456
Оңтүстік-Батыс Жетісудағы калалар мен қала жұрттарының картасы. 1Х-ХШ ғ. басы.
Солтүстік-Ш ығыс Жетісудағы барлық қала жұрттары «төрткүл» атала-
тын үлгіге жатады. Олар тік бұрыш, трапеция түрінде жоспарланған неме
се дөңгелек болып келеді, жалпы жер бетінен сәл дөңестеніп тұрады және
барлық жағынан бұрыштары мен бойында мұнаралары бар дуалдармен
қоршалған. Әдетте дуалдардың ортасына орналасқан бір, екі, үш және төрт
қақпасы болады. Терткүлдер Солтүстік-Шығыс Жетісуда ғана емес, соны
мен қатар Оңтүстік-Ш ығыс Жетісуда, Тянь-Ш анда, Орталық Қазакстанда,
Тува мен Монғолияда таралған. Осы үлгідегі, нак осылайша немесе бірша-
ма езгеше жоспарланған қала жұрттары Сырдарияның төменгі ағысында,
Азов теңізі маңында кездеседі. Олардың типологиясы жөнінде әр түрлі
көзқарастар бар. Тянь-Ш андағы Қошайқорған мен Шырдабек сияқты ірі
қалалардың жұрттары орда-қалалар деп саналады3. Ыстықкөл қазаншүңқы-
рының төрткүлдері бекіністер ж әне ауылдық қоныстар деп есептеледі4.
Сырдарияның төменгі ағысындағы суреттеліп отырған үлгідегі қала жұртта-
ры ауылдық мекен-жайлар мен қала үлгісіндегі қоныстар деп саналады5.
Солтүстік-Шығыс Жетісудың төрткүлдері жөніндегі сан деректерге тал-
дау жасау және бірінші кезекте, олардың көлемін салыстыру ескерткіштерді
үш топқа белуге мүмкіндік береді.
Біріншісіне Антоновское, Дүнгене, Шілік; екіншісіне Талғар, Сүмбе,
Ақмола енгізілген; үшіншісіне Алматы, Лавар, Қапал, Бояулы, Ақтам, Ара-
сан және баскаларының бәрі жатқызылған.
Бірінші топка көлемі 30 гектардан асатын қалалар енген. Бұлар — кеп
кабатты ескерткіштер, мәдени қабаттарының қалындығы 2—3 метрге дейін
жетеді және одан да қалың. Қазба жұмыстары кезінде кала жұрттарынан
алуан түрлі керамика, әй н ек, теңгелер, қолөнер шеберханалары мен
өндірістік күл-қоқыстар табылды, бұлар мұнда колөнер мен сауданың да-
мығанын дәлелдейді. Бұл қала жұрттарының кейбіреулері нақты қалаларға:
Антоновское — Қ аялы ққа, Дүнгене — Екі-О ғызға баланады. Олардың
ішіндегі ең ірісі қарлұқ жабғуының астанасы Қаялық ретінде танылған А н
тоновское болды. Бірінші топты қүрайтын төрткүлдер ірі чалалар және ас-
таналық орталықтар болып табылады. Екінші топтағы калалардың көлемі
10 гектардан 30 гектарға дейін жетеді. Мұнда қолөнер кесібінің дамығаны
анықталды, басқа елдерден әкелінген бұйымдар табылды. Бұлар — көлемі
орташа қалалар.
Үшінші топ қалаларының кәлемі 10 гектарға да жетпейді. Мұндай кала
жүрттарының күрылысы Ж ақсылық каласының орнын кең көлемде қазған
кезде зерттелді. Оларда тұрғын үйлердің дуалдарының жанына ішкі жағы-
нда орналасуы, ішкі ауланың болуы тән. Іле калалары жүртының бүл то-
бын бұрынғы көшпелілер мен жартылай кешпелілердің ауылдық қоныст-
ары деп санауға болады. Олардың кейбіреулері керуен-сарайлар болуы
мүмкін. Сарыжас, Быжы ж әне Айнабұлақ бірнеше қалаларының жұрты
бір-біріне жақын орналасқан екі немесе тіпті үш бекіністен тұратындығы-
мен ерекшеленеді. Олар орта ғасырлардағы сияқты жолдардың қиылысы-
нда орналасқан.
Б ұл кезеңде оты ры қш ы ж ә н е қ ал а м әден и еті Қ а за қ с та н н ы ң орта-
л ы қ ж ән е шығыс айм ақтары на қ ар ай ойы сады . Қ аза қ с та н н ы ң баты -
сында коны стар пайда болады. М әселен , О рталы қ Қ азақстан да, Н ұра,
К е ң г і р ж ә н е Ж е зд і а ң ғ а р л а р ы н д а , Ү л ы т а у е т е г ін д е о н д а ғ а н
тө рткү л д ер табылды, м ұнда ж ү р гізіл ген қазб а ж ұм ы стары оларды ң
458
Солтүстік-Шығыс Жетісудағы калалар мен қала жүрттарынын картасы. ІХ-ХІП ғ. басы.
ә к ім ш іл ік , ко л ө н ер -сау д а ж ән е ауы лш аруаш ы лы к сипаты н к ө р с е -
теді6.
2. ҚАЛАЛАР ҚҰРЫЛЫМЫВДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
Оңтүстік Қазақстанда қала орындары көпшілігіндегі қамалдардың са-
лынуы уақыт өте келе өзгерістерге ұшыраған. Қүйрыктебе камалын казу
мұнда IX ғасырдың бірінші жартысында өрт болып, соның салдарынан са
рай кешені қирағаннан кейін бірсыпыра уақыт өткен соң толық қайта жос-
парлау жүргізілгенін корсетті. VII—IX ғасырдың бірінші жартысындағы
қүрылыс кеш енінің іргелі дуалдары шегінде қарапайым құрылыс махалла-
сы салынады. XI—XIII ғасырдың басында нақ сол жерде қыш-кұмырашы-
лар махалласы калыптасады.
Оксустын, Отырар алқабындағы Б ұзы кты ң қам алдары нда, тау етегі
өңіріндегі Б ұл ақ -Қ оғал қаласы нда түрғы н үй құры лы стары пайда б о
лады. Б ірақ, м ы салы , Баба-А та си яқты кей б ір қалаларда қам алда-
рдағы сарай үлгісіндегі қүры лы с IX —XIII ғасы рды ң басы нда да бо-
лған.
Қазба жұмыстарының корсеткеніндей, кала бұрынғысынша қаланың
жалпы кұрлысына катынасы жөнінен сол баяғы тұйықталуы сақталған
жекелеген түрғын үй махаллаларынан тұрады ж әне махалланын барлық
үйлерінің кірер есіктері жалпы махалла ішіндегі кішкене көшеге қаратыл-
атын жоспарлау үрдісімен сипатталады.
Құйрықтебе қаласы жұртынын шығыс бөлігіндегі IX ғасырдың екінші
жартысы — X ғасырдың бірінші жартысындағы екі махаллаға ішінара қазба
жүмыстары жүргізілді, ал бір махалла толык қазып аршылды. Ол бұрынғы
қамал алаңын түгел алып жатыр. Оның көлемі 35x30 м. Үйлер П тәрізді
кішкене көшені бойлай тұрғызылған. Бес үй жақсы сақталған, орны айқын
аңғарылады. Ал махаллада барлығы 12 үйден кем болмаған, олг/ідың бір
болігін су шайып кетсе, басқа біреулері кейінгі кездегі кұрылыстардың ас
тында қалған.
Құйрықгебе қаласы жүртының оңтүстік жағында әркайсысы 8—10 үйден
тұратын X—XI ғасырлардағы екі махалла ішінара аршылды. Құйрыктөбенің
оңтүстік-шығыс жағында 3200 шаршы метр жерге толык қазба жүмыстары
жүргізіліп, қалалық үш махалланын орны тазартылды, олардың мерзімі XI
ғасырдың екінші жартысы - XII ғасырдың басы деп анықталып, шартты
тҮРДе «Д», «Е», «Ж» әріптерімен белгіленді. «Д» махалласы қала дуалына
түйісіп жатыр. Оның қүрамында үлкен көшеге шығатын 8 үй бар. Көш енің
үзындығы 52 м. «Д» махалласы алып жатқан жер көлемі 950 шаршы метр
болады. «Е>> махалласы ұзындығы 40 м де, ені 1,5-2 м болатын кішкене
көшенің екі жағына орналасқан екі тұрғын үй кешенінен тұрады. Махал
ланын жалпы көлемі 704 шаршы метр болады. Махаллада 10 үй бар. «Ж»
махалласы көлемі 1050 шаршы метр жерді алып жатыр. Алты үй махалла
ішіндегі ұзындығы 32 м болатын кіш кене көшені бойлай шоғырланған, ал
махалланын түкпіріндегі үйлер ұзындығы 15 метрге дейін жететін тұйық
көшелермен қосылады.
Қамалдағы «қыш-қүмырашылар махалласы» да сол кезге жатады. М а
халлада барлығы 7 үй бар, оларға түрғын жайды шеберхана ету тән. Тұйық-
460
талу принципі сакталумен бірге махаллалар, ертедегі орта ғасырлардағы кала
махаллаларымен салыстырғанда, көлемі мен үйлер саны жөнінен екі — екі
жарым есе ұлғайған.
Қала махаллаларын, соның ішінде кыш-кұмырашылар махалласын зерт-
теу махаллалардың колөнерге мамандануы туралы мәселеге назар аударуға
мәжбүр етеді. Бір зерттеушілер жазбаша деректемелерді негізге ала оты
рып, монғолдарға дейінгі кезенде махалла мен қолөнердің ұйымдастыры-
луы өзара сәйкес келген деп топшылайды7. Басқаларының пікіріне
Карага
нда, бұлардың сәйкес келуі сирек кездесетін жағдай. «Жазбаша деректе-
мелерде, — деп жазады олар, — «айырбасшылар махалласы», «ағаш үстал-
ары махалласы», «былғарышылар көшесі», «зергерлер көшесі», «етікшілер
базары», «опа-далапшылар кақпасы» деген атаулар кездескенімен, бұл
белгілі бір саладағы қолөнершілердің өзі аттас махаллада тұрғанына дәлел
бола алмайды. Оның үстіне деректемелерде саудагерлер де, түрлі кәсіппен
айналысатын коленершілер де болатын махаллалар суреттеледі»8. Құйрық-
тебедегі казба жүмыстарында қолөнердің махаллалар бойынша шоғырла-
нуы байқалған жок, тек бір жағдайда ғана кыш-құмырашылар махалласы
туралы айтуға болады.
Махаллалардың әлеуметтік стратификациясы туралы мәселе қызықты-
рарлык. Топографиялык байкаулар мен жазбаша деректемелердің көрсетіп
отырғанындай, біркатар қалаларда махаллалардың тұрғындарының атақ-
даңқы мен байлык дережесі бойынша бөлінетіні байкалады9. Әзірше Казак-
стан махаллаларына карап, оларды көрінеу кедей немесе бай деп белуге
болмайды. Олардың бәрі де әлеуметтік жағынан араласып кеткен.
Қарастырылып отырған кезендегі қала құрылысының құрылымында
пайда болган ж аңа элемент мешіт болып табылады. IX—XII ғасырлардагы
жазбаша деректемелерде қалаларды сипаттаған кезде мешіт, оның қалада
орналасуы — баяндаудың міндетті элементі болып табылады10. Құйрықтебе
мен Өрнек қаласының жүртын қазған кезде мешіттердің орны табылды.
Бұлар — Қазақстандагы ең ертедегі мешіттер.
Бұл кездегі құрылыс элементтерінің қатарына моншалар да қосылады.
Отырар рабадын қазган кезде екі моншаның орны табылды. Құйрықтебе
махалларының біреуінен үйлерге жапсарластырыла салынган ж әне кең
ес ік т е р і ү л к е н к е ш е ге ш ы ғаты н ш ағы н б е л м е тү р ін д е гі сауда
дүңгіршіктерінің қалдықтары табылды.
Қаланың әскери бекінісі женінде бірсыпыра деректер алынды. Аршы-
лған учаскелерде XI—XII ғасырдың басындағы Отырар дуалы байқалган
жоқ. Сірә, деректемелердегі Отырардың бекіністі дуалдарын монғолдар
жермен-жексен етті деп хабарлануы шын болса керек. Отырар рабадының
бүкіл дуалын көлденеңінен қазып қарағанда оның биіктігі 1 м болатын то-
пырақтан үйілген алаңға салынғаны анықталды. Дуалдың ені 6,2 м бола
тын табаны үш қатар етіп шикі кірпіштен қаланған. Ш икі кірпіштен түрғы-
зылған қабырға екі жағынан күйдірілген балш ы қ блоктармен қаланып
бекітілген. Блоктардың арасы құрылыс қалдықтарымен ж ән е топырақпен
толтырылған. Дуалдың жоғарғы жағы жентектелген балшык қабатгарымен
және шикі кірпішпен қаланып биіктетілген. Дуал Х -Х ІІ ғасырларда тұрғы-
зылған деп саналады, соңғы рет XII ғасырдың аяғы — XIII ғасырдың баеын-
да жөндеу жүргізілген11.
Басқа қала жұртарында жүргізілген қазба жұмыстары қала бекіністерінің
461
сипаты туралы түсінік береді. Мәселен, X ғасырдағы Баба-Ата шахриста-
нының дуалы екі қатар етіліп кірпішпен тұрғызылған. Бұрынғы жалпақ дуал
мен кірпіш қабырға арасы құрылыс қоқыстарымен тығыздалып толтыры-
лған. Дуалдың жиегіне кірпіштен жақтау жасалған. Баба-Ата мұнаралары
сегіз қырлы құйма негіз үстіне шикі кірпіштен тұрғызылған. Мұнаралар-
дың біреуі толық аршылды. Оның биіктігі 5,1 м, жоғарғы диаметрі 3,4 м,
төменгісі - 4,6 м. Мұнараның ішінде бұрыштары дөңгелетілген үш бүрыш
түрінде бөлме орналасқан. Бөлменің төбесі жалпақ етіп жабылған. Мұна-
раның төбесінде дуалдағы сияқты жақтауы бар. Ақтөбе I шахристаны
бекіністі дуалының кесіндісі оның да IX—XI ғасырдың бірінші жартысын-
да күйдірілген балшық блоктардан салынғанын көрсетті. Мұнаралардың
түрі трапеция тәрізді етіп жоспарланған. Сыртқы қасбетінен қарағанда олар
3—3,5 м ілгері шығып тұрады.
Оңтүстік-Батыс Жетісуда да қамал құрылысында өзгерістер байқалды.
Қызылөзен қаласы жүртының қамалында, VIII—IX ғасырдың бірінші жар-
тысында мықты бекіністі сарай кешенінің төңірегінде қарапайым тұрғын
үй салынған. Степнинскоенің Ақтебе қала жүртының қамалында қалалық
бай усадьба мен монша болды12. Тараздың қамалынан да X—XI ғасырла-
рдағы моншаның орны аршылды13.
Солтүстік-Шығыс Жетісуда Талғар қаласының жүртын қазу жұмыста-
ры оньщ қүрылысында жекелеген махаллаларды анықтауға мүмкіндік берді.
Көлемі 4000 шаршы метр болатын XI—XII ғасырдың басындағы махалла
толық аршылды. Ол үлкен көшенің учаскесі біріктірген ж әне қалған құры-
лыстан шеткі үйлердің бүйірдегі қасбетінің саңылаусыз қабырғаларымен
оқшауланған үйлерден тұрған. Үйлердің шағын көшелерге шығатын есік-
тері бар, ал бұл учаскедегі ондай үйлердің саны 12—14.
Талғар махалласын Құйрықтөбенің уақыты жағынан сәйкес келетін
махаллаларымен салыстырғанда алғашқысының көлемі үлкен екені аңға-
рылады. Махалладағы үйлер саны бірдей болғанымен, Талғардағы махалла
алып жатқан учаске 4 еседей үлкен. Мұны Іле қалаларының ерекшелік-
терімен түсіндіруге болады, олар жерге көшпелілер мен жартылай көшпелі-
лердің отырықшылануь: нәтижесінде пайда болған ж эне олар өз құрылы-
сында бұрынғы өмірінін көптеген белгілерін сақтап қалған, атап айтқанда,
үйлердің қасында мал ұстайтын үлкен аулалар болған14. Сірә, Талғар ма-
халлалары да, жоғарыда Оңтүстік Қазақстан каласына байланысты жазы-
лғанындай, туысқандар үйлері тобының шоғырлануы сияқты қалыптасқан
болса керек. Олар туыс ж әне ортақ бір атадан шыққан әулеттердің үйлері
болған.
Солтүстік-Шығыс Жетісу қалаларының бекіністерін зерттеу Талғар ду-
алының таспалау әдісімен саз балшықган тұрғызылғанын көрсетті. Дуал
табанының ені 7 м, сақгалған биіктігі 4 метрге дейін жетеді. Дуалдың таба-
нына қойтастар қаланған. Олардың арасы балшықпен толтырылған, ал ду-
алдың жоғарғы жағы қалындығы 20 сантиметрге дейін жететін балшық қаб-
атымен өсірілген. Балшық дуалдың екі жағынан да, бірақ негізінен сырт
жағынан алынған, мұның өзі дуал салумен бір мезгілде ор қазуға мүмкіндік
берген. Сүмбе қаласы жұртының дуалдарына да осындай құрылым тән.
Ж алпы алғанда, IX ғасырдың орта шенінен XIII ғасырдың басына дейінгі
кезеңде Қазақстан қалаларының құрылысында елеулі өзгерістер болған,
олар рабадтардың қалы птасуы нан, махаллалар колем ін ің ұлғаюынан
462
көрінеді. Сонымен бірге коптеген калаларда қамалдар салудың сипаты өзге-
реді. Мешіттер мен қоғамдық моншалар кала құрылымындагы жаңа эле-
менттер болды. Қорғаныс бекіністері неғұрлым мықты бола түседі.
3. ТҮРҒЬШ ҮЙ
Қазба жүмыстарында анықталғанындай, Оңтүстік Қазакстанда IX ғасы-
рдың екінші жартысы — X ғасырдағы тұрғын үйлерде оның алдындағы
уақыттың дәстүрі жалғастырылады. Бұлар — кіре берісі тамбур тәрізді,
тұрғын жайдың қабырғаларын бойлай «Г» және «П» түрінде сәкілер орна-
тылған, айналасында жақтаулары мен каминдері бар ашық үлгідегі ошақ-
тармен жылытылатын, белағашты (отпелі) етіп жоспарланған бір ж әне екі
бөлмелі үйлер. Төбесі бір бағанды ж әне төрт бағанды етіп жайпақ жабы-
лған. Тұрғын үйдің сипатталған үлгілерімен қатар тағы бір түрі — бүйірінде
дәлізі бар екі бөлмелі үй пайда болады. Дәлізден үйдің алдыңғы бөлігінде
орналасқан қойма мен түрғын жайға кіретін есіктер шықкан. Түрғын жай
еденінің үлкен бөлігін сәкі алып жатыр, оған еденге тікбұрышты ошақ ор-
натылған. Үйдің орталық белағаш боренесі үш ағаш діңгекпен тіреліп
жабылған.
Құйрықтөбені қазғанда мәлім болған Х -Х І ғасырлардағы үйлер бір
үлгіде: екі бөлмелі, тұрғын жай мен қоймадан тұрады. Үйге тамбур арқылы
кіретін болған. Болмеде кабырғаларды бойлай, ені 1—1,5 м ж әне биіктігі
0,3-0,4 м болатын «П» түрінде сәкі салынған. Ортасында, еденде жақтауы
бар антропоморфтық алаңша түріндегі ошақ орналасқан. Оның көлемі
1,2x1,5 м, алдыңғы жағы доңгелек екі дөңеспен сәнделген, оған жакын жерде
от жағатын шұңкыр тұр. Кіре беріске қарама-қарсы жақтаумен бәлінген
шаруашылық орны бар, оған тас диірмен қойылып, еденін қазып, ыдыс
көмілген. С әкінің шетіне таман биіктігі 0,6 м жуан текше орнатылып, оған
сыланған тандыр қойылған. Тандырдың қасында кабырғаға шаруашылық
қуыстары жасалган. Үйдің тобесі жалпақ және төрт бағанмен тірелген, ол
бағандардың едендегі шұнкырлары сакталып 'салған. Басқа үйлердің ішкі
көрінісі осыған ұқсас, тек болмашы айырмашылықтары байкалады.
Аталып еткеніндей, дәстүрлі жоспарлануының сақталуымен бірге бүл
кездегі үйлер ішкі керінісінде жана кұрылымдардың болуымен сипаттала-
Д ы .
Бұлар - қабырғадағы қуыстар, текше үстіндегі тандыр, антропоморф-
тьщ ошақтар. Нан пісіруге арналған ош ақ ретінде Оңтүстік Қазақстанда
тандырлардың пайда болуы X ғасырдың екінші жартысына жатады. Бүршік
түріндегі жапсырмалары бар антропоморфтықош ақтар неғұрлым ертерек-
тегі жақтаулары бар тікбұрышты ошақтардың дамыған нұсқасы болып та
былады. Төмпешіктері мен жапсырмалары бар ошақтар Орта Азияның
солтүстік аудандарынан да кездестірілді15. М үмкін, ягнобтықтардың тан-
дырларындағы екі бүр-чига (кеуде) антропоморфтық ошақтардың жұрнақ-
тары болар16.
XI—XII ғасырдың басындағы тұргын үйлерде елеулі өзгерістер ангары-
лады. Мұндай үйлер Құйрықтөбеде қазып аршылған. Үзынынан тізбекте-
ле орналасқан үш бөлмеден тұратын, тізбектеп (түзу, жалгастырыла) жос-
парланған тұрғын үйлер сақталған.
Бөлмелері ұзынынан айқастырылып (крест тәрізді жоспарланған) op-
463
наластырылған үйлер жаңа үлгіге жатады. Үзын жағы үлкен көшеге тігінен
бір қатарға қойылған бөлмелері бар тұрғын үй тағы бір үлгі болды. Үйдегі
бөлмелер саны екеу немесе үшеу. Бұл үлгідегі үйдің айқын бағдары жок,
жеке бөлмелерінің кандай максатқа арналғаны аңғарылмайды.
Бөлменің ішкі көрінісі өзгешелігімен ерекшеленеді. Сәкілер бөлменің
жартысын, тіпті бүкіл көлемінің үлкен бөлігін алып түрады, бұл орайда еден
деңгейі тек өтер жерде немесе кіре беріс алдында ғана с акт а лады. Ашык
ошақтардың айкын тікбүрышты бейнесі сақталмаған. Бұл ошак шұнкыр-
лары мейлінше алуан түрлі: сопақша, дөңгелек, таға тәрізді болып келеді.
Олардың бұрын айқын орныққан кіре беріске жақын жердегі орны езге-
реді. Енді ол сәкінің үстіне де, еденге де орналастырылады. Ашық ошақ-
тармен қатар бүрынғысынша каминдер кездеседі, олар әдетте сәкілердің
шетіне орнатылған. Үйдің көлемі ұлғайып, бірқатар жағдайларда 60 ш ар
шы метрден асып түседі. Келемі 30-дан 50 шаршы метрге дейін жететін үйлер
мейлінше кең таралады. Шағын үйлердің келемі 30 шаршы метрден азы-
рак болады.
Жаңа үлгідегі үйлердің XII—XIV ғасырлардағы Солтүстік-Батыс Хорезм-
де, Бөтентауға жакын қоныстарда тікелей ұқсастары үшырасты. Хорезмде
мүндай тұрғын үй дәстүрлі емес, оның мүнда пайда болуы Хорезм мен
Сырдариядағы оғыз-қыпшақ тайпаларының мәдени және этникалық өзара
әсерімен түсіндіріледі17. Құйрықтөбеде тұрғын үйлердің жаңа үлгілерінің
пайда болуы қалаларда көшпелі халықтың жаппай отырықшыланып, үй
қүрылысына ішкі керіністің жаңа элементтерін, жоспарлау үлгілерін әке-
лгенін, сонымен бірге дәстүрлі қүрылыс әдісі мен үзынынан (жалғастыра)
жоспарлауды мұраға алғанын көрсетеді.
Тұрғын үйлердің жаңа үлгілерімен катар XII ғасырда түзу жоспарлы
дәстүрлі тұрғын үй дамытыла береді. Кіре берісі тамбур тәрізді ж әне үш
немесе төрт қабырғасын бойлай сәкі орнатылған ескі дәстүрлі үлгідегі үйле-
рде жаңа ошақтар пайда болады. Олар еденге орнатылған деңгелек немесе
тікбүрыштытемір пештер. Темір пештер өсімдік тәрізді, геометриялықжәне
сәулеттілік оюлармен әсем ернектелген. Темір пештер мен казылған денге-
лек шүңқырлар этнографиялык материалдар бойынша жақсы белгілі «сан-
даддар» деп түсінілуі мүмкін18. Әсем ернектелген темір пештер мен Сама
рканд ошақтарының ұқсастығы күмәнсіз. Соңғылары отқа табынумен бай-
ланыстырылады19. Алайда, кіш кене ошақтардың сандалдардың бір түрі
ретіндегі пайдаланылуы да мүмкін. Түракты ошақтармен қатар, түпсіз қыш
цилиндрлер түріндегі алып жүруге қолайлы ошақтардын сыныктары үшы-
расты, олардың ішкі жақтары қалыптап, жапсырып және бедерлер салы-
нған ернектермен сәнді безендірілген. Таға тәрізді ошақгардың сыныкта
ры да кездеседі.
XII
ғасырда ташнау пайда болады. Бастапқыда ол жиектері және ұшы
жерге жіберілген қүбырға немесе ьщысқа қосылған шүмегі бар саз бал-
шықтан жасалған тікбұрышты алаңша түрінде орнатылды. XII ғасырдың
аяғы — XIII ғасырдың басында ташнау әдетге күйдірілген кірпіш төселген
алаңға ауыстырылады, олардың біреуі жерге қарата теңкерілген үлкен
ыдыстың ойылған түбін жауып тұрады. Су төменге кірпіштегі тесік немесе
саңылау арқылы ағып кетеді.
IX—XIII ғасырдың бас кезінде О ңтүстік-Баты с Жетісуда да тұрғын
үйлердің жаңа үлгілері таралады. Олардың біріншісіне орталыктан жоспар-
464
лау тән, оның негізі орталық зал немесе аула болып, тұрғын жайлар мен
қора-қопсыларға сол аркылы кірген. Бұлайша жоспарлау бай үйлерге де,
қатардағы үйлерге де тән. Айырмашылық құрылыстың көлемі мен ішкі
көріністің сипатына ғана келіп саятын. Мұндай үйлер Қызылөзен қаласы-
ның қираған орталығының оңтүстік жағына орналасқан жинақы топ бо
лып табылады20. Бұлар көлемі 200—400 шаршы метр болатын көптеген құры-
лыстар тұрды. Салтанат жайларының қабырғалары оюлы алебастр тақта-
лармен, оюланған сылақпен түрлі түстерге боялып безендірілген. Үйлер
алып жүретін кіш кене ошақтармен, сәкі арқылы өткізілген ж әне қабырғ-
адағы тік қүдық арқылы сыртқа шығарылған қысқа мұржасы бар түрақты
тандырлармен жылытылған.
Бұл тектес мекен-жайлар Степнинское қала жұртын қазу бойынша да
мәлім. Жалпы көлемі 1 га болатын мекен-жай зерттелді. Ол үйден және
қоршалған учаскеден тұрды. Үйдің орталық жайы торт бұрышты, көлемі
3,3x3,3 м, ол жан-жағындағы түрғын жайлармен ж әне шаруашылық мақса-
тындағы орындармен жалғасып жатыр.
Сипатталған құрылыстардын, жоспарлануы мен түрлеріне Орта Азияда
үксастары кездеседі. Еденге күйдірілген кірпіш қалау, салтанат жайлары-
ның ішкі корінісінде оюлап ж әне әшекейлеп сылауды пайдалану Ташкент
алқабында, Түрікменстанда (Сұлтанкала, Чугундор, Мисриан) болғаны
мәлім21. Кейбір зерттеушілер балшықты ойып өрнектеу негізінен Соғдыда
және Ш у аңғарында пайдаланылған деп санайды.
Екінші үлгідегі үйлердің жоспарлану ерекшелігін барлық құрылыстары-
ның орталықтағы ауланы айнала орналасуы деп санауға болады. Мүндай
құрылыстар Орловскоедегі Ақгөбе округінде жүргізілген қазба жүмыста-
рынан белгілі22.
Орталықтағы қираған үйінділерден тыс жерлердегі сипатталған үйлердің
бір бөлігі, сірә, ауқатты қала тұрғындарының жазғы мекендері болса ке
рек. Бүл «касрлар» — бекіністі мекен-жайлар. «Каср» терминін — павильон,
шағын сарай деп түсінген дұрыс23.
Үзын дуалдармен коршалған аумақтағы қала сыртына орналаскан бай
құрылыстармен қатар олардың тағы бір түрі болды. Бұлар — ауылдық ок-
руггердің негізгі компоненті болған екі ж әне үш белмелі үйлерден тұрды.
Олар жалғыз, бестен жиырмаға дейін топталып орналасқан, кейде ішінде
құрылыс салмаған учаскесі бар өзінше бір төрткілді құрайды.
Тегінде, мұндай үйлердің көпшілігі ауыл адамдарынікі болса керек,
бірінші кезекте, кейбіреулері ұзын дуалдардың ішкі кеңістігінің шет жак-
тарына орналасқан. Басқалары қатардағы қала түрғы ндары ның жазғы
тұрғын жайлары болуы мүмкін. Орта Азиянын солтүстік аудандары мен
Қазақстанның оңтүстігінде ертедегі орта ғасырлар кезеңінің езінде-ақ қала
тұргандарының жаздыгүні жаппай қалатөңірегіне көшіп барып, онда қысқа
арнап, ауыл шаруашылық өнімін дайындайтын болған.
Ж алпы алғанда, Оңтүстік-Батыс Жетісудың аталған кезендегі қалалық
тұрғын үйін сипаттай келіп, оның ерекшелігін ж әне айрықша белгілерін
атап өту қажет. Бұл кезеңнің түрғын үйлері - қы сқа мұржалы тандырлар-
дың болуымен, әшекейлі бұйымдарды пайдалануы ж әне кейбір үйлердің
аулаларында киіз үйлердің тігілуімен ерекшеленеді.
Солтүстік-Ш ығыс Жетісуда Талғар қаласы ның жүртын қазған кезде
тоғыз үйдің орны аршыдды. Солардың біреуіне тоқгалайық.
Достарыңызбен бөлісу: |