52
«Молодой учёный» . № 6.2 (86.2) . Март, 2015 г.
Педагогика
Әдебиет:
1. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. — Алматы, 1999.
2. Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру / Методикалық нұсқау. — А., 1990.
3. Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. — А., 1995.
4. Ахметова З. «Кәусар бұлақ» бағдарламасы. — А., 1994.
5. Новиков А. М. Научно-экспериментальная работа в образовательном учреждении. — М., 1998.
Оқытудың педагогикалық технологиялары және оқыту технологиясының
ерекшеліктері
Тапаева Аида
1
, химия ғылымдарының магистрі, аға оқытушы;
Осмаханова Светлана
2
, мұғалім;
Төлепберген Жанайым Болатқызы
1
, студент;
Елібай Гүлжан Қайратқызы
1
, студент
1
«Болашақ» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
2
№ 32 І. Ж. Қабылов атындағы орта мектеп мұғалімі;
Қ
азіргі білім берудің оқу-тәрбие үрдісінде оқыту тех-
нологияларының алуан түрлерін ұтымды қолдана,
жастардың үйлесімді әлеуметтенуіне жаңаша қарым-қа-
тынастарды жүзеге асырып отыру үздіксіз педагогикалық
процестің мақсатты құбылысына бет алады.
Педагогикалық технология әр түрлі жағдайлардағы
нақты өзара іс-қимылдарды, жүйеленген, бағдарланған,
оқыту және тәрбиелеу стандарттарына сай тәсілдер не-
гізінде компьютер мен техникалық құралдар қолдану
арқылы да ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда білім беру
жүйесінің құрылымдарында оқытудың айқындалған көп-
теген технологияларын пайдаланып жатқандығы белгілі.
Болашақ маманға тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс
істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең маңы-
здысы — әлемнің дамуы туралы білімдердің қажетті дең-
гейін қалыптастыратын әдістерге үйрету. Сондықтан
әрбір оқытушыға және оқушыға «оқыту» мен «үйрену»
процестерін игеру үшін 3 тілді меңгеруі қажет: ана тілін,
ғылым тілін және технология тілін. Сонымен технология
көмегімен білімдерді, іскерлікті, дағдыларды игеру про-
цесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге
жету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. «Педагогикалық тех-
нология» оның ішінде «оқыту технологиясы» ұғымын
анықтауда, басым көпшілік мамандар оларды үш маңызды
жағдайлармен біріктіреді:
— іс-әрекетінің жиынтығы түріндегі қажет ететін үл-
гіні дәл анықтау негізінде оқытуды жоспарлау;
— оқытуды талап ететін әрекетті қалыптастыруды ірік-
теген қатаң тізбекті әрекеті түріндегі оқытудың барлық
процесін «бағдарламалау».
— алғашқы белгіленген эталонмен оқытудың нәти-
жесін салыстыру. М. Чошанов оқыту технологиясы не-
гізінен педагогикалық процестегі «Қалай нәтижелі етіп
оқыту керек?» мәселесін шешуге бағытталатынын айтады.
Оқыту технологиясы жөніндегі ой-пікірлерді саралай келе,
біздер оны: біріншіден, оқытудың мақсатқа сәйкес нәти-
жесіне қол жеткізудегі нақты қадамдарды және олардың
үйлесімділігін зерделейтін ғылым саласы; екіншіден, оқы-
тудың нақты жағдайда нәтижелі жүзеге асырылуын бел-
гілейтін жобалау немесе модельдеу; нақты оқыту процесін
нәтижелі етіп оқытудағы процес деп білеміз.
Жалпы «Педагогикалық технология» түсінігі қан-
шалықты қолданыста болғанымен, ол жөніндегі түсінік
ұғыныңқы болмаған. Білім берудің қазіргі кездегі прак-
тикасында бұл ұғым стандартты емес ғылыми көріні-
стерде ереже ретінде қолданылып, педагог жұмыста-
рының өндірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын білдіреді.
В. П. Беспалько технологияны түсіну үшін ең алдымен пе-
дагогикалық іс-әрекеттің өндірушілік белгісіне көңіл ау-
дару қажеттігіне зейін аударады, әлеуметтік тұрғыдан бұл
белгі, технологияның басқа белгілерінен оның жалпылық
сипатымен байланыстылығын сипаттайды. Қазіргі білім
беру технологияларын Г. К. Селевко технологияның клас-
сификациялық параметрлері тұрғысынан: қолдану дең-
гейі, негізгі дамыту факторы, меңгеру тұжырымы, жеке
тұлғаның құрылымына бағдарлау, мазмұн сипаты, басқару
типі, ұйымдастыру формалары, балаға ықпал ету тәсілдері,
әдістердің басымдылығы, жетілдіру бағыттары, оқушылар
категориялары бойынша нақтылап көрсетеді [1].
Ш. Т. Таубаева оқытудың қазіргі технологияларының
аттарын атап көрсетіп, олардың мақсаттарын, тұжыры-
мының және мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктерін си-
паттап көрсетеді. Жұмыста педагог-ғалымның зерттеулері
басшылыққа алынған [2].
Сонымен педагогикалық технологиялардан төменде-
гілерін бөле жарып көрсетуге болады:
— ойын арқылы оқыту технологиясы;
— проблемалық оқыту технологиясы;
— тірек сигналдары арқылы оқыту;
— деңгейлік саралап оқыту;
53
“Young Scientist” . #6.2 (86.2) . March 2015
Education
— міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік оқыту
технологиясы;
— бағдарламалап оқыту технологиясы;
— оқытудың компьютерлік технологиясы;
— дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы;
— дамыта оқыту технологиясы;
— модульдік оқыту.
Сондай-ақ Қазақстандық ғалымдардың
оқыту техноло-
гиялары белсенді түрде білім беру жүйесінде қолданылуда.
Бұл технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктері бар.
Мәселен, В. Ф. Шаталовтың тірек сигналдары арқылы
оқыту технологиясының ерекшелігі:
— үнемі қайталау;
— ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану;
— жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;
— ізгілік;
— зорлықсыз, еркімен оқыту;
— әр оқушының табысының жариялылығын түзетуге,
өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;
— оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру.
Сондай-ақ әрбір педагогикалық технологияның өзіндік
ерекшеліктері бар. Олардың негізгі қарастыратыны оқы-
туды нәтижелі ету.
Оқытудың ақпараттық технологиясы — бұл ақпа-
ратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педа-
гогикалық технологиялар, бағдарламалық және тех-
никалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар,
компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).
Оқытудың ақпараттық технологиясы — білімді жаңаша
беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өз-
герту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-
тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты
қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосым-
шасы деп түсіну керек.
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты —
«оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық,
қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық,
тиімді араластыру» болып табылады.
Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерек-
шелігі болып саналады.
• Тұтынушының қолдану сапасында;
• Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпа-
раттық технологияларды жасаушы сапасында.
Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпа-
раттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын
болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық
және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір
ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шек-
теліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқы-
тудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық
құралдары және білім технологияларының өздері ақпа-
раттық білім ортасына — ақпараттық білім жүйесінен
бөлінген жүйешелер түрінде қосылады [3].
Оқытудың ақпараттық технологиясында қолда-
нылатын бағдарламаны қамтамасыз етуді бірнеше
категорияға бөлуге болады:
• Оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;
• Ақпарат іздеу жүйесі;
• Модельдеу бағдарламалары, микромирлер;
• Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;
• Әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар;
• Коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инстру-
менттік құралдар.
Модельдеу бағдарламалары мен микромирлер —
бұл ерекше аз мамандандырылған бағдарламалар, оларды
компьютерде арнайы қолдану және оның кейбір мәселе-
лерін зерттеуге тура келеді.
Инструменттік құралдар деп — жаңа элек-
трондық ресурстар жасауды қамтамасыз ететін
бағдарламаларды атайды:
• әр түрлі форматты файлдар;
• мәліметтер қоры;
• бағдарламалық модульдер;
• жекелеген бағдарламалар мен бағдарламалар жиыны.
Мұндай құралдар пәндік-бағытта болуы мүмкін, сол
секілді нақты міндеттер ерекшелігі мен қолдану саласына
тәуелді болмауы да мүмкін. Білім үрдісінде қолдануға не-
гізделетін бағдарламалық құралдарда сақталатын негізгі
талаптар — бұл жеңілдік пен табиғилық, оқушының оқу
материалымен жеңіл танысуына мүмкіндік жасау. Бағдар-
ламаларға сай келетін талаптар мен сипаттамаларды HCI
(ағылшын тілінде «Human — Computer Interface» —
«Интерфейс-адам-компьютер») аббревиатурасымен
белгілеу қабылданған. Бұл сөзбе-сөз аударуды «адаммен
сұхбаттасуға арналған компьютерлік бағдарла-
малар» деп түсінуге болады.
Білімді ақпараттандыру жағдайында болып жатқан
кемшіліктерге қарамастан, оны «ақпараттық рево-
люция» деп атауға болады, өйткені қол жетерлік та-
быстар мыналар:
• ақпаратты ұсынудың жаңа формасы. Қызықты,
жанды немесе алдын ала жазылған мультимедиалық
ақпарат тек текстен емес, графикалық бейнелерден, ани-
мациядан, дыбыстан және видеоүзінділерден құралып,
Internet желісі арқылы беріледі немесе басқа телекомму-
никациялық құралдар арқылы компакт-дискілерге жазы-
лады;
• жаңа кітапханалар. Интеллектуальдық ресурстар
көлемі және табыстары өседі. Internet злектрондық кіта-
пхана каталогтарымен бірігіп, жер қашықтығы мен уақыт
айырмашылығына қарамастан, зор ақпараттар көлемін
жинауға қол жеткізеді. Әрине, мұндай кітапханалар онда
сақталатын ақпараттарға толық жол аша бермейді;
• оқу сабақтарының жаңа формалары. Студенттер
мен оқытушылардың виртуальды семинарлар және ла-
бораториялар режімінде бірігіп жұмыс жасауы, сонымен
бірге жаңа синхрондық мүмкіндік пайда болды. Бірқатар
студенттер үшін мұндай жұмыс формалары анағұрлым
ыңғайлы, өйткені дәстүрлі оқытуға қарағанда, оларға
өз мүмкіндіктеріне қарай, өздеріне қолайлы графикпен
жұмыс жасау және артық ескертулермен кездеспей
отырып ашу қызықты;
54
«Молодой учёный» . № 6.2 (86.2) . Март, 2015 г.
Педагогика
• білімнің жаңа құрылымы. Бүгінгі күні білім жүйесіне
жаңа құрылым беру үшін телекоммуникация жүйелерімен
толықтырылуы қажет, сонымен қатар білім үрдісіне ақпа-
раттық және коммуникациялық технологияларды енгізуде
жоғары біліктілікке ие мамандар керек.
Көбінесе қашықтан оқыту бағдарламалары оған ба-
рынша мол қол жеткізуге мақсатталған және оқыту
сапасына аса анық емес талаптар қояды. Мұндай
бағдарламаның білім сапасын жетілдіруі үшін орын-
дауы міндетті талаптар қатарын құрастыруға бо-
лады [2]:
• сапасы мен мүмкіндігі жоғары білім кеңістігін құру,
кәдімгі оқу орындары ұсынатын мүмкіндіктерден жоғары
білім ортасын жасау;
• Internet желісінде әмбебап компьютерлік кітапхана
құру, кез келген уақытта қолданушыға қол жеткізерлік
және кәдімгі кітапханаға көлемді ақпарат беруі тиіс;
• желі бойынша педагогтармен қарым-қатынас ұй-
ымдастыру;
• оқытушының да, оқушының да білімін компьютермен
тексеру жүйесін жасау.
Төмендегідей базалық шарттар сақталған жағдайда са-
палы білімге қол жеткізуге болады:
• қымбат тұратын технологиялар мен бағдарлама өнім-
дерін қолдану;
• іштей және қашықтан оқыту түрлерін біріктіру;
• қажетті ақпараттық ресурстарды табуды жеңілдететін
толық каталогтар жасау.
Әдебиет:
1. Селевко Г. К. Современные технологии в образовании. — М., 1998.
2. Таубаева Ш. Т. Оқытуың қазіргі технологиялары // Бастауыш мектеп. — 1999. — № 4. 5–12 бб.
3. Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. — Алматы, 2001.
4. Информационные технологии. — Москва, 2005.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын жоғары оқу орындарында
қолдану ерекшелігі
Тауипбаева Айнур Торебековна
1
, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы;
Базарова Айгерим Менильевна
1
, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы;
Абдихайымова Гулжазира Торебековна
2
, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы
1
«Болашақ» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
2
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
С
оңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде білім
беру мекемелеріне қатысты инновациялық педагоги-
калық тәжірибені үйрену, зерттеу, пайдалану төмендегідей
бағытта қарастырылып келеді:
— кафедраның профессор-оқытушылар құрамының,
университет басшыларының, білім беру мекемелері қыз-
меткерлерінің кәсіби біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арт-
тыру өз жұмыстарының құрамды бөлігі;
— университеттің әдістемелік инновациялық бағыты;
— кафедраның профессор-оқытушылар құрамының,
білім беру мекемелері қызметкерлерінің шығармашылық
дамыту құралы;
— педагогикалық зерттеу әдісі;
— педагогика ғылым мен практикасының өзара байла-
нысының нәтижесі;
— кафедраның профессор-оқытушылар құрамының,
білім беру мекемелері қызметкерлерінің педагогикалық
іс-әрекетінің арнайы түрі.
Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген «ендіру ұғымы»
«пайдалану» ұғымымен қатар қолданылады. «Ендіру» мен
«пайдалану» ұғымдарының мән — мағынасын жете ашып
алуымыз қажет: «Ендіру» — жаңаны міндетті түрде қол-
дану дегенді білдірсе, «пайдалану» жаңаны ерікті түрде
қолдануы [1].
Педагогикалық ғылыми жаңалықтарды оқу-тәрбие
үрдісіне ендіру тек қана мемлекет көлемінде ғана жүзеге
асырылып қоймайды. Қазір әрбір жоғары оқу орнында өз
зерттеу проблемаларына сәйкес жаңалықтар ендірілуде
жаңалықты ендіруде университеттің түбегейлі ерекшелік-
тері ескерілуі тиіс
Дайындық — ендіру іс-әрекетінің тиімділігінің қамта-
масыз ететін педагогикалық жағдай деңгейі, сондай-ақ
ұжымның психологиялық ахуалын қанағаттандыратын
және ғылыми-әдістемелік кешеннің сәйкестігін білдіретін,
ендірілетін тәжірибе.
Ғылыми еңбектерде жасалған талдауымыздың нәтиже-
сінде, озат инновациялық білім мен біліктіліктің минимал
деңгейін анықтайды:
— педагогикалық іс-әрекеттің арнайы түрлерін ендіру
бойынша инновациялық білімі;
— жаңаны зерттеушілік біліктілігі;
— практикада кездесетін инновациялық мәселелерді
55
“Young Scientist” . #6.2 (86.2) . March 2015
Education
ғылыми проблема түрінде қарастыра алуы;
— қарастыратын инновациялық проблеманы шешудің
өз тәжірибесінен алынған жолдарын көрсету;
— педагогикалық іс-әрекеттің жаңартылған жүйесін
жасау;
— қарастырылатын мәселе бойынша мақсатқа бағыт-
талған бақылау;
— қажетті негізгі және қосалқы инновациялық ақпа-
раттарды таба алуы және пайдалана білуі [2].
Жаңашыл мұғалімдердің 10 идеясы бар:
1. Балаларға деген адамгершілік қарым — қатынас,
әрбір оқушыны жеке тұлға деп қарау;
2. Оқушының ішкі жан дүниесін, оның мақсат — мүд-
десін, ынтасын, қабілетін, әлеуметтік жағдайларын танып
білу;
3. Оқушылармен қарым — қатынасты дұрыс құра білу,
оларды оқу-тәрбие үрдісінің әрептесі, субъектісі қылу, ба-
ланың тілегі мен ынта-ықыласын есепке ала отырып та-
нымдық іс-әрекетке араластыру;
4. Оқушыларға үлкен мақсаттар қоя білу және оқушы-
лардың сол мақсаттарға жете алу сенімін нығайту;
5. Балалар ұжымына сүйену, ұстаз бен оқушылардың
ұжымдық шығармашылығы;
6. Оқушыларға үлкен мақсаттар қоя білу және оқушы-
лардың сол мақсаттарға жете алу сенімін нығайту;
7. Оқушыларға мүмкін болған кезде, тапсырмаларды
еркін таңдау құқығын бере алу;
8. Бағдарламалық, материалдарды ірі блоктарға бірік-
тіру, тірек сызбалар мен тірек конспектілерін пайдалану;
9. Оқушыларды ұжымдық және даралық өзін-өзі тани
білуге үйрету;
10. Оқушыларды ұжымдық, қоғамдық шығар-
машылыққа үйрету;
11. Шығармашылық тұрғыда өзін-өзі басқару.
Жоғары оқу орнындағы білім мазмұнын және
құрылымын жаңартудың негізгі бағыттары жоғары мек-
тептегі білімнің мемлкеттік жалпыға міндетті стандар-
тында ерекше атап көрсетілді: ХХІ ғасырдың әлемдік және
қазақстандық білім беру жүйесінің дамуының негізгі ба-
сымдылықтары:
біріншіден — білім сапасын арттыру; психология, пе-
дагогика, тәрбие теориясы, дидактика, педагогиканың
оқыту әдістемесі пәндерің оқыту сапасын жақсарту;
екіншіден — білімде ақпараттық — коммуникациялық
технологияларды тиімді қолдану, жаңа технологияларды
жасау және тарату, инновацияларды өрістеу және ынта-
ландыру;
үшіншіден — оқыту, жұмыс орнын дайындау жұмыс
нарығы арасындағы өзара байланысты нығайту;
төртіншіден — оқытушылар мен студенттердің білімі
мен біліктілігін жетілдіру;
бесіншіден — қоғамдық ресурстарды сондай-ақ білім-
дегі инвестицияларды біріктіретін сектор аралық қатына-
старды тиімді қолдану және т. б. болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
басым бағыттарының бірі — мұғалімнің инновациялық
даярлығын қалыптастыру. Ғалымдар педагогикалық
іс-әрекетті білім берудің ізгіліктік парадигмасы негізінде
қарайды, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетін бағалау
критерийлерін қарастыруда. Мәселен, ғалым И. И. Цыр-
куннің зерттеуіне сүйенсек, болашақ педагогтардың ин-
новациялық іс-әрекетінің бағыттылығын төмендегідей си-
паттауға болады: [3].
— білім беру мазмұнын жағарту; жаңа оқу бағдарла-
масын жасау, интегративті, элективті курстар, факульта-
тивтер үшін жаңа бағдарламалар құру;
— тәрбиелеу мен оқытудың жаңа технологияларын
құру: оқытудың жаңа технологиясын жасау, тәрбиелеу мен
оқытудың жаңа іс-әрекетін анықтау;
— студенттерді дамыту мен олдардың танымдық іс-әре-
кеттерін бағалаудың диагностикалық әдіс — тәсілдерін із-
дестіру;
— білім беру жүйесін басқару мен өзін-өзі басқарудың
жаңа менеджменттік жүйелерін құрастыру.
Инновациялық іс-әрекет және болашақ педагогтардың
инновациялық даярлығының педагогикалық шарттарын
қарастыруды бастамас бұрын, біз инновацияның педа-
гогика ғылымында қаншалықты мәні барын және әлеу-
меттік — педагогикалық алғы шарттарын қарастырғанды
жөн көрдік:
Шарт — объектінің өмір сүруі үшін немесе әрекет
етудің керекті базасы негізгі ретінде көрінеді. Педагогика
ғылымында шарттарды объекивті және субъективті деп
ажыратады. Философтар шарттарды қажетті және жет-
кілікті деп бөліп қарастырды. Шарт оқиға салдарының,
заттар өзгеруінің және әлемнің объективті құбылысын
анықтаушы ретінде қарастырылады.
«Шарт» ұғымының көптеген анықтамаларын талдау
оларды төмендегідей жіктеуге мүмкіндік береді:
Біріншіден, бұл — белгілі заттың, дененің, өзін қор-
шаған ортаға, құбылыстарға қатынасын білдіретін фи-
лософиялық категория, яғни дене зат жағдайға тәуелді,
ал жағдай — ол денеге, затқа сырттай ықпал жасайтын,
объективті әлемнің алуан түрлі құбылыстары; белгілі құ-
былысты немесе үрдісті дүниеге әкелетін себепші күштен
шарттың немесе жағдайдың айырмашылығы, ал ой-пайда
болған құбылысқа, нәрсеге, затқа — өмір суретін және әрі
қарай дамуыға мүмкіндік беретін орта болуында;
Екіншіден, бұл — өзіне бір нәрселердің тәуелді
жағдайы;
Үшіншіден — бұл өмірдің, қоғамның қажеттілігіне орай
қалыптасқан ережелер, ұстанымдар;
Төртіншіден бұл — басшылыққа алынатын талаптар.
Жоғары оқу орнындағы ғылыми — әдістемелік
жұмыс — болашақ педагогтардың инновациялық даяр-
лығын қалыптастырудың алғышарттары.
Студенттің әдістемелік, инновациялық жұмысқа қа-
тысуы соңғы нәтижеде оның жеке педагогикалық жүй-
есінің, дербес педагогикалық жұмыс стилінің қалып-
тасуына ұласады. Педагогикалық инновация толық
дәрежеде әлеуметтік инновация мәнінің жалпы теориясын
инноватикаға бейнелейді. Инноватиканың әдістемелік не-
56
«Молодой учёный» . № 6.2 (86.2) . Март, 2015 г.
Педагогика
гіздерінің көмегімен педагогикалық инновация анықтама-
сының төменгі белгілерін беруге болады:
— инновация педагогика ғылымының және білім беру
саясатының әлеуметтік — педагогикалық қарама –қай-
шылықтардың шешеуші құралы ретінде;
— инновациялық идеялардың практикалық құралға
айналуы және келесі кезекте оның кеңейтілген тәжірибеде
қолданылуы;
— білім беру мен тәрбиенің әртүрлі кезеңдеріндегі
ғылыми қағидаларда, мазмұнда, ұйымдастыруда педаго-
гикалық үрдісті материалды — техникалық қамтамасыз
етуде жаңа сапа ретіндегі инновациялар;
— студент пен оқытушы арасындағы қалыптасқан
қарым — қатынас түрлерін жаңаша ұйымдастыру;
— педагогикалық қызметтің шығармашылық пен даму
мәселесін жаңалықты игеру негізінде қарау.
Инновацияның даму заңдылықтары білім берудегі
дәстүрлі көзқарастан бас тартудан пайда болады. Бұл ке-
зеңде педагогика инновация толық аяқталып қаралмады.
Прогрессивті идеялардың көпшілігі педагогикалық ин-
новацияны белгілі бір дәрежеде тереңдетіп, енгізе алады.
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің кеңейтілген
құрылымын М. Ф. Харламов береді. Алдыңғы қатарлы пе-
дагогикалық тәжірибе генезисін әр кезеңдердің бірлігіне
байланысты сипаттайды:
Бірінші кезең — педагогикалық іскерлік (теориялық,
практикалық даярлығы);
Екінші кезең — педагогикалық шеберлік (мұғалімнің
гуманистік бағыты, педагогикалық қабілеттері, педагоги-
калық техникасы);
Үшінші кезең — педагогикалық шығармашылық (оқу-
тәрбие жұмысының тәсілінің түр өзгерісі, олардың модер-
низациясы);
Төртінші кезең — жаңашылдық кезеңі (оқыту үрдісін-
дегі жаңа прогрессивті идеяларды ұсыну мен жүзеге
асыру).
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі
білім беруді дамыту тұжырымдамасының міндеттері
білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру
негізінде Қазақстандық білім беру моделінің жұмыс
істеуінің заңламалық, нормативтік, құқықтық базасын
жетілдіру; білім берудің мазмұны мен материалдық-
техникалық базасын жаңарту; білім сапасын бағалаудың
ұлттық жүйесін құру; білім беруді, ғылым мен өндірісті
ықпалдастыру; кәсіптік білім берудің сапасын арттыру
үшін нақты экономика салаларын тартудың тетіктерін құру;
әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасуды қарастырады.
Ол өз кезегінде әлемдік желі арқылы білім алу тәсілдеріне
сүйенеді [4].
Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы. — Астана, 2010 — 8 б.
2. Бұзаубақова К. Ж. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру. — Алматы, 2006.
3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. — Астана, 2007.
4. «Білім» ғылыми-педагогикалық журнал. № 1 (49) 2010 (22,23бнт), № 3.
Достарыңызбен бөлісу: |