Әдебиеттер
1.
Қaзaқcтaн Рecпубликacының «Бiлiм турaлы» зaңы. - .Aлмaты, 2007.
2.
Бұзaубaқoвa К.Ж. Физикa caбaғындa oқытудың иннoвaциялық
тexнoлoгиялaры.- Aлмaты, 2005.-62 б.
3.
Чиcтякoв Н.Н. және т.б. Eңбeк пәнi мұғaлiмiнe oқyшылaрдың кәciптiк
бiлiм бepy турaлы. - Aлмaты, Мeктeп, 1988.-176 б.
Резюме
Дидактические основы обучения физики учащихся в прфессиональном
образовани
Summary
Bases of didactics educating of physics in professional education to students
ӘӚЖ 343.57
АДАМ ҚҦҚЫҚТАРЫ ЖҤЙЕСІНДЕГІ БІЛІМ АЛУ ҚҦҚЫҒЫ
Магистрант Айдарова Л.А.
Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент қ, Қазақстан Республикасы
Адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы сонау кӛне дәуірден қазіргі заманға
дейін әлеуметтік нормалар арқылы басқарылып келді. Сондықтан, жеке
адамның құқығы мен бостандығы туралы теорияның мыңдаған жылға созылған
тарихы және мол тәжірибесі бар. Біз осы тарихқа, осы мол тәжірибеге сүйене
43
отырып, әлеуметтік нормалардың диалектикалық объективтік даму процесімен
танысамыз. Адам қоғамының әр формациясында азаматтардың қандай құқығы,
қандай бостандығы болғанын білеміз. Адам құқығы - тарихи, табиғи,
объективтік құбылыс. Сондықтан, әлеуметтік норма әр уақытта даму
процесінде болады. Әлеуметтік норма адам қоғамымен бірге дамып, бірге
ӛзгеріп, бірге ӛмір сүріп келеді. Қоғамдағы жүздеген, мыңдаған қарым-
қатынасты реттейтін, басқаратын әлеуметтік норма. Қоғам дамып, нығайып,
жақсарған сайын әлеуметтік норма да дамып, нығайып жақсарады, оның
әділеттік, бостандық, демократиялық шеңбері де, кеңістігі де молаяды,
күрделенеді.
Жеке адамның құқығы қоғамдағы құқықпен тығыз байланысты. Бірі
болмаса екіншісі де болмайды. Бұл екеуін бір-бірінен ажыратып қарауға
болмайды.
Сонымен адамның құқығы, бостандығы олардың мазмұндық дәрежесі
қоғамның даму деңгейімен байланысты.
Мысалы: Алғашқы қоғамдағы бостандық:
құл иелену қоғамдағы бостандық пен шектеулер;
феодалдық қоғамдағы бостандық пен шектеулер;
буржуазиялық қоғамдағы бостандық пен шектеулер;
қазіргі замандағы бостандық түсінігі мен мазмұны.
Құқық пен жеке тұлғаның ӛзара байланысын тек құқықтық мәртебе арқылы
толық түсінуге, білуге болады. Онда олардың санқырлы байланысының
түсінігі, мазмұны, құрылымы, мақсаты, талаптары, мемлекет пен қоғамдық
ұйымдармен арақатынасы кӛрсетіледі.
Құқықтық мәртебе жеке тұлғаның қоғамда заңды түрде қалыптасқан
бостандығы, табиғи және саяси құқықтары, әлеуметтік кемеліне келген
жағдайы, рухани, мәдени білімі. Бұл мәртебенің мазмұны адамның қоғамның
әлеуметтік құрылысындағы алатын орны, ал мәртебенің нысаны сол адамның
қоғамдағы алатын орнын заңды түрде сипаттауы [1].
Қазіргі заманда жеке тұлғаның кұкықтық мәртебесі заң ғылымының бір
саласына айналды және жалпы теорияның жеке тақырыбы болып отыр.
Адамдар тек құқықтық жүйедегі қоғамда ӛмір сүре алады. Бұл объективтік
тұжырымға адамдар мыңдаған жылдар ӛмір тәжірибесінен сезініп білді. Біздің
заманымыздан бұрынғы V-IV мыңжылдығынан бастап адам қоғамы әлеуметтік
нормасыз ӛмір сүре алмайды. Норма объективтік тұрғыдан қоғамның ӛмір
сүруінің ең қажетті құралы болды. Осы тәжірибеге сүйене отырып гректің
ойшылғалымдары Ликофрон, Антифон ( V-ІV мың жылдықта) адамның табиғи
бостандығы, құқықтары бар, оны ешкім жоя алмайды деген. Бұл пікірді кейін
Аристотель, Локк, Монтескье, Руссо, Канттар да қостаған. Сӛйтіп «Табиғи
кұқықтық теория» ӛмірге келген [2].
Бұл теория Англияның 1215 ж. бостандық партиясында, 1689 ж. құқық
петициясында; АҚШ 1776 ж. декларациясында, 1791 ж. Конституциясында,
Францияның 1789 ж. Конституциясында мемлекеттік заңға айналды. Біріккен
Ұлттар Ұйымының 1948 ж - Декларациясында адамның «Табиғи құқық
44
теориясы» қабылданып, әр мемлекеттің кұқығының негізі болсын деп қаулы
қабылдады. 1966 ж. БҰҰ Халықаралық пакт атты қаулы қабылдап, онда
адамдардың экономикалық, әлеуметтік жэне мәдени құқықтарын әлем
кӛлемінде дамытуды, жақсартуды міндеттеді.
Қазіргі заманда адамдардың бостандығы мен құқықтары барлық
мемлекеттердің Конституциясына енгізіліп, ең негізгі ресми саясатқа айналды.
Қазақстан
Республикасының
1993-1995
жж.
және
2007
жылғы
Конституцияларында адамның бостандығы мен құқықтарына арнаулы бӛлім
беріліп бұл мәселені жан-жақты дамыту, жақсарту ӛзінің мемлекеттік міндеті
деп жариялады. Жеке адамдардың кұкықтарында объективтік және
субъективтік, сонымен қатар позитивтік, бұқаралық және жеке құқық деген
түсініктер бар. Енді солардың мазмұнына тоқтайық [3].
Объективтік құқық – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған,
мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті,
формальды анықталған заң нормаларының жүйесі. Объективтік құқық – бұл
нақты бір мемлекеттегі белгілі бір кезеңдегі заңнама, заң әдеттері, заңды
прецеденттер және нормативтік шарттар. Оның объективтілігі жеке тұлғаның
еркі мен санасынан тәуелсіз болып, оған тиесілі болмауынан кӛрініс табады.
Субъективтік құқық – бұл тұлғаның жеке мүдделерін қанағаттандыруға
бағытталған, заңды мүмкін жүріс-тұрыстың шамасы. Субъективтік құқықтар
ретінде адамның нақты құқықтарын (еңбек етуге, білім алуға және т.б. құқық)
атауға болады, олардың субъективтілігі тұлғамен байланыстылығынан, оған
тиесілігінен және оның санасы мен еркінен тәуелділігінен кӛрінеді.
Заңды мағынадағы құқықпен (объективтік және субъективтік құқықтар)
қатар табиғи құқық та болады, ол ӛмір сүруге, бостандыққа және т.б.
құқықтарды қамтиды. Табиғи құқықтың қатарына жататын құқықтар бір жерде
бекітілген-бекітілмегеніне қарамастан ӛмір сүреді, олар ӛмірдің ӛзінен тікелей
туындайды.
Позитивтік құқықтың негізгі сипаттары:
а) оны адамдар немесе қоғамдық құрылымдар – заңшығарушылар, соттар,
құқық субъектілер қалыптастырады, яғни, олардың шығармашылығының,
мақсатты ерікті қызметінің нәтижесі болып табылады;
ә) ол заңдар немесе басқа да қайнар кӛздер түрінде, яғни, жай ой, идея
түрінде ғана емес, нақты сыртқы кӛрінісі бар ақиқат ретінде ӛмір сүреді.
Бұқаралық құқық – бұл мемлекеттік істер саласы, яғни, билік пен
бағыныстылық қатынастарына негізделген мемлекеттің бұқаралық билік
ретіндегі және барлық бұқаралық институттардың құрылымы және қызметі.
Жеке құқық – бұл жеке істер саласы, яғни, дербестік, субъектілердің
заңды теңдігі бастамаларына негізделген еркін тұлға, институттар мәртебесі.
Азаматтардың,
адамдардың
негізгі
құқықтарымен
бостандығы
халықаралық актіде және әр мемлекеттің Конституциясында толық кӛрсетіледі.
Оның түрлері: азаматтық, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени,
экологиялық, ақпараттык құқықтар [4].
45
Әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар кешеніндегі әлеуметтік
құқықтардың алатын орынына тоқтала кетіп, оның негізгі түсінігін ашу қажет.
Аталған құқықтық кешеннің негізгі белгілері:
-адамның физикалық, материалдық, рухани жіне басқа да әлеуметтік
маңызды қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағыттылығы;
-азаматтығына қарамастан әр адамға тиесілігі;
-басқа тұлғаның бостандығын шектеумен ғана емес, қоғамдық байлық
мӛлшері мен эконмикалық даму деңгейімен де, және барық қорлардың шегінде
қамтамасыз етілуі [5].
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар – бұл физикалық,
материалдық, рухани және басқа да ӛмір қажеттіліктеріне бағытталған, әр бір
адамға тиесілі құқықтар мен бостандықтар жиынтығы. Олардың жүзеге
асырылуы адамның азаматтық қоғамның мүшесі болуына себепші болады.
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар бір-бірімен тығыз
байланысты, бірақ олардың ішінен әлеуметтік құқықтарды бӛліп қарастыруға
болады [6].
Әлеуметтік құқықтар – бұл физикалық, материалдық, рухани және басқа
да ӛмір қажеттіліктерін қоғамының мүмкіншіліктері шегінде және қоғамдық
байлықтың мемлекетпен бӛлінуі, адамның белсенді қызметі арқылы
қамтамасыз етілетін табиғи құқықтар кешені [7].
Аталған тарихи тәжірибені ескеру арқылы ғана ресми жарияланған
құндылықтарды жүзеге асырудың ақиқат мәні мен шарттарын ұғынуға,
Қазақстан Республикасындағы нақты жағдайларды және еліміздің құқықтық
мемлекетке шын мәнінде жету мүмкіншіліктерін парасатты бағалауға болады.
Әдебиеттер
1.
Қазақстан Республикасы Конституциясы 1995ж. 30 тамыз.
2.
«Қазақстан
Республикасындағы
Конституциясына
ӛзгерістер
мен
толықтырулар енгізу туралы‖ ҚР Конституциялық заңы.07.10.1998ж.
3.
«Алматы қалалық сотының 1-ші инстанцияда азаматтық істерді қарайтын
соттардың жұмысы туралы‖ 2005ж. Ведомстволық статистикалық есебі
4.
«Қоғамдық бірлестіктер туралы‖ Қазақстан Республикасының заңы. 31.05.
1996 г. N 3-1
5.
Назарбаев Н.А. Осмысление пройденного и дальнейшее демократическое
реформирование общества//Вести Казахстана.-1995.-1 июля.
6.
Президент Республики Казахстан. Концепция правовой политики
Республики Казахстан: Указ от 20.09.2000г .// САПП РК. -2002. № 31. - 83.
7.
Общая теория прав человека/Рук.авт.колл. и отв. ред. доктор юридических
наук Е.А.Лукашева.- М.: издательство НОРМА, 1996.
Резюме
В данной статье были показаны этапы когда экономика и политическое
состояние и система получения образование граждан Казахстана как быстро
развивающаяся страна стабильное, в первую очередь важно дать гарантии
правам и свободам граждан индивидуальный человек имеет право на свободу о
46
метатеории.Необходимо отметить что проблемы прав и свобод будут
рассмотрены в полном объеме в том случае когда будет правовое
демократическое государство
Summary
In this article the stages were shown when econ.omy and political state of
Kazakhstan as a quickly developing country stable, it is first of all important to give
guarantees to the rights and freedoms of citizens. It is necessary to mark that the
problems of rights and freedoms will be considered in full in that case when the legal
democratic state will be
ӘОЖ:94(574)
ҚАЗАҚ ЕЛІ ЕГЕМЕНДІГІНІҢ ЖАРШЫСЫ – ХАН АБЫЛАЙ
(Қазақ хандығының 550 жылдығына арналады)
Айтбекова А.Б. магистр аға оқытушы
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
Шымкент., Қазақстан
Бұқар жыраудың айбынды Абылай ханға айтқаны
Ай Абылай, Абылай!
Айбатынан жау қашқан,
Батырлар келді алдың-ай!
Қыз сүрініп таңқалар,
Қызыл тілінен бал тамар,
Ел басына күн торласа,
Ердің құнын сұраса,
Екі ауыз сӛзбен толтырар,
Шешендер келді алдың-ай!
Санасы терең теңізден,
Ел сусындаған ілімінен,
Қозғайды ӛсиетті «Құсілімнен»
Жазған әрбір хәрпінен,
Жаһанның үні тӛгілген,
Алымдар келді алдың-ай!
Алаштың алдын бастаған,
Ақыйқатын ұстаған,
Иманына харам қоспаған,
Тӛзімі күшті темірден,
Кӛсемдер келді алдың-ай!
Темірді иіп ӛрнектеп,
Тасқа да жан бітірген,
Ойлағаны он толған,
Он саусағына бақ қонған,
47
Ұсталар келді алдың-ай!
Ай Абылай, Абылай!
Қадірін ұғып баршаның,
Әділ бола біл халқыңа-ай!Қазіргі кезде еліміздің егемендігі бекіп, іргесі
нығайған сайын оның болашағы мен тарихына деген қызығушылықтар арта
түсуде. Әсіресе соңғы жылдарда «Қазақ мемлекеттілігі қай дәуірден
басталады?», «Қазақ қандығы қашан құрылды?» деген нақты сауалдарға
кӛпшіліктің ынтасы ауып отыр. Мұндай мәселелер бұрынырақта тек тарихшы-
мамандардың ғана айналысатын нысаны болса, бүгінгі күндері бұл тақырыптар
тарихшылармен қатар, кӛзі ашық, кӛкірегі ояу, ӛз елінің тарихына
сүйіспеншілікпен қарайтын әуесқой тарихшылардың, әдебиетшілердің,
суретшілердің сондай-ақ кейбір мамандық иелерінің зерттеу обьектісіне
айналуда. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақ хандығының мерейтойы алғаш рет
аталып ӛтпекші. Алдағы мерей той қазақ халқының мемлекеттілігін таныту
мақсатында емес, жастардың патриоттық сезімін барынша күшейту үшін
ӛткізіледі.
Ӛркениетті қоғам құруға бет алған жұрттың бәрі де алдымен ӛзінің тарихи
тамырын танытып, тарихи жадын қалпына келтіруге күш салады. Қазақ тарихы
осы күнге дейін отаршылардың еркінше бұрмаланып келді. Ғасырлар бойы
қалыптасқан ұлттық құндылықтар бүркемеленіп, оның орнына жасанды, қазақ
менталитетіне жат рухани ӛлшемдер орнатылды. Осының салдарынан халық ӛз
тарихы туралы шындықтан адасып қалды. Ұлтымыздың ғасырлар бойы
армандап, аңсаған, қол жеткізген егемендігі – мемлекетіміздің тәуелсіздік
тұғырын биіктетіп, елдің іші – сыртын бүтіндеп, шекарасын белгілеп, іргетасын
шайқалтпай қымтап, ӛркениет үрдісіне ӛзіндік даму жолын таңдауға қол
жеткізді. Халқымыздың асыл ұл-қыздары, перзенттері, тоталитарлық жүйенің
дәуірлеп тұрған кезінің ӛзінде де, ана тілін – ардағын аялап, тағдырына
арашашы болып, егеменді ел болып, тәуелсіздікке қол жеткізіп, байып-
кӛркеюіне үлес қосуды ӛздеріне мұрат тұтқан. Солардың бірі – халқымыздың
дарынды да дара туған, абзал ұлы, қазақ феодалдық мемлекетінің бұрынғы
шекарасын қалпына келтіріп, ӛз хандығы кезінде елдің саяси–экономикалық
дамуына түбірлі ӛзгерістер енгізген, атақты мемлекет қайраткері – хан Абылай.
Бұл орайда, Абылай хан ӛзінен бұрынғы Мӛде, Бумын, Күлтегін, Шыңғыс
хан, Ақсақ темір, Едіге, Тоқтамыс, Әз Жәнібек, Керей, Бабыр, Есімхан,
Қасымхан сияқты, ӛмірдің барлық сәтінде жеке басымен үлгі-ӛнеге бола білетін
кӛшпелілер кӛсемінің соңғы тұяғы еді. Ел қамы, халық тағдырына қатысты істе
Абылай хан ештеңеден тартынған жоқ. Ол елі мен жеріне қауіп тӛндірген
Ресей мен Қытайға тосқауыл болу үшін күші жетпей, сӛзі ӛтпей қиналған
сәттерде ең сүйікті бел балаларын кепілдікке берді. Рухы осындай мықты
Абылай хан ардақты батырлары қан майданда қаза тапқанда кӛзінің жасын
сығып тастайтын кездері болған. Ұлы неміс философы Гегельдің айтқанын еске
алмай болмайды: «Тарихи тұлғалардың ұлылығы олардың жалған емес, аса
қажет те әділ , ұлы дүниені жүзеге асыра білуінде». Осындай тарихи
тұлғалардың қатарына Абылай да жатады (1711-1781).
48
Абылай хан-ХVIII ғасырдағы тарихымыздағы аса ірі тұлғасы. Тарихи
тұлғаларды бір-бірімен теңдестіре салыстыруға болмайды. Әйткенмен Ресей
үшін Бірінші Петр немесе Германия үшін Бисмарк қандай болса, Қазақстан
үшін ол да сондай тұлға. Абылайдың дара тұлғасы, қолбасшылық таланты мен
саяси кӛрегендігі Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығы мен Ресей, Қытай
империяларының кӛз алартуына қарсы күресіне байланысты қалыптасқан
күрделі тарихи кезеңде кӛзге түсті. Абылай сол қазақ халқының тағдыр-талайы
қыл үстінде, қылыш жүзінде тұрғанда ел бірлігін ұйымдастырып, үш жүздің
басын қосып, анталаған жауға тойтарыс береді. Сол арқылы қазақтың
келешегіне жол салады. Абылайдың аты кӛзі тірісінде аңызға айналып, қазақ
үшін қасиетті Алаш сияқты жауынгерлік ұранға айналды. Солай бола тұра
оның ӛмірі мен қызметі неліктен кеңес тарихнамасында тиісті және әділ
бағасын ала алмай келеді деген сауалдың қойылуы заңды. Оған жауап беру
үшін осы тақырыпқа байланысты құжаттарға, әдебиеттерге талдау жасаған жӛн
ғой деймін.
Абылай тақырыбын зерттеу үшін басты деректер болып саналатын
құжаттар орыс архивтерінде. Олар-орыс патшаларының грамоталары мен
Указдары. Сенат пен сыртқы істер коллегиясының документтері аталмыш
органдардың хандар мен, сұлтандар мен жазысқан хаттары қазақ хандығында
болып қайтқан орыс елшілерінің жазбалары. Міне, осындай документтерден
тұратын «қазақ-орыс қарым-қатынастары» деген жинақта 500-ден астам
құжаттар бар. Бұл материалдарда Абылай туралы, оның ішкі және сыртқы
саясатынан мағлұмат беретін кӛптеген жайттер кездеседі. Әрине, ол
құжаттарды жасаған негізінен үкімет мекемелері, патша чиновниктері, ал, олар
отарлау әкімшілігінің кӛз қарасымен саясатын кӛрсететіндіктен жаңағы
құжаттарды пайдаланғанда жітілік, сыни астарлау және басқа нұсқалар мен
салыстырып отыру қажет. Екіншіден, Ресей архивтерінің кӛптеген қорлары
қазақ тарихын зерттеушілердің қолына тимей келгенін ескерте отырып, оларды
жан-жақты зерттеп пайдаланбай, біз тарихи шындыққа жете алмаймыз. Біздің
сӛз етіп отыратын тақырыпты зерттеуге қазақтың ұлы ағартушы-ғалымы
Шоқан Уалихановтың жинастырған материалдарының алатын орны ерекше.
Онда Абылайдың руы, тегі жӛнінде шежіре, оның әйелдерінің аты-жӛні, ата
тегі және ұрпақтарының тағдыр-талайы жазылған. Бұл құжаттарды Шоқанның
орыс тілінде шыққан бес томды шығармалары жинағының бірінші және
тӛртінші томынан оқуға болады. Ал, үшінші томында оның XIX ғасырдың 60-
шы жылдары жазған «Абылай» атты мақаласы бар. Ол негізінде Абылайға
арналған тұңғыш ғылыми еңбек. Онда автор ӛзінің ұлы атасына байланысты
кӛптеген мәліметтер келтірген және олар ӛз мағынасын осы күнге дейін жойған
жоқ. Қазақ хандықтарының архивтері ертеде-ақ қолды болып әр елдің
қоймаларында қалғаны белгілі. Мысалы, Абылай туралы кӛптеген тарихи
деректер кӛршілес елдердің, атап айтқанда Қытайдың, Иранның, Түркияның,
Ауғаныстанның архивтерінде, қоймаларында, тіпті АҚШ-тың, Батыс Европа
елдерінің кітапханасында зерттеушілерін күтіп жатыр. Оларды ғылыми
тұрғыдан зерттеу және орыс құжаттары мен салыстыра отырып пайдалану
біздің (тарихшылардың, ғалымдардың) жауапты парызы деп ойлаймын.
49
Қазақ халқының ұлы кӛсемінің бейнесін жасауға кӛптеген жазушылар,
оның ішінде Шәкәрім Құдайбердиев те, Мұхтар Әуезов те, Сәкен Сейфуллинде
қалам сілтеді. Бірақ, кейбір тарихи жағдайларға байланысты ондай туындылар
жарық кӛре алмай, кейін жоғалып кетті, осы тақырыпқа қазақтың тағы бір асыл
перзенті Міржақып Дулатов ӛзінің «Хан Абылай» атты мақаласын арнапты.
Бірақ оған авторы репрессияға ұшыраған соң тиым салынған. Тек аса кӛрнекті
қаламгер марқұм Ілияс Есенберлин ғана Абылай бейнесін кӛркем әдебиетте
сомдай алды, оның романы қазақ, орыс тілдерінде жарияланды. («Жанталас»,
орысшасы-«Отчаяние»). Бұл кітаптың жақсы жақтары да нашар жақтары да бар
деп пікірталас тудыруға болар еді, бірақ мәселе онда емес-алпысыншы
жылдардың соңы мен жетпісінші жылдардың басында Абылай хақында қалам
толғаудың ӛзі үлкен ерлікті талап етуші еді.
Абылайдың қайталанбас тұлғасы халқымыздың басынан кешкен сонау
қиын-қыстау кезеңінде қалыптасуы, оның ұлттық кӛсем дәрежесіне кӛтерілуі
кездейсоқ жайт емес екені түсінікті. Ол ат жалын тартып мінген кезде қазақ
хандығының іргесі сӛгіліп, уығы ыдырап, бірімен-бірі бақас бірнеше хандыққа
бӛлініп кеткенді. Соның салдарынан қанды балақ жоңғар феодалдарының
қырып – жоюына, жаулап алуына ұшырады. Абылайдың қазақ халқының басын
құрап, жерін жаудан азат етіп, мемлекеттігін ӛрбітіп, ұлттық мақсатын іске
асырудағы, елдің тірлігі мен бірлігін сақтап қалудағы іс-қимылы, ерен еңбегі ру
басыларының, ақын-жырауларын, атақты батырларының ойынан шықты,
жұртшылықтың қызу қолдауын тапты. Дәл осы сәтте қазақ халқы бірліктің
қажеттігін түсіне бастады, ұлттық санасы оянды. Олай болмаған күнде қазақ
халқы да жоңғарлардың тағдырын кешіп, мүлде құрып кетуі мүмкін еді.
Абылайдың бойына біткен асыл қасиеттерін айта отырып біз бұл тарихи
тұлғаны идеализациялаудан аулақпыз. Ӛйткені ол да адам, ол да пенде болған,
сондықтан оның кемшіліктері де қателіктері де болған. Абылайдың ел басқару
ісіндегі кӛлеңкелі жағын кӛрсететін дүниелер де кездеседі. Абылай заманында
қазақ жеріне кӛзін тіккендердің бірі Цин империясы болады. Ол жоңғар
хандығын талқандап, шығыс Түркістанды басып алғаннан кейін енді қазақ
жерінде солай жаулап алмақшы болады. Тек Абылай әскерінен бірнеше қанды
шайқастарда жеңіліске ұшырағаннан кейін ақылына түсіп келіссӛзге келген-ді.
Екі алып империяның қыспағына түскен қазақ елінің жағдайы күрделене түсті.
Дәл осындай қыйын – қыстау кезеңде Абылай ӛзін халықтың намысын қорғаған
ер жүрек батыр, ыдыраған елдің басын құраған кемеңгер қайраткер екендігімен
қатар асқан дипломаттығымен де кӛзге түсті. Халықаралық сыртқы саясат
саласында тамаша тапсырысқа ие болды.
Бір мезгілде ресейге де Қытайға да боданды бола тұрып, Абылай оларды
қазақ елімен санасуға, оныменен сауда-саттық ӛрбітіп, бейбіт ӛмір сүруге
мәжбүр етті. Сӛйтіп хан бабамыз ӛзінің стратегиялық мақсатын-бір ортаға
бағынған қазақ елінің мемлекеттігін құрып, тәуелсіздігін сақтап қалуды асқан
жігерлікпен жүргізе білді. Елінің бостандығымен болашағы үшін Абылайдың
екі империямен дипломатиялық «ойын» арқылы арбасқанын тілге тиек етіп
кеңес тарихнамасында оның сыртқы саясатында «екі жүзділік болған» деген
ұғым тұрақты орын алған. Осыған қарамастан халқымыздың санасында ұлы
50
бейне болып қалыптасуы Абылайдың елді азат етіп барлық қазақ жүздерін
біріктіре білуіне байланысты болса керек.
Орта Азия мемлекеттері Абылайды бүкіл қазақ ханы деп ресми түрде
танығаны мен оның беделінің ӛсіп бара жатқанынан сескенген Ресей патшасы
Екатерина ІІ Абылайға орта жүз ханы ретінде ғана сый – сыяпат кӛрсетті. Бұл
бір жағынан «бӛліп адал билей бер» саясатының кӛрінісі еді. И. Неплюевтің
«Қырғыз халқында бас ханның пайда болуы былай тұрсын, зиянды да болу
мүмкін» деген пікірі мұны айғақтай түседі.
Шоқан Уәлиханов Абылайдай шексіз билікке ие болған бірде бір қазақ
ханының болмағанын, оның мемлекет билігін орталықтандырғанын, нығайту
бағытындағы әрекеттерін «ханның билігін алқалы кеңес арқылы шектеп
отыратын ру басылар мен сұлтандардың ӛркӛкірек үстемдігін» тыйғандығын
жазды. Шоқан: «қазақтардың аңыз - әңгімелерінде Абылай айрықша қасиеті
бар киелі, керемет құдірет иесі болып саналады. Абылай дәуірі қазақтардың
ерлігі мен серілігінің ғасыры оның жорықтары және батырлардың кӛзсіз ерлігі
мен қаһармандығы жыр – дастандардың арқауына айналған», - деп атап
кӛрсетті.
Бүкіл ӛмірін Абылайдың оң тізесін баса отырып, оған ақыл – кеңес
айтумен ӛткізген Бұқар жырау Қалқаманұлының ханға «Алтын тақтың үстінде,
үш жүздің басын құрадың» деуінің негізінде тарихи шындық жатыр.
Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен
еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол – «Ақ толқын»,
«Алабайрақ», «Бұланжігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім»,
«Қара жорға», «Қоржыңқақпай», «Майда жел», «Садаққаққан», «Сары бура»,
«Шаңды жарық» т.б күйлерінің авторы. Абылай ӛмір жолын ат үстінде
жорықтарда ӛткізіп, Арыс ӛзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан
қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің ішіндегі Қабірхана мен Ақсарай
арасындағы дәлізде жерленген. Қазақ халқының жадында Абылай қажырлы
мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып
келді. Оның есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік ұранға айналды.
Азаттық күрестің жалынды басшысы Абылай ханның асқақ тұлғасы, ақыл
– парасаты Бұқар, Үмбетей, Шәді тӛре, Жәңгірұлы жырларында, ақындар
Жамантайұлы К. М. Айтбаевтің дастандарында, Ілияс Есенберлиннің, Ә.
Кекілбаевтың, Қ.Жұмаділовтың, т.б ақын жазушылардың туындыларында
сомдалды. Оның ұлағатты ӛмірімен ішкі, сыртқы саясаты отандық және шет ел
ғалымдарының назарын аударып келеді.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін 1991 жылы Алматының басты
даңғылдарының біріне Абылай есімі беріліп, темір жол вогзалының алдында ат
үстіндегі ескерткіші орнатылды. Хан ескерткіші Жезқазған, Повлодар
қалаларында да бар. Қазақстанның 1993 жылғы ең бірінші тӛл теңгесінде
бейнесі бедерленеді. 2005 жылы Абылайдың ӛмір жолына арналған
«Кӛшпенділер» фильмі түсіріледі. 2008 жылы елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтің қатысуымен Петропавлда «Абылай хан ордасы» кешені ашылып,
алдына ескерткіші орнатылды. Оның есімі Алматыдағы Қазақ халықаралық
қатынастар және әлем тілдері университетіне берілген.
|