43
“Young Scientist” . #6.2 (86.2) . March 2015
Education
Ал, дене тәрбиесінде студенттерді күнделікті теори-
ялық, практикалық сабақ барысында батылдыққа, із-
гілікке, ерік-жігерлі болып тәрбиелеуге мүмкіндік мол.
Ізгілік мінез бен қасиет рухани білім — деңгейдің нәти-
жесінде қалыптасады. Тек бұлшық етінің бұлтыңдануын
көздеп, ой санасын ізгілік қасиетін дамытпау рухани ке-
дейлікке, ой тоқыраушылығына жетелейді.
Дидро қағидасында «кім оқуды тоқтатса, сол ойлауды
да тоқтатады», — делінген. Ал, ағымдағы басылымдарды
былай қойғанда ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырған
көптеген қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармаларын оқуға
ықпал жасалуы керек. Қазір айтылып жүрген «Абайды»
оқымаған жартылай қазақ деген пікірге құлақ түрген
дұрыс та болар. Ал, Сәбит Мұқановтың «Мөлдір маха-
ббат», «Өмір мектебі», І. Есенберлиннің «Көшпенділер»,
С. Ерубаевтың «Менің құрдастарым» аттыромандары
сөз жоқ студенттерді ізгілік-адамгершілікке тәрбиелейтін,
тәрбиелік мәні бар романдар.
Әдеби көркем шығармаларды студенттерге ұсынудың
мәні зор. 4 жыл бойы бірде-бір әдеби кітаптар оқымай,
институт, факультет деңгейінде өткізіліп жататын әр-түрлі
тақырыптағы пікірталас, кездесу кештеріне қатыспайтын
студенттердің рухани деңгейі, дүниетанымы жүдеу көрінеді.
Топ тәлімгері осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін өз
тәрбие жоспарында мына тақырыптарды қамтығанын
құптар едік:
1. Студенттердің еңбектену қабілетін арттырып іскер
болуға үйрететін;
2. Рухани-мәдени деңгейін жетілдіре түсетін;
3. Дене тұлғасын сомдап шыныға түсетін, бос
уақытты тиімді пайдалану бағытында;
4. Ой, дене еңбегін ұштастыра білуге баулитын;
5. Ерік-жігерін және саяси көзқарасын шыңдап қа-
лыптастыратын;
6. Өмір қиындықтарын, тауқыметтерін жеңе білуге
бағытталған;
7. Түрлі ауру, науқаспен саналы күресуге бағыт-
талған.
Студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының
түрлерін, тақырыптарын, топ жетекшілері (тәлімгерлер)
топ ерекшеліктеріне сай, олардың талғам-мүддесіне
бағыттап үнемі жүргізіліп отыруы керек.
Әдебиет:
1. Аяғанова А. Отбасы және тәрбие / Білім-обазование. — 2005. — № 6.
2. Егізбаев Ж. Деніңіз сау — өміріңіз өнегелі болсын / Қызылорда, 2009. — 25–36 б.
Ұлттық спорттың танымдық және тәрбиелік мәні
Қуатбеков Шеризат Ниталыұлы, педагогика магистрі, аға оқытушы;
Есіркепов Жандос Мергенбайұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
Қ
азіргі уақытта бүкіл тарихи, мәдени — адамгершілік,
рухани құндылықтарымыз жаңа ғасыр, жаңа заман
тұрғысынан қайта бағаланып, ұлтымыздың төл мәдениеті,
салтымыз, тіліміз, ұлттық намысымыз, табиғи ортамыз,
ұлттық мәдениетіміз бекіп, жаңғырып, дамып, өркендеуде.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында:
«Білім беру жүйесінің міндеттері ретінде азаматтық пен
елжандылыққа, өз Отаны — Қазақстан Республикасына
сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,
халық дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, басқа
да тілдерді меңгеруді» — міндеттейді [1].
Ал, бүгінгі таңда жеке тұлғаны дамытуды жаңаша
көзқараспен қарап, оны әлемдік ғылым мен прогресс дең-
гейіне сәйкес білім мен ғасырлар бойғы қалыптасқан
тәрбие әдістері мен тәсілдерін ұштастырып, өмір тәжіри-
бесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық пен
инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, дарындылық, қайы-
рымдылық, енбексүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат
көрсету сияқты қасиеттерді, сондай-ақ, жас ұрпақтан өр-
кениетті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай
алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалай алатын дені
сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті азамат
тәрбиелеу қажет [2].
Әрбір әдепті ұрпақ халық дәстүрін, ата кәсібін, халық
мұрасын жоғары бағалайды. Ата кәсіп — атадан балаға
ауысып келе жатқан тіршілік мұрасы, мұрагер жалғасты-
ратын дарынды әрекет болса, халық дәстүрі имандылыққа,
қайырымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Қазақ
халқының әдет-ғұрып, салттары мен дәстүрлері өзінше бір
ғажайып әлем.
Халықтық тәрбиенің қайнар көзі: ұлттық дәстүрлер,
әдет-ғұрыптар, ауыз әдебиетінің туындылары, өнер түр-
лері, ұлттық ойындар, отбасы тәрбиесі, тағы басқалары.
Ойын — тіршіліктің нышаны, еңбекке бейімделудің
белгісі, дене шынықтыру мен сергудің құралы. Кез-келген
қазақ халқының ұлттық ойындарының тәрбиелік мақсат-
тары бар. Мысалы: «Асық» ойыны бағдарлыққа, дәлдікке,
мергендікке, ептілікке үйретсе, доппен ойын бүкіл де-
ненің тұтас қимылдап, шынығуына себепші болады. Ойна-
удың түрлерін: «қауымдасып ойнау, одақтасып ойнау, жеке
44
«Молодой учёный» . № 6.2 (86.2) . Март, 2015 г.
Педагогика
ойнау» деп, мазмұнына қарай оларды «тұрмыстық ойындар,
шынығу ойындары, кәсіптік ойындар», ал жас ерекшелік-
теріне байланысты «спорттық ойындар» деп бөледі.
Халқымыздың өткен заманда жасаған өнегелі тәжіри-
бесі бізге қалдырған ой-парасаттық мұрасы мол. Бүгінгі
ұрпақ бұрынғылардың ақыл-кеңесіне құлақ асса, адаспай,
абыржымай, жаңылмай, жаза баспай арман — тілегіне
неғұрлым тезірек жетуге жол табады екен. Әр замандағы
ақылмандар айтып кеткен даналық сөздер тірліктің барша
саласына қатысты, халықтың тәлімі қарастырмайтын
бірде-бір мәселе жоқ. Өйткені тәрбие — өмірдің өзекті
мәселесі. Олар өмір сүру үшін ғана жазбаған, керісінше,
жазу үшін өмір сүрген. Өмір сүруді — өмірдің өзінен үй-
рену керек деп ескерген, өнегелі ғибраттарын, кітаптарды
ауызша сөзбен қалдырған.
Ақылшы ғұлама ұстаз-ақын, әмбеге аян әулие баба-
мыздың өсиеттері өскелең өмірімізге өнеге, өсер өрен-
дерімізге — тәлім-тәрбие, ісімізге — нұсқа.
Ұлы тәлімгер Мұхаммед Хайдар Дулати тарихи тұлғалар
туралы мәлімет бергенде, олардың тәлім-тәрбиелік ерек-
шеліктерін көркем сипаттап, болашақ ұрпаққа оларды үл-
гі-өнеге қылып көрсете білген [3].
Ал, Ыбырай Алтынсарин еңбектерінде діннің тәрби-
елік мәнін жоғары бағалады. Ұлағатты ұстаз ислам дінінің
аяттарындағы адамгершілік, имандылық, қайрымдылық,
мейрімділік қағидаларын өзінің педагогикалық көзқа-
растарына негіздей отырып, терең түсіндірді. Мысалы,
«Намаз оқу мен ораза тұту парыздарының рухани тәрби-
елікте, денсаулыққа да мәні зор екенін, жан мен тәнді шы-
нықтыратынын» былай деп көрсеткен: «Тысқары парыз:
дегені дұрыс қимылдату, қолды, аяқты, басты қимыл-
дату — бұл тән тәрбиесіне арналады; ал ішкі парыздың
ой-пиғылды намазға арнап, беріліп оқуы — жан тәрби-
есіне арналады» [4].
А. Байтұрсынов халықтық педагогика ғасырлар бойы
еліміздің тәлім-тәрбиенің пәрменді құралы қызметін
атқарып отырғанын анық көрсеткен [5]. А. Байтұрсынов
1922 жылы «Тәні сұлудың — жаны сау» деген еңбегін
жазды. А. Байтұрсынов бала тәрбиесін тек білім, тіл, ақыл
тәрбиесі деп, біржақты емес, сонымен бірге тән сұлу-
лығына да көп көңіл бөлген [5].
Тән мен жан сабақтас, екеуі бірінен-бірі айырғысыз.
Тәнсіз жан жоқ, жансыз тән тұра алмайды. Олар өзара
бір-біріне байлаулы, бірінің жайына бірі қарайды, біріне
келген кемшілік біріне білінбей қоймайды. А. Байтұр-
сынов өз еңбектерінде тек тән мен жан байланысын көр-
сетіп қоймай, дене тәрбиесіне керекті мәселені атап көр-
сетті:
1. Мерзіммен күнтәртібін сақтау, таза ауа, тамақ,
сусын.
2. Тән қызметі дұрыс болу үшін дене шынықтыру, гим-
настика, ат спорты, ұлттық қимыл ойындары.
3. Дененің әртүрлі мүшелерінің қызметін дұрыс
басқару, дұрыс атқару, тамақ қорыту, қан айналу.
Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» аты еңбегі қазақ
топырағында тұңғыш жарық көрген нағыз ұлттық — пе-
дагогика оқулығы. Сол еңбегінде М. Жұмабаев сөз ба-
сында: «Тәрбие деген не?» — дейді де, оған жауап бере
келе, оны дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі,
құлық тәрбиесі деп төртке бөледі. «Егерде адам бала-
сына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел
болғаны», — дейді. «Балам адам болсын дейтін ата-ана
осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын», — деп жазып,
оларды ұлттық тәрбиенің құрамдас бөліктері деп санайды.
1. Ең әуелі дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оны
физиологиямен, математикамен, эстетикамен, бала пси-
хологиясымен ғылыми байланыстырып, талдау жасау
арқылы, халық педагогикасын пайдалана отырып, бұл
тәрбиені іске асырудың жолдарын көрсетіп берді. «Дене —
жанның қабы», «Дені саудың жаны сау», — дейді.
2. Дене тәрбиесінің өзін 19 бөлімге бөліп, осы әр бөлім-
дерге жеке-жеке тоқтап, түсініктеме беріп педагог ретінде
нақтылы дәлелдермен бекітеді [6].
Адам қимылының шын мәнімен жетілгендігі сол қи-
мылды қажет еткен саналы әрекетке тікелей байланысты.
Әрекетті құрайтын қимылдар тобы белгіленген мақсатқа
орай басқарылады және реттеледі. Дәл осы орындалатын
әрекеттің нәтижесі қойылған мақсат тұрғысынан баға-
ланады, қажет болса оған түзетулер ендіріледі. Адамның
көздеген мақсаты нақты осы мезетте көрінбейді, ол ендігі
орындалатын әрекеттің жемісі.
Халқымыздың зиялылары ұрпақ тәрбиесін жас ке-
зеңнен бастауды және де оның дене күші мен рухани күшін
бірдей жетілдіріп, дамытуға аса мән берген. Олар баланы
жас кезінен бастап, туған халқының әдет-ғұрпы, салт-
дәстүрі, мәдениеті, ана тілі арқылы тәрбиелеу керектігін
өз еңбектерінде айқын көрсетті.
Дене шымыр болмай, оның әлсіз жетілгеніне қара-
мастан, ақыл-ой құрылысы мен қызметінің арасында үй-
лесімдіктің мұндай тең болмай ауытқуы жазасыз қал-
майды. Ол өзінің дене әлсіздігін байқатады: адам ойлап
түсіне білуі мүмкін, алайда ойлаған идеяларын жүйелі
түрде тексеруден өткізіп, оларды іс жүзінде жүзеге асыру
үшін қажыр-қайраты жетпейтінін көреміз. «Күшін біл-
меген күшенер» деген осындайдан айтылса керек.
Адамның дені сау болуы бірқатар факторларға — оның
психикалық күшіне, өзін-өзі ұстай білу сезіміне, қара-
ма-қайшылықты дер кезінде жоюға, эмоциялық дау-жан-
жалды жеңуге, отбасы, ұжымдардағы адамдар арасын-
дағы әртүрлі мүдделер мен өркөкірек мінезді үйлестіретін
қарым-қатынастың қалыптасуына байланысты болады.
Олар үш топқа бөлінеді:
1) топтағы ерекшелік — белсенділік пен мақсатқа
ұмтылу.
2) топтағы сипат жігерсіздікпен және сезіп қана қо-
юмен шектеледі.
Мұндай адамның әрекетсіздігі кейде оның ішкі жан-дү-
ниесінің қайшылықтарына, әсіресе өмірдегі өз орнын таба
алмай ауытқу себебіне байланысты.
Оқыту мен тәрбиелеу өзінің мазмұны бойынша ха-
лықтың көпқырлы әрі терең дәстүрлері мен ұлттық психо-
логиясының көрінісі болып табылады.
45
“Young Scientist” . #6.2 (86.2) . March 2015
Education
Әр халықтың өзіндік сана-сезімі мен ішкі рухани үдері-
стеріне байланысты оқыту мен тәрбиелеудің бағыттары
тарихи кезеңдегі қалыптасуы жүзеге асып отырады. Сон-
дықтан ұлттық-психологиялық ерекшеліктер оқыту мен
тәрбиелеудің мазмұнын анықтай отырып, мынадай прин-
циптер арқылы жүзеге асады:
— педагогикалық әсер етудің этнопсихологиялық де-
терменизмі принципі- оқыту мен тәрбиелеу үдерісі ха-
лықтың ұзақ уақыттағы, тарихи кезеңдердегі дәстүрлері
мен мұраларына, халықтың ұлттық-психологиялық ерек-
шеліктері мен әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени
дамуына бағытталуын қарастыруы;
— педагогикалық қызмет пен халықтық түсініктердің
өзара бірлігі принципі— халықтың тарихи кезеңдерде қа-
лыптасқан ұлттық сана, ұлттық рух пен құндылықтар не-
гізіндегі білімі мен тәжірибесін, біліктерін педагогикалық
үдерісте сабақтастықта қолдану;
—
халықтық педагогика идеяларының арнайы
(кәсіптік) білім беру жағдайындағы ықпалдастығы прин-
ципі— халықтық дәстүрлер, мұраларын педагогикалық
шараларды ұйымдастыруда, белгілі бір кәсіпке сәйкес не-
месе болашақ мамандығына ықпалдастыру;
— халықтық мұраларды педагогикалық процеске бей-
імдеу және оны дамыту принципі — студенттің кәсіби
іс-әрекетіне дайындығы барысында халықтық педа-
гогика материалдарының мәнін жете түсінуі, оны қы-
зығушылықпен қабылдап, практикада қолдану және
ұлттық құндылықтарды дамытуға, жетілдіруге ат салысу
т. б. қарастырады;
Сонымен, жоғарыда келтірілген теориялық талдаулар
зерттеліп отырған мәселенің қазіргі таңда жастарымы-
здың қазақ елінің ардақты, рухани санасы мен мәдениеті
қалыптасқан жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызы зор
екенін көрсетіп отыр.
Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылға дейінгі даму бағдарламасы. Білім және
ғылым хабаршысы — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігі, 2004. — № 1.
2. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті. Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы. Астана: Елорда, 2006. — 48 б.
3. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау: Теориясы және практи-
касы. — Алматы: «Нұрлы әлем», 2004. — 304б.
4. Алтынсарин Ы. Шығармалары. — Алматы: «Жазушы», 1990. — 201б.
5. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. — Алматы: «Ана тілі», 1992. — 448б.
6. Жұмабаев М. Таңдамалы. — Алматы: «Ғылым», 1992. — 272б.
Мектеп оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамыту
Оразымбетова Мақпал Орманқызы, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы;
Аяғанова Гүлжайна Абайқызы, студент
«Болашақ» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
Қ
азіргі жаһандану заманында еліміздің әлеуметтік-эко-
номикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, мә-
дени дамудың әлемдік деңгейіне көтерілуге бет бұру ке-
зеңінде, қоғамның сұранысы өсіп тұрған шақта дарынды
балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруын
қамтамасыз етудің маңыздылығы артуда.
Оқу тәрбие процесінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана
отырып, оқушылардың қабілетін арттыруға бағытталған
жұмыс түрлерін ұйымдастыру кезек күттірмейтін міндет-
тердің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда жаңа талап,
жаңа заманға сай оқушыларға тәлім-тәрбие мен білім
берудің басым бағыттарында дарындылықты айқындау,
ақыл-ой, интеллектуалдық шығармашылығын дамытуға
баса назар аударылуда.
Адам қабілеттілігінің даралық ерекшеліктеріне дарын-
дылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді [1].
Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қай-
тпас қажырлылық таныта алады. Бұл қасиеттің адамдағы
көрінісі 2–3 жасар баланың бір іспен үзбей шұғылдана
алу уақыты, басқа қатарларымен салыстырғанда әл-
деқайда ұзақ болады. Дарынды бала өзін қызықтырған
іспен бірнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бір-
неше күндер бойы қайта оралып, көздегеніне жетпейінше,
әрекетін тоқтатпайды.
Дарындылықтың дәрежесінің артуы қажетті білімдер
мен ептілік, дағдыларды игеріп, жетілдіріп дамытуға ті-
келей тәуелді.
Дарындылықтың өзіндік ерекшелігі ең алдымен қы-
зығушылық бағдарға байланысты.
Дарынды балалар — жалпы және арнайы дарын-
дылығын (музыкаға, сурет, техникаға т. б.) байқатқан
балалар. Дарындылыққарқыны бойынша басқадай
46
«Молодой учёный» . № 6.2 (86.2) . Март, 2015 г.
Педагогика
жағдайлар бірдей болғанда баланың өз құрдастарының
озықтық дәрежесі бойынша диагностикалау қабылданған
(ақыл-ой дарындылығы тестері осыған негізделген).
Мұндай көрсеткішті асыра бағалауға болмайды, өй-
ткені ақылдық шығармашылық жағының бірінші дәре-
желі маңызы бар. Басқалардан бұрын балалардың көр-
кемдік дарындылығын (музыка саласындағы, одан соң
сурет салуда) байқауға болады. Ғылым саласында бәрінен
гөрі математикаға дарындылық тезірек байқалады. Ба-
ланың жалпы ақыл-ой деңгейі мен неғұрлым арнайы қа-
білеттіліктің көркемдігі арасында алшақтық болатын
жағдайлар аз емес. Ақыл-ой қабілеті тым ерте дамыған,
ерекше айқын жетістіктерге жеткен балаларды вундер-
киндтер деп атайды. Алайда, баланың тіпті ең үздік деген
жетістіктерінің өзі болашақ таланттың жеткілікті кепілі
бола алмайды. Туа біткен бейімділіктер индивидумдық
психологиялық ерекшеліктердің қалыптасуының күрделі
процесінің бір шарты ғана, оның бәрі қоршаған ортаға
байланысты. Балада ерекше қабілеттіліктер болуының
нышандары оның жасынан ажырағысыз: олар көбіне ке-
мелдену қарқынына және жастық өзгерістерге байла-
нысты.
Баланың дарындылығы деп — бірдей өмір шартында,
өз құрбыларымен салыстырғанда оқуға қабілеттілік және
шығармашылық құбылыстары жоғары болып табылуы
түсіндіріледі.
Оқушының шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді
әдіс — тәсілдермен дамыту мұғалімнің шеберлігі мен білік-
тілігіне байланысты. Мұғалім оқу мазмұнын түсіндіруде
оқушы санасына «ұғыну», «ой операцияларын» меңгер-
теді және оқушыны танымдық белсенділігі мен өздігінен
білім алу жолдарына қалыптастырып, оларға бағыт беріп,
жолдарын көрсетуі керек. Қарама-қарсы нәрсені салы-
стыра алушылық, түсініксіз жағдайды таба білушілікпен
өз бетімен жұмыс істеуге оқушы үйренеді.
Дарынды балаларды теориялық деңгейде оқыту үшін
арнайы бағдарлама мен білікті мұғалім қаншалықты
қажет болса, соншалықты оқу- танымдық қызметін шебер
ұйымдастыруға болатыны сөзсіз.
Білім беруде заман талабына сай жаңа педагогикалық
технологияларды ендіре отырып, оқыту үрдісін демокра-
тияландыру және ізгілендіру, субъект- субъект қатынасын
қалыптастыру, жалпы білім беретін орта мектеп оқушы-
ларына білімнің эмпирикалық деңгейден теориялық дең-
гейдегі білім алу әдіс-тәсілдерін меңгеру процестері басты
назарға алынуда. Осы орайда, әр оқушыға тән даралық —
интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін,
бейімділіктерін ашу және дамыту сияқты мәселелер бір-
те-бірте шешілуі тиіс.
Жалпы, дарынды балалардың дамуына жақсы ықпал
ету — оқыту процесін тиімді ұйымдастырып жүргізумен
тығыз байланысты. Соның бір мәселесі ретінде оқушы-
лардың теориялық ойлауын дамыту әдістері арнайы қара-
стырылып, ол әдістердің жан-жақты қырларын тану және
ойлауын тереңдете дамыту мақсаты алға қойылып отыр.
Мектепте оқитын балалар мен дарынды балалардың
өзіндік ерекшеліктері бар болғандықтан, оларды бірге
оқыту керек пе немесе мектептегі оқу бағдарламасы да-
рынды балалардың жан-жақты қабілетін дамытуға ықпал
ете ала ма деген сұрақтар әлі күнге дейін көптеген зерт-
теуші-ғалымдардың назарында жүр. Дегенмен, білім беру
саласындағы практиктер мен ғалымдар қабілеті жоғары,
танымы мен ойлауы дамыған балаларды оқыту өзгеше
болу қажеттілігін негіздеуде.
Дарынды балаларды оқыту бағдарламасы олардың
мүмкіндіктері мен талаптарына және осы деңгейдегі
оқушыларды оқыту мақсатына сәйкес келуі тиіс. Сон-
дықтан, ең бірінші оқыту мазмұнының басты деген талап-
тарына тоқталайық:
— оқу пәндерінің сандық және сапалық ерекшеліктері;
— оқыту мазмұны әрбір оқу пәнінің мазмұны шығар-
машылық жұмыстарға бөлінуі;
— тақырыптық тараулар мол мазмұнды және зертте-
ушілік сипатта болып келеуі;
— әр тарау көлемі мәліметтер қорына байланысты
түрлі мөлшерде берілуі.
Бұл тәсіл оқытудың негізгі бағыттарына, яғни білім,
білік, дағдыны шығармашылық тұрғыда меңгерулеріне
жақсы әсер етеді. Мұндай әдіс оқытудың жаңа бағыттарын
шешуге, яғни балалардың қабілетін жүйелі ой санасының
шығармашылық ойлауын ашып, одан әрі дамытуға мүм-
кіндіктер беретіндей болуымен маңызды.
Бағдарлама бөлімдері арасында және пәндер арасында
өзара мазмұнды қарым-қатынас болмауы оқушының
жүйелі ойлауы мен шығармашылық қабілеттерінің да-
муына кері әсер етеді. Нәтижесінде баланың дүниеге
деген тұтас, жалпы көзқарасын қалыптастыруда қиын-
дықтар туады. Мұндай балалардың абстрактылы идеялар
мен теорияға қызығушылығы мектеп бағдарламасынан
тыс қалуы баланың сабақтан жалығуына ықпалын тигі-
зеді.
Шығармашылық дарындылықты дамыту үшін оқыту
мазмұнын ұйымдастырудың4 негізгі принципін айта
аламыз:
1) тақырыптық тараулар бойынша мазмұндық сипа-
тының толықтығы;
2) ғаламдық, кең таралған тақырыптар мен мәселе-
лерді оқыту;
3) дарынды балалардың білімге құштарлығын оя-
татын мазмұнды тақырыптарды оқытуға, шығармашылық
қабілеттерін арттыруға, дүниенің дамуына байланысты
тапсырмаларға деген пәнаралық көзқарасты қалыпта-
стыру;
4) мазмұндық өзара ішкі байланысты қалыпқа кел-
тіру, білім саласына байланысты өзекті оқыту мәселелері
мен тақырыптарының бірігуі.
Оқыту мақсатына сәйкес бағдарламаларды екі түрге
бөлуге болады:
— бірінші тобына, жоғарғы ойлау үрдісін, яғни ло-
гикалық ойлау, мәселені шеше білу қабілетін дамытуға
бағытталған барлық бағдарламалар жатады. Мұндай
бағдарламалар баланың шығармашылық, интеллекту-
47
“Young Scientist” . #6.2 (86.2) . March 2015
Education
алдық мүмкіндіктерін одан әрі дамытуға әсерін тигізеді.
Оларды кез келген мәселелерді шеше білу қабілеттілі-
гімен «қаруландырады»;
— екінші тобына, өз мәселелері ретінде жеке-эмоци-
оналды даму саласын қарастыратын бағдарламаларды
жатқызуға болады. Жеке-эмоционалды даму жоспарының
қиындықтары: өзін-өзі төмен бағалау, сескену, өз-өзіне
сенімсіздік білдіру. Осы қасиеттер баланың қабілеттерінің
дамуына кері әсер етеді. Сондықтан, өзін-өзі тану қа-
білетінің дамуына ерекше назар аударылу қажет. Мұндай
бағдарламалардың тиімділігі көп жылдық шетел тәжірибе-
лерінде дәлелденген. Соңғы онжылдықта осындай бағдар-
ламалар біздің елімізге де келіп жетті.
Шығармашылық ойлап — табудың әр түрлі тәсіл-
дерін үйрене отырып, дарынды балалар пәндерді оқу ба-
рысында өздерінің «шығармашылық қабілеттерін» қол-
данып, К. Урбан айтқандай, нақты ғылыми зерттеулер мен
дивергенттік ойға тікелей әсер етудің шексіз мүмкіндік-
терін көрсетеді [2].
Демек, жеделдете дамыту да, мектеп курсын тереңдету
де, тренингтік бағдарламалар да барлық оқыту мәселе-
лерін және дарынды балалар дамуын толық қамтамасыз
ете алмайды. Бұл мәселелер тек қана оқыту мен дамыту
бағдарламасында ғана шешіледі. Өйткені бұл бағдарла-
малар балалардың дамуына ықпалын тигізіп, оқытудың
барлық тәсілдерін жүзеге асыру мүмкіндіктерін ашады.
Оқыту мен дамыту бағдарламалары баланың қабілет-
терінің дамуы мен білімді меңгеру бағыттарын бірдей да-
мытатын бағдарламалар болуы қажет. Бұл тәсілдердің
оқыту процесіне енгізу мысалы ретінде Д. Б. Эльконин —
В. В. Давыдовтың дамыта оқыту теориялары негізінде жа-
салғанбағдарламаларды келтіруге болады [3,4].
Мектеп дарынды балаларды оқыту, дамыту ортасы
болу үшін оқыту процесі осындай бағдарламалар талап-
тары негізінде құрылуы тиіс.
Оқу мазмұнын арттырудың бірінші тәсілі, әр тақы-
рыпты терең, шығармашыл сипатта меңгерту болып са-
налады. Ал екіншісі — тиімділік принципі, пән бойынша
идеялар мен түсініктерді ортақ сапа ретінде қолдану оқу
материалын тиімді меңгертуге, оқу процесінің тиімділігін
ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Зерттеушілер пікірінше, дарынды балаларды осы жүй-
емен оқыту тиімді деп саналады. Дегенмен, дарынды ба-
лаларды оқыту жөнінде сөз қозғалған кезде бұл жүйенің
мүмкіндіктері баланың дүниеге деген тұтас көзқарасын,
жаңа мәселелерді қабылдауын дамытуға жеткіліксіз.
Сонымен, дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді
өз деңгейінде жүзеге асыруды мақсат етсек, олардың
білімге деген құштарлығын, мүмкіндіктері мен абстрак-
тылы теориялар мен ойларға қызығушылығын дарынды
балалардың ерекшеліктері тізіміне енген барлық жай-
ларды ерекше назарға алуымыз қажет.
Әдебиет:
1. Бабаев С. Жалпы психология. — Алматы: Дарын, 2005. — 352 б.
2. Урбан К. Университетский вопрос. — Избр. пед. соч., 1953. — 357 с.
3. Давыдов В. В. Принципы обучения в школе будущего. — М., 1974. — 295 с.
4. Эльконин Д. Б. Возрастные и индивидуальные особенности младших подростков. — М., 1947. — 234 с.
Достарыңызбен бөлісу: |