ЭУКАРИОТТАРДАҒЫ ГЕНЕТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
35
1.32-сурет.
Геномдар мөлшерлерінің салыстырмасы. Геном көлемдері
әр гаплоидты геномға
шаққандағы нуклеотидтер жұбымен есептелді (жынысты долмен көбейетін организмдердің геномы
диплоидты: оларда геномның екі көшірмесі болады, бір жартысы алық, екіншісі аналық организмнен
келеді). Туыстас организмдерде функционалдық гендер саны ұқсас болса да, олар геномдарындағы
ДНҚ мөлшері бойынша әртүрлі бола алады (W.H. Li, Molecular Evolution, pp. 380-383. Sunderland, MA:
Sinauer, 1997 көзінен алынған).
1.2-КЕСТЕ.
Кейбір модельді организмдер мен олардың геномдары
Организм
Геном көлемі*
(нуклеотидтер жұбы)
Гендердің бол-
жалмалы саны
Escherichia coli
(бактерия)
4.6 x 10
6
4300
Saccharomyces cerevisiae
(ашытқы)
13 x 10
6
6600
Caenorhabditis elegans
(нематода)
130 x 10
6
21000
Arabidopsis thaliana
(өсімдік)
220 x 10
6
29000
Drosophila melanogaster
(жеміс шіркейі)
200 x 10
6
15000
Danio rerio
(данио балығы)
1400 x 10
6
32000
Mus musculus
(тышқан)
2800 x 10
6
30000
Homo sapiens
(адам)
3200 x 10
6
30000
* Геном көлеміне геномдық дерекқордағы жоқ жоғары деңгейде қайталанатын ДНҚ тізбектері
кіреді
Эукариоттық
геномдар реттегіш ДНҚ-ға бай
Кодтамайтын ДНҚ-ның көп бөлігі ескі қағаздар сияқты
сақталатын керексіз қоқыс
сияқты, себебі керекті ақпаратты қалдырып және қалғанын тастаудан барлық ақпарат-
ты сақтау оңайырақ болып келеді. Фугу балығы сияқты кейбір ерекше эукариоттар өз-
дерінің туыстастарының бейберекеттігінің куәсі болып отыр; олар үлкен көлемді кодта-
майтын ДНҚ-дан арыла білді. Дегенмен, осы балық осындай кодтамайтын ДНҚ-сы бар
туыстары сияқты құрылым, пішін, әрекет пен ұқсастық көрсетеді (4.71-суретті қара).
Тіпті фугу балығы сияқты кіші геномды организмде кодтамайтын ДНҚ көлемі код-