Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст



Pdf көрінісі
бет62/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   76

436

рғы Ертіс өңірінің орта ғасырлардағы ескерткіштерден алынған бас сүйек- 

тердің  топтарында  бетгің  брахикраниясы  орташа  (80,9),  кейбір  топтарда 

мезокрания, биіктігі орташа  (72,0), ал кейде аласа (66,0 мм) болуы,  ені ор- 

ташадан (134,0 мм) үлкен (141,2 мм) көлемге дейін араласып отыруы, мұрын 

сүйегінің едәуір шығыңкы болуы (24,0—32,30°) байкалады. Сол арқылы бүл 

топтар,  бір жағынан, озінің алдындағы усун халқымен тығыз тектік байла- 

нысын аңғартады, екінші жағынан, Алтай тауының етегіндегі ұқсас халық- 

пен морфологиялык жақындықты көрсетеді,  ал  Таулы  Алтайды  мекенде- 

ушілерге  қарағанда,  ол да біршама европеоидтік сипатта болатын129.  Атап 

өтерлік  қызғылықты  бір  нәрсе,  Жоғарғы  Ертіс  бойындағы  кимектер  мен 

Солтүстік-Батыс Алтай сросткиндіктері  ескерткіштерінің археологиялық 

материалдарындағы мәдени сипаттарда да белгілі бір ұксастық табылады130. 

Халықтың солтүстік-шығыс байланыстарының басым, ал оңтүстік-шығыс 

байланыстарының әлдеқайда аз дәрежеде болғанын Ертіс бойы топтарын- 

дағы  оралдық түрпатты  белгілері  бар  бірлі-жарым  бас  сүйектер дәлелдей 

алады, оның Батыс Сібірдің орманды ж әне орманды-далалык еңірінің орта 

ғасырлардағы мекендеушілеріне тән болғаны мәлім131.

Европеоидтік  компоненті  коп  бас  сүйектер  топтары  шоғырланған  ба­

ска бір аймақ — Оңтүстік Қазакстанның ортағасырлық археологиялык ке- 

шендері132.  Атап  айтқанда,  Тектұрмас  корымдарынан  алынған  топтарда133 

өздерін  Арал  өңіріндегі  М издахкан  зираты ны ң134  ж әне  Өзбекстандағы 

Ф ринкент135  мазарының X—XII ғасырлардағы  кабірлерінен  алынған мате- 

риалдармен  жакындастыратын  морфологиялы к  ерекшеліктер  бар.  Бұл 

жәйтті Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы көшпелі және оты- 

рыкшы  халық  арасындағы  өте  тығыз  генетикалы қ  қарым-қатынаспен 

түсіндіруге болады.

Өкінішке қарай,  Орталық,  Солтүстік ж әне  Батыс  Қазақстанның ұлан- 

байтақ даласындағы түрік тайпаларына қатысты антропологиялык матери- 

алдар онша көп емес, дегенмен де олардың дене бітімі туралы жалпы түсінік 

береді. Жоғарырақта карастырылған оңтүстік-шығыс аймактарының халқы- 

мен салыстырғанда,  бас  сүйектердің бүл топтары  арасында брахикрания- 

ның неғұрлым айқын (82,8-88,8°), беттің неғұрлым биік (75,8-76,3 мм) және 

жалпақ (142,3-147,3 мм), көлденең кескінінің  орта бөлігінін аз шығынкы 

(зиго-максиллярлық бұрышы —  133,2-136,70°), кеңсірік сүйектерінің азы- 

рак шығыңқы (22,0—27,0°), к ез анғарының неғұрлым жоғары (33,5-36,3 мм) 

болуы байқалды. Яғни олардың бітімінде европеоидтік және монғолоидтік 

компоненттердің  арақатынасы  соңғылары  жағына  ойысқан.  Кейбір  топ­

тарда ол қазіргі тұран тұрпаттас (оңтүстік сібірлік) нәсілге тән бұл компо- 

ненттердің айқындык дәрежесіне жетеді, ал қазақтар сол нәсіл екілдерінің 

бірі болып табылады. Тұнық (Қырғызстан) қорымынан алынған бас сүйек 

бойынша  Г.  В.  Лебединская  жасаған  мүсіндік  реконструкцияның  суреті 

келтіріліп отырған  бейнесі тұран түрпатгас нәсілдің қазақстандық нүсқа- 

сына  ж еткілікті  дәреж еде  ж ақы н,  себебі  көрш ілес  Қы рғызстанда  осы 

нәсілдің нақ сондай үрдісі болған еді.

Қарастырылып отырған шағын дймақтардың орта ғасырлардағы халқы- 

на қайта орала отырып, оның, Қазақстанның оңтүстік ж әне шығыс аудан- 

Дарына Караганда, дене бітімі жағынан жалпы алғанда неғұрлым біртектес 

екенін ескерте кетеміз.

Сонымен, түріктер  кезенінде  (VI  ғ.  -   XIII  ғасырдың  басы)  Қазакетан

437


аумағында дене бітімінде европео- 

идтік-монғолоидтік  бітім  аралас 

болған  тайпалар  мекендеген.  Бұл 

уақытта  Қазақстан  топтары  ара­

сында монғолоидтік компоненттің 

ау м акты қ 

б ө л ін у і, 

м ы салы , 

көрш ілес  О рта  А зия,  О ңтүстік 

Сібір,  Орталық Азия аймактарын- 

дағы сиякты занды сипатта болмай- 

ды,  ол  аймақта  нәсілдік  жағынан 

араласқан  топтардың  құрамында 

монғолоидтік  элементтердін  үлесі 

батыстан  ш ығы сқа  карай  бірте- 

бірте  арта  береді.  Осының  алдын- 

дағы талдаудан көрінгеніндей, орта 

ғасырлардағы  Қазақстанда  бұлай- 

ша бөлудің  кері  бағыты  орын ала­

ды:  батыс  пен  солтүстікте  монғо- 

лои дтік  к о м п о н е н т т ің   кұрам ы  

ш ығыс  пен  б аты стағы д ан   гөрі 

көбірек  тараған.  Бүл  кұбылысты 

ішінара соңғы аймақтарға орталык, 

солтүстік жэне батыс аймактармен 

салыстырғанда  халықтың  көбірек 

коныстануымен  түсіндіруге  бола­

ды, ал орталык, солтүстік жэне ба­

тыс аймақтарда климаттық-геогра- 

фиялық жағдайлар  халык  тығыздығының  азырак  болуына  эсер  етті.  Бұл 

жағдайда жергілікті тайпалармен салыстырғанда саны аз болған шығыстан 

(Алтай, Орталык Азия)  келген  келімсектердің тайпалары  олармен  арала- 

сып, сіңісіп кеггі, сөйтіп Ш ығыс ж әне Оңтүстік Қазақстанды мекендеуші- 

лердің тектік корына болмашы үлес қосты деуге болады. Сондықтан соңғы- 

лардың дене бігімінде озгерісгер аз болды.  Орталық Азиядан к е ^ ген түркі 

тілдес  тайпалардың  кепш ілік  бөлігі  Алтайға  едәуір  жакын,  халқы  тығыз 

аудандарда үзақ іркілмей,  барған  сайын одан әрі  солтүстік-батыска карай 

ілгерілей берді, онда олардың  Қазақстан далаларында шоғырланған, кейде 

қуаңшылық өңірлердегі саны аз тайпаларымен неғұрлым қарқынды түрде 

араласып-сіңісуі жүрген еді.

Егер Орталық, Солтүстік және әсіресе Батыс Қазақстаннан алынған IX— 

XII  ғасырлардағы  бас  сүйектер  тобының  Таулы  Алтайдан  алынған  неғұ- 

рлым ертеректегі  (VI—X ғғ.) топтармен  физикалық жағынан  едәуір үқса- 

стығын136, сондай-ақ Байкал өңіріндегі Усть-Талькин қорымынан алынған 

сондай материалмен  морфологиялық жағынан  ішінара жақын  ұқсастығы 

бар  екенін137  ескерер  болсақ,  Қазакстанды  мекендеушілер  кұрамына  мо- 

нғолоидгік ерекшеліктер енгізген түркі тілдес тайпалардың негізгі бөлігінін 

бастапқы шоғырлануы мен кеш у жолдары едәуір айқындала түседі.

Сонымен, антропологиялық материалдарды зерттеу ертедегі орта ғасы- 

рлардағы Қазақстан халқының этникалық тарихы мен нәсілдік-генезіндегі 

бірқатар өзекті тұстарын атап өтуге мүмкіндік береді. Бұл ең алдымен белгілі

438


бір  аумакты ертедегі  және  орта ғасырлардағы мекендеушілер  арасындағы 

негізгі антропологиялык белгілердің тікелей сабактастығына қатысты.  Ке- 

лесі жағдай -  Қазакстанның әр түрлі аудандарында кан араласуының қарқы- 

ны  мен дәрежесінің  бірдей  болмауы.  Аумақтық краниологиялық топтар- 

дың  нәсілдік  кұрамындағы  европеоидтік  ж әне  монғолоидтік  компонент- 

тердің  әр  түрлі  арақатынасына  байланысты  жалпы  полиморфизмнен  ба­

ска, компоненттердің өз ішіндегі кейбір ала-кұлалықты атап өтпеуге бол- 

майды.  Европеоидтік  компонент  ертедегі  андроновтык  түрпатпен  коса, 

шығыс  Жерорта теңізіне  тән түрпаттың  (Қазакстанның оңтүстігі  мен  ба- 

тысында) және Орта Азиядағы кос озен аралығындағы нәсілге тән брахи- 

краниялық европеоидтік тұрпаттың (Казакстанның оңтүстігі мен оңтүстік- 

шығысында) элементтерін де камтиды.  Монғолоидтік компонентте де  Ор­

талык Азиядағы тұрпаттағыдан  баска,  Орал тұрпатты нәсілдің қосындыл- 

ары  бар  (Қазақстанның  шығысы  мен  солтүстігінде).  Баска  бір  маңызды 

жағдай  мынада:  антропологиялык  материалда  біз ден  қойып  отырған  ау- 

мақта халықтың толық немесе едәуір дәрежеде араласқаны туралы мағлұ- 

маттар жоқ. Барлық жағынан алып Караганда, келімсек түркі тілдес топтар 

жаппай бір мезгілде ағылып келмеген, қайта,  біртіндеп,  шагын топтар бо­

лып келген. Түркі тілдес атауларга келетін болсак, олардың Қазақстан мен 

көршілес  аумақтардың  орта  ғасырлардагы  халқы  арасында  кеңінен  және 

салыстырмалы түрде негұрлым тез әрі оңай таралуы бірқатар жагдайларда 

азды-көпті тәуелсіз, ягни тектік (генетикалык) қарым-қатынассыз немесе, 

қалай  дегенмен  де,  едәуір  әлсіз  дәрежедегі  тәуелділікте  болуы  мүмкін. 

Мұндай кұбылыстың түркі тілдес халыктардың этногенезіндегі шектен тыс 

көрінісі ретінде азербайжандар мен Анадолы түріктерін мысалга келтіруге 

болады,  олардың  ертедегі  европеоидтік  ф изикалы қ  негізіне  азиаттық 

нәсілдік  ділдің  ықпалы  тиген  жоқ,  ал  лингвистикалық  жагынан  ертедегі 

үнді-европалықтілді түрік тілдерінің біреуі (бұл ретте — огыздардың шагын 

тобының) толық алмастырды.

Ж ән е, ақырында, Қ азақстанны ң кейінгі байырғы тұрғындарының эт­

никалы к ж әне нәсілдік  генезінде түрік кезеңіне  өте  елеулі  рөл  беретін 

ең маңызды тұстары тұран тұрпатты иәсілдің казіргі қазақстандық нұска- 

сына сәй кес келетін антропологиялы к белгілердің шагын кеш енінің мо- 

нғолдарға дейінгі дәуірдің өзінде-ақ ем ір сүру ф актісі болып табылады. 

М онгол шапқыншылығы кезеңінде Орталык Азия топтарының жергілікті 

халықпен қан араласты руы ны ң жеделдігі онша елеулі бола қойған ж оқ. 



Монғолоидтік  элементтердің  ж аңадан  «қосқаны»  сол  кезең   халқы ны ң 

н әсілдік тұрпатындағы  бұрынғы жалпы сарындарды бірсы пы ра күш ей- 

ту  болды.  Бас  сүйек  б иіктігінің  кемуі  (132,8  мм),  б рахикран ия  д әре- 

ж есінің күш еюі (83,9),  беттің биіктігі  (75,6 мм) мен толы су дәреж есін ің  

(н а зо м о л я р л ы қ   бүры ш ы   —  145,60°,  зи г о -м а к с и л л я р л ы қ   бұры ш ы   — 

135,00°), сондай-ақ көз аңғарының (биіктігі — 34,8 мм) ж ән е мұрын сүйек- 

терінің (24,10°) үлғаюы X III—XIV ғасырларда Қ азақстан халқы ны ң дене 

піш інінің біршама көбірек монғолоидтік болуына әкеп  соқты . Қ азақта- 

РДЫң қазіргі краниологиялы қ топтары мен «монгол» заманындағы Казак- 

стан аумағынан алынған материалдар арасындағы м орф ологиялы қ айыр- 

ма одан да гөрі  болмаш ы келеді.  Қ оры та келгенде,  қазіргі қазақтардың 

дене бітімінде  европеоидтік ком понентген  м онғолоидтік компоненттің 

үлесі басым ж әне  негізгі  антропологиялы к белгілері  жағынан олар  Ев-

439


разияның  европеоидтік  ж әне  монғолоидтік  топтарының  арасында  ара- 

лы к жағдайдан  орын алады 138.

Сонымен, нақ түріктер кезеңінде, яғни біздің заманымыздағы I жэне II 

мыңжылдыктардың  тогыскан  кезінде  көптеген  түркі  тілдерінін,  соның 

ішінде казак тілінің де  лингвистикалық түп-негізі  каланып кана коймай, со­

нымен катар казіргі казактардың ата-бабаларына жакьш дене бітімінің негізі 

болған антропологиялык кабат қалыптасты деп санауға барлық негіз бар.

6. ШЫҢҒЫС-ХАН ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ

XII 


ғасырдың аяғы — XIII ғасырдың басында Орталык Азия мен Казак- 

стан далаларындағы саяси жағдай күшті көшпелі тайпалар одағы билеуші- 

лерінің арасында басқа тайпаларға өз үстемдігін орнату жолындағы күрестің 

күшеюімен сипатталады. Осы күрестің барысында монгол тайпасының өкілі 

Темучин  (Шыңғыс-хан)  Орталық  Азия  тайпаларын  біріктірді,  сойтіп  ол 

Орталык Азия даласындағы ең кұдіретті жаулап алушыға айналды. Керейіт- 

тер  ханының  наймандармен,  монгол тілдес татар  және меркіт тайпалары- 

мен соғыстарында Темучиннің атағы шыга бастады, ол соғыстарға Ван-хан- 

ның вассалы ретінде  болашак Ш ыңғыс-хан  белсене қатысты.

Темучин керейіттер мен наймандар ұлыстарының билеушілерін талкан- 

даған  кезде  ол  Орталык  Азия  далаларындағы  бірден-бір  күдіретті  колба- 

сшыға айналып, мұны саяси түрғыдан баянды етті.  1206 жылдың көктемін- 

де  Онон  езенінің  сағасында  Темучинді  жактайтын  көшпелі  шонжарлар- 

дың күрылтайы  еткізіліп,  сонда  ол тоғыз күйрык кыл  байланған  қасиетті 

а к ту  желбіреген жағдайда салтанатты түрде үлы хан деп жарияланды.  Со­

нымен  бірге  күрылтай  Темучинге  Шынғыс-хан  атағын  бекітіп  берді,  бұл 

оның  өз  есім інің  орны н  басты.  Темучин  —  Ш ы ңғы с-хан  былай  деп 

мәлімдеді:  «Мен...  түрлі  мемлекетті  ақикат жолына бағытгап,  халыктарды 

озімнің біртүтас  билігіме қараттым». Мүмкін, ол  Батыс пеи  Ш ығыска жа- 

саған жорықгарының нәтижесінде озінің кандай шындарға шьіғатынын білме- 

ген де болар, атап айтқанда,  кашқан наймандар мен меркіттерді  куалай оты­

рып, оларды  1208 жылы Ертіс жағалауында екінші рет талқакдады.

Бірлесіп қимылдаған меркіттер мен наймандар тобын  1209 жылы үйғыр 

идиқұты  (билеушісі)  өз  иелігіне  өтуге  әрекет  жасаған  кезінде  тас-талкан 

етті, Соның салдарынан олардын жолдары екі айрылды'39.

Талқандалудан аман калган найман тайпаларын Күшлік-хан Жетісудағы 

каракытайлар иелігіне әкетті, ал меркіттер Орталык Казакстан далаларын- 

дағы кыпшактарға кашты.  Наймандардың едәуір болігімен Жетісуға ығы- 

скан Күшлік-хан  онда калыптаскан  күрделі жағдайды пайдаланып қалуға 

тырысты.


А ласапыранның  басты  к ін әліл ері  Ш ығыс  Т үркістандағы   Тұрф ан 

князьдігінің ұйгыр идиқұты және қарақытайларға вассалдық тәуелдідікте 

болған  Жетісу  карлүқтары  мен  қаңлылардың  мүсылман  билеушілері  еді. 

Бірсыпыра  уакыт  бойы  Ж етісу  мен  Ш ығыс  Т үркістанны ң  ж ергілікті 

князьдіктері  қарақытайлардың  жоғарғы  билігін  таныды,  бірақ  XII—XIII 

ғасырлар шебінде іс жүзінде тәуелсіз болып адды. Сондықтан каракытайла- 

рдың  гурханы  (билеушісі)  найман  жауынгерлерін  бағынбайтын вассалда- 

рын  басып-жаныштау  үшін  павдаланбақшы  болып  үміттенді.  Гурханның



440

сеніміне кірген Күшлік-хан  1210 жылы гурханды тақтан тайдырып, мемле- 

кеттегі  билікті  басып  алды,  бірақ  гурханды  өлтіруге  батылы  бармай  оған 

биліктің сыртқы белгілерін калдырдьг. Күш лік карлұктарды, қаңлылар мен 

ұйғырларды  өзіне бағындыруға ниеттеніп, оларға карсы ойран салған ша- 

буылдар жасады.

Осындай  жағдайда  карлуктардын  Арслан-ханы,  Іле  өзенінің  аңғарла- 

рындағы Алмалықтың билеушісі Озар (Бұзар), үйғыр идиқұгы Баршық арт- 

тегін  наймандардың  жауы  Ш ыңғыс-хан  монғолдарынан  көмек  сұрауға 

мәжбур  болды.  Арслан-хан  мен  Баршық  арт-тегін  өз иеліктері  шегіндегі 

қаракытай наместниктерін өлтірді.

Бүл билеушілердің 1211 жылы Шыңғыс-ханға бағынғаны кытай, монғол 

және  мұсылман  (араб-парсы  тілдеріндегі)  жазбаша  деректемелерінде  ег- 

жей-тегжейлі айтылады.

1211 жылы Жетісуға монғолдардың алғашқы келуі сол оқиғалардың сал- 

дарынан  болған  еді.  Б ірақолар  үзакуақы т болған  жок, өйткені  Шынғыс- 

хан оларды солтүстік Қытай жеріндегі Цзинь империясымен соғысуға кері 

шақырып алды.

1216 жылы бұл наукан ойдағыдай аяқталғаннан кейін монғолдар Баты- 

сқа қарай жылжуын кайтадан бастады. Ш ыңғыс-хан өзінің үлкен ұлы Жо- 

шыға қыпшактарға кашып барған меркіттерді кыруға, ал сенімді колбасшы- 

ларының бірі Ж ебе-ноянға Күшлік-ханды жазалауға бүйырды.  1218 жылы 

Күшлік-хан тдлкандалды да, монғолдар оның Жетісудағы иеліктеріне кірді, 

оларды  христиан  наймандар  мен  буддистердін  қысымынан  қатты  зардап 

шеккен жергілікті мұсылман тұрғындары куана қарсы алды.

Күш ліктің иелігіндегі жерлердің шегіне кіргеннен кейін монгол колба- 

сшысы  Ж ебе-ноян  жарш ылар  аркылы  хабарлатып  әскерлерге  бейбіт 

түрғындардың мүлкіне тиісуіне тыйым салынсын,  ал мұсылмандарға най- 

ман билеушілерінің токтаткан жария түрде құдайға кұлшылық ету күкығы 

Қайтарылсын деп бұйрык берді. Кашып кеткен Күшлікті монғолдар Бадах- 

шанда куып жетіп, басы алынды. Жошы-хан Казакстанның Торғай далала- 

рында  меркігтермен  ш айкасып,  оларға  куйрете  соккы   бере  ыдыратып 

жіберді. Бірақ келесі күні оған Хорезм шахы Мүхаммедтің 60 мыі ідык әскері 

шабуыл  жасады,  ол  Сырдарияның  төменгі  ағысындағы  Женттен  казіргі 

казақ далаларында  мекендеген  көшпелі  қыпшактарға  жоры кка  шыккан 

әскер болатын. Бұл шайқаста ешкайсысы жеңіске жеткен жок. Бірак ж ал­

пы алғанда бүл кездейсоқ кактығыс хорезмшахка катты эсер етті, В. В. Бар- 

тольдтың  пікірінше,  Ш ыңғыс-хан  1219—1221  жылдары  хорезмшахтардың 

мемлекетін  шапқан  кезде  оның  монғолдармен  аш ык  ш айкасқа  неліктен 

шықпаған себептерінің бірі осы болған. Ал бұдан әрі монғол-хорезм каты- 

настары барған сайын шиеленісе берді де, соғыска әкеп соқты.

Ш ығыс  Түркістан  мен  Жетісуды  басып  алғаннан  кейін  монғолдарға 

Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды.  Басып кіруге  «Отырар 

опаты»  деп  аталатын  жағдай  себеп  болды.  Ш ыңғыс-хан  мен  хорезмшах 

Мухаммед арасында соғыс болмай коймайтын еді ж ән е оған соңғысынын 

немесе  оның Отырардағы вассалы Ғайыр-хан  Иналшықтың әрекеті себеп 

болған  жок,  бұл жөнінде  төменіректе  айтылады.  Соғыска  мынадай себеп 

болды:  Ш ыңғыс-ханның  империясы  Орталык  Азияның  көшпелі  коғамы 

үстем топтарының белсене қатысуымен кұрылған еді, сондыктан жана мем- 

лекет  осы  үстем  топтың  мүдделерін  білдіруге  тиіс  болатын.  Ал  көшпелі

441


шонжарлар  үшін  жаңа  жерлерді  жаулап  алумен  катар  соғыс  олжасын да 

әкелетін үздіксіз соғыс өндірістік қызметтің рөлін де аткаратын.  Орталык 

Азияның  саяси  біріктірілуі  тайпааралык  ішкі  соғыстардың  тыйылуына 

жеткізді.  Оны  көшпелі  шонжарлардың тұрақты  баю  көзі  -   соғыс  токта- 

тылмағаны  былай тұрсын,  керісінше,  ұлғайтылған жағдайда ғана қолдауы 

мүмкін еді. Сөйтіп Шыңғыс-хан көшпелі шонжарларына ішкі өзара қыркы- 

стардағыдан  гөрі  соғыс  олжаларын  қолға түсіріп,  баюға  тендесі  жок  мол 

м ү м к ін д ік т е р   ж ә н е   сон ы м ен   бір ге  бай  е г ін іш іл ік   елдерді  кан ау 

мүмкіндіктерін берген сырткы жаулап алулар жолынатүсті. Көшпелі шон- 

жарлардың  мал  өсіретін  ірі  шаруашылыктары  үшін жана жайылымдарды 

басып  алуға үмтылыс та аз  ынта-ыкылас  туғызған  жок.  Шыңғыс-ханның 

соғыстағы жеңіске жету себептерінің бірі оның Түрік қағанаты ыдыраған- 

нан  кейін  Орталық  Азия  мен  Қазақстанны ң  ең  үлкен  бөлігінің  әскер 

күштерін,  монгол  тайпаларын  ғана  емес,  түрік  тайпаларын  да  біріктіруі 

болды.

Монғолдардың  Байырғы  Киіз  үй  — М онғолияның  өзінен  тыс  жерлер- 



дегі  бастапқы   жаулап  алуш ылығы,  С ібірдің,  Қ азақстан н ы н ,  Ш ығыс 

Түркістаннынтүркі халықтарын қосып алуы бүркемелі сипатта болды, оған 

«киіз туырлықты халыктарды»  біріктіру үраны пайдаланылды, яғни Орта­

лык  А зияны ң  барлық  көш пелілерінің  жалған  бірлігі  жөнінде  насихат 

жүргізілді.  Шыңғыс-хан сьгрткы саяси наукандарына, жорыктарына және 

келісімдеріне  «көшпелі  халыктарды»  біртүтас  империяға  топтастыру 

дәстүрін  уагыздауга  ұмтылып  отырды.  Түріктерді  монгол  бодандарына 

айналдыру мақсатымен дипломатиялык амалдар арқылы «біріктірудін» бұл 

саясаты «одактастык катынастар» жасасуға, сонымен катар карлұктардың 

Жетісу және Фергана князьдіктерінін, ұйгырлардың Тұрфан князьдігінің, 

онгыт ұлысынын  билеушілерімен  әулеттік  құда-андалы  болуга  әкеп соқ- 

ты140.


Түрлі тілдегі  жазбаша деректемелерде  Ш ыңгыс-ханның  құдіретті  им- 

периясы едәуір дәрежеде Қазақстан далалары бір белігі болып таб.ылатын 

Орталық Азияның түрік тайпаларының негізінде құрылганы көрсетіледі.

Монгол мемлекетгілігінің негізіне түрік дәстүрі  елеулі  ықпал  жасады. 

Шыңғыс-хан империясы ұйымдастырылуының мәні сонау Түрік қағанаты- 

нда  туып,  наймандар  мен  керейіттер  үлыстарында  дамытылған  өскери- 

әкімшілік жүйе болды. Үлыстардың әскерлері жүздіктерге, мындыктарга, 

түмендерге  бөлінді.  Шыңғыс-хан  империясыньщ халқы да осы  әкімшілік 

бөліністер бойынша бөлінді.

Көшпелілердің  атты  әскерлері  әрқашанда  жогары  жауынгерлік  сапа- 

сымен және орасан  зор шапшандыгымен ерекшеленетін, бұлар Шыңгыс- 

ханның орнаткан темірдей катаң тәртібімен  және  бірыңғай  басқаруымен 

ұйымдасып, тау суындай таскынды, қаһарлы  жойкын күшке айналды. Со­

нымен бірге Шыңгыс-хан көшпелі шонжарлардың адалдыгын жаулап алу- 

шылық саясат қана қамтамасыз  ететінін,  оларды опасыздык, каскүнемдік 

жасаудан, ал өзі құрған империяны тез ьщыратудан сақтай алатынын түсінді. 

Жаулап  алу  тәуелді  кәшпелілерді  согыс  олжаларынан  тиесілі  үлес  алуға 

дәмелендіріп, Орталық Азияның көшпелі қоғамындагы әлеумеггік егестерді 

уакытша болса да әлсірету құралы болды.

Жаулап алушылар XIII ғасыр ішінде ойдагыдай жүзеге асырған бүл са- 

ясатта  Қазакстан мен Орта Азияға жасалган жорык Ескі Дүниенің орасан

442


зор  аумағындағы  ғаламат  жаулап  алушылыктардың  үзак  мерзімді  ж әне 

жоспарланған стратегиясындағы кезекті буын ғана болатын. Ш ыңғыс-хан- 

ның жоспарына бүкіл Евразияны, өз жауынгерлерінің аты жетуге тиіс бо- 

лған  «соңғы теңізге» дейін жаулап алу енді.

Ш ьщғыс-хан колының Казакстан мен Орта Азия аумағына жорығы оған 

Шығыс Европа мен Алдыңғы Азияға жол ашып берді.  Қазакстан мен Орта 

Азияға жорық жасауға Ш ыңғыс-хан зор мән берді, сөйтіп оған ұзақ уақыт 

және  мұқият дайындалды.  Мұсылман  копестері  мен  монғолдарға  кызмет 

еткен  қашқындардан  карақытайлар  мемлекетінің,  сонан  соң  хорезмшах- 

тың ішкі жағдайы мен әскери күштері туралы мағлүматтар алынып, солар- 

дың негізінде ойластырылған  іс-кимыл жоспары жасалды.

Ш ыңғыс-ханның  жеткен  жеңістері  туралы  хабар  Орта  Азияда  алуан 

түрлі  пікірлер  туғызды.  Хорезмшах  М онғолияға  бірінен  соң  бірін  —  екі 

елшілік  аттандырды.  Өз тарапынан  Ш ыңғыс-хан да елшілік жіберді.  1218 

жылдың көктемінде хорезмшах Мұхаммед осы елшілікті қабылдады.

Содан көп кеш ікпей Шыңғыс-хан Орта Азияға сауда керуенін жіберді. 

500 түйеден тұратын керуенде монғол жансыздарын қоса есептегенде бар- 

лығы 450 адам болатын. Коп адамы бар керуен  1218 жылдың жазында Оты- 

рарға  келіп  жетті.  Отырардың  билеушісі  қыпш ак  Ғайыр-хан  Иналш ық 

көпестерді  тыңш ылық жасады деп  күдіктеніп,  оларды елтіруге  бұйырып, 

керуенді  тонап  алды.  Ш ыңғыс-хан  Ғайыр-ханды  ұстап  беруді  талап  етті, 

бірақ хорезмшахтың  бүл  талапты  орындамағаны  былай  тұрсын,  сонымен 

бірге елшілерді олтіруге  әмір етеді.  Бұл Ш ыңғыс-ханның Хорезмге карсы 

соғысына себеп болды.

Тіпті хорезмшах Ғ айыр-ханды монғолдарға ұстап бергісі келсе де, оның 

мұны  ж үзеге  асыруы  екіталай  еді.  А н-Н исавидің  айтуынша,  «ол  оған 

(Шыңғыс-ханға)  жөнелте  алмайтын  еді,  ойткені  әскердің  көп  бөлігі  мен 

жоғары  дәрежелі  әскербасылар  соның  (Иналханның)  қыпшақ  туыстары 

болатын.  Оның  кестесіндегі  өрнекті  ж әне  оның  түйінінің  негізін  солар 

жасап,  оның  мемлекетінде  толық билік  жүргізді».  Хорезмшахтың меыле- 

кетінде  орта  ғасырлардағы  Қазакстан  далаларынан  шықкан  қыпшақтар 

осындай ықпалға ие  болған.  Ш ыңғыс-ханның хорезмшахпен соғысу үшін 

жинаған  әскерінің дәл  саны  белгісіз,  одақтастарымен  -   Жетісу  қарлұкт- 

арымен  ж әне  Ш ығыс  Түркістан  үйғырларымен  косып  алғанда  150  мың 

жауынгер деген сан жобаға келеді.

Ж орық  1219  жылдың  қыркүйегінде  Ертіс  жағалауынан  басталды.  Де- 

ректемелердегі  мәліметтерге  қарағанда,  Ш ыңғыс-хан  әскерін  Ертістен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет