Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет180/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

3.71-сурет
SCF убиквитин лигаза құрылысы мен әрекеті. (A) Құрамына E2 убиквитинді конъюга-
циялаушы фермент кіретін бес белоктан тұратын убиквитин лигаза кешенінің құрылымы. Суретте 
адапторлық белок 1 деп белгіленген белок Rbx1/Hrt1 белогы болып табылады. Адапторлық белок 2 
– Skp1 белогы және куллин – CuM белогы. Әртүрлі F-box белоктарының біреуі кешенді толықтырады. 
(Ә) Субстрат байланыстырушы қолында Skp2 (жоғарыда) және β-trCPI (төменде) Ғ-бокс белоктары 
орналасқан кешендердің салыстырмасы. (Б) Нысана белогының SCF убиквитин лигазамен байланы-
суы мен убиквитинирленуі. Егер убиквитин молекулаларының тізбегі нысана белоктың бір лизиніне 
қосылса, осы белок протеосомамен тез арада ыдыратылуға таңбаланады. (В) SCF-тің (төменде
анафазаны стимульдеуші кешен (anaphase-promoting complex – APC/C; жоғарыда) атты убиквитин ли-
газасымен салыстырылуы. APC/C 15 белоктан тұратын өте үлкен кешен болып табылады. Оның убик-
витинирленуі митоздың соңғы сатыларын реттейді. Ол SCF-ке жақын келеді және оның құрамында 
куллиндік суббөлік (жасыл) болады. 2 белоктары көрсетілмеген, бірақ олардың байланысу сайттары 
қызғылт сары, ал субстрат байланыстырушы сайттары күлгін түспен таңбаланған (A және Ә, G. Wu et 
al., Mol. Cell 11: 1445-1456, 2003 көзінен Elsevier рұқсатымен; В, P. da Fonseca et al., Nature 470: 274-278, 
2011 көзінен Macmillan Publishers Ltd. рұқсатымен қолданылған).


198 3-тарау. Белоктар
Осындай жолмен спецификалық белоктар, спецификалық сигналдарға жауап ретін-
де, тез арада ыдырайды. Нысана белоктың Ғ-бокс суббөлігімен танылуы үшін нысана 
белокта арнайы фосфорлану паттерні пайда болуы керек. Сонымен қатар субстрат-бай-
ланыстырушы қолды тасымалдайтын SCF лигазасының активтенуі қажет. Осы суб-
бөліктер белок кешендерінде алмасып отырады, ал адамда оларды кодтайтын 70-тен 
астам ген болады.
Бір сәтті белок дамығаннан кейін оны кодтайтын ген ұқсас белоктар туыстастығын 
қалыптастыру мақсатында дупликацияланады. Алмасатын бөліктері бар SCF лигазасы 
генетикалық ақпараттың тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ол 
«жедел» эволюциялық жағдайларды тудырады. 
ГТФ-байланыстырушы белок үлкен белоктық қозғалыстардың қалай пайда 
болатынын көрсетеді
ГТФ-байланыстырушы белоктар туыстастығының EF-Tu белогы атты мүшесі белок 
конформациясындағы аллостериялық өзгерістердің кең ауқымды қозғалыстарды қалай 
тудыратынын көрсетеді. EF-Tu белогының құрамында Ras-қа ұқсас домен болады және 
ол белок синтезінде элонгация факторының қызметін атқарады.
EF-Tu белогының ГТФ-пен және ГДФ-пен байланысқан формаларының кеңістіктік 
құрылымдарын салыстыру көмегімен біз тРНҚ-ның орын алмасуын көре аламыз. Ги-
дролиз нәтижесінде бөлінетін бейорганикалық фосфор ГТФ-байланыстырушы сайтын 
бірнеше ондаған нанометрге жылжытады. Осындай аздаған өзгеріс белоктың Ras-қа 
ұқсас доменінің свитч спиралі атты α-спиралінде конформациялық өзгеріс тудырады. 
ГТФ-тің гидролизімен қоздырылған конформациялық өзгеріс свитч спиралінің тізбек-
терін ажыратады (
3.72-сурет
). Осының нәтижесінде амин қышқылымен байланысқан 
тРНҚ молекуласы босайды да, тРНҚ-мен байланысқан амин қышқылын қолжетімді 
етеді (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет