Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет293/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

5.33-сурет
). Теломеразаның ферменттік бөлігі, 
РНҚ матрицасынан ДНҚ тізбегін синтездейтін, кері транскриптазалар атты фермент-
терге ұқсас болады. Ата-аналық ДНҚ ұзарғаннан кейін қалыңқы тізбектің репликация-
сы ДНҚ полимеразасымен аяқталады (
5.34-сурет
). 
5.33-сурет. 
Теломераза бөлігінің құрылымы. Tеломераза үлкен белок-РНҚ кешені бо-
лып табылады. РНҚ-да (көк) жаңа теломерлік ДНҚ қайталымының синтезіне қажет-
ті матрицалық тізбек болады. Синтезделу реакциясы белоктың кері транскриптазалық 
(жасыл) доменімен іске асырылады. Кері транскриптаза ДНҚ тізбегін синтездеу үшін 
матрица ретінде РНҚ-ны пайдаланатын полимеразаның арнайы формасы болып табылады; тело-
мераза өзінің РНҚ-матрицасын өзімен бірге тасымалдайтын қайталанбас фермент болып табылады. 
Осыған қоса, теломераза құрамында оның хромосома ұшында жиналуына қажетті қосымша белок-
тық домендер (суретте көрсетілмеген) болады (J. Lingner and T.R. Cech, Curr.Opin.Genet. Dev. 8: 226-
232, 1998 көзінен Elsevier рұқсатымен өзгертіліп алынды).


324 5-тарау. ДНҚ репликациясы, репарациясы және рекомбинациясы
5.34-сурет. 
Teломера репликациясы. Осы суретте көрсетілген реакцияда әртүрлі эукариоттық орга-
низмдердің хромосома ұштарын (теломералар) қалыптастыратын қайталмалы тізбектер синтезде-
леді. Ата-аналық ДНҚ-ның 3’-ұшы матрицасы РНҚ болатын ДНҚ синтезімен ұзарады; осының арқа-
сында теломерамен жұптасқан толық емес еншілес ДНҚ тізбегінің 5’-бағыттағы ұзаруына мүмкіншілік 
пайда болады. Толық емес қалыңқы тізбек құрамына суббөлік ретінде ДНҚ праймаза кіретін ДНҚ 
полимераза α-мен толықтырылады деп болжалуда. Суретте осы реакциялар тұңғыш рет анықталған 
Tetrahymena
инфузориясының теломерасы көрсетілген.
Теломералар хромосома ұштарын сақтайтын арнайы құрылымдарға қапталған
Хромосомалардың ұштары клеткада қосымша мәселе тудырады. Хромосомалар кездей-
соқ төтенше жағдайда үзілсе, ол тез арада репарациялық жүйемен түзетіледі. Теломе-
ралар осы жағдайлардан ерекшеленуі қажет; себебі теломералардың «репарациялау» 
жағдайы хромосомалардың құйылысуы мен басқа генетикалық ауытқулар тудыра ала-
ды. Теломераларда осы жағдайды болдыртпайтын қасиеттері болады.
Маманданған нуклеаза теломераның 5’-ұшын өзгертеді де, біртізбекті ұшын қалды-
рады. Теломераның шығып тұрған ұшы, ГГГТТА тізбегімен бірге, шелтерин  атты хро-
мосома ұшын қорғайтын белоктар топтарын тартады. Шелтерин белогы теломераны 
клетканың зақымдарды іздеу жүйесінен «жасырады». Адам теломерасын электрондық 
микроскоп астында бақылаған кезде оның «t-ілмекті» түзететіні байқалады. Осы ілмек-
тегі шығып тұрған ұш қайырылады да, өз-өзімен ДНҚ дуплексін түзеді (
5.35-сурет
). 
Теломераның ұзындығы клеткамен және организммен реттеледі
Әр теломераны ұзартатын және қысқартатын процестер шамалы түрде тепе-тең болған-
дықтан, әр хромосомадағы теломералық қайталмалы тізбектер саны әртүрлі болады. 
Көптеген клеткаларда осы қайталмалы тізбектердің санын шектеулі дәрежеде ұстайтын 
гомеостатикалық механизмдер болады (
5.36-сурет
).


ХРОМОСОМАЛАРДА ДНҚ РЕПЛИКАЦИЯСЫНЫҢ ИНИЦИАЦИЯСЫ МЕН ОНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет