Мұра меМлекеттік бАғдАрламасын іске Асыру ЖӨніндеГі ҚоғАМдыҚ кеңестің ҚұрАМы бАбАлАр сӨзі жүз томдық Ғашықтық жырлар 54 том



Pdf көрінісі
бет9/22
Дата21.01.2017
өлшемі2,15 Mb.
#2365
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22

Қылыштап өне бойын жаралайды.

Ағашқа таңып қойып «ел көрсін» деп, 

Кескілеп итке салды Қарабайды. 

Ер Қозы ел қыруға оңтайланды

Көсем үшін қырам деп тірі жанды.

Өзге жанда үрей жоқ, «сабыр қыл» деп, 

Үш қыз келіп Қозыны ұстасады.

Баян келіп тоқтатып мауқын басар, 

Ол болмаса бұл елдің қанын шашар.

Тар күймеде Баян қыз бір ұл тапқан, 

Болған екен баласы тоғыз жасар. 

Келген екен баласы тоғыз жасқа, 

Қозыдан айырмассың ол баланы.

Үш қыз бен бала келіп тоқтады, 

Ол елді қырмақ еді одан басқа. 

Жүрегі Баян қыздың лүпілдеген, 

Сіз үшін көп қайғыны тарттым деген.

Көрсетпей тірі жанға асыраған, 

Қозы мен қыздан басқа жан білмеген. 

Баян қыз жаны тынды жарына еріп, 

Ешкімге қарамайды бойына елеп.

2540

2550


2560

170

171


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Баласы туғаннан соң үш күн өтіп,

Қозыкең қойған екен атын Күліп. 

Қозы Көрпеш үйіне салт барыпты, 

Қайтып келіп жіберді ер Күліпті.

Өз орнына ер Күліп тұрды сонда, 

Қозының қылған ісі осы депті.

Ақ Баян ол Қозының сүйген досы, 

Қозының ерлікпен қылғаны осы.

Енді риза бол, жиылған жамағаттар, 

Айтуынша Бейсембай аяғы осы.

2570


2577

Жаратқан жан біткенді бір Құдай-ды, 

Жаратты жарық үшін күн мен айды. 

Бұрынғы ноғай-қазақ заманында, 

Сөйлеймін Қарабай мен Сарыбайды.

Жарасқан нар түйеге биік өркеш, 

Мен сөйлесем, жұрт тыңдар ертеңді-кеш. 

Екеуін сәтті күні Құдай қосқан, 

Баянға ғашық болған Қозы Көрпеш.

Сөз қылдым Қарабай мен Сарыбайды, 

Ноғайлыны екеуі асырайды. 

Қолында сүйетұғын баласы жоқ, 

Перзент үшін екі бай зар жылайды.

Екі бай сәтсіз атқа мінбейді екен, 

Жұмыссыз ел аралап жүрмейді екен. 

Дәулеті екеуінің мол болған соң, 

Қасына бір-бірінің келмейді екен.

Екі бай бейсенбі күн аңға шықты, 

Жұртына аттанды деп өкім шықты. 

Туғалы бірін-бірі көрмеген бай

Жүргенде құлан аулап жолығысыпты.

Жүргенде құлан аулап жолығысыпты, 

Бір-бірін ақылменен болжасыпты. 

Сәлем беріп бір-біріне тұрғанында, 

Алдынан буаз марал аң қашыпты.

Қозы Көрпеш

(М.Ж. Көпейұлы нұсқасы)

10

20



172

173


ҚОЗы  КӨРПЕш

—Кекілін алшаң кердің сылатпан-ды, 

Баласын марал атып жылатпан-ды. 

Үйдегі үй кісіміз күмәнді еді,

Сарыбай, сен атпасаң, мен атпан-ды.

Сарыбай Қарабайға сөз айтқан-ды: 

—Баласын марал атып жылатпан-ды. 

Біздің де үй кісіміз күмәнді еді, 

Қареке, сіз атпасаң, мен атпан-ды.

—Екеуміз жол-жобадан адаспалық, 

Далада марал үшін таласпалық.

Сарыбай, сен ат сана, мылтығың бар, 

Берсең де бір мүшесін санаспалық.

Екі бай аңға шыққан әр күн екен, 

Жарастықты әзілге келген екен. 

Екеуі де ұл тапса, бәйбішелер, 

Құшақтасқан дос болсын деген екен.

Екі бай әзіл сөзге кірген екен, 

Бірін-бірі құмар боп көрген екен. 

Біреуі ұл, біреуі қызды тапса, 

«Құдай қосса, біз қостық» дескен екен.

Қарабай «Құдай жазса» деген екен, 

Аузына жақсы лепес кірген екен. 

«Үйде қатын ұл тапсын, күй қыз тапсын, 

Қалың малмен берейін» деген екен.

Екі бай әңгімеге кірген екен,

Бір-бірінің сөзіне көнген екен.

Екеуі айдалада құда болып,

Жүз жылқы, қырық қара нар берген екен.

Қарабай кең пейілге кірген екен, 

Сөйлескенін көп қызық көрген екен. 

«Мінеки, бергенімнің алды осы» деп, 

Қарғыбау—Айбас құлды берген екен.

30

40



50

174

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Сол кезде қара жаңбыр күн жауыпты, 

Қарабай қалжың сөзбен жол тауыпты. 

Қатыны Қарабайдың Мамабике 

Байы түзде жүргенде ұл тауыпты.

Екі бай аңға шығып жүрген екен,

Бір адам «шүйінші!» деп келген екен. 

Қатыным ұл тапты деп қуанғаннан, 

Жүз жылқы шүйіншіге берген екен.

Жүргенде құлан аулап күн жауыпты, 

Сарыбай қалжың сөзбен жол тауыпты. 

Қатыны Сарыбайдың ол Қаракөз, 

Жүргенде байы түзде қыз тауыпты.

Екі бай аңға шығып жүрген екен, 

Бір адам шүйіншіге келген екен.

«Қатыным қыз тапты» деп қайғы қылып

Тайлы бие шүйіншіге берген екен.

Қарабай қалың малын берген екен, 

Далада естіп қуаныш көрген екен. 

Қызығы көрген-білген сол-ақ болып, 

Қарабай үйге жетпей өлген екен.

Қолында бәйбішенің алтын жүзік, 

Жас бала жетім қалды-ау көзін сүзіп. 

«Қуанышын жалғызымның көрейін» деп, 

Жығылды жеткен жерде мойны үзіліп.

Той қылып екі қатын көп мал сойды, 

Бұл тойға жұрт жиылып асқа тойды.

Бабай Түкті шашты Әзіз ақтап келіп, 

Қозыке мен Баянның атын қойды.

Екі бай бір маралды тосып кетті,

Алдынан буаз марал шошып кетті. 

Ер Қозыке—құрсақта, Баян—іште, 

Іште жатқан екеуін қосып кетті.

60

70

80



174

175


ҚОЗы  КӨРПЕш

Борайды оңды-теріс көп жауған қар, 

Сол күнде Сарыбайдың бейілі тар.

Сарыбай мен Қарабай құда болған шақта, 

Құл екен еншілестеу Әліжаппар.

Сарыбай  қызымды  жесір  қатын,  жетім  балаға  қор 

қылғанша,—деп  бұзылып,  Аягөзге  қарай  аусақ  қайтеді  деп, 

Әліжаппарға ақылдасады. Сонда қатыны айтқаны:

—Біледі Әліжаппар малдың жайын, 

Жалғызға жазған шығар бар Құдайым.

Баланы жастай қалған зар жылатып, 

Барасың қайда қашып, қу бас байым?

—Қой қатын, көп сөйлеме көңілім қалар, 

Көңіліме мұнда тұрсам қайғы толар. 

Қаракөз, көп сөйлемей жық үйіңді,

Алдыңда ноғайлының көп жұрты бар.

Сол  заманда  Аягөзде  ноғайлы  деген  халық  бар  екен.  Сонда 

Қаракөз айтады:

—Көшкенмен мұндай жерге қона алмассың, 

Мұндағыдай дәулетті бола алмассың. 

Жетім ұл, жесір қатын қан қақсатып, 

Кеткенмен, барсаң қайда, оңалмассың.

Қаракөз Сарыбайдан түңіледі, 

Қайғымен ас-су ішпей бүгіледі.

—Қой қатын, көп сөйлемей, жық үйіңді,—

Деп байы қатынына жүгіреді.

Сарыбай әуелден-ақ жарымес-ті, 

Қыз беріп, әуел неге «Құдай» десті.

«Қызымды жетім ұлға бермеймін» деп, 

Аяғын Өлеңтінің өрлей көшті.

Мамабике қайғымен тарылады, 

Құдасына көшпе деп жалынады. 

90

100



110

176

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Өлеңтінің бойынан көшкен күні, 

Сарыбайдың сабасы жарылады.

Сарыбайдың сабасы қорлы болған, 

Қырық қара нар арықтап жолда қалған. 

Сарыбайдың сабасы жарылған жер, 

«Ақкөл» менен «Жайылма» сонан қалған.

Баян сұлу шырайлы боп өсіпті, 

Қозыкеден айырылып күй кешіпті. 

Құдай қосқан құдасын тастай қашқан 

Сарыбайдай көрмессің жарыместі.

Көшкен соң Әліжаппар қуанады

Қолына қуанғаннан ту алады. 

Айшылықты алты басқан қара бедеу, 

Мініп алып Әліжаппар құл жер қарады.

Әліжаппар қара бедеу атқа мінді, 

Айлық жерге бір күнде барып келді. 

Сарыбай Әліжаппардан сөз сұрайды: 

—Біз қонғандай от-суың бар ма?—деді.

—Сареке, сондай жақсы ойың бар-ды, 

Алдыңда сан жетпеген қойың бар-ды. 

Бұл арада отырма, үйіңді жық, 

Алдыңда Аягөздің бойы бар-ды.

—Мал қонғандай алдыңда қол бар ма екен, 

Ел қонғандай кең дала жер бар ма екен? 

Отын-суын көрдің бе Аягөздің,

Бізге басшы болғандай ел бар ма екен?

—Бірталай Аягөздің саласы бар, 

Ноғайдың тастан соққан қаласы бар. 

Бағатұғын ноғайдың көп малы жоқ, 

Таусылмас әр саланың даласы бар.

120

130


140

176

177


ҚОЗы  КӨРПЕш

Бастады Әліжаппар құл көрген жерге,

Арасы Аягөздің айлық жерде. 

Түн қатып, күндіз жатып, көшіп-қонып, 

Сарыбай көшіп келді Аягөзге.

Сарыбай Аягөзге көшіп келді, 

Ноғайдың сиыр баққан құлы көрді. 

«Дәулеті бар бір шалқар бай келді» деп, 

Мырзаға Сұлтанғазы хабар берді.

Қаракөз аппақ шаңқай үйін тікті, 

Баян жас жарастырып жиды жүкті. 

Ноғайдың Сұлтанғазы бір мырзасы 

шақыртты Сарыбайды ерулікке.

«Ерулікке келсін» деп кісі салды, 

Баянды келген кісі көріп қалды. 

—Туған айдай балқыған бір қыз бар,—деп, 

Жұртына ноғайлының айтып барды.

Баянның сұлулығын ноғай білді, 

«Қыз келсе көреміз» деп қарап тұрды 

«Тойға келсе Баянды көреміз» деп, 

Төрт жүз жігіт алдынан қоршап тұрды.

Әліжаппар құл, Сарыбай атқа мінді, 

Айбас сорлы мал бағып үйде тұрды. 

«Біз де барып ноғайды көрелік» деп, 

Баян сұлу, Қаракөз бірге жүрді.

Сарыбай үй-ішімен тойға келді, 

Ноғайлар бай келді деп сыйлап тұрды. 

Сыйы екен ноғайлардың сонан қалған, 

Алдына самауырын мен шайды қойды.

Сонда  шайды  көріп  тамсанып,  Сарыбайдың  бәйбішесі 

айтқан:

—Ауылға ноғай келсе барушы едік, 

Қазине малға сатып алушы едік. 

12-0137


150

160


170

178

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

шай қылып жапырақты кім ішіпті, 

Қантыңды кез ауруға салушы едік.

Бәйбіше Аягөзді жерсінбейді, 

Молдығын Аягөздің көрсін дейді. 

Үйренген қырда жүріп ол бәйбіше

Қант, шайды алдындағы менсінбейді.

—Қой қатын, көп сөйлеме, көңілім қалар, 

Ноғайлар мұны естісе ашуланар.

Көңіл қылса, еріне қыз берелік, 

Ноғайдың толып жатқан мырзасы бар.

Қаракөз бұны естіп талып түсті, 

Қайғы мен наза булап күйіп-пісті.

—Малы жоқ ноғайлының беретұғын, 

Қылайын неге дәрі өңшең мысты.

Баян жас құйған шайды алып ішті, 

Қаракөз ұмытпайды өткен істі.

Жалғызы шақшақ байдың Қодар мырза, 

Баянға төрде отырған көзі түсті.

Төрде отырған Баянға көзі түсті, 

шымылдықтан көре алмай күйіп-пісті. 

Баянға ауызба-ауыз бір тілдесу,

Қодарға жұмыс болды көкейкесті.

Баян көркі таудағы мұнар болды, 

Қодар көзі түсумен құмар болды. 

«Баянға бір тілдесіп қалайын» деп, 

Қайтқанда Қодар мырза қасына ерді.

Қодар мырза отыр тыста, Баян үйде, 

Оң жақта құрулы тұр алтын күйме. 

Күймеге үйден шығып қыз барғанда, 

Соңынан қалмай ерді Қодар бірге.

180

190


200

178

179


ҚОЗы  КӨРПЕш

Сонда Қодар айтады Баян сұлуға:

—Ақ тұзын әулиенің кен алармын, 

Мұндағы ноғайлармен тең болармын. 

Менсініп сөйлеспейсің, сұлу Баян, 

Берсем де әке-шешем, сені алармын.

Сонда Баян былай деп жауап берді:

—Қолымда жетелеген нарым бар-ды, 

Тимеймін ноғайлыға арым бар-ды. 

Қодеке, мазамды алмай жайыңа жүр, 

Алтын айдар, шоқ белбеу жарым барды.

Сонда Қодар айтқан:

—Баянжан, сен білмейсің ноғайымды, 

Көрген соң-ақ жүзіңді көңілім толды. 

Сөйлейсің қалай-қалай пейілі қара, 

Байыңның менен артық аты кім-ді?

Сонда Баян сұлу айтқан:

 

—Сұрасаң менің жарым—Қозы Көрпеш, 



Қызы едім мен Сарыбай Баян еркеш. 

Бабай Түкті шашты Әзіз хабар берген, 

Тілеу тілеп жүремін ертеңді-кеш.

Баянның сұлулығын ноғай білді, 

Көрген соң аламыз деп көңіл қылды. 

Сарыбайға мал бағып жағу үшін, 

Тоқсан мырза бас қосып жалға жүрді.

Тоқсан мырза кеңесіп жалға жүрді. 

Бір қыз үшін бенде боп қызмет қылды, 

Сарыбайға жағымды боламыз деп, 

Қодар бас боп тоқсан құл малға келді.

210


220

180

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Айбастың бір Құдайға ісі жақты

Қодар құл ала айғырмен жылқы бақты. 

Сарыбайға жағынып бағу үшін, 

Түйеші, биеші боп желі қақты.

Баянның асты жасы жаңа он бестен, 

Тұрса ойдан кетпестей жатса түстен. 

Қарағаштай азып-тозған ноғайлы елі 

Айрылды бір қыз үшін ақыл-естен.

Айбас құл ерте тұрып бетін жуды, 

Қодар құл ала айғырмен жылқы қуды. 

Құдайдың құдыретімен буаз болып, 

Қанатты қара бедеу құлын туды.

Тоқсан құл бір Баянға таласады, 

Сыртынан аламыз деп жанасады. 

Құлынның «Бақа айғыр» деп атын қойды, 

Бедеуден үш күннен соң бойы асады.

Айбас құл Баянменен болды жуық, 

Жиренді Сарыбайдан көңілі суып. 

«Жарыңа Құдай қосқан барамын» деп, 

Жаратты Бақа айғырдың тілін буып.

Баян менен Қозыке Құдай қосқан, 

Ортадан Айбас келіп жақындасқан.

«Жарыңа Құдай қосқан барамын» деп, 

Баянға Айбас келіп ақылдасқан.

Айбас құл қашайын деп ойына алды, 

Азыққа бір құнан қой сойып алды. 

«Құдай қосқан жарыңа барамын» деп, 

Баянның домбырасын қолына алды.

Айбас құл қашайын деп ойына алды,

Баянмен ақылдасып мейірі қанды. 

Тағы да сәлемдеме бер деген соң, 

Баянның бет моншағын оны да алды.

230

240


250

260


180

181


ҚОЗы  КӨРПЕш

Айбас құл қашайын деп ойына алды, 

Айбастың айтқанына Баян нанды. 

—Басыңнан сәлемдеме белгі бер,—деп, 

Баянның қарқарасын қолына алды.

Айбас құл қашайын деп ойына алды, 

Көп кідірмей жүруге ыңғайланды. 

«Сәлемдеме бұйымы көп болсын» деп, 

Алтын сандық, ақ жамшы оны да алды.

Сәлемдеме бес бұйым қолына алды, 

Бұйымдарын бір жерге жиып салды. 

Жылқыдағы Бақа айғырды іздеп барып, 

Түні бойы таба алмай көп сандалды.

Айбас құл Бақа айғырды іздеп жүрді, 

Біреуі тоқсан құлдың оны көрді. 

«Айбас құл Бақа айғырды іздеп жүр» деп, 

Көрген құл Қодар құлға айта келді.

—Қодеке, сізден дұшпан асқалы жүр, 

Ізіңді қара дауыл басқалы жүр. 

Неғып шыдап жатырсың, ау, Қодеке, 

Айбас құл Бақа айғырмен қашқалы жүр.

Сонда Қодар айтқан:

—Қалаға пұл апарып сататұғын, 

Айбасым маған сырын айтатұғын. 

Айбас құл мені тастап, қайда кетсін, 

Жылқының ортасында жататұғын.

Сонда құл айтқан:

—Қодеке, қыздан мейіз алмаймысың,

Баянға ғашық болған бармаймысың? 

Айбас құл Бақа айғырмен қашқалы жүр, 

Тіліме, көріп келсем, нанбаймысың?

270


280

182

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Қодар қостан ақырып тұра келді, 

Қатты дауысы Айбасқа естіледі. 

Айбас қайтып жылқыдан жетіп келді, 

—Дауысың неге шықты, айтшы Қодар?—дейді.



Сонда Қодар айтқан:

—Айбас құл, жүрмек болсаң, мен нетейін, 

Бір салып қамшыменен еңіретейін.

Мені тастап, тазшаға жүрмек болсаң, 

Қолымнан амандасып жөнелтейін.

Сонда Айбас айтады:

—Қолымнан өзім жазып хат берейін, 

Кісіні сізден басқа жат көрейін. 

Қодеке, құлға сенбей, жайыңа жат, 

Болғанда ертең сәске ат берейін.

Қодар сеніп бұл сөзге жатып қалды, 

Айбас қайтып жылқыға жаяу барды. 

Қызыл іңір болғаннан жылқы аралап, 

Таң атқанда айғырын тауып алды.

Сәлемдеме бес бұйым қолына алды, 

Бақа айғырды баса ерттеп мініп алды. 

Аягөздің бойынан шыққан күні 

Итішпестің бойында ұйықтап қалды.

Ертең сәске болғанда жылқы келді, 

Жылқы баққан тоқсан кұл елге келді.

—Түндегі мал күзеткен Айбасың жоқ, 

Енді қайдан табамыз, Қодар?—деді.

Сонда Қодар айтты:

—Сендерге Айбас сырын айтқан шығар, 

Ауылға таң атқан соң қайтқан шығар.

Күзетте таң атқанша жүрген байғұс,

Бір шұңқырда қорғалап жатқан шығар.

290


300

310


182

183


ҚОЗы  КӨРПЕш

—Тоқсан кісі жер жүзін іздеп жүрдік, 

Тобылғылы шұбардан ізін көрдік. 

Өзен, су, томар, көлден түк қоймадық,

Таба алмай келіп сізге хабар бердік.

Қодар бұл сөзді естіп тұра келді, 

Жылқыдан ала айғырын ұстап мінді. 

Не де болса тілдесіп қалайын деп,

Сегіз құл он алты атпен іздеп жүрді.

Қодар мен Әліжаппар құл төрт ат мініп, 

Қасына қос атпенен алтау еріп. 

Итішпестің бойында жатқанында, 

Сегіз құл он алты атпен жетті келіп.

Сонда Қодар сөйледі:

—Айбас құл, жүрмек болып көрдің бе түс, 

Көрерсің алғыс айтсаң көп рәйіс.

Күймеде Баян сұлу жылап жатыр, 

Барасың қайда қашып, Айбас байғұс?

Сонда Айбас айтты:

—Қодеке, бұл сөзіңе шын нанам мен

Аузыма мейіз берсең саламын мен.

Жыласын маған неге сұлу Баян,

Жарына Құдай қосқан барамын мен.

Сонда Қодар айтты:

—Айбас құл, жылдам үйге қайтшы,—дейді, 

Сөзіңді майда қылып айтшы,—дейді. 

Айбастың айтқан сөзін есіттің бе, 

Әліжаппар оғың кезеп тартшы,—деді.

Айбас құл ұшып жерден түрегелді, 

Кеудесін жалаңаштап тоса берді. 

Әліжаппар атқан оғы көкке шығып, 

Қодардың атқан оғы жерге кірді.

320


330

340


184

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР



Сонда  екеуінің  оғы  бірдей  далаға  кеткенін  көздері  көрген 

соң, «бұған да бір кезек берейік деп», енді сен атшы, деді.

Бірі айтты:—Аттың басын қарат,—деді, 

Қашпақ-қумақ бұрынғы санат,—деді. 

Баянмен ақылдасып көңілің өскен, 

Айбас құл, жолың ақ қой, сен ат»,—деді.

Айбас құл оқ атуға ыңғайланды, 

Біреуін қырық кез оқтың қолына алды. 

Он алты сегіз құлдың атын атып, 

Бойында Итішпестің жаяу қалды.

Айдалада сегіз жан жаяу қалды, 

Айбас байғұс құтылып демін алды. 

Далада сегіз құлдың алтауы өліп,

Қодар мен Әліжаппар құл елге барды.

Айбасқа ерлік, мақтау жарасыпты, 

Тоқсан құл бір Баянға таласыпты. 

Туғалы жол жүрмеген бейшара Айбас, 

Жолынан жүретұғын адасыпты.

Айбас құл адасқанын білмей қалды

Қыз үшін ғаріп жанын отқа салды. 

Итішпестің бойынан шыққан күні 

Екі қалың ағашқа душар болды.

Айбас аттан түсті де, жата қалды, 

Бақа айғырын суытып, демін алды. 

Баянның домбырасы ұмыт қалып, 

«Домбыралы», «Моншақты» содан қалды.

Айбас құл адасқанын білмей қалды, 

Қыз үшін ғаріп жанын отқа салды.

Баянның алтын сандық түсіп қалып, 

«Алтын сандық», «Ақшатау» содан қалды.

350


360

370


184

185


ҚОЗы  КӨРПЕш

Айбас құл адасқанын білмей қалды, 

Қыз үшін ғаріп жанын отқа салды. 

Тоқырауын Бақа айғыр тоқтаған жер, 

«Тоқырауын», «Жамшылы» содан қалды.

Айбас құл адасқанын білмей қалды, 

Қыз үшін ғаріп жанын отқа салды. 

Баянның қарқарасы түсіп қалып, 

«Қарқаралы-Қазылық» содан қалды.

Айбас құл адасқанын білмей қалды, 

Көп ағашты бір тауда демін алды. 

Баянның туған жерін танып біліп, 

«Баянауыл» деген тау содан қалды.

Айбас құл адасқанын жаңа білді, 

Бойына Есіл—Нұра қайтып келді. 

Есіл—Нұра бойына жеткен кезде, 

Бақа айғырдың белі ісіп жауыр болды.

Ай қараңғы, күн бұлт, тұманданды, 

Қозыке Баян жасқа құмарланды.

Үш күн жатып айғырын жазып алып, 

«Жауыр бұғы» деген тау сонан қалды.

Айбас құл онан шығып тағы жүрді, 

Танымаған көп жерді көзі көрді. 

шу, Таластың бойына келген екен,

Көп қой жайған қойшыға душар болды.

Айбас байғұс қойшыға тура жүрді, 

—Қай ауылдың қойы?—деп сұрау қылды. 

—шын танымай тұрмысың, Айбасеке, 

Баққаным Қарабайдың қойы,—деді.

Екеуі ата-тегін теріседі, 

Малтасын торсықтағы бөле ішеді. 

Қойды баққан Қонғабай кенже інісі, 

Танысып, зар жыласып көріседі.

380


390

400


186

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Айбас құл Бақа айғырға мініп келді, 

Үйге таман аяңдап желіп келді. 

Бақа айғырды белдеуге байлай салып, 

Үйіне Қарабайдың кіріп келді.

Қайғымен Мамабике тарылады, 

Айбас құл түздегі асқа жарымады. 

Қартайған қайғыменен Мамабике 

Өзі берген Айбасты танымады.

—Орнымнан отыра алман тұрсам дағы, 

Танымаймын сол кеше көрсем дағы.

шырағым, қай баласың, жөніңді айтшы,

Қалмаған жұрт танырлық мұршам дағы?!

—Үйіңе мұнан бұрын келіп пе едім

Күніңде түгел тұрған көріп пе едің. 

Екі бай аңда жүріп құда болып,

Айбас құл қарғыбауға беріп пе едің?

—Күн қайда көрісетің күліп-ойнап, 

шырағым, жылқыда жүр бие байлап. 

Жолаушы боп жүре бер, танып қояр, 

Жүр еді тазшаменен асық ойнап.



«Қарағым,  сенен  менің  тілегім  болсын:  Келдім  деме,  мен 

көрдім  демейін,  жолаушы  болған  бойыңмен  жүріп  кете  бер. 

Егер сені танып бір хабар алса, мені ұлытып тастаған бойы-

мен  тастап,  кетер  де  қалар,  онан  соң  менің  бұл  күнім  өзіме 

көр  болып,  қараң  суалып  қаламын  ғой,  енді  менің  обалыма 

қалма»деген соң Айбас аттанып жүре берді. Сонда іште қалған 

Қозыны бір көріп кетуге құмар болып, «өзім бір көріп кетейін-

ші» деп жанасалап, жанамалап асық ойнап жатқан балаларға 

келеді. 

Айбас құл Бақа айғырға мінді дейді,

Құмарланып көруге келді дейді. 

Тазшаменен жүр екен асық ойнап, 

Айбас байғұс көргелі келді дейді.

410


420

186

187


ҚОЗы  КӨРПЕш

Қозыке ойнар алтын сақа салып, 

Тазшаның бар асығын ұтып алып.

Көрген жерден таныды Айбас құлды,

Асық ойнап жүргенде қарап қалып.

Ойнап жүрген тазшамен керіседі, 

ұтып алып кенейді, бөліседі. 

Ойнап жүрген асығын тастай беріп, 

Түрегеліп Айбаспен көріседі.

—Жақсының жүрген жері той-мереке, 

Бұл елге қашан келдің жалғыз жеке. 

Жарымнан Құдай қосқан не білесің, 

шын сөйле бұлтармастан, Айбасеке?!

Айбас бұған келгенін білдірмеді, 

Сәлем беріп көрісіп үндемеді. 

«Білдірсем, жұртқа өсекті болармын» деп, 

Үндемей атқа мініп жөнеледі.

Қозыке айтпаған соң қапа болды, 

Көңіліне ызаланып құса толды. 

Үш түйе сексеуілден көмір жағып, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет