Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет173/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

3.10-бейнефильмді 
қараңыз). 
Белоктардағы көптеген өзгерістерді белоктың 
фосфорильденуі тудырады
Белоктар реттелуінің басқа да жолдары бар. Белок 
функциясы реттелуінің эукариоттық клеткалардағы 
өте жиі кездесетін екінші жолына белок құрамындағы 
аминқышқылдық бүйір тізбектерге бір немесе одан да 
көп кіші молекулалардың жалғануын жатқызуға бола-
ды. Жоғары эукариоттардағы осындай реттегіштік модификацияға белок молекуласына 
фосфат топтарының қосылуын мысал ретінде қарастыруға болады. 
Белоктың фосфорлануы оған үш жолмен әсер ете алады. Біріншісі, фосфат тобының 


190 3-тарау. Белоктар
құрамында екі теріс заряд болғандықтан белокқа фосфат тобының қосылуы, мысалы, 
оң зарядталған амин қышқылдары кластерін тарту арқылы, белок молекуласында ай-
тарлықтай конформациялық өзгерістер тудыра алады. Нәтижесінде ол лигандтардың 
белокпен байланысу қабілетіне әсер етеді де, белоктың белсенділігі күрт төмендейді. 
Егер оның құрамынан фосфат тобын бөліп алса, онда ферменттің белсенділігі қалпына 
келеді.
Екіншісі, байланысқан фосфат тобы басқа белоктардың байланысу сайттары тани-
тын құрылымның бөлігін қалыптастыра алады. Мысалы, SH2 домені фосфорланған ти-
розиндік бүйір тізбегі бар қысқа пептидтік тізбектермен байланысады. Үшіншісі, фос-
фат тобының қосылуы екі белокты байланыстыратын сайтты жасырады да, белок-белок 
байланысын үзеді. 
Белоктың қайтымды фосфорлануы эукариот клеткаларындағы ферменттер мен 
басқа да белоктардың белсенділігін, құрылымын және клеткадағы жиналуын реттейді. 
Негізінде, реттелудің осы түрі сүтқоректілердегі барлық белоктардың үштен бір бөлігі-
нен астамына қатысты болатын құбылыс болып табылады. Спецификалық белоктарға 
фосфат топтарының қосылуы немесе оның құрамынан бөлініп шығуы клетканың күйі-
не байланысты болады. 
Эукариоттық клеткада протеинкиназалар мен протеинфосфатазалардың 
көптеген түрі болады
АТФ молекуласындағы терминальдық фосфат тобының белоктың сериндік, треониндік 
немесе тирозиндік бүйір тізбектеріне тасымалы арқылы белоктың фосфорлануы іске 
асады (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет