Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст



Pdf көрінісі
бет61/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76

Караганда

Хорасан аймағында қазақтар 

айтарлықтай топ болған.

Баяндалған материал XI—XII ғасырларда Шығыс Дешті Қыпшақ кыпш- 

актарының қоғамында «қазақ» деп аталатын этникалық-әлеуметгік топтар- 

дың  болғаны  туралы  қорытынды  жасауға  мүмкіндік  береді.  Алайда,  бул 

айтылғандардан казак халқы монғолдардан бұрынғы уакытта калыптаскан 

деген түжырым туындамайды.  XI—XIII ғасырдың басында далалық өнірде 

де, егіншілік алқаптарда да мекендеген  және бірнеше шаруашылык-мәде- 

ни үлгілер  шеңберінде  олардың қоғамы тіршілігінің тутас  және  бірыңғай 

жүйесін құрған қыпшақ тайпаларының топтасуы қазақ халқының калыпт- 

асуында аса маңызды кезең болды. Этникалық үрдістердіңдамуы негізінде 

XI—XII  ғасырларда  Қ ы пш ак  хандығында  қ азақ  халқы ны ң  этникалы к 

үйытқысы қалыптасады.



Қыпшақтардың этникалык жер аумағы.  Қыпшақтардың этникалык жер 

аумағының  қалыптасу  үрдісі  этностың  негізгі  қоныстанған  аймағының 

анықталуымен мейлінше тікелей байланысты.

Кимек кағанының кол астында болған кең-байтақ жер XI ғасырдың ба­

сында әулеттік елбөрі  руынан шыккан  хандар  бастаған қыпшақ шонжар- 

ларының  қолына толык  көшті.  Кимек  тайпалары  шығысында  Алтай  мен 

Ертістен батысында Еділ мен Оңтүстік Оралға дейінгі, солтүстігінде Кұлы- 

нды  даласынан  оңтүстігінде  Балқаш  көлі  мен  Жоңғар  Алатауына дейінгі 

кең-байтақ жерді алып жатканы мәлім.  Кыпшақ хандары саяси дәуірлеуі- 

мен қоса-қабат, оңтүстік бағытта ілгерілеп, Сырдарияның орта және төменгі 

аймағын,  Арал және Каспий өңірі далаларын Қыпшақ хандығының кола- 

стына  қаратты.  Қыпшақ ақсүйектері  Сырдария  бойы  қалаларының  биле- 

ушілеріне айналды.

XI 


ғасырдың екінші жартысы — XII ғасырдың  басында кыпшақ ханда- 

рының біршама орталықтануы мен бірлігі  қыпшақ тайпаларының Хорезм 

жағына қарай, сондай-ақ Жетісудың солтүстік-шығысы мен Оңтүстік Казак- 

стан ауданына кдрай одан әрі жылжуына себепші болды. XI ғасырдың екінші 

жартысының  бас  кезінде  қыпшақтар  Маңғыстау  мен  Үстіртте  орнығып 

алды, бүл жерлерде олармен бірге оғыз тайпаларының қалған топтары (ке- 

шаттар мен чағрақтар) көшіп жүрді. Әл-Идрисидің «Кіші картасында» «Қы- 

пшақтар даласы» (Сахра әл-қыфчақ) деген географиялық атау келтірілген.



430

Бұл этнотопоним  Каспий ж әне Арал теңіздерінің арасында орналастыры- 

лған, мұның өзі XI ғасырдың екінші жартысына қатысты тарихи шындық- 

ты көрсетеді. Аса бағалы деректеме ретіндегі тарихи карталар жөнінде, атап 

айтқанда, этнонимияны картаға түсіріп бейнелеудің — көрсетілетін объекті- 

лердің немесе  құбылыстардың мәнін  мейлінше  айқын  көрсетіп  беретінін 

айту керек. Орта ғасырлардағы географиялық карталарды салыстыру әдісі 

осы карталар арасындағы тиісті уақыт кезеңі ішінде қоныстану география- 

сы үрдістерінің нәтижелерін бейнелейтін айырмашылықтарды атап көрсе- 

туге мүмкіндік береді.

Қыпш ақ тайпаларының куман тайпаларымен  бірлесе отырып,  Еділден 

батыс  бағытына қарай  козғалуы мейлінше  табысты болып шықты, соның 

нәтижесінде  оғыздар мен печенегтер  Еділден Днестрге дейінгі  ұлан-бай- 

тақ дала өңірінен ығыстырып шығарылып,  оған қыпшак ж әне куман тай­

палары қоныстанды.

Кыпшактардың батысқа карай қозғалуының бастапқы кезендері Махмұд 

Кашғаридің географиялық картасынан  көрініс  тапқан,  онда  олардың ме­

кендеген  жері  Еділден  батысқа  карай,  Каспий  теңізінің  (Бахр  Абискун) 

солтүстік-батысында деп  керсетілген.  Ортағасырлық ғалым  Еділ өзенінің 

өзін қыпшақтар еліне жатқызған. Айта кетер мәселе, төменгі Еділ бойын- 

дағы өзі аттас орталығы болған Саксин аймағы XII ғасырдың бірінші жар- 

тысында қыпшақтар бағындырып алғанға дейін дербестігін сақтап келген.

Закария Казвинидің (XIII ғ.) «Апжаиб әл-махлукат» деген шығармасында 

келтірілген тарихи картаның деректері де XI ғасырдың екінші жартысына 

жататын  болса  керек,  онда  қыпшақтар  орыстардан  шығысырақ орналас- 

тырылған, ал ол кезде орыстардың ж инакы қоныстанған аймағы Орталык 

Ресей  шегінде  болатын.  Әл-Мустауфидің  (XIV  ғ.)  картасына  сәйкес,  қы- 

пшақтар  Еділдегі  бұлғарлар  мен  Солтүстік  Кавказды  мекендеген  черкес- 

тер арасында шоғырланған,  бұл да  осы мәліметтер мерзімін XI ғасырдың 

екінші жартысы деп анықтауға мүмкіндік береді118.

Қыпш ақ хандары  оңтүстігінде  өз  мемлекетінін  шегін  кеңейтіп,  Тараз 

төңірегіне  дейін  жетті,  онда  Қарахандармен  ш екарада  К ен ж ек  Сеңгір 

бекінісін салды. Орталық Дешті Қыпш ақ пен Қарахан мемлекеті билеуші- 

лерінің үлестері арасындағы табиғи шекара Балкаш көлі мен Алакөл ойпа- 

тындағы көлдер болды. Қыпшактардың шығыс шептері XI ғасырда Ертістің 

он жағалауы мен Алтай тауларының беткейлерін қамтыды. Махмүд Қашғ- 

ари нмектерді (кимектерді) Ертіс  аңғарына, олардың ертедегі  «имек дала­

сы» деп  аталған  негізгі  аумағына  шоғырландырады.  XII  ғасырда  қыпш ақ 

тайпалары Алтайда наймандармен, қаңлылармен ж әне керейіттермен ш ек- 

тесіп жатты.

Солтүстік-шығысында қыпшақтар  өркениет пен мәдениеттің саян-ал- 

тай ошағымен байланысты болды, ал оны  таратушылар қырғыздар, хакас- 

тар ж әне басқа тайпалар болатын. Қыпш ақхандығының солтүстік шекара- 

лары  Қазақстанның кен даласын  Батыс  Сібірден  бөліп  жатқан  орманды- 

дала өңірімен өтті.  Солтүстік-батысында қыпшақтар  Еділ бойы мен Орал 

өңірінің  түрғындарымен  этникалық-мәдени  ж әне  саяси  қарым-қатынас 

жасады. Қыпш ақтайпаларыныңертедегі бұлғарлар ж әне башқүрттардүни- 

есімен өзара әсері XI ғасырдың бірінші жартысы -  XIII ғасырдың басында 

кебінесе  қыпшақгардың тіл ж әне мәдениет жөніндегі ықпалы  бағытьінда 

өрістеді119. Оньщ бер жағында, Махмұд Қашғаридың анықтауынша, XI ғасы-

431


рдың  ортасына дейін  башкүрт тілі  кимек  тіліне  мейлінше  жакын  болған. 

Қыпшақтар кемелденген дәуірде карым-катынас жасалған этностардың кы- 

пшақтану үрдісі жоғары өрлеп отырған.

Қыпшак тайпаларының  этникалық-саяси  бірлестігі  шегіндегі  этника- 

лық жер аумағы,  XII ғасырдың 30-жылдарынан  хорезмшахтар  едәуір  бел- 

сенді саясат жүргізе бастаған оңтүстік-батыс шептерін коспағанда, бірша- 

ма тұракты болды.  Хорезмшахтар әулетінің өкілдері қыпшак хандарының 

қолында  болған  Аралдың  оңтүстік  оңірін,  Сырдария  бойындағы  калалар 

мен  Маңғыстауды қаратып  алуға  бар  күшін  салды.  Хорезмшах  Мухаммед 

кыпшақтардың Сырдария бойындағы иеліктерін өзінің ықпал аясына қосып, 

сондай-ақ кыпшак хандарынын оңтүстік ордасы Сығанақ қаласын бағын- 

дырып алды. Бұл жеңістер орасан зор мұсылман дүниесінде бірінші болуға 

дәме  білдірген  хорезмшахтар  мемлекетінің  ең дәуірлеген  шағына  сәйкес 

келді.  Алайда қыпшақ хандарының хорезмшахтармен тайталасының одан 

кейінгі барысын шығыстан төнген қаһарлы  монғол күштері токтатты.

Мүсылмандардың жазбаша деректемелерінің мәліметтеріне 



Караганда, 

XI—XII  ғасырларда кыпшак тайпаларының халық саны  бүкіл түркі тілдес 

халықтар ішінде ең көбі, ал олардың коныстанған аймағы ең көлемдісі бо- 

лған.  Сол  аркылы  ортағасырлык авторлар  көшпелілердің коғамдык және 

әлеуметтік өмірінің маңызды жағын — этникалық қоғамының иерархиялы 

екенін көрсетті. Этностар иерархиясы олардың этникалық жер аумағының 

иерархиясына  сәйкес  келетін.  Күш-куаты  жағынан  кыпшактар  қарасты- 

рылып отырған дәуірде Орталык Азияда алдыңғы катарда болды.

Қыпшақтардың Қазакстан аумағындағы көшіп жүретін аймағы Есіл мен 

Тобыл, Нүра, Елек пен Сарысу бойында болды.  Маңғыстау мен Үстірттегі 

кыстауларынан  кыпшак  рулары  жаздыгүні  Жем,  Сағыз,  Ойыл,  Қобда, 

Жайық өзендерінің аңғарларына кететін, Каспий теңізінің солтүстік жаға- 

лауынан  жаздыгүні  Еділ,  Бала  ж әне  Үлкен  озендерінің  аңғарлары  мен 

Оңтүстік  Орал  тауының  етегіне  көшіп  баратын.  Араб  географы  әл-Ома- 

ридін деректері қыпшақтардың тарихи калыптаскан кешу жолдары болға- 

нын дәлелдейді: «Қыпшақтардың хандары қысты Сарайда өткізеді, ал жай- 

лаулары, бір кездегі Тұран жайлаулары сияқты, Орал таулары аймағында»120. 

Кыпшақ тайпаларының біркатар рулары Арал өңірі мен Сырдария бойын- 

дағы аймақта қыстап, жаз кезінде солтүстікке, Қазакстанның орталык ау- 

дандарына кетіп отырған.  Бірақ барлық жерде бірдей  халыктың көпшілігі 

болған жоқ. Мәселен, Ертісте имектер (кимектер) жинақы мекендеді, Арал 

өңірінде  адам  саны  көп  қаңлы тайпалары  орналасты,  ал  Ж айык пен  Еділ 

арасында куман тайпаларының едәуір топтары қоныстанды. Қыпшақтармен 

бірге Батыс Қазақстанда оғыз ж эне печенег тайпаларының калган топтары 

мекендеді, Сырдарияның төменгі ағысы мен Маңғыстауда — түрікмендердің 

жекелеген  топтары,  этникалық  жер  аумағының  шығысында  наймандар, 

керейлер мен арғындар көшіп жүрді, ал Қазақстанның оңтүстігін көшпелі 

ж эне  жартылай  көшпелі  имек,  карлүқ,  жікіл,  ұран,  кай  тайпаларының 

өкілдері мекен  етгі.

Этникалық сана-сезімінің нығаюы әдетте этнос мүшелерінің өз жері мен 

мемлекеттік үйымына ұмтылуымен үштасады, олар да кері  байланысты — 

этностың тұрақты тіршілік етуін қамтамасыз етеді.

Жер аумағы мен сол аумақты мекендеп, шаруашылық жағынан игерген 



этнос  арасындағы аса тығыз байланысты  оның тұрғын халқы жақсы  ұғы-

432

нды.  Қыпшактардың  өздері  мекендеген  аумакка  тарихи  қүкыктары  бар 

екендігіне көзкарасын сырттан байқаушылар Алтайдан Еділге дейінгі жерді 

камтып жатқан Дешті Кыпшак («Кыпшактар даласы») ұғымы аркылы аңгар- 

ткан. Дешті  Қыпшакта, шынына келгенде, кыпшақтардың этникалык жер 

аумағы сакталып калган.

Шаруашылығы.  Кыпшактардың негізгі шаруашылык кәсібі мал шаруа- 

шылығы  болды.  Орта ғасырлардағы жазбаша деректемелерден  кыпшакта- 

рдын жылкы, кой, сиыр, өгіз, түйе өсіргенін білеміз.  Кыпшактар малының 

күрамында кыста жаюға неғұрлым бейімделген жылкы мен кой басым бол­

ды.


Олардың мал  шаруашылығында ет  пен  май корын тез толтыратын кой 

шаруашылығының зор маңызы болды. Сондай-ақ қойдың жүні мен терісі- 

нен жылы киім дайындалды. Кьіпшақтар қойдың екі тұқымын өсірген. Олар­

дын едәуір бөлігі кішкене кұйрығы бар, бірак ұзақ көшуге өте бейімделген 

қой болған.  Сонымен  бірге  кұйрыкты кой да осірген;  олар көктем алдын- 

дағы жемшөп жеткіліксіздігіне біршама жақсы тозетін еді.

Кошпелі  тұрмыс  жагдайында  алыс  жайылымдарды  игеруге  мүмкіндік 

берген ерекше жылдамдығы мен тәзімділігі, согыста және қаумалап аң ау- 

лауда пайдаланылатындыгы аркасында жылкы аса багалы жануар деп есеп- 

телді. Сондыктан қыпшақтар тек кана тебіндеп жайылатын жылқы өсіруге 

ерекше кеңіл бөлді.  «Бүл даланың (Дешті Кыпшактын) ерекшеліктері мы- 

нада: онын шөбі малга арпаның орнына жүр^ді, баска елдерде мүндай ерек- 

шелік жок. Онда малдың көптігі де сондыктан», — деп атап еткен араб сая- 

хатшысы Ибн  Баттута121.  Жылқы санының көп болуы әрқашанда байлық- 

тың өлшемі,  малшы билігінін эконом икалы қнегізі болган.

Кейбір жазбаша ескерткіштерде қыпшактар елінде он мын тамаша ж ы ­

лкы иеленгендердің көп болганы жөнінде маглүматтар бар. Орталык Казак- 

стандагы кыпшак тайпалары мекендеген аумактағы обалы кабірлерде жы- 

лқының екі түкымы -  басы кішкене, аяктары ұзын әрі жіңішке, шоқтығы 

биік  салт мінетін  аттар  байқалды,  мүндай  асыл  түкымдыларының  сүйек- 

тері түркі тілдес бай шонжарлардың кабірлерінен кездесті. Сондай-ақ асыл 

түкымды  жылқымен  қоса  әдеттегі  жылкылар:  жатаган,  басы-улкен,  аягы 

кыска әрі мықты, өте төзімді, көшпелі тұрмыста тұрақты пайдаланылатын 

жылқылар осірілгені аныкталды.

Қыпш ак  жылқысы  өте  жогары  бағаланды,  оларга  шектес  және  алыс 

елдерде сұраным коп болды.  М әселен,  Дешті Қыпшактан  Үндістанга апа- 

рылатын қарапайым жылқы «күміе акшамен жүз динарга сатылган, ал ж ак­

сы аттың құны 500 динар ж әне оДан да артық багаланган122.

Түріктер даласының жылқысы климаттың  қатаң  болуымен  сипаттала- 

тын жергілікті табиги жагдайларға жаксы бейімделген еді, сүтінің мол және 

еті мен майыньщ сапасы жақсы болуымен ерекшеленді.  Қыпшактар сиыр 

және қой етінен жылқы етін артық көретін, ал бие сүтінен тамаша, шипалы 

сусын — қымыз дайындайтын.

Ж азбаш а деректемелердің мәліметтеріне қарағанда, қыпш ақ когамында 

асыл тұідымды жылкыларды өсіруге зор кеңіл белінген.  Күш келігі, тамак 

көзі  ретінде  ж әне  салт мінуге  арналған  асыл тұқымды  жылкылар квптеп 

өсірілген.  Бұл салада  ұрпақтардың  сан  ғасырлық тәжірибесі  елеулі нәти- 

желерге жетуге мүмкіндік берді. М әселен, әрбір ру-тайпаның жылкылары 

өзінің бірегей түсімен ерекшеленді. Кейде белгілі бір тайпаның атауы жы-

433


лкы сы ны н  түсі  бойы нш а  анықталаты н.  Бұл  жағынан  батыс  қыпшак, 

бірлестігінің  кұрамына  «қүла  жылкылы»  (кулабаоғлы)  тайпасының  енуі 

назар  аударарлық.  1223  жылы  монгол  колбасшысы  Жошының  өз  әкесі 

Шыңғыс-ханға Дешті Қыпшақтан айдап әкелінген 20 мың кыпшақ жылқы- 

сын сыйға тартқанын мысал  ретінде келтіре  кеткен де ж өн123.  Қыпшакта- 

рдың  эмпириялық селекцияға  байланысты  шаруашылык  қызметі  туралы 

бағалы ақпарат көшпелі  мал шаруашылығы коғамының өндіргіш күштері 

дамуындағы негізгі тетіктердің бірін ашып көрсетеді.

Қыпшақтар  қой,  жылқы  шаруашылығымен  бірге  ірі  қара  өсірумен  де 

айналысты, бірак саны жағынан ол әлдеқайда аз болды. Сиырлар мен өгіздер 

кеш кен  кезде алыс  қашықтықта  көп  жүрісті  көтере  алмайды.  Мұның  езі 

кыпшақ тайпаларының  белгілі  бір  топтарының  тұрақты  қыстаулары  бар 

жартылай көшпелі түрмыс салты болғанын көрсетеді. Этнографиялық зерт- 

теулер көшпелілердің негізінен ең кедей бөлігі сиыр үстағанын көрсетеді. 

Ірі қара көбінде жегуге пайдаланылды. Ибн Баттута қыпшақтардың арбаға 

жылқы  жегетінін  атап  өтеді,  сонымен  бірге  «арбаның  ауыр-жеңілдігіне 

карай оған өгіз бен түйе де жегіледі» дейді124.

Қыпшақтардың Батыс Қазакстан аудандарына ілгерілеуіне карай олар­

дын жекелеген топтары түйе шаруашылығымен айналыса бастады. Қүмды 

және шөпсіз жерлерде түйе ең пайдалы да қолайлы үй жануары болды.

Мадды азықтандыру үшін орасан  зор жайылым қажет  болды,  сондық- 

тан  қыпшақтардың  кеш і-коны  ғасырлар  бойы  орныккан  белгілі  бір  ма- 

ршруттар бойынша жүзеге асырылды. «Әркім ез малын, -  деп жазды Виль­

гельм  Рубрук,  -   қыста,  жазда,  көктемде  ж әне  күзде  кайда  жаятынын 

біледі.»125

Қыпшактарда аңаулау қосалкы кәсіп бодды. Әл-Джахизге сәйкес, «көшпелі 

түріктер аң  аулағанда,  әсіресе  қарақұйрықтар  мен  қүландарды  куған  кезде 

ғажап төзімді». Махмүд Қашғари қыпшақгар даласьшда мекендейтін, сол жерде 

ауланатын жабайы ірі аң — бұлан аулауды атап көрсетеді.

Қыпшактар аң аулағанда садақ пен жебеден басқа, олар аңға құс салған, 

қоянды, түлкіні, тіпті қасқырды да итпен ұстаған.

Араб-қыпшақ глоссарийлерінде қыпшақтар аулаған жабайы.андар мен 

қүстардың аттары келтірілген:  сағыр  киік  -   ақбөкен,  кұлан,  бұғы,  сусар, 

тиін, күзен, түлкі, ак күйрық ж әне т.  б. Осында аңға салатын итгер (қылб- 

арық, тазы) мен құстардың (лашын, бүркіт) аттары келтірілген.

Қыпшақтар үшін бағалы аң терісі баска елдермен сауда жасаудың маңы- 

зды  көзі болды. Махмұд Қашғаридың айтуынша, түріктерде қымбат баға- 

лы аң терісі иджұқ деп, ал «Тәржіман» араб-қыпшақ сөздігінде — курс деп 

аталған.

Анды жеке шығып аулаумен қатар кьіпшақтар қаумалап аулауды да ұйы- 

мдастырған, оның шаруашылық жағымен бірге өзінше бір маневр, әскери 

өнер, жасақтардың жауынгерлік әзірлігін  сақтау амалы болды.

Жалпы алғанда,  аң аулау дербес сала болмай,  шаруашылықтың негізгі 

түрі  -  мал шаруашылығына көмекші ғана болған.

Аң аулаумен қатар қыпшақтар негізінен ең кедей, өзен жағасында түра- 

тындары балық аулаумен де айналысты. «Диуан лұғат ат-түркте» және араб- 

қыпшак түсіндірме сөздіктерінде кыпшақтардың балық аулағандағы еңбек 

құралдарының терминдері келтірілген, олар: арғақ — қармақ, ағ — ау, ұжан 

(ұлұк) — кішкене қайық, кеме — үлкен қайық ж әне т. т.

434


Орта  ғасырлардағы  нарративтік  деректемелердің  бір  бөлігінде  кыпш- 

ақтардың дәнді дакылдар мен бұршакдақылдарын есіргендігі туралы айты- 

лады.  Қыпшактар негізінен  тары  еккен.  Әл-Омари  былай деп атап  өткен: 

«Оларда (кыпшақтарда -  Ред.) егістіктің көлемі өте шағын ж эне бидай мен 

арпа аз себіледі. Оларда негізінен тары өсіріледі, олар сонымен тамактана- 

ды  жэне  жерден  әндірілетіндері  жағынан  алғанда  олардың  басты  тамағы 

сол»126. XII ғасырда Дешті Қыпшақты аралап өткен Петахья «бұл жерде нан 

жемейді, тек күріш пен тары жейді» деп көрсетеді127.  Қыпшақтар тарыдан 

басқа, өте аз болса да, бидай мен арпа еккен. Олар астықты Орта Азияның 

егіншілерінен мал шаруашылығы өнімдеріне айырбастап та алып отырған. 

Қыпшақтардың кейбір топтары суармалы егіншілікпен айналысқан, мұны 

Үлытау  мен  Торғай  аудандарындағы  суландыру  жүйелерінің,  көптеген 

бөгеттердің, қүдықтар мен тоғандардың қалдықтары дәлелдейді.

Кейбір  дәнді дакылдардың кыпшақтар шаруашылығында дәстүрлі  бо- 

лғанын,  қыпш ақ тайпаларының  ол  атауларды  колданғанын  орта ғасырла- 

рдағы түсіндірме сөздіктерде сакталған  арнаулы терминдер көрсетеді.  Бүл 

терминдердің бастапқы негізі түріктерден шыққанын атап өту керек, олар: 

экин  — егіс,  буғдай —  бидай,  арпа — арпа, тутарған  — күріш,  маржамақ — 

жасымык, тару — тары, ирдан — кырман, ашлык — астық және т.  б.

Сонымен,  қыпшақ тайпалары  коныстанған  аумактың  орасан  кең-бай- 

тақ жерді алып жатуы мен өзіндік ерекшелігі бар географиялық жағдайла- 

рьг -  оларда орта ғасырлардағы қыпшак қоғамының біртұтас ендіріс жүйесін 

қүрған көшпелі мал шаруашылығынан егін шаруашылығынадейінгі бірне- 

ше шаруашылык-мәдени үлгілердің дамуына себепші болды.



5.  ОРТА ҒАСЫРЛАР КЕЗЕҢІНЩ АНТРОПОЛОГИЯСЫ

Ертедегі  орта ғасырлардағы  Қазақстан тарихы  жергілікті  мекендеуші- 

лердің  бүкіл  коғамдық-саяси  құрылысы  мен  этникалық-мәдени  емірінің 

мүлдем  өзгеруімен  ерекшеленеді.  Сол  кезден  бастап  Орталык  Азкяның 

ұлан-байтақ аумағы,-соның  ішінде  Қазақстан да ертедегі түріктердің куа- 

тгы  этникалык-мәдени  қауымдастығының  өрісіне  енді.  Бұл  аумақ  аукы- 

мында  түрік  тайпалары  үшін  ең  белсенді  тарихи  орталык  А лтай: болды, 

шамамен  алғанда,  б.  з.  б.  V  ғасырда  Ашина  әулеттік  руының  омір  сүруі 

кезінен  одан  әрі  солтүстік-батысқа  қарай қоныстанып,  Оңтүстік  Сібірдің 

көп  бөлігін,  Қазақстанды,  Орта Азияның солтүстік  ж әне  шығыс  болігін, 

Еділ бойын,  Ш ығыс  Европаға дейін камтыған  көшпелі түріктердің негізгі 

көпшілігі сол жерден ш ы ққан128.

Бірқатар  ғасырлар  бойы  Орталык  Азиядан  шықкан  өзге  тайпалардың 

экспансиясынан гөрі, жергілікті мекендеушілермен бірте-бірте ж әне үзақ 

уақыт бойы этникалық-мәдени бірігу, кәбінесе кан араластыру басты орын 

алған Үлы дала бедцеуінің тарихи дамуының бүкіл барысы түркі тілдес тай- 

палардың  бір-біріне  одан  әрі  ықпал  етуі  мен  этникалық-саяси  одақтары 

мен мемлекеттерінің кұрылуы үшін берік негіз дайындады.

Осыған байланысты карастырылып отырған кезеңнің антроподогиялық 

материалдарын  жалпы тарихи  арнада  қарастыру  ғылыми түрғыда дәйекті 

нәтижелерге  жеткізеді.  Өкінішке  қарай,  қолда  бар  антропологиялық де- 

ректердің  мерзімі  кебінесе  жалпы  археологиялық тұрғыдан түрік  кезең-



435

дерімен белгіленеді, бас сүйектер тобы түрік кауымының накты кай субэт- 

никалық тобына немесе тайпасына жататындығы  жөнінде егжей-тегжейі- 

не  бармай,  белгілі  бір түрік тайпалары  одағы өмір  сүрген  бір  кезеңге  жа- 

тқызылады.  Әлбетте,  бұл жазбаша деректемелердегі мемлекеттік шекара- 



лар 

мен этнонимдерді нақты археологиялык ескерткіштермен салыстыру- 

дың қиындыктарына ғана емес, сонымен катар түріктердің этникалық-саяси 

бірлестіктерінің этникалык кұрамының әр түрлі болуына, олардын тарихи 

кысқа уақыт аралығында аумактық жағынан белсенді түрде орын ауысты- 

руына байланысты.  Солай бола тұрса да,  Қазақстанның ортағасырлық ке- 

зеңінің антропологиялык материалдарында аймақ тарихының нәсілдік ге- 

незі мен этникалык үрдістеріне байланысты акпараггык мәліметтер аз емес.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып және материалдың шолу 

сипатында баяндалуын  ескеріп,  краниологиялық  сериялар  төменде  олар­

ды белгілі бір субэтникалық топқа тану туралы талқыламай, аумактык прин­

цип  бойынша қарастырылады.

Түріктер  заманының  (VI  ғ.  — XIII  ғасырдың  басы)  жинақтап  алынған 

краниологиялык деректеріне талдау жасау Қазақстан аумағынан европео- 

идтік элементтер монголоидтік элементтерден біршама басым болатын ара- 

лас антропологиялык тұрпатка тән морфологиялық белгілер кешенін анық- 

тады. Орта есеппен алганда бүл кезеңнің халқында: бас сүйегінің ұзындыгы 

орташа  (179,1  мм),  жалпақ  (147,3  мм),  биіктігі  орташа  (133,2  мм),  брахи- 

кранды (82,4),  мандайының кендігі орташа (96,0 мм) және еңістенуі орта­

ша (83,90), кеңсірігінің үсті біршама дөңес ж әне қабагының догасы орташа 

жетілген,  бет  сүйегі  шығыңқы  (73,3  мм)  және  жалпақ  (139,1),  тайкылау, 

көлденеңінен  Караганда  бұрыштану  шамасы  орташа  (назомалярлы қ  — 

143,70°, зиго-максиллярлық —  133,60°), мүрны біршама үзын (биіктігі — 53,2 

мм, ені -  25,4 мм), мүрын сүйегі біршама шыгыңқы (26,20°) және кеңсірігінің 

биіктігі — 3,8 мм, көз аңгарының биіктігі орташа (33,5 мм), азу тіс шүңқы- 

рының терендігі орташа болган. Усундер заманынан шыкқан морфология- 

лык өзгерістер негізінен алганда бас  сүйек тебесі  биіктігінің аздап кемуі- 

не,  брахикрания  дәрежесінің  күшеюіне,  бет  жагының  біршама  кеңеюіне 

және  көлденеңінен  де,  ішінара  тік  жазыгынан  да  барлиқ деңгейде  онын 

сәл  көбірек  толыгуына  катысты  болды.  Өзгерістердің  мүндай  багыты, 

анығын айтканда, монголоидтік тектер (гендер) косылуының одан әрі жа- 

лгасуының нәтижесі болып табылады, жогарыда атап өтілгеніндей,  ол ер- 

тедегі  темір дәуірінде  басталды,  сонан  соң Қазақстан  аумағына  Орталык 

Азия тайпаларының,  соның ішінде гүндардың,  ал  қарастырылып отырган 

кезенде — түріктердің келуіне байланысты біртіндеп ұлгая берді.

Қазақстанның түрлі аймақтарына Орталык Азия түріктерінің ену дәре- 

жесі  мен  олардың  жергілікті  мекендеушілермен  араласып-сіңісу  үрдісі 

біркелкі  болған жоқ.  Бұл  ескерту  кебінесе  физикалық қарым-қатынаска 

катысты,  ал этникалық-мәдени  кірігу  (этнонимнің,  тіл мен  сөздін,  мәде- 

ниеттегі дәстүрлердің, шаруашылықты жүргізу элементтерінің араласуы), 

сірә, неғұрлым терең және жедел сипатта болса керек.

Краниологиялық материалдарды аймақтықтұрғьщан зерттеудің көрсет- 

кеніндей,  Қазақстанның шыгыс және көбінесе оңтүстік аудандарынан та- 

былган алдыңғы  орта ғасырлардағы бас сүйектерінің сан жағынан  ең көп 

тобында Орталық, Солтүстік ж әне  Батыс  Казакстан топтарына Караганда 

европеоидтік белгілер едәуір көп екенін айта кеткен жөн. М әселен, Ж ога-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет