Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


(аталық гомологтың ДНҚ тізбегінің аналық гомологтың тізбегімен жұптасқан ауданы)  қалдырып отырады ( 5.58-сурет



Pdf көрінісі
бет313/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   330
349
(аталық гомологтың ДНҚ тізбегінің аналық гомологтың тізбегімен жұптасқан ауданы) 
қалдырып отырады (
5.58-сурет
). Осы гетеродуплекстік аудан бірнеше жұптаспаған не-
гіздерге төзімді бола алады, себебі олар тармақ миграциясының әсерінен бірнеше мың 
нуклеотидтерге созылады. Мейоз кезінде кроссовер емес жағдайлардың көпшілігі жы-
ныс клеткаларында шашыраңқы сайттар тудырады және осы сайттарда бір гомологтың 
қысқа ДНҚ тізбектері екінші гомологқа енгізіледі. Гетеродуплекстік аудан мүмкін бо-
латын гендер конверсия сайттарын таңбалайды. Осы сайттарда мейоздан пайда болған 
төрт гаплоидты хромосомада бір гомологты ДНҚ тізбегінің үш және басқа гомологтың 
бір көшірмесі болады. 
5.58-сурет. 
Мейоз кезінде түзілетін гетеродуплекстер. Гетеродуплекстік ДНҚ кроссоверлер немесе 
кроссоверлер емес түзетін рекомбинациялық сайттарда орын алады. Аналық және аталық хромосо-
маларының ДНҚ тізбектері көптеген аудандарда ерекшеленетіндіктен, гетеродуплекстер құрамында 
жиі жағдайда жұп негіздік мисматчтардың аз саны болады.
Гомологты рекомбинация, жиі жағдайда, гендер конверсиясын тудырады
Жыныстық жолмен көбейетін организмдерде фундаменталды заң бар – митохондрия- 
лық ДНҚ-дан басқа (ол аналық клеткадан келеді) ата-ананың әрқайсысының генетика-
лық үлесі бірдей болады. Ядролық гендердің бір жиынтығы аталық және бір жиынтығы 
аналық организмдерден беріледі. Осы заң мейоз кезінде іске асырылады. Ата-аналық 
диплоидты клетка төрт гаплоидты жыныс клеткасын түзу мақсатында мейозға ұшы-
раған кезде осы төрт клеткаға берілетін гендердің жартысы аналық және жартысы 
аталық гендері болуы тиіс. Кейбір организмдерде (мысалы, саңырауқұлақ) бір клетка-
ның мейозінен түзілетін толық төрт галоидты клеткаларын талдауға болады. Осындай 
организмдерге жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде генетикалық заңдылықтарға қай-
шы келетін сирек жағдайлардың орын алатындығы байқалды. Мысалы, мейоз кезінде 
аналықтың үш көшірмесі мен аталықтың бір көшірмесі түзіле алады. Бірдей геннің аль-
тернативті түрлері аллельдер деп аталады және олардың мейоз кезіндегі таралуының 
айырмашылықтары гендер конверсиясы деп аталады. 
Гендер конверсиясын клеткадағы бірнеше жолдар тудыра алады, бірақ олардың 
ішіндегі ең маңыздысы мейоз кезіндегі рекомбинацияның белгілі бір салдарынан орын 
алады. Егер гетеродуплексті ауданды қалыптастыратын екі тізбектің жұптасатын ау-
дандары болмаса,онда мисматч жұптары түзіледі және олар, әдетте, репарацияланады. 
Дегенмен, мисматчтық репарациялық жүйе аталық және аналық тізбектер арасында 
таңдай алмайды және бір аллель жоғалады, ал екіншісі дупликацияланады (
5.59-сурет
). 
Нәтижесінде геннің бір аллелі конверсияланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет