БЕЛОК ФУНКЦИЯСЫ
191
фосфат тобын бөліп шығара алады; басқаларының спецификалығы төмен болады және
олар көптеген белоктарға ұқсас әсер етеді.
Эукариоттық клеткаларда белоктардың фосфорлануын іске асыратын
протеин-
киназалар, шамамен, 290 амин қышқылдары қалдықтарынан тұрады, каталитикалық
(киназалық) тізбектері ортақ болын келетін өте кең таралған белоктар туыстастығына
жатады. Осы туыстастық мүшелерінің киназалық тізбектерінің соңында немесе тізбек
ішіндегі ілмектерінде әртүрлі қысқа аминқышқылдық тізбектер болады. Мұндай қысқа
тізбектер киназаға белгілі бір белоктарды тану қасиетін береді.
Белгілі бір белок туыстастығын әртүрлі мүшелерінің аминқышқылдық тізбек-
теріндегі айырмашылықтар санын салыстыру көмегімен біз туыстастықтың пайда
болуына әкелген гендер дупликациясы мен ажырау паттерндерін көрсететін «эволю-
циялық шежіре» құрастыра аламыз (
Достарыңызбен бөлісу: