М.Өтемісов атындағы Батыс



бет6/44
Дата14.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82636
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
6. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

1,2 дәріс


Тақырыбы: Өсімдіктер жүйесінің категориялары мен номенклатурасы.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер): Таксондар – түр, туыс, тұқымдас, қатар, класс, бөлім, әлем. Филогенетикалық классификация құрамы. Бактериофаг, олардың пішіні. Прокариоттар, эукариоттар әлемі. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің сипаттамасы. Бактериялардың, көлемі, морфологиясы, көбеюі, таралуы, құрылысы, классификациясы. Бактериальды ағзалардың пішіні мен көлемі, олардың жіктелуі.
Филогенетикалық класификацияның негізгі бірлігі немесе ең кіші категориясы - түр (species). Түр — организмнің тарихи дамуы мен оның тіршілік жағдайына байланысты өзгерісінің негізгі түйіні. Түр - тіршілік жағдайының өзгеруінее байланысты кейде баяу, кезде тез өзгерістерге ұшырап отырады.
Түр - эволюцияның нәтижесі және оның бір кезеңі, олай болса эволюция осы түрден басталғандықтан, ол эволюцияның да негізі. Мәдени өсімдіктердің де, жабайы өсімдіктердің де, түрлері одан да анағүрлым ұсақ систематикалық бөліктерге — сол түрдің әр қилы тіршілік ету формаларына — түр тармақтарына бөлінеді.
Тегі жағынан өзара жақын түрлерді ірірек систематикалық топ - туысқа (genus) біріктіреді. Туыс дегеніміз бір-біріне өзара жақын түрлердің тобы. Олар жалпы алғанда сыртқы морфологиялық белгілері жағынан ұқсас келеді де, бір-бірінен ерекшеліктері арқылы айырылады. К. Линкейден бастап әрбір өсімдік латынша екі атпен туыс және түр атымен аталатын болады, Мысалы, екпе беде (Medicago sativa L), памир терегі (Populus pamirica Kom), Мүны бинарлық номенклатура дейді.
Тегi жағынан өзара жақын туыстар бүдан гөрі ірірек топтарға түқымдасқа (familia) бірігеді
Шығу тегі жағынан жақын келетін тұқымдастар қатарға (ordo), олар класқа (klassis), кластар — бөлімдерге (divisio) біріктіріледі. Класс, бөлім аттары, бұл топтарға жататын өсімдіктерді біріктірудегі, оның басты белгісімен аталады. (Қос жарнақтылар класы — Dicotyledones, жабық тұқымдылар типі Angiospermae т.б.)
Систематикалық категория мен таксонды картофель мен улотрикс өсімдіктерінің бірлестіктерінен байқауға болады.
Әлем - regnum Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер - Cormobionta
Бөлім – divisio Жабық тұқымдылар - Angiospermae
Класс - classis Қос жарнақтылар - Dicotyledones
Қатар - ordo Сабынкөк гүлділер - Scrophulariales
Түқымдас - familia Алқалар - Sоlanaceae
Туыс - genus Картофель - Solanum
Түр - species Түйнекті картофель - Solanum tuberosum
Ботаникалық зерттеулердің тереңдей түсуіне және жаңа материалдардың жиналунаа байланысты, өсімдік бөлімдерінің саны да, көлемі де өзгерді. Қазіргі уақытта төменгі сатыдағы өсімдіктер дүниесін 16 бөлімге бөледі.
Прокариоттар – Procaryota әлемі
1. Бактериялар — Bacteriophyta әлемі
2. Көк-жасыл — Cyanophyta балдырлар
3. Алғашқы жасыл балдырлар — Prochlorophyta
Эукариоттар — Eucaryuta әлемі
4. Динофитты - Dinophyta балдырлар
5. Критофитты - Cryptophyta балдырлар
6. Алтынтуысты — Chrysophyta балдырлар
7. Диатомды — Bacllariophyta балдырлар
8. Сарғылт - жасыл - Xanthophyta балдырлар
9. Қоңыр - Phaeophyta балдырлар
10. Қызыл — Rhodophyta балдырлар
11. Эвгленалы - Eugllenophyta балдырлар
12. Жасыл — Chlorophuta балдырлар
13. Хара — Charophyta балдырлар
14. Кілегейлілер — Myxophyta немесе Myxomycetes
15. Саңырауқұлақтар — Fungі немесе Mycota, Mycophyta
16. Қыналар – Lichenophyta

Қыналар - төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тара-ған, күй талғамайтын, ерекше қүрылысты организмдер тобы. Олар-дың 20000-нан астам түрі белгілі. Бүлар - автотрофты фикобионтгар мен гетеротрофты микобионттардың селбесіп тіршілік етуінің нөтижесінде құралған морфологиялық, физиологиялық жөне эколо-гаялық өз алдьша жеке қасиеттері бар есімдік. Кейде бүлардың кейбір сыртқы құрылысьша қарай мүктермен шатастырып, оларды "бүғы мүгі" және "Исландия мүктері" деп атайды. Қыналардың түсі сүр, сүр жасылдау, қоңыр, сары, сарғыш, кейде қара болып келеді.


Қыналардьың морфологиялық құрылысы. Қьшалардьщ сыртқы пішіні мен келемі - алуан түрлі. Оларды сыртқы пішініне қарай 3 топқа бөледі.
1. Қабықты (қаспақты) қынаның қүрылысы басқаларына Караган­да қарапайым. Бүлардың талломы төсемікке тығыз жабысып өседі де, оны алғанда бүзылады және көпшілік уақытта үнтақ, дөн, кедір-бүдырлы немесе тегіс қаспақ сияқтанып келеді. Барлық қыналардың 80%-тейі қаспақты қынаға жатады.
2. Жапырақты қыналардың қүрылысы күрделірек. Төсемікке жай-ылып жататын пластинка пішінді, төменгі жағында резина деп атала­тын гифалардың үштары арқылы бекінеді. Төсеміктен оңай алынады жөне дорзовентральды қүрылысты келеді.
3. Бұталы қына күрделі қүрылысты төсеміктен сабақ тәрізді көтеріліп түрады да, одан жан-жаққа тармақталған бүтақшалар кетеді. Бұлар тік еседі немесе орманды жерлерде ағаііггың қабыгында темен қарай салбырап түрады. Жапырақты қыналармен салыстырғанда, бүл керісінше, радиальды қүрылысты келеді.
Жапырақты жөне нагыз бүталы қыналардың арасын бір-бірімен байланыстырушы буын — талломы лента төрізді, дорзовентральды қүрылысы бар Evernia prunastri не Anaptychia ciliaris сияқты төменгі жағымен бекінетін қына. Бұл үш морфологиялық типтердің система-тикалық жағынан алғанда аса күрделі маңызы болмайды. Кейде бір туысқа жататын түрлердің ішінде жапырақты жөне бұталы қыналар да кездеседі.
Қыналардың қүрамына кіретін фикобионттардың кепшілігі жа-сыл, көк-жасыл, сирек ор түрлі таишықты жөне қоңыр балдырлар. Табиғатта бос тіршілік ететін балдырларға қарағаңда олар аз өзгерген. Жасыл балдырлардың ішінде көпшілігі хлорококтар қатарына жата­тын — цистококк — Cystococcus не Trebouxia туыстары. Цистококк өзіне жақын хлорококк туысынан хлоропластасының дененің орта-лық бөлімінде орналасу арқылы айырылады. Басқа бір клеткалы жасыл балдырлардың ішінен хлорелла — Chlorella т.б. кездеседі. Жіп төрізді жасыл балдырлардың ішінде трентеполия -Trentepholia және кладофора — Cladophora туыстары қыналардьщ құрамында жиі кездесіп, олардың талломына жасыл түс беріп түрады. Көк-жасыл баддырлардың ішівде қыналардың қүрамында Nostoc, Gloeocapsa, Chroococcus, Hyella, Anabaena, Calothrix, Dichothrix, Stigonema, Rivularia, Scytonema т.б., ал басқа түрлер аз кездеседі. Жасыл-сары баддырлардың фикобионт есебінде қына қүрамына Heterococcus енеді.
Қыналардың өрбір түріне балдырлардың белгілі бір туыстарының қатысуы, олардың негізгі айырмашылық қасиеті. Мұның өрбір түрінің құрамында кездесетін фикобионт түрлерін бір-бірінен айыру өте қиын, себебі, олар өте үсақ, сондықтан олардың айырмашылықтарын көрсету өзірше мүмкін емес.
Қыналардың құрамына гаретін микобионтгардың басым көпшілігі аскомицеттердің ішіндегі пиреномицеттер мен дискомицеттер. Тек тропикте өсетін он шақты қына түрлерінде ғана базидиомицеттердің ішівдегі телефора — Telephora туысы қатысады. Саңырауқұлақ гифалары көдденең перделерге бөлінген. Гифа клеткасының протоплазмасы клетка қабықшасындағы тесіктерінен шығып жататын жіңішке цитоплазматикалық жіпшелер арқылы байланысып жатады. Дейбір гифалардың суды сіңіріп ісінетін қасиеті бар қалың қабығы болады. Гифа қабықтарына қыналарға өр түрлі түс беретін бояулар жиналады. Қыналардың қүрамьша кіретін микробионттарды табиғатта бос күйінде кездесетін саңырауқүлақтардың белгілі бір түрлеріне үқсату мүмкін емес. Оның басты себебі микобионттар фикобионтгармен бірігіп тіршілік етуі нөтижесінде баддырға қарағанда тек физиологиялық жағьшан ғана өзгеріске үшырап қоймай морфологиялық жене анатомиялық жағынан өзгеріске ұшырауында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет