында көбінесе Таяу Шығыстан, 

Орта Азиядан немесе Римнен әкелінген ғажайып саймандар салынған едәуір 

баіі қабірлер пайда болады.

Олардың біреуі  екі  қабат етіп жерленген  Володарка №  4 обаның үлкен 

(6x3 м) моласынан табылды103.  Бір кабір түгелдей дерлік қираған, шүнкыр- 

дың оңтүстік жартысындағы екіншісі тонаушылардан аман калыпты. Жер­

ленген адамның сол жак жамбасында -  үзын семсер, сол колының білезігі- 

нде сырт жағында  білігі және шығыңқы сабы бар қола айна жатыр.  Өлген 

адамннң оң жағында жылкы суйектері  сақталған.  Онын  он жақ білегі бес 

орамды  алтын  сым  білезікпен  сәнделген.  Оң  жақ  қолының  басынан  орақ 

тәрізді  үшы  бар  қысқа  қанжар,  аяқтарының  арасынан,  оң  жак  тізесінен 

күмістен 



жасалып,

 алтын жалатылған екі 



үлксн

 фалар (аттың сәңдік бүйы- 

мы)  табылды.  Өліктін  касында  кыш  ыдыс  тұр.  Өлгеи  адамның  кеудесінде 

бәйекке  бекітілген,  катты  бұзылып кеткен  жебелердің  ұсақ темір  үштары 

бар қорамсақ жатыр.

Фаларлар эллин дәуірі торевтикасыньщ тамаша үлгілері болып табыла- 



ДЫ. 

Бүлар -  алтын канылтырмен оралған және сырт жағында бекітуге арна- 

лған үш-үштен  қүлағы бар, диаметрі  24 см және салмағы 500 грамға дейін 

жететін күміс денгелектер. Денгелектердің шетінде екі білік бар, олардығ, 

біреуі  -   пунсондык,  өрнекпен,  екіншісі  лавр  жапырагының  бейнесімен 

өрнектелген.  Деңгелектердің ортасында қыска женді  кейлек  пен  етік  ки- 

ген,  оң  қолы жоғары кетеріліп,  канатты атка мініп  жаткан  еркек  адам бе- 

дерленіп  көрсетілген.  Пьірактын  алдыңғы  аяқтары  тепкелі  түрған  жерге 

арыстанның, теке мен жыланның бейнесі үштастырылған ғажайып жануар 

бейнеленген.  Қазба  жұмыстарының  авторы  фаларларда  гректің  тажал 

түріндегі зүлымдыққа қарсы күресуші Беллерфонт пен  Пегас туралы аңы- 

зының сюжеті бейнеленген деп санайдьг.

Прохоров мәдениетінің жерлеу ғұрпында, савромат кезіндегі сиякты кең 

емес, қайта алуан түрлі баскыштармен, иіндермен ж әне т. б. киындатылған 

тікбұрышты  әрі  неғүрлым  терен тар  шұнкырлар  басым  болады.  Жерлен- 

гендердің едәуір проценті денені орналастыруга арналган  арнаулы қуыст- 

ары -  лақыттары мен үңгімелері бар шүнкырларға салынады. Лақыттары- 

ньщ көлемі мен құрал-саймандарының молдығы женінен орталық қабірлері 

ерекше керінетін обалар кездеседі, оларға, сірә,  әулеттің аты аңызға айна- 

лған батыр бабалары жерленіп, оны жағалай туыстарының қабірлері орна- 

ластырылған  болса  керек.  Өліктердің  басы  батысқа  каратып  қойылудың

203


орнына, б. з. б. V ғасырдың өзінде-ақ Електе мәлім болғанындай, оңтүстікке 

қаратып қойыла бастайды.

Қабірлерде,  соның  ішінде  әйелдердің  кабірлерінде  де  бүрынғысынша 

кару көп кездеседі. Жебелердің ұңғылы қола үштарын сабы бар темір ұштар 

қолданыстан бірте-бірте ығыстырып шығарады.  Жауынгерлерді ұзын  сем- 

серлермен коса қысқа қанжар қосып жерлеу сипатты бола түседі. Бір қызық- 

тысы, бұл ретте семсердің жүзі орақтәрізді аздап иіліңкі болса, қанжардың 

алқымы көбінесе сақина тәрізді және керісінше жасалады.  Байлардың мо- 

лаларында корғаныш жарақтары -  кабыршақтәрізді сауыттар да кездеседі; 

Еділ бойында ертедегі қола дулығалар табылғаны мәлім. Ол уақытқа катаф- 

рактарий деп аталатын ауыр жарақты атты әскер тән бола бастайды, ал олар­

дын, пайда болуына сарматтар да елеулі рол атқарады.

Сол кезеңдегі  және  келесі кезендердегі  көптеген қорымдарда топырақ 

үйіп қоршалған дөңгелек, көбінесе тікбұрышты немесе терт бұрышты етіп 

арнайы салынған алаңшалар пайда болады.  Бірнешеуін қазған кезде олар­

дын табыну мақсатына арналғанын  көрсетті:  дуалдың ішінен от жағылған 

жер, керамиканың ұсақ сынықтары, жануарлардың сүйектері табылды.

Ертедегі сарматтар тарихының проблемаларымен айналысушы археолог- 

тардың  көпшілігі  Прохоров  мәдениеті  Оңтүстік  Орал  өңірінде  жергілікті 

савроматгардың мәдениеті негізінде қалыптасып, Төменгі Еділ бойына дайын 

күйінде  әкелінген деп санайды.  Нақ Електе және  Орал сыртында б.  з.  б. V 

ғасырдың езінде-ақ жерлеу мәдениеті мен жерлеу ғұрпында савромат мәде- 

ниеті  қойнауында  келесі,  б.  з.  б.  IV—II  ғасырлардағы  алдыңғы  сармат  ке- 

зеңінде үстемдік алған жаңа белгілер пайда болады. Бұларға жерленгендердің 

басын оңтүстікке  каратып  қою,  түбі дөңгелек,  ернектері  көп  күйдірілген 

ыдыстар, алқымы орақ тәрізді семсерлер мен қанжарлар, сопақша және тік- 

бұрышты қарапайым жер шұңқырлардың орнына ақым және лақыт шыға- 

рып  кою  түріндегі  күрделірек  жерлеу  құрылыстары  және  т.  б.  жатады104. 

Бұл көзқарасты жақтаушыларға азын-аулақ қарсы шығушылар, керісінше, 

Орал еңірі мен Еділ бойының адцыңғы сармат ескерткіштерінің әрқайсысы 

тиісінше өзінің жергілікті негізінде қалыптасқан, мүның өзі Орал өңірінен 

шыққэкдардың  Еділ  бойына  ж әне  т.  б.  кош уі  жөніндегі  болжамнын 

қажеттігін бекерге шығарады деп пайымдайды105.

Соңғы  жылдарда  алдыңғы  сармат  мәдениетінің  хронологиясы  туралы 

мәселе де шиеленіскен пікір алалықтарын туғызуда. Атап айтқанда, б.  з.  б. 

IV—II ғасырлардағы прохоровканың дәстүрлі мерзімін А. С. Скрипкин ша- 

мамен  бір  ғасырға жасартуға тырысып,  жалпы  жұрт кабылдаған датаның 

орнына б.  з. б. Ill—I ғасырларды ұсынады106.

Ортаңғы сармат және сощы сармат ескерткіштері. Бұл кезендердегі өлке 

дамуының жалпы ыңғайы — археологиялық ескерткіштер санының азаюы, 

ол сонау алдыңғы сармат кезеңінде-ақтұрғындардың батыс пен оңтүстікке, 

отырықшы-егіншілік аймақгарға жақынырақ жерлерге ағыла кешу үрдісінің 

байқалғанын көрсетеді.

Ортаңғы сармат кезеңінің археологиясындағы күрделі проблемалардың 

бірі киғаштап жерлеу дейтін мәселе жөнінде туындады. Термин сол кездегі 

қорымдарда  шаршы түрдегі  қабірлердің ашылып, оларда өліктердің қиға- 

штай салынуына байланысты пайда болды.  Қазіргі уақытта жерлеу ғұрпы- 

ньщ бұл ерекшеліктерін этникалықсебептермен (мысалы, олардыңиелерінің 

роксаландарға жататындығымен) түсіндіру әрекеттері іс жүзінде қалдыры-

204


лғанына қарамастан,  оның себептері туралы сұраққа дегенмен де  орынды 

жауап алынған жок.

Баска  кеп  жағынан  алғанда ортаңғы  сармат ескерткіштері  алдыңғыла- 

рына едәуір жақын. Жерленгендердің басын оңтүстікке каратып салу едәуір 

дәрежеде  сакталды,  өлгендердің  көпшілігі  бұрынғысынша  тар  шұңкырға 

жерленген.  Бүл  уақыт  үшін  ерекше  дағдылы  заттар  бәйегі  сақина  тәрізді 

семсерлер мен канжарлар болып табылады, мұндай сән сарматтардың көшіп 

баруы арқасында тіпті  Орталық Европаға да таралған.  Аң стилінде  өрнек- 

телген  бүйымдар  іс  жүзінде  жойылады.  Сыртган  әкелінген  заттар  ішінде 

неғұрлым кебі қола сымнан жасалған фибулалар болған, оларды ондіру ор- 

талықтары Рим империясының провинциялары болатын. Байлығы жөнінен

б.  з.  б.  I  ғасырдағы  Оңтүстік  Бугтегі  Соколов  бейітіндегі  сармат кабіріне 

жақындайтыны ж о қ107.

Осы  тұрғыдан  алғанда  соңғы  сармат  кезеңіндегі  Батыс  Казақстан  ес- 

керткіштері  неғұрлым жарқын  керінеді.  Олардың  ең маңыздылары Батыс 

Қазақстан облысының ең шығысындағы Лебедевка селосы жанындағы оба- 

ларда зертгелді. Бүл елді мекен ауданында дербес сегіз қорым, оларда бірнеше 

жүз оба бар.  Олардың  150-ден астамы казылды. Лебедевкадағы кабірлердің 

мерзімі сармат мәдениетінің түрлі даму кезендерімен белгіленеді, бірақ бұл 

корымнық атағын  ен кеп шығарғандары -   б.  з.  б.  IV—II  ғасырлардағы ес- 

керткіштер.

Лебедевка  корымынын  №   I  обасы  топырақ үйіндісінің диаметрі  27  м, 

биіктігі 2 метрге жуық. Орталығындағы үйінді астында келемі 3,2x2,5 м тік- 

бүрышты қабір шүңқыры бар108. Шұнкырдыңтөбесі жабылған, оны қабірдің 

периметрлері мен ортасына кемілген  12 баған тіреп тұр. Бағандардың орта- 

дағы қатары қабір шұңкырын екі болікке бөледі. Жерленген адамның қаңк- 

ас

ы

 қабір шұңқырының батыс белігінде жатыр. Өлік басы солтустікке кар- 

атылып, шалқасынан жатқызылған. Бас жағына қырлы түтқалары бар, мой­

ны  жіңішке  үлкен  құмыра қойылған.  Сол  жақ иығында темір ожау, темір 

орақ және ағаш калдықтары сақталған найзаның темір ұңғылы ұшы жатыр. 

Оң жағында аяғының жанында — ағаш қынды екі жүзі бар семсер.  Семсер 

сабының алқымы деңгелек агатпен шектелген.  Жерленген адамның киімі- 

не жартьд шар тәрізді алтын қаптамалар тігілген.

Қабірдің шығыс жағынан үңғылы темір үшты найза, екі-екіден шең- 

берлі  темір  ж әне  күміс  ауыздығы  бар  ат әбзелі,  тоғалар  мен  жүген  ка- 

птармалары табылды.  Ыдыстардан  табылғаны  -   мыс  казан,  түбі деңге- 

лек мыс  саптыаяқ,  мойны  жіңіш ке,  тұтқасы  иілген  мыс  құмыра,  оның 

төменгі  бөлігіне  Дионистің  басы,  ал  ернеуінен  шығып түрған  жоғарғы 

жағында ұзын тұмсықты кұстар қоршаған күләпаралы әбжыланның басы 

бейнеленген.

Шүңқырдың оңтүстік жағынан біреуінің жүзі тура, екіншісінікі иіліңкі 

екі темір пышақ,  янтарьдың кішкене кесегі, күмістен  жасалған  сүзгі-тос- 

таған ж әне қыш ьщыстар — шырағдан,  екі тостаған мен саптыаяқ табылды. 

Нақ осы  жерден  зооморфтық мүсін түріндегі  төрт  қырлы  қайрақ тас,  екі 

жүзді темір қанжар мен ілмекті айна кездесті.

2-обаның  үйіндісі  топырақтан  тұрғызылған,  диаметрі  2 1-22   м  және 

биіктігі  1,5  м.  Обаның  ортасындағы  үйінді  астынан  тікбұрышты,  көлемі 

3,7x2,9  м  қабір  ш үңқы ры  аршылды.  Үзын  жағымен  ол  солтүстіктен 

оңтүстікке қарай бағытталып жатыр. Шүңқырдың қабырғалары әкпен акта-



205

лы п,  кайың бағандарм ен тірелген.  Ш ұңкы рды ң т ө б е с і де каиың б ө р ен ел ер - 

м ен   жабы лған.

1,8 м терендікте ағаш тақтай үстінде әйелдің каакасы жатты. Осында та- 

былған  заттарға  карағанда  ол  аксүйек  әйел  болған.  Өлген  әиел  басы  со- 

лтүстікке қаратылып, созылған күйінде шалкасынан қойылған. Бас сүйегінде 

түрлі-түсті  тас  салған  ай  сиякты  алтын  сырға  бар,  нак  сол  жерден  сүйек 

жанынан түйіршіктермен безендіріліп, сердолик салынған үлкен жүзік және 

үш  алқа табылды.  Бір  алка диаметрі  әр түрлі  (0,5-3,5  см)  сопакша янтарь 

моншақтардан түрады.  Екінші алка тау хрусталінен істелген деңгелек мон- 

шақтардан қүрастырылған. Барлык хрусталь моншак -  28, олардын диаметрі

-   1,5-3,5 см. Үшінші алка он төрт қырлы  19 сердолик моншақтан тізілген. 

Алты кырлы  14-і де сердолик, екеуі сұр ұнтактан, біреуі гематиттен және 6- 

ы кара ұнтақтан  бекіренің аркасы сиякты етіп  жасалған.  Жерленген  адам- 

ның  кеудесінен  шет  жактарында дөңгелектері  бар  ромб  тәрізді  медальон 

табылды. Оның ортасында кедергілі эмаль техникасымен ак және көгілдір 

түсті  эмаль  мен  яшмадан  шаршылап  геометриялық  әшекей  жасалған. 

Әйелдің  киіміне  жартылай  сфералық  алтын  каңылтырлар  және  жалған 

туйіршіктермен безендірілген калақшалар мол тігілген.

Молаға  салынған  мыс  күмыраның  жоғарғы  жағынан  Дионистің  басы 

бедерленген түтқасы мен еліктің иілген аяғы түріндегі әдемі сабы бар күміс 

касық  ерекше  назар  аудартады.  Қабірден  ортасында  тесігі  және  қақпағы 

цилиндр тәрізді куысы бар шар сиякты күміс шырағдан, кеуіп кеткен шеп 

сабақтарының калдықтары бар күміс сүзгі, сакина сияқты шығынкы кұлакт- 

ары бар екі кола казан шықты. Бас жағында кола шелек түрды, жылтыраты- 

лған қобдишаға салынған былғары капты қола айна (диаметрі  8 см) жатгы.

Қабірден тағы да бірнеше  керамика ыдыс  пен екі  ағаш тостаған табыл­

ды. Өлікке кару да салынған. Бүл -  дөңгелек үңғылы және тікбүрышты үзы- 

нша жүзі бар темір кельт пен белдікке байлайтын темір ілмегі бар кішкене 

балта.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет