350 5-тарау.ДНҚ репликациясы, репарациясы және рекомбинациясы
5.59-сурет. Мисматч түзетілуі қоздыратын ген конверсиясы. Осы процесте гетеродуплекстік ДНҚ аталық және аналық
хромосомалар арасындағы гомологты рекомбинация сайт-
тарында түзіледі. Егер аталық және аналық ДНҚ тізбектері аз
ғана ерекшеленетін болса, гетеродуплекс ауданына кейбір
мисматч жұп негіздері кіреді және олар ДНҚ мисматч репара-
циялық механизмі көмегімен репарациялана алынады. Осын-
дай репарация нуклеотидті аталық немесе аналық тізбектен
“өшіре” алады. Осы мисматч репарациясының салдарынан
қалыпты мейоз кезінде жүретін аналық және аталық аллель-
дерінің бірдей көшірмелерінің сегрегациясынан ауытқу ретін-
де танылатын ген конверсиясы орын алады.
Қорытынды
Гомологты рекомбинация бірдей немесе өте ұқсас дуплексті ДНҚ молекулалар жұбы арасындағы ДНҚ тізбектерінің алмасуын іске асыратын реакциялар жиынтығын анықтайды. Барлық клеткаларда бұл механизм хромосомалардың қостізбекті үзіліс- тері мен бұзылған немесе тоқтап қалған репликативтік айырлардың қатесіз репа- рациялануы үшін өте маңызды. Сонымен қатар, гомологты рекомбинация хромосо- малардың, мейоз кезінде орын алатын, кроссинговеріне жауапты болады. Гомологты рекомбинация бірнеше жолмен іске аса алады, бірақ тізбек алмасуы кезеңі барлық жол- дар үшін ортақ келеді. Осы процесте бір ДНҚ дуплексінің бір тізбегі екінші дуплек- стегі басқа тізбекпен алмасады. Бұл реакция RecA/Rad51 белоктар туыстастығының қатысуымен катализденеді. Репарациялық механизм ретінде қолданған кезде гомологты рекомбинация зақымданған ДНҚ мен оның жаңа ғана дупликацияланған еншілес молекуласы арасын- да жүреді және зақымданбаған дуплекс матрица қызметін атқарады. Мейоз кезінде гомологты рекомбинация күрделі, қатаң түрде реттелетін қостіз- бекті үзілістермен инициацияланады және бұл процесс гомологты хромосомалар ара- сында орын алады. Нәтижесінде кроссоверден өткен екі хромосома немесе кроссовер емес хромосомалар түзіледі. ТРАНСПОЗИЦИЯ ЖӘНЕ САЙТ-СПЕЦИФИКАЛЫҚ РЕКОМБИНАЦИЯ
Біз гомологты рекомбинацияның хромосомалар арасында ДНҚ тізбектерінің алмасуы-
на әкеле алатындығын көрдік. Дегенмен, әрекеттесетін хромосомалардағы гендер реті
өзгермейді, себебі тізбектері алмасатын хромосомалардың тізбектері өте ұқсас болуы
тиіс. Осы бөлімде біз рекомбинацияның екі әртүрлі түрін – транспозиция (сонымен
қатар транспозициялық рекомбинация деп аталады) мен консервативтік сайт-специ-