274 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
Адам мен тышқанның толық геномдарын салыстыру
нәтижесінде ДНҚ тізбегінің
кіші блоктары жоғары жиілікпен геномдардан кесіліп алынғаны және геномға енгізіл-
гені анықталды. Егер біздің ататегіміздің геномы 3,2 миллард нуклеотидтер жұбынан
тұрған болса, онда 80 миллион жыл ішінде орын алатын
делециялар салдарынан
тышқан геномының, шамамен, 45%-ы, ал адам геномының 25%-ы жоғалар еді. Деген-
мен, хромосоманың кіші дупликациясы мен транспозондық элементтердің көбеюі осы
делецияларды қалпына келтірер еді. Нәтижесінде, біздің геномымыздың көлемі адам
мен тышқанның ортақ ататегі болған уақыттан бері өзгеріссіз келе жатыр, ал тышқан
геномының тізбегі, шамамен, 0,3 миллион нуклеотидтер жұбына қысқарақ келеді.
Эволюция барысында ДНҚ тізбектерінің кіші блоктарын жоғалтудың жақсы дәлелін
адам мен тышқан геномдарының синтения аудандарын салыстырудан алуға болады.
Осындай салыстырулардан тышқан геномының қысқаруын айқындау қиын болмайды
(
Достарыңызбен бөлісу: