М.Өтемісов атындағы Батыс



бет8/44
Дата14.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82636
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44
Бақылау сұрақтары:
1. Архегониялы өсімдік дегеніміз не?
2. Жабық тұқымды өсімдіктердің ерекшелігі
3. Мүктердің құрылысы
4. Мүктердің көбеюі қалай жүреді?
5,6 дәріс
Тақырыбы: Папоротниктәрізділер. Клиножапырақтылар және папоротниктер. Саговниктер
Терминдер мен анықтамалар:
Политипті - туыс көп түрден тұрады.
Олиготипті - туыс бірнеше түрден тұрады
Монотипті - туыс тек бір ғана түрден тұрады.
Мұртша - ұзын келген жатаған өркен.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер): Дамуындағы спорофитті сызығы. Папоротниктәрізділердің морфологиялық және анатомиялық құрылысы. Спорофитінің дамуы және гаметофитінің редукцияға ұшырауы. Макрофильді және микрофильді даму сызығы. Псилофиттәрізді, псилоттәрізді, плаунтәрізділерге сипаттама беру. Дамуындағы ерекшеліктері. Қырықбуын және клиножапырақ тәрізділердің өзіне тән құрылысы спорофилдің құрылысының ерекшелігі және даму циклі. Папоротник тәрізділердің гаметофитінің қарапайымдылығының жалғасуы. Әртүрлі споралы папоротниктер: сальвиния және марсилия. Папоротник тәрізділердің филогенетикалық байланысы және олардың маңызы.
Папортник тәрізділер өзінің жас шамасы жағынан риниофиттерден, псилот тәрізділерден және плаун тәрізділерден кейін тұрады. Олар шамамен қырықбуын тәрізділермен бір уақытта пайда болған.
Құрылысы. Папортник тәрізділердің басқа жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктерден айырмашылығы сол, олар эволюцияның үлкен жапырақты линиясын (мегафилия) береді. Жапырақтары ұзақ уақыттар бойы төбесінен өседі. Мұның өзі жапырақтарды талломдардың жалпаюының нәтижесінде пайда болған деп айтуға негіз болады. Сондықтанда оларды вайялар деп жиі айтады.
Гаметофиті көп жағдайда қос жынысты. Қоңыржай климатты зоналарда өсетіндерінде ол жүрек тәрізді, тропикалық зонадағы түрлерінде жіп тәрізді, немесе тармақталған пластинка тәрізді.Гаметофит ылғалды жерде өсуге бейімделген. Ұрықтануы сумен байланысты. Гаметофиттері балдыр кезеңіндегі деңгейден өзгермей қалып қойған, сондықтанда спорофит құрғақта өсетін өсімдік болғанымен, папоротник тәрізділер құрлықты басып ала алмаған.
Маңызы. Папортник тәрізділер көптеген өсімдіктер қауымдастығының әсіресе тропикалық, субтропикалық және солтүстік жалпақ жапырақты ормандардың негізгі компоненттерінің бірі. Олар ашық және жабық грунттарда, сәндік бақтар өсіру үшін ең қажетті өсімдіктер, сонымен бірге дері-дәрмек алуға таптырмайтын шикізат.
Классификациясы. Бөлім 7 кластан тұрады: аневрофитопсидтер (Aneurophytopsida), ерхеоптеридопсидтер (Archaeopteridopsida), кладоксилопсидтер (Cladoxylopsida), зигоптеридопсидтер (Zygopteridopsida немесе Coenopteridopsida), офиоглосопсидтер немесе ужовниктер (Ophioglossopsida), мартиопсидтер (Marattiopsida), полиподиопсидтер (Polypodiopsida). Осы 7 кластың ішіндегі біздің флорада ең көп таралған полиподиопсидтер класы.
Полиподиопсидтер класына 270 туыс, 10000-дей түр жатады. өмірлік формасы алуан түрлі: ағаш тәрізді, линалар, шөптесін эпифиттер (ылғалды тропикалық ормандарда), көпжылдық тамырсабақты шөптесін өсімдіктер (қоңыржай және салқын климатты зоналарда). Түрлерінің басым көпшілігі тең споралы, құрлықта өсетін өсімдіктер. Қалғандары (120-дай түр) әртүрлі споралы және батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер.
Кластың жапырақты ормандардың ылғалды, көлеңкелі жерлерінде кең таралған өкіліне еркек папортник (щитовник мужской – Driopteris filix-mas) жатады. Ол спорофитінің биіктігі 1 метрдей болатын көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы жер асты тамырсабағы түрінде берілген. Ол қысқа, жуан, қаралау-қоңыр түсті, құрылысы айқын байқалатын досивентральды болып келеді. Мұндай тамырсабақтар жас жапырақтармен қоршалған, өсу конусынан тұратын, төбе бүршіктерімен яақталады. Тамырсабақ тың үстінде жапырақтардың сағақтары қаптап тұрады, ал астыңғы жағынан қысқа қосалқы тамырлары кетіп жатады. Жапырақтары үлкен. Жапырақтың сағақтары қоңыр түсті пленкамен қалың болып қапталған. Жапырақ тақтасы эллипс тәрізді – сопақша, екі рет қауырсынды тілімделген болып келеді.
Жапырақтың астыңғы бетінде, оның екінші қатардағы сегменттерінің орталық жүйкесін бойлай спорангилерінің тобы – сорустары (сории) орналасады. Спорангилерінің формасы жасмықшаға (чечевичкаға) ұқсас болады. Спорангилері жапырақтың кіндігіне (плацентаға) ұзын аяқшалары арқылы бекініп тұрады. Сорустың үстін жауып тұратын бүйрек формалы жамылғысы (индузии) болады. Спорангидің бір қатар қабырғасын екі түрлі клеткалар құрайды: қабықшасы жұқа және қабықшасы таға тәрізді қалыңдаған клеткалар. Осы клеткалардың бір қатарға орналасқан тізбегі, спорангидің сыртын айналып, шеңбер түзеді. Мұндай шеңберді сақина деп те атайды, бірақ оны түзетін клеткалар ешуақытта қосылмайды. Споралары толық жетілген уақытта, спорангилері қақсып, сақина клеткалары жиырылып тартыла бастайды, нәтижесінде сақина қабырғалары жұқа клеткалары бар жерінен сөгіледі де споралар сыртқа шашылады. Споралардың мөлшері бірдей, бірақ формасы бүйрек тәрізді – сопақша және сырты бүртік-бүртік болып келеді. Спора түзілер кезде мейоз процесі жүреді. Қолайлы жерге түскен спорадан гаметофит (өскінше) пайда болады. өскінше жүрек пішінді, көк-жасыл түсті, ені 4 мм-дей болатын табақша, ол ризоидтары арқылы жерге бекінеді. Жүрек пішінді табақшаның ойық жеріне таман, оның астыңғы бетінде архегонийлері, ал ризоидтарына жақын жерде антеридийлері жетіледі. Еркек папоротник тең споралы өсімдік, сондықтанда оның гаметофиті қосжынысты.
Әдетте алдымен антеридийлері (аталық) пайда болады, содан соң барып архегонийлері (аналық) пісіп жетіледі. Антеридийдің формасы шар тәрізді, ол өскіншенің үстінен көтеріліп көрініп тұрады. Оның ішінде саны жағынан онша көп болмайтын спираль тәрізді бұралған көп талшықты сперматозоидтары жетіледі.
Антеридий мен архегонийдің екеуіде ылғалды топырақ пен байланыста болғандықтан, жұмыртқа клеткасының, қозғалғыш спермотазоидпен ұрықтануы, ауа райы жаңбырлы кездерде қиынға түспейді. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан көп ұзамай спорофиттің ұрығы пайда болады, ол бастапқы кезде өскіншенің есебінен қоректенеді. Қоректік заттарды бойына сіңіруі (соруы) ұрықтың аяқшасының көмегімен жүзеге асады. Папортниктердің алғашқы тамыры, сабағы және жапырағы пайда болған соң, ұрық өз бетімен өмір сүре бастайды. Келешегінде оның тамыры жерге енеді, сабағы түзуленеді, ал жапырағы ұлғайып өседі. Алғашқы жапырақтан кейін, сабақта жаңа жапырақтар пайда болады, содан соң, біртіндеп нағыз папоротник өсімдігі қалыптасады.
Классификациясы. Бөлім 7 кластан түрады: аневрофи- топсидтер (Aneurophytopsida), археоптеридопсидтер (Archaeopteridopsida), кладоксилопсидтер (Cladoxylopsida), зигоптеридопсидтер (Zygopteridopsida немесе Coenopteridopsida), офиоглосопсидтер немесе ужовниктер (Ophioglossopsida), мартиопсидтер (Marattiopsida), полипо- диопсидтер (Polypodiopsida). Осы 7 кластың ішіндегі біздің флорада ең кең таралғаны полиподиопсидтер класы. Полиподиопсидтер класына 270 туыс, 10000-дай түр жатады. Өмірлік формасы алуан түрлі: ағаш тәрізді, лиана- лар, шөптесін эпифиттер (ылғалды тропикалық ормандар- да), көпжылдық тамырсабақты шөптесін өсімдіктер (қоңыр- жай және салқын климатты зоналарда). Түрлерінің басым көпшілігі тең споралы, құрлықта өсетін өсімдіктер. Қал- ғандары (120-дай түр) әртүрлі споралы және батпақты жер- лерде өсетін өсімдіктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет