286 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
болжай алады. Осындай ақпараттан көне адамдардың миграциясын картаға түсіруге бо-
лады. Мысалы, осындай генетикалық талдау нәтижелерін археологиялық жаңалықтар-
мен біріктіре отырып, зерттеушілер біздің ататектеріміз Африкадан 60000 және 80000
жылдар аралығында кеткен кездегі маршруттарын болжауға болады (
4.79-сурет
).
4.79-сурет.
Геномдық тізбектерді талдау арқылы адам тарихының бағытын анықтау. Карта
адамдардың ең ежелгі сәтті миграцияларының бағытын көрсетеді. Нүктелі сызықтар біздің ататек-
теріміздің Африкадан шыққан альтернативтік екі бағытты көрсетеді. ДНҚ тізбектерінің салыстырылуы
бойынша Еуропалықтардың 30000-50000 жыл бұрын мекен еткен кіші
ататек популяциясынан да-
мығандығын болжайды. Археологиялық жаңалықтар заманауи жергілікті Австралиялықтардың (
жуан
қызыл нұсқаулар) ататектері және заманауи Еуропалықтар мен таяу
шығыс популяциялары өзінің
белгіленген аймақтарына шамамен 45000 жыл бұрын жеткенін болжайды. Қазіргі таңдағы адамдар
мен неандерталдықтар және оңтүстік Сібірдегі көне халқының (денисовтер) геномдық тізбектерінің
салыстырылуына іске асырылған жақындағы зерттеулер біздің Африкадан қоныс аударуымыздың
бұралаң түрде жүргенін дәлелдейді.
Сонымен қатар, біздің ататектеріміздің осы гоминидтермен
будандасқанын көрсетті (P. Forster and S. Matsumura,
Science 308: 965-966, 2005
көзінен өзгертіліп
алынды).
Біз назарымызды бір генде орын алатын мутацияларға бұрғанымызбен, олар түр-
ліліктің жалғыз көзі бола алмайды. Түрліліктің басқа көзі, тіпті одан да маңызды, адам
ДНҚ-сындағы үлкен блоктардың көптеген дупликациялары мен делециялары болып
табылады. Жеке адамның дерекқордағы референстік
геномымен салыстырған кезде
тізбектер блоктарының қосылуы мен жойылуының 100-ге жуық айырмашылықтарын
табуға болады. Осындай
варианттардың көшірме саны (
copy number variations –
Достарыңызбен бөлісу: