276 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
компактты геном қалыптасты. Сондықтан, геномы 400 миллион нуклеотидтер жұбынан
тұратын
Fugu геномы геномдық зерттеу жұмыстары үшін өте маңызды объект болып
табылады.
Біз кейбір көне геномдық
тізбектерді анықтай аламыз
Көне организмдердің геномдарын анықтауға болады, бірақ олардың көпшілігі нақты
анықталына алмайды. ДНҚ, басқа органикалық молекулаларға қарағанда, өте тұрақты,
бірақ тұрақтылығы мінсіз емес және оның, тіпті, ең қолайлы жағдайлардағы ыдырау
деңгейін
ескере отырып, біз жасы миллион жылдан асатын тасқа айналған орга-
низмдердің ДНҚ тізбектерін нақты анықтай алмаймыз. Мысалы, семсерқұйрық сияқты
заманауи организмдер өзінің 200 миллион жыл бұрын тіршілік еткен ататектеріне өте
ұқсас болғанымен, оның геномы 200 миллион жыл бойы өзгерістерге ұшырап келді.
Селекция, семсерқұйрықтың морфологиялық тұрақтылығын сақтау мақсатында, оның
геномындағы маңызды функционалдық қасиеттерді сақтаған шығар. Дегенмен, қазіргі
таңдағы әртүрлі организмдерді салыстырулар тазартқыш селекциясының нысанасы
болатын геном бөлігінің өте кішкентай екенін көрсетеді.
Қазіргі таңда аса көне емес материалдардан ДНҚ-ны бөліп алып, оны талдауға бар-
лық мүмкіндіктер бар. Жақында, заманауи әдістердің көмегімен, жасы 100000 жылдан
асатын көне сүйек бөлшектерінен бөліп алынған ДНҚ-ның тізбегін анықтау мүмкін-
шілігі пайда болды. Осы көне ДНҚ мінсіз күйде сақталмаса да, неандерталдықтардың
геномы ДНҚ-ның миллиондаған қысқа фрагменттерінен құрастырылғанын, ал
біздің
ататектеріміздің олармен Еуропада будандасқанын және қазіргі заманғы адамдардың
олардан спецификалық гендерді қабылдағаны анықталды (
4.72-сурет
). Адамдар мен
неандерталдықтар ДНҚ-ларының салыстырмалы талдануы
негізінде біздің ататек-
теріміздің, шамамен, 270000-440000 жылдар аралығында ажырағаны көрсетілді.
Ал одан да көне ататектердің геномдарын анықтау қалай іске асырылады? Генети-
калық тұрғыдан жақын болатын организмдер үшін бұл қиын емес: адам мен шимпанзе
тізбектерін біз горилламен салыстырамыз да, ортақ ататектен қабылданған гендерді
анықтаймыз. Ал, көптеген организмдердің ортақ ататегін анықтау мақсатында біз көп-
теген организмдер тізбектерін кездейсоқ түрде салыстыра отырып, көне тізбектердегі
ақпаратты ала аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: