Молодой учёный



Pdf көрінісі
бет10/15
Дата12.03.2017
өлшемі2,39 Mb.
#8780
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

47

“Young Scientist”   #7.1 (87.1)   April 2015

сайын сәуірде өткізілетін студенттердің конференция-

сында баяндалады. Үздік «студенттік» жұмыстар жоғары 

оқу орындары студенттерінің конференциясына ұсы-

нылады, ал бұл кезеңнен үздік деп танылған жұмыс ай-

мақтық, республикалық байқауларға жіберіледі.

Ғылыми зерттеуге қатыса отырып, студент алған білім-

дерін бекітеді, толықтырады және оны жоғары сатыға кө-

тереді. Олар өз бетімен жұмыс жасаудың әдістерін мең-

гереді, ғылыми эксперименттің техникасын игереді, оның 

қорытындысын түсінікті әдіспен өңдеуді жүргізеді және 

алынған мәліметтерден қорытынды жасайды. Сонымен, 

ғылыми-зерттеу жұмыстары аясындағы білім, білік, дағды 

болашақ мамандарды дайындаудың іргетасы болып табы-

лады және жеке тұлғаның дамуында маңызды орын алады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі 

ұйымдастырылып жүргізілетін тиімді түрлеріне:

 

— оқу жоспары негізіндегі оқу-зерттеу жұмысы;



 

— ғылыми зерттеу жұмыстарының кей мәселелерін 

(элементтерін) жүргізілетін дәрістерге қосу;

 

— ғылыми бөліктерден немесе толықтай ғылыми зерт-



теуден тұратын дипломдық жұмыстар;

 

— оқытушылардың нақты жетекшілігімен белгілі бір 



ауқымды мәселелерді шешудегі студенттердің өзіндік 

зерттеу жұмыстары;

 

— ғылыми-зерттеу жұмыстарын іс-тәжірибелерге 



қосу;

 

— берілген тақырыпқа байланысты орындалатын 



ғылыми реферат жұмыстары;

 

— студенттердің ғылыми үйірмелері;



 

— белгілі бір мәселе төңірегінде жинақталған сту-

денттік ғылыми топтар немесе лабораториялық не басқа 

да шығармашылық бірлестіктер.

 

— студенттердің әр түрлі деңгейлерде өткізілетін ай-



тулы іс-шараларға қатыстырылуы (оқу орнындагі, ЖО-

О-дағы, аймақтық, республикалық, халықаралық).

Мұндай іс-шаралар студенттердің ғылыми-зерттеу жұ-

мыстарының жүйесін тұрақты дамытуға, сондай-ақ әрбір 

студенттің шығармашылық деңгейін арттыруға септігін 

тигізеді. Оларға қатыстылар:

 

— Ғылыми-зерттеу жұмыстарына қабілеті бар сту-



денттерден жинақталған топтарға арнайы өткізілетін дәрі-

стер;


 

— Барлық оқу жоспарларына «Ғылыми зерттеулердің 

негізі» атты курстарды ендіре отырып, студенттердің 

өзіндік ғылыми жұмыстарының өз қабілеті шеңберінде 

орындалуын, жаңаша ғылыми жұмыстарының, ғылыми 

зерттеу жұмыстарының зерттеу әдіс-тәсілдерімен танысу;

 

— Түрлі ақпарат көздері негізінде студенттерді ғылы-



ми-техникалық мәліметтермен қамтамасыз ету;

 

— Студенттердің түрлі жаңашыл ғылыми ізденістерге 



қатысуын қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмы-

старымен айналысуы үшін нақты ережелер де қарастыры-

лады.


Студенттердің ғылыми-зерттеу әрекеті үдерісі және 

нәтижелері туралы теориялық білімін жүйелеу және да-

мыту кезеңі қандай да бір білім саласында зерттеу жүргізу 

әдіснамасы және әдістемесі мәселелері бойынша білімді 

қалыптастыруға бағытталды.

Жоғарыда талданып отырған мәселе күрделі болған-

дықтан, оның барлық салаларын терең қамту мүмкін 

емес. Студенттердің ғылыми-зерттеу әрекетін оқу орын-

дарында қалыптастыру сияқты мәселенің айқындалған 

жақтары келешекте білім беретін оқу орны мен маман-

дықтың ерекшеліктерін есепке ала отырып студенттердің, 

болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу жұмысына дай-

ындығын жүйелі жүзеге асыру, орта мектепте бейіндік 

оқытуда жоғары сынып оқушыларын ғылыми-зерттеу жұ-

мысына дайындау бағытындағы мәселелерді зерттеуге 

негіз бола алады деп есептейміз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.  Демченко, З. А. Научно-исследовательская школа студента исследователя/ З. А. Демченко // Высшее образо-

вание в России, 2010. — № 12. — С. 155–158.

2.  Труувяли Э. Ю. В. Студенческая научная работа и ее исследование. — материалы научно-методич. конфе-

ренции «Проблемы педагогики высшей школы». — Тарту: ТГУ, 1972, с. 80–82.

3.  Бережнова Е. В. Основы учебно-исследовательской деятельности студентов: Учебник для студ. сред. пед. учеб. 

заведений / Е. В. Бережнова, В. В. Краевский. — М.: Издательский центр Академия, 2005. — 128с.

4.  Петрова С. А. Основы исследовательской деятельности: Учебное пособие / С. А. Петрова, И. А. Ясинская. — 

М.: ФОРУМ, 2010. — 208с. — (Профессиональное образование)


48

«Молодой учёный»  .  № 7.1 (87.1)   .  Апрель, 2015  г.



Цитология курсында студенттерге химиялық білім берудің негізгі түсініктері

Ибадуллаева Салтанат Жарылкасыновна, биология ғылымдарының докторы, профессор;

Нургалиева Айнур Алихановна, «Биология» мамандығының докторанты;

Раманова Ляззат, «Биология» мамандығының магистранты.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Ж

оғары оқу орындарында «Цитология» курсын оқыту 



бағдарламасы бойынша цитологиядан дәрістік курс, 

сарамандық және зертханалық сабақтар өткізіледі, кур-

стық және диплом жұмыстары орындалады, бірақ осы 

оқыту формалары арқылы теориялық материал беріліп, 

химиялық білім беруге баса назар аударылмайды. Ғылыми 

әдістемелік құралдарға, әдебиеттерге талдау жасағанда да, 

жоғарғы оқу орындарында цитология курсын оқыту үрдісі 

арқылы студенттерге химиялық білім беру республика-

мызда толығынан қарастылмағаны байқалады [1].

Жасуша мен оны қоршаған ортаның арасында жақсы 

көрінетін шек болады. Бұл шек жасушаның плазмалық 

мембранасы. Плазамалық мембрана жасушаның көлемін 

анықтайды, жасушаның құрамы мен қоршаған ортаның 

арасындағы ерекшелікті сақтауды қамтамасыз етеді. Ол 

жоғары іріктегіш сүзгі бола отырып, заттың жасушаға 

және одан тасымалдануын қамтамасыз етеді. Одан басқа, 

сыртқы сигналдарды қабылдайды, жасушалардың жабы-

суына, адгезиясына қатысады [2].

Өсімдіктердің өзінен сыртқа қарайтын плазмалық 

мембранасы жасуша қабығын немесе жасушаның сыртқы 

қабатын білдіретін қабырғасын қалыптастырады. Плаз-

малық мембрана орындайтын әртүрлі функциялар және 

оның құрылымы күрделенген кезде пайда болатын екінші 

түзілімдерінің маңызы зор.

Ішкі жасуша құрылымдары екі негізгі компонентті, 

оған енгізілген органнеллалары немесе органоидтары 

бар цитоплазманы және жасуша ядросын қамтиды. Эу-

кариоттық жасушалардың цитоплазмасының құрылысы 

әртүрлі. Ол жасуша органнеллалары қалыптасатын ішкі 

мембраналар жүйесін қамтиды. Мембраналар эндоплаз-

малық тор немесе жасушаның негізгі заттары синтезде-

летін эндоплазмалық ретикулумды, Гольджи аппаратын, 

лизосомалар мен пероксисомалар, митохондриялар және 

пластидтерді құрайды. Жасуша органнеллаларының тек 

біршама бөлігі ғана мембраналық емес болып саналады: 

жасушаның ортасы, рибосомалар, майда түтіктер және 

микрофилменттер. Барлық органннелаларынан айрылған 

цитоплазманы гиоплазма немесе цитолез деп атайды [3].

Тасымалдау функциясы жасушадағы рН оңтайлы 

көлемін қамтамасыз ету және ферменттердің тиімді 

жұмыс жасауына қажетті тиісті иондық концентрацияны 

қамтамасыз ету, өзінің ақуыздарын синтездеуге шикізат 

және энергия көзі болып табылатын қорек заттарды жет-

кізуді, метаболизмнің зиянды заттарын (көміртек қос то-

тығы, сутегінің пероксиді, аммиак, ерімейтін тұздар т. б.) 

және гармондарды, медиаторларды, биологиялық бел-

сенді заттарды шығаруға, мембрананың беттерінің электр 

өткізгіштігіне қажетті иондық градиент жасау, жүйке қыз-

метін жүзеге асыру қажеттілігінен туындаған. Заттар жа-

сушаға түседі және одан әртүрлі тәсілдермен шығары-

лады: диффузия, осмос, фагоцитоз, т. б.

Диффузия — жоғары концентрациялы аймақтан 

төмен концентрациялы аймаққа диффузиялық градиент 

бойынша заттардың мембраналар арқылы жасушаға 

түсуі. Кейбір газдар тез диффузияланады; иондар және 

полярлық молекулалар (глюкоза, амин қышқылы, май 

қышқылдары және глицерол) — баяу диффузияланады. 

Мембрана арқылы зарядталмаған және майда еритін мо-

лекулалар өтеді.

Осмос — су молекуласының гипотониялық ерітін-

діден гипертониялық ерітіндіге концентрация градиенті 

бойынша өтуі. Гипо және гипертониялық ерітінді кейде 

эритроциттердің пикнозын туындатады, кей жағдайда 

олардың гемолизін тудырады, бірақ екі жағдайда да шок 

туындатады. Сондықтан тамыр арқылы тек изотониялық 

ерітінділерді салуға болады [4].

Фагоцитоз, эндоцитоз және экзоцитоз-олар арқылы 

әртүрлі заттар мембрана арқылы жасушаға және одан та-

сымалданатын белсенді процестер.

Эндоцитоз — майда органикаалық бөлшектердің 

сіңіру процесі. Бұл жағдайда сіңірілетін субстарттың жа-

сушамен байланысатын жерінде плазмалық мембранадан 

босап, бастапқы лизосомамен қосылатын эндоцитозды 

көбік пайда болады. Қосылу нәтижесінде субстрат қоры-

тылатын екінші лизосома пайда болады.

Пиноцитоз бұл молекула деңгейінде жүретін сұйық ат-

тардың сіңіру процесі. Осы тәсіл арқылы жасушалар суда 

еріген оттекті жұтады. Және көміртек диоксидін, медиа-

торларды және басқа да заттарды шығарады [5].

Экзоцитоз-мембранаға салынған заттарды жасушадан 

сыртқа шығару процесі. Осылайша, экскреция өнімдері 

ғана емес, жасушаның жасайтын секреторлық түйіршік-

тері тасымалданады, ас қорыту вакуольдерінен қорытыл-

маған астар, фаголизосомалардың қалдықтары, миеленді 

денешіктер шығарылады.

Плазмолемманың астындағы гиалоплазманың перифе-

риялық қабатында плазмалық мембрананы микрофила-

менттер, микротүтіктер және аралық филаменттердің жүй-

есімен бұрын көрсетілген цитоқаңқамен байланыстыратын 

беткі аппараттың субмембраналық бөлігі орналасқан.

Аталған функциялардан басқа плазмолемма жасуша-

ралық байланыстарды құрауға қатысады.

Функционалдық маңызы бойынша жасушаралық бай-

ланыстарды келесі типтерге бөлуге болады: оқшаулаушы, 

механикалық, химиялық, электрлік;


49

“Young Scientist”   #7.1 (87.1)   April 2015

Морфологиялық белгілері бойынша: қарапайым, 

тығыз, адгезивті белдіктерге, десмосомаларға тесік 

тәрізділерге және құлып типі бойынша байланыстарды 

нейронаралық синапстарға бөледі.

Осындай кең ауқымда қолданылатын цитология ғылы-

мының мәселелерін оқыту барысында химиялық білім 

берідің де маңызы мен мәні зор.

Сондықтан студенттерге химиялық білім беру үшін ци-

тологиялық және химиялық ұғымдары арқылы цитология 

курсын оқыту үрдісіндегі химиялық білім беру құрылымын 

жасау маңызды. Мысалы, химия курсындағы алғашқы 

тақырыптардың бірі — «Көмірсутектер». Көмірсутек-

тердің қарапайым өкілі-метан. Метан-химиялық түсінік. 

Теорияның мазмұнына кіріктірілген табиғат қорғау мәсе-

лелеріне көңіл аудара отырып, студенттерді метан, метан 

гомолгтарының қасиеттерімен, алу жолдарымен, қолда-

нылуымен таныстырумен қатар, ол заттарды алу техноло-

гиясының, тасымалдаудың кемшіліктеріне, соның салда-

рынан ауаның, судың, топырақтың ластануына аса назар 

аударылады.

Көмірсутектерді тотықтыратын бактериялар бір жылда 

шамамен 15,2·10

7

тоннасын ыдыратып, қоршаған ор-



таға — көмірқышқыл газы түзеді:

2

3



4

CO

HCOOH



HCOH

OH

CH



СН



 



.

Цитологияға енгізу шарасы: метанды өнеркәсіпте қал-

дықсыз технология әдісі бойынша хлорлау арқылы орга-

никалық синтездің шикізаты — хлорметан алады:

HCI

CI

CH



СI

СН

3



hv

2

4



+

→



+

 

,



O

H

CI



2CH

2HCI


O

2CH


2

3

kat



2

4

+



→

+



+

 

.



Ұғымдарды қалыптастару барысында студенттердің ауада 

метанның жиналуына, оларға жол бермейтін бактериялардың 

табиғаттағы рөліне және көмірқышқыл газының түзілуіне, со-

дай-ақ студенттерде биосферадағы метанның кері әсері ту-

ралы, табиғат тепе-теңдігі туралы ұғым қалыптасады.

Осыған орай химия өндірісінің екі жақтылық ұғымының 

рөлі дамытылып, тереңдетіліп отырады. Біріншіден, 

қоғамға, халық шаруашылығына қажет органикалық 

заттар өндіру болса, екіншіден — өндіріс қалдықтарымен 

табиғатты ластау болып табылады. Оқыту кезеңінің 

мақсаты химиялық, химиялық және табиғатты қорғау 

ұғымдарын дамыту, тереңдету болып есептеледі.

Студенттерге химиялық білім беру, олардың цитология 

ғылымымен бірлігін терең сезінетін, оның міндеттері мен 

мақсаттарының өз маңыздылығын бүгінгі таңда жоймай, 

қайта одан әрі көкейкестілігімен сипатталуда.

Сондықтан жоғары оқу орындарында цитология 

курсын оқыту үрдісіндегі химиялық білім беруге қатысты 

ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге толық талдау жасап, әр 

тақырыпты өз алдына зерттеу, химиялық білімді қалыпта-

стырумен қатар әр студенттің жан-жақты жетілуіне, цито-

логия курсында химиялық білім алып, ізгілікті іс-әректін 

жүзеге асыруға жеке тұлғалық сапаны, химиялық сана-

лылықты меңгеруіне мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.  Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.

2.  Верещагина В. А. «Основы общей цитологии» Москва, 2007.

3.  А. Мырзабайұлы Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы, «Білім» 2004ж.

4.  Oқу орындарында зертханалық жұмыстарды пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру //Қазақстан мек-

тебі. — Алматы, 2010. —№ 7. — Б.24–30.

5.  Зайцев О. С. Методика обучения химии: Теоретический и прикладной аспекты: учеб. Для студ. Высш. Учеб. За-

ведений. — М.: Владос, 1999. — 384с.



Организмнің ішкі ортасы мен тамырлар жүйесінің эволюциясы

Курманбаев Рахат Хамитович, биология ғылымдарының кандидаты;

Оспанова Гулжазира Карсакбаевна, биология магистрі;

Жолдыбаева Г. А., магистрант

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

О

рганизмнің ішкі ортасы терминін француз физио-



логы Клод Бернар ұсынды. Бұл түсінік, организмнің 

зат алмасу процесіне қатысатын барлық сұйықтықтарды 

қамтиды. Олар: қан, лимфа, ұлпа (клеткааралық), 

плевральдық т. б. [1].

Көпжасушалылардың клеткалық элементтерінің 

басым бөлігі тікелей сыртқы ортамен байланыспайды. 

Қарапайымдыларда, мысалы губкаларда, эволюция бары-

сында денесінен суды өткізетін арнайы каналдар қалып-

тасқан.

Келесі кезеңде ішекқуыстылар және төменгі саты-



дағы құрттар. Бұларда клеткааралық түтікшелерінде ар-

найы сұйық ішкі орта қалыптасады. Бұл жағдайда жа-

нуарлар тіршілік ететін сулы орта асқорыту жолдары 


50

«Молодой учёный»  .  № 7.1 (87.1)   .  Апрель, 2015  г.

арқылы клеткааралық кеңістікке өтеді. Клеткааралық ка-

налдарында орналасатын сұйық ортаны гидролимфа деп 

атайды. Оның құрылымы жағынан қоршаған ортадан ай-

ырмашылығы көп емес. Осы тұрғыда, эволюция бары-

сында бұл организмдерде гастроваскулярлық айналым 

жүйесі пайда болады [1,2].

Ішкі ортаның күрделенуі және тұрақты болуы буына-

яқтылар мен былқылдақ денелілер — моллюскаларда 

анық байқалады. Тұйықталмаған қанайналым жүйесімен 

бірге қан тамырларының соғуы (пульстенуі) пайда болған 

соң, онда орналасқан сұйықтық — гемолимфа тамырлар 

арқылы өтіп жасушааралық кеңістікті үздіксіз толтырады. 

Бұл жасушааралық кеңістіктер арнай резервуарлар — 

лакуналарды құрайды [2].

Тыныс алу аппараты бар буынаяқтылардың гемолим-

фасы қоректік заттарды ғана емес, сонымен қатар, газ-

дарды да тасымалдайды. Оның құрамында темір және мыс 

элементтері бар тыныс алу пигменттері (гемоглобин, ге-

моцианин) болады. Метаболизмдік белсенділігі салысты-

рмалы жоғары деңгейге қабілетті күрделі құрылымдағы 

жануарлар өкілі — насекомдарда тыныс алу пигмент-

тері гемолимфа құрамында болмайды. Насекомдар гемо-

лимфасының негізгі қызметі — қоректік заттарды, мета-

болиттерді және гормондарды жеткізу, себебі олар өсу, 

түлеу үшін өте маңызды [2,4].

Олигохеттерде, полихеттерде, сүліктерде, немертин-

дерде, басаяқты моллюскаларда, голотурийлерде, тікен-

терілерде және омыртқалыларда қан айналымы бар, тұй-

ықталған тамырлар жүйесі қалыптасады. Сонымен қатар, 

қан және клеткааралық ұлпалық сұйықтық құрамы мен 

қызметіне қарай екі жеке жүйені құрайды. Қанның құра-

мында арнайы клеткалар, белоктар, органикалық заттар, 

тыныс алу пигменттері және тұздар болады. Ұлпалық сұй-

ықтық, клеткалармен айналымдағы қан арасындағы зат 

алмасу кезінде байланыстырушы ролін атқарады, осыған 

байланысты оның құрамы үнемі жаңарып тұрады.

Кейбір омыртқасыздарда (құрттар, сегізаяқтар, теңіз 

жұлдыздары) қан және ұлпалық сұйықтық, қимыл ак-

тілерін жүзеге асыратын организмнің гидравликалық 

қаңқасын құрайды. Гидравликалық қаңқа жұмысын 

атқару үшін, сұйықтық шектелген кеңістікте орналасуы 

қажет және сұйықтықта қысым тудыру үшін организмнің 

бұлшық ет қызметі қолданылу керек.

Жануарлар әлемінде қан айналым жүйесінің екі түрі 

кездеседі: тұйықталған және тұйықталмаған (ашық) жүй-

елер [1,2,3].

Тұйықталмаған қан айналым жүйеде жүректен баста-

латын қан тамырлары денеде ашылып (үзіліп), қан ұл-

палар мен мүшелерді айналған соң ғана тамырлар арқылы 

кері — жүрекке оралады. Мұндай қан айналым жүйесі 

буын аяқтыларда, былқылдақ денелілерде (бас-аяқты-

лардан басқасы) және қабықшалыларда дамыған. Тұй-

ықталмаған жүйеде қысым төмен болады, мүшелерге қан 

бірдей деңгейде таралмайды және жүрекке баяу оралады.

Тұйықталған жүйеде қан тұйық кеңістікте (қуыста) ай-

налып отырады, одан шықпайды, жүректен ұлпалар мен 

мүшелерге арнаулы арналармен (тамырлармен) жет-

кізіледі де, сол қуыстан шықпай жүрекке қайта оралады. 

Мұндай қан айналым жүйесі — буылтық құрттарға, ба-

саяқты моллюскаларға (былқылдақ денелілерге), тікене-

ктерілілер мен хордалы жануарларға тән. Бұл жүйе қан 

айналым қуыстарында айтарлықтай үлкен қысымның қа-

лыптасуын, қанның әр түрлі мүшелер арасында тара-

луын, жүрекке шапшаң оралуын қамтамасыз ететін ме-

ханизмнің болуымен ерекшеленеді. Барлық омыртқалы 

жануарларда қан айналым жүйесі тұйық. Оның ең қара-

пайым түрі балықтарда кездеседі. Балықтардың жүрегі бір 

жүрекше мен бір қарыншадан тұрады.

Лимфа — организмде қан плазмасының ұлпа аралық 

кеңістікке сүзіліп, одан әрі лимфа жүйесіне жиналуы 

нәтижесінде пайда болатын мөлдір, сарғыш түсті, сілтілі 

реакциялы (рН 7,4–9,0) сұйықтық. Ол ұлпа сұйығының 

лимфа капиллярына өтуінің нәтижесінде пайда болады. 

Лимфаның негізгі қызметі — белоктарды ұлпааралық 

қуыстан қайтару және организмде суды таратуда, ас қо-

рытуда, зат алмасу процестерінде маңызды рөл атқарады. 

Оның құрамында белоктар, белокқа жатпайтын азотты 

қосылыстар, глюкоза, минералды заттар, гормондар, 

ферменттер және антиденелер кездеседі.

Тамырлар жүйесінің эволюциясына келетін болсақ, 

ішекқуыстылар мен төменгі сатыдағы құрттарда қан та-

мырлар жүйесі әлі жоқ. Тасымалдау функциясын жү-

зеге асырылатын сұйықтық жануарлар денесінде ар-

найы тығыз тармақталған арналар жүйесінде орналасады. 

Әрбір арнаның бір ұшы біріншіреттік қуысымен жалға-

сады. Арналардағы сұйықтық дененің жалпы қозғалысы 

және арнашықтардың жыбырлағыш эпителийінің қыз-

метінің арқасында араласады. Шын мәнінде бұл жануар-

ларда қан айналым емес, ұлпалық сұйықтықтың араласуы 

ғана орын алады [1,2,4].

Алғашқы рет, сұйықтықты араластыруға арналған ар-

найы қарапайым қан айналым жүйесі құрттарда пайда 

болған. Бұл жүйеге тән ерекшелік болып, сұйықтықты 

айдайтын тамыр түтікшелерінде перистальтикалық жиы-

рылуының пайда болуы. Бірақ бұл жүйеде қылтамырлар 

(капиллярлық) бөлігі әлі қалыптаспаған және артери-

ялық тамырлар (сосудтар) ұлпааралық кеңістіктерге-ла-

куналарға (қалталарға) тікелей ашылады. Бұл жерде 

«қан» ұлпа сұйықтығымен араласады және ұлпаларға сіңе 

отырып әрбір клеткамен жанасады. Бұл кеңістіктерден та-

мырлар басталады. Сондықтан, құрттар тамырлары жет-

кізгіш және коллекторлық түтікшелер болып табылады.

Эволюция барысында, тамыр жүйесінің ары қарай 

жетілуі үш бағытта жүрді. Біріншіден, тамырлар қабы-

рғаларының жиырылу элементтері, арнайы айдағыш 

орган — жүректің пайда болуына әкелді. Екіншіден, ка-

пиллярлық жүйе дамыды және лакунарлық жүйенің тұй-

ықталған қан айналым жүйесіне айналуы дамыды.Үшін-

шіден, қан айналым жүйесі екі арнайы бөлікке бөлінді: 

біріншісі — органдар мен тіндерді қанмен қамтамасыз 

ететін үлкен қан айналымы, екіншісі — қанды оттегімен 

байытуға арналған кіші қан айналымы.



51

“Young Scientist”   #7.1 (87.1)   April 2015

Моллюскалардың тамыр жүйесі лакунарлық болып қа-

луына қарамастан, құрттардың пульсті түтікшесінен ерек-

шеленетін, жеке жиырылу ырғағы тән екі камералы қуыс 

орган — жүрегі пайда болған. Эволюцияның келесі ке-

зеңі болып, балықтарда толық дифференцияланған екі ка-

мералық жүректің және тұйық тамырлар жүйесінің пайда 

болуы табылады.

Қос тынысты балықтардың (цератод, протоптерус), 

эволюция барысында негізгі жетістігі ретінде, желбез-

ектеріне қосымша қан айналу жүйесімен байланысты, 

тыныс алу органдары ретінде өкпесінің пайда болуы та-

былады. Тыныс алу процесі негізінен өкпе аркылы жүзеге 

асып, желбезектер арқылы қан газ алмасуға кідірмей, 

транзитті өтеді. Жүрекше толығымен екі камераға және 

қарынша жартылай бөлінген. Қос тынысты балықтарда 

оттегімен байытылған қан өкпеден сол жақ жүрекшеге 

барады, ал веналық қан оң жүрекшеге түседі.

Осыған байланысты, эволюцияның бұл кезеңінде қан 

айналым өкпе және ішкі органдар арқылы өтіп, бөлінуге 

алғашқы қадам жасалған [1,5].

Қазіргі кездегі қосмекенділердің (құрбақа, сала-

мандра) жүректері анық бөлінген жүрекшелерден және 

бөлінбеген қарыншадан тұрады. Оң жақ жүрекше ве-

налық қан қабылдап оны қарыншаға айдайды. Қарын-

шадан қан, табанының жанында ішкі ирегі бар пуль-

стейтін перде қабаты орналасқан аортаға түседі. Осы 

бейімділіктің арқасында қан ағыны екі бағыт бойынша 

таралады. Бірінші бөлігі — өкпе артериясына, екін-

шісі — тікелей ішкі органдарға, яғни үлкен қан айналым 

шеңберіне. Өкпе артерия тармақтары қанды теріге де та-

ратады, өйткені қос мекенділердің терісі оттекті сіңіруде 

үлкен роль атқарады.

Бауырыменжорғалаушыларда (кесіртке, жылан) 

жүректің оң және сол бөлігіне дифференциялану процесі 

аяқталған. Рептилийлердің жүрекшелері толық бөлінген

ал қарыншаны бөлетін пердесінің саңылауы болады. 

Осындай жағдайдың өзінде оттегіне қаныққан және қа-

нықпаған қан бір бірінен жақсы ажырап, тіршілік етудің 

жағдайында қан араласу жүрмейді. Осыған байланысты 

қан айналымы үлкен және кіші қан айналым шеңбер-

леріне толық бөлінуі жүреді.

Сүтқоректілерде үлкен қан айналымы шеңбері 

жүректің сол қарыншасынан, регионарлық тамыр жүйесі 

басталатын көптеген артерияларға тармақталған аор-

тадан басталады. Кіші қан айналым шеңбері оң жақ қа-

рыншадан, өкпенің тамырлар жүйесіне айналатын өкпе 

артериясынан басталып, сол жүрекшеге құятын өкпе ве-

насымен аяқталады. Нәтижесінде қан айналымының екі 

шеңбері өзара байланысады [6].

Құстар мен сүтқоректілердің қан айналымының ара-

сындағы айырмашылық негізінен олардың анатомия-

сына қатысты. Құстарда аортаның оң доғасы, ал сүтқо-

ректілерде сол доғасы сақталған. Эволюция барысында, 

құстарда басқа да омыртқалыларға тән бүйректің 

қақпалық жүйесін сақталып қалған, ал сүтқоректілер 

бүйрек қақпа жүйесін жоғалтқан.

Эволюция процесінде, лимфалық жүйе жеке жүйе 

ретінде бөлінуі балықтарда байқалады. Оларда лимфалық 

жүйе лимфалық қалталармен және перифериялық тұйық, 

орталықтағысы венаға баратын күрделі тармақталған 

түтіктермен көрсетілген.

Қорыта айтқанда, эволюцияда қанайналу жүйесі 

буылтық құрттардан басталып, сүтқоректілерге дейін 

біртіндеп күрделенген. Аталған жүйелер жұмыстары қор-

шаған ортаның өзгерістеріне тікелей немесе жанама бай-

ланысты болады, яғни жүйенің жұмысы күшейеді немесе 

тежеледі.

Жануарлар дүниесі қарапайым біржасушалылардан 

көпжасушалыларға қарай күрделеніп тарихи қалыптасса, 

соған ол ағзаларды құрайтын, өздерінің атқаратын қыз-

меті бар мүшелермен олардан құралған мүшелер жүйе-

лері эволюцияда қажетіне қарай біртіндеп қалыптасып, 

күрделене түскен. Ондай жүйелердің қатарына қан қанай-

налысы жатады [1,5,7].

Сонымен, жоғарыда айтылғанды ескере отырып, 

қазіргі таңда, организмдер қарапайымнан күрделіге қарай 

дамығанын, яғни біржасушалы организмдерден көпжасу-

шалы жоғары сатыдағы организмдерге дейін және тарихи 

дамуда олардың тіршілік әрекеттерін қамтамасыз ететін 

организмнің ішкі ортасы мен тамырлар жүйесі қалыпта-

суын «Адам және жануарлар физиологиясы» курсында 

эволюциялық негізде оқыту қажеттілігі туады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.  А. Д. Ноздрачев, Ю. И. Баженов, И. А. Баранникова. Общий курс физиологии человека и животных. М. 

«Высшая школа», 1991 г.

2.  Н. А. Бобринский, Б. С. Матвеев. Зоология позвоночных.Т. 1.М.«Высшая школа», 1966 г.

3.  Н. А. Бобринский, Б. С. Матвеев. Зоология позвоночных. Т. 2. М. «Высшая школа», 1966 г.

4.  Л. С. Зенкевич. Жизнь животных. Беспозвоночные. Т. 1–2.М.1968. 575 с., 561 с.

5.  Л. И. Иржак. Эволюция системы крови. Эволюционная физиология. Ч.2. Л., 1983.

6.  Ч. Вейсс, Г. Антони, Э. Вицлеб, Г. Тевс, И. Гроте. Физиология человека. М. «Мир», 1986 г.

7.  Т. Несіпбаев. Жануарлар физиологиясы. Алматы. «Қайнар», 1995 ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет