Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет207/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   330
4.14-сурет
). Дегенмен, 
хромосомалардың саны, организмнің күрделілігі және геномның жалпы көлемі арасын-
да байланыс жоқ. 
4.14-сурет. 
Хромосомалар саны әртүрлі болатын бұғылардың екі өте жақын туыстас түрі. Индиялық 
мунтджак эволюциясының бастапқы кезеңінде хромосомалар құйылысты, бірақ хромосомалар құй-
ылысуы жануарға айтарлықтай әсер еткен жоқ. Осы екі жануарда гендер саны бірдей болады (Қытай-
лық мунтджак суреті Deborah Carreno, Natural wonders Photography рұқсатымен қолданылды).
Адам геномының нуклеотидтік тізбегі гендердің орналасуын көрсетеді
2004 жылы адамның толық ДНҚ тізбегі туралы жарияланған мақаланың негізінде әр 
хромосомадағы гендердің қалай орналасатындығын көруге мүмкіншілік туды (
4.15-су-
рет
). 
Адам геномының таңғаларлық бірінші қасиетіне оның қаншалықты аз белокты 
кодтайтын гені бар екендігін жатқызуға болады (
4.1-кесте
 және 
4.16-сурет
). Сонымен 
қатар, хромосомалық ДНҚ-ның шамамен жартысы эволюция барысында геномда пара- 
зиттер сияқты мультипликацияланған және өзін-өзі хромосомалар құрамына енгізетін 
ДНҚ-ның мобильді бөліктерінен тұратындығын айтып кету жөн. Біз осы транспозон-
дық элементтерді келесі тарауларда қарастырамыз. 
Адам геномының таңғаларлық екінші қасиетіне ауданы орташа геннің ұзындығы-
ның, шамамен, 27000 нуклеотидтер жұбынан тұратындығын жатқызуға болады. 
Адамдағы орташа белокты кодтау үшін 1300 нуклеотидтер жеткілікті (шамамен 430 
амин қышқылы) болады. Гендегі қалған тізбектер, белокты кодтайтын қысқа тізбектер 
арасында орналасатын, кодтамайтын аудандардан тұрады. Кодтайтын тізбектер эк-
зондар, ал кодтамайтын тізбектер интрондар деп аталады (4.15-сурет пен 4.1-кесте). 
Адам гендерінің көпшілігі кезектесіп орналасатын экзондар мен интрондардан тұрады 
және геннің көп бөлігін интрондар алып жатады. Керісінше, геномы кішкентай бола-
тын организмдерде интрондар болмайды. Осының нәтижесінде олардың гендері адам 
гендерінен кішірек болады (кейбір жағдайларда 20 есеге дейін) және хромосомадағы 
кодтайтын аудандарының мөлшері өте көп болады.


ХРОМОСОМАЛЫҚ ДНҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ХРОМАТИН ЖІПШЕЛЕРІМЕН ҚАПТАЛУЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет