Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет208/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   330
227
4.15-сурет
Адам хромосомасында гендердің ұйымдасуы. (A) Адамның ең кішкентай 22-хромо-
сомасында 48 x 10
6
нуклеотидтер жұбынан тұрады және адам геномының шамамен 1,5% құрайды. 
22-хромосоманың сол иығы хроматиннің аса тығыз формасына (гетерохроматин) қапталған қысқа 
қайталмалы ДНҚ тізбектерінен тұрады. (Ә) 22-хромосоманың шамамен 40 генді көрсететін ауданы-
ның 10 есе үлкейтілген көрінісі. 
Күңгірт қоңыр түспен белгілі гендер, ал қызыл түспен болжалған гендер таңбаланған. (Б) Төр 
генді көрсететін (Ә) суретінің үлкейтілген көрінісі. (В) Келесі он еселік үлкейтілуден кейінгі қалыпты 
геннің интрон-экзондық ұйымдасуы. Әр экзон (қызыл) белок бөлігін кодтайды және интронның 
(сұр) ДНҚ тізбегі салыстырмалы түрде маңызды емес. Адам геномы (3,2 х 10
9
нуклеотидтер жұбы) 
біздің түріміздің генетикалық ақпаратының жиынтығы болып табылады. Біздің геномымыздың ша-
мамен барлығы 22 аутосома мен 2 жыныс хромосомасына таралады. Адам геномының өте аз бөлігі 
(16,569 нуклеотидтер жұбы – әр клеткада көптеген көшірмелер) митохондрияда кездеседі. Адам 
геномының тізбегі ядрода кездесетін 24 хромосома мен митохондриялық ДНҚ-ны қамтиды. Диплоид 
болғандықтан адамның соматикалық клеткаларының ядросында гаплоидты геномға қарағанда ДНҚ 
мөлшері екі есе көбірек болады немесе 6,4х10
9
нуклеотидтер жұбын құрайды (International Human 
Genome Sequencing Consortium, Nature 409: 860-921, 2001 көзінен Macmillan Publishers Ltd. рұқса-
тымен қолданылды).


228 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
4.16-сурет. 
Адам геномының ауқымы. Егер әр нуклеотид ара-
сында 1 мм қашықтық бойынша кескінделсе (А), адам геномы 
3200 км-ге созылар еді. Осы қашықтық адамның пайда болған 
(Ә-суретіндегі қызыл сызық) Африканың ортасын кесіп өтуге 
жеткілікті. Осы масштабта белок кодтайтын ген әр 150 м сайын 
орналасар еді, бірақ осы гендегі кодтайтын тізбек тек бірнеше 
метрге созылар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет