Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет212/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

4.20-сурет
).
4.20-сурет. 
Хроматин. Хроматин гистондық және гистондық емес белоктармен байланыстқан ДНҚ-
дан тұрады. Гистондық белоктар мен гистондық емес белоктар массалары шамамен бірдей болады, 
бірақ соңғы белоктар класы көптеген әртүрлі белок түрінен тұрады. Қорыта айтқанда, хромосома 
массасының шамамен үштен бірі ДНҚ және қалған бөлігі белоктар құрайды.


232 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
Гистондар хромосома қапталуының  нуклеосома атты бірінші және негізгі деңге- 
йіне жауапты. Интерфазадағы ядро ыдыратылып, электрондық микроскоп көмегімен 
хроматиннің диаметрі 30 нм құрайтын жіпше түрінде болатынын көруге болады 
(
4.21А-сурет
). Егер хроматинді оның фолдингін тудыратын агенттермен өңдесе, онда 
электрондық микроскопта оны «жіптегі түйршіктер» түрінде байқауға болады. Жіп – 
ДНҚ, ал түйіршік гистондарға оралған ДНҚ-дан тұратын «нуклеосоманың ядролық 
бөлшегі» болып табылады (
4.2-бейнефильм
). 
4.21-сурет. 
Электрондық микроскоп астындағы нуклеосомалар. (A) Интерфазалық ядродан тікелей 
бөлініп алынған хроматин электрондық микроскоп астында жуандығы 30 нм болатын жіп тәрізді 
болып көрінеді. (Ә) Осы электрондық микрография нуклеосоманы көрсету мақсатында тәжірибелік 
жолмен деконденсацияланған хроматиннің ұзындығын көрсетеді (A, Barbara Hamkalo рұқсатымен; Ә, 
Victoria Foe рұқсатымен қолданылды).
Нуклеосомалардың құрылымдық ұйымдасуы оларды хроматиннен айырып алған-
нан кейін анықталды. Ферменттермен өңделгеннен кейін нуклеосоманың ядролық 
бөлшектерінің арасындағы ДНҚ, линкерлік ДНҚ, ыдырайды. Нуклеосоманың ядролық 
бөлшегінің әрқайсысы сегіз гистон белогынан – екі Н2А, екі Н2В, екі Н3, екі Н4 және 
ұзындығы 147 нуклеотид жұбын құрайтын тізбектерден тұрады. Гистон октамері ДНҚ 
тізбегі оралатын белоктық ядро түзеді (
4.22-сурет
).
Екі нуклеосоманың ядролық бөлшегінің арасындағы линкер ДНҚ-ның ұзындығы 
әртүрлі болады: бірнеше нуклеотидтер жұбынан 80 нуклеотидтер жұбына дейін. Ор-
таша нуклеосоманың ядролық бөлшегі әр 200 нуклеотид сайын қайталанып отырады. 
Мысалы, 6,4*10
9
нуклеотидтер жұбы бар адамның диплоидты клеткасында, шамамен, 
30 миллион нуклеосома болады. 
Нуклеосоманың ядролық бөлшегі ДНҚ қалай қапталатынын көрсетеді
1997 жылы нуклеосоманың ядролық бөлшегінің құрылымы ашылды. Нәтижесінде оның 
диск тәрізді гистондық ядросын ДНҚ тізбегі 1,7 оралым құрып қоршайтындығы белгілі 
болды (
4.23-сурет
). Нуклеосоманың ядросын құрайтын 4 гистон, салыстырмалы түрде, 
кішкентай белоктар болып табылады (102-105 амин қышқылы) және оларда гистон-
ның фолд домені атты құрылымдық мотиві ортақ болады. Осы мотив екі ілмек көме-


ХРОМОСОМАЛЫҚ ДНҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ХРОМАТИН ЖІПШЕЛЕРІМЕН ҚАПТАЛУЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет