Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет182/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

3.74-сурет
«Жылжитын» аллостерикалық белок. Оның үш әртүрлі конфор-
мациясы оған кездейсоқ түрде алға және артқа жылжуға мүмкіншілік бер-
генімен, тізбекпен немесе жіпшемен байлансқан күйде белок бір бағытта 
тұрақты жылжи алмайды.
Клетка конформациялық өзгерістерді қалай бір бағытты күйге 
көшіреді? Толық процесті бір бағытта жүргізу үшін конформаци-
ялық өзгерістің біреуін қайтымсыз күйге көшіру керек. Бір бағыт-
та ұзақ арақашықтыққа жылжи алатын белоктардың көпшілігі 
белгілі бір конформациялық өзгерісті АТФ молекуласының гидро-
лизімен жұптастырады.
3.75А-суретте
көрсетілгендей АТФ-пен байланысу нәтижесін-
де моторлық белок бірінші конформациядан екінші конформа-


200 3-тарау. Белоктар
цияға ауысады. Байланысқан АТФ гидролизі екінші конформацияны үшінші конфор-
мацияға көшіреді. Осыдан кейін, байланысқан АДФ пен бейорганикалық фосфордың 
босатылуы белокты бірінші конформацияға қайтарады. Екінші конформациядан үшін-
ші конформацияға көшу процесі АТФ гидролизінен түзілетін бос энергияның көмегімен 
іске асырылатындықтан, конформациялық өзгеріс қайтымсыз болады. 
Осындай бір бағытты қозғалысты қолданатын моторлық белоктарға актин фила-
менттері бойымен жылжитын миозин белогы мен микротүтікшелер бойымен қозғала-
тын кинезин белогы жатады. Осы жылжулар өте жылдам орындала алады: ДНҚ репли-
кациясына қатысатын кейбір моторлық белоктар ДНҚ тізбегінде секунд сайын 1000 
нуклеотидке дейін айналады.
Мембранамен байланысқан тасымалдағыштар энергия көмегімен 
мембраналардан молекулаларды өткізеді
Біз белоктардың аллостериялық өзгерістері көмегімен микропроцессорлар (Src-киназа-
лар), жиналу факторлары (EF-Tu) және механикалық күш пен қозғалыстың өндірушілері 
(моторлық белоктар) ретінде әрекет ететіндігін қарастырдық. Аллостериялық белоктар 
АТФ гидролизі, иондық градиенттер немесе электрон тасымалдау процестерінің энер-
гиясын пайдалана отырып спицифкалық иондар мен кіші молекулаларды мембранадан 
өткізе алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет