Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст



Pdf көрінісі
бет58/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76

409

нан  козғалмайды»34.  Көшпелілерде  тез  жиналып  кәшіп-кону  арбаларды, 

күркелі  арбаларды  кажет  етті.  Үздіксіз  шапқыншылыктар  мен  соғыстар 

кезінде күркелі арбалар жүк артатын келіктен пайдалырақ еді, күркелі ар- 

бага  егізді  жегу  мен  оған  керек-жаракты  тиеуге  күш  азырақ  жұмсалып, 

адам  саны да аз  керек  етілетін.  Киіз  үйлері  арбага артылған  ауыл өте  тез 

қозғала  алатын.  XI—XIII  ғасырларда  наймандар,  керейіттер,  жалайырлар 

белгілі бір бағыт пен жолдар аркылы көшіп жүрген. Рубрук былай деп атап 

өтеді: көшпелілерде «кез келген бастық өз қоластындағы адамдар санының 

кеп не аз болуына қарап, өз жайылымдарының шекараларын, сондай-ақ ез 

малын қыста, жазда, көктем мен күзде кайда жаюға тиіс екенін біліп оты- 

рады».  Сонымен  бірге  олардың  аң  аулайтын,  әсіресе  қаумалап  аулайтын 

жерінің де жайын ойластыруына тура келген35.

Кешпелілер мал шаруашылығымен және аңшылықпен қатар үй колөне- 

рімен де айналысты:  киіз  басты,  киіз  үйдің шаңырақ,  басқұр,  уық-кереге 

секілді  саймандарын,  арба,  ыдыс-аяқ,  ер-токым,  садақ,  жебе,  найза  және 

баска қару-жарақ жасады. Наймандардың, керейіттердің, жалайырлардың 

шаруашылығын натуралды шаруашылық деп сипаттауға болады. Ақшаны 

мүлдем  дерлік  білмеуі  ықтимал,  сауда  айырбас  түрінде  жүргізілді.  Бірақ 

натуралдық  шаруашылык  жүргізуші  көшпелілер,  дегенмен,  аз  ауқымда 

болса да, халықаралык сауда аясына тартылды. Наймандарға, керейіттерге, 

жалайырларға кажетті бұйымдардан жетіспейтіні кару-жарақ, әр түрлі «сән- 

са іттанат әшекейлері», тағам онімінен — ұн, маталар сді. Әдетте көшпелілер 

аң  жэне мал терілерінен  тігілген  киім  киген36.  Деректемелерде  сол  кезде 

наймандар,  керейіттер,  жалайырлар  жүргізген  сауда  туралы,  алуан  түрлі 

айырбас мәмілелері туралы хабарлар өте аз. Дегенмен де, сол кезде Орта­

лык Азия далаларына Орта Азиядан мүсылман көпестерінің келгені тура­

лы бірсыпыра деректер бар.  «Монғолдардың құпия шежіресінің» мәлімет- 

теріне  Караганда,  наймандарда,  керейіттерде,  жалайырларда  өндірістегі 

белгілі  бір  саралану  байқалган.  Бұл деректемеде  «темір  ұсталары»,  «ағаш 

шеберлері» жайында айтылады.

Сонымен, монғолдарга дейінгі наймандардың, керейіттердін, жалайыр- 

лардың  шаруашылығын  —  кошпелі  өмір  салты  үстгм  болған,  товар-акша 

катынастары нашар дамыған жэне натуралды шаруашылык басым болған 

көшпелі мал шаруашылыгы деп сипаттауға болады.



Мемлекеттің құрылуы.  Орталық Азияның  көшпелі  тайпаларының XII 

гасыр бойында күш-қуатының артуы олардын ең ірілерінде -  наймандар­

да, керейіттерде, жалайырларда — алдыңгы феодалдық мемлекеттік кұры- 

лымдар  -   ұлыстардың  пайда  болуына  жеткізді.  Б. 



Я .

  Владимирцовтың 

көрсеткеніндей, үлыс  алғашқы қауымдық қүрылыстың институты болған 

жоқ.  Үлыс ру да, тайпа да емес, ол рулық-тайпалық институттардан жога- 

ры  тұрды.  «Үлыс»  үғымы  ол  кезде  «халық»  дегенді  білдірді.  Үлыстың 

құрамында қандас туысқан адамдардың болуы міндетті  емес  еді, оган хан 

руының  екілдері  ғана  емес,  сонымен  бірге  бөгде  адамдар  да  енді.  Әрбір 

ұлыс  белгілі  бір аумақты иеленді,  наймандар  мен  керейіттердің ең үлкен 

күшті  ұлыстарының  өз  шекаралары  болып,  олар  ара-тұра  болса да  қорг- 

алып  отырды.  Шыңғыс-хан  талқандаған  керейіттер  ұлысының  билеушісі 

Ван-ханның наймандар иелігін корғаған найман қарауылымен қақтығыста 

каза тапканы мәлім.  Армян авторы Степанос Епископ монгол сарайы жа- 

нындағы жогары лауазымды қайраткерлердің бірі жайында айта келіп, бы-

410


лай дейді:  «Бұл адам  саны  ең көп және  күшті джалакир  (жалайыр) тайпа- 

сынан болатын...»38. «Бұл жалайыр тайпасы үлкен-үлкен он тармақтан тұра- 

ды, олардың әрқайсысы жекелеп алғанда үлкен халыққа айналды...»39.

Үлыстарды, «Монғолдардың кұпия шежіресінің» терминдері бойынша, 

«жаратылысынан хандар» баскарған40.  Хан,  ұлыс билеушісі баскару аппа- 

ратын, бірінші кезекте хан ставкасы-ордасын, оның күзетін басқару және 

әскерге,  ж асакка  колбасш ы лы қ  ету  органдарын  қурды.  М емлекеттік 

биліктің  белгілі  бір  институты  ретінде  —  орда  көшпелілерде  сонау  қида- 

ндар заманынан белгілі. «Ляо күшейе бастаған кезден бері хандардың түрак- 

ты орындары қалыптаса бастады, олар  орда деп аталды»41.  Хан ордасы ба­

скару  орталығы,  ұлыстың  өзінше  бір  үкіметі  болды,  кез  келген  Орталык 

Азия мемлекеті үшін аса маңызды екі саланы — ханның мал-мүлкі мен хан 

әскерлерін басқарды. Хан мен мемлекет мүлкінің арасында айырма болған 

жоқ.  Керейіттер  ұлысының  билеушісі  Ван-ханның  «өз  жайлаулары  мен 

қысқы  жайылымдары  болды»42,  яғни хан  жайылымдары қатаң  белгіленді. 

Үлыстың әскерлері XII ғасырдың өзінде-ак ондықтар, жүздіктер, мындық- 

тар, түмендер бойынша кұрылған  отрядтарға бөлінді.  Меркіттерге жорық 

жасар  алдында  Жамұха  мен  керейіттердің  Ван-ханы  әскерінің  саны  екі 

түмен  болған43.  Кейін  Ш ыңғыс-хан  империясының кезінде  болғанындай, 

бүкіл ұлыс халқы,  сірә, осы  әскери-өкімш ілік бөліністері  бойынша есеп- 

телген  болса  керек.  Акырында,  ұлыстарда  сипаты  жөнінен  заңға  жакын, 

орныққлн дағдылы күкык нормалары колданылды. Мәселен, «Монғолдар- 

дың қүпия шежіресінде» ұлыста кісі өлтірушілік үшін өз бетінше емес, заң 

арқылы  жазалау  шаралары  айтылады.  «Заң,  Үлы  шындык,  Еке-Төре»  де 

аталды44.  Үлыстардың істерін  ерекше шерби деген атағы бар кызмет адам- 

дары жүргізген.  Бұл атак пен лауазым иелерін хан тағайындаған. Найман- 

ның мемлекеггік істері қағаз жүзінде жүргізілген.  Қағаздар үйғыр жазуы- 

мен жазылып, хан мөрімен бекітілген.

Керейітгер мен наймандар, ең алдымен оның билеуші‘тобы несториан- 

дық  бағыттағы  христиандар  болды45.  Ақырында,  христиан  діні  кейіннен 

Ш ыңғыс-хан әулетіне де енді. Ш ьщғыс-хан ұлдарының бірі Төленің әйелі, 

керейіттер билеушісі Ван-ханның жиені, Мөңке-хан мен Қүбылай-ханнын 

анасы христиан қызы болғаны мәлім. Мұндай жағдай наймандарда да бол­

ды,  керейіттер  сияқты,  олар  да  Орталық  Азияның  басқа  халықтарынан 

бұрын христиан дінімен таныскан орта  ғасырлардағы ұйғырлардың мәде- 

ни ықпалында болды.

Дүниежүзілік діндердің біреуіне тартылу да әлеуметтік қатынастар да- 

муының белгілі бір деңгейінің айғағы болып табылады.



Көрші халықтармен  өзара  қатынастары.  Деректемелер  наймандар  мен 

керейіттердің  көрші  тайпалармен  соғыстары  туралы  мәліметтерге  толы. 

Рашид  ад-Дин  былай  деп  жазады:  «...Керейіттер  көптеген  тайпалармен, 

әсіресе найман тайпаларымен көп жауласты... Бұл кезде басқа тайпаларға 

қарағанда олардың күші басым әрі күдіретті болатын46... керейітгердің Ван- 

ханымен  наймандар  қырғыздардың  аймағы  бойынша  ж әне  үйғырлар  елі- 

мен шектесіп жатқан шөл далаға дейін үнемі қырқысып, жауласып жүрді». 

Рашид ад-Дин наймандардың кырғыздармен, керейіттердің Ц зинь мемле- 

кетімен соғыстары туралы мәліметгер келтіреді. Соғыс кезендері көршілер- 

мен бейбіт қатынастар жағдайымен алмасып та отырды. Қытай деректеме- 

лерінде  керейіттер  мен  наймандардың  кешпелі  көршілерімен  ғана  емес,

411


сонымен катар отырыкшы мәдениеті бар мемлекеттермен -  Танғұт мемле- 

кетімен  (Си  Ся)  ж эне  ұйғыр  иелігімен  тығыз  мәдени  жэне  саяси  байла- 

ныстар жасағаны туралы мәліметтер де бар47. Наймандар мен керейіттердің 

билеуші тобы үйғырлардың ықпалымен  несториан бағытындағы христиан 

дінін,  ұйғыр  жазуын,  сондай-ақ  мемлекеттіліктің  басқа  да  элементтерін 

кабылдады48.  Керейіттердің танғүтгармен  катынастары  да  осы  байланыс- 

тардың дәлелі болып табылады. Мысалы, керейіттер ұлысының билеушісі 

Ван-ханның інісі  Қарабітай (Керандай) бала кезінде танғұттарға тұтқынға 

түсіп, кейін Танғүт мемлекетінде аймақ билеушісі  қызметіне дейін өскен. 

Оның қыздарының біреуі танғұттар билеушісінің әйелі  болған49.  Керейіт- 

тердің танғұтгармен  және  үйғырлармен  байланыстары  болғанын  керейіт 

билеушілерінің, атап айтканда, Ван-хан мен оның ұлы Сангуннің сәтсіздікке 

ұшыраған  кезінде танғұттар мен  ұйғырлар жеріне  барып паналағаны рас- 

тайды50.


«Юань-ши» қазіргі Қазақстан аумағында мемлекеттік құрылымы болған 

каңлылар мен керейіттердің өзара саяси және аумақтық байланыстарының 

қалыптасқанын,  біркатар  қаңлы  шонжарларының  өкілдерінің керейітгер 

билеушісі  Тоғұрыл  Ван-ханда  қызмет  атқарғанын  көрсетеді.  «Бухуму... 

Оның  ата-бабалары  қаңлы  тайпасының  ата-тегінен  келе  жатқан  атакты 

адамдары.  Хайланьбо (Қайранбай — Бухумудың атасы) керейіттердің Ван- 

ханында қызмет еткен.  Ван-ханды (монғолдар) өлтірген кезде, Хайланьбо 

бала-шағасын тастап, бірнеше мың салт аттыларын ертіп, солтүстік-баты- 

сқа қашты. Тайцзу (Шыңғыс-хан) елші жіберіп, оны өзіне келуге (яғни бағы- 

нуға) шақырды. Бірак ол былай деп жауап қайырды: «Бұрын мен де, марха- 

батты тақсыр (Шыңғыс-хан) да Ван-ханға қызмет еткенбіз.  Қазір Ван-хан 

өлді, бірақ мен өзім қызмет еткен адамға опасыздык жасай алмаймын»51. В. 

В.  Бартольдтің  атап  айтқанындай,  қанлылар  мен  кыпшақтар  наймандар- 

дың ұлысында да өмір сүрген52. «Юань-шиде» наймандар мен қаңлылардың 

шонжарлары арасында тығыз туыстық байланыстар болғаны жөнінде мы- 

надай деректер келтіріледі: «Шаостар (Чаос) наймандардан шыккан. Оның 

арғы атасы Тайянь (Даян) наймандардың билеушісі болған. Оның арғы атасы 

Цюйшулай (Күшлік)... Бэдэинь (Бөде) Ш аостың үлы... Бэдэинь қаңлы тай- 

пасынан шыққан нағашы әжесімен тұрды...»53.

Бұған наймандар мен қаңлылардың туыстығын ертеректе VII ғасырдың 

екінші жартысында ұйғыр саяхатшыларының да көрсеткенін қосуға бола­

ды.  Жол-жөнекей  көргендері  мен  есіткендерін  айта  келіп,  олар  Алтайда 

Няньба-энь (наймандар) мен кан-ли (қацлылар) мекендейді деп хабарлай- 

ды.


Сонымен, найман және керейіт тайпалық бірлестіктері ішкі әлеуметтік 

байланыстары жөнінен ете күрделі болды ж әне көшпелі монгол, түрік тай- 

паларын  біріктірген,  Орталық Азияда құдіретті  мемлекет — Ш ыңғыс-хан 

империясы  қүрылуын  көп жағынан  дайындады,  сондай-ақ монғолдардан 

кейінгі кезендегі, қазақ халқы мен басқа да қазіргі түрік халықтарының өз 

тарихы басталған кездегі этникалық үрдістерде айтарлықтай рөл аткарды. 

Отырыкшы халықтардағыдан ерекше болғанымен, наймандар мен керейіт- 

терде мемлекеттілік нысандары болған. Наймандар мен керейіттердің ұлы- 

стары  «бастапқы  үлгідегі  мемлекеттер»,  яғни  ертедегі  феодалдық мемле- 

кетгік  күрылымдар болды.

Наймандар  мен  керейіттердің,  сондай-ақ  жалайырлардын,  этникалық

412


сипаттамасы туралы мәселе узак уақыт бойы даулы болып келеді. Найман- 

дармен  ж әне  керейіттермен  генеалогиялык жағынан туыс  онғұттарға  ке- 

летін болсак, онғұттардың несториандык эпитафияларының тілін зертте- 

генде олардың қы пш ақтобытілдеріне жатканын көрсетеді. Кептеген зерт- 

теушілер,  мысалы,  В.  В.  Бартольд,  Б.  Я.  Владимирцов,  И.  П.  Петрушев- 

ский, П.  Пельо54 наймандарды батыс монголдар деп санайды.  Алайда XIX 

ғасырдың өзінде-ак наймандар тегінің түріктерден шыққаны ыктимал де­

ген  пікір айтылды53.  Ж апон  зерттеушісі  С.  Мураяма наймандардың этно- 

нимін, есімдерін, атактарын, сондай-ақ кейбір тарихи мәліметтерді талдау 

негізінде наймандар түркі тілдес деген қорытындыға келді56. Осы тұрғыдан 

алғанда, Рашид ад-Диннің наймандар Ш ы ңғы с-хан империясында болуы 

нәтижесінде ғана өздерін монғолдарға  «коса»  бастаған, ал «ерте  заман- 

да олар бұл атауды мойындамаған»57 деген ескертпесі ж аңа м әнге ие бо­

лады.  Раш ид  ад-Д иннің  мөліметіне  сүйене  отырып,  басқа  бір  үрдісті: 

түрік-найм андар  м онғолдарды ң  көрш ісі  ж ән е  сәтсізд ікке  ұш ыраған 

бәсекелесі  болған,  сейтіп  Х -Х ІІ  ғасырларда  монғолдардың  ыкпалына 

түсіп,  іш інара  монғолданған,  соны ң  салдарынан  өздерін  монғолдарға 

қоса бастаған деуге де болады. Сондықтан да «олардың (наймандардың) 

әдет-ғұрпы  монғолдардікіне  ұксас  болған...»58.  Наймандардьщ  этника- 

лық тегі ж өніндегі түріктік тұжырымдаманы жақтауш ыларға осы кезге 

дейін бірдей д әлел болып келе ж атқан ф акторлар осындай қайшылықты 

жағдайда ғана қалы птаса алатын еді.

Сонау XIX ғасырда В.  В.  Бартольд,  Н.  А.  Аристов,  Г.  И.  Грумм-Гржи- 

майло, X.  Ховорс бастаған керейіттердің түрік ж әне монғол текті екендігі 

туралы пікірталасы аякталды деп санауға әлі ертерек.  Керейіттер түріктер 

болғанның өзінде59, олардың мемлекетін  1202 жылы монғолдардың талқан- 

дауы,  керейіттердің  батысқа  карай  жылжуына  жаулап  алушылар  әске- 

рлерінің құрамында орын алып, сонымен коса XIII ғасырдың басынан-ақ 

монғоддармен араласып кетуіне эсер етті. М әселен, «Юань-шиде» монғол- 

дармен етене араласып кеткен керейітгерге ерекше мән берілген. Мүмкін, 

Рашид ад-Диннің «олар монғолдардың руынан» деп жазуы да сол себептен 

болар.  Наймандар  мен керейіттер сиякты,  жалайырлардың да этникалық 

сыр-сипаты осы кезге дейін жүмбақ күйінде қалып отыр. Жалайырлардың 

тегі кім болған -  олар монғолдар ма, әлде түріктер ме -  бұл мәселеге ғылы- 

ми басылымдарда арналған бетгер аз емес. Шешімдердің кереғарлығы жағ- 

дайында олардың бәрі де қисынға жүгіну немесе сезімге салыну сипатын- 

дағы дәлелдерге  негізделген.  Сонымен  бірге  жалайырлардьщ тегі туралы 

Рашид ад-Дин жазып қаддырған аңыздарға талдау жасау жалайырлардьщ 

шыққан тегін орта ғасырлардағы түркі тілдес ұйғырлардың тарихымен бай- 

ланыстырып жорамалдауға мүмкіндік береді.  Ертеректегі жалайырлардьщ 

этникалық номенклатурасы олардың қүрамы біртекті болмағанын көрсе- 

теді: онда XII ғасырға қарай түркі тіддес ж әне басқа, негізінен монғол тілдес 

тайпалар  да  болған.  «Юань-шиде»  кейбір  жалайырлардьщ —  монғол  жа- 

лайырларына,  ал  қалғандарының  жай  жалайырларға  жатқызылуы  осыны 

керсетеді. Дегенмен де бұл проблемамен танысу олардың ізашарлары бо­

луы  мүмкін  ортағасырлық Орхон  мен  Селенга  үйғырлары талқаңдалған- 

нан  кейінгі үш  ғасыр ішінде жалайырлар түрік  этникалы келбетін жоғал- 

тып, Орталық Азия тарихының сахнасына ж аңа сапамен шыққан деген эсер



41 3

Шьщғыс-хан  империясының  күрамындағы  наймандар  мен  керейіттер.

Орталық Азия аумағындағы билік үшін күрес барысында Шыңғыс-хан қуа- 

тты  керейіт  үлысының билеушісі  Ван-ханмен  одақтастық қатынастар  ор- 

натты.  1185  жылы  керейіттердің  Ван-ханы,  Ш ыңғыс-хан,  монғолдардың 

жажрат тайпасынан шыққан Жамүка әскерлерімен аттанып, Селенга өзені 

бойында кеш іп жүретін  меркіт үлысын талкандады61.  Бұл жеңіс Шыңғыс- 

ханды күшейтіп, оны билік жолындағы бақталас баска да қолбасшылармен 

бір қатарға қойды.  Коптеген тайпалар, сонын ішінде жалайырлар, барлас- 

тар және басқалары Ш ыңғыс-ханға қосылды.

Ш ыңғыс-хан  езінің  қамқоршысы,  керейіттердің  Ван-ханына  әскери 

көмек керсетті.  1194 жылы Ван-ханды інісі Эрхэ Хара наймандардың әскери 

кемегін пайдаланып, е з үлысынан куып жіберген еді. Ол  1196 жылға дейін 

танғүтгар  (Си  Ся)  елінде  және  үйғырлар  мен  қаракытайлар  иеліктерінде 

қашып  жүрді.  Ш ыңғыс-ханның көмегімен  қайтып  келіп,  керейіттер  ұлы- 

сында билікті ез қолына алды62.  1198 жылы Ш ыңғыс-хан Ван-ханмен және 

чжурчжэндердің  Цзянь  мемлекетімен  одақтасып,  татар  ұлысына  карсы 

жорық  жасады  да,  оны  күйрете  жеңіліске  ұшыратты63.  Осы  жорықтан 

қайтып оралғаннан  кейін Ш ыңғыс-хан татарларға карсы жорыкка катыс- 

удан бас тартқаны үшін Керулен озеніндегі журкин тайпасын шауып, оны 

кирата жеңіп колбасшыларын қатал жазалайды64.

Көп кешікпей, найман ханы Инанч-білге елгеннен кейін, оның екі үлы 

Даян-хан  мен  Бұйрық-ханның  арасындағы  взара  кырқысты  пайдаланып 

калмақшы  болған  Ш ьщғыс-хан  мен  Ван-хан  1199  жылы  Бүйрыққа карсы 

жорыкка  шыкты.  Ә скер  жинап  үлгірмеген  Бүйрық-хан  Алтайдан  аса 

шегініп,  сонда жеңіліс тапты.  Сол  екі  арада,  Бүйрыкпен араздығына қар- 

амастан,  Даян-хан  Ш ыңғыс-ханға  карсы  әскер  жіберді.  Керейіттер  мен 

монғолдардың біріккен күштері наймандарды бұл жолы да тас-талкан етті65.

1200  жылы  Ш ыңғыс-хан  мен  Ван-хан  меркіттердің  әскерін  ойсырата 

женді.  1201  жылы Ж амұка Ш ьщғыс-ханның монғолдары мен  Ван-ханның 

керейіттеріне карсы наймандар, меркіттер, татарлар, ойраттар, жажраттар 

және  басқа  да  тайпалардан  куатты  қол  жасақтады.  Осы  қолды  жену 

Шыңғыс-ханды кешпелі аксүйектердің өзара бақталас өкілдерінін ішіндегі 

ең күдіретгісіне айналдырды.  1202 жылы Шыңғыс-хан татар ұлысын біржола 

талкандады.  Сол  жылы  наймандар  Ш ынғыс-ханға  бірлесіп  карсы  шығу 

жөнінде  Алахуш-дигит  Хуриге  ұсыныс  жасады.  Бірақ онғұттардың биле- 

ушісі  наймандармен  ежелгі  байланыстарына  қарамастан  бас  тартып,  ша- 

буыл жасалғалы жатқанын Шьщғыс-ханға хабарлап қояды. «Юань-ши» бұл 

жөнінде  былай деп көрсетеді:  «Даян-кэхань  (каған)  бір-бірімен  туыстасу 

үшін және Шофанды (солтүстік жақты, яғни Монғолияны) басып алу мақса- 

тымен  (Алахуш-дигит Хури) одак жасасу үшін келісуге елші  (Алахуш-дигит 

Хуриге) жіберді. Онғұтгар арасында мұны жактайтындар бар еді. (Бірак) Ала­

хуш-дигит Хури елшіні ұстап адды. (Ол) құрметпен (Шыңғыс-ханға) алты кезе 

шарап (өз елшісі арқылы) жіберіп, бұл туралы хабарлады... Елші кайтып кел- 

геннен кейін (Алахуш-дигит Хури) 500 жылкы мен мың қойды сыйға тартып, 

Даян-кэханьға бірлесіп шабуыл жасауға уағдаласты...»66.

Ш ынғыс-хан  уақыт  өткізбей,  1204  жылдың  көктемінде  45  мың  атты 

әскерді бастап наймандарға жорыққа аттанды. Найман ханының коласты- 

нда  шамамен  50—55 мың адам бар  еді67.  Наймандар армиясынан саны  кем 

болса да, монғол әскері одан ұйымшылдығымен және жауынгерлік тәжіри-

414


бесімен  басым  түсті.  Даян-хан  шайкасқа  шыққысы  келмей,  Алтай  асып 

кетпекші  болды.  Бірақ  ұлы  Күшліктің  талап  етуімен  шайқасатын  болып 

ұйғарылды. Сөйтіп, наймандардың әскері Орхон өзенінен өтіп Нагу таула- 

рының шығыс беткейіне тоқтады. Шайқасты монғолдар бастады. Олардың 

алдыңғы  шептері  наймандарды  тауға  қарай  ығыстырды,  ал  кешке  карай 

монғолдардьщ  негізгі  күштері  карсыластарын  екі  қанаттан  орап  өтіп, 

ойдағыдай қоршап алды. Қақпанға түскен наймандар қоршауды бұзып өтуге 

тырысты,  бірақ караңғы түнде  жартастардан күлап кырылды.  Наймандар- 

дың  бір  бөлігі,  соның  ішінде Даян-ханның  ұлы Күшлік қашып кұтылды. 

Наймандар  жеңіліс  тапты.  Даян-хан  жарақаттан  өлді.  Наймандардың 

көпшілігі  Шыңғыс-ханға  берілді,  олардың  басқа  бір  бөлігі  монғолдарға 

жанталаса ұмтыла соңғы шайқасқа шығып ерлікпен қырылып кетті.  Най- 

мандардың едәуір  бөлігі,  сондай-ақ меркіттердің,  керейітгердің  және  ба- 

сқаларының аман қалғандары Күшлікпен бірге кетті6)^ 1206 жылы монгол- 

дар  Бұқтырма өзенінде  наймандардың Бұйрық ханын  жеңіп,  оны  өлтірді. 

1206—1207  жылдары  Шыңғыс-хан  үлкен  үлы  Жошы-ханды  Енисей-Ертіс 

өзендерінің аралығындағы «орман» халықтарын, атап айтқанда, Енисейдің 

жоғарғы  ағысында  мекендейтін  түркі  тілдес  кырғыздарды  бағындыруға 

жіберді.  Қытай деректемелерінің мардымсыз деректерінен қырғыздардың 

бұл  аймақтағы  әсер-ықпалын  жорамалдауға  болады.  «Цзилицзисалар 

(қырғыздар) женіндегі кіші (бағынышты) мемлекет дегеніміз... гулигань (ку- 

рыкан) мемлекеті...»69. XIII ғасырдағы Енисей қырғыздарында калалар мен 

бекіністер  болғаны  жөнінде деректер  бар.  Мәселен,  «Юань-шиде»  Ени- 

сейдің жоғарғы ағысына жорық жасаған кезде калалардың бекіністі дуал- 

дарын  шабуыл  жасап  алу  үшін  монғолдардың тас  атқыш  қүралдары,  қо- 

ршау қаруларын пайдаланғаны туралы айтылады70.

Орталык Азия аумағындағы соғыстардың салдарынан  1190—1206 жыл­

дары Қазақстан жеріне наймандардың, керейітгердің, меркітгердің бір бөлігі 

көшті.  Күшлік-хан бастаған наймандар  Алтайға келіп,  осында ертеде мо- 

нғолдар талқандаған керейіттер мен  меркіттердің қалдықтарымен  бірікті.  . 

Наймандар  Бүқтырмада  тағы да  жеңіліс  тапканнан  кейін  Күшлік-хан  ез 

үлысының қалдықтарымен  Алтай жерін  біржола тастап, Жетісуға қашуға 

мәжбүр болды.  Наймандар мен керейіттердің едәуір бөлігі Шығыс Қазак,- 

станда қалып, монғолдарға бағынды.

Монғолдар талқандағаннан кейін найман мен керейіт топтары, жалайы- 

рлар  қалыптасып  жатқан  көптеген  түрік  халықтарының  күрамына,  атап 

айтқанда 

қ а за қ  

халқының кұрамына біртіндеп сіңісе берді. Наймандар мо­

нгол  дәуірінде  қазақ даласына  қоныс  аударып,  Сырдарияға  дейін  жетіп, 

қазақ  халқының  қалыптасуына  белсене  катысқан.  Керейіттерге  келетін 

болсақ, олардың бір бөлігі батысқа, Еділ бойына дейін барып, онда оздерінің 

керейіт деген этнонимін сақтап қалды және кейініректе осы атаумен өзбек- 

тер мен қырғыздардың құрамына, ал шағын тобы қазақтардың да құрамы- 

на кірді. Керейіт этнонимі Қара теңіз өңірі далаларының топономиясынан 

да кездеседі.  Керейіттердің басқа бір бөлігі Солтүстік  Қазақстанда қалды 

да, бұрынғы этнониміндегі -іт жалғауын жоғалтып, керей (қара керей, абақ 

керей) деген атпен Орта жүз қазақтарына қосылды. Егер орта ғасырлардағьг 

дала халқының монгол дәуірінде тұрақты түрде және алыстан қоныс ауда- 

руын ескерер болсак, керейіттер мен керейлерді олар батыс керейіттерінің 

шығысқа қарай кері көшіп немесе керейлердің жекелеген топтарьшын ба-

415


тысқа  карай  одан  әрі  ілгерілсп  қарым-катынас  жасау  мүмкіндігін  жоккд 

шығара  алмаймыз.  Орталық  Азия  халықтарының  этникалык,  тарихынан 

жақсы біліп отырғанымыздай, мұндай араласу мейлінше дағдылы қүбылыс 

болған.


3. ҚАРАҚЫТАЙЛАР ЖЕТІСУДА

Қарақытайлар  мем лекетінің  кұрылуына  Орталы к  Азиядан  келген 

көшпелі тайпалардың шапқыншылығы себепші болды, олардың үстем тобы 

едәуір аумақта билікті басып алды. Бірақ тұтас  алғанда қаракытай конфе- 

дерациясы  Қарахан билеушілері  түсында да  шекаралык қызмет атқарған, 

сөйтіп бұл үшін  «наградалар мен үлестер» алған  Оңтүстік-Шығыс  Казак- 

стан мен Алтай тайпаларының жетекші рөл атқаруы жағдайында жергілікті 

этникалық-саяси негізде қалыптасты71.

1 1>25  жылы  Елюй  Даши әскерінін  Емілге  келуі  Жетісуда қалыптасқан 

мемлекеттік  институттарға түбегейлі  өзгеріс  енгізген  жоқ.  Қарақытайла- 

рдың саяси ықпалы Жетісудың бір белігіне, Сырдарияның оң жағалауына 

және басқа аудандарға таралды72.

Қарақытай бірлестігін басқару органдарының қалыптасуына жергілікті 

дәстүрлер  күшті  ықпал  жасады.  М ұның  өзі  карақытай  армиясындағы 

өзгерістердің  мысалынан  айқьін  керінеді.  Армияны  әскери  беліністерге 

беле отырып,  Елюй Даши  Қатұн-Балықтың өзінде-ақ әрбір  отрядтың  са- 

нын 500 адамнан белгіледі. БіракЖетісуда гурхан бүл тәртіпті күрт өзгертті: 

бір әскери басшының қол астында жүзден аспайтын жауынгер болуға тиіс 

болды. Осы арқылы армияны басқару ішінара бөлшектенді. Жергілікті тай- 

палардың шекараларды қорғау жөніндегі кызметі сақталып қалды.

Бүдан  былай  карай  өз  кұрамына Онтүстік-Шығыс  Қазақстанның тай- 

паларын қамтыған қарақытай әскері мұндай әскери ұйым сипатынан айрыл- 

ды.  Жаулап  алу  барысында  қаракытайлардың  әскери  жасағы  негізінен 

кұрамында түркі тілдес тайпалар мен халыктардан тұрған армиямен алмас- 

тырылды. Сонымен бірге алғашкыда Жетісуда, ал сонан соң Мауараннахр- 

да — жергілікті этникалық ортада келімсек этникалық топтардың шаруа- 

шылық жәнг этникалық «сіңісуі» жүріп жатты.

Қарақытайлар  келгенде  қалалар  мен  отырықшы коныстарды  қиратып 

келген  жоқ.  Қаракытайлар  Орта  Азияның  қалаларымен  ж әне  егіншілік 

аймақтарымен үнемі сауда жүргізуге мүдделі болды. Олардын арасында мал 

өсірушілермен қатар егіншілікті білетін жартылай көшпелі топтар аз емес 

еді.  Деректемелерде:  қаракытайдың таралуы  бейбіт сипатга болғанын  бір 

ауыздан атап көрсетеді73.  «Олар  (қарақытайлар) қаланы алған кезде, оның 

тұрғындары үшін еш өзгеріс жасамады, — деп жазды Ибн әл-Асир, -  тек әр 

үйден бір динардан ғана алды. Егістік пен сол тәрізділерге келетін болсак, 

олар халықка берілді»74. Бұл орайда үлестік жерлерді иеленушілер ездерінің 

гурхан қамқорлығында екендігінің белгісі ретінде өзінше бір үлгідегі сақ- 

тау грамоталарын (пайцзалар) адцы.

Жағдай XII ғасырдың 40-жылдарының басында Салжүқтардьщ Мауаран- 

нахрда жеңілуінен кейін өзгерді. Жаңадан жаулап алған аймақтарда карақы- 

тай әскерлері шоғырланды ж әне оларға алым төлеу міндетті бола бастады.

Қаракытайлар тұтас алғанда өздеріне дейінгі болған саяси қүрылымды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет