Монография «Тұран-Астана»


твор ч еств осы н а т ер ең ір ек  ү ң іл е т ү с с е



Pdf көрінісі
бет13/25
Дата02.03.2017
өлшемі20,38 Mb.
#5134
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25

твор ч еств осы н а т ер ең ір ек  ү ң іл е т ү с с е
бұл
онтологиямен де, таза  гносеологиямен де  шұгылданган жоқ» -
дейді. 
(Бақыт Ғабдуллин: «Абайжәне Сократ». Қараңыз: Абай 
тагылымы.  Әдеби-мақалалар  мен  зерттеулер.  Алматы:
Жазушы,  1986,  171  б.).
Абай  философтығын  мойындасақ,  қалайша  онтология, 
гносеология мәселелерінің Абайлық түсінілуін неге сөз етпеске? Бар 
нәрсені жоқ деуге ақиқат логикасы қашанда қарсы. Бұл турасында 
өз пікірімізді Абай Үшкілі төңіргіне топтастырып, айтып келеміз. 
Абай философиясы жүйесі тікелей сөз болмаса да, жеке алганда 
ұлы  ойшылдын  «философиялық  көзқарасы»  туралы  мэселе 
көтереді. Солардың бірі -  «Абай дін мәселелерін адамгершілікпен 
тікелей ұштастыра тексереді» 
(Сонда,  168 б.)
 дейді Б. Ғабдуллин. 
Зерггеуші Мүхтар Әуезов пікірлерін келтіре отырып, «Абай атеист 
болмаганымен  нагыз  антиклерикал»,  «Абайда  ислам  дінінің 
фанатизмінен енггеңе жоқ» деп өз багысын да береді.
Абайдың дінге деген козқарасы, тек қана атеизм түргысынан
сыналып  қаралуы   сы ңарж акты лы ққа  үры нды рар.  Абай 
философиясы жүйесін дұрыс багытга зерггеуге көмектесепн Ақжан 
Машановгың«Абай Үшкілі» қагңцасы деп айтып, ойымызды бастан 
таныстырып  келеміз.  Бұган  коса  Абай  мен  эл-Ф арабидің 
дүниежүзілік, мүның ішінде араб мәдениетін дамытуга қосқан үлесі 
туралы оқымыстының пікірімен танысайық. Акж&н Машанов «Әл- 
Фараби жэне Абай» атты монографиясында араб мэдениеті жэне 
қазак  халкынын  данышпан  перзенті  эл-Фарабидің  гылыми 
мүрасының  әлем  халықтарына  деген  әсерін  төменде  келтіріп 
отырган  деректермен  қуаттайды:  «Немістің  белгілі  тарихшы 
галымы Ф. Даннемен өзінің «Табигаттану тарихы» атты еңбегінде 
араб галымдарының барлық гылыми салада Еуропа елдеріне тікелей 
эсер еткенін жазады. Дэлел ретінде Ибн Хайтамның оптика мен 
механиканың негізін қалаганы жайлы айтылган. Ал Еуропага кең 
тараган астрономия-астрология гылымы, алхимия салалары тікелей
191

әл-Фарабиден алынғаны жайлы жазылған 
(Орысша аудармасы, 
1932 жылы,
  7
музыка тарихын зерттеуші ағылшын ғалымы 
Г. Фармер өзінің «Араб музыкасының тарихы» деген еңбегінде 
(Лондон,  1929-30)
  әл-Фараби  музыкасының  Еуропа  еліне  кең 
тарағанын жазған. Әл-Фарабидің: «Музыканың үлкен кітабын» да 
Ерланже  1930 жылы  француз тілінде шығарады. Әл-Фарабидің
математикадағы,  архитектуарадағы  еңоектері  де  сол  сияқты 
ертеден белгілі болған. Ежелгі грек ғалымдарының еңбектерін араб 
тіліне аударуда, оларды талдауда, әрі қарай дамытуда эл-Фараби 
теңдесі жоқ асқан ұстаз болған. Платон, Аристотель, Пифагор, 
Евклид, Птолемей еңбектерін түгелдей меңгеріп, дамытқан адам. 
Сол себептен де алгашқыларды Бірінші ұстаз десек, эл-Фраби -  
Екінші ұстаз (әл-Мұғалим эл-Сани) деп ныспы атақ берілген. 1950 
жылдары  эл-Фарабидің  біраз  еңбектері  Түркияда  (Стамбулда) 
шықты. Соның ішінде Ахмад Аташ эл-Фараби еңбектерінің қайда 
жатқанын көрсеткен тізімін жасады. Сол тізім бізге көп көмек берді 
(онда әл-Фарабидің еңбек саны 160). Әл-Фараби туралы қысқаша 
маглүмат  көптеген  елдердің  энциклопедиясында  бар  дедік. 
Солардың бәрінде эл-Фарабидіңтуган жері Отырар (Фараб) екені, 
шыққан тегі түркі  нәсілдес тайпадан екені айтылады». 
(Ақжан 
Машанов.  Әл-Фараби  жэне  Абай.  Алматы:  Қазацстан,  1994,
48-49  бб.).
Отырар өркениеті араб мэдениеті кіндігі болған әл-Фарабиді 
өмірге  келтірді.  Қазақ  мәдениеті  ислам  мэдениетімен  түп 
тамырлары  бір  екенін  танытады.  Абай  өзінің  философиялык 
сөздерінде тікелей  сілтеме жасайтыны  орыс сөзі,  не агылшын, 
немесе француз сөздері емес, араб сөздері. Бұл, әрине, араб тілін 
мадақтап, басқа тілдерді кеміту емес. Мәселен, Абай атақты Отыз 
сегізінші сөзінің бір өзіңде ғана дін мен гылым, физика мен техника, 
білім  мен  философия  туралы  көзқарасын  анықтау,  талдау 
мақсатында  185  араб  сөздерін  пайдаланган.  Сонда,  осы  үшін 
Абайды діншілсің, ислам насихатшысысың деп жазгыруға бола ма?! 
Үшкіл  логикасына  қатысты-ау  деген  жаңа  айдармен  Абай
192

философиясы жүйесін құратын мэселелерге токтап өтгік. Ғасырлар 
бойы дін дәстүрі әсерімен қалыптасқан «иман» ұгымы ғылымнан 
мүлдем алыстап кеткен сияқты. Ғылым мен дін тарихы: біріншісі -  
ақиқатқа сенсе, екіншісі — нанымға, «расқа сенбей, жоққа сенеді». 
Абай талдауында,  түсінігінде  иман танымдық және  логикалық 
сипатқа ие болады. Енді осы мәселені үшкіл жүйесімен қаралық.
2.3.3 ИМ АН.  АБАИЛЫҚ ТҮСІНІЛУІ
Абай  шығармашылығында  иман  ұғымы  айрықша  орын 
алатынын  айту  қажет.  Иман  төңірегінде,  ең  алымен  адамдық, 
философиялық,  басын  ашып  айтсақ,  танымдық,  логикалық
мэселелер топтасқан.
Орыс ұлыдержавалық идеологиясы  (патшашыл,  бүдан соң
КПСС-тің) қысымшылығы заманында, анатілімізді үмыта бастаған 
шакта  арабтық,  исламдық  дегеннің  бэріне  -   «таптық»  саясат, 
«жауынгер атеизм» түрғысынан тэрбиелендік. Тіпті, Абайдың өзін 
тек моралист, ағартушы, ақын деп қабылдауға санамыздыңтәрбиесі 
үғыптүсіну арқылы емес, үстем партиялықбасшылық негізінде
«пісіп» жетілген еді. КПСС қайда болса, бізде сонда болатынбыз.
Иман туралы бір бірінен өрбіп, сабактасып байланысып жатқан Он
екінші, Он бесінші, ғылым мен дін туралы түжырымды пікірін, түйінді 
ойын  ұстанатын  Абайдың  атақты  Отыз  сегізінш і  сөзімен 
талдауымызды эрі жалғастырайық. Он екінші сөз логикасы -  Абаи 
ғылымды бэрінен де: Алладан да, пайғамбардан да жоғары санап, 
адамның өзіндік жасампаздық күштерін ту көтеріп, дәрігтгейді. Адам 
мен ғылым одағыныңжемісті нәтижелері «иман» қағидасы туралы 
ғылымдық,  танымдық  сипаттарын  дәлелді  негіздеу  үстінде 
байқалады. Қандай да нәрсеге иман келтіретін де, бүған қоса, бұны 
берік үстайтын, бұған жан-жакты дэлел (ақиқаттығына) келтіретін 
адамның өзі. Адамнын ғылымы толық болуы үшін, яғни, дэлелді, 
негізді болуы үшін «оның екі шарты» бар, соны адам білсе екен, -
193

д е й д і А б ай . Ә у ел  -  и м ан н ы ң  иғтиқаты н (нану, с е н у  -  сіл т ем ед егі
түсіндірмесі /қалам иесі/) махкамлелемек (берік, мыкты, сенімді / 
қапам иесі/) керек, екінші -  үйреніп жеткенше осы болады ғой демей, 
үйрене берсе керек. Кімде-кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін 
койса, оны қүдай ұрды, ғибадаты ғибадат болмайды» 
(2-т.,  108- 
109 бб.)
 деп, Абай таным жолы, диалектика тілінде айтсақ, үздіксіз, 
үзіліссіз үдеріс екенін ескертпей ме? «Үйрене берсе керек» деген 
қрапайым қазақ сөздері қүрамында таным теориясы туралы терең 
бастама ой, кең жайылымға апаратын өріс бар. Сөзден сөзге көшкен 
сайын осы өріс өңірін бойлай жайлаймыз. Он үшінші сөз — иман 
қағидасының танымдық  жэне  логикалық  мәні  мен  мазмұнына 
арнайы тоқтап, бүлардың ішкі күрылымы туралы Абаңдың Абайлық 
пікір-болжамдарымен таныстырады. Үйреншікті, етене «жақын» 
болып көрінетін КПСС-тің «мүлтіксіз данышпандығы» заманында 
заңды заңсыздықты қорғауға эбден әккіленген партия көсемдері 
мен идеологтары диалектиканы да тек «пролетарлық», «партиялық» 
өлшем, баға ретінде оңды-солды сілтеп, бүган көнбегеңдерді «тап
Қазақ
«ұлтшылдар» деп
көзқарасын бір «партиялық» өлшем көзімен қарауға мэжбүр болды. 
Осыдан болар «ақты қара» деуге таяқтың да, оқтың да күшімен 
үйренуге ықтыярсыз көндік. «Иман» үғымын Абай дін шариғатын, 
не  діни  түсініктерді  насихаттауға,  уағыздауға  пайдаланды  деу 
ақиқатқа  шәлкес  келер.  Керісінше  табиғат  жаратылысында  ең
парасатшыл, ең жасампаз күш -  адамның адамдық
қасиетгерін ту көтеріп, бұның жасампазығы сиқырлы сырын ашуға 
табанды, дәйекті үмтылыс жасады.  Адамның адамдық сипаты, 
бүның еңбегі мен ойлау мәдениетіне тікелей байланысын өз заманы, 
өз ортасы ғылыми жетістіктерін пайдалана отырып, жан-жакты 
талдауға, зерттеуге ғалым Абай, өзінің интеллектін, ойшылдығы мен
деитін
танытты
түсініпнде им ан- көп мэнді, санғилы, қайшылықты, қатерлі үдеріс 
екенін  ескертіп,  өз  зманы  білімі,  ғылымына  сүйеніп,  дэлелді
194

талаптаны п
ғылым  ж олы ,
ақиқат жолы екенін халқына түсіндірмекке атсалысты.
Ақиқат пен иман — екеуі де шындықты қорғап, жақтамақшы, 
бірақ айырмашылығы да жоқ емес. Материалдық игілікті өндіру 
мен ғылым, білім тарихына сүйенсек, ақиқат ғылым мен қоғамдық 
тәжірибеге  сүйенеді.  Дін  уағызы  иманды  құрғақ  наным,  сенім 
қүралына айналдырған. Абай талдауыңда, түсінігінде «иман» ақиқат
жолын ұстанатын, қорғайтын, мойындататын жол.
Иман қағидасынталдай отырып, Абай ойыныңаттанартүрағы,
шығар биігі, ант етіп, ұстанған көзқарастық бағыты -  білім мен 
ғылым екені қай сөзінің де болсын өрелі ойы мен логикасы. Абай
жөнінде ғылыми да, діни де түсініктерді 
шып. Абайлық ұғымын, түсінігін береді
философиялық
үлы
монцепциялығына» байланысты.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен  бір жүмбац адаммын,  оны  да ойла,  - 
«Ішім толган у  мен өрт...» -
 деп, бүгінгі үрпаққг 
философиялық аманатын ерекше ескертіп, табыс етпей ме?! Шын 
мэнісінде үлы дана: «Ішім толған у мен орт» деп, неден тарықты 
екен?! -  деген сұ р ақ - әлі де «жұмбақ» емес пе?! Бұл жүмбақтың
сыры Абай 
ӨЗІ 
айтаггын:
Өмір,  дүние дегеніц  -
Агып жатңан *
Жақсы-жаман
үлы
туралы  атақты  ой  толғанысын  білдіреді.  Осы  ойлылықтан 
туындайтын көріністердің бірі -  иман екені, ойшылдың көзқарасы 
тепеніне бетгеген сайын айқындалатүседі. Иман туралы діни наным
түсінікті салыстыра отырып
түсініктің
де,  маңызын да ескеруіміз қажет. «Иман деген -  Алла табарака
•  
U  
_   * _______ _____ -   ^  
П Г Л Т 1
қүдаи
сілтемеде  берілген
195

түсіндірмесі /қалам иесі/) шэриксіз (қатысуынсыз /қалам иесі/), 
ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа һэр неге бізге пайғамбарымыз 
саллала Аллаһу һалайһи уа саллам (Алла оған батасын беріп, қош 
алысып /қалам иесі /) арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне 
мойын сұнып, инанмақ. Еңці бүл иман дерлік инануға екі түрлі нэрсе 
керек.  Әуел не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтыгына ақылы 
бірлән  дэлел  жүргізелік  болып  ақылы  дәлел  испат  (дәлелдеу, 
дэлелмен бекіту) қыларға жараса, мұны якини иман (шын иман / 

қалам  иесі/)  десек  керек.  Екінші  -   кітаптан  оқу  бірлән,  яки, 
модцалардан есту бірлэн иман келтіріп, сол иман келтірген нәрсесіне 
соншалық беріктік керек. Біреу өлтіремін деп қоркытса да, мың кісі 
мың түрлі іс көрсетсе де, соған айнып көңілі қозғалмастай берік
боларға керек. Бұл иманды иман таклиди (дәстүрлі сенім /қалам 
иесі/) дейміз» 
(Сонда,  109 б.).
Дін ұғымында  иман деген -  Алланың жарлығына «мойын 
сүнып, инанмақ» деп, яғни инанады демей «инанмақ» дегеніңде бір 
секем  калган сияқты.  Себебі,  мұнда «бірдеңе» жетіспей түрған 
сияқты. Міне, сол бірдеңе»-диалектикалық түгастық, яғни Ақжан 
Машанов аитатын «Абай жолы» нақли-ғақли исламның бас қосқаны 
немесе ғылымның, ғадалаттың, ақыл, қайрат, жүректіңбас қосқан 
жолы» 
(Ақжан Машанов. Аталган монография,  91  б.).
 
*
Таным жолы — қиын да, қайшылықты жол. Ақиқат жолын:
«үйрене берсе керек» деп, Абай адам жасампаздығы сыры -  білім
мен ғылым қүдіретінде екеніне көзімізді жеткізеді. Адамдарды,
халықтарды бір-бірімен бақас қылуға діннің айла-тәсілі мол «қүцай»
атын жамылып, қырғын соғыстарды үйымдастыруға да әккіленген.
Осы  ойымызды  Ақжан  Машановтың  тарихтан  алған  төменде 
келтіріп отырған эңгімесі куә. 
щ
«Европа елдерінің аласұрып, бүкіл дүниежүзін бөлісіп алуға 
дайындалып жатқан кезі: бірінші дүниежүзілік соғысқа дайындалып 
жатқан кезі. Соған қарсы дауыс көтерген Лев Толстой ғадалатты 
адамдарға ұстаз болды. Абай да, Ганди да Л.Толстойды өздеріне 
үлгі ұстаз тұггы. Ресей патшалығы Толстойдың бүл әрекетіне қарсы
196

көп  шаралар  қолданғаны  белгілі.  Оны  шіркеуден  аластады  — 
анафема (қарғыс) жариялады. Сол шіркеудің өкілдері сол кезде отар 
елдерін аралап дінін уағыздап, миссионерлік эрекеттер жүргізді. 
Басқаша айтқанда, олардың мақсаты қазақхалқын ислам дінінен 
ажратып христиан дініне көндіру болды. Солардың бір басты тобы 
Абаймен бақастасқан. Абайдың миссионермен кездесуі деген оқиға
сол кездегі қазақ хақының алдына қойылған бір сын еді. Қазақтың
бетке ұстаған данасы миссионерлерден жеңіліп қалса, халқының
тағдыры неболғай?! Осы ой сол кездегі саналы қазақтың жүрегін
козғамай қояр ма? Сол кездесуде Абайдың сүйенгені эл-Фараби
ілімі болган. Екінші жағынан миссионердіңалдына Лев Толстойдың
пікірін тартқан. Бүл өзі сол кезде, онан бергі кезде халық арасына
жайылып, аңызға айналған. Сонан бірер мысал. Миссионер Абайға.
«Сіздің «Дүние бір тарының қауызына сияды» дегендеріңіз ақылға
симайтын нэрсе ғой», - деген. Сонда Абайдың берген жауабы.
-  Сіз бен біз мынау жарық дүниені көріп отырмыз. Аспандағы
Ай менКүнді, жүлдыздарды  көріп отырмыз. Осы  көруде  көздің 
қарашық қылауы тарының қауызымен мөлшерлес деуге болады. 
Демек  көздің зередей  қарашығында осынша әлемді  сиғызатын 
тэңірім шебердің ісіне шек келтіруге бола ма? -  деп жауап берген. 
Бүл сөз эл-Фарабидің жарық сәуле жөніңдегі қағидасындабар. Абай 
даналығының қадамын аңғарған миссионер оны үгітгеудің орнына 
онантағылым алуға айналған. Осы оқиға сол кездегі халық арасына 
кеңінен тараған.  Абайдың даналық дәрежесі  бұрынғысынан да 
жоғары  көтерілген»,  -  дейді  ғүлама  ғалым 
(Ацжан  Машанов.
Аталган монография,  94  б.).
Иман туралы келтіріп отырған Абайдың көзқарасында ұлы
ойшылдың таным теориясынатікелей қатысты-ау дейтін ғылыми
қағидасын аңғармасақ, онда ойымыздың «бахастан» асып шыға 
алмағаны ғой.
«Бахас -  өзі де ғылымның бір жолы, - дейді Абай, 1 бірақ оған 
хирслану  (ашқарақтану,  қомағайлану,  сараң  болу  /қалам  иесі/) 
жарамайды» деп ескертіп отыр 
(Абай. 2-т., 129 б.).
 Сонда «иман»
197

дегеңді қатып семіп қалған діни уағыз емес ғылым жолы екеніне 
Абай айрықша мэн бергенін ескеріп, дана ойына аса ұқыптылықпен 
қаралық. 
J
«Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, 
босанбас буын керек екен», - деп, Абай ойын эрі жалғастырады. 
«Якини иманы бар деуге ғылымы жоқ, таклиди иманы бар деуге 
беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанга қарап, 
ақты қара деп, қараны ақ деп, өтірікті шын деп антете-тұғын кісіні 
не дейміз? Құдай тағала өзі сақтасын. Уа, әрнешік білмек керек, 
жоғарғы жазылымыш екі турліден басқа иман жоқ. Иманга қарсы 
келерлік орында ешбір пенде Құдай тағала кеңшілігімен кешеді- 
дағы демесін, аның үшін кұдай тағаланың ғафуына (кешу, кешіру / 
қалам иесі/), яки пайғамбарымыздың шафағатына (қорғау, жэрдем 
ету /қалам иесі /) сыймайды, уа, мүмкін де емес. «Қылыш арасында 
серт жоқ» деген,  «Құдай  тағаланың  кешпес  күнэсі  жоқ» деген 
жалған  мақалды  қуат  көрген  мүндай  пенденің  жүзі  құрысын»
(Сонда,  109-110  66.).
«Ақылы дәлел испат», «якини иман» туралы, «иманға дэлел», 
«иманды сақгау» жөніңце Абайдың ой толғаныстары диалектиканын 
логикалық жэне тарихилық эдістеріне ұқсастығын танытады. Бүны 
байқамасақ,  салыстырмасақ,  онда  Абай  даналығына  қиянат 
жасаған боламыз ғой. «Алланың жарлығы» ма, «иман келтіретін» 
қандай да нэрсе ме, немесе Алла жарлығы орнына жүретін өкіметті 
ұстап отырғаңдардың «жарлығы» ма, осының бэрінің адам миыңца 
бейнеленуінің деңгейі адамның өзіндік жасампаздық күштеріне 
тікелей байланысты емес  пе? «Қүдай өзі  кешеді» деген жалған 
нанымды куат көргендерді сынау сыры осыған байланысты болар. 
Философиялық сөздерінде Абай діни ұғымдарды, түсініктерді көп 
пайдаланады. Осы түста аса ескертетін жайт. Сонда қалай? Абай 
бұл  түсініктерді  нендей  мақсатқа  пайдаланды?  Қалай?  Дінді 
насиқаттау,  не  уағыздау  үшін  бе?  Болмаса  ғылым  мүддесіне 
пайдаланды ма? Сүрақты басқаша қою -мағынасыз, эрі негізсіз. 
Себебі, Абай сөзінің философиялық мазмүнына қүлақ артсақ -

мұның  логикасы  ғылым  мүддесіне  паидаланды  деген  пікірді 
қуаттайды. 
.  .
Алла  аттарын,  сипаттарын  да  Абай  ақиқат  өлшемінің,
шындықтынсоңғысы ретінде қарамайды, тіпті, «Міне, көрдіңбе?» 
деп, күпірлікке дейін барады. Тек ғылым дәлелі ғана ақиқатқа жете 
алады  дегенді  колдайтынын  танытады.  «Бұл  хакимдер  үйқы, 
тыныштық, эуес-қызықтың бәрін қойып, адам баласына пайдалы 
іс шығармақы л ығы на, яғни элекгрді тауып аспаннан жайды бұрып 
алып, дүниенің бір шетінен қазір жауап алып тұрып, от пен суға 
кайласын тауып, мың адам қыла алмастай қызметтер істетіп қойып 
түрғандығы, уахусусан (эсіресе, /қалам иесі/) адам баласынын ақыл- 
пікірін ұстартып, хақ бірлэн батылды айырмақты үйреткендігі -  
баршасы нэфиғлық (пайда беруші /қалам иесі/) болған соң, біздің 
оларға міндеткерлерімізге дауа жоқ. Бұл заманның моллалары хаким 
атына дұшпан болады. Бұлары білімсіздік, бэлки бүзық фиғыл, 
әлнисан ғэдду лэма жаһилгэ (адамның көңілі жаманшылыққа ауып 
түрады /қалам иесі/) хисап. Олардың шэкіртгерінің көбі біраз ғараб- 
парсыдан тіл үйренсе, бірлі-жарым болымсыз сөз бахас үиренсе, 
соған мэз болып, өзіне өзгешелік беремін деп эуре болып, жұртқа 
пайдасы тимектүгіл, түрлі-түрлі зарарлар хасил қылады. «һай-һай!» 
менен, мактанменен қауымды адастырып бітіреді» 
(Сонда,  148-
149  66.).
 
.  А-   „
А дамды  таң   қалды раты н  керем еттерді  Абаи  өлең, 
философиялық сөздерінің екісінің бірінен кездестіресщ. Біз көбше 
Абайды ң ақындық сөзіне, ағаргушылық, тэлім-тәрбиелік пікірлеріне 
баса  көңіл  аудардық.  Ал,  эр  сөзінің  «тереңіне  бет  қоиып»,
«философиялық  концепциялығын»  тануға  талаптанбадық.
Сондықтан  болар  «жаратушы»  мен  «тәңірі»,  «Алласы»  мен 
«пайғамбар» деген, жүздеген басқа да араб сөздерінің Абайлық 
түсінілудің  философиялық  сапасын  ескермедік,  мэн  бермедік. 
Адамды  ойға  батыратын  ең  алдымен  табиғаттың  сиқырлығы,
таңғажайы пты лы ғы  
емес  пе?!  Адам  барға  еш қаш анда
қанағаттанбайды, себебі бүның өзі бүгін бар ертең жоқ. Дүние де,
199

адам  да  үнемі  өзгеріп  отыратынын  сөз  етпей  ме  Абай?  Адам 
ұрпақтары да бірі келіп, бірі кетіп жатады, осымен бірге тілек те, 
мүдде де өзгеріп жатады, демек өндіріс пен техникада жаңарып, 
ғылым мен біл ім өрісі де кеңейе түседі ғой. Сонда Абайдың: Адамды 
«адам ба өзі?» (Он төртінші сөз) деген қагидасының философиялық 
мәнінұғу—Абай философиясы жүйесі— Үшкіл сырын ашументең. 
Абай:«Адам  ба  өзі?»  деп  пікір  таластырып,  бұның төңірегіне: 
«адамдық», «адамдықтың орны» (Жетінші сөз); «хайуан малдан 
неміз артық» (Сегізінші сөз); «хайуанға адам ақылын берсе» (Он 
үшінші сөз); «ойлы адамнан шығады» (Жиырмасыншы сөз); «адам 
емес» (Жиырма бірінші сөз); «Адамнан бөлінеді» (Отыз сегізінші 
сөз). Абайдьщ Отыз жетінші сөзі (тезистер секілді) жиырма үш сөз 
тармақтарынан түрады. Бэрінде дерлік адам жэне мүның болмысқа 
деген эр қилы  қатынастыры туралы Абайдың қысқа түсініктері 
берілген. Мэселен, 9. «Адам баласын замана өстіреді, кімде-кім 
жаман болса, замандасының бәрі виноват» 
(Сонда,  135 б.)
 деген 
адам  туралы  түйін  пікірі  — өз  заманы,  әлемдік  прогресшіл  ой 
қатарында тұр емес пе?! Абаңдыңөлеңжэнефилософиялықсөздерін 
мұқият  оқып,  талдағанда  ислам  дінінің  қағидаларын  жиі 
кездестіресің.  Осының  салдарынан  кейде  екі  үшты  ойдың 
қамауында қалғандай күйде боласың. Бұндай сиқырлық «иман» 
ұғымына тэн қасиет. Абай Ү шкіл ін талдау, тексеру барысында иман 
ұғымының  ғылыми  сипатына,  таны мды қ  жэне  логикалық 
мүмкіндіктерін қалай пайдаланғанын көреміз. Иман құран сөзі, 
алланың жіберген жарлығы, шариғатсөзі деп қабылдайды ғылымнан 
сырт тұрған  адам.  Шындыгында  қарапайым  халық түсінігінде 
«иман», «имандылық» адам арының тазалығы, ниетінің актығы деп 
қабылданады. Құдайдың атынан пайғамбар қандай үкім, жарлық 
жібермесін жерде өмір сүретін адам тіршілігі мүддесінен туған 
кісілік іс. Сондықтан болар «иман» деген түтастык қағида, бүлай 
болмаған  жағдайда  мұны  адам  қабылдамаған  болар  еді.  Қазақ 
халқыныңмыңжылдықтарихындаараб, ислам мәдениеті айрыкша 
орын алатыны дүниежүзі халықтарына белгілі. Орыс патшалығы
200

отарлау  саясаты,  бұның  табиғи  жалғасы  КПСС-тің  үстемдігі 
заманында  қазақ  халқы н  араб,  түркі  тектес  халы қтарға 
жақындатпай,  арқандап  ұстады .  Кеңес  заманы нда  оқып, 
тәрбиеленген қазақтардың көпшілігі  араб,  ислам  мәдениетінен 
мүлдем бейхабар өсті. Себебі қазақ халқының өз алдына дербес, 
тәуелсіз ішкі 
және 
сыргқы саясатгы жүргізуге, басқаруға мүмкіндігі 
болса да, мүлдем жоқ еді. Қазақ елінде араб, ислам мәдениетінің 
тағдырын  сөз  ете  отырып,  Ақжан  Машанов  көптеген  тарихи 
деректерге сүйеніп өз ойын, түсінігін түжырымдаған. Осыған орай 
оқымыстының деректі пікірлерінің кейбірін келтірейік. Толығырақ
танысамын деген өздігінен талаптанушы жоғарыда ізденісімізге 
пайдаланып отырған 
(Ақжан Машанов.  Әл-Фараби жэне Абай. 
Алматы:  Қазацстан,  1994,  192  б.)
атты  монографиясымен 
танысуына  болады.  Төменде  келтіріп  отырған  деректер  осы
еңбектен алынған.
Маржани  (Шахабуддин  Багаутдинұльі)
Бұл кісі Қазан қаласына 50 шақырым жердегі қалада хижраның
1233  жылы  дүниеге  келеді,  1306  жылы  қайтыс  болып  Қазанда 
жерленеді. Қазіргі жыл санау бойынша ол 1818 жылы туған, 1889
жылы кдйтыс болған.
«Бүкіл араб елдерін, қала берді бүкіл Шығыс елдерінде, бәлки
дүниежүзінде бұл күнде Ш. Маржани еңбегі аса жоғары бағалануца. 
Осыдан біраз жыл бұрын бұл кісінің 150 жылдықтойын дүниежүзі 
атап  өтті.  Ш.  Маржани  өз  заманында  шындық  іздеген  адам. 
Шындықгы ол тарихтан, ғылымнан, діннен, өзінің адамдык арынан, 
халқының ғүрпынан, тілінен  іздеген. Ол  кезде патшалық Ресей 
бүратана елдерге, соның ішіндг мұсылман дініндегі халықтарға 
зорлық, қатгы қысым корсеткен. Яғни татар, башқүр, қазақ, қырғьіз 
сияісгы халықтардың шүрайлы қоныстарын тартып алып, еріксіз 
шоқындыру  мақсатын  көздеген  болатын.  Дінге  ену  өрескел 
зорлықпен  емес,  шындық  жолымен  өтетін  үдеріс  екенін  Ш. 
Маржани ғылыми дәлелдеуге тырысқан. Әр діннің өзіндік ғылыми 
шындық жағы бар да, жалғандық дүмше жағы бар. Шоқындыру
%

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет