Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


-сурет.  Адамның β-глобин геніннің нуклеотидтік тізбегі



Pdf көрінісі
бет202/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   330
4.8-сурет
Адамның β-глобин геніннің нуклеотидтік тізбегі. Шартты 
түрде нуклеотидтік тізбек 5’-ұштан 3’-ұшқа қарай жазылады және 
солдан оңға қарай кәдімгі ағылшын мәтіні сияқты оқылуы тиіс. Осы 
ген гемоглобин молекуласының бір суббөлігінің аминқышқылдық 
тізбегінің ақпаратын кодтайды; басқа α-глобин гені басқа суббөлік-
ті кодтайды (қанда оттегіні тасымалдайтын гемоглобин белогы әр 
суббөліктің екі тізбегінен түзілетін төрт суббөлікті белок болып та-
былады). β-глобин гені бар екі тізбектің тек біреуі ғана көрсетілген; 
басқа тізбек комплементарлы болады. Сары түспен таңбаланған 
ДНҚ тізбегі β-глобин белогының амин қышқылдарын анықтайтын 
геннің үш ауданын көрсетеді. 6-тарауда біз клетка β-глобиннің то-
лық белогын синтездеу үшін осы үш тізбекті мРНҚ деңгейінде қалай 
сплайсингтен өтетінін көреміз.
4.7-сурет. 
ДНҚ-дағы генетикалық ақпарат пен белок-
тардың арасындағы арақатынас. (1-тарауда талқы-
ланған).


ДНҚ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ФУНКЦИЯСЫ
221
деп аталады. Біз генетикалық кодты 6 тарауда гендер экспрессиясын талқылаған кезде 
тереңірек қарастырамыз. 
Организмнің ДНҚ-сындағы барлық ақпараттар жиынтығы геном деп аталады және 
ол организм синтездейтін барлық РНҚ мен белоктарды анықтайды. Геномдағы сақта-
латын ақпараттың мөлшері мен көлемін таңғаларлық құбылыс деп айтуға болады. Өте 
кіші адам генінің төрт әріптік әліппесінде жазылған гені мәтін түрінде ширек бетті 
алады (
4.8-сурет
), ал адамның толық геномы мыңдаған кітаптар көлемін құрайды. Ал, 
адам геномында 21000-ға жуық ген кодталады және олардан синтезделетін белоктар 
саны одан да көп болады.
Эукариоттардың ДНҚ-сы клетканың ядросында орналасады
Эукариоттарда ДНҚ-ның көп бөлігі клетканың, шамамен 10%-ын құрайтын, ядро атты 
органеллаласында орналасады. Бұл компартмент липидтік биқабатты мембранадан 
тұратын ядролық қабықшамен оқшауланған (
4.9-сурет
). Мұндай мембраналарда үлкен 
ядролық саңылаулар (поралар) болады және молекулалар ядро мен цитозоль арасында 
осындай саңылаулар арқылы тасымалданып отырады. Ядролық қабықша цитоплазмаға 
шығатын эндоплазматикалық тор атты клеткаішілік мембраналар жүйесімен байла- 
ныста болады. Осыған қоса ол ядроның ішкі мембранасына жақын орналасқан ядролық 
ламина атты аралық филаменттер жүйесімен механикалық түрде байланыста болады.
Ядролық қабықша ДНҚ-да әрекет ететін көптеген белоктардың клеткаға қажетті 
жағдайында және қажетті жерінде жиналуына мүмкіншілік береді. Келесі тарауларда 
біз ядролық қабықшаның ядролық және цитоплазмалық ферменттерді бөлетін қаси-
етінің маңызын қарастырамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет