Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст



Pdf көрінісі
бет26/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   76

192



-

Б. з. б. V—III ғғ. сарматтардың  қүр- 

Тараздан табылған табақ. 

бандық табақтары.

«Есік» корғанынан табылған әшекей.



бойынша  Солтүстік  Қазакстанның  ертедегі  темір  ғасырының  мәдениетін 

үлыбай-тасмола мәдениеті деп атап, сол аркылы аймақтың археологиялық 

кешендерінің  өзіндік  ерекшелігін  атап  керсетуге  және  оларды  Сарыарка 

ескерткіштерімен біртұтас мәдени кауым шеңберіне біріктіруге болады.

Үлыбай-тасмола  мәдениеті  өз  дамуында  хронологиялық  үш  кезеңнен 

өтеді, олар:  б.  з. б. VIII—VII; VI—V; IV—II ғғ. Кезендердің мазмұны мен же- 

текші сипаггамалары этникалық және мәдени байланыстардың жиынтығы- 

мен аныкталады.  Ең жаркын, мазмүны бай әрі серпінді кезеңі алғашқы сақ 

кезеңі болып табылады. Солтүстік Қазақстан аумағында ол кезеңнің коныс 

және жерлеу кешендері бар.

Бүл  заманда  Қазақстан  далаларында  түсті  металлургияның  куатты 

©ндірістік ошағы одан әрі жүмыс істеді. Оның өнімі Қазақстан шегінде пай- 

даланып  кана  қоймай,  евразия даласының шектес және алыс аудандарына 

да  шығарылады.  Сібір  мен  Қазакстан  үшін  сипатты  металл  құрамы  бар 

бүйымдар алыстағы батыстан, Шығыс Европа мен Солтүстік Кавказдан та­

былды.  Түрлі  топтардағы  құрал-саймандардың  жалпы  скифтік  үлгілерін 

дайындап,  пайдаланумен  қатар  аймақтың  өзіне  тән  ерекшелік  беретін 

жергілікті  үлгілер  жасалады.  Мәселен,  Солтүстік  Казакстанда  сыртында 

ілмешегі  бар  деңгелек  айналардың  таралуымен  бір  мезгілде  косымша 

ілмешек салынған бүйірінде түткасы бар айналар пайда болады.

Б.  з.  б.  VIII—VII  ғасырларда темір  қорыту  ісі  игеріле  бастайды.  Мүны 

қоспа металдардан және темірден жасалған пышактардың, тоғалардың, қал- 

ақшалардьщ табылуы  дәлелдейді.  Бұл  технологиялық  жетістікке,  шектес 

аумақтарға  карағанда,  Казакстан  далаларында  ертерек  кол  жеткізілген. 

Жайықтың  арғы  беті  мен  Батыс  Сібірдің  орманды-далалық  еңірлерінде 

темірден жасалған бұйымдар -  б.  з. б. V ғасырда92, Оңтүстік Оралда б. з. б. 

VII—VI ғасырлардың аяғында93 пайда болады.

Б. з. б. VIII—VII ғасырларда Солтүстік Қазақстанның және жалпы алғанда 

ертедегі темір ғасыры тұрғындарының тарихында тасмола мәдени-этногра- 

фиялық қауымы  ерекше орын  алады.  Бүл -  тасмолалыктардың  гүлденген 

кезеңі.  Олар  Жайық-Ертіс өзендері аралығындағы далалық аймақтың ора- 

сан зор аумағын игерді.

Әр түрлі хронологиялык кезендер ескерткіштерінің сан жағынан алған- 

дағы арақатынасына қарағанда, б. з. б. VIII-V II ғасырларда Солтүстік Казак­

стан далалары белгілі бір демографиялықдүмпуді бастан кешіреді. Ескерткі- 

штердің кәпшілігі сол кезеңге жатады.

Ойкуменнің кеңеюі, Батыс Азия аймағының далалық өңірінің және ор- 

манды-далалық өңірі оңтүстік жағының халқымен тікелей  қарым-қатынас 

орнату мәдениетті алыс-беріспен толықтырып, байыта түсті, оның шектес 

аудандарының  мәдениетіне  ерекше  өзгешілік  берді.  Азия  далаларының 

солтүстік белігінде негізгі сауда және көшіп-қону арналарының бірі тасмо- 

лалықтар  ықпал  жасайтын  өңірге  кіреді.  Сібірдің  қуатты  металлургия 

ошағын Шығыс Европамен жалғастырып жатқан, шикізат (қалайы), дайын 

өнім (карасук үлгісіндегі қанжарлар, кола айналар, ат әбзелдері) тасылып 

отырған транзитті жол орманды-дала шетімен өткен. М әдени байланыстар 

жүйесіне бақылау жасау мен қатысу ең жаңа және неғүрлым жетілдірілген 

қару-жарақ үлгілерімен, тұрмыс заттарымен және технологиялармен тіке- 

лей танысып, оларды алмасуға қосымша жағдайлар жасайды.

Б. з. б. V I-V  ғасырларға қарай Солтүстік Казақстан далаларындағы 

жағ-

7 - Қ азақстан тарихы ,  т. 1 

193


дай  өзгеріп,  тайпалар  мекендеген  аумақ тарылады.  Мэдени  байланыстар- 

дын,  жаңа  бағдары  байқалады.  Батыстағы  көршілермен  карым-катынас 

күшейеді.  Мұны  жебелердің  ұштары  мен  канжарлардың  скифтік  түрлері 

дәлелдейді.

Б. з. б. V II-V I ғасырлардың өзінде-ақ қанжарлардың соңғы үлгідегі ка- 

расук түрлерімен бірге алқымы көбелек тәрізді кола акинактар пайда бола­

ды. Темірден жасалған алғашқы қанжарлар табылады. Солтүстік Қазакста- 

нныңтемірден жасалған қанжарларыныңтобы мүйіз және ағаш сапты үлгіде 

болып келеді.

Б.  з.  б.  V -IV   ғасырлар  ертедегі  темір  ғасыры  мәдениетінің  тарихында 

ерекше маңызды кезең саналады. Олардың ішкі дамуы кошгіелілер коғамы- 

ны ң

 әлеуметтік сатыларының күшеюімен — рулық-тайпалық аксүйектердің 

бөлініп  шығып,  оқшаулануымен  сипатталады.  Сырттай  қарағанда,  эколо- 

гиялык 

факторларға  емес,  қайта әлеуметтік-саяси  себептерге  байланысты 

этникалық-мәдени картаның қайта құрылуына әкеп соғады.

Далада «бос» жердің болмауы көшпелі халықтың бір бөлігінің орманды- 

далаға қоныс  аударуына,  отырықшылыкка  ауысып, жаңа  негізде  бұрынғы 

көшелі шаруашылыққа кайтып оралуға әкеп соғады. Бүл сарғат мәдениетінің 

қалыптаса бастау үрдісі болды. Көшпелілік дәстүрі жаңа табиғи ортада ша- 

руашылық жүргізу түрінде эсер етіп, мал шаруашылығының жартылай оты- 

рыкшы, жартылай кешпелі түрлерін ұштастыратын біріктірілген шаруашы- 

л ж-мәдени үлгісін қалыптастырды94. 

і

Мәдени-тарихи байланыстардың бағытына қарай V -IV  ғасырлар шебінде 



бірнеше  шағын  аудандар  бөлініп  шығады.  Солтүстік-Қазақстандағы  Есіл 

еңірінің  ескерткіштері  осындай  аудандардың  бірін  кұрайды.  Олардың 

көпшілігі  б.  з.  б.  I  мыңжылдықтың екінші жартысындағы деп белгіленеді. 

Сарғатмәдениетінің жерлеу ескерткіштері кеңінен мәлім. Солтүстік Казак- 

стан аумағында сарғат дәуірінің бүгінгі танда толық зерттелген  бірден-бір 

қала орны ашылды, ол сарғат тайпаларының қорғаныс  кұрылысы жөнінде 

қүнды деректер берді.

Ақтау  қаласының  қираған  орнында  куатты  фортификациялық  бекініс 

жүйесі болған. Бекіністің қабырғасы 5—6 м етіліп үйілген топырак дуалдың 

үстіне ағаштантүрғызылған. Оның архитектурасына дуал ішіндегі дәліз және 

жоғарғы ұрыс  галереясы  бойынша жер  бетіндегі  техникалық-ұтымды  екі 

деңгейлі қорғаныс принципі алынған.  Жоғарғы атыс  галереясы бүкіл фор- 

тификациялық жүйе белдеуі бойынша көктей өтеді. Әскери өнер түрғысы- 

нан алғанда дуал-қабырғаның кеңістік орналасуы да оңтайлы.  Бекініс бел- 

деуі жеке-жеке бес қорғаныс калқасынан түрады. Бекіністің кіре беріс кұры- 

лысы да қорғаныстың композициялык шыркау шегі болып табылады. Әрбір 

қорғаныс қалқаның ұзына бойы еркін жүріп-тұру бекіністі қорғаушылардың 

қимыл ерісін қосымша  кеңейтіп,  дуал  алдындағы  кеңістікке  бакылау  жа- 

сауды ғана емес, сонымен катар оған келер жолды екі жақтан да атқылауды 

қамтамасыз етеді.

Дуал-қабырғаның қасбеті  түйетайлы.  Оның иленген  балшықтан тығыз 

каланған астыңғы қабаты ауыр тактайлармен бекітілген. Дуал-қабырғаның 

етегінен  бекініске тікелей шабуыл  жасауды  қиындату  үшін  терендігі  1,3— 

1,5 м ор қазылған. Қираған қала орнының ішкі бөлінісі қорғаныс сипатын- 

дағы максаттарға бағындырылған. Түрғын үйлердің орналасуы фортифика- 

циялык бекіністер бағытын қайталайды.



194

Ұлыбай-тасмола  тұрғындарынын  бір  бөлігінің  орманды-далаға  орын 

ауыстыруы б. з. б. I мыңжылдыктың орта шеніндегі тарихи оқиғалар тізбегін- 

дегі бір буын болып табылады. Б. з. б. V -IV  ғасырларға қарай нығайып алған 

көшпелі  конфедерация  орындарынан  козғалып,  егіншілік  аудандарға  бет 

бұрды.  Сармат  шапкыншылығының  бір  бағыты  Солтүстік  Казақстан  ау- 

мағын  да  шарпыды.  Б.  з.  б.  V—IV  ғасырлардағы  қорғандарда  олгендерді 

оңтүстікке каратып лақытқа қою таралды, ыдыстар мен қанжарлардың жаңа 

үлгілері пайда болды, олар батыс сармат дүниесімен байланысын көрсетеді.

Б. з. б. IV -II ғғ. ұлыбай-тасмола мәдениетініңтарихындағы корытынды- 

лаушы кезең болып табылады. Бұл кезендегі жерлеу ғұрпының дамуы ежелгі 

қоғамның мүлік жағынан жіктелу үрдісінің басталуымен, рулық-тайпалық 

ақсүйектер қабірлерінің окшау көрінуімен байланысты.

Лакыттардың құрылымы күрделеніп,  неғұрлым алуан түрлі бола түседі. 

Қарапайым жер шүкырлармен, шегендеулермен катар лақыттап қою тарал­

ды.  Әсіресе  ірі  обалардағы  лақыттардың  безендірілуі,  ағаш  табыттардың 

қалдықтары,  ыдыс-аяқ, қару-жарақтар, сылақ іздері өзіндік ерекшелігімен 

сипатталады.

Отка  табыну  сол  күйінде  калған,  бірақ  неғұрлым  айкын  сипат  алған. 

Өлікті  өртеудің  бірнеше  түрлері  қолданылған.  Жердің  бетінен  қазылған 

шүңқырға отты кыздыра жағып, бір қабат қызыл шок үстіне өлікті жайғас- 

тырған.  Өлікті ертеудің баска да түрлері белгілі.

Ірі  обалардың төңірегінен  елікті  еске түсіруге  арнап  күрбандықка  ша- 

лынған жылқы сүйектері табылды.

Б.  з.  б.  IV—II  ғасырлардағы  обаларда  жалпақ түпкі  керамикамен  катар 

дөңгелек түпті керамика пайда болады. Орманды-дала және дала түрғында- 

рының өзара қатынастарының сипатын Есіл-Шағалалы шағын ауданы оба- 

ларының тобы көрсетеді, оларда жерлеу ғүрпы мен саймандарының алуан 

түрлі  элементтерінің  үштасуы анғарылады.  Қүрбан  шалатын  тас  орындар 

кешенінде сарғат тұрпаттас ыдыстар табылды.

Солтүстік  және  Орталық  Қазаютанның  тасмолалық  түрғындарының 

тарихи тағдыры бірдей болып шықты. Дамудың үздіксіздігі мен этникалық- 

мәдени бірлік замандар шебінде бұзылады. Б. з. б. II ғ. — біздің заманымыз- 

лағы  I  ғасырда бүкіл  жауынгерлік  жарактарымен:  жебе  салынған  қорамс- 

агымен,  ғүн  садағымен,  салт аттының үзын  семсерімен және  канжарымен 

Косып  жерленген  әскери  кабірлердің айкын  тобы  пайда  болады.  Жауын- 

герлердің  жанында  кене  сипаттағы,  алқымьі  үш  кырлы,  не  ромб  қималы, 

•жалпақжүзді қанжарлармен бірге стандартты ұзын темір семсерлер жатты.

Б.  з. б.  I  мыңжылдықтағы -  біздің заманымыздың алғашкы ғасырлары- 

ндағы  ескерткіштер  Азия  далаларының  оңтүстік-шығыс  ж әне  оңтүстік 

аймақтарымен  байланыстардың күшейгенін көрсетеді.  Оңтүстікке  бағдар- 

лану кейбір қару-жарақ үлгілерінің Орта Азия мен Жетісудын қабірлерінен 

табылған түрлеріне ұқсастығынан айкын байқадады.

Солтүстік Қазақстан аумағында салт аттыны жерлеу ғүрпының таралуы, 

сез жоқ, далада б. з. б. I мыңжылдықтың аяғына карай қалыптасқан жалпы 

тарихи жағдайдың көрінісі болып табылады.

Азия далаларының оңтүстік бөлігіндегі окиғалар, халыктардың үлы коныс 

аудару үрдісінің басталуы жағдайдың түрақсызданып, Солтүстік Қазакстан 

далаларының бос калуына әкеп соғады.



195

5. Е РТ Е Д Е П  ТЕМ ІР Д Ә У ІР ІН Д Е П  О РТАЛ Ы Қ ҚАЗАҚСТАН

Ескерткіштер топографиясы. Бұл кезде Орталық Қазақстанда ең көп та- 

ралғаны  — обалы  қорымдар.  Ең  ірі  обалар:  Бұғылы,  Қызыларай,  Қарқар- 

алы, Баянауыл, Қызылтас, Кент, Арқарлы, Қу, Қызылтау, Ортау, Ақтау та- 

улары мен сілемдері аудандарында шоғырланған.  Олар Үлытау,  Арғанаты, 

Желдіадыр  тауларының бөктерлерінде,  Желдітауда,  Тайатқанда,  Шұнакта 

жақсы мәлім, Солтүстік Бетпакдалаға дейін жетіп жатыр.  Балқаш өңірінің 

шөлді аймағында обалар Қотанемел, Тесіктас,  Қайрақтас, Жалғызтау,  Жо- 

рға,  Коксеңгір  тауларында  шоғырланып,  шығысында  Шыңғыс  жотасына 

дейін  жетеді.  Солтүстік-шығыста  обалы  қорымдар  Шідерті,  Өлеңті  өзен- 

дері  мен  олардың салалары  жағалауындағы  жаркдбакты тегіс  аймактарда, 

солтүстікте  Ерейментау таулы жазығына және  Сілеті  өзенінің бас  жағына 

орналасқан.

Мыс, алтын және басқа металдар өндіру ертедегі темір дәуіріне жатады

олар сонау қола дәуірінде пайда болған. Бұлар — Солтүстік Балқаш өңіріндегі 

(Тесіктас,  Кенелі,  Саяқ,  Акоба,  Қызылтас,  Соркүдык),  Нүра  өзенінің бас 

жағындағы (Алтынсу, Бесшоқы), Атасу өзеніндегі, Баянауыл және Қарқар- 

алы далаларындағы, Үлытау мен Имантаудағы, ақырында, Жезқазған кенді 

аймағының  көптеген  кеніштеріндегі  мыс  кенін  ендіретін  орындар.  Есіл 

өзенінде, Көкшетау тауларында және Бетпакдаланың солтүстік алқаптарын- 

да қалайы өндірілген орындар мәлім.  Степняк,  Бестебе, Майқайың, Жоса- 

лы аудандарының кеніштері алтын ондіретін негізгі орталықтар болған.

Орталық Қазақстанның ертедегі темір дәуіріне тән корнекілік — жарта- 

сқа салынған суреттер-петроглифтер. Олардың көпшілігі тастардың жалаң- 

аш тегіс беттеріне қашап салынған және жануарлардың, адамдардың әр түрлі 

тұлғаларын бейнелейді. Көптеген петроглифтер аңшылықтың, садақшылар 

шайқасының  күрделі  композициялык көріністері,  анды  жан-жақтан  қам- 

алап аулау сюжеттері. Бұл сюжеттерден жайылып жүрген жабайы және үй 

хайуандарын, түйе керуендері мен түйе жегілген қос доңғалақты арбаларды 

көруге болады. Жартас бетіндегі гравюралар Үлытау таулары оңірінен, Қа- 

лмаққырылған лауларынан,  Сарысу  езенінің  оң  жағалауынан,  Абыралы, 

Шұнақ, Дегелең тауларынан,  Нұраның жоғарғы және Өлеңтініц орта ағы- 

сынан, Баянауыл тауларынан, Балқаш маңынан және Солтүстік Бетпакда- 

ланың басқа аудандарынан табылды.

Тасмола  мәдениеті.  Ертедегі  темір  дәуіріндегі  Орталық  Қазакстанның 

ежелгі  малшыларының мәдениеті  неғұрлым  көлемді  археологиялық қазба 

жұмыстары жүргізілген Тасмола қойнауының атына сәйкес Тасмола мәде- 

ниеті  деп  аталды95.  Оны  ерекше  боліп  алуға  тастар  тізбегі  бар  обалар  — 

«мұртты обалар» деп  аталатын  ерекше  үлгідегі  ескерткіштер  себеп  болды. 

Мұндай ескерткіштер қазақтың үсақ шоқылы өңірінен тыс жерлерден, мы- 

салы,  Қазақстанның  шығыс  және  оңтүстік  облыстарынан  (Оба,  Коктал, 

Ащысай және Еділ бойы («Үш ағайынды» аңғары) кездеседі, бірақ олардың 

кең тараған негізгі өңірі Орталық Қазақстан болып табылады.

Мұртты  обалардың  түрлері  көп ,  б ірақ  оларды ң  барлы ғы  д ерлік 

біртұтас  сәулет өнері  кешеніне  кіреді.  Үйілген топырақ астында елікті 

жерлеу  үшін  қазылған  терең  сопақша  шұңқыры  бар  үлкен  оба  оның 

негізін  құрайды.  Үлкен  үйіндіге  жақын,  әдетте  шығыс  жағынан,  кіші 

оба салынатын болған. Оның астына, сол заманғы жердің бетіне, жаны-



196

на кыш ыдыс  койылып,  ат  жерленген.  Сонан  сон, кіші  обадан  шығысқа 

карай бағытталып, шет жактарында дөңгелек тас қүрылыстары бар, доға 

тәрізді тас  тізбектері  каланған.

«Мүртты» обалардың архитектуралық кешені қола дәуірі тайпаларының 

табынушылық кұрылыс өнерінің дәстурлерін айкын бейнеледі, бірак соны­

мен бірге бұл б. з. б. VII—VI ғасырларға және онан кейінгі кезендерге де тән 

жаңа кұбылыс.

Бұрынғы  аттың  терісі  мен  басын  жерлеу  ғұрпынан  айырмашылығы  — 

тасты тізбектері бар обалардан өлген адамның аяк жағына көмілген жылқы 

қаңқасы табылды.  Сірә, атын кұрбандыққа шалатын бұл ғұрып күнге табы- 

нушылыққа байланысты болса керек.

Тасты тізбектері бар обалар кешенінің элементтерінен күн құдайға атты 

немесе оның белгілі бір мүшесін құрбан  ету, үнемі  «кірер аузы»  шығысқа, 

таңертеңгі  күнге  каратып  салынатын  тас тізбектері  сияқты күнге  табыну- 

шылықтың ерекше  белгілері деп топшылауға негіз  бар.  Ал доға тәрізді тас 

соқпактар, сірә, алыста калған, Ригведаға сәйкес, күнге арнап Варуна қүдай 

дайындайтын  сүрлеумен  байланысты  болса керек96.  Тізбектердің ұштары- 

ндағы дөңгелек тас күрылыстар ішіне бата қылу кезінде жағылған оттардың 

іздері де күнге табынушылықпен байланысты екені шүбәсыз.

Өлікке жылқы малын арнау және  атты күн күдайға күрбандыққа шалу 

ғүрыптары көбінесе діни ұғымдардың негізі ретінде Орталык Қазақстанның 

ежелгі малшылары арасына кең таоаған.

Тасты тізбектері бар кұрылыс кешендері салынуына еңбектің коп жұмса- 

луы, байлығы, сәнділігі жағынан ру-тайпа ақсүйектерін жерлеуге арналған. 

Әрбір рулық зиратта ондай қүрылыстар онша көп емес, ал олардың жанда- 

рында қатардағы тайпаластары жерленген көптеген карапайым обашыктар 

бар.

Ескерткіштердің  бұл  түрлерінде  адамды  жерлеу  ғүрпының  неғұрлым 



мәнді-мәнді сипаттары үксас. Бүлар — этникалық-тайпалыккүрылымы бір, 

бірақ әр түрлі  әлеуметтік топтардың ескерткіштері.

Түрғындардың антропологиялық үлгісі мен материалдық мәдениеттің аса 

маңызды элементтері  ертедегі темір дәуіріндегі  Орталык Қазақстан тайпа­

лары мен олардан бүрын өмір сүрген андронов тайпаларының сабақтастык 

бар екенін айқын кәрсетеді.

Тас тізбекті обалар ішіне тастан жәшіктер мен деңгелектер салуда, б.  з. 

б. V II-V  ғасырлардың кейбір обаларында тақта тастарды жалпағынан калап, 

тас лақыттар тұрғызу тәсілдерінде, каруларда, өрнектерде (мысалы, Сыпы- 

ра-оба моласынан табылған қорамсақтың алтын қалақшасында) андронов­

тык кұрылыс дәстүрі  сакталған.

Археологиялық деректер  және  ішінара  жазбаша  деректерден  алынған 

үзінді мәліметтер тасмола мәдениеті тайпалары сак тайпаларының куатты 

одағы  қүрамына  кіргенін  көрсетеді.  Қазақстан  аумағының  баска  ауданда- 

рының копшілігіндегі сиякты, Арал-Ертіс су айырығы аумағын мекендеген 

тайпалардың да нақты этнонимін анықтау қиын. Дегенмен де ертедегі темір 

Дәуіріндегі  Орталық  Қазақстан тайпаларын  негізінен  Аристей  Проконес- 

ский жылқыға, қой мен огіздер табынына бай сансыз кеп және даңқты жауы- 

нгерлер  деп сипаттаған  исседондар деп  жорамалдауға  болады97.  Басқа  ав­

торлар, атап айтқанда, Гекатей Милетский, олардың шығыс скифтеріне не­

месе сақтарға жататынын атап корсетеді98.

197


Обаларды  қазғандағы  материалдар  бойынша  тасмола  мәдениеті  тайпа- 

ларының үш даму кезені  шартты түрде бөлінген.

Бірінші кезеңб. з. б. VII—VI ғасырларды қамтиды. Бұл кезең туралы Тас­

мола- 1-5, Қарамүрын-1, Нұрманбет-4 қорымдары неғұрлым толық мәлімет- 

тер береді.

Екібастүздан солтүстік-батысқа карай, далалык Шідерті өзенінің оң жағ- 

асындагы әр түрлі кезде жерленген Тасмола-1  құрылыстар тобында  19-оба- 

ның бейіті мейлінше назар аударарлык болып шықты. Жерден казылған кабір 

шүңқырында  төселген  камыс  үстінде  кола  айнасы,  темір  пышағы  және 

кайрақтасы бар әйел жатты.

.  Осында 

аттын 

басы,  жауырыны  және екі  койдың басы табылды.  Аттын 

басында жүгені бар, ал кайыс жүген әр түрлі кола бұйымдармен сәнделген.

Баска бір обаға (Тасмола-5, 2) жерленген адамның аяк жағына жеті жы- 

лкының терісі мен басы койылған. Осы жерден ат ауыздығынын бай жиын- 

тығы,  таутеке  мүсіні  түрінде  коладан  жасалған  әшекей  заттар,  салмакты 

қоңыраулар  табылды.  Алайда  бұл  жай  ғана  күрбан  шалу,  не  арнау  ғұрпы 

емес, кайта жеті атжегілген «аспан арбасын» жабдықтау салты. Бір ғажабы, 

Ригведада  күн  күдай  Сурья  нақ  жеті  алтын  түсті  бие  жегілген  күймемен 

жүреді.


Карамүрын  қорымынан  (5-оба)  жебелердің  б.  з.  б.  VII—VI  ғасырларға 

тән  жиынтыгы,  нак содан  — Қазақстан  аумагындағы  ен  ертедегі  шүнкыр- 

дың бірбүйірін үнгі 

і

 қою деп аталатын жерлеу кұрылысы табылды, ол неғү- 

рлым  кейінгі  кезде де  таралған.  Обага жерленген  жауынгерге  коса  кайын 

сапты  және  екі  түрлі  — кос  канатты  ұңгылы  және  үш  қалақты  келте  кола 

үшы бар 46 жебе салынған,  жылкы терісінен жасалган корамсак көмілген.

Нүрмамбет-4 койнауындағы жауынгер жерленген бейітте ( 1-оба) тасмо- 

лалық ескерткіштерге тән жер лақыт ішінен такта тастармен  шегенделген. 

Бүл арадан бір бума жебе, мүсінді сабы бар коладан жасалган ауыр ақинақ- 

қанжар мен сабы сакиналы пышақ ілінген,  металдан жасалган  кұрастырм- 

алы шомбал белдік  табылды.

Тасмола  мәдениетінің  алғашқы  кезеңінің  обаларынан  табылган  заттар 

жиынтыгы тұракты  болып  келеді; 



үңғылы, 

қос  канатты  және  үш  калақгы 

жебе ұштары, сабының жогаргы үшы кесек немесе саңыраукүлақ тәріздес 

кол жылжымас үшін жасалган қаптамасы бар акинак-канжарлардың айрык- 

шатүрітек осы кезеңге ғанатән. Үштары кішкене үзенгі тәрізді кола ауыз- 

дығы және қоладан не мүйізден жасалган үш тесікті айшықтары бар, күры- 

лымы ерекше  жүген де сол уакыттарга тән.

Колданбалы  өнерге  басын  бері  бұрып  тұрган  жолбарыстардың  алтын- 

нан соғылган мүсіндері, кос доңғалакты арбаны безендіріп түрған таутеке- 

лердің қола мүсіндері, қола айнага бедерлеп салынган қабан мен бүланның 

мүсіндері,  бүратылып  жаткан  қабандар түріндегі  сүйектен  және  мүйізден 

жасалған тогалар тән болып келеді. Б. з. б. VI ғасырдың аяғына таман «зоо- 

логиялық  шытырман»  стиліндегі  көп  мүсінді  композициялар  пайда  бола 

бастайды.  Тасмола-5  корымындағы  3-обадан табылған  мүйіз тогадағы  бүл 

сюжет Евразияда ете-мөте сирек  кездеседі  және  бұған  алыстағы  Туваның 

сол  уакыттардағы  Алды-бел  ескерткіштерінен табылған  заттар ғана  ұқсас 

келуі  мүмкін.

Түйірлеу мен  көмкерудің күрделі де  нәзік әдісімен  безендірілген  жаңа 

зергерлік бүйымдар пайда болды (Жыланды, Шілікті, Арасан-1). Кейінірек

198


Тынықмұхиттан Шығыс Европағадейінгі орасан зор аумаққа тараған поли- 

хромды стиль деп аталатын стильдің техникасы шыға бастады.

Археологиялық  материал  Орталык,  Казакстан  тайпаларының  Тасмола 

мәдениетінің  бастапкы  кезеңінде-ақ темірмен  таныс  болғандығын  көрсе- 

теді.  Қақтау  әдісімен темірден сабы  сақиналы және түзу сапты пышактар, 

сондай-ақ айшықтар және жүгеннің бастырмалары соғылды.

Екінші  кезенде  (б.  з.  б.  V—III  ғғ.)  Тасмола  тайпаларының  мәдениеті 

көбінесе  өзінен  бүрынғылардың дәстүрлерін  жалғастырды.  Жерлеу  жора- 

лғыларының кейбір  бөліктері  ғана  өзгерді,  атап  айканда,  өлікке  ат арнап, 

бірге көму ғұрпы жойылды.

Қару-жарақ, шаруашылык және түрмыстық қажетке арналған заттарды 

жасауда неғұрлым елеулі өзгерістер болды. Садактын күрделірек және алы- 

сқа  ататын  құрылымына  байланысты  жебелердің  бұрынғы түрлерінің  ор­

нына  коладан  жасаған  үңғылы,  канды  басы  үш  қырлы  стандартты  жебе 

ұштары  шықты.  Темір  анағүрлым  кең  пайдаланыла  бастады.  Одан  бәйегі 

мүйізше  сияқтанған  семсерлер,  үштары  иіліп  доңгелетілген  ауыздықтар 

жасалынды.  Б.  з.  б.  III  ғасырда қарудың ең көп тараған түрі жебенің ұшын 

жасауда да темір коланы ығыстыра бастады. Дөнгелегінің кенересінде биік 

жиекшесі бар, коладан жасалған шомбал айна енді болмайды. Олардың ор­

нына  сабы  бар  және  дөңгелегі  тегіс,  шағын  айналар  шыкты,  айналардың 

саптары мен баска да іс қажеттеріне арналған заттар «аң» стилінде жасалы- 

нған Сейнелермен безендірілген. 

і

Көп мүсінді композиция дамыды, негізгі сюжетгік желінің бірі — андар- 



дың таласуы,  жырткыштардың шабуыл  жасау  көріністері  болып,  жануар- 

лар дүниесінің реалистік бейнелерін стильдік және схемалықтұрғыдан бей- 

нелеу  терендей  түсті.  Қорғантас  қойнауынан  табылған  тікбүрышты  қола 

тоғадағы барақ иттін бұғыны бас салып жатқан кезін бейнелейтін сурет көз 

тартарлық ернекке айналдырылған.

Сонымен бірге жерлеу кешендерінде неғүрлым ерте кезде тараған бұйым- 

дар тобы сақталып  калды.  Олардың  ішінде  кыш  ыдыстар, тастан  жасалған 

күрбанды к күралдары  ж эне кайрак та стар

 ерекше көрінеді.

Орталық  Қазакстачдағы  ежелгі  малшылар түрмысында ағаш  жэне  ме­

талл  ьгдыстар  кең орын  алған болуы  ыктимал.  Тас  тізбекті  обалар  кещен- 

Дерінде  қыш  ыдыстар  кездеспейді  деуге  болады.  Мұндай  ыдыстар  жиын- 

тығы  Қазакстан  аумағының басқа  аудандарынын  ертедегі  керамикасынан 

мүлде езгеше жэне сонымен бірге Тасмола мәдениетінің барлық кезендері 

үшін дәстүрлі. Таспалап жапсыру әдісімен істелген, түбі жайпақ үлкен ыдыс­

тар  ғүрыптык  ыдыстар  болған  жэне  жерлеу ғұрпы  үшін  арнайы  жасалған 

деп топшыланады.

Тастан жасалған күрбандык ыдыстары мен  кайрактар Тасмола мәдени- 

етінің  бастапқы кезендеріне де,  одан  кейінгі  кезендеріне де  тән,  олар  тек 

әйелдерді  жерлеуге  байланысты  болады.  Олар  сопақша  бітімді,  аласа  жи- 

екті қүмдақ тастан істелген шағын табақтүрінде қырналып жасалады, тегіс 

келген түбінде тұғырлары, не аяқтары болмайды. Белдікке іліп қоятын тесігі 

бар құмдақ тас қайрақтардың түрі тікбұрышты және ірі келеді.

Б. з. б. Ill—I ғасырларда обалардың дәстүрлі түрі сақталған. Алайда, жер- 

леу  ғұрпында  тасмолалықтарға  тән  емес  ерекшеліктер  пайда  болды.  Бүл 

Нұрмамбет-1,  Қарамұрын-2  қорымдарындағы  үш  қүрылыстан  айкын 

көрінеді. Жерленгендердің басын оңтүстікке қаратып салу, түбі жайпак, түрі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет