Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст



Pdf көрінісі
бет57/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76

402

Атақтар  иерархиясында  әр  түрлі  кезенде  колданылатын  атақтардың 

жалпы жиынтығы бірдей болмады, жекелеген атақтардың маңызы өзгеріп 

тұрды.

Барлық жер билеуші әулеттің меншігі болып есептелді және оның ыды- 



рауынадейін бүкіл мемлекетті көбіне тамғаш-хан атанған «хандардың ханы» 

биледі17.

Қарахандар  мемлекеті  құрылымының негізі  өзінің мәні жағынан  фео- 

далдық үлестік жүйе  болды.  М емлекет өз билеушілері басқарған бірқатар 

ірілі-үсақты өңірлерге — үлестік жерлерге бөлінді. Олардың кепшілігі, әде- 

тте  ірі  үлестік  жерлерді  иеленушілер  билеуші  әулеттерд^н  болды.  Округ- 

тердің  орталықтары  болған  Тараз,  Испиджаб  және  Баласағұн  ірі  үлестер 

еді. XI ғасырдың басында Баласағұн жоғарғы қағанның үлесі, ал Тараз бен 

Испиджаб олардың жақын тумаларының қолында болды18.

Үлестік  жүйе  өзара  кырқыстар  туғызып,  оларға  қоса  билеушілер  жиі 

алмасып отырды. Үлестерді, ең алдымен ірі және экономикалық жағынан 

дамыған  провинцияларды  иеленушілер,  әдетте  өз  билеушілерінің  билігін 

сөз жүзінде  ғана мойындады.  Бұдан  бұрын  атап көрсетілгеніндей,  мемле- 

кеттің бүкіл аумағы формальды түрде билеуші әулеттің меншігі болып есеп- 

телді  және  мемлекеттік жерлерге  қожалык ету кұкығы тек  жоғарғы қаға- 

нда  болды.  Іс  жүзінде  жергілікті  билеушілер  өздерінің  үлестік  жерлерін 

көбейту үшін кез келген сылтауды пайдалануға тырысты, ал жоғарғы өкімет 

үлестік  жерлерді  кайта  бөлу  аркылы  бағынбаған  вассалдарды  әлсіретуге 

үмтыдцы, мүның өзі екінің бірінде феодалдық кыркыстарға әкеліп соқты- 

рып отырды.



Өкімет  ұйымы.  М емлекет басшысы — хакан  — сонымен  бірге  Қарахан 

әулетінің басшысы болып есептелді, бірак оның билігі іс жүзінде кобінесе 

«ілек» атағын алған үлестік билеушілермен шектелген еді. Әсірелеп «әлем 

билеушісі»  (азұн түтқушы) деп  аталған хақанның сарай маңындағы адам- 

дары  мен  чиновниктерінің  (тапұқшылар)  штаты  болды.  Ханға  ең  жақын 

адамдардың  бірі  уәзір  саналды;  оны деректемелер  кейде  атқосшымеи,  ал 

халық  —  сарайдың  кермесінде  дайын  тұрған  атпен  салыстырады19.  Уәзір 

жоғарғы  билеушінің ең жақын  кәмекшісі  және  кеңесшісі болып саналды 

және, мәселен, қарлұқтарда болған көл-еркін лауазымына кайсыбір тұрғьща 

жақын  ұқсастығы  да  бар;  ал  Қарахан  әулеті  сол  қарлүқтардың  арасынан 

шыққан болатын. 

К ө л -е р к ін  

лауазымының мәнісін  Махмұд Қашғари20 көл- 

көсір ақыл-ой иесі деп түсіндіреді, бұған жоғарғы билеушінің кенесші-қо- 

сшы билеушілері, немесе,  «наместниктері» жатты.

Хан сарайы, оның басты ставкасы (ордасы) мемлекеттік және әкімшілік 

басқару  орталығы  болып  есептелді.  Хан тәңірегінде  сарай  адамдары  бол­

ды,  олардың  арасында  сарай  күзетінің  бастығы  (қапығ-  башы)  есік  қор- 

ушылар (қорықікылар), казынашылар (ағнашылар), аспазшылар (ыдысшы- 

лар) және т.  б. аталады. Чиновниктердің (тапұқшылардың) дені жергілікті 

ш онж арларды ң  өкілдері  болды.  Олардың  арасы нда  хат  жүргізуш ілер 

(бітікшілер) аз емес еді.

Деректемелерде  хаканның тапсырмаларын  орындайтын  елшілер  (яла- 

вашылар) де аталады. Деректемелерде сақталған мардымсыз деректер мем- 

лекеттің әкімш ілік құрылымының кейбір белгілері туралы ғана жорамал- 

Дауға мүмкіндік береді.  Ол,  тегінде,  бірегей  құрылым  болмай,  отырыкшы 

ж әне көшпелі аймақтарда өз ерекшеліктері болса керек.  Егіншілік округ-



403

тері толық болмаса да, негізінен Саманилер тұсында колданылған күрылы- 

мды сақтады. Жетісу мен Мауараннахрдың шұрайлы алқаптарында бүры- 

нғысынша коныс және қала басшылары (мехтарлар, әкімдер, раистар) бол­

ды. Сонымен бірге ілік-хандар түсында сахиб-барида (мәліметшілік қызме- 

ттерді қоса атқаратын почта бастықтары),  мұстауфалар  (қаржы-салық ве- 

домствосының чиновнигі мен бастығы) және басқа да лауазымдар сақтал- 



ды.

Далалық  аймақтағы  мал  шаруашылығымен  айналысатын  халықты  ба- 

сқару тәртібі  басқаша болды.  Ол да иерархиялық принциптерге негізделе 

тұрса да, көшпе лі, қау ымдар дың әкімшілік баскаруы рулық- тайпалық бас- 

шы топтар арқылы, көбіне елші басына, бектер мен хандарға бағынатын ру 

басылары  арқылы  жүзеге  асырылды.  Елші-  басшы,  яғни  «ел»21  басшысы 

ретінде ездерінің вассалдары бар бай ж әне атақты бектер болды. Далалық 

аймақта төменгі  әкімшіліктің  шоғырланған  жері,  бәлкім,  «киіз  үйлердің 

алқа-қотан қонуы» болып табылатын кешпелілердің мекені болса керек22. 

Қарахан  бектерінде  едәуір  кең  өкілеттік  болды.  Олар  тәртіп  сақталуын 

қадағалады, оларға сот үкімдерінің ж әне әдеттегі құқық (төру) нормалары- 

ның  орындалуын  бақылау  міндеттелді,  шекараларды  корғау  да  соларға 

жүктелді.

Қарахан елші-басшылары, бектер мен хандар ілектерге (ілек- хандарға) 

бағынды,  олар  үлес  билеушілері  еді.  Хақандар тәрізді олардың  әкімшілік 

орталықтары қызметін атхарған өз сарайлары (каршылары) ж әне тұрақты 

ставкалары (ордалары) болды.  Ілектер үлесті жерлердің қалалары мен се- 

лолық округгерін  басқарды.  Ш онжарлар арасында ілектің алдында жерді 

сүю  дәстүрі  болды,  бұл  вассалды ң  билеуш іге  тәуелділігінің  белгісін 

білдіретін.  Алайда бүл  бектер мен хандардың, әсіресе, олардың атақтыла- 

рының кейде ілек- хандар мен чиновниктерге бағынбауына әсте де кедергі 

келтірмеді.  Түтас  алғанда  Қарахан  қағанатының  мемлекеттік-әкімшілік 

жүйесі  феодалдық негізде  орнықты.  Ол  отырықшы  және  көшпелі  халық 

бұқарасын қанап, баганы ш та үстау мақсаттарына қызмет етті.

Қарахан  мемлекетінде  феодалдық  катынастардың дамуы  -   Қазақстан 

аумағында  феодалдық  кұрылыстың  нығаюының  тарихындағы  маңызды 

кезең. Х І-Х ІІ ғасырларда өлкенің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында бо- 

лған  этникалық-саяси  үрдістер  қазақ  халқының  құрылуында  елеулі  рел 

атқарды.

Шаруашылығы.  Қарахандар  түсында  Қазақстанның  оңтүстік-  шығыс 

және оңтүстік аудандары халқының негізгі кәсібі экстенсивті көшпелі және 

жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Жайылым жерлерге мұқтаж- 

дық мал есірушілерді тым шалғай жерлерге кешіп-қонып жүруге мәжбүр 

етті. Ибн әл-Асир былай деп атап көрсетті: Жетісу түріктерінің кейбір топ­

тары  «жазда  Бұлғар  Еділ  бойын  жайлап,  қыста  Баласағүн  өлкесін  қыст- 

айды»23.  Мұндай ұзақ жерге көшу,  тегінде, екіталай болса да, кеш іп-қону 

жоддары әте ұзақ еді.

Мал шаруашылығында жылқы өсіру жетекші орын алды. Түріктердегі 

жылқы  шаруашылығының рөлі туралы айта келіп, Жүсіп Баласағұни бы­

лай деп  жазды:  «Олар  үйірлеп  жылқы  бағады.  Жылқы  тамаққа,  сусынға, 

салт жүруге пайдаланылады; айғырлар мен биелер, сондай-ақ кәлік аттары 

да түріктерден келеді. Тамағы қымыз, сүт, май, құрт-ірімшік болып, жүннен 

киім-кеш ек пен үйдегі жасау-жабдығын жасайды»24.

4 0 4


Қарахан  мемлекетінің кұрамына енген тайпалар отар-отар қой ұстады, 

сондай-ақ түйе, ешкі  мен ірі  кара өсірді.  Сиыр малын негізінен жартылай 

отырыкшы ж әне отырықшы мал өсірушілер үстаған.

Аң аулау жартылай отырықшы ж әне жартылай көшпелі халык топтары 

үшін тіршілік ету көздерінің бірі болды. Кұлан, киік, бұғы, аркар мен кабан

қасқыр, түлкі, тиін, аю ауланды25. Халыктың жоқ-жітік, кедей топтарының 

шаруашылықтұрмысында, әсіресе Іле, Ш у, Талас бойында, Сырдарияның 

орта ағысында балық аулау айтарлықтай рөл атқарды.

XI—XII  ғасырларда түрік  тайпаларының  біразы  егіншілікпен  айналы- 

суға көшіп, қала  мәдениетімен араласа бастады.  Көшпелі және жартылай 

көш пелі  мал  ш аруаш ы лы ғы ны ң  оты ры кш ы   егінш ілікпен  байланысы 

үлғайды.  Отырықшылануды  негізінен  халықтың  бір  бөлігінің  малынан 

айрылуы,  көшпелі  шонжарлардың мал табандарын  ез қолдарына шоғыр- 

ландыруы туғызды. Отырықшыланғандар тары ж әне басқа дәнді дақылдар 

өсірді.  Бұрынғы көшпелі  отырыкшы бола отырып,  мал  шаруашылығынан 

кол  үзбеді;  олар  ішінара  ірі  кара мен  үсақ мал  өсірді.  Отырықшыланған- 

дардың көпшілігі қала халқын толықтырды.

Осы  кезде  И спидж аб  пен  Б аласағұнны ң  аралығындағы  өңірлерде, 

Махмұд  Қашғаридың  хабарлағанындай,  әдетте  калаларда тұратын  соғды- 

лықтардың  түріктену  үрдісі  күрт  күшейді.  Түріктермен  араласа  отырып, 

соғдылықтар түркі тіліне көшіп, түріктерше киінетін болды26.

Деректемелер  қалаларда  туріктер  санының  барған  сайын  көбеюі  не- 

гізінде этникалық өзара ыкпалды ғана емес, сонымен бірге қарахандардың 

егіншілікті өркендетуге, өздерінің мемлекетінде егінші мен қолөнершінің 

жағдайын нығайтуға бағыт үстағанын көрсетеді.

Алайда халыктың негізгі бұқарасы көшпелі және жартылай көшпелі мал 

шаруашылығымен одан әрі шұғылданғандықган, тіпті отырықшы-егіншілік 

аймақта да егіншіліктің деңгейі біршама төмен бодды.

Ж ер иелену түрлері. И қта. Алғашкы кезде бұрынғы мемлекеттік құры- 

лымдардың дәстүрлерін жалғастырған Қарахан мемлекеті, алайда, эконо- 

микалық тұрғыдан да,  әлеумеітік түрғьщан да олардың қарапайым қайтал- 

ануы  болған  жоқ.  Қарахан  мемлекетіндегі  аса маңызды  әлеуметтік саяси 

институт  әскери-лендік  жүйе  болды.  Хандар  өздерінің  туысқандары  мен 

жақындарына ауданның, аймақтың немесе қзланың халқынан бұған дейін 

мемлекеттің пайдасына алынып келген салыктар алуға күкық берді. Мұндай 

тартулар «иқта» деп аталды, ал оны ұстаушы араб терминімен мукта немесе 

иқтадар (парсы термині) деп аталды.

Деректемелерде  X—XII  ғасырларда  Қазақстан  аумағында  иқтаның та- 

ралуы жөнінде жанама мәлеметтер ғана сакгалған. И қта институты Қазақ- 

станның  оңтүстігі  мен  оңтүстік-ш ығысының  ш аруаш ылық  ж ән е  саяси 

өмірінде  елеулі  рөл  атқарды.  XII  ғасырдың  40-жылдарының  бас  кезінде 

Қарахан  мемлекеті  құлағаннан  кейін  жаулап  алушылардың  (қидандар) 

мүнда қалыптасқан институт™  қабылдамай тастауы айта қаларлықтай жай. 

Олардың гурхандары «әмірлерге иктаны иеленуге  жол бермеді, бірақ оны 

өздері  тарту  етіп,  былай деді:  «Иқтаны  алғанда  зорлық-зомбылық көрсе- 

теді»27.


Д еректем елерге  сәй кес,  иқталарды ң  м азм ұны   мен  иқтадарлардың 

қүқықгарьщ тәртіптеу дәлме-дәл тиянакталды. Низам әл-М үлік былай деп 

жазды:  «Иқтасы  бар  муқта,  мұны  біліп  қойсын,  халыққа  қатысты оларға

405


занды түрдегі, өздеріне тапсырылған салықты ізгі ниетпен жинаудан басқа 

ештеңеге де  бұйрық берілмеген; олар мұны жинаған кезде, халықтың жан 

басына,  мал-мүлкіне,  әйелдері  мен  балаларына  қауіп  келмесін,  олардың 

заттары мен иеліктері қауіпсіз болсын, мукданың оларда ешкандай жүмы- 

сы болмасын»28. Демек, иқта институты иқтадарға шаруаларды занды түрде 

ресімдеп бекітуді көздемеген, дегенмен көптеген иқтадарлар өздеріне (икта- 

ны) шартты түрде ұстауды мәнгілік бекітіп алуға тырысқан.

Икта бірнеше  сипатта болды.  Атап айтқанда,  иқта үлгісіндегі  феодал- 

дық жер сыйлықтары ірі, орташа және ұсақ жер сыйлықтарына бөлінді. Ірі 

үлесті-жер  сыйлықтарын  әулеттің  мүшелері,  орташа  және  ұсақ  төрелер, 

олардың вассалдары алды, яғни вассалитет немесе көп сатылы феодалдық 

иерархия катынастары болды.  «Әскери иқта» («иқта’  ат-и-хашам») катего- 

риясы ең көп тараған категориялардың бірі еді.  Иқта алған Қарахан әске- 

рбасылары,  тегінде,  оны  өздеріне  бағынышты  жауынгерлермен  беліскен 

болса керек. Үлестердің мелшері иқтадардың кызметіне, әскери дәрежесі- 

не және сіңірген еңбегіне байланысты болды.

Иқтаны екінші біреулерге беру арнайы грамотамен ресімделді, онда әде- 

тте  иқтадардың  және  үлестің  ақшаға  шағылған  құны  көрсетілді.  Жанама 

деректерге қарағанда, Қарахан мемлекетінде, тегінде, әскери адамдар үшін 

заттай  және  ақшалай  ақы  беру  институты  да  болса  керек.  Иқтадарларға 

билеушілер талап еткен бойда өздерінің кару-жарағы бар адамдарын алып 

әскери қызметке келу міндеттелді.

Қарахан  ұлықтары,  ж ана  жерге  келген  көш пелі-әскери  шонжарлар 

бірден отырыкшы тұрмыска  кеше алмады.  Кешпелі тайпалардың мыңғы- 

рған малы мен жайылымдары болган кесемдеріне далада болу дагдылы да 

колайлы  еді,  олар  калаға  хандар  кеңесі  болып,  оған  ездері  қатысуы тиіс 

кезде ғана келіп тұрды.  Кешпелі  иеленушінің үнемі табыс алуын қамтам- 

асыз ете отырып, иқта өзін ұстанушының белгілі бір жерде тұракты тұруын 

талап  етпеді.  Көшпелі  иқтадар  өзінің  тұрмыс  салтын  өзгертпей,  ауыл  не 

қаладан ауыл шаруашылығы енімдері түрінде үнемі табысын алып тұра ала- 

тын еді.

•.Иқтаны иеленушілер тек салықтар алуға гана емес, сонымен бірге жер­

ге де, салық салынатын  шаруаларға да ез  күкыктарын сақтауға тырысты. 

Иқтадарлар  шартгы түрде  сыйлыкка алган  жерлерін,  әсіресе  отырықшы- 

егіншілік аудандарда емір бойына иеленуге, тіпті мұрагерлік иелікке айнал- 

дыруға күш салды. XI—XII ғасырларда икта институтының дамуы иктадар- 

лардың  едәуір  тобының  мұрагерлік  жер  меншіктенушілерге  айналуына 

себепші  болды.  Иқталарды  үлестіріп  беру  практикасы  Қараханның  фео- 

дал-шонжарларының  мүдделеріне  әбден  сай  келді.  Мол  жер  сыйлығын 

(иқта)  алганда  Қарахан  билеушілерінің  қолдарына  кеш пелі,  сондай-ақ 

егіншілік шаруашылықтан ж әне қоленермен айналысатын халықтан ады- 

натын табыс та түсіп тұрды. Мұның бәрі Қарахан басшы топтарының баюы- 

на,  олардың  экономикалық  ж әне  саяси  күш-куатының  есуіне,  сонымен 

бірге  олардың оқшауланушылык әрекеттерінің күшеюіне себепші болды. 

Иқтаның эволюциясында, феодалдардың жерге деген кұкықтарының ұлға- 

юында  жерге  феодалдык меншіктің  нығаюы ж әне  табыс  алу  құқыгының 

жер рентасын алу қүқығына айналу сарыны бейнеленген.

Иктамен  қатар  жер  иеленудің  басқа  түрлері  де  болды.  Қарахан  биле- 

ушілері  қазынаға түсетін  салықтардың  кезі  ж әне  шартты,  уақытша  сый-

406


лык беру  коры болған үлкен-үлкен жер учаскелерін иеленді.  Бүл Қарахан 

әулетінің жауларынан тартып  алынған жерлер, сондай-ақ кейде мемлекет 

алған учаскелерден түрды.

Ірі жер иеленумен  катар мүсылман дін басыларының негізгі материал- 

дық базасын діни мекемелердін пайдасына атақты ж эне бай жер иеленуші- 

лер мен көш пелі-әскербасылары өсиет етіп калдырған учаскелерден тура- 

тын вақфтык жерлер де болды. Эдетте, вакфтык жерлерден мемлекет пай­

дасына салыктар алынбады. Мұсылман дін басыларының шонжарлар билігі- 

не экономикалық жэне саяси ықпалы олардың жерлерінің көбеюіне карай 

артып отырды.  Ірі ж эне орташа феодалдык жер иеленумен катар ұсак ша- 

руалар меншігі мен қауьгмдык 

и е л е н у

 сақталды.

Орта Азиядағы сиякты, Оңтүстік және Оңтүстік-Ш ығыс Қазакстанның 

отырықшы егіншілік коныстарында да шаруаларды канаудың кең тараған 

түрлерінің  бірі  үлескерлік  аркылы  жүзеге  асырылды.  Араб  ж әне  парсы- 

тәжік  деректемелерінде  үлескерлер  музари  немесе  барзигар  деп  аталды. 

Үлескерліктің  мәні  мынада  болды:  мемлекеттік  немесе  мұрагерлік  жол­

мен жер иеленушілердің меншігіндегі жер шаруаларға жалға берілді. Үле- 

скер түсімнің денін салы қтүрінде мемлекетке ж әне жерді меншіктенушіге 

не вакф (вақфтық жер де жалға берілді) иесіне беруге міндеттенді. Үлеске- 

рлерге  айналушылар әдетте  өзінің суармалы  жер учаскесі  ж ок шаруалар; 

Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда олар кәпшілігінде Мауараннахрдан коныс 

аударған егіншілер немесе отырыкшылы хка көш кен көшпелілерден түрды. 

X—XII  ғасырларда  Қарахан  мемлекетінің  кұрамына  енген  Қазақстан  ау- 

мағында коммендация институты одан әрі жетілдірілді. Сол заман адамда- 

рының  көрсетуі  бойынша,  коммендацияның  мәні  мынада  болды:  «әлсіз 

(адам) өзінің жер учаскесін күштінін камқорлығына береді, ол (күшті адам) 

әлсіз адамды қорғауға тиіс».  Ү сак менш ік иесі жерді  бай ж әне ыкпалды 

жер  иелерінің  не  чиновниктердің қамқорлығына  берді,  бұл орайда  ба­

ска феодалдардың немесе чиновниктердің тарапынан болатын  ауыр са- 

лықтарға  қоса күштеуден  корғағаны   үшін де  салы қ теледі.  Кейде  түтас 

кауымдар  (қоны стар)  өздерін  ж әне  мал-мүлкін  күш тілердің  «патрона- 

тына»  беретін  еді.

Егіншілер сияқты, көшпелілер де  феодал шонжарларды паналауға ты- 

рысты, олар өздерінің малын барымталаудан қорғау үшін феодалдың камқо- 

рлығына тапсырды,  бүл үшін  сан  алуан  міндеткерлік аткарды, көбінде  өз 

феодалдарының  малын  бағуға  ж әне  мүлкін  басқалардың  ш абуылынан 

корғауға міндеттенді, яғни феодал шонжарға тәуелділікке түсті.

Коммендация  біртіндеп  үлғая түсті.  Көшпелілер,  малы  ж о қ кедейлер, 

отырықшы егіншілер феодалдар «қамкорлығына»  көшті.  Коммендацияны 

кабылдағандардың  феодалға  бағыну  дәрежесі  көбіне  олардың  мүліктік 

жағдайына байланысты болды: кайсыбіреулері тек салык жарнасымен шек- 

тедді,  екінш і  біреулері  жауынгерлер  беріп тұрды,  үшіншілері  феодалдың 

шаруасын қарады.

Ж алпы алғанда алғашқы кезде түрік қағанаттарының дәстүрін жалғас- 

тырған Қарахан мемлекеті, алайда, оларды экономикалық тұрғьщан да қайт- 

алаушыларға айналған жоқ. Мүнда ішкі азиялык бағдардан айырмашылығы 

бар, өзгеше мәдени бағдардағы саяси жүйе пайда болып, қалыптасты.

XII  ғасырдың  30-жылдарында  Шығыс  Карахан  иелігін,  Жетісуды және 

Қазақстанньщ оңтүстігін шығыстан келген карақытай әскерлері жаулап алды.



4 07

2.  Н А Й М А Н Д А Р , К Е РЕ Й ІТ ТЕ Р,  Ж А Л А Й Ы РЛ А Р

Наймандардын,  керейіттердің,  жалайырлардың  ертеректегі  мемлекет- 

тері  Орталык  Азияның шығысында  —  Қазақстанға  шектесіп  жаткан  М о­

нголия аумағында пайда болса да, олардың тарихының Қазакстан тарихы- 

на тікелей катынасы бар.  Көшпелі  мемлекеттіліктің бастаулары  Орталық 

Азияның  нақ шығысында  жатыр,  ежелден  Қазақстанның өз  жерінде  ме- 

кендеген  халыктар  мен тайпалардан  басталатын дәстүрлермен  қатар олар 

кейіннен казақ мемлекеттілігіне тән болды.

Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен 

Орхон аралығында сегіз-оғыз (яғни «сегіз тайпаның одағы») деген атаумен 

пайда  болған.  Сегіз-оғыздар  Хангайдың  батысынан  Тарбағатайға дейінгі 

жерді,  яғни  өзіміз кейіннен наймандар деп атайтын  жерді алып жатты.  X 

ғасырда Орталық Азия даласын, «Ляо-шиге» Караганда, жауынгер көшпелі 

тайпалар мекендеген, бұл деректемеде олар цзу-бу деген ортақ атаумен ата- 

лады. Олар (цзу-бу) тура Тарбағатайға дейінгі Орталык Азия аумағына коны- 

станған. Қидандардын Ляо әулеті кезеңінде «Ляо-ши» беттерінде «найман» 

атауы пайда болады, ол, бәлкім, цзу-будың батыс тобы деп саналуы мүмкін30. 

Түрікше  мағынасында  «сегіз  тайпаның  одағы»  деген  баламасы  бар,  яғни 

найман  деген  монгол  атауын  да  оларға  Ляо  әулеті  кезінде  монгол  тілдес 

қидандардың  бергені  күм әнсіз.  Найман  тайпалар  одағы  XII  ғасырдың 

бірінші жартысында Елюй Даши бастаған қидандардың Жетісу жеріне ке- 

туіне байланысты аталады.

Елюй  Даши  күштерін  батысқа  жинап,  чжурчжэндерді  куып  шығып, 

қидандардың Ляо империясын калпына келтірмекші болды.  Елюй Дашиді 

үйғыр идикуты қабылдаған  кезде найман  билеушілері оның әскерлерінің 

қажеттері  үшін оған мал әкеліп берген31.

X—XII ғасырдың басында наймандар Ляо империясына вассалдық тәу- 

елділікте болып,  оның батыс  шетінде,  яғни  Шығыс  Қазақстан  мен Батыс 

Монголия жерінде тұрған. Жетісуда қарақытайлар мемлекеті кұрылғаннан 

кейін наймандардың жерлері солардың исліктерімен көрші болды. Рашид 

ад-Дин наймандар жбнінде бір бөлігі «өте тау- тасты жерлерді», ал бір бөлігі 

жазира-жазыктарды мекендеген көшпелілер дейді. Деректемелердің көрсет- 

кеніндей,  кеш дегенде  XI  ғасырда найман  тайпалары  Селенга мен  Орхон 

өзендерінің сағасынан Алтай тауларының шығыс сілемдеріне дейінгі шығы- 

стан  батысқа қараған аумакты алып жаткан.

Керейіттер  туралы  алғашкы  мәліметтер  XI  ғасырдың  соңғы  ширегіне 

жатады, олардың христиан дінін қабылдауына байланысты айтылады. Олар 

Тола  өзенінің аңғарын, Орхон  өзенінің  орта ағысы  ауданын  ж әне  Онгын 

өзенінің аңғарын алып жатқан. Ш ыңғыс-хан шапқыншылығы қарсаңында 

керейіттер бүкіл казіргі  М онголия  мен  Алтай  аумағында  үстемдік  еткен, 

монғолдар да солардың қоластында болған.

Жалайырлар  Ш ыңғыс-хан  империясының  әрлеу  кезіне  карай  Хилок 

ж әне Селенга езендерінің бойын, дәлірек айтқанда, Селенгаға құятын Ор­

хон сағасын мекендеген.



Шаруашылық-экономикалық  қүрылысы.  Наймандар,  керейіттер,  жа- 

лайырлар негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Олардың өз малы- 

на  жайылым  іздеп,  бір  жерден  екінші  жерге  жылына бірнеше  рет кеш іп 

жүруіне  тура келді.  Көші-қон  шалғайлығы жер  жағдайы мен мал  санына



408

байланысты болған.  Қыска пішен  коры жасалмады, бірақ кешіп-қону кы- 

стыгүні малдың азыкты өзі тауып, өз аяғынан жайыла алатындай етіп рет- 

теліп  отырылды.  Деректемелер  жалайырлардың,  наймандар  мен  керейіт- 

тердің кеш іп-қонуы н екі түрге белуге мүмкіндік береді. Бір жағынан, азды- 

көпті үлкен топтар болып көшкен (күрен әдісі) ж әне екінші жағынан, жеке 

әулеттер  оқш ауланып  немесе  шағын  бірлестіктер  болып  көшіп  жүрген. 

Шыңғыс-хан империясының кұрылуына байланысты көшіп-қонудың күрен 

әдісі  жойылып,  әскери  ұйымдық түрі  ғана  колданылады.  Наймандардың 

басты байлығы  үйірлі  жылқы  болды,  жылқы  болмайынша далада  шаруа- 

шылық  жүргізу  мүмкін  емес  еді.  Көшпелі  үшін  жылқы  қатынас  құралы, 

соғыста ж әне қаумалап аң аулағанда мінер  аты болды.  Көшпелілер  оның 

етін жеп, сүтін ішті, терісі мен кылын пайдаланды. Ірі кара да көлік ретінде 

пайдаланылды: күркелі арбаға өгіздер мен сиырларды жекті. Қой малы еті, 

терісі  мен  жүні  үшін  ұсталды.  Бірак наймандар,  керейіттер,  жалайырлар 

бір ғана  мал  шаруашылығымен  тіршілік  ете  алмайтын  еді,  ейткені  тамақ 

жетіспеді. Бұл тапш ылық алуан түрлі жабайы андар мен ішінара балық ау- 

лаумен толықтырылып отырды.

«Сонымен, — деп  жазады Рубрук, — олар  өз тамағының едәуір  белігін 

аң аулау арқылы табады».  Ірі андар мен кемірушілер ауланды, бұл орайда 

аң аулаудың екі түрі  болды:  анды жеке жүріп те, қоғамдасып та аулайтын 

еді. Олар анды қүс салып аулауды ұнатты.  Анды  эр кашанда эр алуан жо- 

рықтар,  соғыстар, шапкыншылықтар кезінде қаумалап аулайтын:  осының 

арқасында әскер азық-түлік қорын толықтырып, алдын ала дайындық ма- 

неврлер жүргізген әсерде болатын. Деректемелерде аңды қаумалап аулау 

туралы жиі айтылады. «Тоғүрыл-хан (Ван-хан) Туланың Қара Тоғайына бет 

алып, ...жол-жөнекей аң аулады»32. Кейде көп адамнын қаумалапаң аулауы 

үйымдастырылды, оларға түрлі тайпалар мен әулеттер қатысты: «Шыңғыс- 

хан мен керейіттердің билеушісі Ван-хан бір-біріне былай деді: «Жауға ке- 

неттен соққы  беру керек. Бір ортақ күшпен соккы беретініміз немесе жа­

байы анды топ құрып каумалап аулайтынымыз сияқты»33. Жоғарьща баян- 

далғандар XII—XIII ғасырдың басындағы наймакдар, керейіттер, жалайыр­

лар туралы жай ғана көшпелілер демей, қайта аншы-көшпелілер деп айтуға 

мүмкіндік береді.

«Ормандағы» аңшы тайпалардан аңшы-кешпелілердің айырмашылығы 

ең алдымен олар қора-қора қой ұстайтын еді.  Сонымен катар тұрғын жай- 

лары ж өнінен де айырмашылығы болды. Аңшы-кешпелілер — наймандар, 

керейіттер, жалайырлар киіз үйлерде, яғни киізбен жабылған, оңай жығып 

алуға қолайлы  үйлерде  түрды.  Мұндай  үйлерді  қорасында  койы  ж оқ  ор- 

мандағы тайпалардан кездестіру мүмкін емес еді.

Наймандар,  керейіттер,  жалайырлар  доңғалақты  арбаларды  пайдалан­

ды. Бұл арбаларды Рубрук тәптіштеп суреттеп береді, олар женінде Рашид 

ад-Дин мен «Монғолдардың құпия шежіресі» де жиі айтады. «Монғолдар- 

Дын, құпия шежіресіне» сәйкес, Орталық Азия көшпелілерінде арбалардың 

екі түрі болған. Бұл деректерді Рубрук пен Карпинидің мәліметтері де қуа- 

тгайды.  Арбалар  әр  түрлі  затгарды  алып  жүру  үшін  ғана  емес,  сонымен 

қатар жығылып-жиналмайтын киіз үйлерді алып ж үру үшін де пайдаланы- 

лған. «Біз екеуміз, — деп Ван-ханға айтып баруға әмір етті Шыңғыс-хан, -  

күркелі арбаның екі жетегіміз, біреуі сынып калса, өгіз үйді сүйрей алмай- 

Ды, біз екеуіміз күркелі арбаның екі доңғалағымыз, біреуі сынса, ол орны-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет