Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет205/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

224 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
4.11-сурет. 
Адам хромосомаларының жолақ паттерндері. 1-22 хромосомалар салыстырмалы өлшем-
дері бойынша реттелген. Адамның қалыпты клеткасында осы хромосомалардың екеуі және қосымша 
екі жыныс – екі Х хромосомасы аналық және Х пен Y хромосомалары аталық – хромосомалары бола-
ды. Осы карталарды алу үшін қолданылған хромосомалар митоздың бастапқы кезеңдерінде боялды 
(хромосомалар толықтай тығыздалмаған кез). Көлденең қызыл сызық центромера орнын көрсетеді. 
13, 14, 15, 21 және 22 хромосомалардағы қызыл нүктелер үлкен рибосомалық РНҚ-ларды кодтайтын 
гендердің орындарын көрсетеді. Осы жолақ паттерндері хромосомаларды Гимза бояуымен өңдеу 
арқылы алынған және олар жарық микроскоп астында бақылана алынады (U. Francke, Cytogenet. Cell 
Genet.
31:24 32, 1981 көзінен автордың рұқсатымен қолданылды).


ХРОМОСОМАЛЫҚ ДНҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ХРОМАТИН ЖІПШЕЛЕРІМЕН ҚАПТАЛУЫ
225
4.12-сурет. 
Aдамның аберрантты хромосомалары. (A) 
Адамның екі қалыпты хромосомалары, 4-ші және 6-шы. (Ә) 
Үйлестірілген хромосомалық транслокациясы бар жеке 
адамда қалыпсыз рекомбинациялық жағдай әсерінен бір 
хромосомадағы ДНҚ-ның қос тізбегі екінші хромосомадағы 
ДНҚ-ның қос тізбегімен қиылысады. Хромосомаларды бояу 
әдісінің көмегімен тіпті кішкентай транслокациялық тізбек-
терді анықтауға болады. Осы жағдай ісік клеткаларына тән 
болады (Zhenya Tang and the NIGMS Human Genetic Cell 
Repository at the Coriell Institute for medical Research: GM21880 
рұқсатымен қолданылды).
Хромосомаларда гендердің ұзын тізбектері 
болады
Хромосомаларда гендер орналасады – тұқым қуа-
лаудың функционалдық бірліктері. Ген, көпшілік 
жағдайда, белгілі бір белоктың синтезіне қажетті 
нұсқаулары бар ДНҚ сегменті болып табылады. 
Белоктарды кодтайтын гендер көпшілікті құрайды, 
бірақ клеткада «РНҚ гендері» болады. Осы гендердің соңғы өнімі РНҚ болып табылады.
Біздің күткеніміздей, организмнің күрделілігі мен геномындағы гендер саны ара-
сында байланыс болады. Мысалы, кейбір бактерияларда тек 500-ге жуық ген болады 
(адамда олардың саны шамамен 30000-ға жуық). Бактерия, архейлер мен кейбір бірклет-
калы эукариоттардың (ашытқылар) геномы кішкентай болады. Дегенмен, көпклеткалы 
өсімдіктер мен жануарлар геномында функциясы соңына дейін анықталмаған гендер 
көп (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет