БЕЛОК ФУНКЦИЯСЫ
199
3.73-сурет.
EF-Tu-мен байланысқан аминоацил-тРНҚ молеку-
ласы. Байланысқан белоктың
тРНҚ-мен байланысқан амин
қышқылының (
жасыл) қолдануын ГТФ гидролизі белок-тРНҚ
кешенінің диссоциациялайтын конформациялық өзгерістерді
тудырмағанша (3.72Б-сурет) қалай бөгеттейтініне назар ауда-
рыңыз. EF-Tu бактериялық белок болып табылады; дегенмен,
эукариоттарда өте ұқсас белок болады және ол EF-1 деп атала-
ды (
3.12-бейнефильм
) (Молекулалардың кеңістіктегі орнала-
суы P. Nissen et al.,
Science 270:1464-1472, 1995
көзінен
алынған. PDB коды: 1B23).
Моторлық белоктар клеткаларда үлкен
қозғалыстарды тудырады
Моторлық белоктар бұлшықеттердің жиырылуы
мен клеткалардың сырғуын және жүзуін қамтамасыз
етеді.
Сонымен қатар, моторлық белоктар клетка
ішіндегі кішігірім жылжуларды іске асырады: митоз
кезінде олар хромосомалардың
клетканың қара-
ма-қарсы жағына жылжуын, органеллалардың орнын
ауыстыруын және ДНҚ
синтезі кезінде ферменттер
мен белоктардың спираль бойымен жылжуын қамта-
масыз етеді. Осы іргелі процестер белоктардың күш тудыратын машиналары ретінде
әрекет ететін жылжымалы бөліктеріне тәуелді болады.
Бұл машиналар қалай әрекет етеді? Басқаша айтқанда, тікелей жылжуды іске асыру
үшін клеткалар белок пішінінің өзгеруін қалай қолданады? Мысалы, белок ДНҚ-ның
жіңішке спиралі бойымен бірнеше конформациялық өзгерістер көмегімен қалай жыл-
жиды? (
3.74-сурет
). Конформациялық өзгерістердің реттелетін тізбегін іске асыратын
факторлар болмаған жағдайда конформациялық өзгерістер толығымен қайтымды
болады және белок кездейсоқ түрде
алға немесе артқа қозғала
алады. Белоктың белгілі бір бағытта жылжитынын ескерсек, онда
термодинамиканың заңдарына сәйкес бұл процесс үшін бос энер-
гияның басқа көзі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: