465
М екен-жай тұрғын үй бөлігі мен ауладан тұрған. Мекен-жайға екі жак-
тан: онтүстік және батыс қабырғадан кіретін есік болған. Батыс кабырғ-
адағысы негізгі есік саналған, оңтүстігіндегісі - аулаға мал кіргізуге арна-
лған кең қакпа. Мекен-жайдың тұрғын үйі 6 бөлмеден тұрады. Үйдің қүры-
лысы жерге терендетіліп салынған, кабырғаларының арасы балшыкпен
бекітілген малтатастар мен кесек тастардан каланған. Алты бөлменің үшеуі
адам түруға арналған, қалғандары қосалқы міндеттер атқарған: олар қойм-
алар мен қамбалар болған. Екі тұрғын бөлмеде сәкілер орналаскан, олар-
дың үстіне сыланған тандырлар қойылған, біреуінде ашык жерошақ болға-
ны байқалды. Сәкілерде, тандырлардың қасында кішкене қойма жасалған.
Ш аруашылық мақсаттағы төрт жайдың біреуі жоспарлануы жағынан
мейлінше кызықты. Оның келемі 32 шаршы метр. Онда астық сақтауға ар-
налған 7 қамба бар.
Мекен-жайдың екінші бөлігін көлемі 180 шаршы метр болатын, тас қо-
ршаумен коршалған кең аула алып жатыр. Ауладағы кұрылыстардың бәрі
аула қоршауының оңтүстік қабырғасымен жалғасқан. Кіре берістің оң
жағында төрт қора орналасқан. Олардың үшеуі үсақ малға — қой-ешкіге
арналған. Еденінде таға тәрізді ошағы бар біреуі ірі қара үстауға, ал ошақ
жылдың суық кезінде төл үсталатын қораны жылыту үшін пайдаланылған.
Ауланың оңтүстік-шығыс жағында тағы бір қораның орны анықталды. Қор-
аның батыс кабырғасын бойлай мал азығы салынатын үш ақыр койылған.
Қорада жылкы, түйе, есек ұсталған деп топшылауға болады.
Қазып аршылған бес мекен-жайдың екеуінде малға арналған қора-қо-
псыға коса тұрақты екі киіз үй тұрған. Мәселен, осындай мекен-жайдың
біреуінде ауланың оңтүстік-шығыс жағына киіз үй тігілген, оның диаметрі
5,8 м болатын дөңгелек жұрты сакталған.
Іле қалаларының жұртындағы мекен-жайлар жоспарлануы жағынан
өзіндік ерекшеліктерімен айшықталады. Сонымен бірге олардың Оңтүстік
Қазақстандағы сипатты белгілерінің бірі — түрғын үйді қамба, қоймала-
рмен ұштастыру болып табылатын ортағасырлықтүрғын жайларына жуық-
тайтын тұстары да ж оқ емес. Талғар түрғын ү йінің негізіне бір бөлме лі күры-
лыс алынып, ол тұрғын үйдің де, қойманың да міндетін атқарған. Мұндай
түрғын жайлар Ж ақсылык ауылдық қонысына тән, онда калка арқылы
бөлінген ошақты бөлігі бар бір бөлмелі секция қазылып тазартылды24.
Түрғын үй мен мал ұстауға арналған кең ауланың ұштастырылуы көңіл
аудартады. Бұл — шаруашылығында малшылық тұрмыс сақталған халыққа
тән үрдіс. Алғашқы ғасырлардың өзінде-ақ Іле аңғарының усундерінде
түрғын үйлі қоныстардың құрамына кіретін, мал ұстауға арналған қоралар
тән болған25. Тұрғын үй мен ауланы — малға арналған қораны бірге салу
кейінгі кезде Іле бойының қазақтарынан да анықталды26.
Талғар қонысының шаруаш ылығында м алш ы лы қ ж ән е көш пелілік
дәстүрлер болғанын дәлелдейтін қызықты жағдай кейбір мекен-жайлар-
дың аулаларына тұрақгы тігіліп қоятын киіз үйлер болып табылады. Тұракгы
тұрғын үйлер мен киіз үйлерді қатар пайдалану көшпелі дәстүр ерекше
күшті болған Еділ бойындағы Алтын Орда қалаларын қазған кезде байқа-
лған еді27.
Кеш пелі тұрмыс салтынан отырықшылыққа көшетін халықтың өміріне
этнографиялық байқау жүргізу кешпеліге тән тұрғын үй - киіз үйдің қысқы
түрақты түрғын үймен қатар үсталатынын көрсетеді. Сейтіп, тұрақгы тұрғын
466
үйдін жанында киіз үйдің болуы көшпелі тұрмыс дәстүрлерінің сакталуын
аңғартады, осы түрғыдан алғанда да Іле қалаларының мекен-жайлары бір
жағынан, жергілікті халық арасындағы отырықшылану үрдістерін, екінші
жағынан - қала тұрғындары шаруашылығында мал өсірудің әлі де елеулі
рөл атқарғанын дәлелдейді. Бүған ауладағы киіз үй ғана емес, сонымен қатар
малдың түрлі түліктеріне арнап салынған құрылыстары бар, бүкіл мекен-
жайдың жартысын алып жатқан ауланың өзі де айғақ болады. Сонымен
бірге тастан, күйдірілген балшық кесектерінен, шикі кірпіштен салынған
көп бөлмелі тұракты тұрғын үйлер қалаларды мекендеушілер тұрмысының
орнықты болғанын, ал олардың өмірі бірінші кезекте қолөнермен, сауда-
мен ж әне егіншілікпен байланысты екенін дәлелдейді28.
4. ҚОЛ ӨН ЕРДІҢ, САУДАНЫ Ң, АУЫ Л Ш АРУАШ Ы ЛЫ ҒЬШ ЬЩ ДАМ У Ы
Қалалар санының артуы, олардың аумағының кеңеюі, кала халқының
өсуі қоленер мен сауданың одан әрі дамуына игі әсерін тигізді. Көбейе
түскен қала халқын ауыл шаруашылық өнімімен жабдықтау ауыл шаруа-
шылығы өнімдерін барған сайын артық өндіруді талап етгі.
Қолөнер өнімін тұтынушылар құрамы өзгереді, егер бұрын, VII—VIII
ғасырларда олар бай көпестер мен дикандар болса, енді қатардағы түрғын-
дар да өнімді негізгі тұтынушыларға айналады. Қэла мен ауылдағы тоқыма
өндірісінің жай-күйі туралы ешнәрсе белгілі емес деуге болады. Әл-М ак-
дисидің Испиджабтан кұлдармен бірге «ақ маталар» сыртқа шығарылаты-
ны туралы ескертпесі ғана бар29. Алайда, тоқыма ендірісінің дамығаны да-
усыз, мұны ұршықбастардың көп табылуы дәлелдейді.
Қыш-құмыра кәсіпшілігі Құйрықтөбедегі XI ғасырдағы қы ш -кұм ы р-
ашылар махалласындағы пештер мен шеберханаларды қазу жұмыстары
бойынша белгілі. Ш еберхана екі бөліктен: өндірістік ж әне тұрғын ж ай-
дан тұрады. Ө ндірістік бөлім де екі бөлмеге бөлінген. Көлемі 24 шаршы
метр болаты н біреуі саз балш ы қ ж ән е баска да өндіріс керек-ж арағы н
сақтауға арналған үш бөліктен тұрады. Бөлменің оңтүстік жағы бос,
еденінде керамикамен толтырылған қоқыс төгетін шұңқырлар бар. Қыш -
құмыра пеші « ел ем і 22,5 шаршы метр болатын ж абы қ орында орнала-
сқан. О ны ң оттығы алмұрт бітімдес болып келеді, күйдіру куы сы сақ-
талмаған. Оттық қабырғамен екіге бөлінген, қабырға күйдіру қуы сы ны ң
табанына тірек етілген. Ш еберхананы ң адамдар тұратын жағы бүйірдегі
дәлізбен қосылған үш бөлмеден тұрады. Ш еберхананың бір өзі коленерді
ұйымдастырудың сипаты ж ән е оның мамандандырылуы туралы қандай
да болсы н қорытынды ж асауға мүмкіндік бермейді. Ал м ұны ң өзі өте
маңызды н әр се, өйткені ол қолөнердің даму дәреж есі мен онда болатын
сапалы қ езгерістерді анықтайды. Ә зірш е Орта А зияны ң М ерв қаласы-
ндағы қыш -құмыраш ылар махаллаларын қазу жұмыстарына ғана жүгіну-
ге болады, олар XI—XII ғасырларды ң өзін де-ақ кемінде 10 адам жұмыс
істеген шағын қолөнер ш еберханалары ның пайда болғаны туралы тұжы-
рым ж асауға мүмкіндік береді30. А ф расиаб қаласы ны ң жүртындағы X -
XIII ғасырлардағы деп аны қталған қы ш -құм ы раш ы ларды ң махаллалары
мен ж екелеген ш еберханаларды қазу ж ұм ы стары ны ң материалдарына
сүйене отырып, зерттеуш ілер сол к езд ің өзін де-ақ ш еберханалар бір са-
467
л аға м ам анданды ры лған, ал кы ш -кұм ы раш ы лар цехты қ ұйымдарға
біріктірілген деп санайды31.
Қазақстан материалдары мамандандырылу туралы жанама материалдар
негізінде ғана айтуға мүмкіндік береді. Мысалы, кыш-кұмырашылар ма-
халлалары шұңқырларының ақаулы керамикалармен, өндіріс калдықтары-
мен, сынған керамикамен толтырылғаны, белгілі бір ыдыстар жиынтығы
бар екені аңғарылды. Бір жағдайда оларда ас пісіретін, басқа бір жағдайда
ас ішетін керамика ьщыстар ғана болды. Егер шұңкырлар түрлі шеберлердікі
болса, сол кездің өзінде-ак олар маманданған болып шығады. Тараздан та-
былған, тек үшкіл нәрселер ғана күйдірілген шағын пеш те соны дәледейді32.
IX—X ғасырлардағы керамика жапсырма ж әне қалыпта жасалған топ-
тарының озгеруімен сипатталады; жапсырып жасалған ыдыстың үлесі 3 5 -
40 проценттен 15—20 процентке дейін азаяды. Жапсырып жасалған кера
мика үлгілері — казандар, дастарқандар мен қақпақтар болып келеді, шағын
ыдыстардың бірлі-жарым даналары ғана кездеседі. Қазандардың ернеулері
сәл жалпақтау, кесіндісінен Караганда үш бұрыш бітімдес жасалған. Құлакт-
ары тұзактәрізді, бұрама түрінде, жапсырмалы, шығыңкы түрде болып ке-
леді. Қазандардың түрі мен олардың бөлшектері өзгермейді.
Қақпақтар әдетте сфералык түрде, колемі әр түрлі болып келеді, орта-
сында мүйізді, кұс екені аңғарылатын зооморфтық мүсіншелер түрінде түтка
орнатылған. Қ ақпақтард ы ң сы ртқы беті түгелдей өрнектерм ен без-
ендірілген. Өрнектің салыну әдісі мейлінше әр түрлі: ойылып, қалыптап,
жапсырып, саусакпен басып жасалған. Өрнектің элементтері де мейлінше
алуан түрлі: бір нүктеде түйісетін жолақтар, қиылыскан жолақтар және
иректеп салынған, тарамдалған сызықтар, шырмауык тәріздес ернектер
немесе бір-бірімен бүрыштары түйісетін секторлар таралатын түрдегі әр
түрлі гүлдер сиякты етіліп композициялықтұрғыдан байланыстырылмаған
жекелеген стильдер, сызылған шеңберлерді ж әне жүйесіз орналастыры-
лған шүңқырларды ұштастыру, геометриялық етіп бөлінген өрнектері бар
дөнгстеу етіп салынған гүл шоғы түріндегі осімдік тәрізді өрнек болып ке-
леді. Дастарқандар геометриялык түлғалар, сызықтар, өсімдік шырмауык-
тары, бүтақтар мен бүрлер түрінде қалыппен басып безендірілген.
Қалыпта жасалған ыдыстар арасында көзелер мен саптыаяқтар, қүмыра
тәрізді ыдыстар мен тегенелер көбірек. Ac ішетін кезелердін бетін әдетте
қызыл ангобпен бояп, жылтыратып тегістеген. Бүйірі дөңгелек, ұзын тар
мойыны шүмек тәрізді болып келеді. Көзелердің сырты сына тәрізді таң-
балармен, «шабақты доңғалақтар», шеңберлер мен түрлі сызыктар түсіріліп
безендірілген. Бұрынғысынша, қызылмен бояп жылтыратылған, шүмегі бар
әдемі көзелер, теріге бедерлі өрнек салғандай етіп сәнделген оюлы көзелер
дайындалган. Мүндай керамика Талас аңғарында көп кездеседі, сірә, оны
өндіретін орталық сонда болуы мүмкін.
Кеспектер үршықша шеңберінде жасалган. Әдетте ернеуі кесіндісінен
Караганда үтір сияқты немесе сәл қайырылып, жоғарғы жағы жалпақтау
етіп жасалады. Жасыл ж эне сары ангоб алқызыл ж әне қызыл ангобпен
алмастырылып отырады. Бүйірі дөңгелек ж әне тұтқасы ілмешек тәрізді
саптыаяқтар таралған. Құмыралар өзеннің ірі топырағы араластырылған
саз балшықтан жасалған. Ернеуі сыртына қарай қайырылған. Қүмырала-
рдың ілмеш ек тәрізді етіп ж апсырылған екі тұтқасы болады, олардың
бүйірге қосылған жері саусақпен басып сәнделген.
468
Кұйма керамика түбі дөңгелек тостағандар болып келеді. Мөлдір етіп
жылтыратылып, ақтүсті сырмен боялған. Коныр, жасыл және қызыл түспен
әшекей салынған. Ақ, қызғылт немесе қара түске қүйма жалатылған кера
мика баска жақтан әкелінген ыдыстан, атап айтканда, эпиграфиялықөрнек-
тері бар тостағандар мен табақшалардан күрт ерекшеленеді.
XI—XIII ғасырлардағы керамиканың бәрі кұмырашының ұршықшасы-
нда жасалған деуге болады. Қолдан жапсырылған бұйымдар ендіру азайғ-
ан, олар негізінен балаларға арналған ьщыстар, шырағдандар болып келеді.
Ыдыстардың жаңатүрлері: тостағандар, тегенелер, табақтар таралады, жап-
сырма дастарқандар мен қақпақтар жасау кысқарады. Ою-өрнекте елеулі
озгерістер байқалады. Егер бұрын ою, жапсыру кең қолданылса, енді су
реттер ықшам, біртектес, нақты сюжетке кұрылған болып келеді. Қалы-
ппен басып орнектеу кеңінен пайдаланылады. Жылтыратылған құйма ке
рамика кең таралады. Х І-Х ІІ ғасырларда жылтыр жағылмаған ыдыстың
дені бұрынғысынша кұмыра болып табылады. Оның бітімі де бір ізге түседі.
Енді олар негізінен колемі жағынан сараланады. Тегенелер, құмыралар саны
кобейеді. Қазандар да қыш-кұмыра ұршықшасында дайындала бастайды.
XI—XIII ғасырдың басындағы ыдыстардың мерзімін анықтайтын белгі-
лер — к есп ектер ер н еуін ің сыртына карай қайы ры лған кесін д ісін ің
үшбүрыш түрінде жасалуы, қалыпты пайдаланудын кеңінен таралуы бо
лып табылады, қалып арқылы, ІХ -Х ғасырларда болғанындай, кызыл ан
гоб жалатылған кұмыралар ғана емес, сонымен қатар кеспектердің, құмы-
ралардың, тостағандардың бүйірлері, ернеулері безендірілген; қызғылт және
сұр ангоб пайда болады; қазандар кұлағының түрі өзгереді. Құмыралар,
бұрынғысы сиякты, ас ішетін ж әне су таситын болып бөлінеді. Иіліп кел
ген тұтқасы мойыны мен иінін байланыстырады. Кеспек кұмыраларға
қызғылт-сары бояу жағылады, ернеуінің бітімі өзгеріп, олар кобіне үшбұры-
шталып шығарылады. Ернеуі сыртына қарай жайпақтала қайырылған кес-
пек-құмыралар көбейеді, кейде осы жайпақ ернеуге қалыппен басылып
өрнек сагіынады. Құмыралардың көпшілігі өте қарапайым: айқыштап ойып
салынған бірнеше жолакпен немесе бірқалыпты толкынды сызықпен без-
ендірілггн. Қ ұм ы ралардьің түрі де, өрнектелуі де базарда сату үш ін
өндірілетін бұйымдардың белгіленген қалыпқа түсірілгендігін атап өткен
жөн. Оңтүстік-Батыс Жетісуда минералдык сырмен боялған қүмыралар
сирек кездеседі.
Саптыаяқтардың пішіні неғұрлым бір сипатта бола түседі. Әдетте бұл
ыдыстардың бүйірлері кең, түбі орнықты, тұтқалары ілмеш ек тәрізді,
кесіндісінен қарағанда жалпак болып келеді. Қазандардың бітімі сфера
тәрізді жайпақ, түбі дөңгелек ж әне ернеуі сәл қайырылған болады. Құлақт-
ары жапсырылып, ілмешек тәрізді немесе дөнес доға етіліп жасалған. Арка
бітімдес жапсырмалармен сәнделіп, олардыңтүйіскен жерлеріне шығыңқы
ілмек жапсырылып жасалған қазандар пайда болады. Тостағандардың түбі
дөңгелек бітімді келеді. Сыртқы ж әне ішкі жағына сары бояу жағылады.
Қүйма ыдыстың ең көп таралған түрі — түбі дөңгелек тостағандар мен та-
бақгар. Ш ырақтар, құтылар, кеспектерге де жылтыр жалатылған.
Құю үлгілері мен әшекей салу мәнері әр түрлі. А к, алқызыл немесе сары
бояудың үстінен мөлдір қабықша жалатылған керамика кездеседі. Қабық-
ша астындағы сурет қоңыр, жасыл ж әне сары бояулармен салынған. Әде-
тте, бояулы қүймалардың бедерленген ою -өрнекпен ұштасқан түрлері де
469
ұшырасады. «Қалақшалап» салынған сурет, көп шүғылалы жүлдыз, стильді
гүл немесе ірі нүктелер, желбіреген жапырақтар түрінде өрнектеу кең та-
ралған. Ыдыс ернеулеріне киғаш немесе Г тәрізді бояу қатарлап жағылады.
Кейде бос ыдыстың беті стильдендірілген гүл шоқтарымен және қауырсын
сиякты ірі жапырақтармен өрнектеледі. Жетісу ыдысында антропоморф-
ты к және зооморфтык бейнелер сирек кездеседі. Жалтырап тұратын жа-
сыл бояу жағылған, кейде сарғыш сәуле шашып тұратын керамика тара-
лған.
Қазақстанның жылтыратылған құйма керамикасына Орта Азия калал-
арының ьщыстары кешенінде ұксастары үшырасады. Шалғай аумақтардағы
жылтыратылған керамиканың ұқсас болып келуі экономикалық және мәде-
ни тығыз байланыстар, жетекші мәдениет орталықтарының өлшемдеріне
бағдар алған қала тұрғындары талғамдарының бір болғанын дәлелдейді33.
Қазақстан ыдысы Ш аш пен Ф ергана керамикасына мейлінше жакын34.
Жалпы алғанда, Қазақстан калаларындағы IX ғасырдың екінші жартысы -
XIII ғасырдың басындағы керамиканың ерекшелігі осында VI—VIII ғасы-
рларда болған түрлерден өтуі болып табылады; бай безендірілген қақпақтар
мен дастаркандардың көпшілігі солярлық белгілермен безендірілген көзе-
лермен, алып жүруге ыңғайлы ж әне тұрақты ошақтармен бірге алғанда
біртүтас керамикалық кешен болып табылады. Бұл керамика мұнда, сірә,
Орта Азия қалаларының қалыптанып шықкан көп ыдысын алмастырған
болса керек.
Алдындағы кезеңнің кыш-құмыра өнімімен салыстырғанда Орта Азия-
ның қала орталықтарынан алынған кұйма ыдыстың пайда болуы мен кең
таралуы сияқты маңызды жаңалықты атап ету керек. Сонымен бірге, Казак-
стан мен Орта Азияның қалалары арасында жалпы сән-салтанаттың дамуы-
ндағы бағытгы бейнелейтін жылтыратылған керамикамен катар қалыппен
ойып, сызып ж әне жапсырып өрнектелген керамика (сандалдар, алып
жүретін ошақтар, кақпақтар, дастарқандар) таралады. Қыш-құмыралар
қайталанбас бірегей өнер туындысы саналады ж әне керамика өндірісі да-
муының ерекшеліктері туралы, жергілікті халыктың талғамдары, талап-
тілектері мен кажеттері туралы түсінік береді. Ойып ж әне сьізып өрнек-
телген ас пісіретін және ас ішетін ыдыстар (қүмыралар, көзелер, құты тәрізді
ьщыстар) тобы ерекшеленеді, олар калалардағы отырықшыланған көшпелі-
лермен байланыстырылады. Ж алпы алғанда, сол кездің керамикасындағы
жаңалықтар едәуір: оларға керамиканың жаңа түрлері мен топтарынын
пайда болуы, қолдан жапсырып жасалған ыдыстың өндірістен ығыстырып
шығарылуы, едәуір дәрежеде қолөнердің ұйымдастыруы барысында бұйым-
дардың бір ізге түсірілуі жатады.
Ш ы ш жасау. Қазақстан қалаларынан көп табылған шыны бұйымдары
X ғасырға жатады. Сол кезден XIII ғасырдың басына дейін шыны бұйым-
дарының түрлері, үлгілері ж әне жиынтығы әзгермейтіні байқалды. Қазақ-
станның түрлі қалаларынан табылған шынының жақын үқсастығы аңға-
рылады.
Ш ыны ыдыстардың дені үрлеу әдісімен, енді біразы қалыпқа құю арқы-
лы жасалған. Қалып ретінде пайдаланылған ьщыстың қабырғалары мен
түптеріңде «ара үясы», шеңберлес сызықтар, розеткалар түріндегі ою-өрнек-
тер болады. Үрлеп жасалған ыдыс сыртынан жапсырылған қайырмалармен,
шыны тіндерімен және жолақтарымен өрнектеледі, кейде түрлі-түсті жап-
470
сырмалары бар өрнектермен безендіріледі. Ш ынылардың көп кездесуі орта
ғасырлардағы қалаларда шыны өндірісінің жоғары деңгейге жеткенін ж әне
халықтың мейлінше алуан түрлі топтары пайдаланғанын дәлелдейді.
Бұйымдарды топтау ыдыстардың бірнеше негізгі түрлерін бөліп корсе-
туге мүмкіндік береді. Шыныдан жасалған бұйымдардың ең көп кездесетін
түрлері молдіреген жасыл не көгілдір шынының бірнеше үлгісіндегі гра-
финдер болып табылады. Графиндер көбінесе қою-жасыл, қызғылт не қою-
кокшіл түсті сыртынан жапсырылған тіндермен әсемделген. Зерттеліп оты-
рған аймақтың графиндері мен Орта Азия калаларынан табылған шыны
бұйымдар арасында тікелей ұқсастықтар байқалады35.
Таралу дәрежесі жағынан графиндерден кейінгі орынды — кұмыралар
алады. Кеселердің бүйірі аласа және аузы кең болып келеді. Кейбіреулерінде
бүйірі біртіндеп сыртына қарай кеңейе берсе, екіншілерінде қусырыңқы
келеді, үшінші біреулердің сыртқы қалыбы күрделі кескінде болып келеді.
Кейбір кеселер шаршылай орналастырылған ромбылар мен сопақшалар
түріндегі орнектермен безендірілген. Тостағандар мен саптыаяқтардың
тұрқы цилиндр немесе шар тәрізді, тік, жүка болып келеді. Тостағандардан
айырмашылығы — саптыаяқтар бүйірінің ортасында ілмек тәрізді тұткасы
болады. Бүйірлері ромбылар, сопакшалар, алтыбұрыштар (кәрездік өрнек)
түріндегі орнектермен безендірілген. Қалыпқа салып үрлегенде түбінде
шырмауық немесе шеңбер түрінде өрнек салынған. Рюмка бітімдес ыдыс-
тардың негізі цилиндр тәрізді, аяқтары бар сыйымдылығында жүмсгқ аб
рис™ болып келеді. Кішкене қүтылардыц ернеуі кеңейіп, түбі ішіне карай
қайырылған доңгелек бүйіріне бірте-бірте ұласатын мойыны болады.
Қалың когілдір шыныдан жасалған және аламбиктері — бу шығатын
түтікті қақпақш алар түріндегі алхимиялык ыдыстары бар сфералық үшкіл
сынықтар сиякты сирек кездесетін шыны бұйымдар ұшырасады. Аламбик-
тер — орта ғасырлардағы қалалардың шыны бұйымдары кешендерінде кез-
десетін дағдылы олжалар. Ш ыны жасаушылар ыдыс-аяқтан басқа шағын
дөңгелектер түрінде терезе әйнектерін жасай білген. Тараздан олардың ак,
комескі, жасыл ж әне алқызыл түстілері табылды36.
Үсталық кәсіп темір бүйымдар жасаумен байланысты, олар, табылған
олжалардың корсетіп отырғанындай, кең таралған кәсіп болған. Қала үстал-
ары әдетте жеке махаллаларға орналасқан.
Темірдің кен ондірілген жерлерде онделгені анықталды. Металл да сон
да балқытылған37. Үста дүкендеріне темір қорытпалар әзірленген қүйма
ж әне темір сынықтары түрінде әкелінген. Қорытпаның екі түрі болған.
Біріншісі — «арнаулы крица» деп аталады, ол құрамы әр түрлі, металдың
қоспа кесектері көп араласқан,
к үл -қ оқ ы ст ар ы
мол болып келеді. Бұл әлі
де шикі материал38. Мұндай қорытпаларды қосымша өндеу - күл-қоқы-
стан тазарту, темірді шындауға келетіндей етіп қыздыру қажет. Мұндай
қайта өнделген қорытпа темірдің тығыз кесегі болып табылады, одан жар
тылай дайын өнімдер, тілімдер, сым шыбықтар, кесінділер — болаш ақ
бұйымдардың бейім делген нұсқалары ж асалған . А лматы қаласы ны ң
жұртындағы үста дүкенінен н ақ сондай қорытпалар табылды. Олар тік
бұрышты, келемі 10—15x5—7 см сом темірлер болып табылады. Кейбір қоры-
тпаларда металдың сапасын анықтау үшін жасалған кесік іздері бар. Та-
лғар ұста дүкенінен жартылай дайын өнімдер — тілімдер мен кесінді тәрізді
тағалар табылды. Темір ж әне шойын бұйымдардың сынығы, өңделетін ма-
471
териал ретінде пайдаланылған корытгіалармен бірге Алматы үста дүкені-
нен шойын казаннын сынықтары табылды.
Нашар сақталуы себепті ұста дүкендерінің кұрылысын көзге елестету
қиын. Алматы ұста дүкенінде темір балкытатын көрік шикі кірпіштен кал-
анған, ол цилиндр тәрізді, түбінің диаметрі 2 метрге жуык. Оның іші күлге,
көмірге және тебесінен құлап түскен күйген кірпіштің кесектеріне толы.
Керіктің жанында ыдыстар — су таситын төрт кезе түрды. Оларда су неме
се бүйымдарды шындауға арналған ерітінділер сақталған. Осы жерде қабы-
рғасы қалың керамикалық астауша табылды.
Талғар мен Алматы ұста дүкендерінен ұста қүралдары жинап алынды.
Олардың арасында қашау, кішкене төс ж әне астауша, қалакша бар. Ш е-
берханалардан табылған бұйымдарға қарағанда, тар шеңберде мамандану
әлі болмаған. Мәселен, Александровское қала жұртының (ІПу аңғары) үста
дүкендері дайын бүйымдарының жиынтығы мынадай: балталар, жер жыр-
татын сока үштары, кетпендер, жонғылар, шоттар, қайшылар, шегелер,
тұткалар, кашаулар және жауынгерлік дулыға.
Талғар мен Алматы үста дүкендерінің құрамындағы заттар да алуан түрлі.
Бүлар — жер жыртатын соқалардың соғып ж әне құйып жасалған ұштары,
кетпендер, балталар, шот балғалар. Темірден ағаш үстасының кішкене бал-
талары - шоттар да жасалған39.
Қала жүрттарын қазғанда, әдетте, бір жүзді пышақтар кеп табылды.
Темірден кару-жарақ — кылыш, семсер, жебелердің ұштары, сауыттар және
сауыт шығыршықтары, дулығалар соғылды.
Тұрмыстық қүрал-саймандардан кайшылар, шегелер, жонғылар, шын-
жырлар, қармактар, дөңес қүлақты қазандар жасалған.
Мыс кәсіпшілігі. Мыс бұйымдарын жасау барлық қалаларда тарачған,
оның үстіне полиметалл мен мыс қала орталықтарына жакын Қаратауда,
Қырғыз, Іле және Талас Алатауларында өндірілген.
Орталық Қазақстан аймағы бұрынғысынша кен ондірудің, мыс пен кола
балқытудың аса ірі орталықтарының бірі болып қала берді. Осында, Же-
зқазған теңірегінде орта ғасырлардағы М илыкұдық конысы зерттелді.
Қоныска кен осы кезге дейін пайдаланылып келе жатқан Кресто, Петрэ,
Покро кеніштерінен әкелінген. Кен аш ық және штольнялар мен шахталар
салып, үңгіп қазу әдістерімен өндірілген. Қазып алынған кен бірнеше рет
байытылып, қонысқа әкелінген де, онда арнаулы пештерде балқытылған.
Олардыңқалдыктары, сондай-ақ күл-қоқыстар, металл кесектері, астауша-
лар, мыс шихтасы салынған көзелер табылды. Мыс қана емес, сонымен бірге
қорғасын, қалайы, күміс ж әне темір балқытылған. Ер-түрманды сәндеуге
арналған мыс қаптырмалар, жез тоғалар, шойын казандардың сынықтары
сияқты бұйымдар табылды40.
Зерттеушілердің пайымдауынша, мыс кәсіпш ілігі маңызы ж әне шебер-
лер саны жағынан екінші орындағы мамандық болған41. Соның алдындағы
кезеңмен салыстырғанда, мыс бүйымдар көбірек мәлім. Мыс шеберлері
ыдыс-аяқ, шырағдандар, әсемдік затгар жасаған. Олар екінің бірінде зер-
герлер де болып, қымбат тұратын металлдармен жұмыс істеген. Жетісу мен
О ңтүстік Қазақстан қалаларыны ң ж үртын қазған кезде мыс пен қола
бүйымдар табылды. Көптеген заттар Қазақстан мүражайларына кездейсоқ
олжалар ретінде келіп түсті.
IX—XII ғасырлардағы металл бұйымдар негізінен, қола шырағдандар мен
Достарыңызбен бөлісу: |