Молодой учёный



Pdf көрінісі
бет15/16
Дата30.01.2017
өлшемі1,49 Mb.
#3041
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

«Әйел — ана» когни-

тивтік моделі аясына: Ана болған дана болады; Ананың 



алақаны — балаға айдынды қоныс; Мылқаудың тілін 

анасы біледі. Ананың сүйген жері отқа күймейді, оқ 

та тимейді; Ана жақсылығын ауырсаң білерсің; Ақ 

жаулығы ананың — ақ көрпесі баланың; Ананың 

басқан жерінде пейіш бар; Ана баласын арыстанның 

аузынан алады; Анасыз үй — панасыз; Ағайынның 

алтын сарайынан, Анаңды Меккеге үш арқалап 

барсаң да, Қарызынан да құтыла алмайсың; Ананың 

жыртық лашығы артық; Алты жеңге бірігіп ана 

болмас; Ағайын — алтау, Ана — біреу; Ана сүтін 

ақтамағанды ешкім мақтамайды; Анаңа ауыр сөз 

айтпа, атыңа ауыр жүк артпа т. б. мақал-мәтелдер 

енеді.


«Әйел — үйдің берекесі» когнитивтік моделі. Ға-

ламның тілдік бейнесінде «жақсы әйел» ер адамның 

жақсы қасиеттерін асырып, жаман қасиеттерін жасырып, 

отбасының түтінін түтетіп, үйдің берекесін, ырысын мо-

лайтатын жан екені сипатталады. Әйел — үйдің көркі, 

Еркек — түздің көркі;  Әйел — үйдің ажары; Үйді 

қырық еркек толтыра алмайды, Бір әйел толтырады; 

Әйел — үйдің ұйытқысы; Әйел — үйдің қазығы. Әйел 


66

«Молодой учёный»  .  № 6.2 (86.2)   .  Март, 2015  г.



Филология

өлсе, үйің кетеді, басыңнан күйің кетеді; Еркек үйдің 

иманы, әйел үйдің жиғаны.

«Әйел — адал жар» когнитивтік моделі. Дүниенің ген-

дерлік бейнесінде әйелге отбасы ұйтқысы ретінде берілген 

ерекше орын паремиологиялық бірліктерде жиі кездеседі. 

Ер адамды ер етіп, ел ішінде атағын асқақтатып, оның от-

басының түтінін түтетіп, жақсысын асырып, жаманын 

жасыратын да әйел екені сипатталады. Төменде кел-

тірілген мақал-мәтелдер «әйел» концептісіне жағымды 

коннотация үстейтін ұғымдар әртүрлі тілдік қолданыстар 

арқылы суреттелгенін көрсетеді. Жақсы әйел басындағы 

бағың, астындағы тағың; Ер жолдасы — қатыны, Ақ 

жаулығы болмаса; Жақсы әйел — теңі жоқ жолдас, 

Түбі жоқ сырлас.

«Әйел — үлгі» когнитивтік моделі. Жақсы әйел жа-

рының жақсысын асырар, жаманын жасырар; Жақсы 

әйел — үй дәулеті, Жақсы шапан — той дәулеті;

Дүниенің паремиологиялық бейнесінде әйел бей-

несін сипаттайтын жақсы-жаман қасиеттер қатар қол-

данылып, «әйел» концептісі төңірегінде жүйеленген 

ассоциативтік өрісін көруге мүмкіндік береді: Жақсы 

әйел — зейнет, жаман — әйел бейнет; Жақсы әйел 

жаман еркекті түзетеді; Атың жақсы болса — пы-

рағың, Қатының жақсы болса — шырағың; Жақсы 

әйел жаныңды марқайтады, Жаман әйел ерте қар-

тайтады; Жақсы әйел жаман еркектің басын хан 

қылады, Жаман әйел жақсы еркектің басын даң қы-

лады; Денің сау болса — бір бақыт, әйелің жақсы 

болса — мың бақыт; Жақсы әйел — жігітке біткен 

бақ, Жақсы жер, жайлы қоныс — алтын тақ; Жақсы 

әйел өміріңді ұзартады, Жаман әйел үстіңе тұз ар-

тады; Алған жарың жақсы болса, ат үстінен дүбір 

ет, Алған жарың жаман болса, шиге кіріп сыбыр 

ет; Жаман қатын төсегінен белгілі, Жаман жігіт 

есебінен белгілі; Жақсы әйелдің қолы ұзын, Жаман 

әйелдің тілі ұзын.

«Жаман әйел» когнитивтік моделі. Ғаламның тілдік 

бейнесінде «Жаман әйел» стереотиптік үлгісін беретін 

мақал-мәтелдер «әйелі жаман болса еркектің қадірі кетіп, 

ел алдындағы абыройы түседі» деген ой тұжырымдайды: 



Қатыны жаман — ер азар, Қарашасы жаман — хан 

азар; Қатының жаман болса, кісі алдында тіл қатпа; 

Атың жаман болса, сатып құтыларсың, Қатының 

жаман болса, қайтып құтыларсың?; Ер жігітті қар-

тайтатын үш нәрсе бар: шабан ат, жаман қатын, 

өтпес пышақ; Қатының жаман болса, Арманың 

кетер. Қапа-қасіретпенен заманың кетер!

«Жаман әйел» стереотиптік үлгісін танытуда мынадай 

қасиеттер айрықша сипатталады:

еріншектік: Еріншек қатынның етегі жыртық, 

Ерке қатынның еріні тыртық; Еріншек әйел опа 

жағады, Ерінбес әйел еңбек табады;

салақтық: Салақ қатын тұтқышқа жарымас

Салақ қатынның үйінен сабақты ине табылмас; 

Салақ қатынның етін құрт жейді, Терісін ит жейді; 

Тазалығы қатынның тарағынан белгілі;

олақтық: Олақ қатын оймақшыл, салақ қатын 

сауықшыл; Олақ қатынның пісірген сүті іріп кетер, 

илеген терісі шіріп кетер; Үш күндігін ойламаған әй-

елден без; Жанбаса — отын жаман, Жаға алмаса — 

қатын жаман;

ұрысқақтық, жеңіл ауыздық: Жақсы әйелдің 

қолы ұзын, Жаман әйелдің тілі ұзын; Қатының 

шайпау болса, кісі алдында тіл қатпа;

айлакерлік: Әйелдің күші аз, айласы көп; Бұлт 

шығып жаңбыр жаумай елді алдайды, Әйелдің айла-

кері ерді алдайды; Бір қу байтал, екі айғырды аш қал-

дырады; Бір әйелдің айласы қырық есекке жүк болған; 

Хан жарлығынан қатын жарлығы күшті;

ұятсыздық: Ұятсыз әйел — тұзсыз ас; Шыққан 

даудың себебін әйелден ізде;

арсыздық: Арсыз әйел зәрін шашады, Бәрін са-

тады. Абыройын ашады;

Қазақ дүниетанымында әйелдерді еркектерден бір саты 

төмен санаған. Осыған орай шөпжелкен, шүйкебас, салпы 

етек, төмен етек сияқты лексемалар да қалыптасқан.

«Әйел» концептісін қалыптастыратын мақал-мәтелдер 

«Әйел-ана», «Әйел-шеше», «Әйел-қыз», «Әйел-келін», 

«Әйел-тоқал», «Әйел-жесір», «Әйел-қатын» образдарын 

топтай келіп, олардың әрқайсысына тән гендерлік бел-

гілерді жинақтап көрсетеді. 

«Әйел-жесір»  когнитивтік 

моделі. Көптеген мақал-мәтелдер жесір әйелдің гендерлік 

бейнесін сипаттайды. Қазақ халқы жесірін жылатпаған, 

басқа руға, жерге көшуіне рұқсат бермеген. Осыдан келіп, 



Әйел ерден кетсе де, елден кетпейді; Жесір қатын — 

жел буаз; Әйелдің ақылын жесірінде көр, баланың 

ақылын жетімінде көр деген сияқты мақал-мәтелдер 

пайда болған.

Қорыта келгенде, тіл — этностың өмірінен, оның 

мәдениеті мен тарихынан, дүниетанымынан, ментали-

тетінен хабар беріп отырады. «Әйел» концептісін қа-

лыптастыратын мақал-мәтелдерден әйел бейнесінің 

ұлттық табиғаты жан-жақты ашылады. Қазақ тіліндегі 

«Әйел» концептісін қалыптастыратын мақал-мәтелдер 

образ жасауда, ұлттық танымның ерекшелігін көрсе-

туде, ұлттық дүниетанымды беру мақсатында, этнос 

болмысын, таным-түсінігін әр қырынан көрсетуде мол 

ақпарат береді.

Әдебиет:

1.  Кирилина А. В. Язык и гендер. — М.: Языки славянской культуры, 2005. — 624 с.

2.  Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. — Алматы: Ғылым, 1999. — 5 81б.

3.  Смайлов А. «Әйел» концептісін қалыптастыратын тұрақты тіркестердің лингвомәдени сипаты. Филол. ғыл, 

канд. дисс. автореф. — Алматы,2008. — 25 б.


67

“Young Scientist”   #6.2 (86.2)   March 2015



Philology

4.  Байғұтова А. «Қазақ әйелі» концептісінің этномәдени сипаты. Филол. ғыл. канд. дисс. — Алматы, 2008. — 

143 б.

5.  Әлімжанова А. Қазақ тіліндегі әйел қолөнеріне байланысты халықтық лексиканың этнолингвистикалық сипаты. 



Филол. ғыл. канд. дисс. — Алматы, 2008. — 24 б.

6.  Нұрсұлтанқызы Ж. Қазақ паремиологиясындағы «Ер адам» концептісі // Молодой ученый. — 2014. — 

№ 4.1. — с. 65–67.

Білге қаған даналығы және оған арналған жазба ескерткіштің құндылығы

Еңсегенұлы Тоқболат¹, филология ғылымдарының докторы, профессор; 

Тоқболат Сейілхан Тоқболатұлы², тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

¹Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан қаласы, Қазақстан) 

²«Болашақ» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Т

үркі қағандығын орнатудағы ұлы жорық әлем жұрт-



шылығына шынайы азаттыққа жетудің жарасымды, 

жайлы тұрмыс құрудың нағыз үлгісі болып қалды. Дүние 

жүзі тарихына үңілгенде ерте дәуірде қанау мен езу, қорла-

удан құтылудың ең тиімді, өміршең жолы — көк түріктер 

салған «Ұлы жорық жолы» екен. Осы әйгілі бастама 

идеясы жер шарына даңқы жайылған атақты қолбасшы, 

көсемдерге мақсат, міндеттерін айқындап берген бағдар 

шам болды. Біздің ежелгі дана бабаларымыздың түркі 

қағандығын орнатудағы ұлы жорықтарды биік қабырға та-

старға сығылыстыра сыйғызып жазып, мәңгілік мұраға ай-

налдыруының сыры осында жатыр. Түйіп білдірсек, түркі 

мемлекетін, түркі империясын орнатудағы ұлы жорықтың 

ауыр салмағы көк түрік кемеңгері Могилян — Білге қаған 

иығына түсті, соның ақыл-парасаты, тікелей басшылығы 

мен ерен батырлығы арқасында жүзеге асты.

Көк түріктердің ұлы жорықтары әлемді өзіне жалт қа-

ратқан ірі мемлекет — түркі қағандығын дүниеге әкелді. 

Бұған түркітанушы ғалым И. В. Стеблеваның: «К концу 

VІ в. превратили Тюркской каганат в мощную центрально 

азиатскую империю, которая простиралась от Каспий-

ского моря на западе до Корейского залива на востоке. 

Это могущественная держава имела политические отно-

шения с Ираном, Византией и Китаем», — деп жазғаны 

дәлел [1. 18-21-бб.]. Ал, Білге қаған билігі тұсында көк 

түріктер мұнан да кең аймақты иемденді.

Ақиқатында, түркі империясын орнатуда әкесі 

Құтлығ — Елтеріс пен ағасы Қапаған — Мочур бастаған 

ұлы жорықты әрі жалғастырып, солардың көздеген мақ-

сатын орындап, елу жыл бодандық тұтқынына түсіп, 

тоз-тоз болып, аш-жалаңаштықтың азабын тартып, енді 

маңдайы ашыла бастаған көне түріктерді ел етіп, шұрайлы 

жерге орналастырып, олардың бәрін киімі бүтін, тамағы 

тоқ дәрежеге жеткізіп, көне түріктерге, шын мәнінде, 

мол байлық, бейбіт өмір сыйлап, түркі империясын тия-

нақты орнатқан осы Білге қаған-Могилян болатын, қы-

тайша ол «Бике кэхань» деп аталды. Сондықтан Білге 

қаған көшпелілер тарихында түркі империясының іргесін 

қаласып, әрі толық орнатып берген ұлы тұлға. Түркі им-

периясының бекем орнауы тарихта соның есімімен бай-

ланысты. Әйгілі қолбасшы, батыр Күлтегін көз жұмғанда 

айналасындағы көрші елдер мен қытай империясының 

патшалығы түркі елін билеп тұрған сол Білге қаған даңқы 

үшін, соған арнайы көңіл айту үшін келді. Оны қытай им-

периясы сыйлады, айтқанын орындады.

Қырғыз халқы әйгілі «Манас» жырымен дүниеге 

түгел танылды. Тоғызыншы ғасырдың ортасында қырғыз 

мемлекеті құрылып, дәуірлеген тұстың өзінде дәу тасқа 

түсірілген ескерткіш жазбаларымен-ақ бұл халық әлемді 

таңдандырып отыр. Бауырлас өзбектер «Тумарис» атты 

эпостық шығармасымен мәдениеті ерте заманда қалып-

тасқан ел екенін мойындатты. Өзбек жұртының даңқын 

Х ғасырда-ақ әлемге жайған Әбу Әли ибн Сина мен Әбу 

Райхан Бируни ғылымның әр саласында зор жаңалық 

ашса, Әлішер Науаи жасаған даналық көркем шығарма 

ХV ғасырда дүние мәдениетінің алтын қорына барып қо-

сылды. Осылай әрі қарай тізе беру артықтау шығар.

Қазіргі аласапыран заманның сұрапыл борасыны 

жұтып қоймас үшін біздер көне мәдениетіміздің күре тамы-

рына шаң қондырмай сақтап, әсіресе, ғасырлар бойы қа-

лыптасқан бай ұлттық құндылықтарды қастерлей, бағалай 

білуіміз керек. Әйтпесе, техникалық ойы дамымаған қазақ 

халқы бір кезде тарихи аренадан көрінбей, табылмай 

қалуы мүмкін. Осындайда енді сүйенер басты тірек — 

түркілік ұлттық рухани мұралар. Атап айтқанда, бабала-

рымыз сандаған ғасырлар бойы дәу қабырға тастарға мәңгі 

жоғалмастай етіп қашап жазған аса мол мұра — көне 

түркі руна жазба шығармалары. Бұл асыл қазыналардың 

қатарына ежелгі заманда түркілердің осы төл әрпімен 

қағазға түсірілген «Алдыңды болжап бал ашатын кітап» 

атты өлеңдер жинағын да қосу керек. «Қазақ» сөзінің төр-

кіні «сақ, кас-сақ» атауында жатқанын да ғылыми негізде 

мәлімдедік [2, 56-76-бб.]. Қазақ мәдениеті, әдебиеті, та-

рихының теңдесі жоқ білгірі Ә. Марғұланның: «Қазақ 

сөзі қадымнан ескі ат. Тайпа жасауда дархан ағаш си-

яқтанып тұрады», — деп айтуының түйіні осында жатқан 

болуы керек [3, 143-б.]. Қазақ халқының таңба-белгілері 

мен көне түркі руна алфавиті арасында аз ғана айыр-


68

«Молодой учёный»  .  № 6.2 (86.2)   .  Март, 2015  г.



Филология

машылықтар бар. Тасқа түсірілген көне түркі руна жазба-

лары көптеп табылған Орхон, Енисей, Талас өзендері мен 

Алтай тауы аймақтарын ежелден қазақ халқының құра-

мына енген тайпалар мекендеген. Демек, олардың сол 

жазбаларды жасауға қатысқаны күмән туғызбайды.

Қазақ халқының ислам діні енгенге дейінгі Тәңірге та-

быну нанымы мен ежелгі дәстүрі, түркілік — ұлттық рухы 

тасқа және қағазға жазылған көне түркі руна жазбала-

рының қан таратар жұлыны болып жасалған. Бесіншіден, 

Орхон, Енисей Алтай, Талас өңіріндегі тасқа түсірілген 

көне түркі жазбалары қазақ халқына тікелей қатысты төл 

мұрасы деуге болатынын мұнан да нақтылай, айғақтай түсу 

үшін академик Ә. Марғұланның: «Ең таңсық нәрсе Алтай 

мен Моңғол жерінен табылған үңгіттер мен керейлердің 

жазулары. Көп табылған әсіресе үңгіттердің тас жазулары. 

С. Е. Маловтың көп заманнан зерттеуінше, Енисей мен 

Тува жерінде тұрған құлпытастардың таңбалары ескі үй-

сіндікі үш әліп, қаңлынікі (айтамға), өңгіт — керейт елінің 

тамғалары. Абахан өзенінің бойынан, Ачурадан табылған 

Орхон жазуы. Ол жазудың мазмұны бір ғана найман 

елінің тарихын суреттейді. Орхон жазуын көп қолданған 

елдің бірі қыпшақтар», — деген тұжырымын еске салуға 

мәжбүрміз [3, 138-141-бб.]. Осы үзікте аталған тайпалар 

қазақ халқының құрамына жататыны баршаға мәлім. Ал-

тыншыдан, тасқа түсірілген көне түркі руна жазбаларын-

дағы сөздердің мағынасына түсіну, ұғыну бізге ешқандай 

қиындық тудырмайды. Бірталай сөйлемдер қазақ тілінде 

жазылғандай болып танылады. Тізе берсе осындай бұл-

тартпас мәліметтер жетерлік.

Бұған тағы қосарымыз, бірнеше аймақтардағы сам-

саған дәу тастарға жазылған көне түркі руна жазбалары 

осы кезге дейін арнайы, толымды түрде зерттелінген емес. 

Орхон ескерткіштері ішінде Күлтегін мен Тоныкөк жаз-

балары ғана ертеректе шығыстанушы бірсыпыра ға-

лымдардың назарына ілігіп, жалпылама түрде сөз болып, 

долбар тұжырымдар жасалынды. Ақиқатында, көне түр-

кілердің бірталай аймақтарда самсаған тастарға жа-

зылған шығармалары, тіпті, келелі сөз болған емес. Соған 

сәйкес, көне түркі руна жазба шығармаларын кешенді 

түрде тұтастай алып зерттеп, барлық сыр-сипатын ашып, 

шынайылықпен ғылыми тұжырымдар жасап, біздің ба-

баларымыз Орхон, Енисей, Талас, Алтай, Турфан өңір-

леріндегі көне түркі руна жазба ескерткіштерін жазу және 

жасауға өз үлестерін қосқанын нақтылықпен айқындап, 

қазақ халқының жазуы, таңба-бейнесі, мәдениеті, әде-

биеті ежелгі заманда-ақ қалыптасқан өркениетті ел екенін 

әлемге жария ету, мойындату керек. Ғаламдану тұсында 

да, қай заманда да қазақ халқын жаһанға танытатын осы 

бабалардан қалған мол мұра — көне түркі руна жазба 

шығармалары.

Содан кейінгі күрделі міндет мынау: шығыстанушы 

шетел ғалымдарының бірсыпырасы әр өлкелердегі көп-

теген қабырға, қой тастарға түсірілген көлемді жазбалар 

көне түркі жазба жәдігерлері екенін ғана ашты, әрі қарай 

зерттеуге бармады. Бәлкім, түркі халықтары өздері зерттеп 

алсын деген шығар. Сондықтан осы тың да аса күрделі са-

ланы кең тұрғыда сөз етіп, біліктілікпен талдау жасап, 

барлық жұмбақ құпияларын ашып, әлем жұртшылығына 

соны ғылыми жаңалықтар сыйлайтын салиқалы еңбектер 

ұсыну қажет.

Біздің бұл зерттеу жұмысымыз әуелден-ақ, осындай, 

бірнеше күрделі мақсаттар мен міндеттерді қоса қамтып 

шешетін нәтижелі жоспарға сай жүргізілді. Кейбіреуін 

атап көрсетсек, кез-келген жазба ескерткіштің қазақ 

халқына қатысы қандай деген сұрақ үнемі есте ұста-

лады. Мысалға, біздің кең тұрғыда талдау жасағалы оты-

рған Орхон бойындағы Білге қаған жазба ескерткіші 

де, осы өңірдегі қабырға тастарға түсірілген өзге де көне 

түркі руна жазбалары да қазақ халқына тура ортақ мұра 

болып табылады, оған дәлел етер дерек, мәлімет, ғылыми 

тұжырым жетерлік.

Бұл байламымызды И. Қабышұлының: 

«П. И. Ядринцев Орхон өзені бойындағы «Хошөө цайдам» 

деген жерден таңбалы жазуы бар ескерткіштер кесенесін 

табады. Бұл мұнан 1000 жыл бұрын найман мемлекетінің 

астанасы болған Қара Қорым қаласынан 32 шақырымда 

орналасқан-ды. Орхон өзені осы Қара Қорым қаласын 

қақ жарып ағып жатыр. Найман мемлекеті 1204 жылы 

Шыңғысханнан жеңіліп, ата қонысынан аластатылған. 

Е. Л. Клеменц ертедегі Керей мемлекетінің астанасы «Төр-

хурах», қазақша Би-төбеден 16 шақырым жерде орна-

ласқан аса мол ескерткіштер кешеніне тап болады. Бұл — 

қазіргі Ұлан-Батордан 36 шақырым жердегі Налайхан тас 

көмір кешенінің алдындағы әйгілі Тоныкөк ескерткіші», — 

деп келтірген мәліметі нақтылай түседі [4].

И. Қабышұлы жазған еңбектен келтірілген үзік-

тегі таңбалы жазуы бар ескерткіштер табылған «Кошөө 

цайдам» — әйгілі Күлтегін жазба ескерткіші орнатылған 

жер. Сол Күлтегін ескерткішінен 500 метр жерде біз ар-

найы алып сөз етіп отырған Білге қаған жазба ескерт-

кіші тұрғызылған. Сонда наймандардың астанасы болған 

Қара Қорым шаһарының маңынан дәу қабырға тастарға 

көне түркі руна әрпімен түсірілген, аса көлемді әрі құпия 

жазбасымен дүниені таңдандырып, дүр сілкіндірген Күл-

тегін және Білге қаған мәдени ескерткіші, керейлердің 

астанасы болған «Төр-хурах» қаласы маңынан Тоныкөк 

ескерткіші табылып отыр.

Наймандар ежелгі заманда-ақ қазақ халқының құра-

мына кірген, қазірде де солай. Сондай-ақ, керейлер де 

қазақ халқының құрамына ерте заманнан енген аса көне 

әрі мықты тайпалардың бірі. Наймандар және керейлер 

тарих сахынасына Ғұн, Үйсіндердің ізін ала шыққан, Орхон 

жазуын меңгерген, өздерінше мемлекет атанған елдер. 

Олар салдырған қалалар жетерлік. Бұған Ә. Марғұланның 

кереймен үңгіттердің (уақ) жеріндегі үлкен қаланың бірі 

«Қатун сыны». Керейлер ғұн әдеті бойынша маралды 

ерекше қадірлеп, оған табынып жүрген. Наймандардың 

монғол дәуірінде қирап қалған қаласының аты «Ақбалық». 

Қара Қорым астанасында ел басқарған хандар, сұлтандар, 

бектер тұрған. Көп ғасырлар ішінде алдымен Орхон 

жазуын одан кейін ұйғыр жазуын өзіне дәстүр қылған 

елдер қыпшақтар, наймандар, керейлер, үңгіт-уақтар, 


69

“Young Scientist”   #6.2 (86.2)   March 2015



Philology

меркиттер, барлығы ерте кезде үкімет құрған қазақ ұлы-

сының тайпалары», — деп жазғаны негіз [3, 137-139-бб.].

Ә. Марғұлан еңбегінен келтірілген кішкентай үзікте 

біраз мәселе қамтылып айтылған. Осындағы әр сөз өз ал-

дына жеке зерттеуді сұрап тұр. Мысалға, қазақ құрамына 

енген жоғарыда аталған тайпалардың көне түркі (Орхон) 

жазуынан кейін ұйғыр жазуын игеруінің бірнеше себебі 

бар. Ұйғыр жазуы көне түркі жазуынан кейін туындады. 

Ұйғырлар түркі мемлекетін құлатып, аз уақыт болса да өз 

үстемдігін жүргізді. Сол тұста қарым-қатынас, келісім-

шарт үшін қазақ құрамына енген тайпалар ұйғыр жазуын 

меңгерген болса керек. Сол сияқты, Ә. Марғұланның 

«қазақ ұлысының тайпалары» деп атауында зор маңыз 

бар. Қысқа айтсақ, қазақ халқы скиф-сақтар дәстүрін сол 

күйінде қабылдап, сақтап, жалғастырды. Қазақ халқының 

құрамында көптеген тайпалардың болуы да содан. Атақты 

ғұлама Ш. Уәлихановтың зерттеуінше «қазақтың ескі 

дәуірдегі аты «Алаш» деп аталған» [3, 142-б.].

Иоллығ-тегін туралы Л. Н. Гумилевтің: «Бұл жазушы 

әрі тарихшы, екі орхондық жазу текстінің авторы еді. Өз 

әкесінің саясатын жалғастыра отырып, ол шиеленісті 

жағдайдан шығу жолын табуға тырысты», — деп жазғаны 

ептеп жөнге соғады [5, 328-б.]. Шын мәнінде, Иол-

лығ-тегін туабітті дана, ірі ақын, ақылды қаған, білікті са-

ясаткер, терең білімді ойшыл, тарихи тұлға. Иоллығ-тегін 

жасаған шығармасына өмірдегі шындық оқиғаны арқау 

еткен. Л. Н. Гумилев ол тасқа түсірген жазбаны тарихи 

дерек үшін пайдаланған, өз ыңғайына қарай бұрып, оны 

тарихшы деп атаған.

Орхон бойында бүгінгі күнге дейін табылып жария 

болған 25-тен астам көне түркі руна жазба ескерткіштері 

бар. Кейбір зерттеушілердің биік тастардағы көне түркі 

жазбаларын: құлпытастарға түсіріп, қабыр басына қой-

ылған жоқтау жыр деп ұйғарым жасағаны сондай сәуе-

гейлік болжамнан туындаған. Келешекте әлгіндей жо-

балап жазылған болжамды ойсыз қайталап айтушыларға 

тоқтау болу үшін бұл рухани мұралардың бірі Білге қаған 

жазба ескерткішінің сыр-сипатын, өзіндік ерекшелігін 

шынайылықпен көрсетуді басты нысана еттік.

Әдебиет:

1.  Поэзия древных тюрков VІ-ХІІ веков. — М: Раритет, 1993. — 170 с.

2.  Еңсегенұлы Т. Көне түркі руна жазба поэзиясы. — Алматы: Білім, 2007. — 350 б.

3.  Марғұлан Ә. «Тамғалы тас» жазуы // Жұлдыз. — 1984. — № 1. — 143 б.

4.  Қабышұлы И. Халқымыздың өркениетке қосқан асыл мұрасы // Егемен Қазақстан. — 2004. — 20 наурыз.

5.  Гумилев Л. Н. Көне түріктер. — Алматы: Білім, 1994. — 502 б.



Значимость процесса номинализации в номинативной системе русского языка

Шумейко Надежда Емельяновна, кандидат филологических наук, доцент

Университет «Болашак» (г. Кызылорда, Казахстан)

В

 ходе развития языка в результате межкатегориального 



взаимодействия частей речи (имени и глагола, имени 

и прилагательного) возможно распространение призна-

ковой энергии. В случае взаимодействия глагола-существи-

тельного происходит усиление глагольности и оглаголивание 

имени. В случае взаимодействия прилагательного — суще-

ствительного — происходит усиление признака качествен-

ности и «окачествления» существительного. Иными сло-

вами, осуществляется процесс номинализации.

При всей похожести номинативной и словообразова-

тельной деривации, однако, «в отличие от производного 

слова-результата словообразования, в котором мотивиру-

ющий элемент представлен как часть данного производ-

ного слова, в деривационном словосочетании — резуль-

тате аналитической деривации мотивирующий элемент 

представлен отдельным словом. В результате словообра-

зовательной деривации появляется слово, тогда как номи-

нативная деривация порождает аналитическую номина-

тивную единицу.

Процесс номинализации можно разбить на ступени, 

выстроив результаты этого процесса в ряд: Премиро-

вать — премирование — выдать премию; паспортизиро-

вать — паспортизация — осуществлять паспортизацию; 

монополизировать — монополизация — осуществлять 

монополизацию; модернизировать — модернизация — 

осуществлять модернизацию;

Ореховый цвет — цвета ореха — цвета лесного ореха, 

цвета спелого ореха; шоколадного цвета — цвета шоко-

лада — цвета горького шоколада; медовый цвет — цвета 

мёда; брусничного цвета — цвета брусники — цвета дав-

ленной брусники — цвета — спелых ягод брусники;

Как видно, содержание одного и того же явления дей-

ствительности, в данном случае процессуального признака, 

имеет две формальные возможности выражения: словом 

(суффиксальное образование) и словосочетанием (ана-

литическим наименованием). Образуется номинативный 

ряд, цепь номинатов, признаковая парадигма с синтетиче-

ским и аналитическим формами выражения признакового 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет