259 4.51-сурет. Drosophila сілекей безінің политендік хромосомалардың микрографиясы. (A) Хромосо-
ма бөлігінің жарық микрографиясы. ДНҚ флуоресценттік бояумен таңбаланған, бірақ кері бейнеде
ДНҚ ақ түске қарағанда қара түспен көрсетілген; айқын көрінетін жолақтар ДНҚ-ның жоғары концен-
трацияларын анықтайды. Хромосомалар жолақтар мен жолақ аралығын көрсету мақсатында жоғары
қысыммен өңделді. (Ә) Drosophila-ның политендік хромосомасының кіші ауданының микрография-
сы. Жолақ аралықтарымен бөлінген жуандығы әртүрлі болатын жолақтарды ажыратуға болады (A,
D.V Novikov, I. Kireev and A.S. Belmont, Nat. Methods 4: 483 485, 2007 көзінен Macmillan Publishers Ltd.
рұқсатымен қолданылды; Ә, Veikko Sorsa рұқсатымен қолданылды).
Drosophila -ның политендік хромосомалары хроматиннің үлкен ауқымда қалай ұйым-
дасатынын зерттеу үшін жақсы бастама бола алады. Алдыңғы бөлімде біз хроматиннің
әртүрлі формалары мен олардың әрқайсысында модификацияланған гистондардың
әртүрлі комбинацияларың болатындығын талқыладық. Осындай нуклеосомаларға жи-
налатын гистондық емес белоктардың арнайы жиынтықтары биологиялық функцияға
әртүрлі жолмен әсер етеді. Мұндай гистондық емес белоктарды тарту ДНҚ бойымен
өте алшақ жерге созыла алады. Құрылымы ұқсас болатын аудандар көршілес домендер-
ден бөгеттік белоктар арқылы ажыратылады. Көрсету қабілеті төмен микроскоп астын-
да интерфазалық хромосомалар құрамында гистондық емес белоктар жиынтығымен
ассоциацияланған нуклеосома модификациясынан тұратын хроматин құрылымының
мозаикасы ретінде қарастырыла алады. Политендік хромосомалар бізге жарық микро-
скопының астында домендердің мозаикасы мен гендер экспрессиясына байланысты
кейбір өзгерістерді бақылауға мүмкіншілік береді.
Хроматиннің көптеген формалары болады
Drosophila -ның политендік хромосомаларын антиденелермен немесе, соңғы кез-
де кең қолданылатын, хроматиннің иммунопреципитациясы (ChIP – chromatin
immunoprecipitation) атты әдістің көмегімен бояу арқылы хроматиндегі гистондық
және гистондық емес белоктардың организм геномының толық ДНҚ тізбегіндегі ор-
наласу картасын алуға болады. Drosophila-ға жасалған тәжірибелер негізінде 50-ден
астам әртүрлі хроматин белоктары мен гистондардың модификациялары анықталды.
Нәтижесінде мұндай организмде репрессивті хроматиннің негізгі үш түрі мен белсенді
түрде экспрессияланатын гендердегі негізгі екі хроматин түрі көптеп кездесетіні және