Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст



Pdf көрінісі
бет25/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76

185

олардың орнына темір қанжарлар шығады.  Қанжарлар сабының ұшы түзу 

не сынған қайрак түрінде болып келеді, олар грифондардың қарама-қарсы 

түрған  бастарымен  безендіріледі,  ал  олардың  сабы  канат  немесе  көбелек 

тәрізді  болып  жасалады.  Соғыс  жебелерінің  үштары  бүрынғыша  қоладан 

құйылып жасалынады және олардыңтұрақты екі түрі: қысқа сапты үш кал- 

акты немесе қанды басы қырланып, төмен қарай созыла кертілген үңғылы 

болды.

Ағаш пен сүйектен, алтын мен қоладан, былғарыдан, аң терісінен және 



киізден жасалған қолданбалы өнер ескерткіштері өте көркем. Орталық сю- 

жетінің бағыты андар шайқасы, жануарлардың серпінді бейнелері бола бас- 

таган «аң» стиліндегі өнер гүлденген шағына жетеді.

Берел кезеңінің аяқ кезіне таман  барлық жерде  қоланы темір ығысты- 

рып шығарады.  Қола ауыздықтарының орнына шығыршықты темір ауыз- 

дықтар шығады; қысқа ақинақ-семсерлер мен пышақгар да темірден жаса­

лады.

Қүлажорға кезені (б.  з. б. Ш—I ғғ.)

Б. з. б. III ғасырғатаман Шығыс Қазақстанның археологиялық ескерткі- 

штерінің түрлері мен құрылымы өз сипатын өзгертті. Тарбағатай мен Ертістің 

жоғарғы  бойы  аралығындағы далаларда  қүлажорғалық үлгідегі деп  атала- 

тын жерлеу құрылыстары таралады.

Тас жәшіктер қырынан көміліп, үстін такта тастармен жапкан төрт және 

одан  да  көбірек  қашалмаған  көлемді  тақта  тастардан  қүрастырылған. 

Өліктерді шалқасынан, созылған күйінде, басын батысқа не шығысқа қар- 

атып жерлеген.  Тек бірнеше жағдайларда ғана оң жақ қырынан  бүрістіріп 

жерленгендер кездесті.

Құлажорға үлгісіндегі  ескерткіштердің заттары кешенінің арасында ең 

көбі  кыш  ьщыстар  болды.  Қыш  ыдыстар  аласа  жұмыр  мойынды  жатаған 

қүмыралар, кіреңке тәрізді көзелер, ілмек сияқты сабы бар дөңгелек түпті, 

бүйірлі және аласа текшелер түрінде болып келеді. Жетісуда таралған қола 

қазандарына үқсайтын тік және көлденең қүлақтары  бар қыш қазандары- 

ның едәуір сирек түрлері де кездесті. Тікбүрышты астауша, тік және  кесе 

сияқты, кейде түтқасы болатын тостағандар түріндегі ағаш ьщыстар Жетісу 

мен  Солтүстік  Қырғызстан  ыдыстарына жақын.  Ағаш ыдыстарының сыр- 

тын көбінесе қызыл бояумен бояған.  Қыш көзелер де кобіне осындай боя- 

умен  боялады  (Құлажорға,  Баты,  Катон,  Зевакино).  Негізінен  құмыралар 

мен көзелердіңтүрлері ІІІығыс Қазақстан мал өсірушілерінің мәдениеті үшін 

дәстүрлі  болып табылады,  ал  олардың  шығу  тегі  пазырық үлгісіндегі  ес- 

керткіштерден айқын көрінеді, ал басқа біреулері, мысалы, текшелер Қазақ- 

станның оңтүстік-шығысынан алынғаны айқын аңғарылады.

Құлажорға  мәдениетін  жасаушылар  Жетісудың  ежелгі  тұрғындарына 

туыстас жергілікті этникалықтоп болған. Этникалық-мәдени байланыста- 

ры  бірнеше  бағыттардан:  қыш  және  ағаш  ыдыстардың  түрлерінен  басқа, 

тізб ектел е  ор н ал асқан   м олалар  то п о гр а ф и я с ы н ы ң   ұ қ с а сты ғы н ан , 

үйінділердің қүрылымы мен бейнесінен,  жерленгендегі  ендікке  бағдарла- 

нуынан,  молаға қой етінің мүшесін  (көбінесе,  жамбас жағын) қою салты- 

нан байқалады.

Акырында, жерленгендердің сүйектеріне талдау жасаудың көрсетіп оты-



186

рғанындай, Шығыс Қазақстан далалары мен Жетісу тұрғындарының антро- 

пологиялық тұрпаты да ұксас.  Оның негізі  аздаған  монголоидтік  қоспасы 

бар европеоидтік тұрпатга болды, ортаазиялық өзенаралық түрге ауысатын 

андроновтық түрдің белгілері басым келеді71. Қола бұйымдарының құрамы- 

нан да ғажайып ұқсастық анықталып отыр.

Қазақстан  аумағының  шығысы  мен  оңтүстік-шығысының  этникалық 

және мәдени жағынан жақын болуына саяси жағдай да себепші бодцы. Б. з. 

б. IV—III ғасырларда Жетісуда мемлекеттіліктің қалыптасу және көршілес 

аумақтарға, атап айтқанда, солтүстік-шығысқа ықпалдың таралу үрдісі жүріп 

жатты.


Ғұндардың (гундардың) мемлекеттік бірлестігі сол кезде өзара қырқыс- 

улар  мен  халық  көтерілістерінен  әлсіреген  Қытай  империясымен  күрес 

жүгізеді.  Ғұн одағының ықпал өрісі орасан зор аумақты -  Байкалдан Ени- 

сейдің жоғарғы бойына дейінгі аралықты және Шығыс Түркістанды қамты- 

ды.  Ірі саяси оқиғалар қытай деректемелерінде көрініс таппай қалған жоқ, 

оларда  О рталы қ  А зияны ң  кептеген  тайпаларының  орналасуы  туралы 

мәліметтер пайда болады. Мәселен, б. з. б. II—I ғасырлардағы саяси жағдай- 

ды бейнелейтін ертедегі тарихи карталардың бірінде (Дзинь-Дань-Хуан-юй,

1-шығарылым,  1-карта) Тарбағатай мен  Ертістің жоғарғы ағысына у-ге (у- 

цзе)  тайпасы   орналасты ры лған.  О ны ң  орналасу  ареалы  Қ үлаж орға 

үлгісіндегі  ескерткіштер тараған аумаққа  сәйкес  келеді.  У-re  б.  з.  б.  Ill—I 

ғасырлардағы  Ш ығыс  Қазақстанның  далалық  бөлігінің  халқы  болуы  да 

мүмкін.

4. ЕРТЕДЕП ТЕМІР ДӘУІРІНДЕГІ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

Обалар  мен  қоныстар  хронологиясы.  Солтүстік  Қазақстанның  ертедегі 

темір дәуірі ескерткіштерінің хронологиялық негізіне затгай құрал-сайман- 

дарға  — металл  бүйымдарға,  ен, алдымен  қару-жарақ,  еңбек құралдарына, 

сондай-ақ керамикаға салыстырмалы-типологиялықталдау жасау нәтиже- 

лері алынған. Қоныс ескерткіштерініңхронологиялықайқындамалары мен 

мәдени керек-жарақтарының ең басты өлшемі керамика болып табылады. 

Солтүстік Қазақстанның төрт қонысынан алынған ыдысты статистикалық 

жағынан өндеу оның мерзімін анықтауға және оған салыстырмалы талдау 

жасауға сенімді негіз берді.

Сақтар  заманының  алғашқы  кезеңі  (б.  з.  б.  VIII—VII  ғғ.)  обаларының 

негізгі тобы жебе үштарының жиынтығы бойынша ерекшеленеді.  Мәдени 

топтастыру кестесін жасау кезінде жаратылыстану ғылымдарын тарта оты- 

рып, салыстырмалы-типодогиялық талдау жасау жолымен б. з. б. VII ғасы- 

рда болған мәдени үлгілерді бір ғасырға дейінгі дәлдікпен анықтау мүмкін 

болды.


Оларды негізге алып,  обаларды уақыты женінен  белуге болады.  Жебе- 

лердің үштары бойынша ен, ертедегі обалар қатарына екі оба жатқызылады, 

олар: Бірлік-2,5-оба; Бірлік,  1-оба. Біріншісінің мерзімі қос қалақшасы бар 

ұңғылы ж әне қысқа үш қалақшалы, үш қырлы алты жебе ұшының болуы- 

мен белгіленеді. Б. з. б. VII ғасырдың езінде-ақ басы мен жүзі біршама өзге- 

ше түрде болған екі қалакщасы бар ұңғылы ұштардың ежелден келе жатқа- 

нына баса назар аударылды72.

187


Қоладан жасалған қысқа жебе үштары Қазакстанда қола дәуірінен белгілі 

болатын, сондықтан олардың мерзімінін. ертедегі деп керсетілуі күмән туғы- 

збауғатиіс. Обадан соңғы қола кезіне тән ыдыстар табылды. Табылған екінші 

жебенін, уақыты дөңгелек ұзын нысанда сүйектен жасалған төрт бұрышты 

ұңғылы ұштармен анықталады.  Бұл  жебе ұштары  габылған құрал-сайман- 

дардың  өзге  заттарымен  ұштастырылғанда  олар  скифтерден  бұрынғы 

уақытқа тән кешенді кұрайды. Бұған ұқсастары Солтүстік Қара теңіз оңірінің 

киммерийлер молалары мен Аржан обасының материалдарынан белгілі73.

Б.  з.  б. VII ғасырға жататын төрт қорған мыналар:  Алыпқаш,  1,  13-оба- 

лар; Покровка,  1-оба; Бектеңіз, 3-оба. Алыпқаштағы  13-обаныңжиынтығы 

жарқын,  анықтығымен  ерекшеленеді.  Ол  жебе  ұштарының  алты  түрінен 

тұрады, б.  з.  б. VII ғасыр үшін олардың ұштасуы тұрақты болып табылады.

Жебе  үштарының типологиясы  алдыңғы  сақ  заманының  әскери  кабі- 

рлерінің жарқын  кешендерін  ашып  керсетті.  Олардың жерлеу  құрал-сай- 

мандарына жебе  ұштарымен  бірге хронологиялық  көрсеткіш  бола  алатын 

пышақтар жатады. Бүлар — бір жүзі бар, алкымы шеңберлі немесе сабы ком- 

акты,  үшы  өткір  жалпақ пышакгар.  Олардың түрлері  Кдзакстан  мен  Орта 

Азияның  аумағында  қола  дәуірінен  белгілі74.  Төрт  қырлы  шүйдесі  бар, 

үңғылы,  жалпақ  уаткышты  кола  қалып  кызықты  олжа  болып  табылады. 

Кдрудын, мүндайтүрінің мерзімі сақтар заманының алғашқы кезеңіне сәйкес 

келеді75.

Еұл  кезеңге  тән  сақ  обаларының  шеңбері  оған  ернеуі  және  сыртында 

ілмешегі  бар деңгелек  қола  айнадан  түратын  кешендердің  енгізілуі  есебі- 

нен  кеңейе түседі.  Қазакстанның  бес  кешенінде  айналар  ертедегі  үлгідегі 

жүген жиынтығымен бірге табылды. Бұл — тікбұрышты үзеңгі мен тіреуіш- 

ке  коса, тесіктері  екі катар жасалған озекше тәрізді орамы  бар  қола ауыз- 

дық. Ауыздықтың көне заманға жататындығын айқын көрсететін белгі озек- 

шелеріндегі  шығыңқы,  «езуіне»  кұйып  жасалған  «ойық»  түріндегі  өрнек 

болып табылады. Солтүстік Кавказ кешені бойынша мұндай әрнегі бар ауыз- 

дыктар б. з. б. V III-V II ғасырлардан кейін таралған жоқ76.

Бүл кезеңге үш қоныс жатады.  Қарлыға-1  және Бөркі-2 қоныстарының 

заттай  құрал-саймандарының  арасында  коныс  мерзімін  дәл  анықтайтын 

бүйымдар кездеспеді. Керамикалық кешеннің орманды-дала еңірі ескерткі- 

штерінде ұқсастары  бар.  Қоныстардың уақытын  аныктау үшін біз  жанама 

сипаттағы мәліметтерге жүгінуге мәжбүр болдық.

Керамикалық кешендері  бойынша  Карлыға-1  және Бөркі-2 қоныстары 

бәйіт мәдениеті ескерткіштерінің тобына жатады. Оның аумағы Тобыл-Есіл 

өзендерінің аралығындағы орманды-дала өңірін камтиды. Бәйіт мәдениетінің 

хронологиялық шеңбері (б. з. б. VIII—V ғғ.) салыстырмалы мерзіммен белгі- 

ленген.  Төменгі  шегі  (б.  з.  б.  VIII—VII  ғғ.)  соңғы  қола  дәуірінің  Тобыл 

өңіріндегі коныстары түрғын жайларының ойпатындағы бәйіт  жэне  крест 

керамикасының бірге жату фактілерімен көрсетілген77.

Солтүстік Қазақстанның дала бөлігіндегі  ертедегі темір ғасырының ба- 

сындағы тарихи жағдайды  Кеңеткел-10 қонысының материалдары  көрсе- 

теді. Ескерткіштер жиынтығын күрайтындар: қола пышақтар, біздер, түйре- 

уіштер,  сүйек  бұйымдардың  фрагменттері,  алуан  түрлі  тас  кұралдар  (кел- 

саптар, үккіш тақталар, үсақтағыштар, ұнтағыштар, қайрақгар). Зат кешені 

қүрамының сипаты қонысты қола дәуірінің ескерткіштерімен жакындата- 

ды.

188


Кола пышактар  алқымы сакина сиякты  жэне  сабы айқын аңғарылмай- 

тын жалпакша екі түрлі болып келеді.  Солтүстік Казақстан материалдары- 

на қарағанда, олардың көп таралған уакыты -  б. з. б. V III-V II ғғ. Қоныстан 

Батыс  Сібір  үлгісіндегі  кола  дәуір  кельттерінің  өрнектеріне  үқсас  ойып 

жасалған сызыктармен әшекейлеген сүйек кетпеннің фрагменті табылды.

Кеңөткел-10 конысының маусымдыктұрақемес, ұсталықөнердің едәуір 

тұракты орталығы болуы әбден ықтимал. Мүны жанама түрде болса да күлдің 

тығыз,  қалындығы  0,6—0,8  метрге  дейін  жететін  калың  кабаты  және  қола 

бүйымдардың табылуы дәлелдейді. Тас құрал-саймандардан табылғандары: 

қайрақтар,  тасмола  мәдениетінің  обаларына тән  тастан  жасалған  құрбан 

шалатын орындардың фрагменттері.

Сонымен,  К еңөткел-10 қонысы  Қазақстанның далалық өңірінде табы- 

лған сак дәуірі қоныстарының алғашқысы болып табылады. Ескерткіш ма- 

териалдарына алдыңғы дәуір  кешендерінің де,  одан  кейінгі  уақыт кешен- 

дерінің де ұқсастары бар. Кеңөткел керамикасынан көрінген өрнек дәстүрі 

едәуір өміршең болып шықты. Б. з. б. IV—II ғасырлар ыдыстарының өрнегін 

әр түрлі ойыстыру, шүқыршалар, қыстыру сигтаттайды.

Жерлеу ескерткіштерінің келесі хронологиялықтобы б. з. б. VI—V ғасы- 

рларға жатады.  Оның өзегі қабірлерде екі қалақшалы, ұңғылы бірлі-жарым 

даналарын  сактай  отырып,  үш  калақшалы  және  үш  қырлы  ұңғылы  жебе 

ұштары  бар  обалардан  түрады.  Бұл  кабірлердің  құрал-саймандарынан  -  

алкымы бар пышақтар, металл қоспасьшан жасалған көбелек тәрізді ойығы 

мен мүйіз тәрізді алқымы бар темір канжар табылды78. Олардың бірінен (Алы- 

пқаш, 2-оба) қола жапсырмалы белдік кездестірілді, оған үқсас белдіктердің 

Орталық  Қазақстандағы Тасмола  обаларынан79,  Алтай  мен  Тува обалары- 

нан80 табылғаны  мәлім.  Бұл  заттардың тобы мерзімін  б.  з.  б.  VI—V ғғ.  деп 

белгілеуге сенімді негіз береді.  Бір топ обалар бүйірлерінде түтқалары бар 

қола айналардың болуына қарай сол хронологиялық кезеңге жатқызылды. 

Жалпы алғанда, айналардың бүл гүрінін мерзімі б. з. б. VII—IV ғғ. деп белгі- 

ленеді.  Алайда олардың арасында неғурлым ертедегі үлгілері де бар. Олар- 

дың  басым  көпшілігі  б.  з.  б.  V I-V   ғасырлардағы  обалардан  кездестірілді 

(Сарғара,  1-оба;  Бектеңіз, 5-оба; Ақшиат, 2-оба).

Б. з. б. V -IV  ғасырлардағы обалартобы қару-жарақжөнінен айқын ерек- 

шеленеді (Бірлік, 6-оба; Бағанаты,  1-оба; Амангелді,  14-оба, 2-қабір; Өрнек, 

2-оба).  Олардың мерзімін  белгілеу негізіне темір қанжарлар,  ат әбзелдері, 

жебелердің үштары алынды. Өрнек атырабындағы 2-обада темір қанжар мен 

пышақтың  сол  кезең  үшін  көне  үлгілері  жеткілікті  мелшерде  бар.  Үшы 

кайрақ тас сияқты және бұрышы морт сынған тар алқымды канжар ертедегі 

сарматтардың  кем  дегенде  б.  з.  б.  IV  ғасырда  таралған  қаруының  өтпелі 

түрлеріне жатады. Жебелердін, темірден жасалған қысқа үштары да сол ке- 

зеңге жатады.

Б.  з. б. III ғасырда жебелердің үштарын коладан жасау аяқталады.  Қола 

және  темір  кешендерінің  арасында қоладан,  темірден,  сүйектен  жасалған 

жебе үштары түрлі мелшерде болатын кешендер де бар. Мерзімін белгілеу- 

ге жебенің ұңғылы қола үштары пайдаланылды81. Бөркі-1  зиратынан табы- 

лған жебелердің темірден жасалған  қысқа  ұштарының уақыты сармат же- 

белерінің типологиясы бойынша белгіленді82.

Керамикаға типологиялықтаддау жасау б. з. б. IV—II ғасырларда көп тара- 

лған үлгілерді аныктап берді. Бүл — ең алдымен түбі дөңгелек керамика.

189


Екі  қоныс  -   Бөркі-1  және  Ақтау  қоныстары  б.  з.  б.  IV—II  ғасырларға 

жатады. Бөркі-1 және Ақтау қоныстары мерзімініңертеректегі деп көрсеті- 

луін (б. з. б. V—III ғғ.) керамикалык кешен ғана емес, сонымен қатар Ақтау 

қаласының қираған орнының мәдени қабатынан жебелердің үш қола ұшы- 

нын, табылуы да растайды.  Олардың екеуі — ішінде үңғысы бар үш кырлы, 

үшіншісі -  біз тәрізді әдеттен тыс кысқа үш қалақшалы. Егер алғашқы екеуі 

б. з. б. IV—III ғасырлардың қорамсақтарына сай келетін болса, жебенің қол- 

адан жасалған қысқа ұшының болуы Ақтау калашығы б. з.  б. V ғасырда-ақ 

болуы ықтимал деп топшылауға мүмкіндік береді.

Б. з. б. II—I ғасырлардағы обалар тобының хронологиялық шеңбері қару- 

жарақтыңкөрнекі жиынтығымен белгіленді. Қоңырсу атырабындағы  1-оба 

б. з. б. II—I ғасырлар кезеңінің бас кезіне жатады, одан ортаңғы сармат мәде- 

ниетініңайқындаушы элементі болып табылатын шығыршықсапты қанжар 

табылды83.

Жалтыр көлі жанындағы оба кешенінің мерзімі б. з. б, II ғ. — біздің зама- 

нымыздағы  I ғ.  шегінде  белгіленеді.  Оның мерзімі  орамасыз, тік  түтқалы 

темір қанжар арқылы анықталды. Көлемі үлкен жебелердің темірден жаса- 

лған  қысқа  үштары да  сол  кезге  жатады.  Сүйек  бұйымдар  жиынтығы  -  

үршық пен біреуінің беті дөңгелек өрнекпен безендірілген екі қалакдіа на- 

зар аудартады. С үйек қалақшалар жебе лердің ұштарының қасынан тік тұрған 

күйінде табылды.  Мұндай бұйымдар ертедегі темір ғасыры мен орта ғасыр 

ескерткіштерінде кездеседі84. Этнографиялык материадцарға қарағанда, олар 

садақ атқан кезде қолды адырнаның соққысынан қорғаған қол қалқан  бо­

луы мүмкін85.

Қару-жарақ жиынтығы бойынша,  бұл хронологиялық топқа енгізілген 

екі обаның мерзімін б.  з.  б.  I ғ.  -  біздің заманымыздағы I ғ. деп белгілеуге 

болады. Бүлар -   Сарғары аңғарындағы 3-оба мен Ж абай-Покровка қоры- 

мындағы  32-қабір.  Төменгі  мерзімін  темір  қанжарлардың  үлгілері  көрсе- 

теді. Сарғары атырабындағы 3-обадан табылған қанжарда қаусырмалардың 

болуы оның ортаңғы сармат заманына жататындығын дәлелдейді.

Обаның екеуінде де темір қанжарлардан басқа күрделі түрде  жасалған 

садақтар мен ұзын семсерлердің сүйек жапсырмалары ұшырасты. Қарудың 

бұлтүрлерінің пайда болуы біздің заманымыздың шебімен байланыстыры- 

лады.  Б.  з.  б.  II  ғасырда  Азия далаларының шығыс  аймақтарының  ежелгі 

ғұн-сармат дүниесі бойынша үзын семсерлер  Орталық Азияның салт атгы 

жауынгерлерінің қүралдарына айналып та үлгірген еді86.

Біздің  заманымыздағы  II—IV  ғасырлар  кезеңінің үш  обасы  зерттелінді 

(Покровка, 2 ,4-обалар, Красный яр). Олардың жерлеу мүлкіне қос сулық- 

ты  темір ауыздықтар,  ат жүгенінің  белшектері,  құрамы  күрделі  садақтар- 

дын, сүйек бастырмалары, халцедон сапты ұзын семсер, тікбұрышты калқа- 

ншалы  қола  тоға,  ішіне  алтын  жалатылған  үсақ шыны  моншақтар  кіреді. 

Ертедегі сармат және Орта Азияға тән бұл бұйымдардың уақытын хроноло- 

гиялық жағынан біздің заманымыздағы II—IV гасырлары деп сеніммен айтуға 

болады.


Мәдениеттің эволюциясы және этникалық байланыстар. Солтүстік Қазақ- 

станның ертедегі темір ғасырының этникалық-мәдени картасы әр түрлі екі 

археологиялық мәдениеттердің көршідес болғанын көрсетеді.

Соңғы қола дәуірінде дала және орманды-дала халқының шаруашылығы 

бір-біріне  жақын  және  кешенді  малшылық-егіншілік  сипатга болды.  Op-

190


манды-дала  еңірінің  ерекшелігі  аңшылықтың,  балық  аулау  мен  жиын- 

теріннің неғұрлым айтарлықтай рөл атқаруы еді.

Мәдени-тарихи жағдайдағы кейінгі  езгерісті  б.  з.  б.  II мыңжылдықтың 

басында климат жағдайының күрт ауысуы туғызды. Оның орманды-дала мен 

далаға тигізген  зардаптары  әр  түрлі деңгейде  болды.  Егер  Батыс  Сібірдің 

орманды-дала өңірінде бұл шаруашылық дәстүрлерінің тоқырауына, мәде- 

ни-генетикалык үрдістердің баяу өтуіне әкеліп сокса, далада шаруашылық- 

тың қауырт өрістеуіне және мәдени өзгерістердің факторына айналды.

Су көздерінің молайып, жер бетінің дымқылдануының (плювиал) артуы 

ең алдымен орманды аймаққа эсер етті.  Оңтүстік тайга және орман аңшы- 

лары мен балықшыларының алыс оңтүстікке қоныс ауыстырып, б. з. б. IX— 

VIII ғасырларда қазіргі орманды-дала еңірінде «айқаспа керамика мәдени- 

еті» қауымының қалыптасуы басталады87.

Қуаңшылық еңірдің солтүстік белігінде плювиалдың зардаптары біршама 

өзгеше түрде байқалады. Дала ландшафының ендік шекарасының қысқаруы, 

дәстүрлі егіншілікке пайдаланылатын учаскелер -  су көздерінің батпақга- 

нуы тарихи-мәденитұрақсыздыққа әкеп соғып, Солтүстік Қазақстан халқын 

тіршіліктің  өзгерген  ортасына қарай  шаруашылық жағынан  бейімделудің 

жаңа түрлерін іздестіруге мәжбүр етеді.  Бұған қос өзен аралығындағы кең 

даланың  ылғалдануы,  көл  ойпаттарының  суға толуы  едәуір  дәрежеде  се- 

бепші  болады.  Көшпелі  мал шаруашылығына көшу  үрдісі  бір-екі  ғасырға 

созылды. Экономикалық жағынан колайлы жазираларда сарғара тұрғында- 

ры  шаруашылықтың дағдылы  кешенді  жүйесін  сақтауға тырысты.  Соңғы 

қола қоныстарының (Трушниково, Кент)88 мәдени қабатымен ұштасып жа- 

тқан  жекелеген  тұрғын  үй  шұңқырлары  түрінде  табылған,  көлемі  шағын 

қысқа  мерзімді  түрақтардың  пайда  болуын  сол  әрекеттердің  көрінісі деп 

санау керек. Бұл тұрғын жайлардың керамикасы негізгі көрсеткіштері жағы- 

наң  алғанда Сарғара және  Тасмола дәстүрлері  арасындағы  аралық кешен 

болып табылады.  Алғашқы табылған  бір  жердің  атымен  бұл  ыдыс донгал 

үлгісіндегі керамика деп аталып кетті89.

Қола ғасыры дәстүрлерінің біртіндеп өзгеру, Солтүстік Қазақстандағы 

ертедегі  темір  ғасырының  көшпелі  мал  шаруашылығы  мен  мәдениетінің 

қалыптасу  үрдісін  Кеңөткел-10  қонысының  материалы  көрсетеді.  Ес- 

керткіштің шағын дала өзенінің жағасына, қыскы желден қорғалған, шоқы- 

лар арасындағы құнарлы алқапта орналасуы егіншілік үшін де, мал жаю үшін 

де  барлық  жағдайды  туғызған.  Мәдени  қабаттың  кұрамы,  коланың,  кола 

бұйымдарының, күл мен тас құрал-саймандардың ұсақ фрагменттерінің та- 

былуы  қонысты  қолөнер  және  егіншілік  орталығы деп санауға  мүмкіндік 

береді.

Мұндай қоныстың пайда болуы -  көшпелі мал шаруашылығы қалыпт- 



асуының занды  нәтижесі.  Кешпеліліктің таза күйінде тіршілік ете  алмай- 

тыны  мәлім.  Оның  табиғи  тіршілік  етуі  үшін  отырықшы  қолөнер  және 

егіншілік орталықтарымен өзарабайланыс жасауы қажет. Шаруашылықты 

жүргізудің жылжымалытүрлеріне көшудің бастапқы кезеңінде отырықшы- 

лық ошақтары бір этникалык, туыстык ортада пайда болды. Бүл іс жүзінде 

Қауымның көшпелілерге қызмет ететін бір бөлігі еді.

Одан кейін жаңа өндірістік маманданудың кеңеюі мен топтануына бай­

ланысты  көшпелі  жөне  отырықшы  дүниенің  алшақтау  үрдісі  басталады. 

Отырықшы  компонент этникалық қауым  шегінен  шығады.  Б.  з.  б.  I  мың-

191


жылдықтың орта шеніне қарай Солтүстік Кдзакстанның көшпелілері үшін 

егінші әріптестер рөлін Батыс Сібірдің орманды-далалық өңірінің отырық- 

шы орталықтары өз мойнына алды.

Солтүстік Қазақстанның далалық еңірінде көшпелі мал шаруашылығы- 

ның  қалыптасуымен  бірге  ертедегі  темір  ғасыры  мәдениетінің  калыптасу 

үрдісі жүріп жатты. Мүны өтпелі кезендегі обалар тобы айқын көрсетеді, ал 

ол кездің ғүрпында қола ғасырының да, ертедегі темір ғасырының да белгі- 

лері ұштасып жатыр.

Б.  з.  б.  I мыңжылдықтың басында палеоклиматтық және  шаруашылык, 

өзгерістердің нәтижесінде ландшафтық аймақтардың қазіргі шектері қалы- 

птасып, әр түрлі екі археологиялык мәдениеттер мен шаруашылық-мәдени 

үлгілердің қалыптасу үрдісі жүріп жатты. Олардың арасында қатаң шек бо- 

лған жок. Шаруашылықтың жаңа уклады неғүрлым ілгері басушылық және 

ширақ қадам болды, ал оны таратушы дала аймағының көшпелі тайпалары 

орманды-далалық әңірдің  оңтүстік  шетіндегі  тұрғындарға  ықпал  жасады. 

Бұл ықпал мәдениет пен өндіріс саласында жекелеген элементтердің (жыл- 

жымалы мал  шаруашылығының элементтері) алмасуы түрінде көрінді90.

Ж айық-Ертіс  өзендерінің  аралығындағы  далалы қ  аудандарда  сақ 

үлгісіндегі мәдениет қалыптасады. Солтүстік Қазақстанның сақ дәуіріндегі 

тұрғындарының жерлеу  ғұрпынан  негізгі  корсеткіштері  жағынан  алғанда 

Орталық Қазакстандағы Тасмола мәдениетінің ғұрпымен ұқсастық байка- 

лады.  Ол  б.  з.  б.  (VIII)  VII—III  ғасырлардағы  алғашкы  екі  хронологиялық 

кезендер бойы тұрақты болды, тек материалдык мәдениет заттары ғана эво- 

люцияға ұшырады91.

Солтүстік  Қазақстан  тайпаларында  баска  мәдени  байланыстар  және 

бәлкім, тайпалық байланыстар да айқынырақ көрінеді. Солтүстік Қазақстан 

тұрғындарының  мәдениеті  өздерінің оңтүстік  көршілерімен  біркатар  же- 

текші белгілерінің ұқсастығын сақтай отырып, бір жағынан — Батыс Сібірдің 

орманды  далаларының, екінші жағынан — Орталық Қазақстанның далалык 

аудандарының төркіндес  мәдениеттеріне  жақын.  Б.  з.  б.  VII—VI  ғасырла- 

рдағы тасмолалыктар ғұрпына тән белгі жылқыға табыну болатын. II үлгідегі 

обалар лақыттарының оңтүстік жағына жылқының бас сүйегі, аяктарының 

сүйектері, тіпті терісі көмілсе керек. «Мұртты» обалар тобына кіретін шагын 

обалар  үйінділерінің  астынан  жылқының  тұтас  қаңқалары  немесе  сүйек- 

тері аршылып алынды. Солтүстік Қазақстан ғұрпында жылқыға табыну онша 

айқын аңғарылмады.  Ат әбзелдеріне жататын  затгар бірлі-жарым  кездесті 

және оба үйінділерінің тобына кіретін жекелеген тас қоршаулардан табыл­

ды. Келесі айырмашылық отқа табыну керіністеріне қатысты. Тасмолалық- 

тарда ол жерлеу ғүрпына жатады, мола шүңқыры бар  обалардың сыртына 

шығарылған.  Оның іздері шағын  — серіктес обаның ежелгі үстіңгі беттері- 

нен  кездеседі.  Солтүстік  Қазақстан  ғұрпында  ол  жерлеу  үрдісінің  өзімен 

байланысты рәсімдік әрекеттер құрамына енгізілген және б. з. б. IV—II ғасы- 

рларда мейлінше айқын керінеді.  Қыш ыдыстарының сипаты мен қызметі 

де әр түрлі. Тасмолалықтарда ыдыстар жерлеу обаларының үйінділері асты­

нан табылды. Солтүстік Қазақстан ғүрпында ыдыс моладан табылады, түрі, 

жасалу құрамы және өрнегінің салынуы жағынан ерекше болып келеді.

Солтүстік Қазақстанның далалық бөлігіндегі ертедегі темір ғасырының 

ескерткіштері тасмола мәдениетініңшағын нұсқасы болып табылады. Үлы- 

бай  атырабындағы  обалар  тобына  жататын  жаркын  ескерткіштердің  бірі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет