Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет262/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

Орангутан мен адамның 3-хромо-
сомалары (4.9-мәселе). Әртүрлі түспен таңба-
ланған блоктар ДНҚ тізбектері бойынша гомо-
логты болып келетін хромосомалар сегменттерін 
белгілейді.


290 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
4.10
Диаметрі 30 нм болатын хроматин жіпшесінде әр 50 нм сайын 20 нуклеосома 
(әр 200 жұп негіз сайын 1 нуклеосома) болатынын болжай отырып, хроматин құрылы-
мының осы деңгейімен байланысты ДНҚ қапталуының дәрежесін есептеңіз. Митоз 
кезінде орын алатын 10000-еселік конденсацияның қай бөлігі ДНҚ қапталуының осын-
дай деңгейін көрсетеді?
4.11 
Әрқашан гендердің активациясымен байланысты гистондардың ацетильденуіне 
қарағанда гистондардың метильденуі гендердің активациясына немесе репрессиясына 
алып келеді. Сіз метильденудің әртүрлі биологиялық процестерді реттеуін қалай түсін-
діресіз?
4.12
Екі центромерасы (дицентрикалық) бар хромосома неге тұрақсыз болады? 
Екінші көмекші центромераның бар болуы хромосома үшін жақсы емес пе (себебі, екі 
центромера кинетохор құрылуын және митоз кезінде микротүтікшемен байланысу мүм-
кіншілігін екі есе арттырмады ма?)? 
4.13 М4.3-суреттегі
екі ашытқы колонияларына назар аударыңыз. Осы колонияның 
әрқайсысында бір клеткадан пайда болған, шамамен, 100000-дай клетка бар. Ade2 гені 
өзінің қалыпты хромосомалық ауданында экспрессияланған кезде ақ колония түзіледі. 
Ade2 гені теломераға жақын ауданға жылжыған кезде, ол гетерохроматинге қапталады, 
инактивацияланады және нәтижесінде, көбінесе, қызыл түсті колониялар түзіледі. Осы 
қызыл колониялардың ортасында ақ колониялар көрінеді. Қызыл және ақ аудандарда 
Ade2 гені теломера жанында орналасады. Қызыл колониялар сақинасында ақ коло-
ниялар түзілуін түсіндіріңіз. Бақыланған паттерндерге сүйене отырып, Ade2 генінің 
транскрипциялық күйінің аналық клеткалардан еншілес клеткаларға таралуы туралы 
не тұжырымдай аласыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет