М.Өтемісов атындағы Батыс



бет7/44
Дата14.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82636
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
Бақылау сұрақтары:
1. Таксон дегеніміз не?
2. Сорт дегеніміз не?
3. Бинарлық атау дегеніміз не?
3,4 дәріс
Тақырыбы: Жоғарғы сатылы өсімдіктер. Дамуының гаметофитті сызығы. Жасыл мүктер кластармағы. Жапырақсабақты мүктер.
Терминдер мен анықтамалар:
Вайялар немесе макрофиллалар - папоротник тәрізділердің жапырақтары.
Филлалар - мүк тәрізділердің жапырақтары.
Микрофилла немесе филлоидтар- плаундар бөлімінің жапырақтары
Филогения - топтардың шығу тегіне және эволюциясына сүйене отырып өзара байланысын анықтау.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер): Жоғарғы сатылы өсімдіктердің анатомиялық және морфологиялық құрылысының ерекшеліктері. Жоғарғы сатылы өсімдіктердің дамуының филогенетикалық жолы: гаметофиттік және спорофиттік даму сызығы. Жоғарғы сатылы өсімдіктердің шығу тегі туралы гипотезалар. Мүк тәрізділердің құрылыс ерекшелігіндегі гаметофит басымдылығы. Жапырақсабақты мүктердің дамуымен құрылысының ерекшеліктері. Жапырағы мен сабағының болуы, олардың редукцияға ұшырауы және спорофиттік мамандануы. Сфагнум, көкек зығыры, андреев мүгі.
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінің денесі органдарға – тамырға, сабаққа және жапыраққа бөлінген болады. Бұл органдар жақсы жетілген ұлпалардан тұрады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің өмірлік циклінде спорофитті (2п) мен гаметофитінің (п) алмасып келуі айқын байқалады. Жыныстық көбею органдары көпклеткалы. Аналық жыныс органы архегоний құмыра тәрізді болып келеді. Ол екі бөліктен – кеңейген түп жағында жұмыртқа клеткасы жетілді, ал оның мойны жұмыртқа клеткасы пісіп жетілген кезде жоғарғы жағынан ашылады. Аталық жыныс органы антеридий қапшық тәрізді болып келеді, оның ішінде көптеген сперматозоидтар пайда болады. Жалаңаш тұқымдылардың тек антеридийлері ғана редукцияға ұшыраған, ал жабық тұқымдылардың антеридийлері де архегонийлері да редукцияға ұшыраған. Жыныстық көбею органдары құрылысына (структурасына) қарай жоғарғы сатыдағы өмісдіктер архегониялы (Archegoniata) және пестикті (Gynooeciatae) болып екі топқа бөлінеді. Архегониялылар жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің алғашқы 7 бөлімін қамтиды, ал пестиктілерге тек бір ғана жабық тұқымдылар бөлімі жатады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің зиготасынан ұрық пайда болады. Ол дегеніміз спорофиттің бастамасы болып табылады. Архегониялы өсімдіктерде ұрық гаметофиттің (п) есебінен, ал пестикті өсімдіктерде спорофиттің қор жинайтын ұлпасы – эндоспермнің (3n) есебінен жетілді.
Түрлерінің жалпы саны 24,6 мыңдай болады. Шымтезек мүктеріне қарағанда біршама көп тараған. Тундрадан және орманды тундрадан бастап шөлейт және шөлді аймақтарға дейінгі әртүрлі экологиялық жағдайларда өседі. Жасыл мүктердің ең негізгі өсетін жерлері немесе біртұтас өсімдіктер жабынын түзетін жерлері тундра. Жасыл мүктер шымтезек мүктеріне қарағанда құрылысы алуан түрлі болып келеді. Жыныстық көбею органдары бір түрлерінде негізгі өскінде, ал екіншілерінде – бүйірлік бұтақтарында пайда болады. Кейбір түрлерінде бұтақтану айқын бапйқалмайды.
Жасыл мүктердің ең көп таралған өкілдерінің бірі көкек зығыры (политрих обыкновенный – Polytrichum commune) жатады. Ол орманда, орманның ашық жерлерінде және батпақты жерлерінің шеттерінде өседі.
Гаметофитінің сабағы тік, бұтақталмаған, биіктігі 15 см, кейде одан да биіктеу болып келеді. Сабағын жапырақтары қалың болып жауып тұрады. Гаметофитінің жер асты бөлігі горизонталь бағытта төселіп жатады, онда ризоидтары пайда болады. Сабақтың ортасында флоэма мен ксилемаға сәйкес келетін, ұзынша клеткалардан тұратын өткізгіш шоқтары болады. Ол склеродермасы мен гиалодермасы бар қабық қабатымен қоршалған болады. Жапырақтары сабаққа спиральдың бойымен орналасады. Олар ұштары үшкір болып тілімделген таспа тәрізді жапырақ тақтасынан және жарғақ тәрізді қынаптан (влагалищеден) тұрады.
Жапырағы құрылысы және атқаратъш қызметі жағынан бір-бірінен айқын айырмасы болатын бір қатар клеткалардан тұрады. Олардың біреулері тірі, хлорофилл дәндері болатын клеткалар, ал екіншілері — өлі, біршама ірі, үлкен клеткалар. Соңғыларының клетка қабықшалары спираль тәрізді жуандап қалындаған, көптеген тесіктері бар, құрылысы жағынан гиаладерманың су жинай- тын клеткаларына ұқсас болып келеді, оларды гиалинді (гиалиновые) клеткалар деп атайды. Гиалинді клеткалар өз бойына көп мөлшерде, тіпті өсімдіктің өз салмағынан 30—40 есе артық суды жинап және оны ұзақ уақыттар бойы ұстап тұра алады. Гаметофиттері қосжынысты да және даражынысты да болып келеді. Антеридийлері сабақтың бұтақтанған жеріндегі жапырақтардың қолтығында пайда болады. Олардың қасындағы жапырақтар қызғыштау түске боялған болып келеді. Архегонилері қысқарған сабақтардың бұтақ- шаларында орналасады. Сперматозоид пен жұмыртқа клеткасыньщ қосылуы- ның нәтижесінде зигота түзіледі, ол диплоидты фаза — спо- рогонньщ бастамасы болып табылады
Спорогон аяқшадан (көтермеден) және қорапшадан тұрады. Аяқша өте қатты қысқарған, формасы бадана (луковица) тәрізді болып келеді. Бірақ ол споралар пісіп жетілер алдын- да гаметофитгің сабағының жоғарғы ұшыньщ қатгы ұзарып өсуінің нәтижесінде қорапшаны жоғары көтеріп шығады (жалған аяқша). Қорапшаның ортасында дөңгелек бағана (колонка) орналасады, ал оның үстінде күмбез тәрізді спо- рангилері мен спора түзетін ұлпалары жетіледі. Қорапша- лардың қабырғалары берік, көпқабаггы болып келеді. Оның сыртқы хлорофилл түзетін қабатында көптеген то- лык жетілмеген устьицалары болады. Қорапшаның спора пісіп жетілген кезде ашылатын қақпақшасы болады, сол арқылы споралары сыртқа шашылады. Элатерасы болмақды. Осылай- ша жерге түскен споралардан алдымен жасыл түсті табақша (пластинка) тәрізді өскіншелер (протонемалар) пайда болады. Содан соң әрбір протонемада көптеген бүршіктер пайда болады, олардан келешегінде ересек гаметофиттер жетіледі. Гаметофит осы өсімдіктің өмірлік циклында үнемі басым болып келеді (доминирует).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет