Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет210/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

4.17-суретте
 келтірілген. Қысқаша 
айтқанда, ұзақ интерфаза кезінде гендер экспрессияланады 
және хромосомалар дупликацияланады және екі көшірме бір-
бірімен еншілес хроматидтер түрінде байланысып тұрады. Осы 
уақытта хромосомалар ұзарады және олардың хроматидтерінің 
көпшілігі ядрода ұзын жіпше түрінде болады және жақсы 
ажыратылмайды. Митоздың қысқа кезеңінде ғана әр хромосо-
ма конденсацияланады және екі еншілес хроматидтер еншілес 
клеткаларға тарайды. Бөлініп жатқан клеткаларда жоғары кон-
4.17-сурет. 
Эукариоттық клетка циклының қарапайым көрінісі. Интерфаза кезінде клетка өзінің ген-
дерін белсенді түрде экспрессиялайды және белоктарды синтездейді. Сонымен қатар, клетка бөлінуі-
не дейінгі интерфазада ДНҚ репликацияланады әр хромосома екі өте жақын орналасқан жұптасқан 
еншілес ДНҚ молекулаларын (еншілес хроматидтер деп аталады) түзу мақсатында дупликациялана-
ды. Тек аталық және аналық көшірмелері бар клетка ғана көрсетілген. ДНҚ репликациясы аяқталған-
нан кейін клетка М фазасына ене алады. Осы фазада митоз орын алады және ядро екі еншілес ядроға 
бөлінеді. Осы кезең барысында хромосомалар конденсацияланады, ядро қабығы ыдырайды және 
микротүтікшелер мен басқа белоктардан митотикалық ұршық түзіледі. Конденсацияланған митотика-
лық хромосомалар митотикалық ұршықпен ұсталады да, хромосомалардың бір жиынтығы клетканың 
бір шетіне тартылады. Ядролық қабық қайта түзіледі де, М фазаның соңғы 
кезеңінде клетка екіге бөлінеді. Клетка циклының басым бөлігі интерфаза-
да өтеді; М фаза көптеген сүтқоректілер клеткаларында шамамен 1 сағатқа 
ғана созылады.
4.18-сурет. 
Митотикалық хромосома. Митотикалық хромосома еншілес 
хроматидтер деп аталатын жаңа екі хромосома бір-бірімен байланыста 
болатын конденсацияланған дупликацияланған хромосома болып табыла-
ды. Жіңішке аудан центромера орнын көрсетеді (Terry D. Allen рұқсатымен 
қолданылды).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет