Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет315/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   330
фикалық рекомбинацияны қарастырамыз. Осы екі жол ДНҚ аудандарының гомоло-
гиясын қажет етпейді, сондықтан олар гендердің хромосомадағы ретін өзгерте алады 
және мутациялардың қалыпсыз түрлерін тудыра алады.


ТРАНСПОЗИЦИЯ ЖӘНЕ САЙТ-СПЕЦИФИКАЛЫҚ РЕКОМБИНАЦИЯ
351
Транспозиция мен консервативтік сайт-спецификалық рекомбинация ДНҚ-ның 
арнайы сегменттерінің кең түрлерінің – мобильдік элементтер – жылжуына немесе 
орнын ауыстыруға бағытталған. Біз мобильдік генетикалық элементтердің ұзындықта-
рының бірнеше жүзден ондаған мың нуклеотидтер жұбына дейін болатындығын және 
әр элементтің әртүрлі гендер жиынтығын тасымалдайтынын көреміз. Көп жағдайда осы 
гендердің біреуі тек осы элементтің тасымалын катализдейтін ферментті кодтайды.
Болжау бойынша барлық клеткаларда мобильдік генетикалық элементтер болады. 
4-тарауда біз олардың заманауи геномдардың қалыптасуына қосқан үлесін талқылаған-
быз. Мысалы, адам геномының, шамамен, жартысында осы элементтердің іздері бола-
ды. Уақыт өткен сайын, кездейсоқ мутациялардың әсерінен, осы элементтердің басым 
бөлігі өзгерді және олардың тек аз ғана бөлігі қазіргі таңда біздің геномымызда белсенді 
түрде сақталған. 
Мобильдік генетикалық элементтер, жиі жағдайда, паразиттер ретінде танылады. 
Дегенмен, мобильдік ДНҚ элементтері клетка үшін пайдалы бола алады. Мысалы, 
артықшылық беретін гендер. Сонымен қатар, мобильдік генетикалық элементтер эво-
люцияға тәуелді болатын генетикалық варианттарды түзеді. 
Осы бөлімде біз мобильдік генетикалық элементтер мен олардың тасымалының 
механизмдерін қарастырамызмыз. Талқылауды біз транспозициядан бастаймыз, себебі 
оның зерттелген мысалдарын көптеп кездестіруге болады.
Транспозиция көмегімен мобильдік генетикалық элементтер кез келген ДНҚ 
тізбегіне ене алады
Транспозиция көмегімен тасымалданатын мобильдік элементтер транспозондар немесе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет