Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст


Үйғарақ  пен  Түгіскеннен  кездестірілді.  Үйғарақтағы  түйенің  басы



Pdf көрінісі
бет24/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76

Үйғарақ  пен  Түгіскеннен  кездестірілді.  Үйғарақтағы  түйенің  басы 

түрінде  жасалған  алқада  және  Түгіскендегі  66-обадан  табылған  киік 

мүсіні  түріндегі  алтын  қаптырмада  жергілікті  сюжеттің  бейнеленгені 

сөзсіз.  53-обадағы арыстандарды бейнелеу тәсілімен жасалған Түгіскен 

қаптырмалары Қазақстан аумағы мен Минуса ойпатынан табылған, аяқ- 

тары бүгулі  бұғылардың бейнелеріне ете қатты ұқсайды.

Б. з.  б. V ғасырдағы қорғандардан табылған алтын астарлардағы бей- 



нелер 

Оралдың және Оңтүстік Орал өңірінің савромат дүниесінің өнері-



178

не жақын. 53-обадан табылған қынның алтын қалақша-астарьінда бірінің 

артында бірі «жер бауырлап» жатқан ғажайып екі аң бейнеленген; олар- 

дың  жоны  мысық  тұқымдас  хайуанға  ұқсайды,  басы  жылқының  басы 

сияқты, ал иығына үш бұрыш түріндегі скифтердің аң стилінде қабылд- 

анған геометриялық өрнектер салынған58. Түгіскен мен Үйғарақтың оба- 

ларынан  табылған  барлық  өнер  заттары  Арал  еңірі  ауданын  скифтік- 

сібірлік  аң  стилі  ареалына  әкеліп  қосады.  Соңғы  жылдардағы  зерттеу- 

лер оның шекараларын шығысқа, тек  Қазақстан далаларына ғана емес, 

Туваға  дейін  де  кеңейтті.  Бұл  орайда  шығыс  ескерткіштерінің  бәрі  аң 

стилінің пайда болу мерзімін б.  з. б. VII—VI ғасырлармен, біркатар жағ- 

дайларда тіпті б.  з. б. VII ғасырдың басымен белгілейтіні, оның жекеле- 

ген  мәдени  аймақтарда өзіндік  ерекшеліктермен  пайда  болғаны  айқын 

көрсетіледі.  Мысалы,  Тува,  Алтай,  Оңтүстік  Сібір  және  Қазақстан  ау- 

мағының  дені  европалық  скифтік-сарматтық  және  Жайық  өңіріндегі 

сарматтық аймақтардан  ерекше  аймақ қүратыны  анық.  Арал  өңірі  сақ- 

тарының негізінен батыс савроматтық бағдардағы, бірак азиялық төлту- 

ма  ерекшеліктері  басым  аң  стиліндегі  ескерткіштері  әлдебір  аралық 

жағдай секілді сипатта болуы ыктимал, ал Арал өңірі сақтарының өздері 

аң стилінің  ареалы  болған  ең  басты  екі  аймақтың  мәдени жалғастыру- 

шылары болуы мүмкін.

Алдыңғы Азиядан шыққан кейбір бейнелеу үлгілері Орта Азия аркы- 

лы скифтер заманындағы Алтай мен Оңтүстік Сібір өнеріне үйлесіп, сол 

арқылы  орнығуы  мүмкін  деген  жорамал  расталып  отыр.  Бұл  Оңтүстік 

Орал өңірінің савроматтық ескерткіштеріндегі кейбір бейнелер жөнінде 

де сондай дәрежеде дүрыс59.

Арал  еңірі  сақтарының тарихи даму  ерекшеліктері

Сырдарияның төменгі бойындағы сақ тайпаларының тарихы ең әуелі 

қола дәуірінің  соңғы  кезеңіндегі  аймак тұрғындарыньщ жергілікті  эт- 

н и к а л ы қ -м әд е н и   ортасы н ан   басталады .  ¥ й ғ а р а қ   пен  О ңтүстік 

Түгіскеннің  жерлеу  құрылыстарының  ежелгі  беткі  қабаттағы  қүрылы- 

стары, топырақ лақыттардың бағанды құрылымдары, «жер столдар» деп 

аталатындар,  ж ерлеу  салтындағы  кең  тараған  отқа  табынуш ылық 

секілді өзіне тән  белгілері нақ содан, Солтүстік Түгіскеннің кесене- 

лері мен басқа да ескерткіштерінен басталады.  Бірақ Арал өңірі сақ- 

тарының этникалық-мәдени дамуы жергілікті бағытпен ғана шектеліп 

Қалған  жоқ.

Ж ерлеу  ғұрпындағы  ерекш еліктер  О ңтүстік  Ж айы қ  әң ір і  мен 

Солтүстік-Батыс Қазақстандағы савромат тайпаларының мәдениетімен 

де көп жағынан  ұқсас.

Қола дәуіріндегі Орынбор далалары мен Арал өңірі тұрғындарының 

арасындағы белсенді байланыстар, андронов мәдениетінің Батыс Казак- 

стан нұсқасының Орталық Қазақстан немесе Солтүстік Қазақстан нұсқа- 

сынан  айырмаш ылығы,  қим алы қ  ком пон енттің  Ж айы қ  өңірі  мен 

Оңтүстік Арал еңірі далаларының қола дәуіріндегі мәдениетінің дамуына 

қатысуы  —  осының  бәрі  Оңтүстік  Ж айық  өңірінің  савроматтары  мен 

Оңтүстік  Арал  өңірі  сақтарының  мәдениеттерінде  үқсастық  болуына 

себепші  болды.  Мұнда,  сірә,  халықтың  біріне-бірінін,  араласуы,  жеке-



179

леген тайпалардын, екі жақтың да тайпалық одақтарының құрамына ен- 

ген болуы мүмкін60.

Алайда Арал өңірі сақтарының географиялық жағдайы сактар дүни- 

есінің батыс шегі болуы мен олардың «батысқа.бағдар алуы» олардың мәде- 

ниетін  баска да  сақ тайпаларының  мәдениетінен  ерекшелендіретін  белгі- 

лері әлі де толық айқындалмаған.  Арал өңірі даласының  гұрғындары Орта 

Азияның егіншілік оазистерінің тұрғындарымен сонау соңғы қола заманы- 

нан-ак тұрақты қарым-катынас жасап байланыста болған.

Сырдария сағасыныңтабиғи жағдайлары, сол сияқты б. з. б. VII—VI ғасы- 

рлардың өзінде-ақ суармалы егіншілік дамыған Әмударияның төменгі ағы- 

сының жері жағынан жақын егінші халқымен мәдени байланыстары да Арал 

еңірі сақтарының шаруашылығында егіншілік рөлінін артуына жэне олар­

да жартылай  көшпелі  шаруашылықтың дамуына себепші  болды.  Бір  ғаж- 

абы, Арал еңірі сақтарының кабірлерінде ат жүгенінің міндетті түрде болуы 

жағдайында,  оларда мал  шаруашылығы  неғұрлым  көшпелі түрдегі  тайпа- 

лардан  мәлім болған малды қоса кому салты  іс жүзінде  байқалмады.  Сак- 

тардың Шірік-Рабат қаласы мен одан солтүстіктегі Бәбіш-Молдаға жақын 

жерде су жүйесі желісінің болуы61 мұнда суармалы егіншіліктің де оз тари­

хы болғанын керсетеді.

Арал оңірі  сақтарының  ортаазиялық және  алдыңғы  азиялық елдермен 

байланыс  жасағаны  Үйғарақтағы  жерлеу  орындарынан  шеттен  әкелінген 

ыдыстардың табылуымен62. бейнелеу өнерінде арыстан мен қабылан бейне- 

лерінің пайда болуымен, перуза мен ақықтан жасалған, үнділерден шыкқан 

бау-бақ  өрнекті  моншақтар  сияқты  әшекей  бұйымдардың  табылуымен 

дәлелденеді.

Сірә, Арал өңірінің сақтары Оңтүстік Жайық өңірінің савроматтарына 

орта не алдыңғы азиялык мәдениетінін кейбір элементтерінін енуіне едәуір 

себепші болса керек. Олар, шамасы, Қазакстан-Сібір тобындағы сақ тайпа­

лары жөнінде де осындай қызмет атқарған сияқты.

Сырдарияның төменгі  бойындағы ертедегі  сақтардың этникалық және 

мәдени байланыстарының кең epic алуы, олардың шаруашылығының ерек- 

шелігі,  антропологиялық  пішінінің  кейбір  езіндік  ерекшелігі  оларды  бір 

тайпа емес, үлкен тайпалық одақка кірген туыстас бірнеше сақ тайпалары- 

ның ерекше тобы деп есептеуге негіз береді.

Сырдария сақтарының мәдениеті б. з. б.  I мыңжылдықтық екінші жар- 

тысында гүлденген деңгейіне жетгі. Бүл кезде, тегінде, Іңкәрдариядан бірша- 

ма солтүстікке таман тармақталып ағып жатқан Жаңадария негізгі су жолы 

болса керек. Бұл орайда Іңкәрдария арнасының кей тұстары құрғап, оларда 

аз уақыт қана, ең алдымен су тасыған кезде ғана сақталған.

Б.  з.  б.  I  мыңжылдықтың  екінші  жартысы  — Әмударияның  теменгі 

ағысында  Хорезм  мемлекетінің  қалыптасып,  нығайған  кезі.  Ежелгі 

егіншілікті оазис пен оның кешпелі шет аймақтарының арасындағы эко- 

номикалық  және  мәдени  байланыстар  бүл  кезде  ерекше  маңыз  алды. 

Сырдария сақтарының жерінде тек бекіністі ірі коныстар ғана емес, қал- 

алар  да  пайда  болды.  Олардың қатарына,  мысалы,  Шірік-Рабат  қаласы 

және Жаңадариядағы айналасында жергілікті коныстар кешені мен да- 

мыған  суландыру  жүйелері бар, келемі  кішірек бекіністі  Бәбіш-Молда 

қаласы  жатады.  Осы  тектес  тағы  бір  ескерткіш   —  Іңкәрдариядағы 

кішігірім  бекіністі  Баланды  калашығы63.  Оларға  жақын  маңда  зәулім

180


жерлеу құрылыстары бар, оларда жергілікті ақсүйектер жерленген және 

алуан түрлі  жерлеу  мүлікгері  койылған.

Аты  аталған  калалардың  жоспарлануында  және  әскери-инженерлік 

қүрылыстарында,  архитектуралық-құрылыстық  тәсілдерінде  Хорезм  оа- 

зисінің  неғұрлым  кемелді  мәдениетінің  өсері  әжептеуір  анық  байқалады. 

Хорезмнің сақтар  мәдениетіне  ықпалы керамикалық өндіріс  саласында да 

көрінеді.

Солай болғанмен де, жергілікті дәстүр де одан әрі байкалады, ол әсіресе 

жерлеу  құрылыстарының құрылымы мен жоспарлануында анық көрінеді. 

Ол былай тұрсын, соңғылардың айқаспа төрт бөлімге бөлінген шеңбер тұрғы- 

сындағы  жоспарлау  принципіне  үқсас  күрылыстар  Хорезмнен  кездеседі. 

Сірә, бұл жерде біз сақтардың ез көршілерінің мәдениетіне аз ықпалын тигіз- 

генін де көреміз.

Қалаларды,  қоныстар  мен  қорымдарды  ескерткішке  қалдырған  Арал 

өңірінің сақ тайпалары, сірә, мүлік теңсіздігін білген болса керек, бірақ алға- 

шқы қауымдык кұрылыстың сарқыншақтары әлі де толық жойылмады. Бұл 

мал  шаруашылығымен  де,  су  жүйесі  бар  егіншілікпен  және  әр  түрлі  үй 

кәсіптерімен де айналысатын тайпалардың әскери одағы болатын.



3. ЕРТЕДЕГІТЕМІР ДӘУІРІНДЕП ШЫГЫС ҚАЗАҚСТАН 

Жалпы сипаттама

Ертедегі темір дәуірі ескерткішінің едәуір бөлігі Шығыс Қазақстанның 

ең басты су артериясы -  Ертіс өзенінің аңғарларына орналасқан. Оның сол 

жақ  жағалауындағы  обалы  қорымдар  Қалба  жотасынын  солтүстік  және 

оңтүстік баурайына шоғырланған, ал онан әрі оңтүстік-батысқа Шыңғыс- 

тауға  және  Тарбағатайдың  батыс  аудандарына  дейін  созылады.  Өлкенің 

оңтүстігінде олар Зайсан ойдымында тараған. Шығыстағы таулы аудандар- 

да обалар  Нарым,  Бүқтырма  өзендерінің жағалауларына және  Бұқтырма- 

ның кептеген салаларына тарай орналасады да, Таулы Алтай аудандарының 

ескерткіштерімен ұштасып жатады.

«Патша»  обалары  деп  аталатын  ең  үлкен  обалар  Зайсан  ойдымының 

Шілікті  аңғарында  және  Оңтүстік  Алтай  тауларында  Бұқтырма  озенінің 

жағалауында  шоғырланған.  Шығыс  Қазақстанның тастары  мол таулы  ау- 

Дандарында  обалардың  көбінің  тас  үйінділері  бар  (Берел,  Катон,  Күрті, 

Майәмір).  Жоғарғы  Ертіс  өңірі  аңғарларында обалар  малта тас  араласқан 

топырақтан үйілген, ал жерлеу құрылыстарына әрқашан дерлік, кейде алыс- 

тан әкелінген тас пайдаланылған (Құлажорға, Баты, Шілікті, Усть-Бүқтар- 

ма). Ортаңғы Ертістің Құлынды даласына іргелес жазық аудандарында оба­

лар топырақтан үйілген (Жолқүдық,  Чернореченск, Ертіс, Боброво, Леон- 

тьевка).


Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбалары қола дәуірінде ғана емес, ер- 

тедегі темір ғасырында да игерілген. Кенді Алтайдың полиметалл белдеуін- 

де 850-ге жуық кеніштер мен кен орындары бар. Олардың көпшілігі кезінде 

ертедегі, «керемет» кен орындарының іздері бойынша ашылған. Оларда мыс, 

Қалайы,  алтын  өндірілген65.  Мұнда  металлургия  мен  мал  шаруашылығы 

ежелгі кәсіпшіліктің жетекші салалары болды.



181

Шығыс  Қазақстанның ежелгі халкы б.  з.  б. V II-IV   ғасырларда  Казак- 

стан аумағын мекен еткен көптеген тайпаларды  біріктірген сак тайпалары 

одағына кірді.  Орталық  Қазакстанның  және  Жетісудың туыстас  тайпала- 

рымен  материалдық мәдениеті жағынан  көптеген  ұқсастыісгары  болғаны- 

мен, олар этникалықжағынан бірггектес емес еді. Шығыс аудандардағы тау- 

лы жерлерді мекендеушілер көршілес алтай тайпаларының этникалық-мәде- 

ни ықпалын қабылдады.

Зайсан  ойдымынын, далалық аудандарының  ескерткіштері  Жетісу  ес- 

керткіштеріне неғұрлым жақын болды, бұл археологиялык деректерден ба­

ска палеантропологиялықматериалдармен де дәлелденеді66. Солтүстік Казак- 

стан мәдениетімен тығыз байланыста болған павлодарлық Ертіс өнірі тұрғын- 

дарының мәдениеті Батыс Сібірдің орманды дала мәдениетіне, атап айтқан- 

да, саргат мәдениеті деп аталатын көшпелі угор тайпаларының мәдениетіне 

бейім болды.

Шығыс Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың өздерін калай атаға- 

ны бізге дейін жеткен жоқ және бұл мәселе осы кезге дейін шешілмей калып 

отыр. Тарихи әдебиетте Солтүстік  Қазақстан және  Шығыс  Қазақстанның 

таулы белдеуіне  көбіне аты аңызға айналған  аримаспылар тайпаларын ор- 

наластырады. Мұндай оқшаулауға антик авторларының аримаспылар жерін- 

де ірі-ірі алтын кеніштері бар деген деректері негізге алынады, ал бұл кеніш- 

тер дегенде  Степняк қаласының маңайы мен  Қалба жотасындағы  ертедегі 

алтын өндіру орталықтары айтылған деп болжанады.

Шығыс Қазақстанның оңтүстік, далалық аудандары сақтардың есімдері- 

мен  байланыстырылады.  Шығыс  Қазақстан  тұрғындарының  этникалық 

айырмашылықтарын  әсірелемеу  керек.  Сірә,  бұлар  жақын  туыс тайпалар 

тобы болған. Ғылымда олардын, материалдық мәдениетінің ең басты үш ке- 

зеңі  бөліп керсетіледі,  олар:  б.  з.  б. V II-V I ғасырлардағы  майәмір,  V—IV 

ғасырлардағы берел, III—I ғасырлардағы құлажорға кезендері.



Майәмір кезеңі (б.  з. б.  VII—VI ғғ.)

Майәмір кезеңі Нарым өзенінің жоғарғы ағысындағы Майәмір даласын- 

дағы обалы қорымның аты бойынша белгіленген67.

Таулы Алтайдың қарапайым майәмір обаларының көбінесе іргесін бел- 

деулей қоршаған аласа тас үйінділері болды. Қабір лақытгары тікбұрышты 

етіп  қазылды,  олардың қабырғалары  ағашпен  шегенделді  және  бір  кабат 

бөренелермен жабыдды.

Майәмір ескерткіштерінен жиегі шығыңқы және дөңгелегінің ортасын- 

да түзағы  бар  қола  айналардың,  сыртқы  ілмешектері  ете  кішкене  үзеңгі 

тәріздес қола ауыздығы бар жүгендердің ертеректегі түрлерінің, үш тесікті 

немесе ортаңғытесігінің орнына ілмешегі бар айшықтардың өте мол жиын- 

тығы табылды. Майәмір заманының қолданбалы өнеріне көбінесе атылға- 

лы  тұрған  жыртқыштың,  жүріп  келе  жатқан  немесе  жүруге  ыңғайланған 

жануарлардың бейнесі тән.

Жерлеу ғүрпы мен зат кешенінің біршама түрақтылығы Шығыс Қазақ- 

станда б. з. б. VII—VI ғасырларда-ақ ертедегі темір заманы мәдениетінің негізі 

қалыптасқанын көрсетеді.

Бүқтырма езенінің жоғарғы ағысында Күртінің салаларынан неғұрлым 

ертедегі ескерткіштер табылды.  Олар жер бетінен шығыңқы, үлкен қойта-

182


стардан  қаланған  шеңберлер түрінде көрінеді68. Ш еңбердің  ішіндегі онша 

терең  емес  шұнқырды  кемкере  ірі тастарды  қаз-қатар  сопақша  етіп  қала- 

стырған. Осындай екі қаламаға адамдар басы солтүстік-батысқа қаратылып, 

сол ж ақ қырынан бүктетіле жатқызылып жерленген. Жерлеу ғұрпы бойын­

ша Күрті ескерткіштері шалқасынан жатқызып, аяқ-қолын созып жерлейтін 

майәмір салтынан өзгеше болып келеді.

Қабірлерді сопақша етіп ірі тастармен қоршап қалау да майәмір салтына 

тән  емес.  Күрті  қорымындағы  бүктетілдіріп жерлеу дәстүрі  — ертеректегі 

андронов мәдениетінің қалдығы. Өліктің аяқ жағына тастан арнайы салы- 

нған жанама құрылыс ішіне атты жерлеу де айырмашылықты айқын аңғар- 

тады.  Аттың ж ақ сүйектерінің екі  жағынан  «ауыздықтаулы»  күйінде  ерте- 

ректегі  жобамен  жасалған  екі  мүйіз  айшық табылды.  Металдан  жасалған 

ауыздықтардың  болмауы  Күрті  молаларын  ертедегі  мал  өсірушілердің 

тұрмысында  қайыс  ауыздықты,  «ауыздықсыз»  деп  аталатын  жүгендердің 

болған заманына қатысты деуге мүмкіндік береді. Осы сияқты ескерткіштер 

б. з. б. IX—VIII ғасырларға, майәмір ескерткіштерінің алдындағы Қазақста- 

нның  ежелгі  көшпелілер  мәдениетінің  ете  ертеректегі  кезеңіне  жатады. 

Мүндай ескерткіш түрлері Шығыс Қазақстанның далалык аудандарынан да 

табылған69.

Жаугершілікте мінілген ат пен иесін жеке-жеке жерлеу ғұрпы ертедегі 

мал есірушілер тарихының тек  өте  ежелгі  кезеңіне  ғана тән, кейінірек  ол 

кездеспейді. Майәмір кезеңінің аяк кезінде ғана алғаш рет жалпы лақытқа 

иесін атымен коса жерлеу пайда болады.

Шілікті обасы

Ш ығыс  Қазақстанның далалық бөлігінің  тамаша  ескерткіші  Шілікті70 

обасы болып табылады, ол 51  үйіндіден тұратын үлкен қорымның қүрамы- 

на кіреді.  Басқа жерлердегі сияқты, мұнда да ұсак обалар жок.  Қорымньщ 

үйілген  топырағының диаметрі  100  метрге,  биіктігі  8—10 метрге дейін  же- 

теді.  Бүл — жүздеген жылдар бойы кісі жерленген, тайпалар мен ру көсем- 

дерінің үлкен зираты.

Обаны  қазу  жұмыстары  оның  құрылымын  қайта  қалпына  келтіруге 

мүмкіндік берді. Жердің бетінен аумағы 58 шаршы метрдей, терендігі 1 метр­

дей шұңқыр қазылған. Оның ішіне балқарағайдың жуан бөренелерінен шар­

шы қима жасалған, бөліктерінің қабырғалары екі, ал тебесі бір қатар бөре- 

нелерден  тұрады;бөренелер жылжып  кетпес  үшін  шүңқырдың  қабырғал- 

ары мен ағаш қүрылыс арасына уатылған тас толтырылған. Қиманың бұрыш- 

тары  беренелердің  бір-біріне  тиер  жерінде  күйдіріліпті.  Ағаш  моланың 

ішінде, батыс ж ақ қабырғасы жанында, жонылған қалың тақтай еденде 4 0 - 

50 жастағы еркек пен 5 0-60 жастағы әйел және олардың жанына қойылған 

затгар  жатты.  Өліктерді  қабірге  шығыс  жағынан  жалғасқан  дәліз-дромос 

арқылы кіргізген. Жерлеп болғаннан кейін дромос беренелермен жабылып, 

бүкіл  құрылыс  уатылған  ірі  тастармен  көмілген.  Содан  кейін  тығыз  сары 

түсті балшықтан үйінді түрғызылып, оның үстіне майда малта тас араласқан 

топырақ үйілген. Алғашқы түрінде обаның диаметрі 45 м, биіктігі шамамен 

10 м үйінді болған. Кейін бірте-бірте шөгіп, қазатын кезде оның диаметрі 66 

м, ал биіктігі 6 м болды.

Ш ілікті обасы өз кезеңі үшін  күрделі  архитектуралық құрылыс  болды



183

және  оны  түрғызуға  кептеген  адамдардын  еңбегі  пайдаланылған.  Обаға 

қажеггі тас одан  15 шақырым жердегі ең жақын деген таулардан, ал бөрене- 

лер аңғардың шығыс жағындағы 40 шақырым жердегі қарағайлы орманнан 

тасып әкелінген. Басқа да кептеген «патша» обалары сияқты, Шілікті мола- 

сы да көне заманда-ак, шамасы,  жерленгеннен  кейін 50 жылдан  соң тона- 

лған. Тонаушылар обаны ортасынан үңгіп қазған, қима төбесінің оңтүстік- 

батыс бұрышынан шығып, төбені тескен де, осылайша кабірдің ішіне кірген.

Тоналғанына қарамастан, обада өте бағалы затгар: ертеректегі жебелердің 

ассиметриялы-ромб түріндегі деп аталатын үңғылы қола үштарының он үші 

салынған былғары қорамсақтың қалдығы, темір заттың сынығы және ерте- 

дегі  қолданбалы  өнердін  524 алтын  бүйымынан  тұратын  жарқын  үлгілері 

сақталған. Олардың арасында қорамсактарды сәндеген, аяқтары бүгулі бүғы 

түріндегі қаптырмалар (14 дана), басы бұрулы бүркіттердің (9 дана), шиыр- 

шықтала бүктетілген қабыланның (29 дана)  бедерлі мүсіндері,  жүқа кақы- 

лтырдан  қиып  жасалған  қабандардың  мүсіндері  (12 дана),  балык  бейнесі, 

перуза тас  өткермеленіп, майда домалақ алтын түйіршіктермен әшекейле- 

нген,  қанаттары жаюлы кұс түріндегі қаптырма және басқа неғұрлым үсак 

зергерлік әшекейлер бар.

Шілікті  обасы  б.  з.  б.  VII—VI  ғасырлар  аралығына  жаткызылады.  Бүл 

Қазақстанның солтүстік даладық өңіріндегі ең ертедегі «патшалық» оба және 

Евразия  аймағындағы  сондай обалардың  бірі.  Мұнда Евразия  далаларын- 

дағы мал өсіруил тайпалардың колданбалы өнері айқын көрсетілген. Шілікті 

обасындағы аң стиліндегі біркатар көркем туындылар (аяқтары бүгулі бүғы, 

шиыршақтала бүктетілген қабылан, басы бұрулы бүркіттер) сақ-скиф дүни- 

есі өнерінің алғашқы үлгілеріне жатады.

Берел кезеңі (б.  з.  б. V -IV  ғғ.)

Берел кезеңінде Шығыс Қазақстанның ежелгі мал өсірушілерінің мәде- 

ниеті бұдан да айқындалып, кемелдене түседі. Таулы аудандарда обалардың 

таспен нобайланған, жер шүңқырда ағаш кимасы бар және аттар көмілген 

бүрыннан белгілі тұрақты түрі таралады.

Ескерткіштердің  бұл  түрі  Шығыс  Алтайдың  кеңінен  мәлім  Пазырык 

обаларынан ерекше айқын көрінеді. Олар Таулы Алтайдың баска жерлерін- 

де де, соның ішінде Шығыс Қазақстан аумағында да тараған. Олардың ішінде 

ең маңыздысы Берел корымы болып табылады; мүның атымен шартгы түрде 

тұтас бір тарихи кезең аталған.

Үлкен Берел обасы үстіртгің шетінен көтеріліп,  Бұқтырма жайылмасы 

үстінде асқақтап тұр. Оның үйіндісін тұрғызуға кемінде  1000 м3 шамасында 

ірі тас қажет болғандығы есептеліп шығарылған. Тас үйіндісінің биіктігі 5 м 

және диаметрі 30 метр; бірақ оның бастапқы диаметрі 20 м болып, биіктігі 9 

метрге жеткен. Лақьгг жерден барынша терендете қазылған:  оңтүстік жар- 

тысы 7 метрге, ал солтүстік жартысы 5,5—5,7 метрге дейін жетеді.

Шұңқырдың оңтүстік жағының қабырғасы тақтаймен тіреле капталған. 

Шұңқырдың бұрыш-бұрышына ағаш бөренелерден салынып, қайыңқабығы- 

мен жабылған ауыр төбесін ұстап тұру үшін жалпақ тастардан тіреуіш-бағ- 

андар түрғызылған. Лакьггтың еденінде карағайдың жуан (диаметрі бір метр­

ден  астам)  діңгегінен  как жарып,  қашап жасалган  астау-саркофаг жатыр. 

Саркофаггың сырты қайың қабығымен қапталған, ал астаудың қақпағы кана-



184

ттары  жазулы  ғажайып  құстардың  гөрт  қола  мүсіншелері  салынып  без- 

ендірілген.

ІІІұңқырдың солтүстік жартысында жерлеу үшін өлтірілген он алты аттың 

сүйектері жатыр. Он жетіншісі астау-саркофагтыңжанында. Өлтірілген ат- 

тар кабық төсеніш үстіне белгілі  бір тәртіппен -  әр қатарға төрт атган төрт 

қатар етіп орналастырылған да, үстінен бірнеше қабат жалпақ қабықтармен 

жабылған. Аттардың үстерінде әр түрлі қабықтармен әшекейлеген ер-тұрман 

қалдықтары мен темір ауыздықтары және жапырақша алтынмен қапталған 

мүсінді ағаш қаптармалары бар қайыс жүгендер сакталған.

Үлкен Берел обасының ағаштан, алтыннан және қайың кабығынан жа- 

салған көптеген әшекейлерінің арасында затгардың негізгі екі түрі:  бейне- 

лей  салынған  андардың немесе  олардың дене  мүшелерінің мүсіндері  (мы- 

сықтұқымдас жыртқыштар, таутекелер, аркарлар, бүлан, зооморфтық бей- 

нелер) мен геометриялық және өсімдік өрнектерімен безендірілген бүйым- 

дар ерекше көрінеді.

Үлкен  Берел  обасына, шамасы, тайпа көсемі  немесе  ру  ақсақалы  жер­

ленген  болуы керек.  Оның моласы байлығымен және салтанаттылығымен 

ерекшеленеді, бірақ жерлеу ғұрпының кауымның көптеген қатардағы мүше- 

лерін жерлеу салтынан айырмашылығы жоқ.

Қарапайым  жерлеу  қүрылыстары  өздерінің  кесемдерінің  молаларын 

кішірейтілген түрде қайталайды.  Олардың  ішінде  ағаш астау-саркофаг бо- 

лған жок, орнына 3—4 қатар бөренелерден каланған аласа кима ғана болды. 

Кептеген  дағдылы  кабірлерде  солтүстік  жағындағы  биіктеу  басқыштарға 

атгарды  көму  ғұрпы да сақталған.  Мысалы,  сол Берел  қорымының  2-оба- 

сында  бес  ат,  ал  үшінші  обасында  -   үш  ат  көмілген.  Иелерін  аттарымен 

қосып жерлеу Шығыс Кдзақстанның басқа таулы аудандарында да белгілі.

Мұнда  б.  з.  б.  V—IV  ғасырларда  Ертіс  бойы  мен  Зайсан  оңдымындағы 

далалық көршілерінен  әжептеуір  өзгеше  этникалық тайпалар тобы  қалы- 

птасты. Бұқтырманың жоғарғы бойының ескерткіштері — ареалы Алтай және 

Гува аумақтарын қамтыған, пазырык үлгісіндегі модениеттің етене бөлігі.

Ш ығыс  Казақстанның  таулы  аудандарының  ежелгі  тұрғындары  көп 

уақытқа дейін берелдік жерлеу ғүрпының дәстүрлерін сақтап келді. Шама- 

мен  б.  з. б.  III ғасырдың басында бір  жерлерде а п ы  қоса көмудің тоқтаты- 

лғанын айтпағанда, қалған салттар біздің заманымыздың шегіне дейін жет- 

кен болуы керек.

Берел  кезеңінің  мәдениеті  ерекшеліктерінің  бірі  -   жайпақ түгіті  кыш 

ыдыстың таралуы. Ол негізінен екі түрлі: мойны қусырылып жасалған және 

кейде тік болып келетін құмыралар мен жатаған көзелер.  Кейбір  ыдыстар 

кертілген  жапсырмалы  белдіктермен,  таға  тәрізді  білікпен  көмкерілген, 

тесіктермен әшекейленген.  Кұмыралардың бірінде  қоңыр минералды боя- 

умең  ангобтың  үстіне  салынған  керкем  сурет  бар,  кейбір  ыдыстар  ашық- 

қызыл түске боялған.

Ертіс пен Зайсан көлі жағалауының ежелгі тұрғындарының жерлеу ғүргіы 

басқаша болды. Мүнда оба үйінділері малта тас араласқан топырақтан тұрғы- 

зылды, қабірлерде аттар көмілмеген және ағаш қималар жоқ.  Усть-Буконь 

мен Усть-Бұқтырмада ағашпен жапқан төбені үстап тұру үшін жер шүңкыр- 

лардың екі жағы кертпеш жар етіп қазылған.

V—IV ғасырларға тән заттар — қүрсауының шетінде сабы бар немесе сырт 

жағында кішкене ілмесі бар шағын қола айналар.  Қола қанжарлар азайып,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет