Молодой учёный


Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиешінің сөйлеу мәдениетінің мәні



Pdf көрінісі
бет13/16
Дата30.01.2017
өлшемі1,49 Mb.
#3041
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиешінің сөйлеу мәдениетінің мәні

Түнғатова Нұргүл Әмірханқызы, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы; 

Абдикаева Айгерім Шайхидинқызы, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы

«Болашақ» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Т

іл–ұлт мәдениетінің қайнар көзі. Әр халықтың ұлттық 



дәстүрінің, сана — сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің, 

мінез-құлқының, мәдениеті мен әдебиетінің айрықша бел-

гілері тіл арқылы бейнеленеді. Тіл — адамның өмірлік 

қажетін өтейтін қатынас құралы. Жүректен шыққан сөз 

жүрекке жол табады. Сондықтан баланың өз ойын дұрыс 

жеткізіп, басқа адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай 

білуі үшін оған ең алдымен сөз әдебін үйрету керек.

Балабақшада бала тәрбиешімен еңбекте, сабақта, экс-

курсияда тағы сол сияқты барлық жағдайда қарым-қа-

тынас жасайды. Демек, балабақшада тіл дамыту мүмкін-

дігі түгелімен тәрбиешінің сөзінің сапасына байланысты. 

Тәрбиешінің сөйлеуі — балалар үшін үлгі, балалар бай-

ланысты сөйлеуді тәрбиешіден үйренеді. Е. И. Пассов: 

«Важность речевого партнерства подтверждается 

еще и тем, что только в его условиях можно эффективно 

осуществлять воспитательное воздействие на учеников» 

деп тәрбиешінің тәрбиелеу қызметін де көрсеткен [1.87 б].

Тәрбиеші мен балалардың сөйлесуі — бірнеше жылға 

созылатын қатысымдық әрекет. Осы ұзаққа созылатын 

қатысымдық әрекетте тәрбиеші балалармен сөйлесу әре-

кетіне қатысатын қатардағы сөйлесуші ғана емес, ол дұрыс, 

әдеби тілге үйретуші. Балалар әдеби тілде сөйлеуді тәрби-

ешінің қалай сөйлеуіне қарап үйренеді. Яғни тәрбиешінің 

тілі — балалар үшін үлгі. Сондықтан Е. И. Тихеева тәр-

биешінің тілі «абсолютно грамотна, литературно» болуы 

керек деген болатын. Олай болса, тәрбиеші өзінің сөйлеу 

тілін жетілдіруге міндетті: ол — оның адамгершілік және 


57

“Young Scientist”   #6.2 (86.2)   March 2015



Education

қоғамдық парызы. Балабақшаның тәрбиешісі үшін, үлгілі, 

мәдениетті сөйлеу тілін меңгеру — кәсіби даярлығының 

көрсеткіші. Балалардың есінде тәрбиешінің сөйлеу мә-

нері, сөйлеу үлгісі әбден сақталады. Сондықтан тәрбиеші 

әдеби тілді қалыптасқан дәстүр бойынша орфоэпия, грам-

матика, лексика, стилистика ережелеріне сәйкес сөйлеуге 

тиіс. Сонда ғана тәрбиеші әдеби тілде мәдениетті сөйлеген 

болып саналады [2. 102 б.].

Тәрбиешінің сөйлеу тіліне бірнеше талаптар қойылады.

1. Тәрбиешінің сөйлеуі көркем әдеби тілде, сөз таза-

лығы болу керек.

2. Мәдени сөйлеу мен этика өзіне ерекше назар аудар-

тады. Тәрбиешінің сөйлеуі форма бойынша және мүлтіксіз 

әдеп пен мәдениетті болу керек.

3. Бала жас болған сайын қатынас жасау құрылымы 

қарапайым, сөйлемдер қысқа және нақты болу керек.

4. Сөйлем мазмұны олардың тәжірибесіне сүйеніп, қы-

зығушылығына, даму ерекшеліктеріне сәйкес келу керек.

5. Сөйлемнің қарапайымдылығы, нақтылығы өзіне 

ерекше көңіл аудартады.

6. Сөйлемнің ырғағын реттеп отыру қажет.

7. Дауыс күшін реттеп отыру керек. Сөйлем барысында 

қажет кезде қатты немесе ақырын.

8. Сөйлем мәнерлі және әсерлі болу керек.

9. Педагогтар әдіснамалық шеберлікті меңгеруі керек.

10. Сөйлемнің жеткіліксіз деңгейде болуымен бала-

лардың сөйлеуін дамытуға болмайды.

Балабақша балаларының тілін қалыптастырушы, не-

гізгі тұлға — тәрбиеші. Бірнеше жыл балалармен сөйле-

сетін, тілдік қатысым жасайтын адам тәрбиеші. Балалар 

тәрбиеші тіліне жаттығады, одан үйренеді. Сондықтан 

тәрбиеші тілінде кемшілік болу өте қауыпты, зиянды.

Тәрбиеші тілінде кемшілік болса, оған тиісті шаралар 

жасалуы керек.

Тәрбиешінің сөйлеу мәдениетінің жоқтығы мына 

жағдайларда танылады:

 

— сөздің әдеби тілде қалыптасқан орфоэпиялық нор-



масын сақтамай, бұзып сөйлеуі,

 

— сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырмай, үй-



лесімсіз сөйлеуі;

 

— сөздерді дұрыс мағынасында қолданбауы;



 

— сөзді, интонацияны, екпінді дұрыс, орынды қолдан-

бауы;

 

— артық (паразит) сөздерді қолдануы;



 

— балалармен сыпайы сөйлеспей, ұрысып, ақырып, 

баланы кемісітіп сөйлеуі;

 

— не өте баяу, не өте тез, түсініксіз сөйлеуі сияқты 



кемшіліктер тәрбиеші тілінде болмауы керек, өйткені оны 

бала қайталайды, баланы ұрсып, кемсітіп сөйлегенде, ба-

ланың көңілі қалады, тыңдамайтын болады. Сондықтан 

тәрбиеші мәдениетті әдеби тілде сөйлеуге міндетті.

Әдеби тілі дамыған адам тілдің стильдік ерекшелігін 

жақсы түсінеді, қай жерде қалай сөйлеуді біледі, кіммен 

қалай сөйлеуді біледі. Сондықтан ол сөзін реттеп сөйлейді. 

Жақын, туыс адамдармен сөйлеу мен қоғамдық орында 

сөйлеу бір емес. Оны тәрбиеші білуге тиіс.

Балабақша балалары үшін тәрбиешінің стилі белгілі 

бір мінез — құлқын талап ететін тілдік этикет жөніндегі 

түсінікпен байланысты. Тәрбиешінің сыпайлылығы, кісі 

сыйлағыштығы, қарапайымдылығы, ескергіштігі, мей-

ірімділігі, өзін сыйлауы оның сөзінен де, ісінен де көрініп 

тұрады. Сонымен бірге баланың стилистикалық түсінігін 

жетілдіру тәрбиешінің эстетикалық негізгі құралы болып 

табылады. Сонымен, сөйлеу стиліне үйретудің тәрбиелік 

мәні де зор [3. 74 б].

Балаларға стильдік тәрбие беру үшін, тәрбиеші линг-

вистиканың стилистика саласынан тиянақты білімі болуы 

керек. Ол балаларды тілдің стильдік ерекшелігін түсінуге 

тәрбиелеуге қажетті дидактикалық деректерді іріктеп 

алуына көмектеседі. Тілдің әр түрлі стилистикалық ерек-

шелігі тілдің синонимдерін үйретуде белгілі қызмет атқа-

рады. Мысалы, қашық, алыс, жырақ, ит өлген жер; жақын, 

таяу, жуық, тақау, таяқ тастам жер; ертеден, ежелден, 

бұрынан, бағыдан, атам заманнан т. б. Бұлар — лекси-

калық синонимдер. Грамматикалық синонимдер; көшемен 

жүру, көше арқылы жүру; жолда, жол бойында: келеді, келе 

жатқан т. б. Адам сөйлескенде, өзінің тыңдаушыға қалай қа-

райтынан интонация арқылы да аңғартады: Мысалы, сый-

ласымдық көңіл; отырыңыз, өзінен кем, төмен санау; отыр.

Тәрбиеші өзінің тілін барлық жағын үнемі жетілдіріп 

дамытып отырады. Ол — тәрбиешінің міндеті. Тәрбиеші 

өз тілін, сөздік қорын үнемі байыта отырып, тілдің грам-

матикалық құрылысының ерекшеліктерін терең мең-

гере отырып, синонимдік, омонимдік ерекшеліктерін жан-

жақты терең білуі керек. Біліп қана қоймай, бай сөздік қор 

не үшін керек, қосымшалар неге көп, олардың мағына-

лары қандай, олардың қалай қолданылатынын білумен 

бірге, оларды өз сөзінде қандай жағдайда қолдану орынды 

екенін анықтауы керек.

Сөйлеу мәдениетін жетілдіргісі, дамытқысы келген тәр-

биеші лексикалық, грамматикалық, фразеологиялық си-

нонимдердің бар түрін меңгеріп, оларды өз сөзінде қол-

данып, балалар оның сөзінен үлгі алатындай дәрежеде 

сөйлейді. Сол арқылы баланы байланысты сөйлеуге, тіл 

байлығын қолдана білуге үйретеді.

Тәрбиеші сөздің дұрыс айтылуына интонация арқылы 

адамның түрлі сезімдерін білдіруге жаттыққан болуы 

керек. Мәселен, қуанышты, қайғыны, қорқынышты, сал-

танатты, мақұлдауды, ашу-ызаны, жылылықты білдіру 

үшін, сөйлеу қарқынының, дауыстың күшінің, дауыстың 

көтеріңкілігі мен төмендегінің қандай дәрежеде бола-

тынын білумен бірге өз сөйлеуінде қолданып, балаларға 

үлгі көрсетуі керек.

Тәрбиешінің сөйлеу мәдениеті балаларға үлгі, өйткені 

балалар тәрбиешімен тікелей араласу кезінде сөздің дыбы-

стық мәдениетін, байланысты сөйлеуді тәрбиешіге еліктеу 

арқылы үйренеді. Сондықтан тәрбиешінің сөйлеу мәдениеті 

жоғары, балалар дұрыс үлгі алатындай дәрежеде болуы 

керек. Ол талап тәрбиешіге көркем әдебиетті балаларға 

мәнерлеп оқу және оны әңгімелеп беруде де сақталады.

Тәрбиеші көркем шығарманы оқығанда, әңгімелегенде 

әдеби тілдің нормасына сай мәнерлеп оқыса, жақсы инто-


58

«Молодой учёный»  .  № 6.2 (86.2)   .  Март, 2015  г.



Педагогика

нациямен дұрыс айтса, балалар оған қызығады, оны ұзақ 

есте сақтайды, керісінше, тәрбиеші көркем шығарманы 

көңілсіз, не өте тез, не өте баяу, ешбір сезімсіз оқыса, оған 

балалар қызықпайды, жалығады да тыңдамайды, есінде де 

сақтамайды.

Тәрбиеші сөзіне, сөйлеу мәнеріне сын көзімен қа-

рауға тиіс, сөзінде кемшілік байқаса, оны түзетуге бар 

күшін салуы керек. Бірақта бұл оңай жұмыс емес, өйт-

кені алдымен сөйлеудің мазмұнына назар аударады да, 

оның қалай айтылғанына көңіл бөлмейді. Екіншіден, адам 

өзінің сөзіне мән бермеуден қалыптасып қалған үйрен-

шікті кемшіліктерін байқалмайды да. Мысалы, асығып 

тез сөйлеу әдісті, түсініксіз сөйлеу өте ақырын сөйлеу, өте 

қатты сөйлеу, кейбір дыбыстарды анық айтпау сияқты 

әдеттер болады.

Өз сөзіндегі кемшіліктерді түзету үшін тәрбиеші әріп-

тестерінің ескертпелеріне назар аударуы керек. Сабағын 

магитофонға жазып, оны кейін сын көзбен тыңдағаны 

жөн. Байқалған кемшіліктер жою үшін қажетті жұмыстың 

бәрі толық орындалуы керек.

Бағдарламаларда баланың тіліне үлкендермен тікелей 

қарым-қатыс күшті әсер етеді. Баланы тілдің жоғары үл-

гісі арқылы үйрету керек екені үнемі айтылып отырады.

Балабақша балалары өз ортасына еліктеу арқылы сөй-

леуді үйренетіні белгілі. Осы ретте бала дұрыс, байла-

нысты сөйлеуге үйренумен бірге қарым-қатыс ортасын-

дағы адамдардың тілінде әдеби тіл нормасына жатпайтын 

кемшіліктерді де қабылдайды. Баланың тіл мәдениеті тәр-

биешінің тіл мәдениетімен байланысты.

Балабақша балаларының тілін дамыту мәселесін 

зерттеген ғалымдардың ішінде тәрбиеші тіліне мән бер-

меген ғалым жоқ деуге болады. Ол бұл мәселенің маңыз-

дылығына байланысты.

Өйткені тәрбиешінің тілі балалар үшін эталон, оның 

сөзінде қате болуы мүмкін деген ой балаға ешқашан кел-

мейді. Сондықтан тәрбиеші тілі бала еліктейтіндей дәре-

жеде болуы қажет. Өйткені тәрбиеші-баламен балабақ-

шада тілдік қатысым жасайтын негізгі тұлға, бала тілін 

дамытушы, балаға тәрбие беруші, бала сенетін адам. Сон-

дықтан тәрбиешінің қалай сөйлейтіні жүріс-тұрысы, қалай 

киінетініне дейін балаға үлгі, тәрбиеші- баланың балабақ-

шадағы сөйлеу ортасы.

Бала әр үйренген жаңа білімге қуана білуі керек. Ол 

үшін тәрбиеші баланың жетістігін жақсы бағалау керек.

Тіл дамыту әдіс-тәсілдерін сабақта дұрыс бөле білу 

өте маңызды. Сабақтың басында-ақ балалардың на-

зарын сабаққа аударып, олардың назары мен ынтасын са-

бақтың аяғына дейін суытпау керек. Ол үшін сабақтың 

құрылысын тәрбиеші алдымен анықтап алып, сол жүйені 

сабақтың аяғына дейін сақтауы керек. Сабақтың алдыңғы 

бөлімінде негізгі әдіс-тәсілдер шоғырланып балаға сөйлеу 

әрекетінің мақсатын білдіріп, әрі қарай баланың өздік жұ-

мысына бағыт береді, бірақ ол тәрбиешінің қатысын, бас-

шылығын жоққа шығармайды [4. 56 б].

Балалардың сөйлеу белсенділігі дегенді бала сабақта 

тоқтаусыз сөйлей беруі керек деп түсінуге болмайды. Ба-

ланың сөйлеу белсенділігіне тәрбиешіні, өзінің достарын 

яғни балалардың сөзін белсенді тыңдауы да жатады. Со-

нымен бірге тәрбиеші балаларды отырғызғанда, тараты-

латын көрнекіліктерді беруде балалардың өзіндік ерек-

шелігін ескеруі керек. Кей бала ақырын, кей бала тез 

екені ескерілуі керек, кей бала белгілі бір ойыншықтың 

түрін жаратпайды, т. б. Балалар пікірлесімде белсенді. 

Пікірлесімде қол көтерген балалар ғана сөйлеп, пассив, 

ақырын балалар елеусіз қалмау керек. Сондықтан тәр-

биеші сұрақты жалпы топқа қойып, жауап айтуға балалар 

кезекпен қатысады.

Балабақшада жалпы тапсырма беру, хормен барлық 

бала жауап беру, балаға жеке тапсырма, жеке жауаппен 

қатар, бірге жүргізілуі керек. Балаға жеке тапсырма, жеке 

сұрау кезінде тәрбиеші баланың білімін, сөйлеу дағдысын, 

қызығушылығын, қабілетін ескеруі керек. Әсіресе, тілі 

нашар дамыған балаға көбірек көңіл бөлуі керек.

Тіл дамыту сабағы түрлі жағдайда өтеді. Көбіне сабақ 

топтық бөлмеде өтеді, кейде залда өтеді, залда кинофильм 

көреді, қойылым көреді, хабар тыңдайды, жүгіруге қа-

тысты ойындар ойнайды, жылы кезде аулада сабақ өтеді.

Сабақ кезінде гигиеналық барлық талап сақталуға тиіс. 

Жарық жеткілікті мөлшерде баланың сол жағынан және 

артынан түсуі керек, таза ауа, орындық баланың бойына 

шақ болуы керек. Балалар тәрбиешіге қарап, денесін 

дұрыс ұстап отыруы керек. Таратылатын лото, сурет, от-

крытка сияқты ұсақ көрнекіліктер қажет сабақтарда ба-

лалар кіші үстелде айнала отырады.

Балалардың білімін тексеретін мектептегідей уақыт ба-

лабақшада жоқ. Баланың білімін балабақшада тәрбиеші 

сабақтың барысында жасайды. Тәрбиеші байқағанын күн-

делікті жазып отырады. Ол тәрбиешіге келешек жұмысын 

жоспарлау үшін керек.

Өткен материалды басқа сабақта бекіту, не баланың 

басқа әрекетінде бекіту. Бұл талап дидактиканың қайталау 

ұстанылымына негізделген. Бұл талапты орындау тіл да-

мытуда маңызды қызмет атқарады.

Баланы ана тіліне оқыту: математикалық ұғымдар, му-

зыка, бейнелеу сабақтарына да қатысты. Бірақ олардың 

әрқайсысының негізгі өз мақсаты бар, мамандығымен 

байланысты ол сабақтарда тіл дамыту сабақтары жүр-

гізіледі.

Әдебиет:


1.  Пассов Е. И. Методология методики: теория и опыт применения. — ЛГПИ, 2002.

2.  Тихеева Е. И. Развитие речи детей. — М. 1972.

3.  Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы. — Алматы, Рауан, 1991.

4.  Әмірова Ә. С., Анартаева К. А. Тіл дамыту. (Әдістемелік құрал). — Алматы, 2006.



59

“Young Scientist”   #6.2 (86.2)   March 2015



Physical Culture and Sports

Ф И З И Ч ЕС КАЯ   КУЛ ЬТУ РА   И   С П О Р Т

Болашақ мұғалімдерге мектеп бағдарламасындағы жаттығуларды орындау 

техникасын үйретуде дидактикалық іскерлікті қалыптастыру жолдары

Есіркепов Жандос Мергенбайұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент; 

Әділбек Мұхан Қожахметұлы, педагогика магистрі, оқытушы; 

Кулманов Руслан Жағыпарұлы, оқытушы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

С

оңғы жылдары шағын кешенді ауыл мектептеріндегі 



оқушылардың президенттік сынамаларды тапсыруға 

дене дайындық деңгейлері төмен болып отыр. Бұл көр-

сеткішті мұғалімнің шеберлігінің, білімінің, іскерлігінің 

төмендігінен деукерек. Сабақ құрылымдарының дұрыс ұй-

ымдастырылмауы және сабақ уақытын тиімді пайдаланба-

удың әсерінен оқушылар жылдамдық, ептілік, төзімділік, 

икемділік дене қасиеттерінтиісті деңгейде қалыптастыра 

алмайды. Бұл аталған дене сапалары қимыл-қозғалысқа, 

ойындарға қатысу арқылы ғана жүзеге асып отырады. 

Сондықтан мақалада болашақ шағын кешенді ауыл мек-

тептерінде дене шынықтыру мұғалімі болып жүмыс жа-

сайтын мұғалімдеге дәстүрлі емес жаттығуларды қолдану 

арқылы оқушылардың қозғалыс іскерлігін қалыптастыру 

жолдары қарастырылады.

Болашақ денешынықтыру мұғалімдерінің дене және 

техникалық дайындығы бағдарламадағы оқу материал-

дарын меңгеру үдерісінде жүзеге асатыны белгілі.

Оқушылардың қозғалыс іскерлігі мен қимыл дағды-

ларын қалыптастыру дене тәбиесінің негізгі мәселерінің 

бірі болып табылады [1].

Қандай да бір нақты жаттығуды орындау техникасын 

меңгеру, мысалы, волейболдағы допты беру немесе ба-

скетболдағы допты себетке түсіру ғана нәтиже болып есеп-

телмейді, нәтиже сондай-ақ, қозғалыс сауаттылығы мен 

көзбен мөлшерлеуді дамыту, қозғалыстың қимыл-қозға-

лыстың жаңа түрлерін жылдам үйрену, адамның жүй-

ке-техникалық және вегетативтік қызметтерін дамыту 

болып табылады [2].

Қозғалыс іскерлігі спортпен шұғылданушыға тиімді 

қозғалыс жасау үшін керек. Ал, қозғалыс іскерлігін қа-

лыптастыру денежаттығуларын орындау арқылы жү-

зеге асады. Оқушыда бұл қабілет әртүрлі спорттық және 

қимыл ойындары, дене жаттығулары көмегімен да-

миды. Оқушылардың жетілуі белгілі бір жаттығумен не-

месе әртүрлі жағдайларға байланысты бірін бірі алма-

стыра алатын жаттығулар тобымен қалыптасуы мүмкін. 

Осыған байланысты қозғалыс іскерлігінің төрт түрі 

анықталды:

Бірінші түрі — қойылған шартқа сәйкес қозғалыс әсерін 

дәл орындау іскерлігі. Іскерліктің бұл түрі гимнастика жат-

тығулары, жеңіл атлетика және кеңістікті күш параметр-

лері белгіленген арнайы жаттығулар арқылы қалыптасады.

Екінші түрі — тез өзгеретін, күтпегенжағдайда тиімді 

әсер жасау икемділігі. Іскерліктің бұл түрі түрлі спорттық 

ойындар арқылы қалыптасады. Бұл қозғалыс іскерлігінің 

нәтижесі тиісті әрекетті жедел таңдау және оны тез орын-

дауда байқалады.

Үшінші түрі — қарсыластың қарсы әрекеті жағдайында 

жасалған тиімді әрекеттің қозғалыс іскерлігі. Іскерліктің 

бұл түрі күрес, бокс сынды спорт түрлерімен дамиды.

Төртінші түрі — қарқынды бұлшық ет еңбегі жағдай-

ындағы әрекет бағдарламасын тез анықтайтын қозғалыс 

іскерлігі. Іскерліктің бұл түрі бағдарлау арқылы дамиды.

Оқушының бойында аталған барлық төрт қасиетті қа-

лыптастыру қажет, өйткені олар барлығы бірге болған 

жағдайда ғана қозғалыс, ой-әрекеті және қозғалыс сауат-

тылығын дамытуға әсер етеді. Сондықтан шағын кешенді 

ауыл мектебінің жағдайын ескере отырып, бірін-бірі ал-

мастыратын жаттығулар түрін таңдауға болады.

Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің іскерлігі 

мен дағдыларын қалыптастыратын дидактикалық жеңіл 

атлетика, гимнстика, спорттық ойындары жаттығулары 

арқылы қалыптасады. Бірақ, бұл жаттығуладың бел-

гілі-бір дәрежедегі кемшіліктері бар. Шағын кешенді 

ауыл мектептерінде дене шынықтыру сабағында оны пай-

далану қиын, өйткені мектеп бағдарламасына енген во-

лейбол, баскетбол, футбол сияқты ойын түрлеріне бел-

гілі-бір қатысушылар саны қажет, оған шағын кешенді 

ауыл мектептерінде мүмкіндік жоқ. Жеңіл атлетикалық 

және гимнастикалық жаттығулар толық кешенді мектеп-

тердегі әдістермен орындала алмайды, өйткені сабақтағы 

оқушылардың дене жасы мен дене дайындығында айыр-

машылықтар бар [3].


60

«Молодой учёный»  .  № 6.2 (86.2)   .  Март, 2015  г.



Физическая культура и спорт

Шағын кешенді ауыл мектептерінде жұмыс істейтін 

мұғалімдерді дайындағанда жұппен немесе жеке орын-

далатын жаттығулар нәтиже көрсетті. Спорттық ойын-

дардан бадминтон, үстел теннисі, ырғақты және атле-

тикалық гимнастика, серігімен бірлесіп жұмыс жасау 

барысындағы іскерлік пен дағдыларды қалыпастыру үшін 

жекпе-жек элементтері бар ұлттық қозғалыс ойындары 

пайдаланылады

Жаттығуларды орындау техникасына үйретудің дидак-

тикалық іскерлігі іскерліктің жалпы тобы ретінде қара-

стырылды. Оның ішінде іскерліктер бөлініп көрсетілді:

•  жаттығуларды орындау техникасын түсіндіру;

•  жаттығуларды көрсету;

•  жеке ерекшелітерін ескере отырып оқыту әдісін 

таңдау;


•  қателіктерді анықтау және түзету;

•  қозғалыс іскерліктерінің қалыптасуын бақылау 

және басқару.

Жаттығуды көрсетудің дидактикалық іскерлігі дененің 

тіреу нүктесінің орнын белгілеу арқылы жаттығуды толық 

немесе бөлшектеп дұрыс орындау іскерлігінен құралады.

Жеке жаттығуларды үйретудің түрлерін таңдаудың ди-

дактикалық іскерлігі жаттығуларды көрсетіп, оған ерекше 

көңіл бөлуге жағдай жасау арқылы, оқушының мүмкіндігін 

ескере отырып толық немесе бөлшектеп дұрыс орындау 

іскерлігінен құралады.

Қателерді анықтау және жөндеу іскерлігіне көп кез-

десетін қателердібілу, белгілі бір оқушының қателігін 

анықтау және оны жоюдың дайындық және бейімдеу жат-

тығуларын пайдалану арқылы тиімді әдістерін қолдану 

іскерлігі жатады.

Қимыл-қозғалыс іскерлігін басқару және бақылаудың 

дидактикалық іскерлігі қимыл-қозғалыс іскерлігі мен дағ-

дылардың деңгейін бағалаудан сәйкесінше оқыту үдерісін 

түзетуден құралады.

Жеке іскерліктерді игерудің әртүрлі дәрежеде болуы 

тәжірибе арқылы белгіленеді. Тәжірибе теннис добын 

лақтыру барысында қозғалыс әрекетіне үйретудің іскер-

лігін бағалау мақсатындажүргізілді. Тәжірибиеге жұмыс 

тәжірибиелері үш жыл мен он жыл арасындағы 42 дене 

шынықтыру мұғалімдердері (ерлер) қатысты. Нәтижелер 

1-кестеде берілген.

№ 

Жеке іскерліктер

Барлығы

Баға алған мұғалімдер саны

қанағат-сыз

қанағат-лық

жақсы

1 Орындау техникасын түсіндіру

42 / 100 %

7 / 17 %


31 / 74 %

4 / 9 %


2 Жаттығуды көрсету

42 / 100 %

-

26 / 55 %



19 / 45 %

3 Үйрету әдісін таңдау

42 / 100 %

5 / 12 %


27 / 65 %

9 / 23 %


4 Қатені анықтау және жөндеу

42 / 100 %

17 / 41 %

21 / 50 %

4 / 9 %

1-кесте.


 Теннис добын лақтыру техникасын үйрету іскерлігі деңгейінің бағасы

Кестеде көрініп тұрғандай, денешынықтыру мұғалім-

дері дене жаттығуын үйретудің жеке іскерліктерін біршама 

игерген. Мұғалімдердің 45 %-ы жақсы баға алды. Бірақ 

жаттығуларды орындау техникасын үйретуде мұғалім-

дердің 9 %-ы ғана жақсы бағаланды. Оқытудың әдісін 

таңдауда мұғалімдердің 23 %-ы жақсы баға алды. Мұғалім-

дердің нашар меңгерген іскерлігі — қатені анықтау және 

жөндеу болды. Мұнда мұғалімдердің 41 %-ықанағаттанар-

лықсыз баға алды. Мұғалімдер деңгейлерінің әртүрлілігі 

олардың дене дайындығы, спортқа мамандануы, тілді және 

спорттық терминдерді меңгеруі, жекелеген және психоло-

гиялық ерекшеліктеріне байланысты анықталды.

Осы дидактикалық іскерліктерді тәбиелеу үшін екі оқу 

тәртібі белгеленді: 1) дидактикалық әрекеттерді оқытудың 

әдістемелік негіздері; 2) мектептіңдене тәрбиесі бағдарла-

масының жаттығулары, ырғақты және атлетикалық гим-

настика, бадминтон, үстел теннисінің қозғалыс іскерлігі 

мен дағдысын қалыптастыру және орындау техникасын 

үйрету әдістемесі.

Болашақ шағын кешенді ауыл мектептерінде жұмыс 

жасайтын дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері жоғарыда 

аталған (күрделі спорттық құрал-жабдықтарды қажет ет-

пейтін) дәстүрлі емес жаттығуларды мектептің оқу бағдар-

ламасына енгізіп жұмыс жасаған жағдайда оқушылардың 

дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығы 

артып, дене сапалары жетіліп, қимыл дағдылары қалып-

тасатынын тәжірибе нәтижелері көрсетті.

Әдебиет:

1.  Беляева Н. Т., Виленский М. Я. Самовоспитание средствами физической культуры в системе профессиональной 

подготовки буд  ущего учителя //Роль физического воспитания в личности будущего специалиста, часть 1. — 

Таллин, 1982. — С. — 9–10.

2.  Вайнбаум Я. С. Дозирование физических нагрузок школьников. — М.: Просвещение, 1991. — 64 с.

3.  Переверзев В. С. Развитие способности школьников 7–8 классов управлять двигательными действами 

как фактор повышения эффективности уроков физической культуры: автореф. дис… канд. пед. наук. — М.: 

1985. — 24 с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет