Министрлiгi министерство образования и науки республики



Pdf көрінісі
бет7/50
Дата31.03.2017
өлшемі4,16 Mb.
#10785
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50

       Осы  арада  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.  Ә.  Назарбаевтың 

дүние жүзі қазақтары құрылтайының салтанатты мәжілісінде сӛйлеген сӛзінен 

үзінді келтіргенді жӛн кӛріп отырмын. Қазақстанның Ресейге қосылуының жай 

–жапсарын  саралай  келіп  Н.  Назарбаев  «Әрине,  бодандықтың  аты  бодандық. 

Патшалық  Ресейдің  отаршылдығы  басқа  елдердің  отаршылдығынан  асып 

түспесе,  кем  түскен  жоқ.  Ұлан-ғайыр  даламыз  империя  меншігіне  айналды. 

Дініміз  тәрік,  тіліміз  ғәріп,  мәдениетіміз  мүшкіл,  ӛзіміз  мүскін  қалге 

ұшырадық»  деп  турасын  айтты.  Сол  бодандықтың  бұғауынан  босаудың 

мүмкіндігі енді ғана  туылып  отыр.  Мәселе  тек  сол  мүмкіндікті  қалт  жібермей 

тиімді пайдалана білу.  

Абылай хан тақырыбы тӛңірегінде процестерді ой елегінен қайта ӛткізудегі 

мақсат  тек  «ақтаңдақтардың»  орнын  толтыру  ғана  емес,  соныменен  қатар 

бұрын  белгісіз  болып  келген  фактілер  мен  құжаттардың  бетін  ашу,  тарихи 

тұлғаларға  тиісті  бағасын  беру  болып  табылады.  Мәселенің  аясы  анағұрлым 

кеңіп, бүкіл қоғамдық сана – сезімге ӛзгеріс тудыруға бағышталған.  

Абылайдың алға ұстанған саясаты, мақсаты – қазақ халқының бостандығы 

мен  бірлігі,  мемлекеттігі  мен  тәуелсіздігі  еді.  Сол  ұлттық  мүдденің 

орындалуына  енді  ғана  қол  жеткен  тәрізді.  1991  жылдың  16  желтоқсанында 

республикасының  жоғарғы  кеңесі  Қазақстанның  тәуелсіздігі  жӛнінде  заң 

қабылдаса,  енді  1993  жылдың  28  қаңтарында  егеменді  еліміздің  тұңғыш 

конститутциясын  қабылдады.  Бұл  ресми  мемлекеттік  актілер  игілікті  істің 

бастамасы іспеттес. Ал шынайы тәуелсіздікке жету үшін атқарылатын іс ұлан-

ғайыр. Соның бірі – жас ұрпақтарды ана тілінде оқытып оларға қазақ халқының 

тӛл  тарихын,  ӛнерін,  әдебиетін,  әдеп-ғұрпын,  салт-дәстүрін  жан-жақты 

насихаттау. 

  Суретші ұлан ғайыр дүние шындығынан ойлантып, кӛңіл-күйіне қуат 

берген,  рухани  тірек  болған  толғандырған  жеке  бір  тіршілік  кӛзін  саралап 

алады  да,  азаматтық  ортақ  мән  мағына  дарытады.  Олар  оны  мүлде 

қайталанбайтын,  ӛзгеше  бір  ӛзіндік  серпінмен  орындаса  керек.Сезім 

байлығымен суарылған ӛнер туындысы дейтініміз осы емеспе. 

  Ӛз  халқының  тыныштығы  мен  болашағын  ойлап  ӛмірінің  елу  жылын 

аттан  түспей  ӛткізген  талай  ақындар  мен  жыршылардың  жырына  айналған 

Абылайдың  сұсты  бейнесі  мен  қолақпандай  денесін  кӛрерменге  түсінікті 

жеткізіп беретін әрбір суретшілер қауымы ханды шабытпен салса керек.  

Осы  тұрғыдан  қарағанда  шынайы  патриотизм  тәрбиеленуде  ұлтты  ізгілікке 

ӛркениеттікке  шақыруда  Абылай  бабамыздың  алатын  орны  ерекше  екенін 

сеземін.Оның бойына біткен асыл қасиеттерді қастерлеп насихаттаудағы мақсат 

ӛскелең жас ұрпақтардың және ӛзіммен үзеңгілес жолдастарымның туған жерді 

сүюге деген сезімін, құрметін оятып, санасына Абылайдай болсам ғой, сондай 

еліме қызмет етсем ғой дейтін ынтық сезім ұялату үшін осы ғылыми еңбектің 

басын құрастырған едім.  

 

Әдебиеттер 

1.  Қадіржан Әбуов. Қазақстан тарихының ақтаңдақ беттерінен     

     Алматы 1994 ж  


52 

 

2.  Жетісу. Энциклопедия. Алматы. 2004ж 



3.  Әдіқас  Тәжімұратов. Шебердің қолы ортақ 

     Алматы «Қазақстан» баспасы 1977 ж 

4. Нағымбек Нұрмұхаммедов . Қазақ бейнелеу ӛнерінің шеберлері 

    Алматы «Ӛнер» 1987ж 



Резюме 

Мощь независимого казахского народа – Хан Абылай   

Summary 

Power of the independent Kazakh people is Хан Абылай 

 

 

ӘӚЖ 159.9 



 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ КИКІЛЖІҢ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІН 

ТАЛДАУ 

 

АӘИУ-нің магистранты Акенова Э.А. 

Ғылыми жетекшісі п.ғ.к. Утебаева А.Т 

 

Оқушылардың  агрессивтік  мінез-құлықтарының  генезисі  олардың  жеке 

тұлғалық әлеуметтенуінің олқылығымен байланысты. Сонымен қатар, баланың 

және  жеткіншектің  жеке  тұлғасы  ӛзімен-ӛзі  қалыптаспайды,  қоршаған  ортада, 

қоғамда қалыптасады. Әлеуметтік ортаның ішінде әсіресе маңызды болып кіші 

топтар келеді. Мұнда жеткіншек басқа адамдармен әрекеттеседі немесе қарым-

қатынасқа түседі.  

Балалардың  агрессивті  мінез-құлқымен  ӛзіндік  бағалауының  арасында 

маңызды байланыс бар. Адамның ӛзіндік бағалау деңгейі ішкі нормативті реттеп 

отырады.  Егер  әділетсіз  шабуыл  жасаса,  яғни  субъектінің  ар-намысына  тисе, 

онда  агрессия  балалардың  ӛзінің  ар-намысын    қорғауға  бағытталады.  Кейбір 

зерттеулер бойынша агрессияның тӛмендеуі ӛзіндік бағалау процесімен жанама 

түрде  байланысты  болғанының  кӛрсеткіші.  Агрессия  сферасын  анықтаушы 

нормативті  стандарттар,  балалардың  агрессивтілік  әрекетін  дағдыланған  түрде 

реттеп  отырмайды.  Балалардың  мінезіндегі  стандартты  ӛзіндік  бағалау 

әрекеттері  болу  үшін,  субъектінің  зейіні  соларға  бағытталуы  қажет.  Яғни 

«объективті ӛзін тану» жағдайы болады.  

Балалардың  «Мен»  бейнесі  ӛзіндік  ерекшелікке  ал  ӛзіндік  сана  сезімдері 

символикалық  сипатқа  ие.  Идеалды  нақтыланған  «Мен»  бейнесі  бір 

мифологиялық  табиғатқа  ие  болады.  Миф  ұғымы  «Мен»    бейнесі,    тұлғаның 

ӛмірлік стратегияларын біріктіруге мүмкіндік береді. Ӛзіндік бағалау кәмелетке 

жетпегендер  үшін  олардың  агрессивті  мінез-құлықтарының  кӛптеген 

формаларында  да  кӛрініс  береді:  ойлары,  қауіптеріне,  физикалық  және 

психологиялық  жәбірленуіне,  конфликтілері  мен  күрестеріне,  фантазияларына 

және басқада әлеуметтік қолдау алмайтын мінез-құлықтың  түрлеріне мәнді әсер 

етеді. 


53 

 

Жеткіншектерде  «балалық»  пен  «ересектіктің»  қатар  болуы  және 



ересектіктің  түрлі  жақтарының  дамуында  елеулі  айырмашылық  орын  алады. 

А.А.Бодалевтің  айтуынша  бұл  процесс  қазіргі  мектеп  окушыларының  ӛмірінде 

екі  түрлі  жағдайдың  болуымен  байланысты  жүреді  деп  түсіндіреді.  Олар:  1) 

ересектіктің  дамуын  тежейтін  жағдайлардың  орын  алуы:  балалардың  кӛбінде 

үлкендердей тұрақты және мағналы міндеттердің болмауы, олардың тек оқумен 

ғана  шұғылдануы;  кӛптеген  ата-аналардың  балаларды  тұрмыстағы  еңбектен 

қорғап,  оларға  гиперқамқорлық  кӛрсетуге  тырысуы;  2)  ересектендіретін 

мағлұматтардың орасан зор тасқыны: кӛптеген ата-аналарда бос уақытының аз 

болуына байланысты олардың балаларының ерте дербес болуы; жолдастарымен 

қарым-қатынастың  жедел  дамуы;  дене  күші  дамуымен  жыныстық  толысудың 

акселерациясы. 

Келіспеушіліктің  себептерін  зерттеушілер  отбасы  тәрбиесіне  ерекше  кӛңіл 

бӛледі.  Әр  түрлі  авторлар  сәтсіз  қалыптасқан  отбасыларды  әртүрлі  топтарға 

бӛліп  кӛрсетеді.  Л.С.  Алексеева  сәтсіз  құрылған  отбасылардың  келесі  түрлерін 

кӛрсетеді: 

1.

 



келіспеушіліктегі;  

2.

 



аморалды; 

3.

 



педогогикалық компетентті емес; 

4.

 



асоциалды. 

Жеткіншектік  жас  кезеңдегі  оқушыларды  невроз  жағдайына  алып  келетін 

және олардың эмоционалды үйлеспеуіне әсер ететін негізгі себептер келесі деп 

айтуға болады.  

Біріншіден,  дисгармониялық  отбасы  -  ол  психологиялық  үйлеспеудің  түрлі 

варианттарынан  тұрады.  Агрессиясының  анық  байқалуы  мұндай  отбасыдағы 

негізгі мәселе болып табылады, ал оның негізгі себебі отбасы мүшелерінің бір-

бірімен қарым-қатынасының қалыптаспағанына байланысты  дисгармония орын 

алғаны. А.Е.Личконың ӛз зерттеулерінде дисгармониялық семьялардың түрлері 

мен  типтері  кӛрсетілген:  гармониялық  емес,  бұзылып  бара  жатқан  және 

бұзылаған  отбасылар,  сонымен  бірге  сырт  кӛзге  үйлесімді  қалыптасқан  болып 

кӛрінетін  отбасылар.  Екіншіден,  мектепішілік  қарым-қатынастың  бұзылуы, 

оқушының  ӛзімен  бірге  оқитындармен,  мектептен  тыс  құрбыларымен,  басқа 

оқытушылармен 

тіл 

табысуының 



тӛмен 

болғандығы. 

Үшіншіден, 

жеткіншектердің қырсық мінез кӛрсетуіне негіз болатын келесі себептерді атап 

кӛрсетуге болады: 

-

 



отбасыдағы  белгілі бір  мүшелерінің  біреуінің  жүйке-психикалық    ауытқуы, 

не алкогольдік, наркотикалық, химиялық заттарға тәуелді болуы; 

-

 

соматикалық  аурулар  және  ауыр  жарақаттар  салдарынан  жеткіншектерде 



«кемістік» сезімінің орын алуы; 

-

 



эмоционалды сфераның тұрақсыздығы; 

-

 



барлық нәрсені ӛз бетімен орындап, үлкендердең қамқорлығы мен ақыл-

кеңесінен құтылғысы келуі; 

-

 

үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан ӛз сӛзімен түсінікті етіп 



айтуға тырысуы; 

-

 



үлкендерге  сын  кӛзбен  қарап,  олардың  айтқанын  сынап-мінеп,  кей  кезде 

54 

 

ӛрескіл мінез кӛрсетуі;  



-

 

істі  игеру  жағынан  әлі  бала  болса,  ал  оларға  қойған  үлкендердің  талаптары 



бойынша оларды ересек деп есептегендей болуы;  

-

 



жеткіншектердің  ӛз  мүмкіндіктерін  жоғары  бағалап,  бәрін  ӛзі  істей 

алатындай сезінуі; 

-

 

балалардың оқудан басқа айналысатын шаруасының болмауы



-

 

радио, теледидар, интернет және басқа да ақпарат кӛздерінен ересектерге 



арналған хабарларды кӛріп, соған еліктейтіндігі; 

-

 



ӛзінен үлкен  балалармен танысып, солардың жарамсыз әрекеттеріне 

еліктейтіндігі; 

-

 

күні-түні фантастикалық және криминалистикалық әдебиеттерді оқып, 



ондағы кейіпкерлерге еліктеуі; 

-

 



акцентуацияның кӛрініс беруі. 

Жеткіншектің  ӛмірінде  орын  алған  осы  кӛріністер,  олардың  ӛз 

қатарларымен және ата-аналарымен дұрыс қатынас жасай алмауы мен олардың 

мінез-құлқында  неше  түрлі  ауытқулардың  орын  алуына  алып  келеді.  Олардың 

ішінде  ең  кең  тарағаны  мінез  акцентуациясы.  Акцентуацияның  белгілері: 

адамның  ызақор  болып,  кейбір  стресс  факторларына  ӛте  қызу  түрде  реакция 

беруі.  Сонымен  қатар  дәл  ӛзіне  тікелей  қатысы  жоқ  факторларға  немқұрайды 

қарауы.  Акцентуацияны  кӛп  психиаторлар  психопатияның  бастамасы  деп 

түсінеді. Оларды шизоидты тип және этелептикті тип деп екіге бӛледі.  

Р.Сирс  балалардың  ата-аналарының  жазалауының  жиілігі  мен  балалардың 

агрессивтік әрекеттерінің жиілігінің арасындағы оң байланыс бар деп кӛрсетеді. 

Ата-аналары  физикалық  күш  кӛрсету  арқылы  тәрбиеленген  балалар  кӛбінесе 

келіспеушілікке  түскіш  болып  келеді  деп  А.Бандура  ӛз  пікірін  білдіреді. 

Сондықтан  Л.Джавинен,  С.Ларсенс  зерттеушілердің    пікірі  бойынша  жазалау 

жеке  тұлға  мінез-құлқының  келіспеушіліктілігінің  моделі  деп  санайды. 

Әлеуметтенудің  алғашқы  сатыларында  агрессия  қасиеті  абайсыздан  кӛрінуі 

мүмкін.  Бірақ  агрессиялық  әрекет  арқылы  кӛздеген  мақсатына  жеткен  соң, 

әртүрлі қиын ситуациялардан шығу үшін мұндай тәсілді бала басқа жағдайларда 

қайтадан  қолдануға  ұмтылуы  мүмкін.  Ол  үшін  агрессия  –  қол  жеткізу  тәсілі 

емес, агрессия - ӛзіндік мақсаты болып саналады. Біртіндеп агрессиялық мінез-

құлық  баланың  ӛзіндік  мотивіне  айналып,  ӛзін-ӛзі  басқаруының  тӛменгі 

деңгейінде  басқаларға  деген  қарсыластық  сезімін  тудырады.  Зерттеуші 

В.Лозоцеваның  пірінше  жас  ӛспірімдердің  ӛздерінің  сыныптастарымен 

келіспеушілікке  түсуі  олардың  жас  ерекшеліктеріне  байланысты  деп  табады. 

Яғни ӛзімен жастылардың оны моральды этикалық критериймен бағалауы және 

т.с.с.    Сынып ішіндегі  жеке  тұлғалар  арасындағы  келіспеушіліктер  түрлері  ӛте 

кӛп. Оқушылар тобы ішіндегі ӛзаралық келіспеушіліктер топтағы жеке тұлғалық 

қарым-қатынастардың  дисгармонизациялануынан  және  топтың  құрылымының 

тепе-теңдігінің бұзылуынан (статустық, рӛлдік, коммуникативтік, басқармалық) 

кӛрініс табады. Оқушылар арасындағы болатын келіспеушіліктердің бірі беделді 

болуға  ұмтылыс  немесе  лидерлік  келіспеушілігі.  Мұнда  екі-үш  лидерлердің 

және  олардың  топтарының  сыныптағы  біріншілік  беделіне  таласуы.  Орта 

сыныптарда қыздардың тобымен ұлдар тобының арасындағы келіспеушіліктері 


55 

 

жиі  кездеседі.  Жас  ӛспірімдер  арасында  бір  оқушының  сынып  оқушыларымен 



келіспеушілікке  түсуі  мүмкін.  Психологтар  О.Ситковская,  О.Михайлова 

бақылауынша  жас  ӛспірімдер  ортасында,  қатыгездік,  мейірімсіздік,  ӛзінің 

біріншілігін  кӛрсетуге  құмарлық  немесе  демонстрациялық  акцентуацияның 

орын  алуымен  байланысты  орын  алады.  Балалық  қатыгездік  –  барлығына 

танымды  құбылыс.  Әлемдік  педагогиканың  бір  парадоксының  нәтижесі 

бойынша  бала  ересектен  де  жиі  ӛзінің  қатарластарынан  қатыгездік  кӛрсетеді. 

Топ әртүрлі күрделі де кӛп деңгейлі және кӛп функциялы болғандықтан онда әр 

түрлі  келіспеушіліктер  орын  алуы  мүмкін.  Зерттеуші  топ  ішілік 

келіспеушіліктерге келесідей мінездемелер берген: 

   


1.Топ 

ішіндегі 

микротоптардың 

ӛзара 


әрекеттесуі 

барысында 

келіспеушіліктердің  туындауы.  Мұндай  жағдай  әр  түрлі  кіші  әлеуметтік 

топтарда кездеседі, және олардың саны 6-8 адамнан аспайды, сонымен қатар 3 

адамнан  тұратын  микро-топтар  кездеседі.  Кӛпсанды  топтар  тұрақсыз  болып 

келеді. Топ мүшелерінің жасының ӛсуіне және олардың әлеуметтік статусының 

ӛзгеруіне  байланысты  топтардағы  адам  саны  азаяды.  Топтың  ӛмірінде  мини-

топтар  үлкен  рӛл  атқарады.  Олардың  ӛзара  әрекеттесуі  толығымен  топтың 

психологиялық  климатының  ӛзгеруіне,  іс-әрекетінің  нәтижелігіне  әсер  етеді. 

Кіші  топтардың  ішінде  топтық  ӛмірдің  ережелері  мен  нормаларынан  бұзу 

байқалады,  дәлірек  айтқанда  мини-топтағы  ережелердің  ӛзгеруіне  кейбір 

балалар  инициатор  болып  табылады.  «Ортаға  жаңадан  келген  адамның 

алдында», ең бірінші, топтағы мини-топты таңдау мәселесі тұрады. Ол топ оны 

ӛзіне қабылдап, оның мінезін мақұлдайды немесе қабылдамастан, оның мінезін 

теріс  бағалайды. 

       Бір  сыныптағы  кіші  топтар  арасында  әртүрлі  қарым-қатынастар  түзіледі. 

Топтар  арасында  оң  байланыс  немесе  барлық  тӛменгі  және  орта  статустық 

топтар  жоғары  статустық  топқа  бағытталуы  мүмкін.  Кейде  топ  ішінде 

топаралық  келіспеушіліктерді  тудыратын  бір  адам  тұрақты  жүк  болады.  Ол 

басқа  кіші  топтың  лидерімен  келісушіліктік  қарым-қатынас  құруы  мүмкін. 

Мектептік  мазасыздану  баланың  жеке  басының  неврозын  туғызады,  оның 

жүйкесі  мен  психикасының  бұзылуына  алып  келеді  де  олардың  шамадан  тыс 

зорлануымен сипаттауға болады. Оның себебі, мұғалім мен оқушы арасындағы 

қатынасының  бұзылуы.  Бүл  педагогтың  ӛзін  дұрыс  ұстамауынан  немесе 

оқушыға  байқамай  ауыр  сӛз  айтуынан  т.б.  сондай  үлкендерге  елеусіз 

себептерден болуы мүмкін. Әдетте мұғалімдердің байқаусыз айтқан, не әдепсіз 

айтылған  сӛзінен  оқушылардың  жалпы  мектепке  деген  кӛзқарасының 

бұзылуына алып келуі мүмкін. Баланың мүндай кӛңіл-күйінің бұзылуына бұрын 

ауыр  сӛзді  естігендер  тап  болады.  Осындай  жағдайлар  баланың  тұлғалық 

қалыптасуына теріс әсерін тигізіп, оқушының оқуға деген мотивтік сферасының 

бұзылуына алып келеді. 

 

Әдебиеттер  

1.

 

Дорендорьф  Р.  Современный  социальный  конфликт.  //Иностранная 



литература.1993 № 4. -с 113-115 

2.

 



Дмитриев А.В., Кудрявцев В.Н. Введение в общую теорию конфликтов М., 

56 

 

1998г.  



3.

 

Джинни Г. Скотт. Конфликты пути их разрешения. М: 1976. - с 291. 



4.

 

Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. М: «Питер», 2002.  - с 31-



33. 

Резюме 

В  данной  статье  рассматривается  анализ  методов  решения 

конфликтных ситуации у учащихся 

Summary 

This  article  discusses  the  analysis  of  methods  for  solving  conflict  situations 

among students 

 

 



ӘӚЖ 636.933.2 

 

ӘРТҤРЛІ МЕРЗІМДЕ ТУЫЛҒАН ҚАРАКӚЛ ҚОЗЫЛАРДЫҢ 

ӚНІМДІЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

М.Алимжанова, оқытушы 

А.А.Исабаева, аға оқытушы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының 

кандидаты 

 

Аймақтық әлеуметтік- инновациялық университеті 

 

Шымкент қ., Қазақстан 

 

Қаракӛл  шаруашылықтарында  ӛндірілетін  негізгі  ӛнімнің  бірі  – 



туылғаннан  кейінгі  екінші  не  үшінші  тәуліктегі  қозылардан  сойып  алынатын 

елтірі. Қаракӛл елтірісінің сапасын айқындаушы негізгі белгі, ондағы жамылғы 

жүннің  бұйралану  ерекшеліктері.  Жамылғы  жүнінің  тері  аумағына  бұйралану 

дәрежесіне  байланысты  қаракӛл  елтірісі  жакеттік,  қабырғагүл,  жазықгүл  және 

кавказдық елтірілік типтерге бӛілініп жіктеледі. 

Жакеттік  және  қабырғагүл  бұйралы  елтірілік  типті  қозылар  қаракӛл 

тұқымы  ішіндегі  ең  басты  бағалы  елтірілік  типтер,  олар  жұқа,  қалың 

қабырғагүл -1, таңдаулы жакеттік-І, қалың жакеттік, мәскеулік жакеттік болып 

бӛлінеді және ең негізгі қымбат ӛнім болып саналады. 

Қаракӛл шаруашылықтарында  қаракӛлқозыларын  елтірілік  типтер  бойын-

ша жіктеу И.Н.Дьячковтың ұсынысы бойынша қабылданған әдістеме бойынша 

жүргізіледі.  И.Н.Дьячков  қаракӛл  қойлары  елтірілік  типтерінің  тӛмендегідей 

анықтамасын  жасады:  елтірілік  тип    шаруашылықтық  пайдалы  белгілердің 

байытылған  үйлесімділігі,яғни  малдың  туылған  кездегі  елтірілігінің  бедерлі 

бұйрагүлдің  формасы  мен  типінің  кӛлемі,  жүн  жабындысының  сапасы  және 

дамуы мен дене бітімінің байланысы мен сипатталынады. 

Тӛменде әртүрлі мерзімде қоздатылған саулықтардан алынған қозылардың 

елтірілік типтерінің деректері келтірілген (1-кесте). 

 

 

 



57 

 

        1-кесте– Қозылардың елтірілік типтері пайыз есебімен 



 

Елтірілік типі 

Туылған мерзімі, X±m

x

 



td 

ерте кӛктемде  

n=130 

кӛктемде 



n=124 

1Жакеттік 

59,2±0,4 

50,8±0,5 

2,8 

Қабырғагүл 



23,3±0,3 

20,2±0,3 

2,0 

Жазықгүл 



6,2±0,2 

8,1±0,4 


3,7 

Кавказдық 

11,3±0,3 

20,9±0,2 

9,1 

 

1-кесте деректері бойынша ұнамды елтірілік типті   (жакеттік, қабырғагүл) 



қозылардың  ең  кӛп  үлесі  ерте кӛктемде  қоздатылған  саулықтардан алынған    - 

82,7  %.  Сонымен  бірге  осы  мерзімде  қоздатылған  саулықтардың  қозылары 

ішінде  жағымсыз  елтірілік  типтің  (кавказдық)  шығымы  11,4%  деңгейінде 

болып, кӛктемде қоздатылған саулықтардан алынған қозылармен салыстырған-

да 9,7 % (td=9,1) аз болып шықты. 

Сонымен,Келес  шӛл  аймағы  жағдайында  ұнамды  елтірілік  типті 

қозыларды  ерте  кӛктемде  қоздатылған  саулықтардан  алу  мүмкіндігі  бар 

екендігі дәлелденді. 

 

Қозылардың кластық құрамы 

Қаракӛл  шаруашылықтарының  тәжірибесінде  қозылардың  кластылығын 

анықтау, туылғаннан кейін 2-3 күн аралығында ен салу кезінде оның елтірілік 

типіне, жүнінің ұзындығына, бұйрасының түрі, ұзындығы, ені, жүн жабынының 

жібектілігі мен жылтырлығына, сонымен қатар дене бітіміне, тірілей салмағына 

сәйкес жүргізіліп белгі салады. 

Қаракӛл  қойларының  әр  түсті,  реңді  және  елтірілік  типті  топтарымен 

жүргізілген  селекциялау  жұмыстарының  деңгейін,  алынған  қозылардың 

кластық  құрамы  арқылы  толық  бағалауға  болады.  Ол  ӛз  ретінде  іріктеу, 

сұрыптау  және  жүн  жабындысының  морфологиялық  сапасына,  оның 

құрылымдық  қасиеттеріне,  суреттілігіне,  қозылардың  онтогенездік  даму 

сатысындағы жалпы ӛсіп-жетілу заңдылықтарына байланысты.  

Қаракӛл  қозыларының  тұқымын  асылдандыру  жұмыстарына  байланысты 

жалпы қабылданған қозыларды бонитировкалау нұсқауларына сәйкес қара түсті 

қаракӛл  қозыларын  үш  класқа  бӛледі:  элита,  І  класс,  ІІ  класс.  Осы  кластар 

талаптарына сәйкес келмейтін қозыларды жарамсыз  (брак) топқа жібереді. Әр 

түрлі 

мерзімде 



қоздатылған 

саулықтардан 

алынған 

қозылардың 

бонитировкалау нәтижелері 2-кестеде берілген. 

 

         2-кесте – Қозылардың кластық құрамы пайыз есебімен



 

 

Класы  


Туылған мерзімі, X±m

x

 



td 

ерте кӛктемде  

n=130 

кӛктемде 



n=124 

Элита 


26,2±0,3 

17,9±0,5 

3,5 


58 

 

І класс 



40,1±0,4 

35,6±0,6 

2,7 

ІІ класс 



30,9±0,4 

38,8±0,4 

5,3 

Жарамсыз  



3,2±0,3 

8,2±0,3 


7,1 

 

2-кесте  деректерінен  элита  және  бірінші  класс  қозыларының  ең  кӛп  үлесі 



ерте кӛктемде қоздатылған саулықтардан алынғанын байқауға болады (66,2%). 

Сонымен  бірге  Келес  шӛл  аймағы  жағдайында  әр  түрлі  мерзімде  қоздатылған 

саулықтардан  алынған  қозылардың  кластылығын  анықтаудың  маңызды 

кӛрсеткіштерінің  бірі  болып  елтірісі  бойынша    «брак»  қозылардың  шығымы 

болып табылады. 

«Елтірілік  жарамсыз»  қозылардың  үлкен  үлесі  кӛктемде  қоздатылған 

саулықтардың  ұрпағында  8,2  %  (td=7,1)  болды.  Сондай-ақ  екінші  класс 

қозылардың  салыстырмалы  түрде  кӛп  үлесі  де  кӛктемде  қоздатылған 

саулықтардың ұрпақтарында байқалды (38,8 %; td=5,3). 

         Бұйраның пішіні мен кӛлемі 

Қаракӛл  қозылары  елтірісінің  тұқымдық  және  ӛнімділік  белгілері  –  оның 

негізгі  кӛрсеткіші,  себебі  қаракӛл  елтірісінің  тауарлық  құндылығы  сонымен 

анықталады. Яғни, бұл қаракӛл қозылары елтірісінің аумағының  бұйра пішіні 

мен кӛлемі. 

Тәжірибелік  топтардағы  әртүрлі  мерзімде  тӛлдетілген  саулықтардың 

қозыларын  бағалау  барысында  біз  қазіргі  кезеңде  қабылданған  бұйраны 

жіктеуді  пайдаландық.  Оған  сәйкес  бұйраны  мынандай  түрлеріне  ажыратады: 

жартылай шеңберлі, толқын бұйра, ірі бұршақ гүлді; жіңішке жалша; бағалығы 

аздау-жалпақтылығы  орташа  жалша;  бағалылығы  аз  жалпақ  жалша,  жарты 

сақина және сақина бұйра; кеңістігі бар моншақ гүл, бұйрасыз, тықыр жылтыр 

жүнді, пішіні бұзылған. 

Біздің  зерттеулер  нәтижесі  қозылар  бұйрасының  пішіні  мен  типі  саулық-

тарды қоздату мерзіміне байланысты екенін анықтады  (3-кесте). 

          

3-кесте - Қозылардың бұйрасының пішіні мен типі пайыз есебімен 

 

Бұйраның пішіні 



Туылған мерзімі, X±m

x

 



td 

ерте кӛктемде  

кӛктемде 

Мал басы 

140 

134 


 

Жартылай шеңберлі толқын 

62,0±0,6 

52,0±0,5 

6,9 

Қабырғалы толқын 



12,0±0,4 

8,3±0,4 


2,5 

Жазық толқын 

4,8±0,3 

4,3±0,3 


6,11 

Толқын жал 

5,6±0,4 

1,8±0,4 


3,7 

Бұршақ 


16,4±0,5 

30,0±0,6 

3,5 

Сақина 


2,5±0,3 

3,4±0,3 


1,2 

Пішінсіз бұйралар 

1,7±0,3 

3,4±0,3 


1,91 

 

3-кесте  деректерінен  байқайтынымыз,  жартылай  шеңберлі  толқын  бұйра-



ның  ең  кӛп  үлесі  ерте  кӛктемде  қоздатылған  саулықтардың  қозыларының 

59 

 

ішінде болды (60,0 %; td=6,7). Сонымен бірге сақиналы, ірі бұршақ гүлді және 



пішінсіз бұйралар кӛктемде қоздатылған саулықтардың қозыларының арасында 

жиі кездеседі (36,2 %), ал ерте кӛктемде қоздатылған саулықтардың ұрпағының 

ішінде – жіңішке ұзын қабырғалы толқын жалша кӛп болады.  

Келес  шӛл  аймағы  жағдайында  ұрпақтың  сапасына  саулықтарды  қоздату 

мерзімінің  тигізетін  әсерін  анықтауға  болатынын  және  белгілі  орын  алатыны 

айқындалды. 

Әр түрлі мерзімде қоздату саулықтар ұрпағының бұйрасының ара қатынас-

тарын  талдау  арқылы  оларға  осы  белгілердің    жеткілікті  дәрежедегі 

ерекшеліктері  тән  екені  анықталды.  Соның  нәтижесінде  жылдың  әр  түрлі 

жайылымдық-азықтық 

жағдайында 

бұйрасы 


ұнамды 

типті 


қаракӛл 

қозыларының шығымы ӛте жоғары болды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет