Қожа білді Баянға ынтызарын.
Бастан аяқ Қожаға бәрін айтты,
Жарасымды Қозыкең баршаларын!
Қозыны патшадан артық күтті,
Түс құбылтып жүретін дұға үйретті.
1490
1500
1510
136
137
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
—Жанның бәрі дос емес мендей саған,
Бұл түсіңмен көрінбе, балам,—депті.
* * *
Қожадан жасырмайды әсте сырды,
Бірігіп он бес күндей дәурен сүрді.
Екеуі жапан дүзде уағыдаласып,
Қозыны қияметтік іні қылды.
Көреді батыр Қозы талай жерді,
Жақындап адасса да келіп еді.
Құбылып, елді аралап үйренгенше,
Деді де бар сиқырын жазып берді.
Айрылды он бес күндік азық беріп,
Бар сиқырын білгенін жазып беріп.
Ел-жұртыңа айтамын хабарыңды,
Уағыда қылып табам деп өзі келіп.
Екеуі екі айырылып жүре берді,
Уағыда қылды Аягөз деген жерді.
Арада бір-ақ қонып, ертеңгі күн
Отырған Аягөзде елді көрді.
—Ауылға алыс болса жуықтайын,
Күреңді бір жолата суытайын.
Барыңды қарыштап қал бүгінгі күн,
Баянды өксік болған уатайын!
* * *
Бір жерге Қозы аттан түседі енді,
Бір киім тазшаның реңін берді.
Аягөзде құдайлап келе жатса,
Өзенде қой жайған таз кездей келді.
Бір тазды бір таз келіп көзі көрді,
Жолаушы таз қойшыға:—Сөйле,—деді.
Бұл қойың кімнің қойы, қой жайған таз,
Айта гөр елдің жайын бізге,—дейді.
1520
1530
1540
138
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Бар екен әр нәрседен бұның ойы,
Кесел екен бұл таздың өне бойы.
—Менің қойым деймісің осынша қой?
Қарабай деген дінсіз иттің қойы.
—шадыр тазым, емессің сөзге майда,
Таз жел өкпе келеді осындайда.
Қарабай анттың қойы осы болса,
Тура сілте, антыңның аулы қайда?!
—Япырау, сен менімен таныс емес,
Неткен жансың өн бойы толған кеңес.
Кешке шейін үш барып, үш қайтасың,
Ауылы Қарабайдың алыс емес.
—Сенімен сөйлесейін аңдай-аңдай,
Қандай жан екенімді байқай алмай.
Екі таз аулақ жерде сырласайық,
Бой жеткен Қарабайдың қызы қандай?
—Тәубеңді антұрған таз жаңыласың,
Қой жүні бөстегіңді жамыласың.
Солардың құшырына жолығарсың,
Сен қызын Қарабайдың не ғыласың?
—Мұндар таз сөз айтқанын өнер көрген,
Жәреукелі келеді жалшы деген.
О да біздей жаралған адам шығар,
Соларға әулиелік қайдан келген?
—Көрмедім бұл жалғанда сендей тантық,
Соларға тең бола ма сендей шартық?!
Сән-тұрманы, мүкәммал, киім анау,
Соның үшін сені мен менен артық!
—Сұлу деп шығушы еді аруағы,
Артық болса, артық та оның бағы.
1550
1560
1570
138
139
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
Біз де адам ғой, айтсаңшы, нең кетеді,
Қандай-қандай қызы бар сүйтсе дағы!?
Сөзіме менің айтқан нанбай ғана,
Ай, Таңсық екі қызы дардай ғана.
Қыпша бел, алма мойын сұлу Баян,
Сипаты сұлу Баян сондай ғана!
Көзбен көрмей ауызбен айтып болмас,
Өзі теңдес адам жоқ оған жолдас!
Дидарын көрген адам көзі ұялар,
Жігітті ғашық қылмай, ерікке қоймас.
Мақтауға ауызым олақ, айта алмаймын,
Хор қызы кітаптағы ондай болмас!
Көргем жоқ оған орай бір жігітті,
Қолы жетпей жамандап адам оңбас!
Тоқсан бір Қодарменен сер бойдақ бар,
Маңына алмақ түгіл, бір бара алмас.
—Жапанда, тазша ағаеке-ау, жүресің бе?
Құрбыңмен сен де ойнап күлесің бе?
Байдың қызы малшымен сырлас болар,
Солардың тамыры кім, білесің бе?
—Апырау, мұның өзі неғылған жан?!
Сөзіме сөйлемеген іш қоймаған.
Сан қоймен ерте кетіп, кеш келемін,
Сен ант ал, білмесіме Құдайға нан!
—Тазша құл кәртәйіпсіз, сізді аяймын,
Сен кетсең, орыныңа мен тұрайын.
Азат бол, көрінбестен үйіңе қайт,
Сан қойды сенің үшін мен жаяйын.
—Жақты ғой құлағыма мұның маған,
Жанға соқпай жөнелсін мен кәрі ағаң.
Сан қойды менің үшін жайсаң, балам,
Қолыңа қалағаның тисін, балам!
1580
1590
1600
140
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Екі таз жапан түзде кез келеді,
Басы шалыс, аяғы жөн келеді.
Қарабай жаудың қойын аясын ба?
Тұрғын тазға жүз елу қой береді.
«Тәшкен барсаң, еліңді табарсың» деп,
Тазшаны түн қатырып жөнелтеді.
—шырағым, сен екенсің ердің ері,
Сендей ерді көргем жоқ көптен бері.
Көп қайта Қарабайды сен сұрайсың,
шыныңды айт, сен, Қозының қандай жері?
—Тазша құл, қой жаясың ерте-кешке,
Ғаріптік шаршағанда түседі еске.
Алашқа мені айтсаң, өлтіремін,
Қозы Көрпеш дегенің мен емес пе?!
—Бетім-ау, мына біреу кісіге бақ,
Мақтаған шығушы еді сені аруақ!
Қандай жан деп таң қалып жүруші едім,
Талтайған таз екенсің өзімдей-ақ!
* * *
—Жетпейін мен нәлеттен тегіңе енді,
Жөн кетсең жараушы еді жөніңе енді.—
Таз кепті басындағы жұлып алып,
«Мұндар таз, мұнда айналып қара!» депті,
Мынау қолдан жасаған кебім еді.
Рас Қозы Көрпеш екенін сонда білді,
Алаштың айтқан сөзі тура келді.
—Қайда барсаң, сонда бар, жолың болсын,
Қосағыңмен қоса ағар, балам!—деді.
* * *
Екі таз екі айрылып жүре берді,
Ақылы Қозыкеңнің кемел еді.
Ауыл жата қойды айдап Қозы Көрпеш,
Аулына Қарабайдың ап келді енді.
1610
1620
1630
140
141
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
* * *
—Ойласам, мынау ақырзаман ба еді,
Астында күрең шардақ шабан ба еді.
Мұнша кешке қойымды неге aп қалдың,
Ит-құстан, одан-бұдан аман ба еді?
Қарабай әлі ешнәрсе ойға алған жоқ,
Қозыкең Баянды ойлап көңілі тоқ.
—Сен қорқатын ештеңе көрінбейді,
Қойыңды оза шауып, жау алған жоқ!
—Білімсіздің айтқанын көп елеме,
Адамзат ақыл жетпей өлер деме!
Ойбай, қатын, бір нәрсе тамақ сайла,
Қарыны ашып келген бе тазша неме!
—Қарабай, ат мінесің бек тағалап,
Ақ қасқыр ауылыңды жүр жағалап.
Қара інген от басында шөгіп жатыр,
Жүгірген бозша тайлақ жар жағалап.
Бай айтады:—Үш қызым, мені көрші,
Үшеуің шапшаңырақ бері келші.
Тазшаның тұспалдаған сөзі өтті,
Соның маған мәнісін айтып берші.
—Бұл тазша үйде айтты ғой дүзде айтқанын,
Білмейсіз бе, ақ қасқыр—сізді айтқаны.
Қара інген—от басында әжем бақыр,
Бозша тайлақ дегені—бізді айтқаны.
—Апалар, жасың үлкен, ойың теңіз,
Сіздерге салайыншы мен бір кеңес.
Түрі жат, төркіні жат, әр нәрсесі,
Мынау сіздің күндегі тазшаң емес.
Қозыкең бір білінді өнер бастап,
Не қылғанын тұрады қыз байқастап.
1640
1650
1660
142
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Иіліп ақ боз үйге кіріп келді,
Сол жағының тізесін сипап тастап.
Қозының не қылғанын қыздар білді,
Ішінен бір сұмдықты біліп алды.
«Әлі де болса алды-артын байқайық»,
Сығалап босағадан тұра қалды.
—Асылым, алыс жерден іздеп келген,
Құбылып бой жасырып біздің елден.
шешем жатыр бір табақ өкпе сайлап,
Кім екенін білеміз осы жерден.
Бәйбіше сонда ішінен налып келді,
Табағына өкпесін салып берді.
Құлаш-құлаш өкпеге істік түйреп,
Қайқайтып қарағай табақ алып келді.
—Қарабай, менмін жарлы, сенсің малды,
Бір өкпеден басқа асың қалай қалды?
Қашанғы зорлығыңа көнейін!—деп,
Қақ басқа табақпенен салып қалды.
Ағаш табақ басына қатты тиіп,
Қабағын Қарабайдың жаман жарды.
Қой шетіне Күреңді мықты арқандап,
Күңкілдеп тазша болып жатып алды.
—Біреу жарлы, біреу бай күндемелік,
Қылған ісін жаманның мін демелік.
Жарса-жарсын қабақты, ойбай қатын,
Малды бақпай кетеді, үндемелік!
Баянды сұлу деді көрген халық,
Қозының Баянды ойлап жүзі сарық.
1670
1680
1690
142
143
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
Қой шетінде Қозыкең ұйықтап жатса,
Соның нұры мың қойды қылар жарық.
Баян кеп анасына сөз айтады,
ұялып ибадатпен аз айтады.
Бата алмай оятуға Қозыкеңді,
Түнде үш келіп үйіне, үш қайтады.
Ер Қозы аман-есен қызға жетті,
Қыз Баян қосыла алмай болды дертті.
Сол үш қыз сөйлесем деп жетіп келсе,
Таң сарғайып артынан атып кетті.
Үлкен толғау түседі қыз ішіне,
Қой жамылып кетеді өз ісіне.
Бір сұм қызды жіберді қоймен бірге,
Тоқты кебін кигізіп терісіне.
Ер Қозы Күреңкейін мінеді ерлеп,
Елінен өзі жалғыз жүрген серлеп.
Бір қызды кеп кигізіп қыздар қосты,
«Осының кім екенін біліп кел!» деп.
Қой келді, Қозы келді, тоқты келді,
Жапанға елден аулақ шыға келді.
Ел жоқ, күн жоқ жапанға келгеннен соң,
Қозыкең мұңшылықпен жылайды енді.
—Мұндайлыққа салды ием
Мен сықылды жалғызды.
Бір қыз үшін дертті боп,
Иттің де қойын жайғызды.
Мен елімде көруші ем
Не сықылды әр қызды.
Бәрінен де көңілімді
Жалғыз Баян қалғызды.
Жолын білмей бұл шөлде,
Жер түбіне барғызды.
1700
1710
1720
144
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Ақылдасар кісім жоқ,
Тау мен тасты шалғызды.
Керуен кез боп жапанда,
Онан сиқыр алғызды.
Тазша кебін кигізіп,
Кішілікті қылғызды.
Оянушы ем тал түсте,
Қайғымен ерте тұрғызды.
Дүниеде ғашық қатты екен,
Көңілді бұған бұрғызды.
Бере ме Тәңірім, бермей ме
ынтықты болған бір қызды?!
Қосылғанша мен соған,
Ішіме қайғы толғызды.
Атадан туған мен бір шоқ,
Садаққа салар сайман жоқ.
Балталыдай жерім жоқ,
Бақалыдай көлім жоқ,
Ақкезеңдей белім жоқ.
Ер Тайлақтай биім жоқ,
Тай шаптырым желім жоқ.
Баян үшін қой жайдым,
Өте де шыққан дүние боқ.
Алдымда менің балам жоқ,
Жат жерде менің бағам жоқ.
Артымда менің інім жоқ,
Сүйегімде мінім жоқ.
Ала алмасам осы жол,
Тіріде жүрер күнім жоқ.
Алдымда менің жалым жоқ,
Айдап та берер малым жоқ.
Алып та сені тынбасам,
Елге жетер халім жоқ.
Артымда менің құйрық жоқ,
Көңілден, сірә, жүйрік жоқ.
Іздеп те келген қыз Баян,
Қосар да Тәңірім бұйрық жоқ.
Талаппенен келіп ем,
Танымады қыз Баян.
1730
1740
1750
1760
144
145
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
Кемдікпенен келіп ем,
Келеке етті қыз Баян.
шыбын жаным түрғанда,
Бұл тілеуден қайтпаспын.
Сенен басқа хор қызы
Болса да, көңіл салмаспын.
шашы күміс, басы алтын
Болса дағы, алмаспын.
Танымасаң, қыз Баян,
Танытқалы бармаспын.
Қамықпайын, тоқтайын,
Бұл қайғыға қанбаспын.
Сені алмасам осы жол,
Тірі де жүріп оңбаспын.
Құдай кесел қылмаса,
Тоқсан бір құлға болмаспын.
Тынығайын біраз күн,
Бірін де бүйтіп қоймаспын.
Құдай сені шын қосса,
Қызығыңа тоймаспын!
Темірде күйме кілті жоқ,
Қыз Баяннан үміт жоқ.
Осында жүріп мен өлсем,
Сүйегімді іздер жігіт жоқ...
Ер Қозы жырлайды екен жалғыз жүріп,
Жүргенін кемшілікпен қайғы көріп.
Манағы тоқты қашты енді ауылға,
Мәнісін осы сөздің естіп-біліп.
Тоқтының Қозы білді жайын тіпті,
Қайласы бар батыр ғой өзі мықты.
«Аңдып жүріп дұшпанға жолығар» деп,
Аузы-мұрнын қан қылып қойға тықты.
Қой келді, Қозы келді, тоқты келді,
Үш қыз да қой алдынан келіп еді.
«Мәнісін еш нәрсенің білдің бе?» деп,
Оңаша қап тоқты қыздан сұрайды енді.
10-0137
1770
1780
1790
146
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
—Апалар, азар келдім есен-аман,
Басыма түсті менің ақырзаман.
Білімсіздік қылмаңдар, әдеппен бар,
Мінезі Қозыкемнің тым-ақ жаман.
Апалар, әрбір түрлі сөз айтады,
Қайғы тартып, уайым жеп айтады.
Ендігісін біле бер өздеріңіз,
«Құйрығым жоқ, жалым жоқ» деп айтады.
—Ендеше, тілегімді бір Құдай берген дағы,
Күл болып дұшпан оты сөнген дағы.
«Құйрығым жоқ, жалым жоқ» деп сөйлесе,
Құбылып тазша болып келген дағы.
Күні бітті уәделі келер деген,
Көп сарғайған жарым ғой қайғы жеген.
Мен кешеден танып ем, тек емесін,
Жүрегім көрген жерден лүпілдеген!
Жүгіріп қой алдынан қыздар келген,
Келе жатқан қыздарды Қозы көрген.
Соңынан қыздар еріп бір қалмады,
—Азырақ сөйлессеңіз қайтер екен?!
—Аягөз қарамаймын терегіне,
Қыз Баян үкі таққан желегіне.
Қодар мен тоқсан алып тұрған шақта
Көбеген таз сендерге керегі не?
—Қодар ма еді Баянның ғашық жары,
Жолдас болған кісінің болмас ары.
Алыстан тоят алып ұшып келген,
Кәнеки, жібек баулы ақсұңқары!
—Не қылсам табылады бойымда еп,
Сиқырменен жүремін басымда кеп.
1800
1810
1820
146
147
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
Таз кепті басындағы жұлып алды,
«Ендеше мен ақсұңқар болайын» деп.
Таз кепті жұлып алып бетін ашты,
Баян қыз қуанғаннан жаман састы.
Екеуі бірін-бірі таныған соң,
Қуанып тұра сала құшақтасты.
Құшақтап қанша тұрды кім біледі,
Екі қыз бір жыласып, бір күледі.
Ай мен күндей екеуін толықсытып,
Бұраңдатып шеткі үйге ап жүреді.
Киімі Баян қыздың бәрі жібек,
Алтын сырға, білезік жаннан бөлек.
Үлде-бүлде мамықтан төсектері,
Екі апаның көңілі тіпті зерек.
Төсекте бүгін олар жатқан да жоқ,
Бірін-бірі көрген соң болады тоқ.
Жиылды серілердің бәрі ойынға,
Ішінде Қозы, Баян жайнаған шоқ.
Баян айтты:—Қозыкем келдің,—депті,
Аман-есен, қарағым, көрдің,—депті.
Есен-аман екеуі көріскен соң,
Қайғының ішіндегі бәрі кетті.
Киімі Баян қыздың тиін болды,
Сол жерде бір келете жиын болды.
Сол қалжыңмен таң атқан соң,
Қайта кебін кимегі қиын болды.
—Киіңіз кебіңізді, арланбаңыз,
Осылардан басқаға сыр бермеңіз.
Кішіліктен еш нәрсе кемілмейді,
Аңдып жүрген дұшпан бар, еш сенбеңіз.
1830
1840
1850
148
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Некелеп, адал жарым деп жүріпті,
Аңдып жүрген дұшпан деп сақ жүріпті.
Күндіз тазша, ол түнде Қозы болып,
Тым болмаса бір жылдан көп жүріпті.
Іздеп жүріп Қозыкең тапты қайнын,
Нені іздесе, тамаша бәрі дайын.
Баян мен Қозы Көрпеш көңілі тынды,
Қодекеңнің айтайын енді жайын.
Қодекең жылқы жайып жүрер еді,
ұялмай бұған қайтып қыз ереді.
—Жылқыдан көш ат бөліп айдап кел,—деп,
Қодекең ерте тұрып жібереді.
Жылқыда Қодар жүрген қосты бойлап,
Жүреді тоқсанымен күліп-ойнап.
«Көшет» деп ертең ауыл хабар барса,
Көш атқа алпыс саяқ келген айдап.
Қодекең Бақа айғырмен зар желеді,
Мінезін Қодыкеңнің халық көреді.
Арсаңдап жылқыны айдап жетіп келді,
Тысқарыда Қозы Көрпеш кез келеді.
—Бері кел, тазша, бойың қысқа,—дейді,
Адам жоқ сенен басқа тыста,—дейді.
Бұлғақтап қара жорға ұстатпайды,
Жеңгеңнің атын келіп ұста,—дейді.
—Мен тазша, сен Қодарсың, ой ойлаймын,
Қыңырайыссаң, қыңырайыс, бір болмаймын.
Атын ұстап шұнақ құл өзің жалын,
Ілгері Күреңменен қой айдаймын.
—Қап-қап тазша, қап тазша, мен не етермін,
Бақа айғырға қамшысын еңіретермін!
Қиын жерде қысталаң сөзің өтті,
Көш жөнекей теперіш көрсетермін!
1860
1870
1880
1890
148
149
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
Көш келді, қыздар келді, Қодар келді,
Бұлықсып Бақа айғырмен желеді енді.
Үш қызға мақтанды да, келеңсіз құл
Тазшаның жауырынан ұстайды енді.
Қозыкең сол арада ой ойлайды,
Тартыспайын десе де құл қоймайды.
Сүйретіп Бақа айғырдан жұлып алып,
Көтеріп Күреңкейге жүре алмайды.
—Тілесең, тілегіңді Тәңірім берер,
Құданың қылғанына бенде көнер.
Тіршілікте, тазша-еке-ау, ұмытпайын,
Қоя берші, кешегі жеңгең көрер!
—Жапанда, мықты болсаң, өнер баста,
Құдай қолға берген соң мықтап таста.
Мұнан басқа дәл сенің дұшпаның жоқ,
шамаң келсе аяма, тым-ақ саспа!
Қозыкең әр өнерді бастайды енді,
Көңіліне жамандықты қоспайды енді.
«Не етейін қанын жүктеп осы иттің» деп,
Анадай жер лақтырып тастайды енді.
Басылып Қодар көңілі болды баяу,
Бір сұмдық көңіліне кірді қаяу.
Қарабай ерте көшіп, кеш қонады,
Келеді ұзақ күнге Қодар жаяу.
Әр жерде Қодар шаршап отырады,
О дағы өз елінде батыр еді.
—Бері кел, қойыңды айдап қасыма ер,—деп,
Қозыкең Қарабайды шақырады:
—Қарабай шал, қартайғанда бері келші,
Өзіңе қас қылғанды досым деші.
1900
1910
1920
150
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Қойынды мен серкештеп еткізейін,
... ... ...
...
*
Қарабай шақырған соң келді дейді,
Боларын бір сұмдықтың білді дейді.
Қозыкемнің дегенін екі қылмай,
Амалсыз шақырған соң келді дейді.
—Қарабай, жайлы қоныс, қыста,—дейді,
Көңіліңді сүймей асқа қыспа,—дейді.
Құрдымнан су аяғы қашқан итсің,
Құйрығын Бақа айғырдың ұста!—дейді.
Қарабай бармаймын деп қарыспайды,
Сөзбенен ерегісіп жарыспайды.
Қайратын Қозыкеңнің көргеннен соң,
Құйрығын Бақа айғырдың келе ұстайды.
ұстатып құйрығынан өрге жүрді,
Қарабай ғаріп жаннан күдер үзді.
Жалдатып өрге жүріп келе жатса,
Байқамай бір жар тасты жаман сүзді.
Сөйледі сонда Қозы қызға қарап,
Қор қылды Қарабайды итке балап.
—Атаң қошқар болған ба, тас сүзет!—деп,
Алып келіп тастайды көзіне ұрып.
—Емін-еркін жапанда жүре алмадым,
Уайымсыз-қайғысыз тұра алмадым.
Су аяғы құрдымнан қашып едім,
Жақсының қасиетін біле алмадым.
—Әкем жалғыз жапанда жүретұғын,
Қартайса да, ақ қайың мінетұғын.
Оңалған соң, Тәңірі ұмытатын,
ыңқылдаса, ақылы кіретұғын.
*
Бір жол түсіп қалған.
1930
1940
1950
150
151
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
Қозыкең Құдайына сыйынады,
Қайраты Қозыкеңнің қызға ұнады.
Бір көште екі ақымақ бейнет көріп,
Қас қарая алды-арты жиылады.
Бас қосқан соң сөйлейді екі ақымақ,
Қарабай Қодарға айтты:—Малыңды бақ!
Сөзіне Қарабайдың бойы балқып,
Тантық Қодар жылқыға болды шықпақ.
Қодар айтты:—Қарабай сөзіме ерсін,
«Қодар батыр—күйеуім менің» десін.
Биылғы жыл жылқыға жұт болады,
Қайраты бар тазшаны маған берсін.
Қодардың осы сөзін Баян сынар,
Қызығына тойған жоқ күнде құмар.
—Қарағым, тілімді алсаң, Қодарға ерме,
Ақылы жоқ, тантық құл жазым қылар.
Қодарсыз Қарабайдың көңілі күпті,
«Жылқыға тазша барса, қайтер» депті.
—Осы иттің тілін бір жол алайын,—деп,
Тәуекел бір сапарға еріп кетті.
Түйемойнақ, Жылытау айдап барды,
Қой маңыратқан жылқысын әрі апарды.
Арғы шеті Сауыр мен Сойқал қылып,
Жылқыны қоя беріп жатып алды.
Жылқыға тіпті жайлы Қодар маман,
Сырт дұшпан бата алмайды, бұл бір қабан.
Қодекең шүйгітеді қайдағы отқа,
Жылқысы семіз шықты есен-аман.
Жапанда батыр Қодар ой ойлайды,
Тарпаңды асауменен бір қоймайды.
1960
1970
1980
152
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Алты ай шығып, жаз шығып, қар кеткен соң,
Жылқыны елге таман қайта айдайды.
—Жолдастар, сөздеріңді оң көрейін,
Ауылға жылдам барып бір көрейін.
Жеңгеңді сағындым ғой, жіберіңдер,
Сендерге өрік-мейіз әкелейін.
Күнінде Бақа айғырмен Қодар салды,
Қостан шығып Аягөз елге барды.
Ауылға үш-ақ күндей еру қылып,
Төртінші күн жылқыға қайта айдайды.
—Ебін тапқан екі асар, амалдаған,
Тәңірім дәулет беріпті мұнша маған.
Жиырма жылқым өлді осы қыстан,
Қара малдың түп-түгел бәрі де аман.
Ойласам, батыр Қодар сенсің,—дейді,
Жиырманың ол несін шығын,—дейді.
Мұндағы қара малым аман,—дейді,
...
...
...
...
*
Сең ұрып бір жүз қойым суға кетті.
Жапанда өңшең жалшы қулық бастар,
Бірінің айтқан сөзін бірі қостар.
—Өзің барып жылқыны қайтарып кел,
Арық-шеру уақытта қырып тастар.
Қаңтарда қарыс жауған қардай болды,
Алты атан сымбыл артқан нардай болды.
Жылы сөзді есітіп қайта салды,
«Өзің баршы» дегенге дардай болды.
Қодекең үстіп жүрер күндері өтіп,
Қарабай қойды мұны әуре етіп.
*
Бір жол түсіп қалған.
1990
2000
152
153
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
Баянды алмақ түгіл, көрген де жоқ,
Арсаң қағып жылқыға келді жетіп.
—Қодеке-ау, есен барып, тез келдің бе!?
Жеңгемді күймедегі сен көрдің бе?
Кетіп ең дардай болып сен мақтанып,
Қанеки, өрік-мейіз әкелдің бе!?
Не қылсаң көңіліңді енді суыт,
Жемес астан бұл неме қылады үміт.
Дәл бір аяқ мейізді қойып еді,
Асығыс боп ауылда қалыпты ұмыт.
—Қодеке-ау, олай болса мен желейін,
Ел-жұртты сағындым ғой бір көрейін.
Киімім кірлеп кетті, жеңім тозып,
Кір-қоңымды жуғызып тез келейін.
—Барсаң жылдам келе ғой барып қана,
Бір мықты атпен келе ғой салып қана.
Үш күн жатып жегенім жарты мойын,
Аштан өліп қаларсың, тазша бала.
Кеше ғана кетіп ем, мен жолықпай,
Өрік-мейіз келе ғой алып қана!
Баянды көрген емес өзі барып,
Мақтанып жүреді екен құр ұйғарып.
Алты ай жүріп отарда батыр Қозы,
Сағынып ғашық жарын келді салып.
Достарыңызбен бөлісу: |